Химиялық синтез пәнініңмежелік бақылау сұРАҚтары №1



жүктеу 94.57 Kb.
Дата30.06.2016
өлшемі94.57 Kb.
ХИМИЯЛЫҚ СИНТЕЗ ПӘНІНІҢМЕЖЕЛІК БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

1



  1. Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесінің І -топ элементтері, қосылыстары.

  2. Заттарды кептіру (ауада, термостатта, кептіргіші бар эксикаторда, кептіргіштердің сипаттамасы).

  1. Металдарды,бейметалдарды және тұздарды электролитті алу.

  2. Сілтілік металдардың және олардың қосылыстарының қасиеттерінің өзара ұқсастығын атом құрылысы мен периодтық заң тұрғысынан қалай түсіндіруге болады?

  3. Натрий мен калий табиғатта қандай қосылыстар түрінде тараған?

  4. Балқыған калий хлориды мен калий гидроксидін электролиздеу процестерінің теңдеулерін жаз.

  5. Натрий мен калийдің оксидтері мен гидроксидтері қалай алынады және олардың физикалық, химиялық қасиеттері қандай?

  6. Натрий мен калий және олардың қосылыстары қандай мақсаттарға қолданылады?

  7. Мына өзгерістерді іске асыруға қажетті реакциялардың теңдеулерін жеке-жеке жазып, теңестір:

NaCl→Na→NaOH→NaH2PO4→Na3PO4→NaNO3→NaNO2

  1. I топтың қосымша топша элементтерінің электрондық-графикалық формулаларын жазып, олардың қалыпты және қозған күйдегі валенттіліктерін анықта. Олар қосылыстарда қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді? Мысалы келтір.

  2. Металдардың алу тәсілдері қандай?

  3. Металдар мен олардың қоспаларының қолданылуы?

  4. I топтың қосымша топша элементтерінің оксидтері мен гидроксидтерін, тұздарын алу жолдары, химиялық қасиеттері қандай?

  5. 10 г кальцирленген соданың сөндірілген әк таспен әрекеттесуі нәтижесінде 6,7 г каустикалық сода алынды. Өнімнің шығымын анықтаңыз.

  6. Егер қышқыл ертіндісінің концентроциясы 2 моль/л болса, 100 мл көлемдегі күкірт қышқылының ертіндісін бейтараптау үшін, қанша натрий карбонатының массасы керек?

  7. Массасы 5,8 г натрий хлориді концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттескенде бөлінген газ көлемі 200 мл күміс нитратының ерітіндісінен (р=1,1г/мл ) өткізілді. Күміс нитратының ерітіндегі массалық үлесі 10% Түзілген тұнбаның масасын және ерітіндіде қалған күміс нитратының массасын анықта.

  8. Натрий және калий хлоридінің 2,66 г массасына күміс нитратымен әсер еткенде массасы 5,74 г күміс хлориді алынды. Түзілген қоспадағы тұздардың массалық үлесін есепте.

  9. Мыс колчеданының массасының үлесі 20 пайыз болатын 1 т рудадан қанша мыс купаросын алуға болады.

  10. Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесінің ІІ -топ элементтері, қосылыстары.

  11. Ертіндідегі заттарды бөлу (кристаллизациялау,тұзсыздандыру).

  12. Металдар мен балқымаларды алудың металлотермиялық әдісі.

  13. Екінші негізгі топша элементтерінің электрондық-графикалық формулаларын жазып, олардың қалыпты және қозған күйлеріндегі валенттіліктерін анықта?

  14. Екінші негізгі топша элементтері түзетін қосылыстарда химиялық байланыстардың бағыты мен молекулалардың пішіндері қандай болады? MgCl2 молекуласының пішінін сызып көрсет.

  15. Кальцийді қосылыстарынан қандай әдіспен алады?

  16. Кальцийдің жай және күрделі заттармен әрекеттесу реакцияларының теңдеулерін жазып, оның тотықсыздандырғыш екенін дәлелде?

  17. Кальцийдің оксиді мен гидроксиді қандай реакциялардың көмегімен алынады және олар қандай химиялық қасиеттер көрсетеді?

  18. Бериллий, магний және сілтілік-жер металдардың алынуы, химиялық қасиеттері қандай?

  19. Екінші топтың негізгі топша элементтерінің маңызды қосылыстары қандай? Қайда қолданады?

  20. Судың кермектілігі дегеніміз не және оны қалай жоюға болады?

  21. Молекулалық сутектің кальциймен әрекеттесуі нәтижесінде 4,2 г кальций гидриді түзілді. Осы реакцияға сутектің қанша молекуласы қатысты?

  22. 10 литрінде 4,44 г қальций хлориді бар судың кермектігін анықта?

  23. IІ топтың қосымша топша элементтерінің электрондық-графикалық формулаларын жазып, олардың қалыпты және қозған күйдегі валенттіліктерін анықта. Олар қосылыстарда қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді?

  24. Металдардың алу тәсілдері қандай?

  25. Металдар мен олардың қоспаларының қолданылуы?

  26. IІ топтың қосымша топша элементтерінің оксидтері мен гидроксидтерін, тұздарын алу жолдары, химиялық қасиеттері қандай?

  27. Мырыш, кадмий, сынаптың маңызды қосылыстары?

  28. Массасы 200 г даломитті қыздырғанда көлемі 42м3 (қ.т.) көміртегі (IY) оксиді түзіледі. Даломиттегі қоспаның массалық үлесін анықта.

  29. а) массасы 100 кг ізбес тасты б) массасы 0,92 кг даломитті қыздырғанда СО2 (қ.ж.) қанша көлемді алады.

  30. СаСО3 массалық үлесі 80 пайызы болатын ізбес тастан көлемі 0,3 м3 (қ.ж.) СО2 алу үшін қанша ізбес тасты алу қажет.

  31. Д.И.Менделеивтің периодтық жүйесінің (ІІІ) топ элементтері, қосылыстары.

  32. Заттарды тазарту (қайта кристалдау, ұнтақ тәріздес металдармен, оксидтермен, гидроксидтермен қыздыру арқылы тұздар ертінділерін тазалау).

  33. Металдардың хлорлануы,хлорлаушы агенттер.

  34. ІІІ топтың негізгі топшаға қандай элементтер жатады, олар қалыпты және қозған күйде неше валентті болады?

  35. ІІІ топтың негізгі топша элементтерінің ядро зарядтарының өсуіне байланысты қасиеттері қалай өзгереді және олар қандай оксидтер мен гидроксидтер түзеді?

  36. AlCl3 молекуласының түзілу схемасын жазып, молекуласының пішінін анықта?

  37. Алюминий табиғатта қандай қосылыстар түрінде тараған? Оны өнеркәсіпте бокситтен өндіргенде қандай реакциялар жүреді?

  38. Мына реакциялардың теңдеулерін аяқтап, олардың не себепті және қандай жағдайда жүретінін түсіндір:

  39. Al+HBr→

  40. Al+KOH →

  41. Al+H2O→

  42. Алюминотермия әдісін қолданып металлургия өнеркәсібінде қандай металдарды өндіреді?

  43. Алюминий оксиді мен гидроксидінің амфотерлік қасиеттерін көрсететін реакциялардың теңдеулерін жаз?

  44. Алюминий және оның қосылыстары қандай мақсаттар үшін қолданылады?

  45. Алюминотермиялық әдіспен барий алу үшін 3,06 г барий оксидін тотықсыздандыруға қанша алюминий керек?

  46. 1,8 г алюминий жанғанда 54,8 кДж жылу бөлінеді. Алюминий оксидінің түзілу жылуын есептеп шығар.

  47. Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесінің IV -ші топ элементтері, қосылыстары.

  48. Әр түрлі кристаллогидраттар беретін заттарды ертіндіден бөліп алу ерекшеліктері

  49. Бейметалдардың хлорлануы, хлорлаушы агенттер.

  50. Төртінші негізгі топша элементтерінің электрондық-графикалық формулаларын жазып, олардың қалыпты және қозған күйдегі валенттіліктерін анықта. Олар қосылыстарда қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді?

  51. Элементтердің реттік нөмірлерінің өсуіне қарай топша элементтерінің оттекті және сутекті қосылыстарының қасиеттері қалай өзгереді?

  52. Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістері алмаз бен графиттің физикалық қасиеттерінің әр түрлі болуы неге байланысты?

  53. Көміртектің оттекті қосылыстарының алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері қандай?

  54. Көмір қышқылы және оның тұздары карбонаттар мен гидрокарбонаттар қалай түзіледі?

  55. Кремнийдің табиғатта таралуын, физикалық қасиеттерін айтып, оның химиялық қасиеттерін көрсететін реакциялардың теңдеулерін жаз.

  56. Кремнийдің қосылыстарының алынуы, химиялық қасиеттері қандай?

  57. Германий топшасының элементтерінің алу жолдары мен химиялық қасиеттері қандай?

  58. Германий топшасының элементтерінің қосылыстарының алынуы, химиялық қасиеттері қандай?

  59. Төртінші негізгі топша элементтерінің және олардың қосылыстарының қолданылуы?

  60. Тиомочевина және қорғасын ацетатынан қорғасын сульфидін алу реакциясының теңдеуін жазыңыз. Реакция теңдеуі бойынша 5 г қорғасын сульфиді – реакция өнімі түзілу үшін қанша гр қорғасын ацетатын және тиомочевинаны алу керек.

  61. Д.И.Менделеевтің периодтык жүйесінің V-ші топ элементтері,қосылыстары.

  62. Ертіндіден тұнбаны бөліп алу әдістері(сүзу, центрифугирлеу, сығу, тұнбаға түсіру және инертті газ атмосферасында сүзу).

  63. Металдар мен бейметалдарды бромдау және иодтау.

  64. Бесінші негізгі топша элементтерінің электрондық-графикалық формулаларын жазып, олардың қалыпты және қозған күйдегі валенттіліктерін анықта. Олар қосылыстарда қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді?

  65. Элементтердің реттік нөмірлерінің өсуіне қарай топша элементтерінің оттекті және сутекті қосылыстарының қасиеттері қалай өзгереді?

  66. Азоттың табиғатта таралуын, физикалық қасиеттерін сипатта және химиялық қасиеттері мен алыну жолдарын көрсететін реакциялардың теңдеулерін жаз.

  67. Аммиактың физикалық және химиялық қасиеттерін айтып, молекуласының пішінін сызып көрсет.

  68. Азоттың оттекті қосылыстары: алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері?

  69. Фосфор және оның қосылыстары: алынуы, қасиеттері.

  70. 1 кг аммиакпен күкірт қышқылы әрекеттескенде амоний сульфатының қанша массасы түзіледі? Массалық үлесі 60% күкірт қышқылы ертіндісінің қанша көлемі осы реакцияға жұмсалады?

  71. 1 т әк сүтіне (Са(ОН)2 суспензиясы) As2O3 – ті еріткенде метаарсенаттың қандай массасын алуға болады? Осы реакцияға жұмсалатын қальций гидроксидінің массасын анықта.

  72. Фосфаттың массалық үлесі 80 пайыз құрайтын 1 тонна фосфориттен қанша фосфор алуға болады. Осыған қажетті көмірді, кремнеземді есептеңіз.

  73. Д.И.Менделеевтің периодтык жүйесінін VІ-ші топ элементтері, қасиеттері.

  74. Карбидтер, нитридтер, сульфидтердің алынуы.

  75. Заттардың термиялық ыдырату әдістері.

  76. Хром, молиблен, вольфрам атомдарының электрондық формулаларын жаз?

  77. Алтыншы топтың негізгі және қосымша топша элементтерінің электрондық құрылымы мен қасиеттерінде қандай айырмашылық бар?

  78. Cr (II) Cr (III) Cr (VI) қатарындағы хромның оксидтері мен гидроксидтерінің химиялық табиғаты қалай өзгереді?

  79. Хром (ІІІ) гидроксидінің қышқылдар және сілтілермен әрекеттесу реакцияларының теңдеулерін жаз?

  80. Хром-комлекстүзушінің тотығу дәрежесі мен координациялық саны нешеге тең болады? Хромның комплексті қосылыстарының мысалдарын келтір?

  81. Қандай жағдайларда ерітінділерде хроматтар мен дихроматтар тұрақты? Реакция теңдеулерін жаз?

  82. Тотығу-тотықсыздану реакцияларында Cr (III), Cr (VI) қосылыстары қандай қасиеттермен сипатталады? Қандай ортада мұндай процестер жүреді? Мысалы келтір. Реакция теңдеулерін жаз?

  83. Массасы 10 т пиритті қақтағанда көлемі 3500 м3 (қ.ж.) SO2 алынды пириттің тазалығын анықта.

  84. Д.И.Менделеевтін периодтык жүйесінің VІІ-ші топ элементтері, қасиеттері.

  85. Заттарды тазарту (сублимациялау, зонттық балқыту, транспортты реакциялар).

  86. Сулы ертіндідегі дардың алынуы және олардың сусыздануы.

  87. Жетінші негізгі топша элементтерінің валенттіліктері қанша болады және олар химиялық қосылыстарда қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді?

  88. Периодтық жүйеде жетінші негізгі топша элементтерінің қасиеттері жоғарыдан төмен қарай қалай өзгереді?

  89. Фтордың физикалық қасиеттерін айтып, оның химиялық қасиеттерін көрсететін реакциялардың теңдеуін жаз.

  90. Хлор табиғатта қандай қосылыстар түрінде таралған? Хлордың физикалық қасиеттерін айтып, молекуласының түзілу схемасын сызып көрсет.

  91. Хлордың химиялық қасиеттері қандай?

  92. Зертханада және өнеркәсіпте хлор алуға қажетті барлық реакциялардың теңдеулерін жаз?

  93. Хлорсутек пен тұз қышқылының физикалық қасиеттері қандай? Тұз қышқылының химиялық қасиеттері?

  94. Тұз қышқылын зертханада және өнеркәсіпте қандай тәсілдермен алады?

  95. Хлордың оттекті қосылыстары?

  96. Бром мен иодтың физикалық және химиялық қасиеттері қандай?

  97. Марганец катионының электрондық формуласын жаз. Қандай орбитальдар арқылы марганец атомы химиялық байланыстарды түзеді?

  98. Марганецтің максималды коваленттілігі нешеге тең болады? Қосылыстарында марганец қандай тотығу дәрежелерде бола алады? Мысалы келтір.

  99. Қалай марганец сұйытылған және концентрлі азот, тұз, күкірт қышқылдарымен суықта және қыздырғанда әрекеттеседі? Реакция теңдеулерін жаз.

  100. Марганецтің оксидтері мен гидроксидтерін қалай алады? Реакция теңдеулерін жаз. Қайсылары бос күйінде бөлініп алынған?

  101. Марганецтің тотығу дәрежесі артқан сайын оның оксидтері мен гидроксидтерінің химиялық характері қалай өзгереді? Түсіндірме бер.

  102. Марганецтің қандай қосылыстары химиялық реакцияларда тек қана а)тотықсыздандырғыш б) тотықтырғыш в) тотықсыздандырғыш және тотықтырғыш бола алады? Түсіндірме бер.

  103. Mn (II) қосылыстары тотығу-тотықсыздану реакцияларда қандай қасиеттермен сипатталады? Реакция теңдеулерін жаз. Қандай ортада бұл қосылыстар тұрақты болады? Мысалы келтір.

  104. MnO2 концентрлі тұз, күкірт қышқылдармен және сілтілермен балқытқанда әрекеттескенде қандай заттар түзіледі? Бұл реакцияларда MnO2 қандай қасиеттермен сипатталады? Реакция теңдеулерін жаз.

  105. Марганец (VI) қосылыстарын қалай алады? Реакция теңдеулерін жаз. Бұл қосылыстардың тұрақтылығы қандай?

  106. Калий перманганатының тотықсыздану өнімдерінің құрамы қандай факторларға тәуелді? Реакция теңдеулерін жаз.

  107. Калий гидросидінің 150 мл ыстық ерітіндісінен хлорды өткізгенде калий хлоратының қандай массасы түзіледі, калий гидроксиді ерітіндісіндегі сілтінің массалық үлесі 40%

: ebook
ebook -> Оқу-әдістемелік материал Кіші мектеп жасындағы тіл дамыту әдістемесі
ebook -> 5В 050121- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған
ebook -> «Тілді жоғары мектепте оқыту әдістемесі»
ebook -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
ebook -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
ebook -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
ebook -> ОҚУ-Әдістемелік кешені (Барлық мамандықтарға арналған)
ebook -> Тарих кафедрасы
ebook -> «Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы»
ebook -> Ағылшын тілі пәні бойынша 1-курс студенттеріне арналған




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет