Етістік. «Беделді» сөзінің қай сөз табынан жасалғанын табыңыз. Зат есім. «Диуани хикмет»



жүктеу 174.8 Kb.
Дата01.07.2016
өлшемі174.8 Kb.
"Бойын биледі" тіркесінің басыңқы сыңары қай сөз табынан болғанын көрсетіңіз. Етістік.

«Беделді» сөзінің қай сөз табынан жасалғанын табыңыз. Зат есім.

«Диуани хикмет» атты еңбектің авторын көрсетіңіз. Қожа Ахмет Йасауи.

«Әйдік, дәу» диалект сөзінін мағынасын анықтаңыз. Үлкен, зор.

«Жабазы» диалект сөзінің мағынасын анықтаңыз. Иленген теріден жасалған қамыт.

«Қоза» сөзі қатарға жататынын белгілеңіз. Кәсіби сөз.

«Риторика» атты еңбектері бар авторларды табыңыз. Әл-Фараби, Аристотель.

Адам баласы керуен сияқты: тоқтайды да, көшеді де кетеді.

Айқындауыш мүше қатысқан сөйлемді табыңыз. Есіктен қарт шахтер Бектен кіріп келді.

Айқындауыш мүше қатысқан сөйлемді табыңыз.Оның бұл қалпы Балтабек ұстанын әйелі Айбаладан баска ешкім көрген жоқ.

Айтылуға тиісті ойдың аяқталмай калғанын білдіру үшін қойылатын тыныс белгіні табыңыз. Көп нүкте.

Айтылуы бойынша жазылған сөзді табыңыз. Жүгаяқ.

Айтылуы бойынша жазылған сөзді табыныз. Жүрөк.

Айтылуы мен жазылуында айырмашылық бар сөзді табыңыз. Майдангер.

Алғашқы сөздің бірінші буыны мен кейінгі сөздің бас әріптерінен құралған кысқарған сөзді табыңыз. ҚазМИ.

Антонимді белгілеңіз. Барлық-жоқтық.

Антонимдік жұпты көрсетіңіз. Адал - арам.

Антонимдік қатарды табыңыз. Жүрек жұтқан-су жүрек.

Анықтауыш болатын мөлшер үстеуді көрсетіңіз.Талай қызық көрдім де мен, көрермін, Тайталасқан сезімге ерік берермін.

Анықтауыш қызметіндегі жинақтық сан есімді табыңыз. Екеуінің де көзі егіншілерде.

Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесін белгілеңіз. Өнерлі азамат.

Анықтауышы қатыстық есімнен, пысықтауышы сапалық сын есімнен жасалған сөйлемді анықтаңыз. Ойлы адамға нақыл сөз қатты ұнайды.

Анықтауышы сан есімнен болған сөйлемді көрсетіңіз. Адамға тәулігіне он-он бес грамдай ғана тұз керек.

Аралас құрмалас сөйлемді табыңыз. Боран таң ата ашылып, жел тынды да, маужыраған әдемі күн басталды.

Атаулы сөйлемнің жасалу жолын көрсетіңіз. Құрамы жағынан жеке бір сезден де, екі немесе көп сөздердің тіркесінен болады.

Ауыспалы мағынаны керсетіңіз. Көзіне жас келіп, көңілі босады.

Ашық буыннан тұрған сөзді табыңыз. Дана, бала.

Барыс септігіндегі есімдікті табыңыз. Ол енді саған тым алыс.

Барыс септігіндегі сөзбен тіркесіп келетін септеулікті көрсетіңіз. Салым, қарай, тарта.

Барыс септікпен тіркесетін септеулік шылаулы қатарды көрсетіңіз. Сол соқпақпен жүріп келем, бір жығылып, бір тұрып, Жол іздеймін, жол іздеймін алға қарай ұмтылып.

Бастауыш қызметіндегі есімшені табыңыз. Олардың жеккені - кәшауа шана.

Бастауышы сан есімнен болған сөйлемді табыңыз. Қойылымның соңында екеуі ән айтады.

Басыңқысы етістіктен, бағыныңқысы еліктеу сөзден болған етістікті тіркесті көрсетіңіз. Жалт қарады.

Басынқысы ортақ етістен жасалған сөз тіркесін көрсетіңіз. Хат жазысты.

Баяндауыш болатын еліктеу сөзді табыңыз. Қатты жаңбыр жауып, найзағай жарқ-жұрқ етті.

Баяндауыш қызметін атқарып тұрған күрделі еліктеу сөзді табыңыз. Қадиша қатты тоңғандықтан, еріндері дір-дір етеді.

Баяндауыш қызметіндегі сан есімді табыңыз. Жетісуда Тентек өзені - екеу.

Баяндауыш қызметіндегі сан есімді табыңыз.Астанаға барған оқушылар алтау еді.

Баяндауыш қызметіндегі сан есімді табыңыз.Төрт жердегі бесің - жиырма.

Баяндауышы сапалық сын есімнен жасалған сөйлемді табыңыз. Бәріміз бір кісінің баласындай татумыз.

Баяндауышы сапалық сын есімнен жасалған сөйлемді табыңыз.Ауыл сыртындағы қырқаның етегі жап-жасыл.

Бейнелеуіш сөз қатысқан сөйлемді белгілеңіз. Айыл-тұрман шағылысып, жарқ-жұрқ етеді.

Бейнелеуіш сөздер қатарын белгілеңіз.Қиқаң-қиқаң, далаң-далаң.

Белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығын зерттейтін тіл білімінің саласын анықтаңыз. Лексика.

Белгісіздік есімдігі қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.Саяси сабақтан бос кездерінде бірнеше модель жасады.

Бірігу арқьлы жасалған күрделі үстеуді табыңыз. Бүгін.

Біріккен сөзді табыңыз. Қазақтың қонақжайлығына не жеткен!

Бірыңғай бітеу буынды сөйлемді белігілеңіз. Дәурен жайлаудан келген.

Бірыңғай бітеу буынды сөйлемді көрсетіңіз. Ділмардан сөз қалмас.

Бірыңғай есімді сөз тіркестерін анықтаңыз. Оқыс оқиға, елгезек оқушы.

Бірыңғай жіңішке дауыстылардан құралған сөздерді көрсетіңіз. Өндіріс, өнім, өркен.

Бітеу буынды сөздер қатарын белгілеңіз. Қасқыр, баскұр, достық.

Бітеу буынды сөздер қатарын көрсетіңіз.Сұлтан, мектеп.

Бітеу буынды сөзді табыңыз. Төрт, тал.

Бітеу буынды сөйлемді белгілеңіз. Жұлдыз, жұмбақ шеш.

Бітеу буыннан тұрған сөзді көрсетіңіз. Шырмау.

Болымсыз етістік қатысқан сөйлемді белгілеңіз. Әлі ешбір белгі білінбейді.

Буын талғайтын дыбысы бар сөзді көрсетіңіз. Гүл.

Бұйрық және шартты райға -шы,-ші жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалатын сөйлемді анықтаңыз.Бұйрықты сөйлем.

Бұйрықты сөйлемді ажыратыңыз. Самал желіңді, Далаң, көліңді Құс болып ұшып шарла.

Дара сөздермен ғана жасалған сөйлемді көрсетіңіз.Үзбеймін күдерімді жарықтан мен, Үзбеймін күдерімді халықтан мен! Белгісіздік есімдігі қатысқан қатарды анықтаңыз. Әрбір,қайсыбір.

Демеулік шылауды табыңыз. Тыныштықты бұзып жау тисе, жауға біз де тиеміз.

Деректі зат есімі бар қатарды көрсетіңіз. Кітап, сызғыш, дәптер.

Дұрыс жазылған сөзді анықтаңыз. Томскіден.

Дыбыс пен әріп айырмашылығы бар сөзді табыңыз. Таяныш.

Дыбыстық өзгеріске түскен біріккен сөзді белгілеңіз. Сексен, тоқсан, жетпіс.

Дыбыстық өзгеріске ұшырап біріккен сөзді көрсетіңіз. Жаздыгүні.

Еліктеу сөз сөйлемнің қай мүшесі екенін табыңыз. Oл, енді, итінің шаңқ еткенін ғана естіді. Толықтауыш.

Еліктеу сөзден жасалған зат есімді көрсетіңіз. Дүрсіл.

Еліктеу сөздің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз. Абай жалт қарап барып жаңа көрді. Пысықтауыш.

Еліктеу сөздің сөйлемдегі кызметін белгілеңіз. Жол ұзақ, Шаршадым, шөлдедім, Қимаймын үп еткен жел лебін. Анықтауыш.

Еліктеу сөздің сөйлемдегі қызметін көрсетіңіз. Омарғали оның бұл бұйрығына селт етпеді. Баяндауыш.

Еліктеуіш сөзді етістікті тіркесті белгілеңіз. Сырт-сырт соғады.

Еліктеуіш сөйлемнің қай мүшесі, табыңыз.- Тоқта былай! - деп саңқ еткен зілдей бұйрық естілді. Анықтауыш.

Еліктеуші сөздің сөйлемдегі қызметін көрсетіңіз. Уәлихан жымьң-жымың етеді. Баяндауыш.

Есім сөздерден жасалған сын есім қатарын табыңыз. Киімшең, күзгі.

Есімдіктердің сөйлемдегі қызметін көрсетіңіз. Бізге бұл әңгімені бастаған Тұмар болатын. Толықтауыш, анықтауыш.

Есімдіктің түрін анықтаңыз. Әлдеқайда, әлдеқалай. Белгісіздік.

Есімдіктің түрін анықтаңыз. Әлдене, әлденеше. Белгісіздік.

Етістік зат есім → сын есімді қатарды табыңыз. Білімпаз.

Жай сөйлем түрін белгілеңіз. Қайық жүзіп келді. Жалаң.

Жақсыз сөйлемді анықтаңыз. Тарихи тағылымның талай ұрпақтың рухани қажетіне жарайтынын дәлелдеу керек.

Жақсыз сөйлемді табыңыз. Ойымызды ашық айтуымыз керек.

Жақсыз сөйлемді табыңыз. Әділдікті айтқым келді.

Жақсыз сөйлемді табыңыз. Екі дэуірдің шындығын үлкен толғаныспен жырлауға тура келді.

Жақсыз сөйлемді табыңыз.Асылбек айтқан жерге барғысы келмеді.

Жақты сөйлемді табыңыз. Дос жүрегіне сенеді.

Жалаң сөйлемді көрсетіңіз. Ол - Алтыншаш.

Жаңа сөздер қатарын табыңыз. Зейнеткер, ермексаз.

Жіңішке дауыстылардан жасалған сөзді табыңыз. Сөздік, әсемдік.

Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөзді табыңыз. Даналық.

Зат есімді анықтаңыз. Өнімділік.

Зат есімнің орнына жұмсалған болымсыздық есімдігін белгілеңіз. Ешкімде үн жоқ.

Заттық ұғымды білдіретін тұйық етістікті табыңыз.Ою.

Интернационалдық сөздер қатарын табыңыз. Куб, аммиак, диалект.

Интернационалдық термин қатысқан сөйлемді белгілеңіз. Сценарий және хорегография - балеттің кұрамды бөліктері.

Интонация арқылы байланысқан сөйлемді табыңыз. Ән - өлшеуіш, Өлең - күміс

Іс-әрекеттің бағытын білдіретін септікті анықтаңыз. Барыс.

Қазақ әліпбиіндегі казақ тіліне тән дыбыстар санын көрсетіңіз. 9.

Қазақ шешендік өнерінің бірінші кезеңін табыңыз. ХІ-ХІІ ғ.ғ.

Қазақтың төл шешендік енері туралы тұңғыш ой-пікір білдірген ғалымды анықтаңыз. Ш.Уәлиханов.

Қайталама қос сөзді табыңыз. Жалт-жұлт.



Қалай, қайсы есімдіктерінің қатысуымен жасалатын сөйлемді анықтаңыз. Сұраулы сөйлем.

Қалып етістігінен жасалған түбір сөзді табыңыз. Тұр

Қандай тыныс белгісі қойылмағанын табыңыз. Қазақ тілінің жазба тарихы - сан гасырды көзбен көрген куәгер Нүкте.

Қаратпа сөз қатыспаған қатарды ажыратыңыз.Ойбай, су сендердің шешімдеріңе қарай ма?

Қарсылықты салаласты табыңыз. Мейірімді болу оңай, әділ болу қиын.

Қатыстық сын есімді анықтаңыз. Көш басындағы солғын реңді кәрі шалдың соңынан тізбектелген аттылы, түйелі керуен.

Қатыстық сын есімді белгілеңіз. Балалы үй.

Қатыстық сын есімі бар қатарды белгілеңіз. Үндемеген үйдей пәледен құтылар.

Қатыстық сын есімнен болған синонимді көрсетіңіз. Қарулы, қайратты, кажырлы.

Кәмпит, сөмке, тұрба сөздерінің қай тілден енгенін көрсетіңіз. Орыс.

Кәсіби сөздерді анықтаңыз. Ара, балта.

Қимыл - сын бағыныңқы сабақтас құрмаласты табыңыз. Бүркіт үшінші рет тік шүйіліп, айдаһарды ту сыртынан шеңгелдей түсті.

Кірме сөздерді анықтаңыз. Шайыр, ғибрат.

Қос нүктенің қай қатарға қойылатынын белгілеңіз. Уақыт жүктеген аманат мыналар бірлік пен ынтымақ, білімділік пен біліктілік.

Қос сөзді көрсетіңіз. Өзінен өзі.

Қосарлы айқындауышты белгілеңіз. Аңшы Мүсіреп аздап сыбызғы да тартады.

Қосарлы айтқындауышы бар сөйлемді ажыратыңыз. Шойын кеуделі, аю жоталы Игілік би пан да, тәкаппар да емес.

Қосымшалы қос сөзді анықтаңыз. Аумалы-төкпелі заман.

Көмектес септігінде тұрған сөзі бар сөйлемді табыңыз. Біз, жастар, тағдырымыз ел(мен) байланысты екенін білеміз.

Көмектес септігінде тұрған сөзі бар сөйлемді табыңыз. Еңбегің (мен) алған білімің болашақ үшін пайдалы.

Көмекші етістікті табыңыз. Анасын жиі-жиі ойлайтын еді.

Көнерген сөзді белгілеңіз. Қорамсақ.

Көнерген сөзді табыңыз. Қараша үйден ханша шығар.

Көңіл-күй одағайы бар сөйлемді табыңыз. Қап, тоқтай тұр, бәлем!

Көп нүктенін орына лайықты үстеуді койыңыз. ... тыныгып алган да теріс емес. Сәл.

Көптік жалғау жалғанбайтын сөзі бар қатарды табыңыз. Ұн жеткізілді.

Көптік жалғауы жалғанбайтын зат есімді көрсетіңіз. Тары.

Көсемшеден болған қос сөзді қатарда табыңыз.Ойлап-ойлап, сұрай-сұрай.

Күрделі етістікті табыңыз. Жайларын аттары ғана білдіріп түр.

Күрделі сөз қатыспаған қатарды көрсетіңіз. Тыныш-ақ Есіл ағасы, Талдырын самал тербейді.

Күрделі сөзі жоқ қатарды көрсетіңіз. Ардағым, асыл Арқам, жұмағымсың.

Күшейткіш үстеуі бар сөйлемді көрсетіңіз. Қатал тағдыр мықты қолымен тым қатты ұстады.

Құрамында күрделі сөзі жоқ сөйлемді көрсетіңіз.Тарихи акиқат бізге үнемі қасиетті, қастерлі.

Қыстырма сөз қатыспаған қатарды табыңыз. Уа, осынау аппақ жарық дүние, Сенің пәктік, ақтығыңа күн ие.

Қыстырма сөз қатысып түрған сөйлемді көрсетіңіз.Әуелі, ойыңды жинақтап ал.

Қыстырма сөз қатысып тұрған сөйлемді көрсетіңіз. Расында да, бас көтертпей жауғаны соншама - есіктің алдындағы қарды тазалап үлгере алмайсың.

Қыстырма сөзді көрсетіңіз. Асанның сөзіне қарағанда, мәселе ертең шешілетін тәрізді Асанның сөзіне қарағанда.

Қыстырма сөзі бар сөйлемді белгілеңіз.- Рас, мен сізді бір рет көрдім.

Қыстырмаға байланысты қойылған тыныс белгіні табыңыз.Сеңдей соғылысқан замана толқыны, шынында да, даланы да, даланың кайсар ұлдарын да небір ағыстарға салды.

Лексика саласына тән термин сөзді көрсетіңіз. Табу, диалект.

Лепті сөйлемді белгілеңіз. Ар-ұжданды бол, қалқам-ау

Лепті сөйлемді белгілеңіз. Неткен сұлу, сүйкімді кұстар еді

Мақсат үстеуі қатысқан сөйлемді табыңыз. Оқу жылы басталар алдында әдейі ұйымдастырылған кітап жәрмеңкесі еткізілді.

Матаса байланысқан сөздерді табыңыз. Ауыл арасы.

Матаса байланысқан сөздерді табыңыз. Еңбек нәтижесі.

Мезгіл бағыныңқылы сабақтасты табыңыз. Ертенінде Абайлар аңға шыққанда, Жиренше мен Абылғазы ере шықты.

Мезгіл мәнді біріккен сезі бар сейлемді анықтаңыз. Жаздыгүні Мыңбұлақтың жағасына барып демаламыз.

Мекен үстеуін табыңыз. Ықылас жүрген сайын артына карайды.

Меңгеруді табыңыз. Кітапханадан келді.

Негізгі түбір сөзді белгілеңіз.Теңге.

Одағай сөзді анықтаңыз. Қап, барлық еңбектері далаға кетеді-ау!

Одағай сөзді анықтаңыз. Япырмай, ә, өзім де соны сезіп жүр едім.

Одағай сөзді аныктаңыз. Япырмау, мынау Ақбөкен емес пе?

Одағай сөзді анықтаңыз. Япырым-ау, қайда сол күндер?!

Одағай сөзі бар сөйлемді табыңыз. Бәлі, Шәкі өте айтқыш екен ғой!

Омоним бола алатын сөзді табыңыз. Атыс.

Омоним бола алатын сөзді табыңыз. Сабақ.

Оңашаланған айқындауыш қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.Ақылды мына ер кедейден, Дәркембайдан, сұрасаңшы.

Орта ғасырлар түркі шешендігіне тиесілі шығармалар -«Құтты білік» пен «Диуани лұгат ат-түрік» енбектерінің авторларын белгілеңіз. Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари.

Орфографиялық ережеге сай жазылмаған сөзді табыңыз. Көрөрмен.

Орфоэпия нормасына сай жазылған сөзді табыңыз. Айтқысса.

Орфоэпия нормасына сай жазылған сөзді табыңыз. Айтқышшы.

Орфоэпиялық нормаға сай жазылған сөзді анықтаңыз. Оң ғол.

Орфоэпиялық нормаға сай сөзді анықтаңыз. Көссіз.

Орфоэпиялык нормаға сай сөзді көрсетіңіз. Күдүк.

Өзара омоним болып түрған сөзі бар сөйлемді белгілеңіз. Бүгінгі айтыста қыз бен жігіттер көп айтысты.

Өзгелік етіс қатысқан сөйлемді анықтаңыз.Бұлақтың мұздай суымен. Жуындыр мені, жуындыр.

Өзгелік етісі бар сөйлемді табыңыз. Нұрлан окиғаны басынан бастап айтқызды.

Өзі айқындайтын мүшесіне қосалқы атау болатын айқындауышы бар сөйлемді белгілеңіз. Ақан сері - заманының сұңқары, қызыл тілдің ділмары, жігіттің кұлпы жібегі, сөздің ағытылған тиегі.

Пысықтауыш қызметіндегі сын-қимыл үстеуін анықтаңыз. Қағазыма өлең жазған сәттерім көп.

Сабақтас кұрмаластың түрін белгілеңіз.Шатқал үстіне тағы да найзағай оты жарқылдай төніп, күн күркіреп қоя берді. Қимыл-сын.

Салалас құрмалас сөйлемнің қай түрі екенін табыңыз. Ермек сәлем беріп еді, - ол қырын қарап кетті. Қарсылықты салалас.

Сан есімдердің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз. Алпыс бестен асқанда, Жетпіске қадам басқанда... Жанама толықтауыш.

Сан есімнің қай септікте түрғанын және сөйлемдегі қызметін табыңыз. Сағат он бірде телефон безілдеп қоя берді. Жатыс септік, пысықтауыш.

Сан есімнің сөйлемдегі қызметін белгілеңіз. Берерменде бесеусің, аяарманда және алтау. Баяндауыш.

Себеп-салдар салас сөйлемді көрсетіңіз.Қар қалың жауды, сондықтан ауылға жете алмадық.

Септеулік шылауды табыңыз. Абаймен бірге жас ақындар да келді.

Септеулік шылауды табыңыз. Мана түстен кейін Естай оны мұнтаздай қып киіндіріп қойған.

Септеулік шылауларды көрсетіңіз. Кейін, соң, таман.

Септеулік шылаумен тұрғалас үстеуді анықтаңыз. Өзің бұрын бармаған өлкелерге өлеңдерің барар.

Сингармонизм заңына бағынбайтын сөзді көрсетіңіз. Діндар.

Синоним болмайтын сөздер қатарын көрсетіңіз. Алтын, күміс.

Синоним сөздерді көрсетіңіз. Кенет, тосын, күрт.

Синонимдер қатарын белгілеңіз. Баяғы, ежелгі.

Синонимдік қатарды анықгаңыз. Бастапқы, алғашқы.

Синонимдік қатарды белгілеңіз. Жұмбак, жасырын.

Сондықтан, өйткені жалғаулықтары мен байланысатын салалас кұрмалас сөйлем түрін табыңыз.Талғаулы салалас.

Соңынан нүкте қойылатын сөйлемді көрсетіңіз. Қалын жыңғыл арасынан әлдекім қараң еткендей болды

Сөйлем соңынан қойылатын тыныс белгісін анықтаңыз. Қай таудың киігі едің, қарағым-ау Леп және сұрау белгісі.

Сөйлемге тән тыныс белгісінің дұрысын белгілеңіз. Қазақтың бір байлығы - Алматы.

Сөйлемде қанша біріккек сөз бар, табыңыз.Жарысқа қыран құс баулып аңга салатын құсбегі, сайыпқыран жігіттер көп келді. Екі.

Сөйлемдегі бастауыш пен баяндауыштың арасына койылған сызықшаны табыңыз. Майқы Мәнұлы - әділдік орнатқан, қара қылды қақ жарған адам.

Сөйлемдегі сан есімнің қызметін анықтаңыз. Олар киіз үйлердің төртеуін көлікке артып жіберді. Тура толықтауыш.

Сөйлемдегі тұйық етістіктің қызметін табыңыз. Қазақ дәстүрі тек ата-ананы гана емес, жалпы адамды сыйлауға баулиды. Жанама толықтауыш.

Сөйлемдерден омоним болатын сөздерді табыңыз. Сабақ басталды. Гүлдің сабағы ұзын.

Сөйлемнен мезгіл үстеуін табыңыз. Таңғы шық бүгін өте мөлдір. Бүгін.

Стиль түрін анықтаңыз. Ауылшаруашылық дақылдары дәндерінің химиялық құрамы өте күрделі. Ғылыми стиль.

Стиль түрін анықтаңыз. Дүрия даланы дүркіретіп, қара құрым боп жайылып жатқан жылқыны көргенде Ақназардың жүрегі тайдай тулады. Көркем эдебиет стилі.

Стиль түрін анықтаңыз. Толғай айдай толықсып, гулдей жайнап, Күннен күнге сұлулық өрледі асып. Көркем әдебиет стилі.

Стиль түрін анықтаңыз.Қайыр жүрек шамы ізгіліксіз жанбайтын, қанаттыны талаптыға жалғайтын жан еді. Көркем әдебиет стилі.

Сұрау есімдігі арқылы жасалған сұраулы сөйлемді табыңыз. Мәтін не туралы?

Сұраулы сөйлемді көрсетіңіз. Өзім алып шықсам қайтеді

Сызықшаның қойылу себебін анықтаңыз. Шәкей әнші, домбырашы жігіт. Қосарлы айтқындауыш.

Сын есімнің салыстырмалы шырай түрінен жасалған анықтауышты табыңыз. Тайман әзілге шорқақтау бала болатын.

Сын-қимыл үстеуін табыңыз. Ақырын.

Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.Кейбір кәрі бие, қартаң ат не шөге жығылады, не бүйірінен опырыла құлайды.

Тек ашық буыннан тұратын қатарды табыңыз. Әке, ана, дала.

Тек бітеу буынды сөзді белгілеңіз. Көкпар.

Терминдер тізбегін белгілеңіз. Квадрат, глобус, эвфемизм.

Тол сөздің анықтамасын белгілеңіз. Біреудің айтқан сөзін бұлжытпай айтылған күйде берілуі.

Толықтауышы бар сөйлемді белгілеңіз. Жылағанды сұрама, күлгенді сұра.

Толықтауышы бар сөйлемді табыңыз. Ол осы ауылдағы адамдардың бәрін біледі.

Толымды сөйлемді табыңыз.Тіл - өнермен өзектес жанды кұбылыс.

Төл сөз және автор сөзі қатысып тұрған сөйлемді көрсетіңіз.Оған мені апарыңдар, мен көрейін, дейді Майқы би.

Төл сөзге қатысты сызықшаны белгілеңіз. Ең алдымен, адамға бас керек, - деді атам.

Төл сөзді сөйлемді табыңыз. «Соғысқа қарсы жазылған аса күшті толғау», - деді Жәнібек ішінен.

Төл сөздің тыныс белгісін анықтаңыз.Кеше жолдасы Асанға Алматыда әлі екі-үш күн боламыз деді. Қос нүкте, тырнақша, үтір, сызықша.

Түбір сөзді табыңыз. Дауыл.

Түбір сөзді табыңыз. Ине, сүт.

Түсіндірмелі салаласты белгілеңіз.

Туынды зат есімі бар сөйлемді белгілеңіз. Елдік түбі - бірлік.

Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. Жұбын жазбады.

Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. Тума дарын, күміс көмей.

Тыныс белгілері дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз.- Қасым төренің баласы: сіз қандай кесім айтасыз? - деді Бегдербек.

Тыныс белгілері қабаттасып қойылатын нұсқаны көрсетіңіз. He пайда басты ұрғанмен тау мен тасқа

Тыныс белгісі дұрыс қойылған қаратпа сөзді белгілеңіз. Айналайын, келінжан, өркенің өссін!

Тыныс белгісі дұрыс қойылған көп құрамды төл сөзді табыңыз. Малшыларға: - Үстеріңнен су өткен жоқ па? - деді Гүлсім. - Үйде от жанып тұр, жылынып шығыңдар.

Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді анықтаңыз. - Уа, тақсыр хан, - деді ол әдеттегісіндей түтыға сөйлеп, - осы кеңесте менің Абылай сұлтанға кояр бір сүрағым бар.

Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді табыңыз. Серғазы ішінен Ғайшаға жаны ашып: «Осынын жақсы ат, жаман атына бекер кіріскен екем», - деп отырды.

Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөйлемді табыңыз.Дирижёрдің қасына барды да: - Сіз рұқсат етсеңіз, бес минут оркестрді басқарар едім, - деді.

Тыныс белгісі қате қойылған оқшау сөзді белгілеңіз. Япырмау мынау, Ақбөкен емес пе?!

Тырнақшаға алынатын сөзі бар қатарды белгілеңіз.Кешегі ел қыдырған есер шақта, Ән еді Біржан салған Жамбас сипар.

Тырнақшаның дұрыс қойылу орнын көрсетіңіз. М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі.

Үнді дауыссыз бен қатаң дауыссыз дыбыстар қатар түрған сөзді анықтаңыз. Шымқай.

Үнді дауыссыз дыбысқа аяқталған сөзді табыңыз. Кілем.

Үнді дауыссыздан басталатын сөзді белгілеңіз. Мәтін.

Үнді дауыссыздан басталып, үнді дауыссызға аяқталатын сан есімді көрсетіңіз.Мың, миллион.

Үстеу мәнінде жұмсалатын белгісіздік есімдігін табыңыз.Күндегіден әлдеқайда жай тіпті,Қыр астынан әрең-әрең Ай шықты.

Ұяң дауыссыз дыбыстардан тұратын сөзді белгілеңіз.Жезде.

Хабарлы сөйлемді ажыратыңыз. Ержанға Мұраттың мінезі қатты батты

Хабарлы сөйлемді табыңыз. Өнерде де, өмірде де ағама ұқсағым келеді

Шешендік сөздің авторын анықтаңыз. «Айтар сөзді алдымен ойлап ал». Қорқыт.

Шығыс септікпен тіркескен шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз. Театрға сабақтан кейін бардық.

Шылау қатысқан сөйлемді көрсетіңіз. Өскен сайын сызданып, суықтанып келеді.

Шылауы бар сөйлемді анықтаңыз.Сен осы шындықты ашып айтармысың?

Ыңғайластық мәнді жалғаулықты табыңыз. Дәптер мен қалам бар.



Ырықсыз етіс қатысқан сөйлемді анықтаңыз. Поэзия ойланудан басталады.

Ырықсыз етісті табыңыз. Келісім-шарт жасалды, енді іске кірісу керек.
: fr
fr -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты
fr -> Методическая разработка урока английского языка. "Времена года. Погода"
fr -> А 21 Тест №65. Объясни постановку или пропуск запятой
fr -> Расставьте знаки препинания. Графически обозначьте правила постановки запятой перед союзом как или её отсутствия
fr -> Выпускник историко-филологического факультета Петербургского университета Лев Щерба был награждён за блестящую работу по языкознанию золотой медалью и ему предложили остаться в университете
fr -> Дышит прямо в лицо холодное ночное дыхание и вот уже дремлешь
fr -> In the world of magic fairy tales Мир волшебных сказок Секция: Языкознание
fr -> 6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы
fr -> Основы лучевой терапии
fr -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Әдеби тіл және мемлекеттік тіл туралы түсінік қалыптастыру, «Тіл туралы» заң туралы мағлұмат беру




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет