Ф. Дінисламов. Кім болғын келеді?



жүктеу 88.11 Kb.
Дата30.06.2016
өлшемі88.11 Kb.

Жоба авторы

Аты-жөні, тегі

Куспанова Жанна Багиговна

Аймақ

Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы

Білім мекемесінің мекені

Ақтөбе

БМ/ мектеп нөмірі

№51 гимназия

Жобаның сипаттамасы

Оқу жобасының тақырыбы: Ф.Дінисламов. Кім болғын келеді?

Жобаның сипаттамалық немесе шығармашылық атауы: Мамандықтың бәрі жақсы

Жобаның қысқаша мазмұны

Жобамен жұмыс барысында бастауыш класс оқушыларының мамандық туралы түсініктері кеңейеді, бұрынғы және жаңа мамандықтар туралы мағлұмат алады, қазіргі таңда қандай мамандарға сұраныс бар екенін, қазіргі түлектер кім болғысы келетіндерін анықтайды. Оқу және проблемалық сұрақтарға жауап іздеу барысында оқушылар іздену әдістерін меңгереді, топтастыруға, болжауға үйренеді. Жоба барысында басқа пәндерден де алған білімдерін, яғни пәнаралық байланысты қолданады, жоба міндеттерін шешудің тиімді жолдарын іздестіреді,Интернетте желі қатынасын жасауға үйренеді, жобалап оқыту әдісінің ерекшеліктерімен танысады.

Пән(дер)

Әдебиеттік оқу, дүниетану, еңбекке баулу, математика

Класс(-тар)

Бастауыш мектеп, 4 класс

Жобаның шамамен ұзақтығы

2 апта 3 сабақ

Жоба негізі

Білім беру стандарты ҚРМЖМББС 2010

  • жанр түрлерін (шағын фольклорлық жанр, әңгіме, мысал, өлең, ғылыми - танымдық шығарма, очерк, мақала, сатира) ажырата алуды;

  • көлемі 300-350 сөзден тұратын мәтін мазмұнын қысқаша, толық және жоспар бойынша таңдап әңгімелей алуды;

  • мәтіннен теңеу, мінездеу, кейіптеу, әсірелеуді таба алуды;

  • мәтінге жоспар құруды;

  • шығармадағы оқиғаның ел басынан өткен тарихи оқиғамен байланысын табуды біледі.

  • ғылыми-танымдық және публистикалық мәтіндерден өзіне қажетті мәліметті таба алуды және оны берілген үлгіге (кестеге, сызбаға т.б.) сай өңдеп, жүйелеуді;

  • кітаппен және кітапханалық анықтама, библиографиялық әдебиеттер мен интернеттен өз бетінше деректер, ақпараттар жинай білуді;

Дидактикалық мақсаттары / Оқытудан күтілетін нәтижелер


Жоба аяқталғаннан кейін оқушыларымыз:

  • мамандық деген не?бұрынғы және жаңа мамандықтар,олардың ерекшеліктері, облысымызда қандай мамандық иелеріне сұраныс көп екені, түлектеріміз қандай мамандықты таңдап отырғандағы және ол мамандықты таңдауға не әсер еткені жайлы әңгімелеп және түсіндіріп бере алады;

  • жеке және топтағы жұмысты жоспарлауды, қалыптастырушы бағалаудан кейін жоспарға түзетулер еңгізуді;

  • өзінде бар білім мен білікті бағалауды, жетіспейтін жақтарын анықтауды;

  • алынған ақпараттарды талдауды, оларға сыни тұрғыда қарауды,бағалауды және ақпаратты әр түрлі тәсілдермен түрлі формаларда жасақтауды;

  • өзінің жұмысына рефлексия жасауды;

  • жобаны жүзеге асыруда ауызша, жазбаша, мультимедиялық және желелік коммуникацияларды қолдануды;

  • топтың, кластың қызығушылығына сай әрекет етуді;

  • өзін сыпайы, талғамға сай ұстай білуге;

  • жоба жұмысына жауапкершілікпен қарауды үйренеді.

Жобаны бағыттайтын сұрақтар

Негізгі сұрақ

Неліктен мамандықтың бәрі жақсы?

Оқу тақырыбының проблемалық сұрақтары

Әр мамандықтың сыры неде?

Бұрынғы және жаңа мамандықтар тарихын білесің бе?

Қазір қандай мамандықтарға сұраныс бар?

Кім болғым келеді?( Мектеп түлектерінің мамандық таңдауына не жәні кім әсер етеді?


Оқу сұрақтары

Мамандық деген не?

Сенің ата- аналарынның мамандығы кім?

Өлеңде көрсетілген мұғалім, егінші, шаштараздан басқа қандай мамандықтармен таныстыңыз, олар қандай қызмет атқарады?

Қазіргі кезде қандай мамандықтар пайда болуда?

Кім болғың келеді және неге?

Маман болудың пайдасы неде?


Бағалау жоспары

Бағалау графигі

Жоба жұмыстарына дейін

Оқушылар жобамен шұғылданады, тапсырмалар орындайды

Жобамен жұмыс аяқталғаннан кейін.

Топтау- кесте

Адам-табиғат, адам-техника, адам-адам, адам-белгі жүйелері, адам-көркем образ топтарына қандай мамандықтар жатады?

Алынған ақпаратты топтастыру

Эссе: Кім болам?

Еркін талқылау, сұрақтар

Мамандық туралы білгім келеді (жоба жоспары).



Бағалау өлшемдері соңғы нәтижені және кезендер барысында

Сауалнама

Сұрақтар

Жоба күнделігі

Бағалау парағы Тексеру маршруты

Әр топта аралық нәтижені талқылау Сабақтан тыс уақытта оқушылармен қатынас жасау



Жоба блогі

 


 Конференция

Топтар жұмысын өлшемдік бағалау бланкі.

Жәрменке (жоба материалдарын презентациялау)

Ассоциация – енді мамандық туралы не білесіздер?

 


Бағалау әдістерінің сипаттамасы

Топтау - кесте: жоба тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін анықтау мақсатында кесте толтырылады.

Алынған ақпаратты топтастыру– жобамен жұмыс жасау бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.

Эссе: Кім болам? -  оқушылардың мамандық туралы жеке ойларын білуге мүмкіндік береді.

Жәрменке (жоба материалдарын презентациялау)- жоба өнімдерімен танысу, талқылау, сұрақтар мен коментарийлер

Бағалау парағы жобадағы оқушының әрекетін талқылау парағы, оқушылар парақшаға өз бағалары түсіреді.



Жоба туралы мағлұмат

Бастапқы қажетті білімдір, біліктер, дағдылар.

Пән бойынша: мамандық және оның ерекшелігі туралы жалпы түсінік.
Негізгіне таба алу біліктілігі (оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып)
ДК-қа жұмыстың қолданбалы дағдылары (мәтіндік, графикалық редактор, презентацияда слайдтар жасау және редакциялау), Вики ортасында жұмыс iстей бiлу - (мақаланы редакциялау, блогке комментарий енгізу)

Оқу шаралары

Оқуты кезеңдері
Дайындық кезеңі (жобамен жұмыс бастағанға дейін )

Жобаға әр қатысушыны тарту, оқушылардың жұмыс жасауына түрткі жасау және білімдерін актуалдау үшін кестеге оқушылар білетін мамандық атаулары жазумен басталады. Одан кейін ақпарат жұпта, топта талқыланады және жалпы ақпарат тақтаға жазылады. Ақпарат оқушылардың таңдаған тақырыптары бойынша топтастырылады; мамандық сырлары, бұрынғы және жаңа мамандықтар, кім болам, мамандықтарға сұраныс т.б – барлығы тақтаға ақ бормен жазылады.



Негізгі сұрақты талқылау

Жауап табуды қажет ететін сұрақтар тізбегін құрастыру үшін «Сұрақтар ағашы» тәсілі қолданылады.Сұрақтар жұпта, топта, ал кейін ұжыммен сұрақтар талқыланып, әрекет ету бағыттары таңдап алынады.


Негізгі кезең ( тапсырмалар орындау және жобамен жұмыс)

Жобаға қатысушылар жұмыс бағыттарын жазып алады (ақпараттарды классификациялау барысында анықталды) :



  1. мамандық сырлары,

  2. бұрынғы және жаңа мамандықтар,

  3. кім болам?

  4. мамандарға сұраныс.

Жұмыс бағыты анықталып және бағыт бойынша топтар қалыптастырылып болғаннан кейін, әр топ өз зерттеу тақырыбы бойынша берілген алгоритммен жұмыс жасады:

  • Мақсат, міндеттерді белгілеу

  • Проблема бойынша әдебиеттерді талдау

  • Зерттеу әдістерін анықтау. Класс жетекшісінің консультациясы.

  • Жеке зерттеулер.

  • Мәліметтерді талдау.

  • Алынған мәліметтерді бағалау, ұсыныстар жасау.

Оқушылар практикалық жұмыстар орындайды. Бұл алдағы зерттеу материалы. 

Жоба жұмыстарын қорғау алдында оқушылар бағалау өлшемдерін қолданып нәтижелерін топта талқылап, конференцияға қатысуға дайындықтарын тексерді. Жоба жұмысы белгілі бір өлшемдер бойынша бағаланады. 



Қорытынды кезең. Жобаны қорғау ( жоба жұмысы аяқталғаннан кейін).
Жоба қорғау жұмыстары мектеп әкімшілігі, бастауыш класс мұғалімдері мен ата-аналардың қатысуымен конференцияда өтеді. Жұмыс нәтижелері презентация түрінді беріледі. Жоба барысында оқушылар жоба күнделігін жүргізеді.

Саралап оқыту материалдары

Оқу материалын меңгеруде проблемалары бар оқушы (Проблемалық оқушы)

Нақты тапсырма беру, көмек көрсету, жоба жұмысының нәтижелері: көлемі, мазмұны және қорытынды (ауызшы, жазбаша, диаграмма, сурет) осы балалардың даму деңгейіне сай болады.


Сабақ беру тiліоқушы үшін ана тілі емес

Адаптавті материалдар: ана тіліндегі мәтіндер, екі тілдегі сөздіктер, электронды аудармашылар және оқушының өз ана тіліндегі сайт – ресурстарына сілтемелер ұсыну.

Дарынды оқушы

Саралап оқыту құралдарын жеке таңдау (мысалы, жобаның мақсаттарымен,баланың қабiлетттері мен қызығушылықтарына сәйкес ақпаратқа және құралдарға қол жеткізу. Жоба шеңберiнде зерттеулердiң ашық тақырыптары. Жоғары ойлаудың қызметі - талдау және синтез тәсілдерімен, нәтижелерді бағалау өлшемдерін анықтаумен байланысты әрекетті ұйымдастыру. Қабылдауларын ұйымы, белгiлердiң анықтауымен дағды құрастыруға қатысты бағасы үшiн.

Жоба үшін қажетті материалдар мен ресурстар

Технологиялар – құралдар (керек тармақтарды белгiлеңiз)

Фотоаппарат, видеомагнитофон, компьютер(-лер), принтер, видеокамера, сандық камера, видео-, конференц-құралдар, DVD-проигрыватель, сканер, интернет-байланыстың басқа түрлері, теледидар.

Технологиялар - программалық қамтамасыз ету(керек тармақтарды белгiлеңiз)

СУБД/электронды кестелер, суреттерді өндеу, веб-сайт дайындау бағдарламалары, үстел үсті басылым жүйесі, веб-браузер, мәтіндік редакторлар, электрон почта бағдарламалары, мультимедиялық жүйелер , CD-ROM –дағы басқа анықтамалықтар

Баспа негiзiндегі материалдар

Әдебиеттік оқу оқулығы 4 класс

Профессии: справочник профессии

3. «Секреты Мастерства» А. Лопатина, М. Скребцова.

http://nsc.1september.ru/articlef.php?ID=200702203

http://www.bookshunt.ru/b72828_uchebnik_dlya_malishej._azbuka_professij

http://www.dobrieskazki.ru/parikmaher.htm


Басқа құралдар

Фотоаппарат,принтер,видеокамера,сандық камера, DVD-проигрыватель, сканер, диктофон, парақшалар, теледидар.

Интернет-ресурстар

проектная деятельность

портфолио-Мамандық таңдау

http://ru.wikipedia.org/

http://prof.biografguru.ru/

http://www.letopisi.ru/index.php

Басқа ресурстар

Ата-аналарды көмектесуге жұмылдыру.

Оқу орындарымен, қалалық статистика бөлімімен ,қалалық жұмысқа орналастыру орталығымен байланыс орнату.

Мектеп психологтарынан сауалнама өткізу жайында консультациялар алу.

9,11 класс оқушылары мен ата-аналар арысында сауалнама өткізу.



Гимназияішілік ОҒҰ байланысып, тәлімгерлер белгілеу.

: images
images -> Орта мектепте оқыту процесінде көптілділікті дамыту мәселелері
images -> ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
images -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаевтың шығармашылық портреті. Білімділік мақсаты
images -> Сабақтың мақсаты: Білімділік
images -> Сабақтың тақырыбы: алғашқы адамдардың пайда болуы Сабақтың мақсаты
images -> Абылай хандығы Сабақтың мақсаты
images -> Сабақтың тақырыбы: § 31. Патша үкіметінің отаршылдық қоныс аудару сясаты. § 32. Қоныс аударушылардың шаруашылығы
images -> Қазақстан республикасы экономикалық Қылмысқа және сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы күрес агенттігі
images -> Біздің елімізде тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап-ақ азаматтардың құқықтарытары мен бостандықтарының сақталуына жете маңыз беріліп келеді
images -> Павлодар мемлекеттік педагогикалық институы «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша «Мемлекет және құқық теориясы» пәнінен дәріс курстары




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет