Ислам діні және этностық сана



жүктеу 64.2 Kb.
Дата08.07.2016
өлшемі64.2 Kb.
ИСЛАМ ДІНІ ЖӘНЕ ЭТНОСТЫҚ САНА
Игенбаева Р.Т., Дилмагамбетова Е
Қызылорда қ. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
IRT_2208@mail.ru
Аннотация
Мақалада жеткіншек ұрпақты халқымыздың рухани қазынасы – ұлттық құндылықтар, ұлттық дәстүр, әдет-ғұрып негізінде тәрбиелеудің олардың этностық санасын қалыптастырудағы маңызы қарастыралады. «Ұлттық өзіндік сана» ұғымына сипаттама беріліп, ұлттық тәрбиенің құрамдас бөлігі ретінде ислами діни тәрбиенің этностық санамен байланысы сипатталады.

Жастармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының мазмұнын олардың рухани дүниетанымы, өмірге оң көзқарасы, ұлттық мәдениет пен әлемдік мәдениеттің озық үлгілерін негіздей отырып, әрбір тұғаның бойында ұлттық сана-сезімді қалыптастыру, ұлттық мәдениетті, салт-дәстүрді дамыта отырып, ұлтжандылыққа, ана тілін қастерлеуге және оны жетік білуге, адамгершілік кадір-қасиетін танытатын ұлттық көзқарасты, ұлттық бірлікті нығайту мәселелері құрайды.

Халқымыздың ұлттық мәдениетінің қайта өркендеу жағдайында жеткіншек ұрпақты ұлттық дәстүрде халқымыздың рухани қазынасы, мәдениеті, әдет-ғұрып дәстүрлері негізінде тәрбиелеу олардың этностық санасының қалыптасуына ықпал етері айқын. «Этностық өзіндік сана этностың маңызды анықтаушысы бола тұра, сонымен бірге, ұлттылықты сақтап қалудың бірден-бір көзі болып табылады» [1]. Ұлттық сезім, ұлттық мүдде, ұлттық идея, патриоттылық пен ұлттық мақтаныш сезімдеріді қалыптастыру негізінде жастардың ұлттық өзіндік санасын жоғарылатуға болатындығы айқын.



Ұлттық өзіндік сананың құрамында ұлттық мақтаныш, өз халқының тарихына, дініне, халықтық шығармашылыққа, кәсіби мәдениетке, тілге, сондай-ақ, өз Отанының табиғатына сүйіспеншілік сезімі сияқты элементтер кіреді. В.П. Левкович, Н.Г. Панкова бойынша, этностық сана – ол этностық топтың өзін-өзі бейнелендіру қабілеті. Бұл сана этностық топтың тілінде, салт-дәстүрлер жүйесінде, хадистерінде, аңыз-ертегілерінде, нанымдарында, ырымдарында, жаңсақ нанымдарында, ұлттық талғамдары мен стильдерінде объективті түрде көрінеді [2].

Халқымыздың ұлттық санасында таптаурын ретінде қалыптасқан оның ұлттық тәрбиесі. Әрбір баланың тәрбиесіне оның ата-анасы, отбасы мүшелері, ағайын-туыс, көрші-қолаңның барлығы атсалысып, ортақ қамқорлық танытқан. «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» деген өнегелі өсиетті қалдыра отырып, қазақ халқы әр баланың бойында ізгіліктілік, имандылық, кішіпейілдік, қарапайымдылық, парасаттылық, сабырлылық сынды игі қасиеттерді қалыптастырған. Бұл қаситтеріміздің барлығы ұлттық құндылықтарымыздың сарқылмас қазынасы.

Еліміздегі рухани болмыстың, ұлттық тәрбиенің қайнар көзі ұлтжандылық болып табылады. Ұлтшылдық та, ұлтсыздық та ұлттық рухтан туындайтындығы баршамызға аян. Демек ұлтшылдық - туған халқыңды өз анаңдай құрметтеу, қолыңнан келген барлық жақсылығыңды жасау, қызметіңді көрсету. Ұлтшылдық – патриоттық және ұлттық тәрбиемен сабақтас, ол мемлекеттің алға дамуының қозғаушы күші. Кез келген халық секілді қазақ халқы да, оның зиялы, ұлтжанды өкілдері елдің, жердің, тілдің, ділдің, ұлттың тағдырын ойлап, жас ұрпақ санасына ұлағатты өсиеттерді, тәлім-тәрбиені, сіңіріп кетті. Қазақтың ұлтшылдығының өзегі «менің ұлтым өзгеден ерекше, артық» сияқты мазмұнда емес. Ол өз жұртының өркениетке ұмтылысын қолдайтын, ілгері жылжуына ықпал етуші азаматтың сезімі. Ең алдымен, таза жанды, иманды, арлы, намысты, ұлты мен ұлттық құндылықтарды сыйлайтын, сүйетін тұлға тәрбиелеуге тырысуымыз керек.

Өкінішке орай, бүгінгі күні шетелдік үрдіске бағыт алған, соған икемделген көптеген қазақ жастарының мінез-құлқы, тәлім-тәрбиесі ұлтжандылық сипаттан алыс кетіп қалды. Әсіресе қыз балалардың киім кию үрдісі ұлттық санамызға сәйкес емес екендігі көпшіліктің аузында да, баспасөз беттерінде де көп айтылып жүр. Сонымен қатар сөйлеу мәнеріміздің түбірлі өзгеруі, лексикондағы жаргондар, жастардың өз ойын қажетті деңгейде жеткізе алмауы, кез-келген жерде былапыт сөздер айтуы, олардың бойындағы дөрекілік, әдепсіздік сынды көңілге қонымсыз жағдайлар өкінішке орай кең етек жайған. Жастарды ұлтжандылықтылық сипатта тәрбиелеу, оларды адамгершілікке, имандылыққа баулу арқылы олардың этностық санасын қалыптастыру баршамыздың қасиетті борышымыз. Осы орайда жастарды ізгілілікке, адамгершілік, имандылыққа баулудың жарқын үлгісін Ислам дінінен байқаймыз. Ислам этикасы ізгілік, адамгершілік мінез-құлық нормалары мен ұстанымдарының жиынтығынан тұрады. Ол – мейірімділік, төзімділік, ықыластылық, шыншылдық, тазалық, жомарттық, бауырмалдық, кеңпейілдік, аманатқа қиянат жасамау, ар-намысты сақтау, уәдеде тұру сияқты көптеген жалпы адамзаттық құндылықтарды қамтиды.

Ислам дінінің ең негізгі қағидаттарының бірі саналған ихсан – мұсылман өмірінің барлық саласын қамтыған адамгершілік нормаларын қамтыған этикалық категория.

Ихсан – адам мен Жаратушының арасындағы қарым-қатынасты шынайылыққа жетелейтін және оның ұлылығы мен құдіреттілігін сезіндіретін рухани күш.

Ихсан адам баласының әуелі ата-анасынан бастап, өзге адамдарға да жақсы қарым-қатынас жасауын білдіреді. Құран кәрімде қамтылған ихсан ұғымының ішіне көбіне ашуын тізгіндей алу, кешіру, түсіністікпен қарау, сабырлық, асыра сілтеушіліктен сақ болу, жомарттық т.б. секілді ізгі қасиеттер кіреді

Әлемдегі жаһандану жағдайы еліміздегі жас ұрпақтың сана-сезіміне, ой-өрісіне өзіндік өзгерістер енгізді. Қазіргі таңдағы әр қилы бұқаралық ақпараттық ағымдар, ол ақпараттар арқылы жететін шетелдік жастардың тәрбиесінде қалыптасқан қиғаш тенденциялар, моральдық-этикалық құндылықтардан жұрдай болған әр түрлі шоу жұлдыздары, Голливудтық фильмдердегі кейіпкерлердің жағымсыз әрекеттері – міне осының бәрі соңғы жылдары қазақ жастарының тәрбиесіне де теріс ықпалын тигізуде. Үлкеннің алдынан кесе көлденең өтпейтін жастары бар, ізеттілік пен имандылықтың үлгісіндей болған қазақ халқының мыңдаған ғасырлар бойы қалыптастырған ұлттық тәрбиесі ұмытылып, үлкен-кішінің ара-жігін ажыратпайтын, нашақорлық пен маскүнемдік т.б. қазақтың қанында жоқ қасіретті қасиеттерді бойына сіңірген жас буын қалыптасты. Өкінішке орай, бұл елімізде етек жайып отырған өзекті мәселе. Соңғы жылдары болашақтың кілтін қолына ұстаған, ел сенімін байрақ етіп көтеріп отырған жоғары оқу орындары студенттерінің оқу ғимараттары, жатақханаларынан есіртке саудасының орын алғандығы да айқындалып отыр. Сондықтан жастарды ұлттық үрдістер негізінде тәрбиелеп, сан ғасырлар бойы сарқылмай келген ұлттық құндылықтарымыз арқылы тәрбиелеу мәселесі бүгінгі күн тәртібіне қайта қойылып отыр.

Біздің ойымызша, қазіргі жағдайда қазақ жастарының санасында, ой-өрісінде, жалпы азаматтық, адамзаттық құндылықтар мен жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, жастар тұлғасының даму барысын психологиялық тұрғыда жан-жақты зерттеу, оның даралық ерекшеліктерін танып, дұрыс бағытта дамыту, әр түрлі әлеуметтік және моральдық-психологиялық жағдайларда қолдау көрсету және қоғам өмірін ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында бойында ұлттық тәрбиеге бай жаңа қазақ азаматын тәрбиелеу керек.

Адамгершілік адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасып, әрбір дәуірдің өзіндік қайшылықтарымен біте қайнасып, әлі де жетіліп келеді. Жомарттық, батылдық, шыншылдық, сыпайыгершілік, әділдік пен достық, ар мен намыс және тағы басқа да адамгершілік категориялары сонау көне дәуірден басталып, күні бүгінге дейін өз маңызын еш жоғалтпай келеді. Адам болу — қасиетті атақ. Адам - алдымен, ата-ананың, елінің, Отанының перзенті. Сондықтан Отан алдындағы жауапкершілік - парыздың бетке тұтары

Халықтың игі мәдени дәстүрлері: ізеттілік, қайырымдылық, мейірімділік, қонақжайлылық, имандылық, иманжүзділік – барлық мәдени үлгі-өнегелі іс-әрекеттердің көрінісі - әдеп деп аталады. Қазақ халқының осы игі дәстүрлерін айқындап, дәлелдей келе, халықты рухани тазалығы жағынан алып, қазақ халқын әдепті, яғни қайырымды, мейірімді халық деп атауға әбден болады. Бұл – ұлт мәдениетінің ең озық көріністері. Халықтық әдеп – ұрпақ тәрбиесінің өзекті арқауы.

Ал жеке тұлғаның рухани – мәдени қалыптасуына бірден – бір зор ықпал ететін нәрсе халықтың өмір тәжірибесінің жиынтығы, іріктелген ұлттық сипаттың заңдылығы салт – дәстүр болып табылмақ. Халықтың салт-дәстүрі рухани-мәдениеттің қайнар көзі. Қазақта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген дана сөз бар. Сондықтан жеткіншек ұрпақтың өз халқының рухани қазынасымен, оның ұлттық тәрбиесімен әдет-ғұрып, салт-дәстүрімен тереңірек танысу қажеттігі бірінші орынға қойылып отыр.

Жалпы адамзаттың ұлттық асыл қазынасының ішінде ерекше мән беріп, құрметпен аталуы тиістінің бірі – діни құндылықтар. Ислам адам баласы үшін өте маңызды да қажетті рухани құндылықтардан тұрады. Ол – адамдарды бір-бірін жақсы көруге, бір-біріне жәрдемдесіп, бауырларша өмір сүруге шақырады. Аллаһ Тағаланың құрметтеуді, бүкіл тірі жанға мейірімді болуды бұйырады. Дін, діни сенім мәселесінде талай жыл артта қалып, өзінің тілі, ділі, дінін ұмыта жаздаған қазақ халқы үшін діни құндылықтар арқылы жастарға тәрбие бердің өзектілігі айшық.


Әдебиеттер


  1. Джалилов З.Г. Ислам и общество в соременном Казакстане. - Алматы: Дайк – Пресс, 2006.

  2. Осман Қарабиық Ислам діні. - Алматы, 2007.

  3. Сафвет Синих Ғибадат ғажайыптары. - Алматы, 2001 ж.

  4. Шейх Абдуррахман ибн Насир әс-Сағди Ізгілер жүрегінің қуанышы (Пайғамбардың қысқа да нұсқа сөздерінің түсіндірмесі). – Алматы: Кәусар –Саяхат ЖШС, 2007.

  5. Сейфеддин Языжы Негізгі діни мағлұматтар (Кенім. Ғибадат, Ахлақ. Сийәр) – Алматы, 2004

: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> А. Б. Салқынбай ҚазҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Алматы, Қазақстан Сәкен өлеңіндегі сырбаз
publications -> Қазақ тіліндегі «АҚ», «Қара» СӨздеріне байланысты мақал-мәтелдер құрбанов А. Г., Қайырбекова Ұ. Ж., Үкібасова Ғ. А
publications -> Коммуникативтік қажеттілік – тіл үйренудің басты факторы Т. Н. Ермекова, Ф.ғ. д., профессор
publications -> ӘӨЖ 811. 512. 122 Субстантивтену процесінің НӨлдік тұЛҒада келіп басыңҚы сыңарда жұмсалуы
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к
publications -> Шерлілер сөзін сағынған Шернияз ақын
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> О. Сүлейменов өткен ғасырдың 1960 жылдары Қазақстанның ақындық және жалпы мәдени өміріндегі феноменальді құбылыс. Өлеңдерін орыс тілінде жазған қазақ ақыны Одақ көлемінде тез арада танымалдылыққа қол жеткізді
publications -> Жамбыл жырларындағы батырлар бейнесі Айтбаева Айман Ералықызы ф.ғ. к., доцент Шыңғысханқызы Аружан к-13-1 оқу тобы студенті Қорқыт ата атындағы ҚМУ




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет