Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылындағы



Дата03.07.2016
өлшемі75.78 Kb.
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,

Тұрмағамбет ауылындағы

8 «Қызғалдақ» балабақшасының тәрбиешісі



Задаева Айгүл

Тақырыбы: Тіл-жүйріктен де озады

Мақсаты: а) Туған тіліміздің мәртебесін көтеру;

ә) Өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілікті дамыту, ана тіліміздің қадір – қасиетін дарыту;

б) Ана тілін сүюге құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу;

Көрнекілігі: дәйектеме сөздер, мазмұнды суреттер, тақырып, мерекеге сай безендірілген топ бөлмесі

Әдісі: Мерекелік іс-шара

Алдын-ала жүргізілген жұмыстар: топты безендіру, шақыру хаттар тарату, хабарландыру ілу;

Барысы:

І. Ұйымдастыру

Ата-аналарды орналастыру. Балалар мерекеге сай киініп, жарты шеңбер болып тұрады.



ІІ. Кіріспе

-"Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі - қару, әрі - қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы - Ана тіліміз",- деген екен Елбасы Н. Ә. Назарбаев.

Біздің ана тілміз – біздің ар-ожданымыз, адамгершілігіміздің айнасы. Адам ана тілімен бақытты, ана тілімен асқақ. Бүгін тіл мерекесі. Тіл – ұлттың ұлы игілігі. Қазіргі таңда ана тілін білу, үйренудің қажеттілігі жайлы орасан зор жұмыстар жүргізілуде.


1989 жылы,22 қыркүйекте тұңғыш рет Қазақ КСР-нің «Тілдер туралы» заңы қабылданып, онда қазақ тіліне «Мемлекеттік тіл» мәртебесі берілді. 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Ата Заңы қабылданды. заңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл деп нақты атап көрсетілген.

Ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты. Тіл ұлттың жаны, асыл қазынасы.

Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!
Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!
Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған салтанатты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз!

(Әнұран)


ІІІ. Әдеби монтаж

Анель Тіл сенің -Ең қайратты арыстаның!
Қорғаның, дұшпаныңмен алысқан күн.
Тіл сенің -Жігіттік, балалығың,
Өмірдегі адамдық даралығың.

С. Аружан Ана тілім - ұраным,


Ана тілім - құралым.
Ана тілім болмаса,
Болмас еді жыр - әнім

Жазира Ердің құнын бағалар екі ауыз сөз,
Ел тағдырын шешіпті өткен бір кез
Дұшпанға – у, Қайран тілдің,
Достарым, құдіретін осыдан сез!f:\dcim\camera\20140926_161318.jpg

Аруназ Жүрегімнің бөлшегі
Қаның, жаның - тілінде,

Арың, нәрің тіліңде.
Ұмтыл оны білуге.
Тілден алып ғибрат,
Құлшынасың білімге.
Жүргізуші: Қазағым тіліңменен жана берші.
Әуендетіп, әніме сала берші.
Мәңгі даңқың түспесін-қазақ тілі.
Көкейімде жатталып қала берші.

Ән-шашу:»Қошақаным» Мұхаммеджан, Нұрдәулет, Айгерім, С. Аружан

Қ. Іңкәр Ана тілің - ертегің,
Ана тілің - өркенің,
Ана тілің - ертеңің.
Қадірле ана тіліңді -
Жүрегіңнің бөлшегін.

Қ. Аружан Ана тілім - елдігім,


Ана тілім - ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім...

Жүргізуші: Халқымыздың тарихында ел үшін, ұрпағының болашағы үшін алысып өткен кемеңгер, ойшылдар, қайраткерлер көп болған. Солардың ең бастылары от ауызды, орақ тілді, ақылы асып туған билер - Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би. Сол билерімізді ортаға шақырайық!
Қош келдіңіздер, бабалар,
Үш кемеңгер дүлдүлім
Сақтаған елдің бірлігін,
Қалың елім пір тұтар,
Қасиетті үш бабам!
Тілім туралы не айтар едіңіздер?
Төле би ( Әліби): Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық.
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
Қазыбек би (Мұхаммеджан): Жетер енді әркімге бір ермейік,
Қазақ болсаң құлашты бір сермейік.
Қанға сіңген ана тілім халқым - ау
Шұбарлауға ешқашан жол бермейік.
Әйтеке би (Нұрдәулет): Қазақ, қазақ болғалы,
Тіл үшін күрес көргені.
Көргені көп тілімнің
Мүмкін емес өлшегі!

Т. Іңкәр Ана тілім - бәрін сөйлер шежірем,
Тілсіз нені білдіре алам, не білем?!
Тілім барда ғана мынау ғаламның
Кілтін табар саңлағы сезінем.
Ән-шашу: «Ойыншықтар» Анель, Т. Іңкәр, Айсұлтан,Әлібиf:\dcim\camera\20140926_162008.jpg

Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де, батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұртына қалдырмай, шабындыға алдырмай, барлық жинаған сөз байлығын, күйі мен жырын бізге жеткізді. Ортаға мақалшыларымызды бен шешендерімізді шақырайық.

Айгерім «Жалқаулық - дерт жапсырар
Еңбек жанды асырар»
Айжан «Алтау ала болса ауыздағы кетеді
Төртеу түгел болса төбедегі келеді»

Нұрперзент «Ананың көңілі балада


Баланың көңілі далада»

Айсұлтан Ұлдың ұяты әкеге
Қыздың ұяты шешеге

Бауыржан «Қына тасқа бітеді


Білім басқа бітеді»

Айша «Бас кеспек болса да


Тіл кеспек жоқ»
«Тіл тас жарады - тас жармаса бас жарады»

Нұрасыл «Мал қорасын іздейді


Ер туысын іздейді»

Әділет «Кісі елінде сұлтан болғанша
Өз еліңде ұлтан бол»

Рамазан «Отансыз адам - ормансыз бұлбұл»



Нұрқадыр «Мақал атасы - сөз
мата атасы – бөз»

«Сөздің көркі - мақал


Жүздің көркі – сақал»

А. Бейбарыс «Ел іші - алтын бесік»


«Әділ тіл - ақыл таразысы»

Б. Бейбарыс «Жақсы байқап сөйлер


Жаман шайқап сөйлер»
Әли «Ананың сүті бал
Баланың тілі бал»

Ғалымжан «Шебердің қолы ортақ, Шешеннің тілі ортақ»
«Адам аласы ішінде – Мал аласы сыртында»

Би: «Қуыршақтар» бір топ қыздар

«Мақалды жалғастыр» ойыны ата-аналармен:

1 . Ер еліне,...(ит иесіне)
2. Балапан ұяда не көрсе... (ұшқанда соны іледі)
3. Өнер - ағып жатқан бұлақ,...(Білім – жанып тұрған шырақ)
4. Жақсының аты өлмейді...(Ғалымның хаты өлмейді)
5. Көз жетпеген жерге,...(сөз жетеді)
6. Отыз тістен шыққан сөз,...(отыз рулы елге тарайды)
7. Дұшпаны көптер сақтана жүреді,...(Досы көптер мақтана біледі)
8. Жалған достан...(жау артық)
9. Өнерлінің қолы алтын,...(өлеңшінің сөзі алтын)
10. Еңбек етсең ерінбей,...(тояды қарның тіленбей)
11. Отан үшін күрес -...(елге тиген үлес)

Жүргізуші: Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл...
Аға буын Сіздерді және жас ұрпақтың басын қосып отырған бүгінгі мерекеге ән-шашуымен келіп отырған орта буын өкілі, Жиенбай жырау үйірмесінің 7 сынып оқушысы Құттыбаева Гүлсезімнің орындауында Дүр Оңғардың «Өзім туралы» термесін қабыл алыңыздар!

Хор: «Ана тілін сүйеміз»
ІV. Қорытындылау.

Қазақ тілім,өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым, дара тілім.

- дей келе, бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз.



Ұлдарымыз намысты, қыздарымыз ибалы болсын!
: 2014
2014 -> Бағдарламасы бойынша жүргізілген іс-тәжірибемнен
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Біздің жақта»
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Ынтымақтастық және топтық жұмысты ұйымдастыру Сабақтың мақсаты
2014 -> Сын есім туралы түсінік. ( 6 сынып ) Сабақтың мақсаты: білімділік
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Құлақтан кіріп, бойды алар»
2014 -> Мужикбаева Алтын Муратқызы Астана қаласы №40 орта мектеп
2014 -> Сабақ жоспарларының үлгілері (іс-тәжірибеден) Құрастырған: Қосаман Дархан Қосаманқызы
2014 -> Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу негізі
2014 -> Сабақтың тақырыбы
2014 -> Данная работа состоит из основных дат и краткого очерка о жизни и деятельности великого хана Абылая, использованы труды видных писателей и ученных


Достарыңызбен бөлісу:


©tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет