Химиядан дарынды балалармен жұмыс жүргізудің жолдары



жүктеу 36.22 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі36.22 Kb.
ХИМИЯДАН ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ ЖОЛДАРЫ
Еспенбетова Ш.О., Абызбекова Г.М.,Наренова С.М., Арынова К.Ш.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (Қызылорда қ.)


«Ел болам десең – бесігіңді түзе» деген аталы сөзді алға ұстаған еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» – деп, ұстаздар алдына үлкен жауапкершілік жүктеді.

Осыған орай Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді.

Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу – ерекше қиын іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта алға жетелеу – ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту - бүгінгі күннің басты талабы. Себебі өсіп келе жатқан ойын баласына есейе келе өзінің алған біліміне сыни қарап, оны өмірмен ұштастыра білуге үйрету – өте маңызды. Соның ішінде, талантты-дарынды балалардың ертеңгі күні ел игілігіне септігін тигізер дамыған ғылымның тұтқасын ұстамасына кім кепіл?

Жоғары оқу орындарында уақыт талабына сай сапалы біліммен қатар инновациялық технологияларды меңгерген, креативті мамандар дайындауға аса маңызды көңіл бөлінеді. «Химия және экология» кафедрасы аймақтағы мектептермен тығыз байланыс жасай отырып, химия пәніне деген қызығушылығы бар ізденімпаз шәкірттерді дамытуға аса көп көңіл аударады. Осыған сәйкес бірнеше жылдар көлемінде қаладағы №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатпен және №3 мектеп-лицеймен екі жақты келісім-шарт жасалды.

Осы келісім-шарт аясында мектептерде «Химия пәнін инновациялық әдістермен оқыту» атты ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі мақсаты оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және дарынды оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін арттыру болып табылады.

Дарынды және талантты оқушылар біртекті топ болып табылмайды, олардың әрқайсысы ерекше қасиетке ие екенін есте ұстау керек. Химия пәні 8-сыныптан басталатын болғандықтан оқушылардың ғылымның бұл саласының тереңіне үңіле білуге дағдылана беруін көздей отырып, зерттеу жұмыстарын 8-сыныптан бастадық. Дарынды балаларды анықтау үшін кафедра оқытушылары мектептерде химияны оқытудағы әр түрлі инновациялық оқыту технологияларын пайдалана отырып мазмұнды сабақтар және қызықты зертханалық тәжірибелер өткізуде. Осылайша 8-сыныптан бастап оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын арттырып ғылым жолына түсуге әрекет етеді. 8-11 сыныптар арасындағы оқушыларға білім деңгейлеріне сай қосымша тапсырмалар беріліп, оның табысты шешім таба алатындығына сенім арта отырып ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге баулиды. Шәкірттердің әрбір оң жетістігін формативті бағалай отырып, оны әрі қарай ізденуге, жаңа биікке көтерілуіне шабыттандыруға болады.

Осы жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың оқушылары кафедра оқытушыларының ықпал етуімен пәндік олимпиадалардың және көптеген ғылыми жоба байқауларының жеңімпаздары атанды. Сол кешегі мектеп қабырғасының оқушылары Исламбекұлы Бақытбек, Бимағамбетов Бауыржан, Жұмай Меруерт, Асан Сұңқар – бүгінгі күні кафедраның белсенді студенттері болып отыр.

Соңғы жылдары 9-10-сынып оқушылары Мағауияұлы Нұрболат, Жаленова Салтанат, Нәжен Бекслам, Мұхаметжан Қуаныш, Бексұлтанов Нұрберген, Қали Баян, Кенжебек Мадина сияқты шәкірттер де халықаралық конфренцияларда және қалалық оқушылар арасындағы пәндік олимпиадаларда жетістіктерге жетті. Талабы биік шәкірттер болашақта химия ғылымын жетік меңгеріп, өздерінің болашақ мамандықтарымен байланыстыруды армандайды.

Осылай мектеп қабырғасынан дайындағын дарынды оқушылар өз деңгейлерін жоғары оқу орындарында да биктерден көрсетеді. Мысалы, Исламбекұлы Бақытбек жоғары оқу орындары арасындағы студенттік олимпиаданың жеңімпазы атанды. Қазіргі кезде ғылымның биік шыңын бағындыру мақсатында, кафедраның магистранты. Өз мамандығына сүйіспеншілікпен қараған бүгінгі күннің дарынды студенттері мен магистранттары ертеңгі күні өз бойындағы талап пен дағдыны өз шәкірттеріне де дарыта алады деп олардың болашағынан үлкен үміт күтеміз.
Әдебиеттер тізімі:

1.Андерсон, Д. (1996). Думай, пытайся, развивайся [Think, try, develop] (А. Л. Шлионский, Л. М. Шлионский, Н. В. Никифорова. Перевод с англ./Общ. редакция и перевод). Санкт-Петербург: Азбука.

2.Амонашвили, Ш. А. (1997). Воспитательная образовательная функция оценки учения школьников [Educational function of assessment in teaching students] (p. 296). М.

3.Амонашвили, Ш. А. (1980). Обучение. Оценка. Отметка [Teaching and learning. Assessment. Grade]. – М.



4.Белкин, А. С. (1991). Ситуация успеха. Как ее создать: Кн. для учителя [A successful situation. How to create it: Book for teacher]. М.: Просвещение.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> А. Б. Салқынбай ҚазҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Алматы, Қазақстан Сәкен өлеңіндегі сырбаз
publications -> Қазақ тіліндегі «АҚ», «Қара» СӨздеріне байланысты мақал-мәтелдер құрбанов А. Г., Қайырбекова Ұ. Ж., Үкібасова Ғ. А
publications -> Коммуникативтік қажеттілік – тіл үйренудің басты факторы Т. Н. Ермекова, Ф.ғ. д., профессор
publications -> ӘӨЖ 811. 512. 122 Субстантивтену процесінің НӨлдік тұЛҒада келіп басыңҚы сыңарда жұмсалуы
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к
publications -> Шерлілер сөзін сағынған Шернияз ақын
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> О. Сүлейменов өткен ғасырдың 1960 жылдары Қазақстанның ақындық және жалпы мәдени өміріндегі феноменальді құбылыс. Өлеңдерін орыс тілінде жазған қазақ ақыны Одақ көлемінде тез арада танымалдылыққа қол жеткізді
publications -> Жамбыл жырларындағы батырлар бейнесі Айтбаева Айман Ералықызы ф.ғ. к., доцент Шыңғысханқызы Аружан к-13-1 оқу тобы студенті Қорқыт ата атындағы ҚМУ




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет