Электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттарымен жұмыс істеу үшін Tumar csp криптопровайдерін міндетті орнатуды талап етпейтін, өзгертілген тәртіпті сипаттайды. Нұсқау «Жеке тұлғаның жылжымайтын мүлкінің бар болуы (жоқ болуы) туралы анықтама



Дата07.07.2016
өлшемі54.51 Kb.
«Электрондық үкімет» порталынан мемлекеттік қызметтер алу жөніндегі нұсқау

Бұл нұсқау мемлекеттік қызметті алудың, соның ішінде электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттарымен жұмыс істеу үшін Tumar CSP криптопровайдерін міндетті орнатуды талап етпейтін, өзгертілген тәртіпті сипаттайды.

Нұсқау «Жеке тұлғаның жылжымайтын мүлкінің бар болуы (жоқ болуы) туралы анықтама беру» қызметін алу үлгісінде әзірленді.

Қажетті шарттар

«Электрондық үкімет» порталынан ҚР мемлекеттік органдарының интерактивті қызметтерін алу үшін пайдаланушыға мыналар қажет:

1. «Электрондық үкімет» порталына тіркелу.

2. Электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы тиіс.



- ЭЦҚ алу кезінде, егер Сіз www.egov.kz «электрондық үкімет» порталында онлайн режимде немесе www.pki.gov.kz Ұлттық куәландырушы орталықта ЭЦҚ алуға өтініш беретін болсаңыз, онда кілттерді қалыптастыру үшін ЭЦҚ-ны онлайн-алу шарттарына сәйкес Tumar CSP және JAVA орнату қажет. Алайда порталда бұдан былай жұмыс жасау үшін Tumar CSP талап етілмейді.

- Кілттерді ХҚКО-да немесе «электрондық үкімет» шоу-румында онлайн-режимде алу кезінде оффлайн режимде сәйкес бағдарламалық қамтамасыз етуді (Tumar CSP) орнату талап етілмейді.

3. JAVA орнату (http://www.egov.kz/java.zip), Жеке/заңды тұлғаларға арналған ЭЦҚ алу жөніндегі нұсқауда көрсетілген.



Қызмет алу үшін жасалатын әрекеттердің жүйелілігі

1. Тіркелу. Порталдың (www.egov.kz) басқы бетін ашыңыз, «Тіркелу» тетігіне өтіңіз. Порталда жаңа пайдаланушыны тіркеу кезінде жеке тұлға мәліметтерді енгізеді – жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), электрондық пошта мекен-жайы және 8 белгіден тұратын кілтсөз; заңды тұлға бизнес идентификациялық нөмірді (БИН), электрондық пошта мекен-жайын және электрондық цифрлық қолтаңба профайлына апаратын жолды көрсетеді.

Егер Сіз тіркелген болсаңыз, авторлануға өтіңіз.



2. Авторлану. Авторлану үшін «Кіру» тетігіне немесе кілттің суреті бейнеленген белгіге басыңыз. Сіз екі тәсілмен авторлана аласыз:

Сертификат бойынша авторлану. Сертификат бойынша авторлану үшін Сіз ЭЦҚ сертификатын (keys_rsa) Интернет-браузерде импорттауыңыз қажет (Портал «Көмекшісі» бөлімінде орналасқан «ЭЦҚ сертификаты арқылы портал пайдаланушысының авторлануы жөніндегі нұсқауда көрсетілгендей):


ЖСН (БИН) және кілтсөз бойынша авторлану. ЖСН (БИН) және кілтсөз бойынша авторлану үшін сәйкес жолдарға ЖСН (БИН) және кілтсөзді (тіркелу кезінде өзіңіз көрсеткен) жазыңыз.

3. Қызметті таңдау. Порталдың басқы бетінде «Жылжымайтын мүлікке ие болу. Ипотека. Коммуналдық тарифтер» санатынан «Жеке тұлғаның жылжымайтын мүлкінің бар болуы (жоқ болуы) туралы анықтама беру» қызметін таңдаңыз.

Сіз қызмет алу шарттарымен, мерзімдерімен және форматымен таныс бола алатын, қызметтер паспорты бетіндесіз.
4. Сұранымды толтыру. Келесі бетке өту үшін оң жақ жоғарғы бұрыштан «Қызметке онлайн тапсырыс беру» тетігін басыңыз

Ашылған беттегі сәйкес жолдарға анықтама алу тілін, құжат түрін, сонымен қатар жылжымайтын мүліктің бар болу/жоқ болу фактісін анықтауға қажетті облыс, аумақты тізімнен таңдаңыз. Мәліметтерді енгізген соң және келесі қадамға өту үшін «Сұранымды жіберу» тетігіне басыңыз.



5. Сұранымға қол қою

Мемлекеттік органның интерактивті қызметін алғаш алған кезде ескерту терезесі ашылады, ондағы «Always trust content from this publisher» жанына белгі қою қажет




Сұранымға қол қою үшін «Сертификатты таңдау» тетігіне басыңыз

Өз сертификатыңыздың жолын көрсетіңіз:

  • егер Сіз ЭЦҚ-ны жинақтаушы-дискте алған болсаңыз, дискке және орналасқан папкаға жол сілтеңіз (ереже бойынша, атауында Сіздің тегіңіз бен атыңыз көрсетілген) және keys_ gost файлын таңдаңыз.

  • егер Сіз ЭЦҚ-ны жинақтаушы-дисктен компьютерге немесе флэшкаға ауыстырған болсаңыз, сәйкес жолды сілтеңіз және keys_ gost файлын таңдаңыз.





  • егер ЭЦҚ KAZTOKEN-де орналасқан болса, «Файлды таңдау» тетігінің жанынан автоматты түрде «KazToken» тетігі пайда болады, соған өтіңіз.



ЭЦҚ файлын таңдаған соң өз кілтіңізге кілтсөз енгізіңіз.
Егер Сіз Tumar CSP криптопровайдерін пайдаланатын болсаңыз, «Сертификат таңдау» тетігінің жанынан «Жасырын сертификат» тетігі пайда болады, соған өтіңіз.
Егер Сіздің компьютеріңіздегі Tumar CSP криптопровайдерінде бірнеше электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттары болса, «Сертификат таңдау» тетігін басқан кезде ЭЦҚ-ның барлық сертификаттары сақталған папка ашылады. Ағымдық сұранымға қол қою үшін талап етілетін қол қою файлын таңдаңыз.


Сертификат дұрыс таңдалған болса (қол қою тәсіліне қарамастан) келесі бетте Сіз туралы мәліметтер – А.Т.ӘА., ЖСН және электрондық пошта мекен-жайы, сонымен қатар ЭЦҚ әрекет ету мерзімі көрінеді.

Егер көрсетілген мәліметтер меморганға сұраным жасау үшін дұрыс болса, «Қол қою» тетігін басыңыз.




Қазіргі кезде Token-дегі қорғалған сыртқы ақпарат тасымалдағышта орналасқан ЭЦҚ арқылы қызмет алуға жасалған сұранымға қол қою мүмкіндігі қолжетімсіз.

Token қолдауы бойынша және электрондық жеке куәлікпен жұмыс істеу, 2011 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отырған, ҚР Ұлттық куәландырушы орталықтың бағдарламалық қамтамасыз етуін жаңалау жұмыстары шеңберінде атқарылады.
6. Нәтижеге қол жеткізу. «3 қадам: Сұранымды өңдеу» бетінде Сіздің сұранымыңыздың қаралу мәртебесімен таныса аласыз: меморганның ақпараттық жүйесімен қабылданған Сіздің өтінішіңіз нөмірін, оның көрсетілу мерзімі мен өңделу мәртебесімен таныса аласыз. Мәртебені қарау үшін және бетті жаңарту үшін «Мәртебені жаңарту» тетігін пайдаланыңыз.

Егер сұраным өңделген болса, «Нәтижені қарау» тетігі пайда болады. Оны басқан кезде жылжымайтын мүліктің бар болуы немесе жоқ болуы туралы өңделген анықтаманы сақтау терезесі пайда болады. Сіз оны аша аласыз немесе өз компьютеріңізде сақтай аласыз.



Алынған электрондық құжатты қарау үшін Сіз Adobe Reader (www.adobe.com) орнатуыңыз қажет.




Сонымен қатар, анықтама порталдағы Сіздің профайлыңызда («Менің порталым») «Қызметті алу тарихы» бөлімінде автоматты түрде сақталады.


"Электронды үкімет" порталымен жұмыс жөніндегі барлық сұрақтар бойынша 1414 қолданушыларды тәулік бойы қолдау нөміріне хабарласуыңызға болады (тегін телефон желісі).

Каталог: files
files -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
files -> Бағдарламасы Қазақ бөлімі «Тіл теориясы»
files -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
files -> Н. Д. ОҢдасынов ? Арабша-қазақша түсіндірме сөздік
files -> А. Б. Салқынбай ҚазҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Алматы, Қазақстан Сәкен өлеңіндегі сырбаз
files -> Қазақ әдебиетінен тапсырмалар. Құрастырған: ф.ғ. к.,проф. Б.Қ.Қапасова
files -> «№ `мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> «№мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Тест. 9-сынып. Сын есім қандай сұраққа жауап береді?


Достарыңызбен бөлісу:


©tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет