I- нұсқа Хақназар ханның сыртқы саясаттағы бағытын өзгертуге әсер етті



жүктеу 98.47 Kb.
Дата30.06.2016
өлшемі98.47 Kb.
Қазақстан тарихы.10 сынып

I- нұсқа

1.Хақназар ханның сыртқы саясаттағы бағытын өзгертуге әсер етті:

A) Шайбани ұрпақтарының жиі шабуыл жасауы

B) Сібір ханы мен Моғолстан билеушілерінің шапқыншылық жорықтары

C) Бұхар ханының наразылығы

D) Ташкент билеушісі Баба сұлтанның екі жүзді саясаты

E) Өзбек ханы Абдаллахтың күшейуі



2.Баба сұлтанның астыртын жіберген адамдары Хақназар ханды, оның туыстарын өлтірген жыл:

A) 1578


B) 1579

C) 1580


D) 1582

E) 1589


3.Хақназар хан өлгеннен кейін, хан тағына отырған Жәнібек ханның немере інісі сексенге келген:

A) Шығай хан

B) Тәуекел хан

C) Есім хан

D) Тұрсын хан

E) Тәуке хан



4.Баба сұлтанға қарсы жорықта Шығай хан қайтыс болған жыл:

A) 1581


B) 1582

C) 1583


D) 1584

E) 1585


5. 1583 жылы «Ант беріскен шартты » бұзып, Тәуекел хан Өзбек ханнан қайтарып алған қалалар:

A) Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам

B) Суяб, Ташкент, Түркістан, Отырар

C) Қойлық, Үзгент, Сығанақ

D) Суяб, Сығанақ, Ташкент

E) Отырар, Сайрам; Сауран



6.Тәуекел хан Мәуреннахрға баса көктеп кірген жыл:

A) 1588


B) 1590

C) 1596


D) 1598

E) 1599


7. 1598 жылғы шайқаста екі жақтың билеушісі де қаза болып, екі хандық хансыз қалды, бұл хандықтар:

A) Моғолстан мен Өзбек хандығы

B) Қазақ хандығы мен Өзбек хандығы

C) Ташкент билеушісі мен Қазақ хандығы

D) Шайбани хандығы мен Моғол хандығы

E) Қазақ хандығы мен Бұхар хандығы



8.Тәуекел ханның беделін және күш-қуатын арттырған жеңіс:

A) Сыр бойы қалаларын қайтарып алуы

B) Ташкент қаласының түбіндегі Абдаллах ханды талқандауы

C) Баба сұлтанды жеңуі

D) Түркістан қаласының түбіндегі жеңіс

E) Жетісу жерін қайтарып алуы



9.Қазақ хандығы мен Өзбек хандығы арасындағы ұзақ жылдар жүргізілген соғыстың нәтижесі:

A) Қазақ хандығының жеңілуі

B) Сыр бойындағы қалалардан айырылуы

C) Қазақ хандығының жеңіске жетіп, Ташкентті қосып алуы

D) Сауран, Түркістан, Отрар, Сайрам қалаларын қайтарып алуы

E) Қазақ хандығы экономикалық жағынан әлсіреді



10. Есім ханның билік құрған жылдары:

A) 1511-1518

B) 1523-1532

C) 1532-1537

D) 1598-1628

E) 1580-1582


11. XVIІ ғасырдың басында Қазақ хандығында бір мезгілде билік құрған екі хан:

A) Есім, Тұрсын

B) Тәуекел, Шығай

C) Тәуке; Тұрсын

D) Жәңгір, Тәуке

E) Хақназар, Тәуекел



12. Есім ханның басты мақсаты:

A) Қазақ хандығының әскери күш-қуатын арттыру

B) Хандықты бір орталыққа бағындырған мемлекет етіп құру

C) Билер кеңесін құру

D) Сыртқы саясатын нығайту

E) Өзбек хандығын талқандау



13. 1603 жылы бірінші қазақ-бұхар шайқасы болған жер:

A) Айғыржар

B) Самарқан

C) Ташкент

D) Жаркент

E) Аспара



14. Қазақ-бұхар соғысында Есім хан қолданған ұтымды соғыс тәсілі:

A) Шабуыл жасау

B) Қорғанысты шайқас

C) Партизандық әдіс

D) Барлау әдісі

E) Окоптық тәсіл



15. Тұрсын сұлтан өзін хан, Ташкент қаласының билеушісі деп жариялаған жыл:

A) 1612


B) 1613

C) 1615


D) 1617

E) 1618


16. Тұрсын ханның сенімді тірегі:

A) Саны көп қатаған руы

B) Сансыз көп әскер

C) Ақсүйектер

D) Жақын туыстары

E) Батырлары



Қазақстан тарихы.10 сынып

II- нұсқа
1.Тұрсын хан тәуелсіздіктің белгісі ретінде шығарды:

A) Жарлық

B) Ақша

C) Кітап


D) Жинақ

E) Заңдар



2. Есім ханның қалмақтарды талқандаған уақыты:

A) 1625


B) 1626

C) 1627


D) 1629

E) 1630


3. Тұрсын ханның бүлігі:

A) «Қатаған қырғыны»

B) «Қалмақ қырғыны»

C) «Найман қырғыны»

D) Хан бүлігі

E) Қырғыз бүлігі



4. Қазақ хандығының құрылымы сатыдан ... тұрады:

A) төрт


B) бес

C) алты


D) жеті

E) сегіз


5. XVI-XVII ғғ. Қазақ хандығында ата- аймақты басқарды:

A) Ақсақал

B) Рубасы

C) Би


D) Ауылбасы

E) Сұлтан



6. Қазақ хандығында он немесе он бес аймақтан құралған:

A) ауыл


B) ру

C) арыс


D) ұлыс

E) жүз


7. Қазақ хандығындағы ұлыстың билеушісі:

A) рубасы

B) би

C) сұлтан



D) ақсақал

E) ауылбасы



8. Орта жүзге жататын рулар:

A) табын, тама қаракесек, төртқара

B) жалайыр, албан, суан, дулат

C) арғын, найман, уақ, керей, қыпшақ

D) қоңырат,керей, албан, ысты

E) жалайыр, шапырашты, қыпшақ



9. Хан сайлаудың басты шарты:

A) малының көп болуы

B) ақсүйек тұқымынан шығуы

C) бидің тұқымынан шығуы

D) Шыңғыстың ұрпағы болуы

E) феодалдар тобынан шығуы



10. Сайланған ханның мал-мүлкін бөліп алу дәстүрі:

A) «Ханталас»

B) «Ханталапай»

C) «Бөліп алу»

D) «Ханталау»

E) «Бөліске салу»



11. Бейбітшілік жағдайда ханның рұқсатынсыз жол берілмейді:

A) Көшіп-қонуға

B) Соғысты бастауға

C) Салықты көбейтуге

D) Егінді жинауға

E) Жайылымды белгілеуге



12. Қазақтың ханын сайлауға барлық рудан қатысты:

A) Шаруалар.

B) Дінбасылар.

C) Атақты, сыйлы шонжарлары

D) Егіншілер

E) Ауыл басылары



13. Қазақ хандығы таптық негізгі екі топ. Олар:

А) Феодалдар мен қарапайым халық

B) Егіншілер мен кедейлер

C) Шаруалар мен қарапайым адамдар

D) Кедейлер мен егіншілер

E) Егіншілер мен шаруалар



14. Көктеу дегеніміз:

A) жазғы жайылым

B) қыстағы жайылым

C) көктемдегі жайылым

D) күздегі жайылым

E) маусымдық жайылым



15. Қыста көшіп-қонған қазақ ауылдары үшін ең қауіптісі:

A) жұт


B) аштық

C) қатты боран

D) қатты дауыл

E) қатты аяз



16. Таза малмен айналысатын шаруашылық:

A) Жартылай көшпелі

B) Отырықшы

C) Аралас

D) Егіншілік

E) Көшпелі




Қазақстан тарихы.10 сынып

III- нұсқа
1. XVI-XVII ғғ. түйе мен қой-ешкілер үшін қыстық жайылымға таңдалған жер:

A) Қызылқұм шөлі

B) Қаратау жотасы

C) Сыр бойы

D) Іле аймағы

E) Жетісу аймағы



2. Қозы көш дегеніміз:

A) Тоқтыларды өзеннен өткізу

B) Жас төлдерді аман сақтау үшін күніне 8-10 шақырым көшіп отыру

C) Көш кезінде қозылардың жүнін қырқу

D) Қозылар үшін күніне 10-20 шақырым көшіп отыру

E) Малдың жаппай төлденуі



3. Қозылардың жүнін қырқатын мезгіл:

A) «Қозы күзем»

B) «Тоқты күзем»

C) «Қой күзем»

D) «Тоғыту»

E) «Қозы көш»



4. Көшпелі қазақтар суық басталысымен көшті:

A) Таулы аймаққа

B) Жайлауға

C) Күздеуге

D) Ауылға

E) Көктеуге



5. Малы жоқ көшіп қонуға көлігі жоқ, егіншілікпен айналысатын кедей:

A) жатақ


B) егінші

C) малшы


D) жұмысшы

E) қараша



6. XVII ғасырдың II жартысындағы Қазақ хандығының астанасы:

A) Сығанақ

B) Суяб

C) Түркістан



D) Алмалық

E) Сауран



7. XVII ғасырда Қазақ хандығының ішкі-сыртқы саясаттағы беделінің әлсіреуіне себеп болған:

A) Ақсүйектердің арасындағы ынтымақ, ауыз бірліктің болмауы

B) Бай-шонжарлардың арасындағы билік үшін тартыстар

C) Кіші хандардың дара билікке ұмтылуы

D) Ойраттар шабуылының жиілеуі

E) Руаралық қырқыстар



8. 1628-1652 жылдары хан тағына отырған Есім ханның баласы:

A) Тәуке

B) Шығай

C) Тәуекел

D) Жәңгір

E) Тұрсын



9. Ғажайып ерліктері үшін Жәңгір ханға халықтың берген атауы:

A) Еңсегей ер Жәңгір

B) Салқам Жәңгір

C) Батыр Жәңгір

D) Алып Жәңгір

E) Зор денелі батыр



10. Жәңгір хан 600 жауынгерімен жоңғардың 50 мың жауынгеріне қарсы тұрған шайқас:

A) Аңырақай

B) Аягөз

C) Қалмақ қырылған

D) Орбұлақ

E) Бұланты



11. Орбұлақ шайқасы болған жыл:

A) 1628


B) 1630

C) 1640


D) 1642

E) 1643


12. ХҮІІ ғасырдың 70 жылдары жоңғар әскерлерінің Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға басып кіріп, қосып алған қалалардың саны:

A) тоғыз


B) он

C) он екі

D) он бес

E) он төрт



13. Тәуке ханның билік құрған жылдары:

А) 1628-1655

B) 1628-1652

C) 1680-1715

D) 1682-1718

E) 1682-1719



14. Тәуке ханның тұсындағы астана:

A) Сығанақ

B) Түркістан

C) Сайрам

D) Сауран

E) Суяб


15. Тәуке хан үш жүздің басын қосып құрылтай өткізілген жер:

A) Қостөбе

B) Мәртөбе

C) Күлтөбе

D) Бестөбе

E) Жертөбе



16. Тәуке ханның заңдар жинағы:

A) «Жеті жарғы»

B) Заңдар жинағы

C) Далалық заңдары

D) «Жылнамалар жинағы»

E) Хан жарлығы



Қазақстан тарихы.10 сынып

IV- нұсқа
1. «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасауға қатысқан билер:

A) Қазыбек, Әйтеке, Майқы би

B) Төле би, Балқы би

C) Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би

D) Әйтеке би, Балқы би, Бала би

E) Қазыбек би, Әйтеке би, Балқы би



2. «Жеті жарғы» бойынша құрылтай кеңесіне жіберілмей, дауыс беру құқығынан айырылды:

A) Қарумен келген адам

B) Найза асынған адам

C) Қанжар асынған адам

D) Қарусыз келген адам

E) Қылышсыз келген адам



3. «Жеті жарғы» бойынша хан:

A) Барлық ру бірлестігінің басшысы, хандықтың басшысы, бас қолбасшысы

B) Сот міндетін атқарушы, салық жинаушы

C) Ру арасындағы тартысты шешуші

D) Аймақтың басшысы

E) Ру бірлестігін басқарушы



4. Тәуке ханның сыртқы саясаттағы мақсаты:

A) Жерлерін кеңейту

B) Өзбек хандығымен одақ құру

C) Иран шахымен қарым-қатынас орнату

D) Көрші мемлекеттермен одақ құру және бейбіт қатынас орнату

E) Жоңғарларды талқандау



5. 1680 жылы жоңғар шапқыншылығы кезінде аман қалған қала:

A) Сайрам

B) Түркістан

C) Отырар

D) Сығанақ

E) Тараз


6. 1710 жылы қазақ жерінің Қарақұм маңында бас қосу себебі:

A) Үш жүздің басын біріктіру

B) Хан сайлау

C) Жоңғарларға қарсы тойтарыс беру

D) Руаралық тартыстарды шешу

E) Заңдар жинағын шығару



7. Тәуке хан тұсында билердің атқарған рөлі:

A) Сұлтандар арасындағы дауды шешті

B) Сот билігін, атқарушы өкімет билігін атқарды

C) Руаралық тартыстарды тоқтатты

D) Сұлтандардың билігін шешті

E) Жер туралы дауларды шешті



8. XVII ғасырдың ортасында Жоңғар мемлекетінің күш-қуатын біршама арттырған қонтайшы:

A) Қалдан-Серен

B) Болат

C) Батыр


D) Цеван-Рабдан

E) Әмірсана



9. Аягөз маңындағы қазақ жасақтарының жоңғарлардан жеңіліске ұшыраған жыл

A) 1716


B) 1718

C) 1725


D) 1729

E) 1730


10. 1728 жылы қазақ жасақтарының жоңғар әскерлеріне күйрете соққы берген жер:

A) Аягөз маңы

B) Сарысу өзені

C) Бұланты өзені

D) Балқаш көлі

E) Жетісу аймағыПравильный ответ - C



11. Ордабасы тауына жиналған қазақ жүздерінің шешімі бойынша жоңғарларға қарсы күресте қазақ жасақтарының бас қолбасшысы болып сайланған хан:

A) Абылай

B) Тәуке

C) Әбілқайыр

D) Тәуекел

E) Сәмеке



12. Балқаш көлінің маңында Аңырақай жерінде жоңғарларға күйрете соққы берген жыл:

A) 1726


B) 1727

C) 1728


D) 1729

E) 1730


13.Сібір атауы түркі тілдес тайпалармен ұзақ жылдар бойы қарым-қатынаста болған осы этникалық тобының атауынан шықты:

A) «Савромат»

B) « Қыпшақ»

C) «Қаңлы»

D) «Монғол»

E) «Сыпыра»



14.Көшім Қадырғали Жалаиридің «Жылнамалар» жинағындағы дерек бойынша осы әулеттің ұрпағы:

A) Әмір Темір

B) Шайбани

C) Төле


D) Батый

E) Шағатай



15. В. Степанов бастаған орыс елшілерінің Қазақ хандығына келген жыл:

A) 1573


B) 1593

C) 1594


D) 1595

E) 1598


16. XVIIғасырдың 40 жылдарынан бастап, Қазақ хандығына қауіп төндірген мемлекет:

А) Қоқан


В) Қытай

С) Жоңғария



D) Ресей

Е) Иран


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет