Қымбатты аналар, әжелер, құрметті қонақтар!



жүктеу 37.36 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі37.36 Kb.
Мұғалім: Қымбатты аналар, әжелер, құрметті қонақтар!

8-Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған ертеңгілігімізді бастаймыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

Аналардың мерекесін бастайық.

Көздеріңнен көрем шаттық арайын,

Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай үн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең шуағың аясындай гүл бақтың



Самал Ақ жаулықты аналар әжелер, асыл да, аяулы аналар, балабақшамыздың ұстаздары, ару қыздар!

Нұрбол Сіздерді 8-наурыз халықаралық аналар күнімен құттықтаймыз!

Білесің бе, Нұрбол ана деген керемет асыл жан, менің анам кішкентай кезімде не айтсам соны алып беріп, түн ортасында шөлдесем тұрып шырын беретін.Нұрбол Ал, менің анам ұйықтар алдында ән, ертегі айтып, ұйқыдан оянғанымда жүрегіме жылу беретін сөздер айтады



Самал-Ән демекші бүгінгі аналарға арналған мерекемізді әнмен бастасақ, оған қалай қарайсың?

Нұрбол дұрыс айтасың Самал Мейірімді де, сүйкімді аналар мен әжелерге арнап ән айталық.

Мұғалім\ Ең аяулы есім ғой ана деген,

Бар тіршілік бақытты анаменен

Ананы жеткізгенше мұратына,

Білім іздеп лапылдап жана берем

Ананың оттай ыстық алақаны

Болған соң ойлайтыны бала қамы.

Баладан анасына мың сан алғыс,

Өйткені ол анасының балапаны.



Балалардың такпактары\Қамқорым да сенсің ана,

Сенсің ана ақылшым да.

Ұланыңды қасыңа

Бастай бер алыс шыңға.

Жүретінім сенің жолың,

Жалтақтамай, аялдамай.

Асыл анам өмір бойы,

Ұшамын мен саған қарай

Ақ жүректе сақтаған,

Жарқын күлкің бақ маған.

Ақ бетіңнен сүйемін,

Келші, келші ақ мамам

Анам, анам, ақ анам

Менде өзіңдей ақ болам.

Айтқан тіліңді аламын,

Жұмсағанда барамын.

Ақ төсекке жатқызсаң,

Көзіңді жұма қаламын.

Құшағыңа кіргенде

Жылынамын бір демде.

Не жетеді көзіңе

Мейірімді күннен де.

Сегізінші Наурызбен

Құттықтаймын, анашым,

Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Ақ әжемді әрқашан,

Сыйлап жақсы көремін.

Қуантайын деп оны,

Өлең айтып беремін

Менің әжем жыр әжем,

Шуағы мол нұр әжем.

Ақ таяққа сүйеніп,

Аман есен жүр әжем.

Менің әжем, ақ әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағы әжем.

Менің әжем – гүл әжем,

Алтын әжем, күн әжем.

Апам үшін, мен үшін,

Нағыз ана – тілі әжем!

Әже деген көп шығар,

Әжемдей менің жоқ шығар.

Мейірімді бұл кісі,

Қандай ғажап күлкісі

Жер бетінің ғұмыры,

Күн нұрымен арайлы.

Біздің үйдің жылуы,

Анамыздан тарайды.

Әлпештеген баласын,

Ана бақыт, ана күн,

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын.

Жердегі бар тағамнан

Ана сүті нәрлі екен.

Бұл жалғанда анамнан,

Сүйікті адам барма екен.

Мерекені қарсы алып,

Мәз болады барша жұрт,

Гүл ұсынып анаға,

Бердім өзім ән салып.

Ақ анашым, аппағым,

Өзің жайлы тақпағым,

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де!



Мұғалім\ Наурыз күні ана күні ,әлем күні,

Әлемді тебірентер ана үні.

Анасыз жан туған жоқ жер бетінде,

Ұғып ал бөбектерім сендер мұны.

Кетті қысқы ызғар,

Еріп жатыр мұздар.

Мерекеңіз бүгін,

Қызғалдақтай қыздар



Мұғалім\ Ал ендеше, балалар аналар туралы мақал мәтелдерін айтып жіберсін

Мақал

1. Ана ең жақын, әрі ыстық адам.

2. Ана ең аяулы жан.

3. Ана, ана, ана –не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз.

4. Жақсылық атаулының барлығы да ана сүтінен жаралған.

5. Ана-деген бәйтерегі өмірдің

Ана-деген қуанышы көңілдің.

7.Ана-деген әрбір үйдің жылуы.

8.Ана-деген асыл жандар болаттай.

9.Ана-деген-мөлдір жандар бұлақтай.

10. Ана-ол біздің елде ардақты адам.

Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.



12. Әлемде өзгермейтін 3 ақ зат бар, ол ананың ақ сүті, күннің нұры, сәбидің күлкісі.

Балалардың биі қара жорға
: uploaded files
uploaded files -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа дайындау Үй жұмысын тексеру
uploaded files -> Сабақтың типі: Білім дағдысын қалыптастыру Сабақтың түрі: теориялық-тәжірибешілік
uploaded files -> Тақырыбы: «Өлең сөздің зергері-Қадыр ақын» Мақсаты
uploaded files -> Сабақтың М. Жұмабаев «Түркістан» өлеңі 8 «А»сынып Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі. Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысқа 100 жыл Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Тема. Развитие культуры, торговли и религии на трассах Великого Шелкового пути. Тип урока
uploaded files -> Религия и власть в социально-философской мысли ислама




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет