Ән; Шақырады көктем Санжар; әр сөзімді жаттаған, Жүрегімде сақтаған. Анашым деп мақтанам Айналайын ақ анам. Айгерім



жүктеу 38.85 Kb.
Дата29.06.2016
өлшемі38.85 Kb.
Тәрбие сағаты

Ана- гүл, ана-жыр,ана-өмір шуағы.

Дайындаған:Бауырбек.Г.Қ

2016 оқу жылы

Толқынкөл негізгі мектебі

Жүргізуші; Қош келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,

8 - наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Ана – гүл, ана – жыр, ана - өмір шуағы» - атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.


Ән; Шақырады көктем
Санжар; әр сөзімді жаттаған,

Жүрегімде сақтаған.

Анашым деп мақтанам

Айналайын ақ анам.



Айгерім;Өзің мені өсірген,

Айналайын ақ әжем.

Тентек болсам кешірген,

Шөлдедің бе, дана әжем.



Гүлім; Әкелетін отбасына береке ең

Әр аналар арамызда көп екен

Жыл құсындай көктем сайын оралар,

Құтты болсын, нұрға толсын мерекең.

Гүлмира; О, Ана!

Тірегім де өзіңсің,

Жүрегімде өзіңсің,

Айтатын әр кез сөзімсің

өзіңсің ана, өзіңсің.

Аз қызыққа мәз болған

Көкірегіне наз толған.

Жатқа кетсем төрімсің,

Іс бастаған ақ қолдан,

Бата беріп оң жолдан.

ҚҰЛЫНЫМ дейсің аймалап,

Айналайын, ана, жан

Мадақтауға тұлғаңды

Жалықпаймын қайталап

Дұрысымды асырған

Бұрысымды жасырған,

Мен гүл болсам қырмызы,

Сенсің ана жайған бақ.



Көрініс; 80-дегі майталман
Ақтолқын; Құтты болсын ардақты анам,

Асыл анам мерекең.

Құтты болсын тендік алған

Қуанышты мерекең!

Гүлсім; О, Ана!

Неткен ғажап есім ең,

Сен дегенде елжіреп,

Сен дегенде көсілем

Сен дегенде шалқимын

Болаттай жанып, балқимын.

Ақшақардай айналып,

Қыр гүліндей жайқалып,

Самалың боп аңқимын.

Сен үшін тартып тауқымет,

Найзағайдың ұшқынын

Жүрегіме шаншимын.

Ерасыл; Сегізінші наурыз күнің,

Мейрамдайды аналар

Аналардың шаттығын

Құттықтайды балалар.

Арайлым; Жан ана, жарық күн жанарың

Бір сенде кіндігі даланың

Балаңды құшақтап сүйгенде,

Сеземін көктемнің самалын.


Ән; Анага салем
Гүлнәр; Бүгінгі көктем күнінде,

Барлық адам қуанар

Аналарды мейраммен

Құттықтайды балалар.

Айғаным; О, аналар осындайсың бәрінде

Осындайсын жасың – дағы кәрің де,

Сыйынатын осы өмірдегі құдірет

Сыйынар ем ана деген тәңірге.


Жургізуші;О ана ардакты ана асыл ана!

Аз сөзбен қасиетің ашыла ма?

Теңіздей шалқып жаткан жан сырының

Бұл тілек бұлағының басы ғана.


Ерасыл; Теңдесі жоқ данасың,

Арқа тұтар панасың

Еңбегінді ақтаймын

Аман болшы анашым.

Гүлсім; Адам бар ма ана сүтін татпаған?

Алуан – алуан ауыр сынды аттаған

Адалдықты, ар намысты сақтаған

Мен ананың санасына мақтанам.

Арайлым; Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар,

Аналардан туған небір даналар

Ана деген тіршіліктің тірегіі,

Армысыздар, қасиетті аналар!

Шын жүрек, ақ көңілмен,

Алғашқы көктемі күлімдеген

Құттықтаймыз сегізінші наурыз мерекесі,

Халықаралық әйелдер күнімен.

Ән; Анашым
Айғаным; Асыл анам нұр шашқандай келбетің,

Сенсіз басып жүре аламын ба жер бетін?

Бір қолыңмен бала жатқан бесікті,

Бір қолыңмен ұлы әлемді тербеткен,

Туғаннан құлыным деп аймалаған,

өзіңнен қымбат адам қайда маған?

Дүние аналармен көрікті ғой

Онсыз бір бұлбұлда сайрамаған.

Ақтолқын; Баланың да тірегі,

Даланың да тірегі,

Шаншымасын ешқашан

Аналардың жүрегі.

Гүлім; Алтын анам жасымнан аялаған,

Мен үшін игілікті аямаған,

Мектептен үйге келгенімде

Бал сөзі «жаным» деген сая маған

Мен үшін не керек – бәрін ісдеп табасын,

Айналайын анашым, жұмысыңа барасын.

Қайтып мені көргенде,

Шын сағынып қаласын.

Арайлым; Менің қамқоршым,ақылшым,өмірімнің гүлі,көңілімнің қуанышы, сезімімнің жыр ағысы-аяулы анам, 8-наурыз мерекеңіз құтты болсын.Ұл-қыздарыңыздың қызығын көріп аман-сау ортамызда жүре беріңіз.Бақытты отбасыңыздын берекесі мәңгілік болсын.

Бесік жырың ғұмырымды күй қылған

Есіл нұрың ойыма ақыл құйдырған.

Асыл ана,құтты болсын мерекең,

Құшағыға күллі әлемді сыйдырған.
Жүргізуші; Ардақ аналар,аяулы апайлар,ақкөңіл жеңгейлер,қылықты қыздар,әрқашан да сіздер өмірдің мәні мен сәні болып жүре беріңіздер !Мейірімді жүздеріңізден күлкі кетпесін!

Осымен біздің 8-наурыз мерекеге арналған концерт аяқталды сау саламатта болыңыздар!!







©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет