Ежелгі отырарды қОРҒау және сақтау бағдарламасы



жүктеу 80.79 Kb.
Дата05.07.2016
өлшемі80.79 Kb.
ЕЖЕЛГІ ОТЫРАРДЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ САҚТАУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Абдикаримова Г. Ә., Сейдазиева А.А.

Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы қаласы, Қазақстан

abdi_1965@mail.ru


Ертедегі ғалымдар «Отырарды» Арыстың Сырдарияға құяр тұсында екенін, кең де құнарлы жерлердің ортасындағы оңтайлы тұрғанын көрсетсе, ал енді басқа біреуінен Отырардың Қаратау бөктерлеріне жақын, көшпенділердің арқа сүйер бекіністерінің бірі болғанын, үшіншісінен Отырардан Бөген мен Арыс арқылы Таразға, Баласағұнға, ары қарай Шығыс Түркістанға жол болғанын көрсеткен. Бірақ бір ғана Отырар болған, ал оның әр жерден «табыла беретіндігі» - әр түрлі географиялық ландшафтардың түйіскен тұсында орналасқандығынан. Отырар шұраты Оңтүстік Қазақстанда әрдайым ыңғайлы стратегиялық орын алған. Отырар арқылы Ұлы Жібек жолы өткен. Сондықтан қала туралы барлық ортағасырлық араб-парсы авторлары жазған. Қала атауын біз Сырдария мен Жетісу өңіріндегі қалалардың тізмінен бірнеше рет кездестіріміз. Отырар көптеген жолдың торабында тұр. Осы жолдар арқылы Сырдариядан оңтүстіктегі Шашқа, Соғдыға, ары қарай Мерв, Нишапураға, Ресейге, Арал маңындағы Хорезм арқылы солтүстік пен батысқа, Еділ бойына, Қара теңіз жағалауына және Кавказға баруға болады. Орта Азиядан бұдан ыңғайлы әрі бұдан қауіпті орынды табу қиын [1-7].

Қазақстан мен Орта Азияның саяси, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды рөлді атқарған жер өңдеумен айналысқан Қазақстандағы ең ірі ауданның бірінің тарихы ғылыми және танымдық қызығушылық тудыруда. Сырдария алқабының Арыспен қосылар тұсындағы бұл аймақ «Отырар шұраты» деп аталады. Ежелгі атауы-Фараб немесе Отырар, Тарбанд, Тұрарбанд, Тұрар болған. Фараб округінде ұлы ғалым Әбу Насыр әл-Фараби дүниеге келген. 1219-1220 жылдары қалаға Шыңғыс ханның моңғол жасақтары шабуыл жасаған. 1405 жылы бұл арада Әмір Темір қаза болған. Шұраттың географиялық орны қазіргі күнгі Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданына сәйкес келеді. Батысында шұрат Орта Азияның үлкен екі Сырдария мен Әмудария өзендерінің арасында жатқан Қызылқұммен шектеседі. Оазис құрамына кіретін Сырдарияның оң жағалауы-тегіс, кей жерлері жоталанып жатыр. Өсімдік әлемі тым жұтаң. Ол Қаратау сілемдеріне жетіп аяқталады, Қаратаудан Бөген, Боралдай, Арыстанды, Шаян және басқа да кішкене өзеншелер бастау алып жаты.

1947 жылы Оңтүстік Қазақстанда зерттеу жұмыстары басталды. Оның басшысы А.Н. Бернштам болды. А.Н. Бернштамның пайымдауынша ОҚАЭ-ның жұмысының бір бөлігі әсемделген Отырар оазисіндегі комплекс болды. 1950 жылдың соңына дейінгі жиналған Отырар және Отырар оазисі туралы барлық археологиялық мағлұматтар «Қазақстанның археологиялық картасында» жарық көрген. 1969–1971 жылдары К.А. Ақышевтің бастамасымен Қаз ССР ғылым академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография Институты Отырар археологиялық экспедициясымен жұмысты қайта бастады. Олардың негізі мақсаты көне Отырар қаласын кең ауқымда қазба жұмысына дайындау болған. Олар маршрутты ізденіс, археологиялық, топографиялық жұмыстар, аэрофотосуреттер және авиабарлау, стратиграфиялық және шурфтық белгілеу жұмыстары болған. Қазіргі уақытқа дейінгі 1993–1996 жылдардағы үзілісті есептемегенде, 1997 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттей бастаған. Отырардың жақсы дамыған алты көне қалалары болған, олар кесте 1-де көрсетілген.

Қазба жұмыстары нәтижесінде түрлі керамикалық колекциялар, темір бұйымдар, теңгелер табылды. Осы жинақтарға арналған монографиялар, альбомдар, мақалалар жарық көрді. Отырар археологиялық қазба жұмыстары кең көлемде 1969-жылы Қазақстан ҒА-ның К.Ақышев басқарған Отырар археологиялық экспедициясы ұйымдастырылғаннан кейін басталды. Қазіргі уақытта Отырар – бесбұрыш тәріздес төбе.

Кесте 1. Отырар қаласының қалашықтары



Қала аттары

Ғғ.

Орналасуы

Археология

1

Отырартөбе

I–XVII ғғ.

Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданында

1947 жылы ОҚАЭ зерттеген

2

Құйрықтөбе

I – XV ғғ

Отырардан оңтүстік-шығысқа қарай 5 шақырым жерде орналасқан. Арыс өзенінің Сырдарияға құяр орта ағысында, Отырар оазисінің аса ірі ескерткішінің бірі болып табылады.

1951 жылы А.Н.Бернштам басқаруымен Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы алғашқы қазба жұмыстарын жүргізді.

3

Алтынтөбе

I – XI ғғ

Отырардан солтүстік-батысқа қарай 8 шақырым жерде орналасқан.

1947 жылы ОҚАЭ зерттеген. 1969–70 жж. қалашықты Отырар археологиялық экспе-дициясы,1986 жылы

К.А. Ақышевтың басқаруымен Оңтүстік Қазақстан комплексті археологиялық экспедициясы зерттеулерді жалғастырды.



4

Пышақшы төбе

I – XII ғғ

Шәуілдірден оңтүстік -шығыста орналасқан. 1949 жыл орта батыс аймағының төменгі алаңда қазаба жұмыстар жүргізілген.

ОҚАЭ А.Н. Бернштам зертеген.
1969-70 жж. К.А. Ақишев Оңтүстік Қазақcтанның археологиялық

экспедиция кешенін зерттеген



5

Мардан – Күйік

I – XV ғғ

Отырартөбеден солтүстік баыс бағытына қарай 10 шақырым жерде орналасқан.

Қазба жұмыстары 1986 жылы комплексті археология экспедициясың тобы жасады.


6

Көкмардан

I – VII ғғ

Отырартөбеден оңтүстікке қарай 20 шақырым жерде, Арыс өзенінің сол жағасындағы Көкмардан сайсаласында орналасқан.

Қалашықтағы қазба жұмыстарын Оңтүстік археологиялық экспедициясы 1977, 1978 - 83жылдары жүргізілген.

Негізгі төбені айналдыра қазған орлардың орны бар. Қаланың үш қақпасы болған. Орталығында қақпа оңтүстік жағына орналасқан. Археологиялық қазба жұмыстары қала орнындағы мәдени қабаттарды анықтап, олардың қай уақытта болғанын, құрылыс орындарын кезеңге бөліп, талдау жасауға мүмкіндік береді. XIV ғасырдың аяғы мен XV ғасырдың басындағы қызықты ғимарат-үлкен мешіт. Оның салынуы Темірдің атымен байланысты. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауидің және Отырар оазисіндегі Арыстан–Бабтың кесенелері Темірдің бұйрығымен салынған. Жалпы алғанда, Отырардағы мешіт кешені секілді ірі архитектуралық ансабмль Қазақстанның ортағасырлық қаласында алғаш рет қазылынып алынып отыр. Археологиялық қазба жұмыстары деректеріне сүйенсек, Отырарда метал өңдеу мен Темірші ұсталық ісі кең қанат жайған. Табылған криц пен балқыту ошақ қалдықтары көптеп саналды. Криц темірінің дайындау әдісі өте қарапайым. Екі бөлек деңгейдегі шұңқырға штхтаны (ағаш көмірі мен темір рудасының қосындысы) салады. Алдын – ала ішіне от қойылып шұңқыр нығыздалып жабылады. Жану процесінде темір қышқылы қалпына келіп, қамыр тектес масса – криц пайда болады. Темір өңдеуші темір ұсталар жер жыртатын құралдар, кетпендер, пышақтар, жоңғырлар, жебе ұштарын, арба дөңгелегінің өткеліне және тағы басқа тұрмысқа қажетті темір бұйымдар жасады.



Мысшылар өнері. Қалада мыс, қолдан әртүрлі аспаптар, үй шаруашылығына қатысты заттарды жасайтын бірқатар қолөнершілер болған. Табылғандар арасында ұсақ қоңыраушалар, қоңыраулар, қола құмыра сабы, тудың басындағы ұшы, қола келсапша, қармақтар астына қоятын сүйемелдер, заттардың бөлшектері бар.

Шыны өндірісі. Назар аударалық шыны ыдыстары мен әшекейлер шыны өнеріне қатысты олжа болып табылады. Шыны негізінен материалының сынығыш, әрі нәзіктілігімен ерекшеленеді.

Шынының түсі жасыл, көгілдір, сары, қызыл, көк, ақ, түссіз, бірақ шыны заттарының 67 пайызы жасылдың алуан түрлі реңдерінен жасалған. Шыны ыдысының әр алуандығы барынша кең ауқымды. Бұл дегеніміз саптыаяқтар, кеселер, бокалдар, рюмкалар, графиндер–жіңішке мойынды шөлмектер.



Иіру, тоқу және алаша дайындап жасау. Ең бастысы игеруге арналған ұршықтың басы табылды. Олардың сынған ыдыс бүйірі немесе түбінен егеп жасайтын болған. Бөлмелердің ішінде жөкенің (циновка) іздері қалған. Қазба жұмыстарының нәтижесінде мақта, қағақ, жүн маталардың жыртық қалдықтары, өрмек ағашының бастыратын тасы табылған.

Сүйек өңдеу дәстүрлі, әрі Қазақстан қалаларына кең тараған өнердің бірі. Өңдеу үшін үй және жабайы жануарлардың мүйізі мен қуыс сүйектері пайдаланылған. Қазба жұмыстары кезінде табылған көптеген бұғы, марал, киік, ақбөкен мүйіздерінде қырқылған, шабылған, мүйіз қабатын алып тастаған, кесілген, тілінген, қиылған алғашқы өңдеу іздері бар.

Тас өңдеу. Отырардағы әрбір үйде құманан және граниттен жасалған қол дирмен болған. Дирменнің жоғарғы беті әбден тозғандықтан, астыңғы тасы мен үстіңгі тасының арасындағы қазық тектес саңылау көрінеді. Жоғарғы тасының дәнді салу үшін шеңбер немесе сопақша тесігі бар, дәл осы жерге тіктөртбұрышты ағаш немесе темір қатырғыш бекітілген дирменнің жоғарғы тасының шетіне жақын айналдыру сабын салатын тесігі бар. Төменгі тастан өтетін цапфа (қазығы) немесе терең шұңқыр тесігі болған. Қол диірменмен қатар диаметрі 1 – 1,5 м диірмендері де табылды. Оларды жегілген мал күшінің арқасында жұмыс істеткен. Отырардың теңге сарайлары мол теңгелер өнімін шығарған. Бұл теңгелер тек Отырар және оазисінде сауда айналымында болғанымен қатар Оңтүстік Қазақстан, Ташкент және Ферғананың аудандарында да сауда айналымдарында болған. Өйткені Отырардан шыққан күміс жалатылған мыс дихремдер көмбесінің түрлері Орта Азия жерінде көптеп кездеседі. 1271–1272 жылдары Отырарда (Алмалықтан кейін) күміс теңгелер шығарыла бастады.

Отырарда 2001–2004 жылдары ЮНЕСКО–Қазақстан–Жапония мемлекеттерінің шеңберінде «Ежелгі Отырарды қорғау және сақтау» деген халықаралық жоба іске асырылды. Мешіт, монша, құмыра жасайтын шеберханалар, қала қабырғалары бұзылудан қорғанып, ерекше күтімге алынды. 2004 жылдан бері «Ежелгі Отырарды қалпына келтіру» бағдарламасы жүзеге асырылды. Археологтар мен қаланы жаңғыртушы мамандардың болжамы бойынша, Отырар ортағасырлық мұражайға айналып, Қазақстанның Помпейі болуы тиіс деген шешімге келді [1]. Мұны әлемдік деңгейде атап өтуге деген дайындық қазірден бастап-ақ кіріскен. Елбасының 2005 жылғы 2 қыркүйектегі сапарында Отырарды халықаралық туризм орталығына айналдыру туралы қажеттігі айтылып, туризм саласына өте бір өзгеріс алып келгенін аңғаруға болады. Президенттің 2008 жылғы 13 маусымда ұйымдастырған «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру жөінідегі қоғамдық кеңестің кеңейтілген мәжілісінде Ұлы Жібек жолының қазақстандық бөлігін әрі қарай дамыту туралы нақты тапсырмаларының берілуі тамырын тереңге жайған Отырар тарихын бүгінгі ұрпаққа жеткізудің зор мүмкіндіктері жол ашып отыр - деп атап өткен.

Елбасының 2005 жылғы 2 қыркүйектегі сапарында Отырарды халықаралық туризм орталығына айналдыру туралы қажеттігі айтылып, туризм саласына өте бір өзгеріс алып келгенін аңғаруға болады. Үкіметтің «Көне Отырарды қалпына келтіру туралы» қаулысы бойынша келешекте ауданды туристік орталыққа айналдыру үшін Туризм және спорт министірлігімен бірге нақты жоба дайындалды. Онда Отырартөбе мен Арыстанбаб арасындағы 2,8 шақырым жерде жаяу жол, Арыстанбаб кесенесінің жанынан 200 орындық, қонақ үй, этно орталық, Әл – Фараби мұражайын салу жоспарланған. Осы нысандардың құрлысын жүргізу үшін мыңға жуық адам 3 жыл бойы құрлыс жұмыстарына тартылған. Бұл айтылған тарихи орындарға қазірдің өзінде арнайы келушілердің қатары күн санап өсіп келеді. Келешекте Отырар туризмнің отаны болып жатса өте үлкен қуаныш болып табылады [2].
Әдебиеттер

1. Шадияр Молдабек. «Отырар туризмі – Отандық туризмі болса игі» атты мақаласы. Заман Қазақстан газеті. 2 шілде, 2009 жыл, 3 бет.

2. Ежелгі мәдениет куәлары: Редакциясын басқарған Қазақ ССР Ғылымиакадемиясының академигі Әлкей Марғұлан. «Қазақстан» Баспасы - Алматы – 1966 жыл 202 бет.

3. Қазақстанның ежелгі қалалары. Байпақов К, - Алматы: «Аруна Ltd.», 2005.-316 бет. – Қазақстан балалар энциклопедиясы.

4. Оңтүстік Қазақстан Облысы: Энциклопедия /Бас редактор Б.Ғ Аяған.- Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2005.- 560 бет.

5. «Түркістан». Халықаралық энциколопедия /Бас. ред. Ә.Нысанбаев.- Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакция, 2000 – 656 бет.



6. Ежелгі Отрар: Альбом-кітап /Құрастырғандар: Ж. Нұсқабайұлы. Ө. Жәнібек, /Ағылшын тіліне аударған Н. Голиков. – Алматы:Рауан.1997.-176 бет,сурет берілген.

7. Южно-Казахстанской области – 2006 – 2010 гг. web: www.farsah.kz, e-mail: info@farsah.kz
: sites -> default -> files -> conf
files -> Шерлілер сөзін сағынған Шернияз ақын
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
conf -> М. Өтемісов атындағы БҚМУ, Орал, Қазақстан
conf -> ОҚушылардың есеп шығару білігін қалыптастыру қасаева З., Құттымұрат Д.
conf -> АҚТӨбе облысы, байғанин ауданының тарихи-мәдени мұраларының ішкі туризмді дамытудағы рөЛІ
conf -> Математиканы оқытуда интербелсенді әдістемесінің Қолданылуы
conf -> КҮйе түзетін жалындағы фуллерендерді зерттеу
conf -> Антропогендік әрекеттер және олармен байланысты жербедерлер мен процестер туралы көЗҚарастың дамуы
conf -> 12 жылдық білім беру жүйесіндегі физиканы оқытуда өзіндік жұмыстың алатын орны
conf -> Педагогикалық Үрдістегі жаңа инновация




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет