Исмаилов Ғалымжан Арыс ауданы, С. Адамбеков атындағы жом тарих пәні мұғалімі Cабақтың тақырыбы



жүктеу 148.22 Kb.
Дата28.06.2016
өлшемі148.22 Kb.
Исмаилов Ғалымжан

Арыс ауданы, С.Адамбеков атындағы жом тарих пәні мұғалімі



Cабақтың тақырыбы: §18. Қаңлылар туралы деректер. Қаңлы қоғамы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қаңлылар туралы деректер, олардың орналасу территориясы, қоғамдық құрылысы, археологиялық ескерткіштері туралы оқушыларға түсінік беру.

Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту. Салыстыру, талдау, жұмыстарын жүргізе отырып, шығармашылық ізденіске жетелеу.

Тәрбиелік: Балаларды Отанын сүюге, батылдыққа, ерлікке жетелеу.

Сабақтың көрнекілігі: карталар, суреттер, тірек- сызбалар.

Сабақтың әдісі ; Топтық жұмыс
Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу

Түгелдеу


Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Оқушыларды 3-топқа бөлу




  1. Үй тапсырмасын сұрау

Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы

Үйсіндердің салт-дәстүрі мен діни сенімі



  1. Жаңа сабақты меңгерту:

а Фостермен жұмыс

ә картамен жұмыс

б тірек – сөздер жазу.

в тірек-сызбамен жұмыс.

г сөзжұмбақ шешу



  1. Қорытынды.



Мұғалім сөзі:

Сабақты бастау үшін мына берілген ребусты шешетін болсақ, бүгінгі тақырыбымыздың аты шығады.




‘‘‘ ,, ‘‘‘ ‘‘‘







Р

Л

Қытай тарихшысы Сыма Цянь «Тарих жазбаларында» көшпелілердің өмірі мен тұрмысын сипаттап жазған. Қытайдың «Цянь ханьшу» атты тарихи деректерінде қаңлы мемлекетінің пайда болған уақыты, оның шекарасы, басқа да маңызды мәселелер туралы айтылған.

«Қаңлылардың астанасы Би-Тянь қаласы Чань-Эньнан (бұл Қытайдың сол кездегі астанасы) 6 мың 150 шақырым жерде. Қаңлы аспан асты елімен қарым-қатынас жасамайды. Қаңлы ханның ордасы тігілген жер Би-Тянь қаласынан жеті күндік жері. Жер көлемі 4550 шаршы шақырым, 120 мың отбасы, тұрғандар саны - 600 мың, әскер саны - 120 мың».

Н. Бичурин (Иакинф) Орта Азияны мекендеген халықтардың көне заманғы тарихы. «Аударма» баспасы. Астана -2008 ж. 527 бет
1 тапсырма

Тақырып бойынша тірек сөздер жазу.

Оқушыларға тақырып бойынша негізгі тірек-сөздер жазу үшін

5 минут уақыт беріледі. Осы тірек -сөздер тақтаға жазылып болғаннан кейін оқушылар тақырып бойынша түсінік айтып шығады.

Қаңлылар; Деректер; «Авеста»; Сыма Цянь; Территориясы; Қоғамдық құрылысы; Битянь; Хан; Шаруашылығы; Археологиялық ескерткіштер



Қаңлылар

Мекендеген жерлері

Астанасы

Тарихи шеңбері

Арыс, Талас жағалауларында Сырдарияның төменгі ағысында мекендеген

Б.з.б.ІІІ-ІІ ғасыр

Б.з. V ғасыр аралығында өмір сүрген

Битянь


Билеушісі

Қаңылылардың солтүстігіндегі көршілері

Сарматтар мен аландар

Ұлы хан


Өз ішінде 5 иелікке бөлініп әр иелікті кіші хандар басқарған

Ру, тайпа, көсемдер лауазымы мұрагерлік жолмен қалып отырған

2 тапсырма: Тірек-сызбамен жұмыс

3 тапсырма: Тарихи сынақ хат жазу. (Оқушыларға «Археологиялық ескерткіштер» тақырыбында тарихи сынақ хат жаздыру)


Археологиялық ескерткіштер.

Қазірге дейін археологтар қаңлылар мекендеген көптеген қорымдар мен қоныстарды тапты. Оларды ғалымдар Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетішар археологиялық мәдениеттері деп атады.

Қауыншы мәдениеті – Ташкент төңірегінде, Отырар-Қаратау Сырдария өзенінің орта ағысы тұсындағы Қаратау беткейлерінен Талас өзеніне дейінгі аралықта тараған. Ал Жетіасар Қуаңдария мен Жаңадария аңғарларын алып жатыр.


ВЕНН ДИАГРАММАСЫН толтыру.
Астанасы Битянь

Сыр бойын мекендеген. Билеушісі хан

Астанасы Қызыл Аңғар Жетісуды мекендеген.

Билеушісі Гуньмо

Көшпелілер,

егін шаруашылғымен,

мал шаруашылығы

Кәсіпшілік

Аң аулау

Құс аулау




Металл өңдеу

Зергерлік бұйымдар

Жүн өңдеу

кәсібі

Қолөнер


Елік, таутеке, арқар, киік, марал

Қаз, үйрек бірқазан




Алтын күміс темір

Сырға, алқа, білезік. Сақина, сырға, әшекей бұйымдар

Киіз, киім

түрлі


төсеніштер

тоқыған


Қанжар, семсер, жебе ұштары, сауыт, қару-жарақ, ат әбзелдері, кетпен, о


Қ

А

Ң

Ы

Л

Ы

Л

А

Р

Сауда жасасқан

Қара теңіз жағалауларымен

Сириямен


Индиямен

Балтық бойымен

Египетпен

Қытаймен


Иранмен


Қаңлылар мәдениеті

Үйлері


Алтын-асар

қала жұрты

Үйлері

Шикі кірпіштен қаланып, балшықтан сыланған



16 га жерді алып жатыр

Музыкалық аспаптары мен сыбызғы-сырнайлары болған

Ән-күй, музыка, би өнері жақсы дамыған

Қауыншы мәдениеті

Қайтыс болған адамдарды киімімен жерлеген

Әйелдерге моншақ, айна, сырға, әшекей заттар қойылған

Ерлерге Тамақ салатын су құятын ыдыс, семсер, қанжар, садақ.

Сабақты бекіту сұрақтары:


  1. Қаңлылардың негізгі ата мекендерін көрсет: (Сырдария өзенінің орта ағысы, Арыс, Талас жағалауларында өмір сүрген).

  2. Қаңлы елі қандай мемлекеттермен экономикалық, мәдени, саяси байланыс жасады? (Қытай, Рим, Кушан мемлекеттерімен).

  3. Қаңлылардың астанасы қазіргі қай қаланың маңында болған? (Түркістан).


Бағалау:
Үйге тапсырма: Қаңлылар тарихын оқу.

Сабақтың тақырыбы: §15. Сақтардың мәдениеті.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сақтардың мәдени мұралары - «Аң стилі», «Бесшатыр қорымы», «Алтын киімді адам» туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, шығармашылық ізденіске жетелеу.

Тәрбиелік: Оқушыларды эстетикалық талғампаздыққа, әсемдікке, тарихи мұраларды сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: карта, суреттер, тірек-сызбалар, қосымша әдебиет.

Пәнаралық байланыс: География, бейнелеу.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2.Үй тапсырмасын сұрау.

3. Жаңа сабақты меңгерту:

А) Қосымша әдебиетпен жұмыс

Ә) Тірек-сызбамен жұмыс.

4. Қорытынды

Сабақтың мазмұны: Сақтардан көптеген ескерткіштер қалды. Олар Сырдария, Талас, Шу, Іле өзендерінің бойында, Алатау бөктерінде Қырғызстан жерлерінде кездеседі.

Археологтар Қызылордадан 300 шақырым жерде Шірік-Рабат қаласына қазба жұмыстарын мұнаралары бар қамал (Цитадель) салынған. Цитадель орталығынан қола ұштары жебенің, алтын қапсырмалар, саздан жасалған бұйымдар табылды. Олар б.з.б. 4-2 ғасырға жатады.

Антропологтардың анықтауынша, Есік обасында жерленген адам 17-18 жас шамасындағы сақ ханзадасы. Есік қорғанынан табылған алтын бұйымдардың молдығына қарап, бұл мәйіт «Алтын киімді адам» деп аталады.

Қосымша әдебиетпен жұмыс.
«Алтын киімді адам» сақ мәдениетінің бірегей үлгісі, жауынгер сақ тайпалары қазақ халқының негізін қалаған.

Алтын адам - Есік 55 обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгері. Жасы 17-18 шамасындағы сақ жауынгерінің мүрдесі қабірде басы батысқа қараталып жатқызылған. Қабір ағаш қақпақпен жабылып, темір құрсаулармен бекітілген, еденіне тақтай төселген, ал адам қойылатын жерге алтын жапсырмалармен безендірілген төсеніш салынған. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін "аң стилімен" жасалған. Бас жағынан жақұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас биік, шошақ төбелі. Мойнындағы дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылып, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған. Қынаға салынған темір қанжар - ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Қазақстан жерінде өмір сүрген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскер басы екенін айқын көрсетеді. Алтын адам Қазақстанның азаттық символына айналды. Алтын адамдағы тұлпарлар бейнесі Елтаңбамызға енді. Алматы қаласының Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументінде Алтын адам бейнеленген. gold-zverismol








Тірек-сызбамен жұмыс

Сақ ескерткіштері

Шірік-Рабат

Бәбіш-Молда

Қызылорда қаласынан 300 км

Қамал қабырғалары айнала ор қазылған

Күзет мұнаралары бар қамал

Егіншілік пен айналысқан

Цитадель


Археологиялық деректер

Жебенің қола ұштары, алтын қапсырмалар, саздан жасалған бұйымдар табылған

Қыш күйдіретін пеш, қол диірмен тастары, тары қалдықтары табылған

Б.з.б. IY-II ғасырларға жатады.

Қолөнер ісі жақсы дамыған

Зергерлік алтын, күміс бұйымдары алқа, сақина сырғалар, белдіктер қару-жарақтар

Ағаш ою, ілгек, таға түйме жасайтын сүйек өңдеу қолөнері де дамыған.

Тірек-сызбамен жұмыс.
Аңдық стилі

Б.з.б. YII ғасырдан басталды

Тақырыбы

Сипаты


Аңдарды және аңыздардағы ғажайыптарды бейнелеу

Сәндік өнері сипатта қолданылған

Әртүрлі бейнелер

Қола қазандар, құрбандық заттары, қару-жарақтар, ат-әбзелдері мен киімдер



«Аң стилі» өнерімен сақтар

Алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтарда танысқан

Осы жерден сақтарға «өмір ағашы» дейтін арыстан бейнесі тарады

Жануарлар мен аң-құстардың жылқы, қой, түйе, бұғы, ақбөкен, барыс, жолбарыс, бүркіт, қасқыр, қоян бейнелеріне ауысты.



«Аң стилі» өнерінің негізі

Адамның жануарлардан шыққандығы туралы ежелгі аңыздарда сақталған түсініктерімен байланысты екендігі аңғарылады







Қосымша әдебиетпен жұмыс:
БЕСШАТЫР ЕСКЕРТКІШІ

Бесшатыр - сақ дәуірінің аса ірі ескерткіші. Қорым біздің заманымыздан бұрынғы VI - V ғасырларда салынған. Жетісу өңірі Желшағыр тауының бөктерінде орналасқан. Қорым құрамында үлкенді-кішілі 31 оба бар. 18 оба қазылып зерттелген. Олардың үшеуі үлкен, қалғандары орташа және кіші обалар. Таспен жабылған 21 обаның алтауында шағын тастармен қоршалған ұзын тізбектер бар. Тізбектердегі көптеген тас плиталардың беттеріне таутеке, қабан, қасқыр сияқты аңдардың суреттері салынған. Үлкен Бесшатыр обасының маңындағы кейбір қоршаудың плиталарына түрлі таңба іспеттес суреттер де түсірілген.

Олардың арасында күн өмізіне жақын түрған немесе қазақтың "көз" таңбасына ұқсас дөңгелек бейнелер кездеседі.

Мұндай тізбектер қорымның тек жерлеу орны ғана емес, сондай-ақ діни салт-жоралғылар шерулерін өткізетін ерекше салтанат орны болғанын да көрсетеді.

Бесшатырдағы үлкен обаларға сақ ру басылары мен әскери көсемдерін жерлеген.

Орташа обаларда бұлардан кейінгі әскербасылар мен атақты жауынгерлер жерленсе, кіші обаларда қатардағы жауынгерлер мен қарапайым адамдар жерленген.

Қорымнан көбелек тәрізді өрнегі бар қысқа семсер-ақинақ, жебе ұштары, ағаш қалқан қалдығы, темір тоға, төрт ақық моншақ жөне іші қуыс алтын түйіршіктерден бір-біріне дәнекерленіп жасалған екі моншақ табылған.

Сақ дәуіріндегі сәндік бұйымның бірі - сырғалар әдемілігімен көз тартады. Бұл сырғалар моншақтармен безендіріліп, әдемі сыммен иіліп жасалған.

Тірек-сызбамен жұмыс.
«Бесшатыр» қорымы

Іле өзенінің оң жағасындағы Желшағыр тауының етегінде орналасқан

Қорым үлкен, орта және шағын 31 обадан тұрады

Солтүстіктен оңтүстікке қарай

2 км, шығыстан батысқа қарай 1 км

Ғалымдар бұл обаны «патша» қорғандары деп атаған

Бесшатырда үш үлкен оба бар

Үшінші


Бірінші

Алтыншы


Сағана бірнеше бөліктен тұрды

Обаның диаметрі 52 метр биіктігі 7,6 метр

Дәліз, қабір алдына кірер ауыз және жерлеу бөлмесі

Бесшатыр обасынан табылған бұйымдар

Семсер, ақинақтар, қола ұшты жебелер, темір пышақтар, шаш түйрегіштер, ақық моншақтар

Б.з.б. Y-ІY ғасырларға жатады



Қосымша әдебиетпен жұмыс
ЕСІК ОБАСЫ

gold1smol

Есік обасы - Қазақстандағы біздің заманымыздағы бұрынғы V - IV асырларда өмір сүрген сақ тайпаларының тарихы мен мәдениетінен хабар беретін аса көрнекті ескерткіш. Бұл ескерткіш Есік қаласының жанындағы Есік өзенінің сол жақ жағалауында, Алматы қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан. Есік обасына зерттеу жүргізгенде көптеген бұйымдар мен ыдыстар табылды. Ол ыдыстарды атап айтсақ: құмыралар, ағаштан істелген шара аяқтар, өрнек сапты ожау, күміс қасық, алтын жалатқан тостаған, т.б. барлығы - 31 бұйым табылды. Есік обаларынан табылған 4 мыңнан астам бұйымдардың көбі алтыннан жасалған. Есік обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгері мен 26 таңбадан тұратын жазуы бар күміс тостаған біздің арғы ата-бабаларымыздың өркениетінің ертеде қалыптасқанын әлем жұртшылығына танытты. Алтын адам Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды. Төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі Елтаңбамызға енді. Тостағандағы жазу Қазақстан жерін мекендеген сақ тайпаларының тілі көне түркі тілі болғандығын дәлелдейтін аса құнды жазу болып отыр. Есік обасынан табылған жаңа деректерді талдау қазақ жеріндегі сақтар өмірін жанжақты тануға мүмкіндік береді.




Жетісу өңіріндегі Есік қорғанынан табылған ыдыс. Көне Қазақстан керамикасы. Біздің заманымызға дейінгі VI - IV ғасырлар бұйымы.

Күміс тостағандағы жазулар көне түркі жазуының сақ дөуірінде пайдаланылғанын дәлелдейді.
Есік қорымынан табылған күміс тостаған. Төменде сол тостағандағы жазу айқындалып берілген
Тірек-сызбамен жұмыс.
«Алтын киімді адам»

Алматының күншығыс жағында 50 шақырым жерде «Есік обасында» орналасқан.

Алматының күншығыс жағында 50 шақырым жерде «Есік обасында» орналасқан

Қабір ағаш үй сияқты: ұзындығы – 2 м 90см, ені -1м 50см, биіктігі-1,5 метр.

Оның диаметрі 60м биіктігі 6 метр.

Үстіндегі киімі басынан аяғынан дейін алтын түймелермен, қаптырмалармен тігілген салтанатты киім кигізілген.

Мәйіттің оң жағында бел тұсында ағаш қыны бар семсер, қанжар ілінген. Аң бейнелері салынған.

Сол жағында алтын ұшты жебе, қылыш, жібек қоржын.

Алтын түймелері, қола теңгелер -4 мыңнан аса.

26 таңбадан тұратын жазуы бар күміс табақша табылған.



Ғалым К. Ақышевтың пікірінше, бұл сақтардың өзіндік жазуы болғандығын дәлелдейді.

Бекіту сұрағы:

  1. Сақтардың ескерткіштері табылған аймақтарды картадан көрсет?

  2. «Аң стилі» деген не?

  3. Сақтардың әйгілі археологогиялық ескерткіштерін ата.

Бағалау:
Үйге тапсырма: “Есік қаласына саяхат” тақырыбына әңгіме құрастыру
: materialy -> tarix
tarix -> Сабақтың тақырыбы : Қазақстанның XVIII ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. Сабақтың мақсаты
tarix -> Сабақ тақырыбы : Қазақтың ұлы ғалымы, тұңғыш зерттеушісі Шоқан Уәлиханов (1835-1865жж)
tarix -> Сабақтың тақырыбы: XV-XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығының қоғамдық құрылысы. Сабақтың мақсаты
tarix -> Сабақтың тақырыбы: Әбілқайыр хандығының құрылуы Сабақтың мақсаты
tarix -> Сабақтың типі: Қайталау сабағы Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ Барысы: І ұйымдастыру кезеңі
tarix -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Елордасы, бас қала Астана
tarix -> Сабақтың тақырыбы: 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
tarix -> Сабақтың тақырыбы: Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы. Сабақтың мақсаты
tarix -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Орта ғасырлардағы қытай мемлекеті, саяси құрылысы, оқушыларға тарихи мағлұмат беру
tarix -> Сабақтың мақсаты: Қазақ хандығының құрылуын талдау,қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің мемлекеттік құрылымын анықтау




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет