Есмуханова Гаухар Туремуратовна Ағылшын тілі пәні мұғалімі



жүктеу 73.42 Kb.
Дата01.07.2016
өлшемі73.42 Kb.
Есмуханова Гаухар Туремуратовна

Ағылшын тілі пәні мұғалімі

Х. Наубетов атындағы орта мектеп

Атырау облысы, Исатай ауданы

Бағдарламаның жеті модулі қалай ықпалдастырылғаны көрсетілген тізбектелген сабақтар топтамасын орташа мерзімді жоспарлауы туралы рефлексивтік есеп

Мен қашықтықтан оқыту кезінде өз мектебіме бардым. Осы тәжірибеге өзімнің сабақ беретін сыныптарымның ішінен 8 «а» сыныбымен жұмыс жасауға шешім қабалдадым. Ендігі алға қойған мақсатым 8 сыныптың бағдарламасына сәйкес келіп тұрған тақырыптарға байланысты тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспарын құру болды. Бұл жоспарымды құрмас бұрын әріптестеріммен кеңесуді және бұрынғы дәстүрлі оқытудағы өз кемшіліктерімді ескере отырып, бағдарламасының жеті модулін әр сабағымда ынтымақтастық атмосферасын құра отырып ықпалдастырдым.Өйткені, әр сабақ барысындағы өзара қарым-қатынас маңызды рөл атқарады. Барлық сабағымда оқушылардың сөздік қорын молайту үшін және ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру үшін диалогты оқыту әдістері мен ойлау қабілеті мен дүниетанымын қалыптастыру үшін сыни ойлауға арналған тапсырмаларды қолдандым. Ақпараттық технологияда құзіреттілігн арттыру үшін интерактивті тақтамен жұмыс түрлерін дайындадым, ғаламтор мәліметтерін пайдаланып, жүйелі тапсырмалар дайындап отырдым, презентациялар қолдандым, оқушылардың өзін-өзі бағалауда Activоte және AD Tester пайдаландым. Тақырыпқа қатысты барлық тапсырмаларды оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып,талантты және дарынды балаларды ескере отырып, тапсырма түрлеріноқушылар өз қалаулары бойынша таңдап алуға қолжетімді тапсырмаларды дайындап отырдым. Сабақтың өн бойындағы оқушылардың барлық жұмыстарынан,жауаптарынан, іс-әрекетінен талантты және дарынды балаларды анықтадым. Фриманның сегіз өлшемі бойынша олардың есте сақтау қабілеттерінен, жұптық және топтық тапсырма кезіндегі ұтымды жауаптарынан, ұтымды шешімдерінен байқадым. Оқушылардың әр жеке, жұптық және топтық жұмыстағы жетістіктері үшін мадақтау, қолпаштаумен қатар «Бағдаршам», «Минуттық шешім», «Екі жұлдыз, бір тілек»,тілек конфеттері және смайликтер арқылы формативті бағалау түрлерін пайдалана отырып оларды оқыту үшін бағалап отырдым.Аталған барлық тапсырмаларды,оқушылардың іс-әрекетіне,сабақтың барысына бағыт-бағдар беріп,нұсқау,түсінік бере отырып,басшылық жасап отырдым.Топ оқушыларының ішінде де топты алға сүйреп,жетелеп отыратын оқушыларды да байқап отырдым. Осы бағдарламаның жеті модулін өз сабақтарыма ықпалдастыра отырып,бұрынғы дәстүрлі оқытуға қарағанда айырмашылықтың, жаңашылдықтың басым екендігіне көз жеткізе отырып, алдағы уақытта осы бағытпен жұмыс жасасам, яғни өз тәжірибеме жаңашылдық енгізе отырып, үлкен жетістіктерге жетуге болатыныма көз жеткіздім.

Сілтеме: 1.Ағылшын тілін оқыту әдістемелігі. №3,20

Сабақтың тақырыбы

Оқудың негізгі мақсаттары мен міндеттері

Оқытудың белсенді стратегиялары мен

әдіс -тәсілдер



Оқыту нәтижелері

Оқудағы кедергілерді жеңу жолдары

Жоспарланған бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысы


Негізгі дерек көздер

Sport and Sport in my life.

Cпорт және менің өмірімдегі спорт.



спорттың адам өміріндегі маңызы және

Ұлыбритания мен Қазақстандағы спорт жұлдыздары туралы мағұлмат беру.

-жаңа сөздермен жұмыс жасауға үйрету.

-уақытты тиімді пайдалану пайдалануға дағдыландыру

- оқушы өз бетімен білім алу, өзін –өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру

- Сыни тұрғыдағы жұптық және топтық тапсырмалар арқылы ауызекі сөйлеу мәдениеті мен ойлау қабілетін қалыптастыру.



Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер

(топқа бөлу, диалогтық оқыту)

АКТ(инт.тақта, эл.оқул.,Activote), сыни тұрғ.ойл.(топтық жұм., «Кубизм», «Миға шабуыл»),оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты оқыту(тапсырма түрлері) мен оқу,оқытудағы басқару және көшбасшылық.


Тақырыпқа қатысты жаңа сөздер мен сөз тіркестерімен танысады.

Сыни ойлау тапсырмалары арқылы өз сенімі қалыптасады.

Оқушылар өзін-өзі бағалау арқылы ізденгіштік,іске деген жауапкершілігі артады.

Жеке,жұптық және топпен жұмыс жасай алады.Өз ойларын еркін айта алады.



Оқушылардың ретсіздігін жою үшін ынтымақтас-тық атмосферасын қалыптастыруда тренингтер пайдаландым.

ОүБ .

Мадақтау, сенім арту, басбармақ,

Смайликтер беру,тілек конфеттерін үлестіру.

Activote құрылғысы арқылы өзін- өзі бағалау.




Жеке, жұптық және топтық тапсырмалар

Интерактивті тақта, Activote құрылғысы, электронды оқулық «Бәйтерек 2009», Ноутбуктер, флипчарттар,маркер,смайликтер, үлестірме материалдар

Оқулық Т.Д.Кузнецова,Ағылшын тілі,

8 сынып, Алматы, «Мектеп»

баспасы


Holidays and traditions in the UK and Kazakhstan

Christmas and Nauryz.

Ұлыбритания-дағы және Қазақстандағы мерекелер мен салт-дәстүрлер.


Оқушыларға Ұлыбританиядағы және Қазақсандағы мейрам түрлері мен салт-дәстүрлері туралы мағұлмат беру.

- Оқушылардың сөздік қорын байыта отырып,ауызекі сөйлеу қабілетін дамыту.

Мерекелердің айырмашылығын ажырата білуге үйрету.

Алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету.

Әділ бағалай білуге үйрету.


Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер(диалогтық оқыту, «Ыстық орындық»)

АКТ(интер.тақта,ноутб.,), сыни тұрғыдан ойлау(шаттық шеңбері, миға шабуыл,Венн диаграммасы, ой шақыру, фигуралар сыры) оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты оқыту мен оқу, оқытудағы басқару және көшбасшылық.




Оқушылардың сөздік қорын байыта отырып, ауызекі сөйлеу қабілеті қалыптасады.

Сыни тапсырмалар арқылы ойлау жүйесі қалыптасып, өз ойын ашық айтуға үйренеді.

Топта жұмыс жасауға дағдыланады.

Сыныптастарын және өз-өзін бағалауды үйренеді.

Ағылшын және Қазақстандағы мейрамдар мен салт- дәстүрлер туралы толық мағұлмат алады.

Өз пікірлерін ашық айта алады.

Шығармашылық қабілеттері іс-әрекетте көрінеді.


Тіл тосқауылын

жеңу үшін сөздіктер мен ғаламтор мәліметтерін пайдаландым



Оқыту үшін формативті бағалау (қол шапалақтау, мадақтау, басбармақ, «Екі жұлдыз,бір тілек» кері байланыс, сенім арту)

Оқу үшін бағалау

(критерий арқылы бағалау парақшасы )


Жеке, жұптық және топтық тапсырмалар

Интерактивті тақта,

плакаттар,

аудио және видео материалдар,маркерлер,стикер,үлестірме материалдар,

ғаламтор материалы,

ноутбуктер, оқулық 8 сынып,

Д.Т.Кузнецова

Алматы, «Мектеп» баспасы


Outstanding writers and poets in Kazakhstan and the UK.

Abai, is a great Kazakh poet.




Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев туралы ағылшын тілінде мағұлмат бере отырып, сыни тұрғыдан ойлата отырып Абайдың сан қырлылығын ұғындырып, Абай шығармашылының құндылығы мен кейбір аударма үлгілерімен таныстыру.

-Тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен тарыстыра отырып,сөздік қорын молайту.

-Есте сақтау қабілетін қалыптастыру.

- Алған білімдерін өмірде пайдалана білуге тәрбиелеу.

- Оқушылардың ағылшын тілінде тыңдау арқылы түсіну мен әңгімелеу дағдыларын қалыптастыру.


Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер(диалогтық оқыту, «Өрмекші» әдісі),

АКТ(интер.тақ.,электр.оқ)

сыни тұрғыдан ойлау(Миға шабуыл, Джигсо, Екі жұлдыз, бір тілек, ББҮ) оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты оқыту мен оқу, оқытудағы басқару және көшбасшылық.


Қазақтың ұлы ақыны Абай жөнінде ағылшын тілінде өз ойларын еркін айта алады, аударма үлгілерімен танысады, өз ойларын дәлелдей алады, салыстырып сипаттай алады.

Түрлі топтық тапсырмалар арқылы оқушылардың белсенділігі артады.



Электр энегиясының болмай қалуы кезінде көрнекілік түрлерін пайдаландым

Оқыту үшін бағалау. Қол шапалақтау, басбармақ,

«Екі жұлдыз,

бір тілек»,

«Блоб ағашы», «Бағдаршам» «Минуттық шешім»

Смайликтер жинау


Жеке, жұптық және топтық

Интерактивті тақта,аудио және видео материалдар,

флипчарттар, маркер,түрлі-түсті бояу, үлестірме материалдар, Абай өлеңдеріне арналған электронды оқулық.



William Shakеspeare

Ағылшынның әлемге әйгілі драматургі және ақыны Уильям Шекспирдің өмірі мен шығармашылығын таныстыру.

-Оқушыларға Шекспирдің өмірі жөнінде бейнеролик арқылы мағұлмат беру.

-Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

-Сыни тұрғыдан ойлай отырып, өзкөзқараста-рын білдіруге үйрету.



Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер(диалогтық оқыту,топқа бөлу,рөлдік ойын,)

АКТ (итерак.тақта,AD tester,)

сыни тұрғыдан ойлау(Ой шақыру,миға шабуыл) оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты оқыту мен оқу, оқытудағы басқару және көшбасшылық.

Талантты және дарынды

( Кеңейтілген тапсырмалар)


Түстер арқылы топқа бөлінеді. Диалог құра отырып ауызекі сөйлеу мәдениеті қалыптсады. Бинероликтер тамашалау арқылы мағынаны тану дағдысы қалыптасады. Жас ерекшеліктеріне байланысты тапсырмаларды орындай отырып сыни ойлауға дағдыланады.Өзін-өзі бағалауға және өзара бағалауға үйренеді.


Тақырыпқа байланысты мәліметтердің аздығына байланысты ғаламтор және қосымша мәліметтерді пайдаландым

Формативті бағалау(сенім арту,басбармақ,

Кері байланыс.

Оқу үшін бағалау(ADT Tester критетй арқылы бағалау)


Жеке, жұптық және топтық

Интерактивті тақта,маркер, плакаттар, видео және аудио материалдар, таратпа материалдар, ғаламтор мәліметтері.

Оқулық 8 сынып,

Д.Т.Кузнецова.

АКТ (ADT Tester)



: 2014
2014 -> Бағдарламасы бойынша жүргізілген іс-тәжірибемнен
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Біздің жақта»
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Ынтымақтастық және топтық жұмысты ұйымдастыру Сабақтың мақсаты
2014 -> Сын есім туралы түсінік. ( 6 сынып ) Сабақтың мақсаты: білімділік
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Құлақтан кіріп, бойды алар»
2014 -> Мужикбаева Алтын Муратқызы Астана қаласы №40 орта мектеп
2014 -> Сабақ жоспарларының үлгілері (іс-тәжірибеден) Құрастырған: Қосаман Дархан Қосаманқызы
2014 -> Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу негізі
2014 -> Сабақтың тақырыбы
2014 -> Данная работа состоит из основных дат и краткого очерка о жизни и деятельности великого хана Абылая, использованы труды видных писателей и ученных




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет