Егемен Қазақстан


-тарау. ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРДIҢ МӘРТЕБЕСI



жүктеу 0.85 Mb.
бет3/3
Дата06.07.2016
өлшемі0.85 Mb.
1   2   3

7-тарау. ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРДIҢ МӘРТЕБЕСI

      50-бап. Педагог қызметкердiң мәртебесi

      1. Бiлiм беру ұйымдарында, сондай-ақ бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын басқа да ұйымдарда бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi оқытуға және тәрбиелеуге байланысты бiлiм беру қызметiмен айналысатын адамдар педагог қызметкерлерге жатады.

      Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi азаматтық қызметшiлер болып табылады.

      2. Мемлекет қоғамдағы педагог қызметкерлердiң ерекше мәртебесiн таниды және кәсiптiк қызметiн жүзеге асыруы үшiн жағдайлар жасайды.

      51-бап. Педагог қызметкердiң құқықтары, мiндеттерi мен  жауапкершiлiгi

      1. Тиiстi бейiнi бойынша арнайы педагогтiк немесе кәсiптiк бiлiмi бар адамдар педагогтiк қызметпен айналысуға жiберiледi.

      2. Педагог қызметкердiң:

      1) кәсiби қызметiне арналған жағдаймен қамтамасыз етiле отырып, педагогтiк қызметпен айналысуға;

     2) ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-эксперименттiк жұмыспен айналысуға, педагогтiк практикаға жаңа әдiстемелер мен технологияларды енгiзуге;

      3) жеке педагогтiк қызметке;

      4) тиiстi бiлiм беру деңгейiндегi мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарт талаптары сақталған кезде педагогтiк қызметтi ұйымдастырудың әдiстерi мен нысандарын еркiн таңдауға;

      5) бiлiм беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;

      6) ұзақтығы төрт айдан аспайтын, бес жылда кем дегенде бiр рет бiлiктiлiгiн арттыруға;

      7) санатын арттыру мақсатында мерзiмiнен бұрын аттестатталуға;

      8) педагогтiк қызметтегi табыстары үшiн мемлекеттiк наградалар, құрметтi атақтар, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түрiндегi моральдық және материалдық көтермеленуге;

      9) өзiнiң кәсiптiк ар-намысы мен қадiр-қасиетiнiң қорғалуына;

      10) әскери қызметке шақырылу мерзiмiнiң кейiнге қалдырылуына;

      11) ғылыми қызметпен айналысу үшiн педагогтiк стажы сақтала отырып, шығармашылық демалыс алуға;

      12) бiлiм беру ұйымы әкiмшiлiгiнiң бұйрықтары мен өкiмдерiне шағымдануға құқығы бар.

      3. Педагог қызметкер:

      1) өзiнiң кәсiптiк құзыретi саласында тиiстi теориялық және практикалық бiлiмдi және оқыту дағдыларын меңгеруге;

      2) мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарының талаптарына сәйкес көрсетiлетiн бiлiм беру қызметтерiнiң сапасын қамтамасыз етуге;

      3) бiлiм алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету рухында, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;

      4) бiлiм алушылардың өмiрлiк дағдыларын, бiлiктiлiктерiн, өздiгiнен жұмыс iстеуiн, шығармашылық қабiлеттерiн дамытуға;

      5) өзiнiң кәсiптiк шеберлiгiн, зияткерлiк, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейiн ұдайы жетiлдiрiп отыруға;

      6) бес жылда кемiнде бiр рет аттестаттаудан өтуге;

      7) педагогтiк әдеп нормаларын сақтауға;

      8) оқушылардың, тәрбиеленушiлердiң және олардың ата-аналарының абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеуге мiндеттi.

      Мiндеттерi мен педагогтiк әдеп нормаларын бұзғаны үшiн педагог қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарында және еңбек шартында көзделген жауаптылыққа тартылуы мүмкiн.

      4. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, педагог қызметкерлердi өздерiнiң кәсiптiк мiндеттерiн орындаумен байланысы жоқ жұмыс түрлерiне тартуға жол берiлмейдi.

      5. Бiлiм беру ұйымдарында жұмыс iстеуге педагогтiк қызметiне сот үкiмiмен немесе медициналық қорытындымен тыйым салынған адамдар, сондай-ақ заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар жiберiлмейдi.

      52-бап. Бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жүйесi

      1. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жүйесi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен айқындалады.

      Мемлекеттiк емес бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеудi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес олардың құрылтайшылары немесе оған уәкiлеттi адам айқындайды.

      2. Бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiне жалақыны есептеу ережесiн еңбек саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.

      3. Бiлiм беретiн мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсiпорындардың педагог қызметкерлерiнiң лауазымдық айлықақысы, қосымша ақылар мен үстеме ақылар, сондай-ақ ынталандыру сипатындағы басқа да төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.

      4. Бiлiм беру ұйымдарының қызметкерлерiне ауылдық жерде жұмыс iстегенi үшiн, сынып жетекшiлiгi үшiн, дәптердi, жазу жұмыстарын тексергенi үшiн, оқу кабинеттерiне меңгерушiлiк еткенi, пәндердi тереңдетiп оқытқаны, эксперимент режимiнде жұмыс iстегенi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қосымша ақы және басқа да төлемдер төлеу жүргiзiледi.

      5. Ерекше мәртебесi бар жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен басшы қызметкерлерiнiң лауазымдық айлықақысы арттырылып отыратын коэффициенттi ескере отырып айқындалады.

      6. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерiне тиiстi дипломы бар болған кезде негiзгi жұмыс орны бойынша:

      философия докторы (РhD) және бейiнi бойынша доктор дәрежесi үшiн бiр айлық ең төменгi жалақы мөлшерiнде;

      ғылым кандидаты дәрежесi үшiн бiр айлық ең төменгi жалақы және ғылым докторы дәрежесi үшiн екi айлық ең төменгi жалақы мөлшерiнде қосымша ақы белгiленедi.

      7. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерiне айлық жалақыны есептеу үшiн аптасына нормативтiк оқу жүктемесi:

      1) 18 сағаттан аспайтындай:

      бастауыш бiлiм беру ұйымдары үшiн;

      негiзгi, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдары үшiн;

      бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге қосымша бiлiм беру ұйымдары үшiн;

      мамандандырылған және арнайы бiлiм беру ұйымдары үшiн;

      2) 24 сағаттан аспайтындай:

      мектепке дейiнгi ұйымдар және мектепке дейiнгi тәрбие берудiң мектепалды топтары және бiлiм беру ұйымдарының мектеп алды сыныптары үшiн;

      балалар мен жасөспiрiмдердiң спорттық бiлiм беру ұйымдары үшiн;

      3) 30 сағаттан аспайтындай интернаттық ұйымдардың, демалыс

лагерьлерiнiң, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдары жатақханаларының тәрбиешiлерi үшiн белгiленедi.

      Жоғары оқу орындарын қоспағанда, мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарында педагог қызметкерлердiң лауазымдық мiндеттерiне (бiлiктiлiк талаптарына) қатысты нормативтiк оқу жүктемесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

      Жоғары оқу орындары профессор-оқытушылар құрамының жылдық оқу жүктемесi жұмыс уақытының жылдық нормасының шегiнде белгiленедi және ғылыми кеңестiң шешiмi негiзiнде жоғары оқу орнының басшысы бекiтедi.

      8. Мемлекеттiк тапсырысты айқындау кезiнде мемлекеттiк жоғары оқу орындары профессор-оқытушылар құрамының жалпы саны мынадай орташа арақатынасты негiзге ала отырып есептеледi:

      1) студенттер мен оқытушылар (бiр оқытушыға шаққандағы студенттердiң орташа саны) тиiсiнше:

      күндiзгi оқу нысаны үшiн - 8:1 (медициналық жоғары оқу орындары үшiн - 6:1);

      кешкi оқу нысаны үшiн - 16:1;

      сырттай оқу нысаны үшiн - 32:1;

      2) магистранттар және оқытушылар - 4:1;

      3) докторанттар және оқытушылар - 3:1.

      53-бап. Әлеуметтiк кепiлдiктер

      1. Педагог қызметкерлер мынадай:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй, оның iшiнде қызметтiк үй және (немесе) жатақхана;

      2) жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi үшiн ұзақтығы күнтiзбелiк 56  күн; оқу-әдiстемелiк қызметкерлерi қамтамасыз ету, мектепке дейiнгi және қосымша бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi үшiн - күнтiзбелiк 42 күн ақы төленетiн жыл сайынғы демалыс алудың әлеуметтiк кепiлдiктерiн иеленедi.
      2. Ауылдық жерде жұмыс iстейтiн бiлiм берудiң педагог қызметкерлерi жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша:

      1) қала жағдайында педагогтiк қызметпен айналысатын педагог қызметкерлердiң ставкаларымен салыстырғанда айлықақылар мен тарифтiк ставкалар кемiнде жиырма бес процентке арттырылып белгiленедi;

      2) коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшiн отын сатып алуға жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша белгiленетiн мөлшерде бюджет қаражаты есебiнен бiржолғы ақшалай өтемақы төленедi;
      3) жеке меншiгiнде малы барларға ауыл шаруашылық ұйымдарының
қызметкерлерiмен бiрдей, жемшөп, малын жаю және шөп шабу үшiн жер
учаскелерi берiледi.

      3. Бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерiне жыл сайын тиiстi бюджет қаражаты есебiнен:

      1) оларға кезектi еңбек демалысын беру кезiнде мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасымен айқындалған мөлшерде күнтiзбелiк жылда бiр рет сауықтыруға жәрдемақы;

      2) "Жоғары оқу орнының үздiк оқытушысы" атағын иеленушiге айлық есептiк көрсеткiштiң 2000 еселенген мөлшерiнде мемлекеттiк грант;

      3) "Үздiк педагог" атағын иеленушiге айлық есептiк көрсеткiштiң 1000 еселенген мөлшерiнде мемлекеттiк грант төленедi.
 8-тарау. БIЛIМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ

      54-бап. Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк реттеудiң мақсаты мен нысандары

      1. Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк реттеу бiлiм алуға конституциялық құқықтарды iске асыруды қамтамасыз ететiн жағдайларды жасауға және бiлiм беру ұйымдары ұсынатын бiлiм беру қызметтерiн көрсетудiң жоғары сапасын қамтамасыз етуге бағытталған.
      2. Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк реттеу құқықтық қамтамасыз ету, бiлiм сапасын басқару, стандарттау, бақылау жүргiзу арқылы жүзеге асырылады.

      55-бап. Бiлiм беру сапасын басқару

      1. Бiлiм беру сапасын басқару бiлiм беру саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыруға бағытталған және бiлiм сапасын бағалаудың бiрыңғай ұлттық жүйесiн құрайтын мемлекеттiк және институционалдық құрылымдарын, бiлiм берудi қаржыландыруға бөлiнетiн қаражатты пайдалану ұтымдылығын және бiлiм беру жүйесi жұмыс iстеуiнiң тұтастай тиiмдiлiгiн қамтиды.

      2. Бiлiм беру сапасын басқару бiлiм беру мониторингiнiң нәтижелерi, негiзiнде барлық деңгейлерде басқарушылық шешiмдердi қабылдау арқылы жүзеге асырылады.

      3. Бiлiм беру мониторингi бiлiм сапасын сырттай және iшкi бағалау әдiстерi арқылы өткiзiледi.

      Бiлiм беру сапасын сырттай бағалау бiлiм беру ұйымдарын лицензиялаудың, мемлекеттiк аттестаттаудың, бiлiм беру ұйымдарын аккредиттеудiң рәсiмдерiн, ұлттық бiрыңғай тестiлеудiң, мемлекеттiк аралық бақылаудың, сондай-ақ барлық үлгiдегi және түрдегi бiлiм беру ұйымдарын саралау мен техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi ұйымдарда бiлiм алушыларға бiлiктiлiк берудiң рәсiмдерiн қамтиды.


      Бiлiм беру сапасын iшкi бағалау сапа менеджментi жүйесiн, бiлiм беру; ұйымдары қызметiнiң барлық түрлерiнiң өзiн-өзi бағалауының әртүрлi рәсiмдерiн, үлгерiмдi ағымдағы бақылауды, бiлiм алушылардың бiлiм алу-жетiстiктерiн бағалауды қамтиды.

      Жоғары оқу орындарының қызметiн бағалау осы оқу орнындағы оқыту сапасы туралы студенттердiң пiкiрiн қамтиды.

      56-бап. Бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттары

      1. Қазақстан Республикасында әрбiр бiлiм беру деңгейi бойынша:


      1) бiлiмнiң мазмұнына;

      2) бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң оқу жүктемесiнiң ең көп көлемiне;

      3) бiлiм алушылардың даярлық деңгейiне қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын айқындайтын бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыда мiндеттi стандарттары белгiленедi.

      2. Тиiстi бiлiм беру деңгейлерiнiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттары, меншiк нысандарына, үлгiлерi мен түрлерiне қарамастан, барлық бiлiм беру ұйымдары үшiн мiндеттi.

      57-бап. Бiлiм беру қызметiн лицензиялау

      1. Заңды тұлғалардың (бұдан әрi - лицензиат) бiлiм беру қызметi Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жатады.

      2. Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары, жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалардың қызметiн олар үшiн жаңа кәсiптер мен мамандықтар бойынша лицензиялау, оларда лицензиялардың болуына қарамастан, жалпы негiздерде жүргiзiледi.

      3. Лицензиар лицензияны беру, оның қолданысын тоқтата тұру мәселелерiн алқалы және жария қарау үшiн консультациялық-кеңесшi орган құрады.

      4. Лицензиардың бiлiм беру қызметiмен айналысуға құқық беретiн лицензияның қолданысын алты ай мерзiмге дейiн Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртiппен тоқтата тұруға құқығы бар.

      5. Бiлiм беру қызметiмен айналысуға құқық беретiн лицензиядан айыруды Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртiппен сот жүзеге асырады.

      58-бап. Бiлiм беру ұйымдарын аккредиттеу

      1. Аккредиттеудi бiлiм беру ұйымдарының өтiнiшi негiзiнде, олардың ведомстволық бағыныстылығына және меншiк нысандарына қарамастан, аккредиттеу органы бес жыл мерзiмге жүзеге асырады.

      Аккредиттеу институционалдық және мамандандырылған түрде жүзеге асырылады.
      2. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған халықаралық және шетелдiк бiлiм беру ұйымдары немесе олардың филиалдары аккредиттеуден Қазақстан Республикасының бiлiм беру ұйымдары сияқты шарттармен және тәртiппен өткiзiледi.

      3. Бiлiм беру ұйымдарын аккредиттеу бiлiм беру ұйымдарының өз қаражаттары есебiнен өткiзiледi.

      4. Жоғары оқу орындары халықаралық дәрежеде танылған шетел агенттiгi жүзеге асыратын халықаралық аккредиттеуден өтуге құқылы.

      59-бап. Бiлiм беру жүйесiндегi мемлекеттiк бақылау

      1. Бiлiм беру жүйесiндегi мемлекеттiк бақылау мемлекеттiң бiлiм алуға деген құқықты қамтамасыз етуге және бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалардың өздерi жүзеге асыратын бiлiм беру қызметiнiң Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңнамасының талаптарына және бiлiм беру қызметiн лицензиялау ережелерiне сәйкестiгiн сақтауға бағытталған және оны бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган мен жергiлiктi атқарушы органдар өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.

      2. Бiлiм беру жүйесiндегi мемлекеттiк бақылау объектiлерi:

      1) бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалардың бiлiм беру қызметi;

      2) бiлiм алушылардың тиiстi бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейi болып табылады.

      3. Мемлекеттiк бақылаудың негiзгi түрлерi:

      1) бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау;

      2) мемлекеттiк аралық бақылау;

      3) Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңнамасын және бiлiм беру қызметiн лицензиялау ережелерiнiң сақталуын бақылау болып табылады.

      4. Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттауды, олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысандарына қарамастан, бiлiм берудi мемлекеттiк басқару органдары өздерiнiң құзыретiне сәйкес жоспарлы түрде бес жылда бiр рет өткiзедi.

      Медициналық және фармацевтiк бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттауды денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

      Бiрiншi мемлекеттiк аттестаттау жаңадан құрылған:
      1) бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында төрт жылдан кейiн;
      2) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында мамандардың алғашқы бiтiру жылынан кешiктiрiлмей;
      3) мектепке дейiнгi ұйымдарда және қосымша бiлiм беру ұйымдарында үш жылдан кейiн өткiзiледi.

      5. Шетелдiк бiлiм беру ұйымдары мен халықаралық бiлiм беру ұйымдарының филиалдарын аттестаттау, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Мемлекеттiк аралық бақылау:

      1) бiлiм беру қызметтерiн көрсету сапасын бағалау және орта бiлiм беретiн ұйымдар бiлiм алушыларының бастауыш және негiзгi орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейiн айқындау мақсатында;

      2) бiлiм беру қызметтерiн көрсету сапасын бағалау және бiлiм алушылардың оқытудың екiншi курсын аяқтағаннан кейiн (медициналық жоғары оқу орындарында - үшiншi курсты аяқтағаннан кейiн) жоғары бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартының жалпы бiлiм беретiн және базалық пәндерiнiң циклына енетiн жекелеген пәндердi   меңгеру деңгейiн айқындау мақсатында жүзеге асырылады.

      7. Аралық мемлекеттiк бақылаудан өтпеген бiлiм алушылардың саны бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген шектi саннан асатын бiлiм беру ұйымдары кезектен тыс мемлекеттiк аттестаттауға жатады.

      8. Бiлiм беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңнамасын және бiлiм беру қызметiн лицензиялау ережелерiнiң сақталуын бақылау тексерулер нысанында жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңнамасын және лицензиялық ережелердiң сақталуын тексеруге, меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық бiлiм беру ұйымдары жатады.

      9. Тексерулер мынадай түрлерге бөлiнедi:

      1) жоспарлы - алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген уақыт аралықтарын ескере отырып жүргiзiлетiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган немесе жергiлiктi атқарушы органдар өз құзыретi шегiнде жоспарлаған тексеру;

      2) жоспардан тыс - жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiне дереу ден қою  мақсатында тағайындалатын тексеру;

      3) қарсы - егер тексеру жүргiзу кезiнде бақылаушы органдарда үшiншi тұлғаларға байланысты қосымша ақпарат алу қажеттiгi туындаса, аталған адамдарға қатысты жүргiзiлетiн тексеру.

      10. Жоспарлы тексеру мемлекеттiк аттестаттаулар аралығында бiр рет жүргiзiледi.
      11. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған халықаралық және шетелдiк бiлiм беру ұйымдары мен олардың филиалдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тексерiледi.

      12. Бiлiм беру ұйымдарын тексеру бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның немесе жергiлiктi атқарушы органның тексеру жүргiзу туралы шешiмiнiң негiзiнде жүргiзiледi.

      13. Тексеру жүргiзу үшiн комиссия құрылады. Комиссияның құрамын, тексеру жүргiзу мерзiмiн, объектiсiн, тексерудiң нысанасын бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган немесе жергiлiктi атқарушы орган бекiтедi. Тексеруге бiлiм және ғылым ұйымдарының мамандары тартылуы мүмкiн.

      14. Тексерулер ұзақтығы жетi күннен аспауға тиiс. Тексерудiң елеулi көлемi болуына не тексеру кезiнде анықталған фактiлердi қосымша зерттеу қажеттiлiгiне байланысты тексеру өткiзу мерзiмi ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол үш күннен аспауға тиiс.

      15. Тексеру жүргiзу тексеру қорытындылары туралы анықтама жазумен аяқталады. Тексеру қорытындылары туралы анықтамаға жазылған фактiлердiң дұрыстығын растайтын құжаттардың көшiрмесi қоса берiледi.

      16. Комиссия дайындаған тексерудiң қорытындылары туралы анықтамамен тексерiлген ұйымның басшысы танысуға, оған өз қолын қойып, ұйымның мөрiн басуға тиiс. Бұл ретте ол тексеру нәтижелерiмен тұтастай немесе жекелеген позициялары бойынша келiспейтiнi туралы жазба жасауға құқылы.

      Бiлiм беру ұйымының басшысы немесе басшының мiндетiн атқарушы адам анықтамаға қол қоюдан бас тартқан немесе басшының немесе оның мiндетiн атқарушы адамның қолын қойғызу мүмкiндiгi болмаған жағдайларда комиссия төрағасы анықтамада тиiстi жазба жасайды.

      Анықтаманың бiр данасы тексерiлген ұйымда қалады.

      60-бап. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары мен мiндеттерi

      1. Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар қажеттi бiлiктiлiкке ие болуы және қосымша бiлiм беруi жүйесiнде кемiнде бес жылда бiр рет тиiстi оқытудан өтуi тиiс.

      2. Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:

      1) бiлiм беру ұйымдарына, мекемелерiне және кәсiпорындарына,


тексеру мақсатында қызметтiк куәлiктi көрсету арқылы кедергiсiз кiруге, ал ведомстволық бiлiм беру ұйымдарына - оларға кiрудiң белгiленген режимiн ескере отырып кiруге;

      2) тексерудi жүргiзу кезiнде кез келген қажеттi ақпаратты сұратып алуға, тексеру нысанасына жататын құжаттардың түпнұсқаларымен танысуға құқығы бар.

      3. Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамаларын, бiлiм беру қызметi субъектiлерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтауға;

      2) тексерулердi осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi негiзiнде және оларда белгiленген тәртiпке қатаң сәйкестiкте жүргiзуге;

      3) тексеру жүргiзу кезеңiнде бiлiм беру ұйымдарының белгiленген жұмыс режимiне кедергi келтiрмеуге;

      4) Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңнамаларымен белгiленген талаптарын бұзушылықтардың алдын алу оларды анықтау және болдырмау жөнiндегi Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес берiлген өкiлеттiлiктi уақтылы және толық көлемде орындауға;
      5) бiлiм беру ұйымына тексеру қорытындылары туралы анықтаманы оны аяқтаған күнi беруге;

      6) алынған құжаттар мен тексеру нәтижесiнде алынған мәлiметтердiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

      4. Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың iс-әрекетiне (шешiмдерiне) және iс-әрекеттер жасау (шешiмдердi қабылдау) үшiн негiздеме болған ақпаратқа мүдделi адамдар жоғары тұрған лауазымды адамға және (немесе) сотқа шағымдануы мүмкiн.
 9-тарау. БIЛIМ БЕРУ ЖҮЙЕСIН ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

      61-бап. Қаржыландыру жүйесi, принциптерi мен көздерi

      1. Бiлiм берудi қаржыландыру жүйесi - республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң, басқа да кiрiс көздерiнiң жиынтығы.

     2. Бiлiм берудi қаржыландыру жүйесi:

      1) тиiмдiлiк пен нәтижелiлiк;

      2) басымдық

      3) айқындылық

      4) жауаптылық

      5) бюджеттердiң барлық деңгейлерiнiң ара жiгiн ажырату мен дербестiк принциптерiне негiзделедi.

      3. Бiлiм беру жүйесi қаржыландыру көздерi:

      1) мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiн ұстауды бюджеттiк қаржыландыру;

      2) мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын бюджеттiк қаржыландыру;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн ақылы қызметтер көрсетуден түскен кiрiстер;

      4) екiншi деңгейдегi банктер кредиттерi;

      5) демеушiлiк және қайырымдылық көмек, өтемсiз аударымдар мен қайырмалдықтар, гранттар болып табылады.

      62-бап. Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк қаржыландыру

      1. Мемлекет бiлiм берудiң басымдығын ескере отырып оған бюджеттiк қаражаттардың бөлiнуiн қамтамасыз етедi.

      2. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын қаржыландыру бiлiм беру деңгейлерi бойынша мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарымен белгiленген талаптар және Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалатын нормалар негiзiнде бюджеттiк қаражаттар есебiнен жүзеге асырылады.

      3. Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiн бюджеттiк қаражаттар есебiнен қаржыландыру мекемелердiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарына сәйкес ұсталуын және функцияларды орындауын қамтамасыз етедi.

      Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiне жұмыстан жоғары көрсеткiштерi үшiн конкурстық негiзде грант берiлуi мүмкiн.

      4. Мемлекеттiк бiлiм беру кәсiпорындарын, басқа да ұйымдық-құқықтық нысандағы бiлiм беру ұйымдарын қаржыландыру мемлекеттiк бiлiм тапсырысы негiзiнде жүзеге асырылады.

      5. Бiлiктi жұмысшылар мен мамандарды даярлауға, бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы:

      1) мамандарды даярлау бағыттарын;

      2) оқыту нысандары бойынша мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысының көлемiн (орындар, гранттар санын);

      3) бiр маманды оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құнын қамтуға тиiс.
      Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнде техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру кезiнде бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi және бiлiм беру ұйымының атауы көрсетiледi.

      Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына сонымен қатар Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттармен көзделген оқу орындарында мамандарды даярлау, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлiмдерiнде шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды оқыту енедi.

      6. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту ұйымдарында орналастырылатын мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы тәрбиеленушiлер санын және бiр тәрбиеленушiге жұмсалатын шығыстардың орташа құнын қамтуға тиiс.

      7. Бiлiм беру жүйесiн оқу-әдiстемелiк қамтамасыз ету бойынша мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын ұстауға қойылатын талаптарды бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.


      8. Жоғары бiлiм берудi қаржыландыруға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бiлiм беру гранттары түрiнде мамандыққа, оқу орнының түрi мен мәртебесiне қарай саралана отырып орналастырылады.
      Орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының өтемдi бiлiм беру қызметтерiн көрсету шарты бойынша бiр бiлiм алушыға жұмсалатын шығындары бiлiм беру грантының мөлшерiнен кем болмайды.

      63-бап. Бiлiм беру ұйымдарының ақылы негiзде тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) ұсынуы

      1. Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге бiлiм беру ұйымдары бюджет қаражаттары есебiнен көрсететiн бiлiм беру қызметтерi тегiн ұсынылады.

      2. Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiне бiлiм алушылар мен


тәрбиеленушiлерге мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттары шеңберiнде ақылы негiзде бiлiм беру қызметтерiн көрсетуге тыйым салынады.

      Өнер мамандығы бойынша жоғары бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын, сондай-ақ бұқаралық кәсiптердiң қызметкерлерiн даярлау жөнiндегi кәсiптiк оқытудың оқу бағдарламаларын iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерi бюджеттiк қаражаттар есебiнен көрсетiлетiн бiлiм беру қызметтерiнiң көлемдерiнен тыс ақылы негiзде бiлiм беру қызметтерiн ұсынуға құқылы.

      3. Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерi бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпы бiлiм беру стандарттарының талаптарынан тыс ақылы негiзде мынадай:

      1) қосымша бiлiм беру бағдарламаларын (балалар және жасөспiрiмдер шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы бейiмдiлiктер мен қызығушылықтарды дамыту, мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру) iске асыру;


      2) оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша бөлiнген оқу уақытынан пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдерi) бойынша жекелеген бiлiм алушылармен қосымша сабақтар ұйымдастыру;

      3) пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдерi) бойынша бiлiм алушылармен ғылым негiздерiн тереңдетiп оқып үйренудi ұйымдастыру;

      4) бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлер, педагог қызметкерлер мен ересек жұртшылық арасында әр түрлi: спорт жарыстарын, семинарлар, кеңестер, конференциялар, сондай-ақ оқу-әдiстемелiк әдебиеттi әзiрлеу мен өткiзу жөнiндегi iс-шаралар ұйымдастыру және өткiзу;

      5) музыка аспаптарын пайдалануға беру және Интернет-байланыстың қосымша қызметтерiн ұсыну;

      6) жазғы демалысты ұйымдастыру, бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң, бiлiм беру ұйымында өткiзiлетiн түрлi iс-шараларға қатысушылардың тамақтануын қамтамасыз ету;

      7) энергия қондырғылары мен қазандықтар беретiн жылу энергиясын жiберу;


      8) кәсiптiк оқытуды ұйымдастыру (техникалық және қызмет көрсетушi еңбек мамандарын қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру);

      9) оқу-өндiрiстiк шеберханалардың, оқу шаруашылықтарының, оқу-тәжiрибе учаскелерiнiң өнiмдерiн өндiру мен өткiзудi ұйымдастыру бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) беруге құқылы.

      4. Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерi ақылы негiзде ұсынатын тауарларға (жұмыстарға және қызметтер көрсетуге) бағалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлуге жатады.

      5. Жеке меншiк бiлiм беру ұйымдары ақылы негiзде тауарларды (жұмыстарды және қызметтер көрсетудi) өткiзуден, оның iшiнде мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарының шеңберiнде оқытудан түскен кiрiстердi, құрылтайшылардың қаражаттарын және заңнамамен тыйым салынбаған басқа да қаржыландыру көздерiн дербес пайдаланады.

      6. Ақылы негiзде қызметтер көрсететiн бiлiм беру ұйымдарының және бiлiм алушының (тәрбиеленушiнiң), оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкiлдердiң өзара қатынастары шартпен реттеледi. Ақылы негiзде тауарлар (жұмыстар және қызметтер көрсету) ұсынуға арналған үлгiлiк шарттың нысанын бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.

      Бiлiм алушы шарт жасасу кезiнде бүкiл оқу кезеңiне шығыстарды бiр мезгiлде төлеген жағдайда төлем сомасы оқу мерзiмi аяқталғанға дейiн өзгермейтiн болады.

      Оқуға төлемдi кезең-кезеңмен төлеген ретте төлем сомасы жалақының ұлғаюы жағдайында және инфляция индексi ескерiле отырып, жылына бiр реттен жиi емес өзгертiлуi мүмкiн.

      64-бап. Бiлiм беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын дамыту

      1. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жасау және дамыту бюджет қаражаттары, ақылы негiзде көрсетiлетiн қызметтерден түскен кiрiстер, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады.

      2. Бiлiм беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының


заңнамасымен айқындалатын тәртiппен мүлiктерге иелiк ету және
пайдалану құқығы бар. Бiлiм беру ұйымының мемлекеттiк мүлкi алып
қойылуға немесе бiлiм беру ұйымының негiзгi мiндеттерiне қайшы келетiн мақсаттарда пайдаланылуға тиiс емес.
      3. Бiлiм беру ұйымдарын жекешелендiру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша жүзеге асырылады.
 10-тарау. БIЛIМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

      65-бап. Халықаралық ынтымақтастық және сыртқы экономикалық қызмет

      1. Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының заңнамасы және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негiзiнде жүзеге асырылады.
      2. Бiлiм беру ұйымының бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша өз жұмысының ерекшелiктерiне сәйкес шетелдiк бiлiм беру, ғылым және мәдениет ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен және қорлармен тiкелей байланыстар орнатуға, ынтымақтастық туралы екi жақтан және көп жақты шарттар жасасуға, студенттер, магистранттар, докторанттар, педагог және ғылыми қызметкерлер алмасудың халықаралық бағдарламаларына қатысуға, бiлiм беру саласындағы халықаралық үкiметтiк емес ұйымдарға (қауымдастықтарға) кiруге құқығы бар.
      Әскери оқу орындарының халықаралық шарттар мен келiсiмшарттарға сәйкес шетелдiк азаматтардың қатарынан мамандар даярлауды жүзеге асыруға құқығы бар.

      Бiлiм беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында және бiлiм беру ұйымдарының жарғысында айқындалған тәртiппен сыртқы экономикалық қызметпен айналысуға құқылы.


      3. Қазақстан Республикасы бiлiм беру ұйымдарының халықаралық
ынтымақтастықты жүзеге асыру тәртiбiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.

      4. Қазақстан Республикасында халықаралық және шетелдiк оқу орындарын және (немесе) олардың филиалдарын құру халықаралық шарттардың негiзiнде немесе Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша жүзеге асырылады.

      5. Халықаралық оқу орындарының және Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттер немесе олардың заңды және жеке тұлғалары оқу орындарының, олардың филиалдарының бiлiм беру қызметiн лицензиялау, сондай-ақ оларды мемлекеттiк аттестаттау мен аккредиттеу, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 66-бап. Шет елдегi қазақ диаспорасының бiлiм алу қажеттiлiктерiн қанағаттандыру

      1. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдардың Қазақстан Республикасында бiлiм алуға құқығы бар.
      2. Мемлекет шет елдегi қазақ диаспорасының бiлiм алу қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға жәрдемдеседi.

      3. Шет елдегi қазақ диаспорасы үшiн бiлiм беру ұйымдарын құру және оған қаржылық-материалдық көмек көрсету халықаралық шарттарда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.


 11-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БIЛIМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШIН ЖАУАПТЫЛЫҚ

67-бап. Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық

      Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

 12-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      68-бап. Осы Заңның қолданысқа енгiзiлуi

      1. Осы Заң, 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 8-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгiн, 52-баптың 6-тармағының екiншi абзацын, 7-тармағы 1) тармақшасының екiншi және бесiншi абзацтарын, 8-тармағының 2), 3) тармақшаларын және 53-баптың 3-тармағының 1), 3) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

      2. Бiлiм беру ұйымдарына осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн оқуға түскен адамдар оқуға түскен кезде қолданыста болған бiлiм беру бағдарламалары бойынша оқуын бiтiрiп, оларға бiлiм туралы белгiленген үлгiдегi құжат берiледi.



      3. "Бiлiм туралы" 1999 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы 1999 ж., N 13, 429-құжат; N 23, 927-құжат; 2001 ж., N 13-14, 173-құжат; N 24, 338-құжат; 2004 ж., N 18, 111-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 12, 71-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 9, 67-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

  

    Қазақстан Республикасының  Президентi
: files
files -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
files -> Бағдарламасы Қазақ бөлімі «Тіл теориясы»
files -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
files -> Н. Д. ОҢдасынов ? Арабша-қазақша түсіндірме сөздік
files -> А. Б. Салқынбай ҚазҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Алматы, Қазақстан Сәкен өлеңіндегі сырбаз
files -> Қазақ әдебиетінен тапсырмалар. Құрастырған: ф.ғ. к.,проф. Б.Қ.Қапасова
files -> «№ `мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> «№мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Тест. 9-сынып. Сын есім қандай сұраққа жауап береді?


1   2   3


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет