Егемен Қазақстан. – 2014. №75. – 18 сәуір Егемен-ақпарат Сандардан сыр тартқан сәукеле С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық уни­вер­ситетінің жерге орналастыру факультеті студент­терінің қатысуымен арнайы әзірленген «Ең үлкен сәукеле»



жүктеу 24.67 Kb.
Дата05.07.2016
өлшемі24.67 Kb.
Егемен Қазақстан. – 2014. - 75. – 18 сәуір

Егемен-ақпарат

Сандардан сыр тартқан сәукеле

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық уни­вер­ситетінің жерге орналастыру факультеті студент­терінің қатысуымен арнайы әзірленген «Ең үлкен сәукеле» жобасының тұсаукесер рәсімі халқымыздың салт-дәстүр байлығын танытатын керемет айшықтарға толы.

Студент жастардың бұл еңбегі әлемдік рекордтар кітабына енетін жылдық жинаққа кіргізуге әбден лайық. Өйткені, ол үкісі үлбіреген жай сәукеле емес, көлемі жағынан ғаламат үлкен ғажайып бас киім. Тәуелсіздіктің 23 жылдығына орай тігілген сәукеленің биіктігі – 2 метр 30 см, ал университеттің 57 жылдық тарихы жайында жан-жақты сыр шертетін сәукеленің ені 5 метр 70 сантиметрге дейін жетеді. Оның маңдай тұсы Қазақстандағы ынтымағы жарасқан 140 этнос өкілдері арасындағы береке-бір­лікті сипаттайтын 140 маржан моншақтармен безендірілген. Ұлттық бас киім 19 ұлттық ою-өрнекпен әспеттелуімен қымбат десек, бұл сан алуан ұлт пен этностың тұтастығын бір шаңырақ астына шоғырландырған Қазақстан халқы Ассамблеясының (1995 ж.) 19 жылдық еңбек жолын білдіретін белгі болып саналады. Бетмоншақтағы әшекейлердің 22 санын құрауында шетелдегі қандастарымызбен ты­ғыз қа­рым-қатынаста жұмыс жасап жат­қан Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының еңбек жолына байланысты шежірелік сипат бар.



Халықтың төл мерекесі биыл 26-шы рет тойлануда, осыған орай сәукеле 26 әшекей тас­пен өрнектеліп отыр. Астана қаласының 16 жылдық белесін бедерлеуде 16 түрлі ұлттық нақыш пен көзмоншақтың пайдаланылуы өз алдына ғажап әсер қалдырады. Жобаны дайындаушылар, жерге орналастыру факультетінің ұстаздары мен студенттері мұны бар-жоғы 20 күннің ішінде жасап шығыпты.

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың басқарма төрағасы, профессор А.Күрішбаев өз сөзін­де «Білікті оқытушы маман­дардың, ғылым докторлары мен профессорлардың көбіне біз­дің университетті таңдап жатуы кездейсоқтық емес. Өйткені, оқу орнындағы материалдық-техникалық база, ғылыми кешен заманауи үлгіде қарқынды дамып келеді. Мектеп бітіруші түлектердің бүгінде әлеуметтік жағдайы мен білім базасы қалыптасқан, көрсеткіш деңгейі жоғары ҚазАТУ-да оқығысы келетіні сондықтан. Республикадағы кез келген жоғары оқу орнымен тығыз байланыстамыз, олар бізді құрмет тұтады. Жақында ғана мен ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болғанымда, Елба­сы біздің университеттегі жақ­сы жаңалықтардан хабардар екендігін айтты» дей келіп, мұн­­да Халықаралық аграрлық зерттеу университетіне көшу жұ­мыстары ұйымдастырылып жат­қандығына ерекше тоқталды. – Қазіргі таңда біздің алдымызда жа­ңа, әрі маңызды міндеттер тұр. Мем­лекет басшысының тапсырмасына сәйкес, келешекте «Назарбаев Университеті» үлгісімен біздің университеттің базасында әлемдік деңгейдегі зерттеу университеті құрылмақ. Бұл – оқу орны үшін әлемнің жетекші аграрлық зерттеу университеттері деңгейімен теңесуге жол ашатын маңызды тарихи қадам» деп атап өтті. Университет басшысы сондай-ақ, әлемнің ең ірі 20-дан астам елі жоғары оқу орындарымен, ғылыми-зерттеу орталықтарымен халықаралық байланыс орнатылған білім ошағының 600-ден аса оқытушысы мен үш тұғырлы тілді меңгерген студенттері бүгінде сол елдерде ғылыми тағылымдамадан өтіп жатқанын тілге тиек етті. Қытай, Моңғолия, Ауғанстан және ТМД елдерінің студенттері үшін мұнда білім алу зор мәртебе болып саналады. Ендеше, «Студенттік көктем» фестивальдары аясында бірнеше жыл қатарынан «Үздік астаналық жоғары оқу орны» дәрежесін сақтай алған оқу орнының 2012 жылғы «QS» әлемдік рейтингісінде ең үздік 8 ЖОО-лар қатарынан көрінуі бекер емес. Ал биылғы көктемнің басты оқиғасы ретінде ұлттық сәукеленің кереметі елді елең еткізер жаңалыққа айналды.
: docs
docs -> Сабақтың тақырыбы Көсемшенің жасалуы мен түрлері Мақсаты Көсемшенің жұрнақтарын білу
docs -> Филология факультеті 5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже
docs -> СӘрсенбай гүлнар сәрсенбайқызы болашақ МҰҒалімдердің бойында ұлттық сананы қалыптастырудың педагогикалық негіздері
docs -> Сабақтың тақырыбы Мазмұны Сағат саны 1 Сабатың бастапқы кесіндісі
docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
docs -> Омаров Дәулет Кәрібайұлы Қызылорда облысындағы білім беру және халық ағарту мекемелерінің қызметі
docs -> Кенжалиева багила онгарбековна қазақстандағы кеңестік ұжымдастыру зардаптары және оны оқыту әдістемесі
docs -> Сабақтың тақырыбы Мазмұны Сағат саны 1 2 3 4
docs -> Сарузенова Айгерім Әбдіқадырқызы Нарық жағдайында этностық құндылықтар арқылы студенттерді отбасылық өмірге психологиялық дайындау




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет