Гиназия сыныптары бар №16 жалпы білім беру орта мектебінің



жүктеу 65.92 Kb.
Дата24.06.2016
өлшемі65.92 Kb.
Гиназия сыныптары бар №16

жалпы білім беру орта мектебінің

физика пәнінің мұғалімі

Қоштай Айгерім Мақсотқызы

Тақырыбы: Газ заңдарын қайталау, есептер шығару (10 – сынып)

Сабақтың мақсаты:



  1. Оқушыларға өткен материалдарды дұрыс және еркін меңгерту, идеал газ күйінің теңдеуін, газ заңдарын физикалық мағынасын ұғындыру.

  2. Газ заңдарына есептер шығара білу дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілетін, танымын дамытып, формулаларды, өлшем бірліктерді есептеулерде қолдана алу дағдысын қалыптастыру.

  3. Пәнге қызығушылығын арттыру, алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету.

Сабақтың типі: қайталау, білімді жинақтау, жүйелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтық, тәжірибелік және деңгейлеп оқыту.

Сабақтың көрнекілігі: карточкалар, кодоскоп, монометрлер, термометрлер, су құйылған үлкен ыдыс, шприц.

Ұйымдастыру.

Үй тапсырмасын тексеру.

Менделеев-Клапейрон теңдеуі.

Газ заңдарының өмірде қолданылуы.

Есептерді кодоскоп арқылы тексеру.

Сынып 3 топқа бөлініп жұмыс жасайды.

Әр түрлі процестергн сипаттама беру.



1-топизохоралық процесс

2-топ – изобаралық процесс

3-топ – изотермалық процесс

Әр топтан оқушылар шығып, осы процестерге толық сипаттама береді.

Тәжірибе арқылы заңдарды тексеру.

1-топ. Шарль заңын тексеру. Құрал-жабдықтар: ыстық су құйылған үлкен ыдыс, монометр, 20мл. медициналық шприц, термометр. Жұмысты орындау: ыстық суы ьар ыдысқа шприцті белгілі бір көлемге келтіріп қоямыз. Температураның өзгеруіне байланысты қысымның өзгеруін жазып отырамыз. Тәжірибелер нәтижесін пайдаланып, V – const болғанда, Р/Т – const екеніне көз жеткізеді.

2-топ. Бойль-Мариотт заңын тексеру. Құрал-жабдықтар: монометр, инесіз 20 мл-лік шприц. Жұмысты орындау: резеңке түтік арқылы шприц монометрге жалғанады. Алдын ала шприцті 20мл деңгейге қояды. Поршенді баяу қозғалысқа келтіріп, ауа көлемін 2 см3-қа өзгерткен сайын монометр көрсеткішін жазып отырады. Бөлме температурасын тұрақты деп есептейміз. Берілген мәліметтер бойынша Т – const болғанда, Р·V–const екеніне көз жеткізеді.

3-топ. Гей-Люссак заңын тексеру. Құрал-жабдықтар: ұзындығы 50 см, диаметрі 10 мм бір жақ ұшы дәнекерленген шыны түтік, термометр, ермексаз (пластилин),ыстық және суық су, стақан. Сурет бойынша тәжірибені орындап, немесе екеніне көз жеткізу.

Әр топтың қалған оқушылары деңгейлік тапсырмалар орындайды.



1-топ

1-деңгей

  1. Көлемді немен өлшейміз, өлшем бірлігі қандай?

  2. t0=100С кельвинге айналдыр.

  3. Изотермалық процесте қандай параметр тұрақты?

2-деңгей

Газдың 0,2 МПа қысым және 150С температура кезіндегі көлемі 5 м3. Газ массасының 100 кПа атмосфералық қысым мен 00С температура кезіндегі көлемі қандай?



3-деңгей

Р/Т=2 графигін сызып түсіндір.



2-топ

1-деңгей

  1. Қысымды немен өлшейміз? Өлшем бірлігі қандай?

  2. Абсолют ноль деп нені алған?

  3. Изохоралық процесте қандай параметр тұрақты?

2-деңгей

Егер сутектің массасы 2 кг болса, көлемі 20·10-3м3 баллондағы температурасы 270С сутектің қысымы қандай?



3-деңгей

Күйлердің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?

V

Т

3-топ



1-деңгей

  1. Температураны немен өлшейді, өлшем бірлігі қандай?

  2. Т=2880К цельсий шкаласымен өрнекте?

  3. Изобаралық процесте қай параметрлер тұрақты?

2-деңгей

Егербаллондағы оттектің массасы 5 кг, көлемі 0,05 м3, температурасы 170С болса, қысымы қандай?



3-деңгей

Р

РТ, VТ жүйесінде сыз.



V

Әр топтың оқушылары тәжірибелердің қортындысын және деңгейлік тапсырмаларын тақтада баяндап айтып береді. Әр жұмыс біткен соң топ жетекшілері оқушылардың білімдерін бағалап отырады.

Тестік тапсырмалар

Тест

1-нұсқа

V

1



2

3

4



5

  1. V, Т кординаталарында изобаралар тобы көрсетілген ( m – const ) графиктерінің қайсысы максимал қысымдағы процеске сәйкес келеді.

а) 1 в) 2 с) 3 д) 4 е) 5

2) Клайперон – Менделеев теңдеуін көрсет

а) РV/Т=const в) Т=2730+f с) Т/V=const д) РV=const е) РV=m/M*RT

3) Изохоралық процесте қандай параметр тұрақты?

а) V в) Р с)Т

4) Массасы 5 кг мольдік массасы 4·10-3 кг/моль газдың 5000К температурадағы көлемі 34,6 м3 болса газдың қысымы қандай? R=8,3 Дж/К0моль

а) 140кПа в) 150кПа с)160кПА

5) Р0 қысымда газ көлемі V0 болады. Тұрақты массада қысымы изотермиялық процесте 4 есе ұлғаятын газ көлемі қалай өзгереді?

а) V=V0/4 в) V=4V0 с) V=2V0

2-нұсқа

Р 1 3


2

4


5 Т

  1. РТ координаталарында изохоралар тобы көрсетілген ( m – const ) графигінің қайсысы ең үлкен көлемдегі процеске сәйкес келеді?

А) 1 в) 2 с)3 д)4 е)5

2) Клапейрон теңдеуін көрсет.

А) РV=Р1V1 в) РV – const с) V/T – const д) РV/Т= const

3) Изотермалық процесте қай параметр тұрақты?

А) Р в) Т с) V

4) Қысымы 150 кПа, мольдік массасы 4·10 кг/моль газдың 5000К температурадағы көлемі 34,6 м3 болса, массасы қандай? R=8,3 Дж/К0моль



А) 50кг в) 5кг с) 0,5кг

5) Т0 температурадаидеал газ көлемі V0 болды. Тұрақты массада және тұрақты қысымда газ көлемін 2 есе ұлғайтса, онда идеал газ температурасы қалай өзгереді?

А) Т=4Т0 в) Т=Т0/2 с) Т=2Т0 д) Т=Т0/4 е) Т=Т0

3-нұсқа

Р


  1. Р,V изотермалық тобы көрсетілген

( m – const ). Графиктерінің қайсысы максимал

темпиратурадағы процеске сәйкес келеді

а) 1 в)2 с)3 д)4 е)5

2) Гей-Люссак заңын көрсет:

А) РV=Р1V1 В) Т12= Р12 С) Т12=V1/V2

3)Көлемі 0,04 м3 газдың қысымы 200кПа, ал температурасы 240 К болса, ондағы зат мөлшері қандай?

А) 7моль В) 6моль С) 5моль Д) 4моль Е) 3моль

4) t = 100С неше кельвинге тең?

А) 1000К В) 2830К С) 2930К


  1. Тұрақты қысым кезіндегі газ күйінің өзгерісі қалай аталады?

А) изохора в) изотерма с) изобара

4-нұсқа


  1. Зат мөлшерінің өлшем бірлігі?

А) 1кг В) 1дм3 С) 1л Д) 1моль

2) Абсольют шкала бойынша 2000К Цельсий шкаласы бойынша неше градусқа тең?

А) -4730С В) -730С С) 730С Д) 4730С

3) Массасы 5 кг, мольдік массасы 4·10-3 кг/моль газдың көлемі 34,6 м3, қысымы 150кПа болса, онда оның температурасы қандай?

А) 5000К В) 6000К С) 4000К

4) Изотермалық процестің теңдеуі

А) Т – const, РV – const

В) V – const, Р/Т – const

С) РV/Т – const

5) Суретте қандай процесс көрсетілген?

А) изохоралық В) изотермалық С) изобаралық

Р V1 V2



V

Дұрыс жауаптарын оқушылар бір-бірімен алмасу арқылы кодоскоппен тексереді.



I.Қортындылау. Әр кезең бойынша топ басшылары қортынды жасап, баға қояды.

II.Үйге тапсырма.
: 2014
2014 -> Бағдарламасы бойынша жүргізілген іс-тәжірибемнен
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Біздің жақта»
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Ынтымақтастық және топтық жұмысты ұйымдастыру Сабақтың мақсаты
2014 -> Сын есім туралы түсінік. ( 6 сынып ) Сабақтың мақсаты: білімділік
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Құлақтан кіріп, бойды алар»
2014 -> Мужикбаева Алтын Муратқызы Астана қаласы №40 орта мектеп
2014 -> Сабақ жоспарларының үлгілері (іс-тәжірибеден) Құрастырған: Қосаман Дархан Қосаманқызы
2014 -> Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу негізі
2014 -> Сабақтың тақырыбы
2014 -> Данная работа состоит из основных дат и краткого очерка о жизни и деятельности великого хана Абылая, использованы труды видных писателей и ученных




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет