Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы



жүктеу 122.25 Kb.
Дата29.06.2016
өлшемі122.25 Kb.

Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Филология, журналистика және өнер кафедрасы

«ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» пәнінен

050117-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған пәнді оқыту бойынша



ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАР

Павлодар



Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды; әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41






БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор __________ Пфейфер Н.Э.

(қолы) (аты-жөні)

20__ж. «___»____________


Қ ұрастырушы: _____________ ф.ғ.д., профессор Н.Қ.Жүсіпов

( қолы) (аты-жөні)

Филология, журналистика және өнер кафедрасы

(кафедра атауы)


«ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» пәні бойынша

050117-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған



Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау
Кафедраның отырысында ұсынылды

20__ж. «___»______________,№__ Хаттама


Кафедра меңгерушісі _____________ Жүсіпов Н.Қ. 20__ж. «____» ________

(қолы) (аты-жөні)

Филология, журналистика және өнер факультетінің ОӘК мақұлданды

(факультет атауы)

20__ж. «___»______________, №____ Хаттама

ОӘК төрағасы _______________ Жұманқұлова Е.Н. 20__ж. «____» ________


(қолы) (аты-жөні)


МАҚҰЛДАНДЫ:

ЖжӘҚБ бастығы _____________ А.А.Варакута 20__ж. «____» ________

(қолы) (аты-жөні)


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20__ж. «___»______________ №____ Хаттама

Курс бойынша қамтылатын тақырыптар
1-тақырып. ХХ ғасыр басындағы әдебиеттегі бағыттар.

Діни-ағартушылық бағыт өкілдерінің қатарына туған халқының мұң-мүддесін жырлауда ұлттық мәселелер төңірегінде ой толғаған, негізінде шығыстық мотивте шығармалар жазған, бұрын «кітаби ақындар» деп аталып келген топқа жататын ақындардың енетіні.

Ағартушылық-демократтық бағыт өкілдерінің дүниетанымы мен көзқарасының ауқымдылығы. Заман өзгерістеріне әр түрлі дәрежеде үн қосуы. Көзқарастарындағы ағартушылық, демократтық идеялардың басымдығы. Ұлт болашағын заман өзгерістерімен тығыз байланыста қарауы. Ел өміріндегі әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздік, сауатсыздық мәселелерін батыл көтеруі.

Аталған екі бағыттағы әдебиет өкілдеріне ортақ қасиеттер. Олардың шығармаларындағы жалпы ағартушылық мәселесін, ұлт мүддесін көтерудегі үндестіктер. Шеберлік жағынан әртүрлі дәрежеде болуына қарамастан олардың өзара ұқсаса тақырыптарға қалам тербеуі.

Діни-ағартушылық бағыттағы әдебиет тобындағы ақындар шығармашылығының күрделілік сипаты. Шығармаларының мазмұны, басты белгілері.
Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [9], [10], [13], [14].
2-тақырып. М-Ж. Көпейұлы шығармашылығы

Шығармашылық өмірбаяны. Өз дәуірінің білімдар, парасатты адамы болғандығы. Мәшһүр атануының себебі. «Хал-ахуал», «Тіршілікте көп жасағандықтан көрген тамашамыз», «Сарыарқаның кімдікі екендігі» жинақтарының жарық көруі. Оларда заман шындығының бейнеленуі. Сатиралық үлгідегі «Шайтанның саудасы» өлеңі. Қоғам тазалығы, адамдар санасының жаңаруы идеяларының көтерілуі. Өлеңдеріндегі ағартушылық сарын. Әлеуметтік теңсіздік, байлық, кедейлік жөніндегі ойларының оқшаулығы. Сыншылдық сипаты.

Дастандары туралы мәлімет. Олардың тақырыптық ерекшелігі мен көркемдік деңгейі.

Мәшһүр Жүсіптің халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинаудағы еңбегі. Ол жинаған мұралардың молдығы әрі сан салалығы. Қолжазба түрінде сақталған «Қара мес» атты мұрасы және оның мәні.


Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [11], [20], [25], [18], [26], [15].
3-тақырып. Ш.Жәңгірұлы шығармашылығы.

Шығармашылық өмірбаяны. Шығыс әдебиетінен жан-жақты хабардарлығы. Ұзын саны 18 дастан жазғаны. Өз шығармаларында халықты ояту, білім беру мәселелерін көтеруі. Имандылық, ағартушылық идеяда бірқатар шығармалар жазғандығы. Өлеңдерінде бейнелеу құралдарының молдығы. Еңбек тақырыбына жазылған туындылары.


Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [9], [10], [13], [14].
4-тақырып. Н.Наушабайұлы шығармашылығы.

Шығармашылық өмірбаяны. Өзі өмір сүрген заман жайында, жақсылық пен жамандық, әділдік пен әділетсіздік, байлық пен кедейлік жөнінде шығармалар жазуы. Жастарға бағыт-бағдар беру, ғибрат айту ыңғайындағы ойлары. Өмір, тіршілік, оқу, білім мәселелеріне көзқарасы. Өлеңдеріндегі араб, парсы, шағатай тілдерінің әсері. Сапарғалимен жұмбақ айтысының мәні мен ерекшеліктері. Жаңа ұғымдарды пайдаланғаны. Ауыз әдебиеті дәстүрін ұстанғаны.


Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [5], [13], [15], [3], [4], [2].
5-тақырып. М.Қалтайұлы шығармашылығы.

Шығармашылық өмірбаяны. Діни білімнің тереңдігі. Айналасына, қоғам құбылыстарына қатысты көзқарасының күрделілігі. Кезінде заман талабына лайық өз пікірін айта алғандығы. Айналадағы өзгерістердің мәнін пайымдау дәрежесі. Әлеумет ортасындағы теңсіздікті, кемшіліктері сынауы. Бала оқыту, халыққа білім беру, оқудың пайдасы туралы пікірлері. өлеңдерінде адамгершілік пен имандылықты насихаттауы.


Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [9], [10], [13], [14].
6-тақырып. Ш.Құдайбердіұлы шығармашылығы.

Шығармашылық өмірбаяны. Білімдарлығы. Тәрбие алған рухани бастаулары. өз бетімен білім жинап, Шығыс, Батыс тілдерін мкңгергендігі. Әлемдік әдебиеттің көрнекті өкілдерімен шығармашылық байланыста болуы.

Ойшылдығы. Философиялық түсінік-толғамдары. Өмір құбылыстарына, дінге көзқарасы. Меккеге бару сапары. Лирика жанрында өнімді еңбек еткені. «Сәнқойлар», «Еріншек», «Қазақтың жаманы болмас». Сыншыл сарындағы лирикасындағы ой-толғамдардың, көркемдік құралдардың Абай дәстүрімен үндестігі. «Шын сырым», «Арман», «Жастық туралы» атты шығармалары. Поэмалары - «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу». Шығыстың әйгілі шығармасы «Шаһнаманы» аударуы.
Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [9], [10], [6], [13], [27].
7-тақырып. С.Торайғыров шығармашылығы.

Шығармашылық өмірбаяны. Шығармаларының жанрлық, тақырыптық жағынан әр алуандығы.

Лирикасы. Өлеңдеріндегі өршілдіктің, романтикалық екпіннің ақын жүрегіндегі жалынды отпен ұштасып жатқандығы. Оқуға, білім алуға, сол арқылы халқына қызмет қылуға ұмтылуы. Табиғатты, әлеуметтік көңіл күйін, жастық пен махаббаты жырлаудағы шеберлігі.

Поэмалары. «Адасқан өмір» поэмасы. Поэмадағы ақын өмір сүрген дәуір суреттерінің бейнеленуі. «Кедей» поэмасындағы қарапайым еңбек адам тағдырының бейнесі.


Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [9], [10], [13], [28].
8-тақырып. М.Сералыұлы шығармашылығы.

Шығармашылық өмірбаяны. Қазақтың алғашқы журналисі. «Айқап» журналын шығарудағы еңбегі. Журнал арқылы өзінің мақсат-мұраттарын насихаттап жүзеге асыруы. «Айқап» арқылы ұлт мәдениетіне қосқан үлесі. Тақырыбының әр алуандығы. Ел тағдыры, жерді игеру, отырықшылану, білім алу, қала салу идеяларын насихаттау ерекшеліктері. («Қазақ халқының мұқтаждығы», «Біздің бұрынғы һәм бүгінгі халіміз», «Жер әңгімесі» т.б). Мұхаметжанның қоғам өміріне араласуы, қайраткер дәрежесіне көтерілуі.

Аударма жанрындағы еңбегі. «Шаһнамаға» назар аударуы. «Рүстем-Зорап» аудармасы.

Сюжетті поэмалары. «Гүлкәшима» дастаны. «Топжарған» поэмасы.


Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [9], [15], [16], [27].
9-тақырып. А.Байтұрсынұлы шығармашылығы.

Шығармашылық өмірбаяны. Ұлт зиялыларының атасы, қазақ мәдениетінің көрнекті өкілі, қоғам қайраткері болғандығы. Жасөспірім кезінен-ақ әлеуметтік теңсіздіктің сырын сезінуі, ой пайымдауы, оған қарсы үн қатуы. Ахмет өміріндегі «Қазақ» газетінің орны.

Поэзиясы. «Маса» жинағындағы халықты ояту идеясы. Ағартушылық ойдың молдығы. Өлеңдеріндегі сатиралық сарын. Күрес идеясының, адамдарға өзінің бақыты жолында алға ұмтылуға шақыру ниетінің айқындығы.

Аудармалары. «Қырық мысал» жинағы. Жинақтың құрылымдық және мазмұндық сипаты.

Көсемсөз саласындағы еңбегі. «Қазақ» газетінде жарияланған сан алуан тақырыптағы мақалалары («Бұ заманның соғысы», «Заман жобасының баяндамасы», т.б.). Әдебиетке қатысты мақалалары.

Қазақтың әдебиеті мен тілін зерттеудегі ғалымдық еңбегі туралы мәлімет. «Әдебиет танытқыштың» қазақ әдебиетіндегі орны. Тұңғыш теориялық еңбектің дүниеге келуі. Әдебиеттің теориясын жасаудағы жаңалығы.

Ауыз әдебиетінің озық үлгілерін жинап, құрастыруы («Ер Сайын», «23 жоқтау», т.б.)
Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [9], [10], [13], [21].
10-тақырып. С.Көбейұлы шығармашылығы.

Шығармашылық өмірбаяны. Ағартушылық, оқытушылық қызметі. Өз кезіндегі қоғам өміріне белсене араласқандығы.

Аударма саласындағы еңбегі. Орыс ақыны И.Крыловтың мысалдарын қазақша сөйлетуі. Сыншылдық бағыт ұстанғандығы. Оқу құралы ретінде аударма мысалдарды пайдалана отырып, «Үлгілі тәржіма» атты кітап шығаруы. Аударма саласындағы өзіндік қолтаңбасы. Стильдік, поэтикалық ерекшеліктері. Спандияр аудармаларының еркіндік сипаты. Ұлттық әдебиеттің тарихынан алатын орны.

«Үлгілі бала» жинағын шығаруы. Хрестоматиялық оқу құралы ретінде маңызы.

Прозасы. Қазақ топырағындағы үрделі прозаның алғашқы үлгілерінің бірі «Қалың мал» романы. Романның тақырыбы. Ғайша мен Қожаш бейнелері. Олардың өз тағдырлары жолындағы күресі. Өмір шындығына үндес шешім жасауы. Итбай образының сатиралық қалыпта бейнеленуі. Романның құрылымы. Образ жасаудағы әрқилылық. Стилі мен тіл шеберлігі.

«Орындалған арман» романы. Романның композициялық құрылымының өмірбаяндық мақсатқа бағындырылғандығы. Романдағы дәуір шындығының бейнеленуі. Жазушы өмірінің өз айналасында болған тарихи оқиғалармен, әлеуметтік өзгерістермен тығыз байланыста қаралатыны.Романның қазақ әдебиетіндегі мемуар жанрының қалыптасып дамуына елеулі үлес қосқандығы.


Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [9], [13], [15], [3], [4], [2].
11-тақырып. М.Дулатов шығармашылығы.

Шығармашылық өмірбаяны. Білімдарлығы. Шығыс пен Батыс әдебиеттерін жетік меңгергендігі. Ел ісіне, саяси қызметтерге араласуы. Әр тұста жазғандарының патша тыңшыларының назарына ілінуі. «Жұмбақ», «Біздің мақсатымыз» шығармалары. Баспасөз өміріне араласуы. «Серке» газетінің ұйымдастырылуына көмегі. «Қазақ» газеті және Міржақып Дулатұлы. Ақындығы. «Оян, қазақ» жинағында отарлық езгіге, қараңғы марғаулыққа қарсы күреске шақыру, халықты ояту идеясын ашықкөтеруі. Кітаптың таралу, танылу тағдыры.Міржақып өлеңдеріндегі отарлық саясатқа қарсы ойдың, ағартушылықидеяның молдығы. «Азамат» жинағы арқылы Міржақыптың шын мәніндегіақындық қуатының танылуы.

Прозасы. «Бақытсыз Жамал» романы. Қазақ әдебиетіндегі таза проза үлгісіндегі роман жанрының туып, қалыптасуынан алатын аса маңызды орны. Роман тақырыбының өз заманының көкейкесті мәселесіне арналуы. Кейіпкерлері. Көркемдік ерекшелігі.

Міржақып қаламына тән реализм. Көркем бояу мен кестелі орамдардың, бейнелі тіркестердің қолданылу ерекшеліктері. Тіл шұрайының деңгейі. Ұлттық көркем прозаның қалыптасып, дамуына үлес болып қосылғаны.

Драматургия жанрындағы шығармалары. «Балқия» пьесасы.

Көсемсөз, аударма салаларында атқарған қызметі.


Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [5], [13], [15], [3], [23].
12-тақырып. С.Дөнентаев шығармашылығы.

Шығармашылық өмірбаяны. Ағартушылық, демократтық бағытта шығарма жазғандығы. Шығармаларының өзіндік ерекшеліктері. Қазақ әдебиетіндегі сатира жанрының қалыптасып, дамуына қосқан үлесі.

Поэзиясы. Сәбиттің өлеңдерінде қозғалған тақырыптар. Қазақ еңбекшілерінің тұрмыс-тіршілігінің бейнеленуі. Халыққа білім беру, сауатсыздықты жою, үлгілі мәдениетке шақыру идеясында бірқатар өлеңдер жазғаны. Ел ішіндегі келеңсіз жағдайларды, адамдар арасындағы қарым-қатынас, мінез-құлық көріністеріндегі келеңсіздіктерді сынға алуы. «Заман кімдікі», «Менің жайым», т.б. Абай дәстүрінен үйренуі. «Уақ-түйек» жинағы.

Мысал өлеңдері – «Бозторғай», «Ыбылыс пен шайтан», «Ауырған арыстан», т.б. Өлеңдеріндегі ой тереңдігі. «Қыл», «Ой» шығармалары.

Сәбит поэзиясының тақырыптық, стильдік ерекшеліктері.
Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [5], [13], [15], [3], [4], [22].
13-тақырып. Н. Орманбекұлы шығармашылығы.

Шығармашылық өмірбаяны. Білімдарлығы, сөзге ұсталығы, шешен адам болғандығы. Абай үлгісінде өлеңдер жазуы.

Өлеңдері. Өз заманының ащы шындығын жырлаудағы Нарманбет ақынның реалистік үні. Орыс патшалығының отаршылдық саясатына өзіндік көзқарасын білдірудегі батыл үні. «Заман», «Аждаһаның аузында», «Сарыарқа» тәрізді қуатты жырлары.

Оқуды, білім мен ғылымды насихаттауы. Өлеңдерінің поэтикалық бояуы, тілінің шұрайы. Бейнелі тіркестердің, жанды образдардың қолданысы. Нақыл сөздерінің көркемдік құрал ретінде көріну деңгейі.

Ақын өлеңдеріндегі заман шындығының соншалықты ашық әрі батыл айшықталуы. Нарманбеттің 1916-1917 жылғы оқиғаларға байланысты шыншыл да батыл шығармаларында көтерілетін тақырыптар мен және сол сипаттағы шығармалардағы айтылар ой-тұжырым.

Нарманбет ақынның әдеби мұрасының тағдыры. Оның ұзақ жылдар бойы беймәлім жатуының сыры.


Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [5], [13], [15], [3], [4], [2].
14-тақырып. Ә.Тәңірбергенов шығармашылығы.

Шығармашылық өмірбаяны. Өлеңдері. Шығармаларының сипаты. Өлеңдерінің көркемдік дәрежесінің әрқилылығы. Негізінен ағартушылық сарындағы, атап айтқанда, қазақ өміріндегі ғылым мен білімнің пайдасы, еңбек, достық пен махаббат, өмір сырлары сияқты тақырыптарға қалам тербегені. Ақындық ойы мен идеясын жеткізу барысында сатираны пайдалануы.

«Тәуірбек болысқа», «Найман Серікбай қажыға», т.б. Олардағы әжуа-сықақтың молдығы. «Еңбек туралы», «Ғылым туралы», «Шұғбанға» өлеңдеріндегі еңбек пен ғылымның пайдасын насихаттауы.

«Дүние туралы», «Өлім туралы» дүние, өмір жайындағы өлеңдері.

Ауыз әдебиеті үлгілерін жинаудағы еңбегі.

Аудармасы. «Евгений Онегиннің» кейбір тарауларын еркін аударғандығы жөніндегі мәліметтер.


Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [5], [13], [15], [3], [4], [2].
15-тақырып. Ғ.Қарашұлы шығармашылығы.

Шығармашылық өмірбаяны. Оқытушылық қызметі. Әдебиет тарихынан алатын орны.

Өлеңдері. Поэзиялық шығармаларының реалистік сипаты. Өлеңдеріндегі сыншылдық сарын. Әділетсіздікті әшкерелеуі, елді мәдениет жолына жетелеуі. «Қазақтың байлары мен нашар кедейлері», «Болғанда сыртың бүтін, ішің түтін» шығармалары.

Дайын сюжеттер негізінде шығармалар жазуы («Дүние ісі ақіретке кетпес»).

Аударма жанрын дамытуға қосқан үлесі. Орыс классиктері А.Пушкиннің «Евгений Онегин» поэмасын, М.Лермонтовтың «Үш бәйтерек», М.Жуковскийдің «Туған жер» шығармаларын, сондай-ақ И.Крыловтың мысалдарын, Хемницер, Плещеев шығармаларын аударудағы қолтаңбасы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [9], [10], [13], [27].
Қолданылатын єдебиеттер

Негізгі:


  1. «Айқап». –А: Қазақ энциклопедиясы, 1995.

  2. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті: Оқу құралы.- А: Қазақ университеті, 2002 жыл.

  3. Әбдірахманов Т. Жаңа ғасыр көгінде. – А, 1969.

  4. Әбдірахманов Т. Таланттар тағылымы. –А, 1988.

  5. Әбдіғазиев Б.Асыл арна. –А: Қазақ университеті, 1992.

  6. Әбдіғазиұлы Б. Шәкәрім Шығармашылығының дәстүрлік және көркемдік негіздері. – А: Кенже-пресс, 2000.

  7. Әбдіманов Ө. «Қазақ» газеті. –А, 1993.

  8. Бекхожин Х. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. –А, 1964.

  9. Бес арыс. – А: Жалын, 1992.

  10. Бисенғали З. ХХ ғасыр басындағы қазақ романы. –А: Өлке, 1997.

  11. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті. – А: Ғылым, 1994.

  12. Ерденбеков Б. Әріп ақын. – А, 2001.

  13. Кәкішев.Т. Қазақ әдеби сынының тарихы. –А: Санат, 1994.

  14. Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. – А: Білім, 1993.

  15. Кенжебаев Б. Журналист Мұхаметжан Сералин. –А, 1957.

  16. «Қазақ» газеті. – А: Қазақ энциклопедиясы, 1998.

  17. Қазақ әдебиетінің тарихы. 6 томдық. –А, 1965.

  18. Нұрғалиев Р. Ахмет Байтұрсынов. –А, 1991.

  19. Қазақ поэзиясының антологиясы.-А: Ғылым, 1993.

  20. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. Хрестоматия.-А: Білім, 1994.


Ќосымша:

21. Байтұрсынов А. Шығармалары. –А: Жазушы, 1989.

22. Дөнентаев С. Ұрпағыма айтарым. –А: Жазушы, 1989.

23. Дулатов М. Шығармалары. –А: Жазушы, 1991.

24. Кердері Әбубәкір. Қазағым. – А: Жазушы, 1993.

25. Көпеев М-Ж. Шығармалары.–А.Ғылым, 1991-1992.

26. Мәшһүр Жүсіп. Шығармалары. – Павлодар, 2003-2007.

27. Құдайбердиев Ш. Шығармалары. – А: Жазушы, 1988.

28. Торайғыров.С. Шығармалары. –А, 1993.

29. Тұрмағанбет. «Рүстем-дастан». – А, 2004.



30. Ізтілеуов Т.Назым. –А, 1972.
: arm -> upload -> umk
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы пму ұС 18. 2/10 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Жұмыс бағдарламасы 050502 «Саясаттану»
umk -> Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> ЖҰмыс бағдарламасы «Қазақстаның қазіргі заман тарихы»
umk -> Бағдарламасы титулдық пму ұс н 18. 3/30 парағы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет