Ембі қалалық №1 орта мектеп жанындағы шағын орталық Білім беру саласы: Қатынас



жүктеу 40.02 Kb.
Дата08.07.2016
өлшемі40.02 Kb.
Ембі қалалық №1 орта мектеп жанындағы шағын орталық

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы:

«Құстар біздің досымыз»

ашық сабақ

Тәрбиеші Ершимова.А.Қ.

Білім беру саласы Таным,қатынас, шығармашылық. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті Айналамен таныстыру

Мақсаты Балалардың құстар туралы түсінігін кеңейту ,сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Құстардың тіршілік әрекеті немен қоректенетіні, қыстап қалған құстар туралы мағлұмат беру , дала құстары мен үй құстарын ажырата білуге үйрету..Адамгершілікке,құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Ағаштардың, DVD құстардың суреттері,құрастыратын құстар, мозайка,түрлі-түсті,қағаздар,желім,акварель бояулар.

Әдіс-тәсілдері Сұрақ-жауап,дидактикалық ойындар ,көрсету,түсіндіру тыңдау,тақпақтар,мақал-мәтелдер,тыйым сөздер,жапсыру,құрастыру жұмыстары,триз элементі.,қысқы бақтың макеті.

Психологиялық сәт:

Балалар Табиғатым тамаша

Көз тоймайды қараса

Табиғатты аялап .

Жүрейікші жараса

Сәлем саған жер ана!

Сәлем саған нұрлы күн!

Аман-есен болайық.

Бейбітшілік қалайық

Тәрбиеші Бізді қоршаған орта қалай аталады?

-Табиғат

-Табиғат нешеге бөлінеді?

-Екіге. Өлі және тірі.

-Өлі табиғатқа нелер жатады ?

-Тас,құм,су,қар,күн,топырақ

-Тірі табиғатқа кімдер жатады?

-Адамдар,жануарлар,құстар,ағаштар,гүлдер,балықтар.

-Біз табиғатты не істейміз?

-Аялаймыз,қорғаймыз.

-Балалар бір сәт көздеріңді жұма тұрыңдар.

-Осы кезде талдар ,ормандағы үйлердің макеті ортаға қойылады.

-Біз сендермен баққа саяхатқа барамыз.Балалар орындарынан тұрып талдарды айналады.

-Бақта қандай жыл мезгілі?

-Қыс мезгілі.

-Қыстың қай айы

-Құстардың шуылы естіледі

-Балалар ненің дыбыстары естіледі?

-Құстардың.

-Біз сендермен бүгін құстар туралы әңгімелесеміз

-Дидактикалық ойын «Сөйлемді аяқта» ойыны.

Құстар ұша алады ...өйткені(оның қанаты бар)

Құстар қоректенеді...(қүрт-құмырсқа,жәндіктермен)

Аяздан қорықпайды...(қарға,торғай, сауысқан)

Үй құстары...(әтеш,тауық,үйрек,қаз)

Таңғажайып сәт (қолында рогаткасы бар Беркехан кіреді)

-Тәрбиеші: Сен кімсің?

-Беркеханмын

-Қолыңдағы не?

-Беркехан: Қолымдағы рогатка құс атайын деп едім

-Балалар құстарды атуға бола ма?

-Балалар құстар біздің досымыз.

-Тәрбиеші: Беркехан сен біздің балалардың тақпақтарын тыңда

Жазира: Ой балалар ,балалар

Құстарда да ана бар

Құстарда да бала бар

Құс ұясын бұзбайық

Обалына қалмайық

Данат: Таспен атып торғайды

Ұя бұзған оңбайды

Құс өкпелеп кетеді

Бақшамызға қонбайды

-Балалардың назарын телидидарға аударады.

-Теледидардан құстардың суреттері көрсетіледі

Тәрбиеші дала құстары ормандарда, ағаштарда мекендейді.Құстарға өмір сүру үшін ауа, су, күн, жәндіктер қажет.Құстар ағаштарды құрт-құмырсқалардан қорғайды.Үй құстары қорада мекендейді, олар жеммен қоректенеді.

Мирас: Көк көгершін,көгершін.

Көгершін келер жем үшін,

Балалар жем себелік,

Жем жесінде семірсін

Сөйтіп қолға үйренсін,

Бұл есті құс –тіл алғыш

Үйренген соң көрерсің.

Аманат: Торғай,торғай тоқылдақ

Жерден дәнді шоқып-ап

. Бөтегесі бұлтиып

Момақансып отырмақ

-Тәрбиеші: Ал, енді балалар құстар туралы мақал-мәтелдерді,жаңылтпаштар мен тыйым сөздерді еске түсірейікші.
Сағыныш: Балапан ұяда не көрсе,

Ұшқанда соны алады.


Жұлдызай: Қаз келсе,жаз келер

Қарға келсе, қатқан болар.


Сұлтан: Қара құс басын жейді

Сұңқар шашып жейді.


Жаннұр: Құс жеткен жеріне қонады
Мөлдір: Құс қайтты, қыс келді,

Қыс қайтты құс келді.


Мырзабек: Тоймай қалса қаз, қаз, қаз

Шашқан дәнің аз, аз, аз.


Абдулазиз: Аққу құсты атуға болмайды,

Достықты сатуға болмайды

.
Даулет: Құстың жұмыртқасын жарма

Дидактикалық ойын: «Үй мен дала құстарын ажырат»


Сергіту сәті: Бір, екі, үш қарлығаш болып ұш

Төрт, бес, алты қарлығаш болып қалқы

Жеті, сегіз, тоғыз,он қарлығаш болып өз ұяңа қон.

-Тәрбиеші: балалардың назарын тақтаға аударады.

-Құстар неше бөліктен тұрады -басы ,денесі,қанаты,құйрығы.

-Балалар, енді отырып, топ-топпен жұмыс жасаймыз.

- I топ түрлі-түсті қағазбен жапсыру жұмыстарын жасайды.

- II топ мозайкамен, дайын пішінде құстардың бейнесін құрастырады.

- III топ саусақпен бояу арқылы құстардың ізін салады.

Дидактикалық ойын: «Дыбыстарынан таны»

Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар,

Теріп алып қастерлеп

Торғайларға тастаңдар.

Тәрбиеші: Беркехан, көрдің бе , біздің балалар құстарды қалай аялайды,қорғайды, мәпелейді, ал сен болсаң бұзақылық жасап құстарды атам дейсің.

-Беркехан: Кешіріңдер балалар мен енді құстарды атпаймын, бұзақы болмаймын

-Тәрбиеші: Қане балалар, Беркеханды кешіреміз бе

-Балалар: Иә, кешіреміз

-Беркехан: Рахмет, балалар ,мен енді бұзақылық әдетті жасамаймын

(Беркехан балалармен қоштасып шығып кетеді)

Қорытынды.

-Бүгін біз не жайлы әңгімелестік?

-Құстар жайлы-құстар біздің досымыз.

-Құстардың қандай пайдасы бар?

-Құстар ағаштарды құрт-құмырсқалардан тазалайды,

-Балалар сендерге рахмет.Сау болыңдар.



.
: 2014
2014 -> Бағдарламасы бойынша жүргізілген іс-тәжірибемнен
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Біздің жақта»
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Ынтымақтастық және топтық жұмысты ұйымдастыру Сабақтың мақсаты
2014 -> Сын есім туралы түсінік. ( 6 сынып ) Сабақтың мақсаты: білімділік
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Құлақтан кіріп, бойды алар»
2014 -> Мужикбаева Алтын Муратқызы Астана қаласы №40 орта мектеп
2014 -> Сабақ жоспарларының үлгілері (іс-тәжірибеден) Құрастырған: Қосаман Дархан Қосаманқызы
2014 -> Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу негізі
2014 -> Сабақтың тақырыбы
2014 -> Данная работа состоит из основных дат и краткого очерка о жизни и деятельности великого хана Абылая, использованы труды видных писателей и ученных




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет