Eжелгі түсінік бойынша тылсым әлеммен байланыс жасай алатын



жүктеу 81.46 Kb.
Дата08.07.2016
өлшемі81.46 Kb.
БАҚСЫ БЕЙНЕСІ

Eжелгі түсінік бойынша тылсым әлеммен байланыс жасай алатын, тәуіптік,балгерліксәуегейліккөріпкелдік,сиқыршылық, т.б. ерекше қасиеттері бар адамды бақсы деп атаған. Бақсы - шаман дінінен сақталған ұғым. Ол қарапайым адамдардың көзіне көрінбейтін тылсым әлеммен байланысқа еніп, ондағы түрлі рухтарды өз қызметіне пайдалана алатын адам.

Бақсы және бақсылық өнері туралы кейбір мәліметтер П.С. Паллас пен П. Рычковтың экспедиция жазбаларында (18 ғ.), бурят ғалымы Доржи Банзаровтың (1823 — 55), қазақ ғалымы Шоқан Уәлихановтың (1835 — 65), ағылшын философы Томас Карлейльдің (1795 — 1881) еңбектерінде кездеседі.

Бақсылар да ақын, жырау, сал-серілер сияқты фольклор жасаушылардың байырғы өкілдерінен саналады. Бірақ бақсының аталған тұлғалардан алабөтен айырмашылығы бар. Оның негізгі міндеті көркем шығармашылықпен айналысу емес, белгілі бір дүниетанымға негізделген діни культті атқару болып табылады. Бұл ретте бақсының профессионалдық бітімі ақын, жырау, сал-серіден гөрі молдаға, ламаға, пасторға, раввинге жақын. Молда, лама, пастор, священник, раввин жалғыз құдайға сенушілік (монотеистік) түсініктерді уағыздап, Құдай мен адам арасына дәнекершілік етсе, бақсы жасаған иелерге, аруаққа, жынға табынатын көзқарастардың уағызшысы, солардың негізінде қалыптасқан жораларды, ғұрыптарды атқарушы. Сондықтан да бақсыны профессионалдық тұлғасынан бөліп алып, жеке қарастыру мүмкін емес.

Сөз жоқ, бақсы – шаман дініндегі басты тұлға, діни культті атқарушы. Бірақ кез келген басқа құбылыстар сықылды шаман діні де бір орында қатып қалған нәрсе емес, оның да туу, қалыптасу, даму, жоғалу кезеңдері бар. Соған сәйкес бақсының қоғамдағы орны да, атқаратын қызметі де және ол жөніндегі түсініктер де әртүрлі болуы мүмкін.

Ә.Диваев бақсы туралы мынадай мағлұмат береді: «Бақсы шағатай сөзі екені мәлім, бұл тәуіп, шаман, сәуегей, көзбояушы дегенді білдіреді. Көбіне «бақсы» деп, рухтармен байланысқа түсетін, тіпті оларға билік жүргізетін қазақ тәуіптерін атайды, оларды өте ауыр науқас төсегі маңынан және үйлену тойларынан кездестіруге болады. Мұның алғашқысына бақсы емші ретінде қатысса, соңғысына жастардың болашағына сәуегейлік жасайтын абыз немесе сиқыршы ретінде қатысады. Екі жағдайда да бақсы жын-сайтан мен рухтардың көмегіне жүгінеді. Ал емделушілерінің оның жауыз күштермен байланысына сөзсіз сенуі үшін әрбір бақсының арбаушылық фокустерге кейбір ептіліктері болады, мысалы, өз қобызының шыбығын қабырғасынан өткізеді де немесе пышақты ішіне сұғып жібереді, ине жұтады, қып-қызыл болып қыздырылған кетпеннің үстінен басып жүреді және т.б.» [2, 54].

Фольклортанушы ғалым Б.Абылқасымов «бақсы» сөзінің төркінін И.Чеканинскийдің тұжырымына негіздеп, «бағу» (күту, емдеу) сөзімен байланыстырады [30, 91].

Ғалым Л.Потапов түркі халықтарының шамандық түсінігі бойынша адамға дос күштерге қызмет ететін бақсылар ақ бақсы (айыы ойуун), ал қаскөй күштерге қызмет ететін бақсылар қара бақсы (абаасы ойуун) деп аталатынын, осыған сәйкес әрбір бақсының көмекшілері ақ ээрен және қара ээрен болып бөлінетіндігін айтып өтеді.

Шаманизмде «ақ» және «қара» бақсы болып бөлінсе, христиандарда «ақ» және «қара» сиқыр деп бөлу, ал мұсылман дінінде «ақ» және «қара» әулие деп бөлу құбылысы бар.

Мұсылман мен христиан діндеріндегі ақ және қара сиқырлар адамға дос және қас күштер деген мағынаны білдірсе, бақсылардың ақ және қара болып бөлінуін ғалымдар үстіңгі және астыңғы әлеммен байланыстырады. «Обряд и фольклор в Сибирском шаманизме» атты еңбегінде ғалым Е.С.Новик: «Деление шаманов на белых и черных производится иногда в зависимости от того в какой из миров – верхний или нижний – камлает шаман. Однако и оно базируется не на противопоставлении «злых» и «добрых» шаманов, а на противопоставлении «светлого» верхнего и «темного» нижнего миров» - деп түсіндіреді.

Якут шамандары «емдеу кезінде көмектесетін ие-қылалар бар» деп есептейді. «Әлсіз шамандардың ие-қылалары ит, тоқылдақ, көкек т.б. ұсақ хайуандардың кейпінде, ал күшті шамандардың ие-қылалары бұғы, бүркіт, аю және қасқыр түрінде келеді. Егер бақсының ие-қылалары өзара кездесе қалса, бір-бірімен айқаса кетеді. Ие-қыла жараланса, бақсы да жараланады, ие қыла өлсе, бақсы да өледі» деп сенген. Мұндай наным хакас, саха, шор, тува халықтарында да болған.

Қазақ бақсылары өз көмекшілерін «жын» деп атайды. Мысалы, Таласбай бақсы бедеу әйелдердің ауруын жеті қуыршаққа көшіру арқылы емдеген. Емдеу барысында бақсыға «сарбүркіт» пен «Көкбарақ» атты екі жын көмекке келетін көрінеді. Сарбүркіт – бүркіт бейнесінде Тарбағатай шыңын мекендесе, Көкбарақ – көк қасқыр бейнесінде Бортастаған тауын мекендейді екен.

Сондай-ақ:


  • Ойдан келген он бөрі,

Со бөрінің ішінде

Алты ауызды көк бөрі; немесе

  • Жын атасы Бөрлібай,

Шақырғанда келдің бе ей,- деген үзінділерді де кездестіреміз.

Ғалым Ш.Уәлиханов: «Қазақтарда шамандық салт-сана мұсылмандық наныммен мидай араласып, ортақ мұсылман атты дінді құрайды... Халық отқа табынып, ал бақсылар болса, жын-перілермен қоса мұсылмандардың періштелерін де шақырып, Алланы да мадақтайды. Осылай екі дінді араластыра табыну ешқандай қайшылыққа жатпаған, қазақтар екеуін де қосып ұстаған» - деп, қазақ арасында әртүрлі діндердің қалдықтары кең ұшырасатындығын айтып өткен болатын.

Заттың түсін анықтайтын «ақ», «қара» сияқты символ-эпитеттердің адам баласының сан ғасырлық тәжірибесінен қорытылып шыққан, тарихи жағынан қалыптасқан белгілі бір түсініктің, философиялық ой мен дүниетанымның жемісі екенін айта келіп, ғалым Б.Уахатов мұндай түстердің идеялық-көркемдік функциясы мифтік ой-сана ұғымдарымен байланыста екендігіне баса назар аударады.

Бақсының киім киісі де, жүріс-тұрысы да, қимыл әрекеті де өзгеше болады. Бақсы ойыны туралы ел аңызында былай деп айтылады:

Бақсы сол шақырған жындарының “көмегімен” гипноздық өнер де көрсете алады. Қай жаққа қолын сілтесе, сол жақта 5 — 10 қадам жерде тұрған заттар қылышпен шапқандай кесіліп кете береді. Киіз үйдің туырлығы тілініп, кірпіш үйдің қабырғасы қақ айырылады. Көрермен жұрт мұның бәрі бақсы шақырған “жарғыш жындардың” әрекеті деп біледі. Қылыштың жүзімен жүреді. Шоқ темірді қолымен ұстап, тіліне қариды, өткір пышақпен өз мұрнын өзі “кесіп” тастайды. Ақыр аяғында денесінде бір де бір жара, не сызат, белгі қалмайды.

Бақсылар адам жаны түршігерлік сан алуан түрлі өнер көрсеткен. Олардың бірі қобызбен күн жайлатып, дауыл тұрғызса, енді бірі қобызбен сарнатып, күй тартқан кезде бір қалтасынан шұбар жылан, екінші қалтасынан құрбақа шығарып жүргізіп, отырған жұрттың алдынан өткізіп, өнер көрсететін болған. Отта тұрған шоқтай қызған қазанға отырып, ойын біткенде сап-сау тұратын бақсылар да болған. Бақсылар ойыны кезінде сан түрлі ғажайып істерге барғандығы туралы ел аузындағы әңгімелер көп. Байсақал бақсы ойнаған кезде үйдің ішін топан су бастырып жібереді екен. Ал, Берікбол бақсы қобызын шалып, Ақшағыр деген атын шақырып үйге енгізіп, аурудың кеудесіне аяғын қояған дейді. Кұсайын Малшыбайұлы деген бақсы шоқтай жанған күректі жалап, өзін қайнаған сумен сабаланған.

И.Кастаньенің материалдарында бақсының қыздырған темірді тілімен жалау және қаскөй жындарды қорқытып қуу жолымен; П.Комаровтың жазбасында әйелдің ішін жарып,бедеулікке себеп болып тұрған тас пен сары су жиналған қалтаны алып тастау арқылы емдейтіні туралы айтылады. Ш.Уәлихановтың және И.Ибрагимов жазбасында бақсы толғақ қысқан әйелге қаскөй албастыны қамшының көмегімен қуатыны туралы айтылады. Ә.Диваев жазуына қарағанда бақсылар улы жәндіктер шаққан адам немесе малды жындарын шақырып, арбау арқылы қарақұрт, сарышаян, бүйі, жылан сияқты улы жәндіктерді арбау арқылы уытын қайтарған. Сондай-ақ бақсы күйдіргі мен мерез жарасын қойдың қырық құмалағын алып, дұға оқып ауруға лақтыру жолымен аурудың бетін қайтарған дейді. Сарынын аяқтаған бақсы пышақты алып, ауруды шалқасынан жатқызып, ішін пышақпен жарып, қолын сұғып, ақ май алып шығады. Жарған жерін жібекпен тігеді. Ә.Диваевтың жазуына қарағанда, бақсы қобызының ысқысын өзінің қабырғасының арасына кіргізіп шығарған дейді.

Қазақ бақсылары қобызда ойнап, зарлы не қаһарлы үн, әуендер шығару, түсініксіз жыр жырлау, “жынын шақырып” зікір салу немесе гипноздық, жонглерлік, т.б. “керемет” көрініс, әрекеттер жасау арқылы жүйке жүйелеріне әсер ете емдейді. Табиғаттың құдіретті күштеріне иландырады, өзіне баурап алады. Әрине, бұл іс әркімнің қолынан келе бермейді. Ол үшін үлкен табиғи дарын, қасиет керек. Бақсылар емшілікпен қатар балгерлікпен де шұғылданған. Олардың келешекті болжайтынына, адамның тағдырын шешіп, оның ойын сезіп тұратынына, өткен өмірін де ашық айтып бере алатынына, табиғи құбылыстар тудыра алатынына, жын-шайтандарды қуатынына халықтың белгілі бір бөліктері бұрын да, кейін де сенді.

Қазақта ең атақты Бақсы бағаналы Қойлыбай — барлығының пірі, қорғаушысы. Онан соң бағаналы Балақай БақсыЖанақ Бақсы, Көкшетау даласында Шөмен Бақсы т. б. да ел арасында аты шыққан бақсылар болған. Кей деректерде бақсылардың пірі Қорқыт делінеді. Оның шәкірті Алашқа мәлім болған, дәуперім бақсылардың бірегейі бағаналы Қойлыбай бәйгеге қобыз қосқан деген аңыз бар.

Ертеде бақсылықпен әйел адамдар да айналысқан. Оларды халық «елті» деп атаған. Бақсылар асатаяқ, кепшік, дауылпаз секілді ұрмалы аспаптарды пайдаланып, белгілі бір сарын бойынша түсініксіз сөздерді айтып, жынын шақырған, ал негізгі құралы – құлағына қоңырау, шанағына айна орнатқан қасиетті қобыз болып табылады. Бақсы қобызына жын-шайтандарды қуу үшін айна орнатылған. Қазақтың көне аңыздарындағы бақсылардың қобызын бәйгеге қосуы - оның бақсылардың «көлігі» деген ескі сенімдердің жаңғырығы болып табылады. Ал аса, асатаяқ, даңғыра сияқты аспаптарды қаскөй жындарды үркіту, қуалау мақсатында қолданылған. Пышақ, қанжар, айбалта, сарыала қамшы тәрізді өткір жүзді құралдар бақсылықтағы кең таралған атрибутына саналған. Сонымен қатар қажетті жағдайда шалғы, кетпен, шот, төс, көрік, балға, балта, күрек сияқты шаруашылық құралдары да қолданылды.

Түркі-моңғол бақсылары бас киімді көбіне Америка құрлығындағы үндістердің көсемдері киетін “тымаққа” ұқсас етіп, құс қауырсындарынан қадап жасаған. “Жындармен” күрескен кезде бақсылардың киімдері сауыт ретінде түрлі тылсымдық рөл атқарады. Бақсылар негізінен аң-құстың бітеу сойылған терілерінен арнайы жасалған ғұрыптық киім киген. Бақсы киім-кешегін рәміздік тұрғыдан тірі де киелі «хайуан» деп санаған. Аққу терісінен жасалан баскиім киюінде, қобыздарының аққуға ұқсас етіп жасалуында символдық мән жатыр. Бақсылар сарыала киім киіп, сары am мініп, сарыала қамшы ұстайды. Олар көбінесе шолақжең қысқа шапан, оның сыртынан жай ұзын шапан киіп жүрген.

Кейінгі замандардағы қазақ бақсыларының сыртқы бейнесі былайғы жұрттан көп ерекшеленбейтін. Г.М.Броневскийдің жазуына қарағанда, олар ақ жолақты, қысқа көйлек киген. А.Левшин көрген бақсылар қалыптасқан ұзын көйлек кисе, енді бірі әбден тозығы жеткен алба-жұлба киіммен жүрген. Онда тағылатын сан алуан сүйектен, тастан, әртүрлі металдан жасалған «әшекейлерді» асай-мүсей деп атаған. И.Кастаньенің көрсетуінше, қолына үкі қауырсынымен әшекейленген аса ұстайды. Кейбір қазақ бақсысы алғаш жын қонып, «ойнап» үйренген кезінде уақытша әйелдің киімін киген деген дерек бар.



Қорыта айтқанда, бақсылар адам мен тәңір арасын, сондай-ақ ол дүние мен бұл дүниені байланыстырушы қызмет атқарған. Бақсылар үшін кеңістік пен уақыт деген түсінік, шектеу жоқ. Ол өз жындарының көмегі арқылы кез-келген әлемге өте алады, өткенді айтып берумен бірге келешекті де болжайды.
: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Әжем осындай адам
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты ХХ ғасыр мәдениеті дамуының негізгі тенденциялары
2015 -> Олимпиада по предмету «история казахстана» 5 класс тест
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Шоқан Уалихановтың ағартушылық идеялары. (1835-1865)
2015 -> Разработка и паспортизация новых туристических маршрутов по Республике Дагестан в рамках реализации Международного историко-культурного проекта стран СНГ и Китая «Великий шелковый путь»
2015 -> "Вклад арабских ученых в развитие науки в средние века"
2015 -> Тест тапсырмалары Ерте темір дәуіріне шолу Ерте темір дәуірінің кезеңі
2015 -> Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Қазақ тіліндегі ресми іс-қағаздары Басқару, ұйымдастыру, өкім шығару қызметіне қатысты құжаттар. Оған төмендегідей құжаттар жатады үкім, өкім




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет