Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысанын жою туралы конвенция



жүктеу 151.44 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі151.44 Kb.
Біріккен Ұлттар Ұйымы

Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысанын жою туралы конвенция

Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою жөніндегі комитет

Отыз жетінші сессия

2007 жылғы 15 қаңтар – 2 ақпан



Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою жөніндегі комитеттің қорытынды ескертпелері: Қазақстан

  1. Комитет 2007 жылғы 16 қаңтардағы өзінің 757және 758-ші отырыстарында (CEDAW/C/SR.757 және 758 қараңыз) Қазақстанның екінші мерзімді баяндамасын қарады (CEDAW/C/ KAZ/2). Комитеттің тақырыптары мен мәселелерінің тізбесі CEDAW/C/KAZ/Q2 құжатында, ал Қазақстанның жауаптары – CEDAW/C/KAZ/Q2 /Add.1 құжатында қамтылады.

Кіріспе

  1. Комитет қатысушы мемлекеттің екінші мерзімді баяндаманы ұсынғаны үшін алғыс айтты, оны әзірлеу кезінде Комитеттің басшылыққа алатын қағидаттары және оның алдыңғы қорытынды ескертпелері ескерілген болатын, бірақ баяндамада жынысына қарай бөлінген статистикалық мәліметтердің жетіспейтіні жөнінде өкініш білдірді. Сондай-ақ Комитет қатысушы мемлекеттің сессия алдындағы жұмыс тобы әзірлеген тақырыптар мен мәселелер тізбесіне жазбаша жауап бергені және ауызша сөз сөйлегені үшін және Конвенцияның соңғы кезде Қазақстанда орындалу барысы туралы қосымша жазбаша ақапаратты бергені үшін, сонымен бірге Комитеттің ауызша тәртіпте қойған сұрақтарына жауап бергені үшін алғыс білдіреді.

  2. Комитет қатысушы мемлекеттің Отбасы істері мен гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының басшылығымен және парламент пен Жоғарғы сот мүшелерінің және түрлі министрліктер мен ведомстволар мамандарының құрамындағы жоғары деңгейдегі делегацияны жібергені үшін алғыс айтады. Комитет делегация мен Комитет мүшелері арасында өткен конструктивтік диалогты жоғары бағалайды.

  3. Комитет қатысушы мемлекеттің 2001 жылғы тамызда Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысанын жою туралы конвенцияға Факультативтік хаттаманы ратификациялағаны үшін алғыс білдіреді.

Оң аспектілер

  1. Комитет қатысушы мемлекеттің Конвенция және әйелдерге қатысты кемсітушілікті жоюға және гендерлік теңдікті мадақтауға бағытталған және Қазақстан Республикасындағы 2011-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы мен Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын қамтитын бастамалардың кең көлемін жүзеге асыруға, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі өкіл лауазымын құруға (Омбудсмен) және үкімет органдарында өзінің тиісті салаларында гендерлік саясатты әзірлеуге және жүргізуге жауап беретін гендерлік проблематика жөніндегі үйлестірушілерді тағайындауға ұдайы саяси еркі мен бағытты ұстанушылығының танытқандығын жоғары бағалайды.

  2. Комитет қатысушы мемлекеттің әйелдер мен қыздар саудасына қарсы күрес бойынша шаралар қабылдауды, атап айтқанда Қылмыстық кодекске және басқа да заңдарға түзетулер енгізуді, Адамдарды заңсыз әкетумен, әкелумен және адам саудасына қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құруды және Адам саудасына байланысты қылмыстарға қарсы күрес, оларды болдырмау және олардың профилактикасы жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын қабылдауды қолдайды.

  3. Комитет әйелдердің жағдайын жақсарту бойынша ұлттық тетіктің өкілеттіктерін кеңейтуді қолдайды және оның Отбасы істері мен гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия деп қайта аталғандығын, ал оның Төрағасы Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынышты екендігін назарына алды.

Негізгі мәселелі салалар мен ұсынымдар

  1. Қатысушы мемлекеттің Конвенцияның барлық ережелерін жүйелі түрде және кідіріссіз орындау міндеттерін еске салып, Комитет осы қорытынды ескертпелерде айтылған проблемалар мен ұсынымдар қатысушы мемлекеттің бүгінгі күннен бастап келесі мерзімді баяндамасын ұсынғанға дейін бірінші кезекті назар аудару қажеттігінен шығады. Сол себепті Комитет қатысушы мемлекетті жоғарыда айтылған ережелерді орындау жөніндегі өз жұмысында осы бағыттарға тоқталуын және өзінің келесі мерзімді баяндамасында қабылданған шаралар мен қол жеткізген жетістіктері туралы баяндауына шақырады. Ол қатысушы мемлекетті осы қорытынды ескертпелермен олардың толық көлемде орындалуын қамтамасыз ету үшін барлық тиісті министрліктер мен парламентті таныстыруға шақырады.

  2. Комитет Конвенцияның ережелері, Факультативтік хаттама және Комитеттің жалпы ұсынымдары оның ішінде судьялардың, адвокаттардың, прокуратура органдары қызметкерлері және әйелдердің өздері арасында жеткілікті түрде кең таралмаған, бұған Конвенцияға сілтеме жасалған сот шешімдерінің болмауы көрсетеді.

  3. Комитет қатысушы мемлекетті Конвенция, Факультативтік хаттама және Комитеттің жалпы ұсынымдарының рәсімдері туралы ақпаратты тарату үшін барынша белсенді шаралар қабылдауға және прокуратура органдары қызметкерлерге, судьяларға, адам құқықтары жөніндегі уәкілетті тұлғаларға және адвокаттарға арналған Конвенция мен Факультативтік хаттаманың барлық тиісті аспектілері қамтылған бағдарламаларды жүзеге асыруға шақырады. Ол сондай-ақ тұрақты негізде ақпараттық-түсіндірме науқандарын және әйелдерге, ауыл әйелдеріне, сондай-ақ әйел тақырыбы саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдарға арналған, әйелдердің мүмкіндігін кеңейтуге және Конвенция бойынша олардың өз құқықтарын бұзушылықтармен күресудің қолда бар рәсімдері мен құралдарын пайдалануға үйрету үшін заң семинарларын өткізуге ұсыныс жасайды.

  4. Тең құқықтар мен тең мүмкіндіктер туралы заң жобасы бойынша жүргізіліп жатқан жұмысты назарға ала отырып, Комитет Конвенцияда тұжырымдалған қатысушы мемлекеттегі формалды және шынайы теңдік және әйелдерге қатысты тікелей және жанама кемсітушілікке тыйым салу тұжырымдамаларының шектеулі түсінілуі жөнінде алаңдатушылық білдіреді.

12. Комитет қатысушы мемлекеттің тең құқықтар мен тең мүмкіндіктер туралы заң жобасында кемсітушіліктің анықтамасы тікелей және жанама кемсітушілікті қамтитын және мемлекеттік және жеке субъектілердің тарапынан кемсітушілік актілеріне қолданылатын Конвенцияның 1-бабындағы оның анықтамасына сәйкес болуын қамтамасыз етуді сұрайды, сондай-ақ қатысушы мемлекетті заң жобасын кідіріссіз қабылдауына үндейді. Ол қатысушы мемлекетті әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою үшін барлық шаралар қолдануды және Конвенцияның ережелеріне сәйкес әйелдер мен ерлердің заңдық (формалды) және іс жүзіндегі (шынайы) теңдігін қамтамасыз етуді табанды түрде шақырады. Ол қатысушы мемлекеттің жанама кемсітушіліктің сипаты мен Конвенцияда айтылған шынайы теңдік тұжырымдамасы туралы мемлекеттік шенеуліктердің, сот органдары қызметкерлерінің және жалпы алғанда қоғамдастықтың хабардарлығын арттыруына ұсыныс береді. Ол сондай-ақ қатысушы мемлекетті заңнамада, саясат пен бағдарламаларда Конвенция қағидаттарының толық көлемде қолданылуын қамтамасыз етуге, көрсеткіштерді пайдалана отырып, осындай заңдардың, саясат пен бағдарламалардың тиімділігін қадағалауға және әйелдер мен ерлердің шынайы теңдігін іске асырудағы қол жеткізген прогресті бағалауға үндейді.

13. Жоғары оқу орындарында гендерлік тақырып бойынша курстарды құру фактісін назарға ала отырып, Комитет бұрынғысындай Қазақстанда сақталып отырған патриархаттық көріністерге, отбасы мен қоғамдағы әйелдер мен ерлердің рөлі мен міндеттері бойынша терең қалыптасқан стереотиптік көзқарастарға алаңдатушылық танытуда, бұл әйелдердің оқу пәндерін таңдауда, олардың еңбек нарығындағы жағдайы мен олардың саяси және қоғамдық өмірге қатысудың төмен деңгейінен көрініс табады. Комитет мектеп оқулықтарында стереотиптің қалыптасуына алаңдатушылығын білдіреді.



14. Комитет қатысушы мемлекетті оқытушылар құрамын гендерлік теңдік бойынша оқыту жөніндегі жұмысты белсендендіруді және оқу құралдарын олардың ішінен гендерлік стереотиптерді жою пәніне қайта қарауды сұрайды. Комитет қатысушы мемлекетті адам құқықтары саласындағы және гендерлік білім беруді қоса алғанда, білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде ерлер мен әйелдердің рөлі туралы қалыптасқан пікірлер мен көзқарастарды өзгерту үшін Конвенция туралы ақпаратты таратуға табанды түрде үндеу салады. Комитет қатысушы мемлекетті ұлдар мен қыздардың оқу пәндерін еркін таңдауын барынша белсенді мадақтауға үндейді. Ол сондай-ақ қатысушы мемлекетті қыздар мен әйелдердің оқу пәндерін еркін таңдауға қатысты және олардың еңбек нарығындағы кейінгі мүмкіндіктері мен мүмкіншіліктері мәселелері жөніндегі қоғамдық диалогты мадақтауға табанды түрде үндеу салады. Ол әйелдерге, сондай-ақ ерлерге арналған ақпараттық-түсіндіру кампанияларын өткізуге және бұқаралық ақпарат құралдарының әйелдердің оң бейнесін, жеке және мемлекеттік салалардағы әйелдер мен ерлердің тең мәртебесі мен міндеттерін насихаттауды пиғылдауға ұсыныс береді.

  1. Комитетті бұрынғысындай Қазақстандағы әйелдерді зорлау деңгейі алаңдатады. Тұрмыстық зорлау туралы заң жобасының әзірленуін назарға ала отырып, ол оның қабылдануымен байланысты кідірістерге өз алаңдатушылығын білдіреді. Оны сондай-ақ неке кезінде орын алған зорлаудың заңмен қудалануы туралы ақпараттың жоқтығы және заңнама нәпсілік бопсалауға тыйым сала ма деген мәселелер алаңдатады.

  2. Комитет қатысушы мемлекетті тұрмыстық зорлау туралы заң жобасын кідіріссіз қабылдауға және оны мемлекеттік шенеуліктер мен жалпы қоғамға кең түрде таныстырып өтуге табанды түрде шақырады. Комитет қатысушы мемлекетті тұрмыстық зорлаудың құрбаны болған барлық әйелдердің, оның ішінде ауылдағы әйелдердің құқықтық қорғау құралдарына тікелей қол жеткізе алуын, оларға күзет ордерін беруді және олардың көмек, оның ішінде заңды көмек сұрап алуы мүмкін дағдарыстық орталықтардың жеткілікті болуын қамтамасыз етуге үндейді. Ол қатысушы мемлекетті мемлекеттік лауазымды тұлғалардың, әсіресе құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, судьялардың, медицина қызметкерлері мен әлеуметтік қызметкерлердің нақты бір жағдайда қолданылатын заңнаманың ережелері туралы толық хабардар болуын, әйелдер ұшырайтын зорлаудың барлық нысандары туралы білуін және оған адекватты түрде қарауын қамтамасыз етуге шақырады. Ол қатысушы мемлекеттің тұрмыстық зорлаудың таралу масштабтарын, себептері мен салдарын зерттеп-зерделеуін және алынған нәтижелер негізінде кешенді және мекенжай бойынша іс-шаралар өткізуін, сондай-ақ кейінгі шаралардың тиімділігін бағалаумен қоса бұл нәтижелерді өзінің келесі мерзімді баяндамасына қосуын табанды түрде шақырады. Комитет қатысушы мемлекетті неке кезінде болған зорлаудың қылмыс ретінде саралануын және заңның нәпсілік бопсалауға тыйым салуын қамтамасыз етуді сұрайды.

17. Адам саудасына қарсы күрес жүргізу мақсатында қабылданған заңнамалық және басқа да шараларды, оның ішінде Қылмыстық кодекске және басқа да заңдарға түзетулерді, адам саудасына байланысты қылмыстарға қарсы күрес және оны болдырмау жөніндегі іс-шаралардың 2006-2008 жылдарға арналған үкіметтік жоспарының қабылдануы және Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрылуын ескере отырып, Комитет бұрынғысынша Қазақстандағы әйелдер мен қыздардың тоқтаусыз саудасына алаңдаушылық білдіреді.


18. Комитет қатысушы мемлекеттің адам саудасына қарсы күрес бойынша заңнаманы мүлтіксіз сақтауын, адам саудасына тыйым салуға бағытталған іс-шаралар мен басқа да шаралар жоспарын толық жүзеге асырып, олардың тиімділігін тұрақты негізде бақылауды және бағалауды қамтамасыз етуге шақырады. Комитет қатысушы мемлекетті табанды түрде полиция және халықаралық көздер деректерін жинақтап, талдауға, «тірі тауар» саудасымен айналысушыларды қудалап, жазалауға және сауда-саттық объектісі болып табылатын әйелдер мен қыздардың құқықтарын қамтамасыз етуге шақырады. Ол сондай-ақ, қатысушы мемлекет әйелдердің экономикалық жағдайын жақсарту бойынша өз күш-жігерін арттыру арқылы адам саудасының негізігі себептерін жоюға қол жеткізуді, осылайша олардың эксплуатацияға ұшырау және сауда-саттық объектісіне айналу қаупін жойып, адам саудасының құрбаны болған әйелдер мен қыздарды оңалту және әлеуметтік интеграциялау мақсатында шаралар қабылдауды ұсынады. Комитет қатысушы мемлекет өзінің келесі баяндамасына әйелдер мен балалар саудасы туралы, оларды жезөкшелікке пайдалану туралы, сондай-ақ мұндай әрекеттің алдын алу және болдырмау мақсатында қабылданған шаралар және осы шаралардың тиімділігі туралы толық ақпарат пен мәліметтерді енгізуді өтінеді.

19. Әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық тетіктің атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия жұмысын белсендендіру туралы ақпаратты ескере отырып, үкіметтің гендерлік теңдікке жетудегі жұмыстарды тиімді үйлестіру және Конвенция бойынша, оның ішінде гендерлік теңдікке қол жеткізетін және ұлттық және жергілікті деңгейлерде адам құқықтарын қорғайтын басқа да барлық тетіктерімен үйлестіріле және ынтымақтаса отырып толық көлемде орындау үшін Комиссияның беделі, билік ету құзыреттері мен қаржылық және адами ресурстары жеткіліксіз болу мүмкіндігіне Комитет алаңдаушылық танытты.

20. Комитет қатысушы мемлекет әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық тетік жұмысын одан әрі белсендендіруге қол жеткізіп, гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтарын іске асыруды көтермелеу жұмыстарын тиімді жүргізуде беделі жеткілікті, билік құзыреттері мен адами және қаржылық ресурстарына ие болуын қамтамасыз етуді ұсынады. Мұнда азаматтық қоғаммен түрлі гендерлік және құқық қорғау тетіктері арасында тиімді үйлестірілуі және ынтымақтасуын қамтамасыз ету әлеуетін құру да кіреді.

21. Делегацияның мәлімдеуінше, тең құқықтар мен тең мүмкіндіктер туралы заң жобасында көрініс тапқан саяси органдарда әйелдердің 30 пайыздан кем болмауын қамтамасыз ету мақсатында квоталарды енгізу туралы ұсынысты ескере отырып, Комитет қоғамдық және саяси өмірде және шешімдер қабылдау деңгейінде, оның ішінде парламентте, үкіметтік атқару ұйымдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сондай-ақ дипломатиялық қызметте әйелдердің бұрынғысынша жеткіліксіз дәрежеде болуына байланысты алаңдаушылығын білдіреді.

22. Комитет қатысушы мемлекет саяси органдарда әйелдердің 30 пайыздан кем болмауына бағытталған ұсынысты кідіріссіз қабылдап, іске асыруды және сайланбалы және тағайындалатын органдарда әйелдердің толық және тең құқықты қатысу мақсатына жетуді жеделдету үшін басқа дәйекті шараларды, оның ішінде Конвенцияның 4-бабы 1-тармағына және Комитеттің 23 және 25 жалпы ұсынымдарына сәйкес уақытша арнайы шаралар қабылдауды ұсынады. Мұндай шаралар негізгі көрсеткіштердің әзірленуін, мақсаттар көлемі мен мерзімдерді анықтаудың қойылысын, қазіргі және болашақтағы көшбасшы-әйелдердің басшылық ету және келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту бойынша оқу бағдарламаларын жүзеге асыруды, сондай-ақ қол жеткізілген ілгерілеушілік пен нәтижелерді тұрақты қадағалауды көздейді. Ол қатысушы мемлекетті табанды түрде әйелдердің саяси және қоғамдық өмірге қатысуын және олардың басшы лауазымдарға ұсынудың маңыздылығын түсіндіру үшін науқан өткізуге шақырады.

23. Көбінесе әйелдер жұмыспен қамтылған салалардағы еңбекақының өсуін ескере отырып, Комитет еңбек нарығында әйелдерді кәсіби белгісі бойынша бөлектеуге және әйелдер мен ер адамдардың еңбегіне ақы төлеуде сақталып отырған алшақтыққа байланысты, сондай-ақ әйелдер арасында жұмыссыздықтың жоғары деңгейі себепті бұрынғысынша алаңдаушылық танытады. Комитет құндылығы тең еңбекке бірдей ақы төлеуді көздейтін заңнаманың болмауына да алаңдаушылық білдіреді. Комитет сонымен бірге, әйелдерді жұмысқа орналастыруда үнемі кедергі туғызатындықтан әлеуметтік жеңілдік және еңбек қорғауға қатысты заңнаманы құрылымдауға байланысты алаңдаушылық білдіреді.

24. Комитет кәсіби сегрегациялауды горизонтальды әрі вертикальды жағынан жою бойынша күш-жігерді белсендендіруді, әйелдер мен ер адамдардың еңбегіне ақы төлеудегі алшақтықты қысқартуға және жоюға мысалы, әйелдер көпшілік болып табылатын секторларда еңбекақыны ұдайы көбейту арқылы мемлекеттік сектордағы лауазымдық функцияларды бағалау схемасын үйлестіруге бағытталған шаралар қабылдауды ұсынады. Ол сол сияқты, әйелдерді кәсіптік-техникалық дайындыққа қол жеткізуін қамтамасыз етудегі күш-жігерін белсендендіруді ұсынады. Комитет табанды түрде қатысушы мемлекет заңнаманы құндылығы тең еңбекке бірдей ақы төлеу туралы ережелермен толықтыруға үндейді. Комитет қатысушы мемлекет қорғау заңнамасы әлеуметтік жеңілдіктер мен ережелерінің қазіргі құрылымына шолу жасауды жалғастыруды және еңбек нарығында әйелдер тап болатын кедергілерді жою үшін оларды қажет болған кезде қайта қарауды ұсынады. Ол қатысушы мемлекет осы шолудың нәтижелерін хабарлауды және келешекте қабылданатын шараларды өзінің келесі баяндамасына енгізуді ұсыныс жасайды. Комитет қатысушы мемлекет өзінің келесі баяндамасына толық ақпаратты, оның ішінде есептік кезеңдегі үрдістерді көрсете отырып, статистикалық деректерді, мемлекеттік, жеке, формальды және бейформальды секторларда әйелдердің жұмыспен қамтылуын және әйелдерге тең мүмкіндіктер жасау үшін қабылданған шаралардың тиімділігі туралы ақпаратты енгізуін өтінеді.

25. Әйелдердің, әсіресе ауылды жерде тұратын әйелдердің барабар медициналық көмекке қол жеткізудегі шектелушілікке алаңдаушылық білдіреді. Жүктіліктен сақтандырудың ас кең таралған әдістерінің бірі болып табылатынға ұқсайтын жүктіліктен сақтандыратын жатырішілік құралдарды тиісті медициналық куәландырусыз пайдаланудың, сондай-ақ жүктіліктен сақтандыру құралдарының толық жиынтығының барлық жерде бола бермейтін жағдайлардың әйелдер денсаулығына тигізетін теріс зардаптары оның алаңдатушылығын туғызады. Комитет жасөспірімдер жүктілігінің таралу көлеміне, сондай-ақ түсік жасату санының әлі де болса жоғары екендігіне: ал мұның өзі түсік жасату контрацепция әдісінің белгісі екендігін көрсететіндігіне Комитет алаңдаушылық танытты.

26. Комитет қатысушы мемлекетті әйелдерге және олардың денсаулықтарын қорғауға қатысты Конвенцияның 12-бабына және Комитеттің 24 жалпы ұсынымдарына сәйкес әйелдерге, оның ішінде ауылды жерде тұратын әйелдерге медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру және мониторингі үшін нақты шаралар қабылдауға үндейді. Ол қатысушы мемлекетті, әсіресе жасөспірімдер арасында, өзі қаламайтын жүктіліктен сақтандыруға бағытталған шараларды белсендендіруді өтінеді. Мұндай шаралар жүктіліктен сақтандыратын жатырішілік құралдарды пайдаланудағы кез келген теріс зардаптар мониторингі және жүктіліктен сақтандыру құралдарының толық жиынтығын қандай да бір шектеулерсіз кеңінен қолдануды қамтамасыз ету, сондай-ақ отбасын құруды жоспарлау әдістері туралы хабардар болу деңгейін арттырудан тұрады. Комитет қатысушы мемлекетті әйелдердің денсаулығын қорғау және әйелдердің денсаулығын жақсарту жөніндегі қабылданған шаралардың тиімділігі және олардың медициналық қызметтерге, оның ішінде отбасын құруды жоспарлау әдістеріне қол жетімділігін кеңейту туралы қосымша ақпаратты өзінің келесі баяндамасына енгізуді өтінеді.

27. Конвенция қамтитын облыстардағы ауылды жерде тұратын және егде әйелдердің жағдайлары туралы ақпараттың жетімсіздігіне Комитет алаңдаушылық білдіреді.

28. Комитет қатысушы мемлекетті өзінің келесі баяндамасында Конвенция қамтитын барлық облыстардағы ауылды жерде тұратын және егде әйелдердің, оның ішінде зейнетақылық жеңілдіктер мен реформаларға қатысты нақты жағдайларын толық сипаттауды өтінеді.


29. Комитет қыздардың 18 жасқа толғанға дейін тұрмысқа шығу жағдайлары, сондай-ақ діни немесе дәстүрлі некелер тіркелмейді және әйелдердің құқықтарын бұзатын жағдайларға алаңдатушылық танытады.

30. Комитет қатысушы мемлекетті әйелдер үшін де ер адамдар үшін де некеге тұру жасын 18 жас деп белгілейтін неке және отбасы туралы заңнаманың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуді және діни және дәстүрлі некелерді Конвенция ережелеріне сәйкес келтіруге бағытталған шараларды қабылдауды өтінеді. Ол қатысушы мемлекеттен өзінің келесі баяндамасына осыған байланысты қабылданған шаралар туралы ақпаратты енгізуді өтінеді.

31. Комитет қатысушы мемлекеттен Комитет отырыстарының ұзақтығына қатысты Конвенцияның 20-бабының 1-тармағына түзетуді мүмкіндігінше тездетіп қабылдауды ұсынады.

32. Комитет қатысушы мемлекетті Конвенция бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде Пекин декларациясы және Конвенция ережелерін дамытатын іс-қимылдар тұғырнамасын толығымен басшылыққа алуға үндейді және қатысушы мемлекетті осы туралы ақпаратты келесі кезеңдік баяндамасына енгізуді өтінеді.

33. Комитет сондай-ақ Конвенция ережелерін тиімді және толық көлемде жүзеге асыру Мыңжылдықтар декларациясында тұжырымдалған даму саласындағы мақсаттарға жетудің бұлжымас шарты болып табылатындығын атап көрсетеді. Ол гендерлік проблематиканы ескере отырып, Мыңжылдықтар декларациясында қойылған даму саласындағы мақсаттарға жетуге бағытталған Конвенция ережелерін қатаң басшылыққа алуға барлық күш-жігермен үндейді және қатысушы мемлекетті өзінің келесі кезеңдік баяндамасына осы туралы ақпаратты енгізуді өтінеді.

34. Комитет мемлекеттердің адам құқықтары жөніндегі 7 маңызды халықаралық құжаттарға1 қосылуы әйелдер құқықтарының және өмірдің барлық саласындағы негізгі бостандықтарының тиімді іске асырылуын қамтамасыз ететіндігін атап өтеді. Сондықтан Комитет Қазақстан үкіметін өзі әлі қатысушысы болып табылмайтын нақты айтқанда, Барлық еңбек етіп жатқан көшіп-қонушылар мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы халықаралық конвенция – шартын ратификациялау мүмкіндігін қарауға үндейді.

35. Комитет Қазақстан халқын, оның ішінде мемлекеттік мекемелердің лауазымды тұлғаларын, саяси қайраткерлерді, парламент мүшелерін және әйелдер мен құқық қорғау ұйымдарын әйелдердің заңи және нақты теңдігін қамтамасыз ету үшін жасалатын қадамдар туралы, сондай-ақ осыған байланысты талап етілетін келешектегі шаралар туралы хабардар ету мақсатында Қазақстанда осы қорытынды ескертпелердің кеңінен таратылуын қамтамасыз етуді өтінеді. Комитет қатысушы мемлекетті әсіресе, әйелдер және құқық қорғау ұйымдары арасында Конвенцияның, оның Факультативті хаттамасының, Комитеттің жалпы ұсынымдарының, Пекин декларациясы және Іс-қимылдар тұғырнамасының, «Әйелдер 2000 жыл: ерлер мен әйелдер арасындағы теңдік, ХХІ ғасырдағы әлем және даму» атты бас Ассамблеяның жиырма үшінші арнайы сессиясы қорытынды құжатының мәтіндерін кеңінен таратуды жалғастыруын өтінеді.

36. Комитет қатысушы мемлекетті осы қорытынды ескертпелерде баяндалған проблема тудырушы мәселелерге Конвенцияның 18-бабына сәйкес ұсынылатын өзінің келесі кезеңдік баяндамасында жауап беруін өтінеді. Комитет қатысушы мемлекетке 2007 жылғы қыркүйекте ұсынылуы тиіс өзінің үшінші кезеңдік баяндамасын және 2011 жылғы қыркүйекте ұсынылуы тиіс өзінің төртінші баяндамасын 2011 жылы жиынтық баяндама түрінде беруін өтінеді.



1 Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт, Нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы халықаралық конвенция, Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы халықаралық конвенция, Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенция, Бала құқықтары туралы конвенция және Көшіп-қонушы еңбекшілер мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы халықаралық конвенция
: sites -> default -> files
files -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
files -> А. Б. Салқынбай ҚазҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Алматы, Қазақстан Сәкен өлеңіндегі сырбаз
files -> Қазақ тіліндегі «АҚ», «Қара» СӨздеріне байланысты мақал-мәтелдер құрбанов А. Г., Қайырбекова Ұ. Ж., Үкібасова Ғ. А
files -> Коммуникативтік қажеттілік – тіл үйренудің басты факторы Т. Н. Ермекова, Ф.ғ. д., профессор
files -> ӘӨЖ 811. 512. 122 Субстантивтену процесінің НӨлдік тұЛҒада келіп басыңҚы сыңарда жұмсалуы
files -> Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы №4 жббом қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
files -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Шерлілер сөзін сағынған Шернияз ақын
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет