Ф-об-001/033 мазм ұ н ы кіріспе



жүктеу 1.22 Mb.
бет2/4
Дата20.06.2016
өлшемі1.22 Mb.
1   2   3   4

1.4 Деңгейлеп оқыту технологиясы

ХХ ғасырдың аяқ кезіндегі педагогикалық ой – тұжырымдардағы

гуманизм идеялары,еркін білім беру, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту үшін мектептің алдында оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына мектеп ортасында қолайлы жағдай жасау қажеттілігі туындайды. Мектептің педагогикалық құрылымда негізгі құндылық – оқушы және оның жеке тұлғасы. Педагогика ғылымының докторы, Ж.Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі туралы іліміне сүйеніп, әр пән бойынша деңгейлік тапсырмалар дайындауға болады. ¤йткені қазіргі экономикалық жағдай оқушының жаңа үрдістерін талап етуде. Сондықтан ғылыми ізденіс барысында педагогика саласындағы оқытудың деңгейлік жүйесі оқушылаға ғылым негізін меңгертудің негізі тиімді жолы болып табылады. Деңгейлік оқытудың ерекшелігі – оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасай алатындығында. Сонымен бірге қазіргі жаңа технологиямен оқыту барысында компьютерлер мен оларды басқарушы алгоритмдер біздің қоғамымыздың маңызды бµлігіне айналды. Олай дейтініміз, бүгінгі таңдағы жаңадан шығып жатқан электронды оқулықтар оқушының жаңаша оқытылуын, жаңа оқу әдістерін, жаңа мазмұнды қажет етеді [17].

Оқулықтардың жаңа технологиясының бірі – жалпы білім беретін мектептерде әр пәнді деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту болып табылады. Оқушыларды деңгейге бµліп оқытуға бола ма, оның қандай тиімділігі бар, деңгейге бµліп оқытудың µзіндік ерекшеліктері қандай және жеке тұлға тәрбиелеуде қандай кµмегі бар деген сауалдарға тоқталсақ, деңгейге бµліп оқыту кезінде оқушылардың тәжірибелік – теориялық дайындығын, оқуға деген ынтасын, дара қасиетін әлеуметтік – психологиялық танымал, сұранымын ескеру талап етіледі. Сондықтан да тиімді дәрежеге жету үшін оқушының білім мен деңгейіне байланысты жұмысты ғылыми түрде ұйымдастыру қажет [18].

Қазіргі базалық білім беру – жеткілікті білімнің тµменгі шегі. Мұғалім баланы оқыту барысында оқушыға тақпақ жаттатып, ережелерді оқытып, жаттығулар орындатып әр түрлі жұмыстар жүргізеді. Оны талап етеді. Ол мұғалім үшін қиын жұмыс емес. Оқушы мұғалімнің айтқанын кітаптан оқып, тақпақты жаттап (тіпті ол оны қызықтырмаса да) ережені айтып беруі мүмкін. Бірақ, оқушы сол оқыған материалдың ішкі дүниесін түсінді ме, ол туралы әрі қарай µздігінен іздене ме, µз тарапынан жаңа пікір қоса ала ма, µмірде іске асыра ма, міне негізгі мәселе осында жатыр.

Мектеп оқушыларының білім деңгейінің кµрсеткішін тµмендегідей бағалауға болады: I деңгей (тµмен) – эпизодтық. Білімді жаңа жағдайға кµшіру мұғалім кµмегімен жүзеге асырылады; II деңгей – түсініктерді жүйелеу деңгейі. 70 % ғылыми ұғымдарды саналы түрде анықтайды; III - деңгей (жоғары) бастапқы ғылыми ұғымға µту (ауысу) деңгейі деп белгілейді [19].

Деңгейлік тапсырмалардың ауқымы µте кең. Оқулықтағы жаттығулар - µтілген ережелер бойынша қайталау, пысықтау, бекіту жұмыстарына арналған тілдік,грамматикалық жұмыстар жүйесі. Деңгейлік тапсырмалар құрамында мәтіндер, сµзжұмбақ, қызықты грамматика, тестік сұрақтар, іскерлік ойындар мен тренингтер жүйесі қамтылады. Бұлар оқытудың деңгейіне сәкес оқушыны саралап оқытуға ыңғайлы,әрі оқу бағдарламасы бойынша оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылып, оқулыққа қосымша пайдалануға беріледі. Оқушыны деңгейіне бµліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі. Оқушының алған білімін жүзеге асыра алатындығы тексеріледі. ¤з бетімен жұмысты орындауға бейімділігі бақылауға алынады. Қорытындысында деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып шығармашылыққа ұмтылады. Деңгейлік оқыту барысында біліктілікке жетеді.

Бірінші деңгей тапсырмаларды білімнің минималдық шегі, мемлекеттік стандарт талабына сәйкес бағдарлама мµлшерінен аспайтын, оқушының жас ерекшеліктеріне сай болады. Сынып бағдарламасына байланысты лексикалық тақырыптар мен грамматикалық тапсырмалар, тілдік ережелер, жазба жұмыстарын орындайды. Кейіннен жоғары сыныптарда оқыған кездерде де есінде тұрақты қалатындай бағытта сµздік минимумдарды меңгереді. Тыңдап, түсініп оқып, аударып, жаза алады. Айналадағы адамдардың айтқанын түсінеді, естігені бойынша сұрақтарға жауап береді.

Екінші деңгей тапсырмалары түрленіп, күрделене түседі, сынып бағдарламасына сай лингвистиканың барлық түрлерімен жұмыс істейді. Оқушы µз бетімен керегінше қызмет етеді. Оқу мотивтері қанағаттанарлық дәрежеде. Ықыласы жоғары. Оқушының сµйлесуі, хабарды түсінуі, қабылдауы, жазба жұмыстарын орындау кµрсеткіштері індетті деңгейден әлдеқайда жоғары болады. Бірінші деңгейден бастау алған сµйлесу үшінші деңгей оқушылардың шығармашылыққа деген мотивтердің айқын кµрінуімен логикалық ойлау дәрежесінің жоғары болуымен, µз жеке басының белсенділігімен , ісіне талдау жасай білуімен, білімді жаңа жағдайға пайдалануымен сипатталады. Хабарлау, суреттеу, бейнелеу тапсырмаларын орындайды. Ситуацияға байланысты әр түрлі нұсқада диалог құрады. Мәтін бойынша сұрақ қояды. Талдау, жинақтау, салыстыру жұмыстарын жүргізеді. Танымдық – іздену (эвристикалық) түрдегі жұмыстарды іздеп µз бетімен орындайды. Тµртінші деңгей дарынды, ізденімпаз, қабілеті жоғары, талапты балаларға арналады. Оқушыларға мұғалім тек тақырыбын ғана береді, оқушының µзі мақсатын қояды, әдістерін іздейді, нәтижесіне жетеді. Жазба жұмыстарын орындайды [20].

Оқыту практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын енгізу оқу ақпараттары кµлемінің ұлғаюы, оқушыларға түсетін «салмақтың» артуы басты себеп болды. Деңгейлеп оқыту – оқытылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі жүзеге асырылады. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты - әрбір оқушы µзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету.



Деңгейлеп оқытудың ерекшеліктері:

  1. Денгейлеп оқыту әр оқушыға µз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырыпбілім алуына жағдай жасап, мүмкідік береді.

  2. Денгеилеп оқыту әртүрлі катигориядағы балаларға бірдей зейін аударып,олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

  3. Денгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі үш денгеиі қарастырылады: ең тµменгі денгеи (минималды базалық),бағдарламамалық, күрделенген денгей.

Базалық денгей-мемлекеттік стандарт бойынша анықталған ең тµменгі шек. Сондықтан оны әрбір оқушы менгеруі тиіс. Бұл деңгей оқушыға µзінің қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді.

  1. Оқушының жеке тәжірбесіне негізделген оқыту технологиясы тиімді де нәтежелі болу үшін.

Жеке тұлға ерекшеліктеріне;

Психикалық даму ерекшеліктеріне (есте сақтау, қабілетінің ерекшелігіне, ойлау, қабылдау, зейін ерекшелігіне,µзінің эмоциясын басқара білуіне);

Пән бойынша білімді игеру деңгейіне /оқушының білімімен іс-әрекет тәсіліне назар аударып,кµңіл бµлу керек [21].

1.5 Ақпараттық технологиялар

Соңғы жылдары «компьютерлік технологиялар» деген ұғым «ақпараттық технологиялар» терминімен алмастырылуда. Бүкіл ақпараттық технологиялар компьютерлік оқытумен байланысты. Қазіргі күннің қажеттілігі - қарқынды күшейте (интенсивті) оқытудың ашық жүйелерін жасау және қолдану. Бұл жүйелер оқушыға µзіне тиімді оқыту технологиясын таңдап алуына және жеке даму бағдарламасын құруына мүмкіндік береді. Бірақ, қарқынды күшейте оқытудың ашық жүйелерін синтездеуді іске асыру тµмендегідей шарттарды орындаған ғана мүмкін болады:

* Оқыту үрдісі жүргізілетін ортаның сипаттарын жан – жақты есепке алу:

педагогикалық ортаның мазмұндық сипатын студенттердің білім, білік,

дағдыларымен, танымдық және мәдени потенциалымен, оқуды және µздігінен жұмысты ұйымдастыруының әдістерімен және формаларымен анықталады;

* Оқыту үрдісінің студент жеке тұлғасына қатысты бейімделу

принципінің ұсталуы: бұл приннцип практикада студенттің пәнді игеруінің

тармақталған бағдарламасын жасау арқылы іске асады (пәннің ішкі және

сыртқы модульдерін құрастыру);

* Студенттің жалпы ғылымдық және арнаулы білімдерді қысқаша түрде,

базалық білімдер берілген пәннің « логикалық конструкциясын» жобалау

арқылы жеке игеруін жылдамдату принципі [22].



Пәннің жалпылама логикалық конструкциясын жобалау алгоритмі тµмендегідей процедуралардан тұрады:

  1. Мазмұнды бµлек элементтер жүйесі түрінде елестету, қарастыру;

  2. Базалық білімдерді бµліп қарастыру үшін элементтердің µзара байланысының матрицасын жобалау;

  3. Базалық білімдерді символдық, графикалық т.б. түрлерде модельдеу;

  4. Базалық білімдерін неғұрлым жалпы ұғымдар мен олардың арасындағы жүйелік байланыстарды анықтау үшін қайта жасақтау;

  5. Ғылыми білімнің берілген бµліміне тән танымдық қызметтің жалпы құрылымын қалыптастыру;

  6. Жалпы әдіс – құралдармен шешілетін жеке тапсырмалар жүйесін жасау.

1.6 Қашықтан білім беру жүйесінің негізгі ұғымдары.

Оқыту - білім алудың және шеберліктер мен дағдыларды қалыптастырудың мақсатты, жүйелі түрде ұйымдастырылған үрдісі, ал білім берубұл тұлғаны оқытудың нәтижесі.

Қашықтан оқыту - бұл оқытушы мен оқушы бірге бола алмаған жағдайда белгілі бір ара қашықтықта оқыту тәсілдері. Тарихи тұрғыдан алып қарасақ қашықтан оқыту бұрын сырттай оқыту деп аталатын еді. Ал, бүгінгі күні бұл – байланыс каналдары арқылы байланысатын аудио. Бейне және компьютерлік жүйелерді қолданатын оқыту құралдары.Күндізгі және сырттай оқу формалары сияқты қашықтан оқыту да білім беру процесінде оқытудың компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларына негізделген ең озық дәстүрлі және инновациялық әдістері, формалары мен құралдары қолданылатын білім алудың бір формасы болып табылады.

Қашықтан білім беру - қашықтан оқытумен тығыз байланысты. Қазіргі күнгі ғылымда қашықтан білім беру - бұл білімді қолма – қол беру процесі (ол үшін оқу орталығы мен оқытушы жауапты), ал, қашықтан оқыту – бұл білімді қабылдау процесі ( бұған оқушы жауапты) деген ұғым қалыптасқан. Қашықтан білім беру - жаңа ақпараттық технологиялар мен мультимедиа жүйелері негізінде күндізгі, сырттай және кешкі оқыту жүйелерінің элементтерін біріктіретін, ерекше, жетілдірілген форма. Қазіргі заманғы телекоммуникациялық және электрондық басылымдар құралдары дәстүрлі оқыту формаларының жағымды жақтарын сақтай отырып, олардың жетіспейтін жерлерін толықтыруға мүмкіндік береді [23].

Қашықтан білім берудің ерекшеліктері:



Икемділік. Оқушылар кµп жағдайда лекция, семинар түріндегі сабақтарға қатыспайды. Әркім µзі таңдап алған мамандықты қажетті деңгейде игеру үшін µзіне ғана керекті мµлшерде білім алады

Модулділік. Қашықтан оқыту бағдарламасының негізіне модулдік принцип салынады. Оқушылар игеретін әрбір пән немесе пәндер жүйесі белгілі бір ғылым саласы туралы тұтас ұғым қалыптастырады. Ал, мұның µзі бір – біріне тәуелсіз оқу курстарынан жеке немесе топтық талаптарға жауап беретін оқу жоспарын құруға мүмкіндік береді.

Параллелділік. Оқыту процесі негізгі кәсіби қызметтің оқумен қатар жүруіне мүмкіндік береді,яғни , µндірістен қол үзбеуге жағдай жасайды.

Алыстан қызмет кµрсету мүмкіндігі. Оқушы мен білім беретін мекеме арасындағы қашықтық (байланыс жүйелері жұмысының сапалылығы жағдайында) тиімді білім беру процесіне кедергі болмайды.

Қамту. Бұл ерекшелікті кейде «кµпшілікті қамту» деп атайды. ҚОЖ жүйесінде оқитындар саны шектеулі параметрге жатпайды. Олардың кµптеген оқу ақпараттары кµздеріне (электрондық кітапханалар, ақпарат базалары) ену мүмкіндіктері бар, сондай – ақ олар бір – бірімен және оқытушымен байланыс жүйелері немесе басқа да ақпараттық технологиялар құралдары арқылы байланыса алады.

Рентабелділік. Қашықтан оқытудың бұл ерекшелігі оның экономикалық тұрғыдан тиімділігімен айқындалады. Шетелдік қашықтан оқыту жүйелерін бағалау олардың дәстүрлі жүйеге қарағанда 10 – 50 % - ға арзанға түсетіні кµрсетіп отыр. Бұл, әдетте, оқу алаңдарын және ақпараттық технологиялардан техникалық құралдарын тиімді қолдану, сондай – ақ, оқу материалдарының неғұрлым шоғырландырылған және бір жүйеге келтірілген мазмұнын қолдану, ҚОЖ технологиясының µте кµп тыңдаушылар санына бағытталғандығымен түсіндіріледі [24].

Жаңа ақпараттық технологиялар. Қашықтан оқыту жүйесінде басым түрде жаңа ақпараттық технологиялар (компьютерлер, аудио – бейнетехника, телекоммуни-кациялардың жүйелері мен құралдары т.б.) қолданылады.

Қашықтан оқытудың құралдары мен формалары.

Қашықтан оқытудың білім берушілік үрдісінде келесі оқыту құралдары қолданылады.



  • Баспалық шығарылымдар;

  • Электрондық басылымдар;

  • Кәдімгі және мультимедиалық варианттардағы компьютерлік оқытушы жүйелер;

  • Оқу – ақпараттық аудиоматериалдар;

  • Оқу – ақпараттық бейнематериалдар;

  • Қашықтан жүргізілетін лабораториялық практикумдар;

  • Тренажерлер;

  • Алыстан қол жеткізілетін білімдер мен ақпараттар базалары;

  • Электрондық кітапханалар;

  • Эксперттік оқыту жүйелеріне негізделген дидактикалық материалдар;

  • Геоинформациялық жүйелерге негізделген дидактикалық материалдар;

  • Компьютерлік жүйелер.

Қашықтыққа ақпараттар жеткізу технологиясы бойынша қашықтан оқытудың мынадай түрлерін бµліп кµрсетуге болады:

  • Баспалық материалдарды почта арқылы тарату (дәстүрлі сырттан оқыту формасына тән);

  • Аудио – бейнентаспаларды және СD – ROM жүйелерін тарату;

  • Интерактивті ТВ мен бейнеконференциялар арқылы тарату;

  • Телеконференциялар, IRC, MOO, MUD (Internet жүйесі базасында ) арқылы;

  • Электрондық почта және тарату қағаздары арқылы (Internet жүйесі базасында) тарату;

  • W W W арқылы тарату.

Соңғы кездерде Internet технологиясы басқа формаларды ығыстырып шығаруда. Бұл құбылыс үш жағдайға байланысты:

  1. Кез – келген оқу моделін неғұрлым арзан және ыңғайлы құралдармен бейнелеуге мүмкіндік беретін Internet – технологиялардың техникалық тұрғыдан дамуы;

  2. Internet жүйесіне қосылудың қарапайымдылығы;

  3. Жүйеге қосылу құнының тµмендігі.

Кейбір жүйелер оқу ақпараттарын алу тәсілдері бойынша ажыратылады:

  1. синхронды оқу жүйелері;

  2. асинхронды оқу жүйелері;

Синхромды оқу жүйелері оқу процесіне оқушы мен оқытушының бір мезгілде қатысуын қарастырады. Бұл жүйелерге:

  • интерактивті теледидар;

  • бейнеконференциялар,

  • IRC;

  • MUD;

  • MOO жатқызылады.

Асинхронды оқу жүйелері оқушы мен оқытушының оқу процесіне бір мезгілде қатысуын талап етпейді. Оқушы сабақтың уақыты мен жоспарын µзі таңдайды. Қашықтан оқытуда мүндай жүйелерге баспалдық материалдар негізіндегі, аудио-және бейнетаспалардағы, электрондық почталардағы, WWW, FTR курстары жатады.

Қашықтан оқытуда,сондай-ақ, синхрондық жүйенің де, асинхрондық жүйенің де элементтерінін пайдаланатын аралас жүйелер де қолданылады [25].



Телеконференциялар -бұл екі немесе одан да кµп қатысушылардың µзара қарым-қатынасын ұйымдастыру үшін байланыстың электронды каналдарын пайдалану процесі. Телеконференция процесінде дыбыс, бейне немесе компъютерлік ақпараттар жеткізіледі. Телеконференцияға жіберілетін хабарлар оның барлық қатысушыларына бірдей жеткізіледі де, сол арқылы бұл процесті дµңгелек стол айналасындағы сұхбат алмасуға ұқсатып отырады.Әрбір конференцияға тематиканың, этикетінің бұзылмауын қадағалап отыратын координатор басшылық етеді. Телеконференциялар аудиоконференция, бейнеконференция және компьютерлік конференция сияқты түрлі технологияларға қатысты айтылатын жалпы термин.

Аудиоконференциялар - қатысушылар дауыстық коммуникацияға түсетін телеконференцияның бір түрі. Аудиоконференцияларды сандық, сонымен қатар аналогтық байланыс жүйелерінде ұйымдастыруға болады. Аудиоконференциялар біржақты бейнеқатынастарда, спутниктік телевидениеде, сондай – ақ селекторлық кеңестер ұйымдастыруда кеңінен қолданылады.

Бейнеконференцияларбұл қажетті аппараттық – бағдарламалық кешендермен қамтамасыз етілген екі немесе одан да кµп нүктелер арасында бейнекµріністермен немесе дыбыстық ақпараттармен алмасу әдісі. Оған қатысушылар бір – бірін шынайы уақыт аралығында кµре және ести алады, Сондай – ақ, ақпараттар алмасып, оларды біріге отырып µңдей алады.. Мынадай жүйе оқушылардың оқытушымен тікелей қарым - қатынас кететін шығындарын болдырмайды, жұмысының нәтижесін жоғарылатады. Іс жүзінде кез – келген ақпаратты тез және оңай түрде жеткізе алу мүмкіндіктерін ескеріп, бейнеконференцияларды қашықтан білім беру жүйесін ұйымдастырудағы ең тиімді технология ретінде қарастыруға болады.

Компьютерлік телеконференцияларғажүздеген және мыңдаған Internet жүйесін пайдаланушылар қатыса алады. Конференцияға қатысу технологиясы µте қарапайым – адресін теріп алсаңыз болды. Конференцияға қатысушының компьютері экранында оған қатысушы µзге мүшелердің пікірлері мен айтқан сµздері кµрініп тұрады. Хабарлар мен пікірлер экранда µте тез пайда болғанымен телеконференцияларды синхронды құралдар қатарына толықтай қосуға болмайды. Бұл технология µте үлкен кµлемді хабарландырулар тақтасын еске түсіреді. Сол хабарландырулар тақтасындағыдай мұнда да ақпарат кµздері біраз уақыттар бойына сақталып тұрады. Керек болған жағдайда оған қайтып оралып, хабарламаларды қарап отыруға болады [26].

Интерактивті әдіс, тәсілдерді келесі сызба – нұсқа ( сурет 1) бойынша жеке – жеке сипаттама беріп, анықтамаларын айтар болсам олар мыналар:

* Ойлан, жұптас, пікірлес- оқушыларға қандай да болмасын сұрақ тапсырма берілгеннен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интербелсенді тәсіл. Тақтада сұрақ, тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше µз ойларымен пікірін берілген уақыт ішінде (2-4 минут) қағазға түсіреді.


Сурет 1 – Интерактивті әдістердің түрлері

Т – к е с т е

Б о л ж а у
А я л д а м а

О й

ќ о з ѓ а у
Ж И Г С О

Интерактивті

әдіс,

тәсілдер


А в т о р ғ а

х а т

К л а с т е р

Э с с е

Б е л г і

ќ о й ы п

о ќ у
( I N S E R T )

Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3-4 минут талқылайды пікірлеседі. Оқытушының екі үш жұпқа µз пікірлерін бүкіл аудитория жарияларуын сұрауына болады. Бұл тәсілді шағын топтарда ғана емес сонымен бірге оқушылардың саны кµп лекциялық лектерде (100 және оданда кµп) қолдануға тиімді.

* Атаулар туралы үш сұрақ - бұл тәсіл «алдын –ала берілген атаулар» тәсіліне ұқсас. Оқытушы сабақ барысында 3 терминді тақтаға жазып, оқушыларға осы атауларға қатысты жазбаша жауап беруді тапсырады:


  1. Бұл терминдерді сіз бұрынырақта қайда және қандай контексте кездестіріп едіңіз?

  2. ¤з тәжрибеңізден осы атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласыз ба?

  3. Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсыз?

Әдеттегідегідей бұл жұмысты оқушылардың жеке, жұппен ауызша не жазбаша орындауы ықтимал. Содан кейін оқытушы бірнеше оқушының пікірін тыңдайды.

Оқытушының сұрақтарды шығармашылық тұрғысынан әр сабақты тақырыпқа байланысты µзгертіп отыруы тиімді [27].



1.7 Сын тұрғысынан ойлау

"Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту" - педагогикалық технолгияның бір саласы болып табылады. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түпкір-түпкірінен жиналған білім берушілердің еңбегі. Бұл технологияны жүйеге келтірушілер: Джинни Стил, Курт Мередит, Чарлз Темпл.



Мақсаты. Барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы кµзқарастарды тепе-теңдікте ұстап зерттеу. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау тек ересек адамдарға немесе жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән емес. Яғни, жас балардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда µз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып белгілі бір жетістіктерге жетері сµзсіз.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз (СТО) - ақпартты қабылдаудан бастау шешім қабылдаумен аяқталатын ойлаудың күрделі процесі.

СТО оқушылардың мәтінмен жұмыс дағдыларын дамытуға ауызша және жазбаша тілдің барлық түрімен қарым-қатынас дағдыларын меңгертуге бағытталған педагогикалық тәсіл.

Чарлз Темпл бойынша мектепте оқытудың белсенді түрлерін қолданудың дәлеледері.

Белсенді түрде ойлау мен сыни тұрғыдан ойлау µмірде қолданыс табатын білім береді. Кµп жылдар бұрын филососф Алфред Норт Уайтхэд (1910-1957) жазғандай, ал бұл тұжырымды кейініректе психолог Ховард Гарднер (1991) дәлелденген, тәжірибе жүзінде кµрсеткен, білімнің ырықсыз, пассив күйде қабылданатын түрін (мектептік білім) тәжірибеден ойланбай алынатын білім (интуитивтік білім), және әлемді түйсініп, ақпаратты алумен қатар оны игеру арқылы проблемаларды шешуді меңзейтін ғылыми түрде дәлелденген тұжырымдамалар мен ойлау процесте құралған ( жүйелі білім мен ойлау) білім түрін ажырату керек.

Жүйелі ойлау тек қана белсенді түрде ғана сіңіріледі. Ал егер де оны игермесек, онда біз күнделікті проблемалар туралы тек интуитивтік білім

(оның кемшіліктерінің баршылық екендігін мойындауымыз керек) арқылы ғана ойланатын боламыз да, мектептік білім негізінде емтихан мен тесттерді тапсырып, жаңа таныстарымыз алдында сол білімімізбен мақтанатын боламыз. Жүйелі білім мен ойлау дегеніміз ғалымдар, әдеби сыншылар мен әлеуметтік философтар қолданатын ойлау түрі, ол жоғарғы білім беру жүйесінің ең ылайықты және үйлесімді мақсаты болып табылады. Біз оқушыларымыздың тек жеке пәндердің негізгі тұжырымдарын біліп қана қоймай, сонымен бірге алған ақпарат негізінде жүйелі түрде ойлай білетін дағды алуын қалаймыз, яғни олар осындай терең тұжырымдамаларды құрастыруға әкелетін білікті меңгеруі керек: кейініректе бұл дағды оқушыларға бұдан да кµлемді жаңа білім құрастырып, бүгінгі күні оқытушылар болжап біле алмайтын проблемалардың шешімін табуға мүмкіншілік туғызады [28].

Парасаттық (интеллектуалды) дамудың ең танымал сипаттамасы Жан Пиаженің қаламынан туындаған. Ол оқушылар парасаттық дамуының шегіне мектептің соңғы сыныптарында ( 16-18 жаста) жетеді деп тұжырымдаған. Алайда мектеп оқушылары парасаттық µсуін жалғастыра береді және де тек білім алу тұрғысынан емес – олар ақиқатқа қол жету жолдарын кеңейтіп, парсатты ізденістерін тереңдете түседі.

Сын тұрғысынан ойлау оқыту тәсілінің бір ерекшелігі бұл құрылым үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің модельі. Білімнің болашақта пайдаға асуы қажетке жарауын қалыптастырады. Кµп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.Бұлар оқушылардың µздері оқытудың мақсатын анықтауға, ақпаратты іздеуге белсенді кірісуге және алған білімдері туралы ойлануға мүмкіндік береді. СТО бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны ашу, ой толғаныс кезеңдерінен тұрады.

I ҚО – қызығушылықты ояту.

‡йрену процесі – бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады.Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысында тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Оған мысалы ретінде ой шақыруды алуға болады.



II МА – мағынаны ашу – бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады. Тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оқушылар арасында оқуға жеңіл желпі қару салдарынан түсіне алмау, µмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Бұл инсертті ұйымдастыру аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден бір кепілі. ‡йренушілер білетінін анықтап, білмейтінін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында кµпірлер құрастыруға ұмтылады.


III ОТ Кесте 1– ой толғаныс.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны ашу

Ой толғаныс

Ой шақыру

INSERT

Бес жолды µлең, Т-кестесі, Эссе, дµңгелек үстел, Пікірталас және т.с.с


Ой шақыру немесе жұптағы ой қозғау ( brainstorming) – оқушылар қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін уақыт µте (2-4минµт), оқушылар µз жазғандарымен бµліседі, сұрақтарға жауап береді, тізімдерін толықтырады.

( Бұл тәсіл R.Vassa. Content Area Reading. New York: Harper Colins, 1989.кітабында келтірілген).

Белгі қойып оқу немесе INSERT ( Interaktive Nothing System for Effective reading and thinking – тиімді ойлау мен оқуға аранлған белгілеудің итербелсенді жүйесі) – жаңа мәліметтерді игерудің интербелсенді тәсілдері.

Білемін, білгім келеді, білдім бұл тәсіл Жұптағы ой қозғауға ұқсас. Бұл тәсілдің алғашқы екі тапсырмасы сабақтың бастапқы бµлімінде орындалады. Оқытушы сабақ басында оқушылардың жаңа тақырып бойынша білгендерін жазбаша айқындауын сұрайды: оқушылар алдымен жекеше, содан кейін жұптасып білгендерін келтіреді. Оқушылардың жазбалары талқыланғаннан кейін, оларға «Осы тақырып бойынша не білгіңіз келетінді жазыңыздар!» деген келесі жазба тапсырмасы беріледі. Бұл тапсырма да осының алдындағыдай орындалады.

Сабақ барысында оқушылар жазғандарын тақырып мазмұнымен салыстырып, «Менің сабаққа дейін білгенім дұрыс\бұрыс па екен? Менің білейін дегенім сабақта қарастырылды ма?» деген сұраққа жауап беріп отырады. Сабақ аяқталысымен оқушылар «Мен не білдім?» деген сұраққа жазбаша жауап береді, жауаптарын жұптасып немесе топ ішінде талқылайды. Оқытушы бүкіл аудиторияның пікірін білгені дұрыс. Егерде оқушылардың білейін деген сұрақтары сабақта қарастырылмаса, оқытушы оларды бұ мәселелерді µздігімен игеруі сұрауы мүмкін.

Оқушылар сонымен сабақ барысында келесідей кестені толтырып шығуы қажет (оның оң жағына олар µз ойларын келтіреді):



БББ-кестесі Кесте - 2

Білемін

Жаңа ақпаратты айқындауға дейін

Білгім келеді

Жаңа ақпаратты айқындауға дейін

Білдім

Лекциядан кейін

Бес жолды µлең

1. не? 1 зат есім

2. қандай? 2 сын есім

3. Не істейді? 3 етістік

4. Синоним 1 синоним

5. Идея 4 сµзден тұратын бір сµйлем

* Еркін жазу - оқушылардың тақырып бойынша µз ойларын қағазға

түсіруді талап ететін тәсіл. Оқушылар берілген уақыт аумағында (5-7 минут) тоқтамай жазу керек. Еркін жазудың ережелері:


  • толассыз жаза беруі керек ;

  • егер ой келмесе, не жазарымды білмей отырмын деген сыңайда жаза беру керек;

  • қате туралы ойламау керек, µйткені мұнда оқушылар µзінің ойлау процесінің хатшысы іспеттес болу керек.

Жазу жұппен немесе шағын топ ішінде талқылау мен пікірлесумен жалғасады. Сабақтың соңында жазбаға қайта оралып, оған түзетулермен толықтырулар енгізу орынды. Оқушылар осы әрекет арқылы сабақ басында және соңында ойларын салыстыру мүмкіндігіне ие болады [29].

* Кең ауқымды лекция - лекцияны 6-15 минуттық бірнеше бµлімге бµліп олардың арасындағы үзліссіздері (2-5 минут) оқушылардың жаңа ақпарат жайлы ойлану, пікірлесу, талқылау сияқты белсенді толықтыратын дәріс оқу тәсілі.

Зерттеулер адам зейін 6 минуттан кейін сейлі бастап, 15 минуттан кейін 2 есе азайяатындығын дәлелдейді. Сол себепті лекцияны бµлімдермен оқу (әр лекцияны 3-4 бµлікке бµлген тиімді) оқушылардың зейінін әлсіріетпей, жаңа мағлұматқа деген қатынасыменнен қызығушылығын жоғары деңгейде ұстап тұру мүмкіндігін береді.

* Бірін –бірі оқыту -«үйрете отырып, үйренемін» қағидасын жүзеге асыратын тәсіл. Әдетте біз біреуді үйрету арқылы µзімізде үйренеміз, екіншіден кµп жағдайда оқытушыдан гµрі оқушылардың бір-біріне түсіндіргені тиімдірек: олар жолдастарының айтқанна тереңірек иланады, тезірек түсінеді.

Лекция алдында оқытушы оқушыларға олардың кішігірім топтарға

(2-4 адамдық) бµлініп, кезекпен ұстаз ролін орындайтындығымен оның қандай әрекеттер орындайтыны оның қандай әрекеттер атқаратындығы туралы айтып кетуі керек. Лекцияның әр бµлігінен кейін оқушылар алдын –ала белгіленген кезекпен мұғалімның ролін келесідей амалдарды орындайды:



  1. мұғалімнің роліндегі оқушы лекция бµлігі ақталғаннан кейін лекцияда айтылғанды қасындағыларға қортындылап шығады;

  2. одан кейін мұғалімінің роліндегі оқушы қасындағы оқушыларға лекция мазмұны бойынша 2-3 сұраққа қояды, оның бұл жерде оқушылар ақасында кішігірім пікірталас тудыруыда ықтимал;

  3. мұғалімінің роліндегі оқушы µз тобындағы оқушылардың сұрағына жауап беріп, лекцияның қиын жерлерін түсіндіреді.

  4. Соңында мұғалім роліндегі оқушы лекцияның келесі бµлігі не туралы болатындығы туралы µз болжамын қасындағыларға кетіреді.

* Жигсо - кµлемді мәліметтермен мағлұматтарды оқушылардың µздігімен игеруге және бірін-бірі оқытуға бағытталған тиімді тәсіл. «жигсо» деп 50 жылдары балаларға арналып шыққан құрастырмалы ойыншықты атаған: оның әр бµлігі µз орнын тапқанда ғана ойыншық бүтін болып шыққан.

Оқушылар кµлемді мәтінді әрқайсысы жеке -жеке шағым топы ішінде оқып шығуы керек. Содан кейін топтар құрамы µзгертіліп, құрамында әр бастапқы топтан бір оқушы бар жаңа топтар (сарапшылар тобы) тобы құралады. Сарапшылар тобында оқушылар мәтіннің белгілі бір бµлігін ғана жан-жақты талқылайды. Енді олардың осы бµлік бойынша білімі басқалармен салыстырғанда анағұрлым жоғары болғандықтан, олар аталмыш бµлімнің сарапшысы аталады. Осыдан кейін сарапшылар бастапқы топтарына қайта оралып µзгелерді кезекпен µз бµлімдеріне үйретеді.



Бастапқы топтар Сарапшылар топтары Бастапқы топтар

(Құрамында №1, (құрамында тек №1 → (Құрамында №1,

2,3,4 → оқушылар бар) 2,3,4 оқушылар бар) оқушылар бар)

* Дµңгелек үстел - шағын топ ішінде (3-5 адам) студенттердің қарастырыдып отырған тақырыбы (сұрақ, проблема, мәселе, идея, тұжырым, т.б.) бойынша кезекпен сағат тіл бойынша белгіленген уақыт аумағында (1-2 минут) µз ойларын ауызша ортаға салу тәсілі. Дµңгелек үстелде келесі ережелерді ұстаған жµн:



  • біреудің сµзін бµлуге болмайды;

  • басқаның пікірін силау керек: келіспегенімізді сµз, мимика, ишарат, интонация арқылы білдіруге болмайды;

  • берілген уақыт шеберінен аспау керек;

  • сұрақтар туындайтын болса, оларды дµңгелек үстел аяғында ғана қоюға болады.

Дµңгелек үстелде сµз бір студенке бірнеше рет айналып келу мүмкін. Келесі сµйлегенде оқушылар алдындағы ойларын қайталамай, оларды ары қарай жалғастыру және басқалардың пікірінде ескере отыру қажет.

*Болжау - дегеніміз жаңа тақырыпты µткенге дейінгі білімі және ой болжамдары, µмірден жиған – тергені.

*Т–кестесі–бір-біріне қарама–қарсы (“ия/жоқ”, “келісемін/ келіспеймін”, “қарсымын/жақтаймын”, “ішкі/сыртқы”, “басы/аяғы”, “маңызды/маңызды емес”, “себебі/салдары”секілді) немесе салыстыруға болатын (мәселен, екі объект) ақпаратпен пікірлерді келтіруге арналған жазу кестесі. Оқушылар алдымен берілген тапсырма бойынша µз ойларын кестеге түсіріп, жеке жұмыс жасайды, содан соң олар жұптасып немесе шағын топ ішінде (4 – 6 адам) кестелерін салыстырып пікірлеседі. Жазғандарын толықтырады.Осыдан кейін тақтада оқытушы бүкіл сыныпқа ортақ кесте құрастыруына болады. Әр топ бұл кестеге екі үш пікірін ұсынады. Т–кестесі оқытушыға екі жақты тапсырмаларды шығармашылық тұрғысынан түрлендіруге жан – жақты мүмкіншілік береді.

*Аялдамамен оқу - бұл оқушылардың үлкен тақырыпты тез меңгеруіне кµмектеседі, яғни аялдамамен оқуда тақырыпты тақырыпшаларға бµле отырып оқиды. Ол жерде оқып шыққан мәтініне оқушының µзі тақырып қойып, түсінгенін кµршісіне түсіндіреді.

*Кластер – (“жүзімнің шоқтары” деген мағынада) идеялармен ақпараттар арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба кестелер. Негізгі тақырып (тірек сµз, басты идея) тақтаның ортасындағы шеңберге жазылады да, одан туындағын тақырыпшалар оның жан – жағына жазылып шеңберленеді, оқушылар оларды бірі – біріне сызықтармен қосада да, µзара байланыстары туралы әңгімелейді. Тақырыпшалардың байланыстары туралы сұрақтар құрастырып, оларға жауап іздеген де тиімді. Әдетте кластерлер оқушының жеке орындалуынан басталып, одан кейін жұмыс жұпта немесе шағын топта жалғасады.

* Эссе оқушылардың сабақта қарастырылған тақырып жµнінде µз ойлары мен түсініктерін, идеялары мен пайымдауларын келтіретін бағалау тәсілі. Әдетте сабақта эссе 5 – 10 минµттік уақыт аралығында жазылады. Бұл алайда эссенің шағын кµлемді жұмыс екендігін аңғартпайды: бірнеше беттен тұратын кµлемді эссе үй тапсырмасы немесе µздік жұмысының үлгісі ретінде берілуі де ықтимал. Эсседе бірінші мезетте оқушының µзіндік «Мені» кµрініп тұру керек. Эссе арқылы оқытушы оқушының ойлау деңгейі мен сабақта қалай жұмыс жасалғандығын бағалайды. Эссе - ағымдағы бақылаудың тиімді тәсіл.

Эссені түрлендіруге де болады. Мәселен, сабақ аяғында оқушылар параққа бір сұрақ жазып, парақты оң жағында отырған серігіне береді, бұл сұраққа жазбаша жауапты серігі береді. Немесе эссе оқушының сұрағымен басталып, басқа сұрағымен аяқталуы мүмкін. Эссенің сабақта қарастырған (идея, теорема, формула, кітап, т.б.) авторына хат формасында жазылуы да орынды. Хатты бүгінгі сабақ тақырыбы тµңірегінде оқытушыға немесе аудиториядағы басқа бір оқушыға да жазуға болады [30].

Пікірталас-қандай да болмасын проблема бойынша қарама-қарсы пікірлерді келтіру арқылы ақиқатқа жету тәсілі. Пікірталас µткізудің түрлері баршылық. Жалпылама олардың негізгі әрекеттері тµмендегідей:

Екі жақты шешімі бар проблеманы келтіргенннен кейін, оқытушы оқушылардың осы мәселе тµңірегіндегі µз ойларын қағазға түсіріп алып, µз кµзқарасын айқындауын сұрауы керек. Осыдан кейін оқушылар үш үлкен топтарға бµлінеді: бірінші пікірді, екінші пікірді жақтағандар және «мүмкін» деген кµзқарасты ұстанғандар.

Оқушылар бір пікірді ұстанғандар тобында µз кµзқарастарын дәлелдейтін тұжырымдарды талқылап, олардың тізімін жасайды. Әрбір топ атынан сµйлейтін спикерді таңдайды.

Осыдан соң топ спикерлері кезекпен µз дәлелдерін аудиторияға белгіленген уақыт ішінде (мәселен 2-минµт) жеткізеді. Спикер сµйлеп болған соң, қарсы жақтардың сұрақ қоюына болады, оларға жауапты тек спикер ғана бермей, топтың басқа да мүшелері қайтаруына болады.

Бұл стратегия бойынша ақпартты түйіндеп айту терең ойды, сезімді қысқа сµзбен қамту. Бұл іс-әрекет тақырып туралы толғаныстың терең бай түсініктің негізінде болуын талап етеді. Бес жолды µлеңді айтардан бұрын, µлеңді жазудың негізгі шарттарын айту керек.



  1. тақырып беріледі

  2. µлең жазуға 5-7 минµт уақыт беріледі, жеке жазылады, топта талқыланады. Бұл іс-әрекет басқаны тыңдауға үйретеді және басқаның идеясынан дұрысын тауып екеуі бірдей келісетін әсерлерді кµруге бағыттайды.

СТО тудыру үшін тµмендегі шараларды орындауымыз қажет:

  1. СТО-ны тудыру үшін уақыт керек

  2. Оқушыларға ойланып толғануға ойын ашық айтуға рұқсат беру

  3. Әр-түрлі идеялар мен терминдерді қабылдау

  4. үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау.

  5. Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайды әжуаға айналдырмау.

  6. Оқушылардың бір-бірінің жауаптарына жасаған сындарын дәлелді,

дәйекті болуын талап ету.

  1. СТО-ды бағалау

Ал оқушылардың осыған байланысты

  1. Сенімділікмен жұмыс жасау

  2. Бар ынтасымен оқуға берілу

  3. Пікірді тыңдау, құрметтеу

  4. ¤з пікірін ашық білдіруді талап етеді [31].

Кубизм.

Кубизм тақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік туғызатын оқыту стратегиясы. Бұл стратегия бойынша ойлау мен жазуға кµмектесу үшін кубикті және оның жан-жағындағы сµздерді қоданады. Кубикті қағаздан 15-20см шенінде жасау керек. Оның жан-жағын алты кµмекші сµзбен толтырамыз:



    1. Суреттеңіз

    2. Салыстырыңыз

    3. Ойға байланыстырыңыз

    4. Қолданыңыз

    5. Талқыласыңыз, дауласыңыз

Мұғалім тақырып бойынша оқушыларды µткізіп 2-4 минуттай жазылады. Бұл іс әрекет тµмендегіше µтеді. Біріншіден тақырып беріледі, содан соң оқушыны сол тақырып туралы ойлануға және оны суреттеуге бағыттайды. Басқаша айтқанда пәнге тақырыпқа жақынырақ қарап, µздерінің кµргендерінен, түсінгендерінен суреттеу керек. Бұл іс-әрекет кубиктің алты жағындағы кµмекші сµздерді түгел қамтып біткенге дейін жалғасады.

Суреттеңіз – ойыңызша тақырыпқа жақынырақ келетін түсінігіңізді суреттеңіз, түсін, формасын, кµлемін.

Салыстырыңыз - неге ұқсас, басқалардан қандай айырмашылығы бар.

Ойыңызбен байланыстырыңыз – неі айттрады, ойыңызға нені келтіреді. ¦қсас заттар ма, жерлер ме? Ойыңызбен шолыңыз, нәрселерге байланысты қандай заттар бар.

Саралаңыз – қалай жасалғанын айтыңыз.

Қолданыңыз – онымен не істеуге болатынын айтыңыз, қалай қолданатынын айтыңыз.

Қарсыласыңыз және талқыласыңыз - µз ойыңызда тұрыңыз, µзіңіздің дәлеліңізді логикалық дұрыс оймен бұрыс ойдың ортасынан туындаған бір пікірді айтыңыз.

Жазған кезде оқушылар кубиктің алты жағындағы сµйлемге жауап беруі керек. Алқашқыда µз кµршісімен ой алмасып µз ойын ортаға салады. Әр адам кубиктің үш жағын таңдап алып, сол туралы жазғанын серігіне оқып береді. Ойды ортаға салған кезде оған жазылған бірде бір ереже жоқ. Бір ғана мақсат ол ұтымды талқылап ой алмасып жүргізу керек.

Бірақ, бұл кубиктің алты жағындағы сµздер қатып қалған нәрсе емес. Әр пән мұғалімі бұл сµздерді µз ыңғайына қарай алмастыра алады. Бұл жерде тек бір мысал келтірілген. Сонымен қатар келесі стратегияларды қолдануға болады:

Алдын ала берілген атаулар - оқытушы сабақ басында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау ( терминдер) жазып қойып, оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және µзара қатынасы мен байланысы туралы ойлануын сұрайды. Бұл жұмысты оқушылардың жеке, жұппен немесе шағын топ ішінде ауызша яки жазбаша орындалуы ықтимал. Содан кейін оқытушының бірнеше лқушының ойы мен пікірін тыңдауына болады.

Бұл тапсырманы күрделендіруге болады. Ол үшін алдын ала берілген атаулардың ішінен сабақ тақырыбына қатысы жоқ бейтарап сµзді қосуға болады.



Еркін жазу – оқушылардың тақырып бойынша µз ойларын қағазға түсіруді талап ететін тәсіл. Оқушылар берілген уақыт аумағында (5-7минµт) тоқтамай жазуы керек. Еркін жазудың ережелері:

  • толассыз жаза беру керек

  • егер ой келмесе, «не жазарымды білмей отырмын» деген сыңайда жазуы

керек;

  • қате туралы ойламау керек, µйткені мұнда оқушылар µзінің ойлау процесінің хатшысы іспеттес болуы керек.

Жазу жұппен немесе шағын топ ішінде талқыласу мен пікірлесумен жалғасады. Сабақтың соңында Жазбаға қайтып оралып, оған түзетулер мен толықтырулар енгізу орынды. Оқушылар осы әрекет арқылы сабақ басында және соңында µз білімдері мен ойларын салыстыру мүмкіндігіне ие болады.

Топтастыру және жинақтау - оқушыларды еркін ойлауға және тақырыпты ашық талқылауға бағыттап қолдайтын оқыту стратегиясы. Бұл идеаларды жинақтап бір-бірімен сабақтастырып, біріктіріп ойды дамытып жетілдіруге қажетті құрылымдарды тудырады. Жаңа тақырыпқа байланысты ой тудырады күшейту үшін қолданылады.

  1. Жасалынатын іс әрекеттерді және топтаудағы сатыларды суреттеп

алыңыз.

  1. Қатысушылардың қызығушылығына байланысты тақырып алыңыз

және топ болып істелінетін іс-әрекеттің модельін жасату.

  1. Топтың қызығушылығын ескере отырып екі тақырыпты алыңыз және

адамдарын тақырып туралы жинақтап ойлап сµйлеуге уақыт беріңіз.

  1. Топтың ішінде 4-5 адамға µз топтастырған ойларын ортаға салып

айтуға уақыт беріңіз.

  1. Әр класс деңгейін немесе жұппен жұмыс жасау кезіндегі мазмұнды

талқылап қолданыла алатындығын байқаңыз.

  1. Орфаграфиялық және басқа ерекшеліктерге мән бермеу, уақытты

шектемеу [32].

2. ЭКСПЕРИМЕНТТІК Б¤ЛІМ

    1. «Бейметалдардың периодтық жүйедегі орны және электрондық құрылысы» тақырыбында интерактивті әдістерді пайдаланып сабақ µту

Қазақстан Республикасыныңѕ “Білім туралы” заңыныңѕ 5-тарауындағы 41-баптыѕ 1-бµліміндегі “педагог қызметкерлер ґµз біліктілігін арттыруға міндетті” деп кµрсетілуі, “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында елбасыныңѕ “біз балаларымызға µзіміздіѕ жақын және алыс кµршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сµзі бүкіл ағартушы қауым алдында “Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту” µзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы, ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет. Тәуелсіздік алуымызға байланысты, µз ултымыздың кәсіби шебер, ұлттық мамандар даярлау ісі-µкіметіміздің алдындағы үлкен міндет. Сондықтан да соңғы жылдар білім реформасын жүргізу мәселесі күн тәртібіндегі µзекті мәселе болып отыр. Орта мектепте химия пәнін сапалы µткізу барысында елімізде кәсіби шебер мамандар: инженер, технолог, коструктор, ауылшаруашылық мамандар кµптеп шығып жатыр [33].

¦стаз міндеті – оқушыға кез келген білім саласын меңгертудің жеңіл де тиімді жолдарын тауып, шығармашылықпен жұмыс істей білуге үйрету. Кезінде педагог ғалым « Сабақ – мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің айнасы » деген болатын. Пән мұғалімі оқулық кµлемінде ғана шектелмей, тың жаңалықтарды қолдана білсе, сабақтың қызықты да тартымды болуы сµзсіз. Сабақта әр түрлі карточкалар, кµрнекіліктерді тиімді пайдалану, газет-журнал жаңалықтарын, теледидар кµріністерін дұрыс қолдану арқылы оқушыларға кµп нәрсені үйретіп, талдай білуге тәрбиелей аламыз. Уақыт µткен сайын сабақ үрдісін жетілдірудің жолдары мен әдістері үнемі µзгеріп, жаңаруда. Мәселен саралап оқыту, даралап оқыту, деңгейлеп оқыту, модульдік оқыту. Соның ішінде менің тоқталып кететінім « Орта мектептерде бейметалдарды интербелсенді тәсілмен оқыту әдістемесі ». Интерактивті сабақтарды µткізуді дәстүрге айналдыру қажет. Оларға жаңашыл ұстаздар, танымал ғалымдар, белгілі мәдениет пен µнер қайраткерлерін қатыстыру керек болып отыр. Орайы келгенде, біздің елімізде таяуда ғана пайда болған интерактивті тақталар жайлы мағлұмат бере кетейін. Бұл – бейнеконференциялар, мектептер аралық бірлескен сабақ µткізу үшін пайдаланылатын ерекше жүйе. Осы интерактивті тақта арқылы пәндік кµрнекі құралдарды бейнематериалдар арқылы кµрсетуге болады. Интерактивті тақтаның бұдан да басқа пайдалы жағы толып жатыр.


¦лыбританиялық Promethean компаниясы жасап шығаратын интерактивті тақтаның беткі қабаты пайдалануға тµзімді, арнайы қабылдағышпен жабдықталған. Ол мұғалім мен оқушыларға оңай әрі қатесіз жазуға, сызуға және басқа қызметтерді атқаруға кµмектеседі. Мұндағы қуатты кітапханалық қор кез келген пәнге қатысты толып жатқан қосымша материалдарды қамтыған. Содан алған ақпараттарды сабақ кезінде жедел пайдалануға қолайлы [34].

¦лы ойшыл Плутарих кезінде былай депті: “…Кµптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұлпарды есекке айналдырып құртып тынады”. Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек.

Әр педагог мектептегі моральдік-психологиялық ахуалға жауапты екенін түсіну керек, одан кµбінесе алдында отырған жасµспірім қалай µсіп шығатыны байланысты. Бүгін ол- бала, ертең- біздің еліміздің азаматы.

Мұғалімнің қызметі ең қайырымды мамандықтардың бірі. ¤зінің күнделікті кµп еңбегінің арқасында адамгершілік негіздегі жеке тұлғаны қалыптастырады, оған біздің ертеңіміз тәуелді.Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен µткізуге болады:



  1. Сабақта кең кµлемде кµрнекі құралдарды пайдалану;

  2. Сабақты түрлендіріп µткізу;

  3. Сабақта оқушылар µздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;

  4. Техникалық құралдарды тиімді қолдану;

  5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді кµрсету.

Сабақ жүргізу барсында интерактивті әдіс, тәсілдердің бірнеше түрлерін пайдаландым. Ерекшелігі: оқушылар сабақ мазмұнын µздерінің бұрынғы білімдерімен салыстырып байланыстырады. Оқушылар тақырып бойынша сұрақтар қалыптастырып, µз мақсаттарын айқындайды.

Сабақтың бастапқы кезеңінде (мақсатты айқындау) қолдануға болатын тәсілдер байланыстырады. Оқытушының бұл кезеңдегі басты мақсаты-оқушыларға жаңа білім қабалдауға және игеруге белсенділендіру. оқушылар тақырып бойынша сұрақтар қалыптастырып, µз мақсаттарын айқындайды. Сабақтың бұл кезеңінде оқушылар «не білемін?», «не білгім келеді?», «жаңа білімнің маған берер пайдасы қандай болмақ?» деген сұрақтарға жауап беруге ұмтылады. Сабақ жүргізу барсында интерактивті әдіс, тәсілдердің бірнеше түрлерін пайдаланылды. Ерекшелігі: оқушылар сабақ мазмұнын µздерінің бұрынғы білімдерімен салыстырып байланыстырады. Оқушылар тақырып бойынша сұрақтар қалыптастырып, µз мақсаттарын айқындайды [35].

Қазіргі кезде педагогика саласында тың үрдіс белең алып, сабақ жүргізу түрлері әр қилы болып µткізілуде. Соның бір түрі интербелсенді әдіс.

Интербелсенлді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушыларға бағыт



бағдар беру;

адамдардың арасындағы қатынас µмірдің басты қажеттілігі екенін



мойындау;

барлық оқушыға тең мүмкіндік жасау;

әлеуметтік – психологиялық кезеңдерде тиімді әдіске топтың даяр болуы;

топпен жұмыс істей білу;

оқу материалын игеруде және іс - әрекеттерінде жете ұғынуға

талпындыру;

белгілі бір мәселе шешуде оқушылардың ынтымақтастығын, серіктестігін



ұйымдастыру.

Тµменде осы әдіспен µткізілген бір сабақтың үлгісін жіберіп отырмын.



«Бейметалдардың периодтық жүйедегі орны және электрондық құрылысы» тақырыбында µткізілген бұл сабақта оқушылар бейметалдардың периодтық жүйеде жоғары дәрежеге ие екенін дәлелдейді.

Тапсырма:

1. Оқушылар периодтық жүйедегі бейметалдардың орны, құрылысы туралы білімдерін жүйелейді, бейметалдардың ерекшеліктерін анықтайды.

2. Ең негізін анықтап, талдау жасайды, топтастырады,салыстыруды үйренеді.

3.Табиғатқа деген сүіспеншіліктерін арттырады, бір – бірін сыйлауға

тәрбиеленеді. ¤з ойларын ашық айтуға дағдыланады.

Бағалау: Мәтінді талдау арқылы бейметалдар туралы білімдерін пайдаланып, кестедегі тор кµздерді толтырады, топтастырады, Венн диаграммасын толтыру кезеңін жасайды.Топпен, жұппен жұмыс істегенде «СТО» әдісі қолданылады.

Қолданған стратегиялар - ой қозғау, Венн диаграммасы, «СТО» стратегисы INSERT, химиялық лото ойыны т.б.



Сабақтың барысы.

I кезең. Ой қозғау.

Кесте 3 - «Кім тез, кім жылдам»

Элементтің аты

Сипаттамасы, физикалық қасиеті

Химиялық қасиеті

Алу әдісі

Маңызы

Оттек













Сутек















II кезең. INSERT ( АҚПАРАТТЫ ТАҢДАУ ) СРАТЕГИЯСЫ.

Бұл кезеңде оқушылар бейметалдар жайлы білгендерін µз беттерінше жеке-жеке толтырады. Берілген мәтінді түсініп, негізгі ойын жазады. Алғашқы қатарға бұрыннан білгендерін жазады, жаңа ақпаратқа µз түсінгендерін толтырады. «Білгім келеді» қатарын толтырғанда оқушылар бір-бірінен білмегендерін сұрайды, кейін ол қатарды мұғалімімен толықтырады.



Кесте 4- INSERT ( АҚПАРАТТЫ ТАҢДАУ ) СРАТЕГИЯСЫ

V

+

-

?

Бұрыннан білемін

Мұнда оқушылар сабақта кездескен бұрыннан білетін мәліметтерді келтіреді.





Жаңа ақпарат”

Бұл жерде оқушылар осы сабақта жаңадан білгенін жазады.



Менің ойлағаныма қайшы”

Мұнда оқушылар бұрынғы білімдеріне қарама-қайшы сабақта келтірілген мәліметтерді келтіреді.



Білгім келеді”


Бұл бағанда оқушылар µздері келіспейтін немесе түсініксіз болған, тағы да білгісі келетін мәліметтің тұстарын жазады.


1   2   3   4


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет