Қызылорда облысының білім басқармасы



Дата21.11.2019
өлшемі104.33 Kb.
түріСеминар
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі

Келісілген Бекітемін

Кәсіптік тәжірибе және оқу- Директордың оқу-өндірістік

әдістемелік бірлестік әдіскері жұмысы жөніндегі орынбасары

__________А.А.Нурпейсова ___________М.М.Айтенова

«___» ____________2019 ж. «___» ____________2019 ж.

1513000 «Ветеринария» мамандығы бойынша студенттерге арналған өндірістік технологиялық тәжірибесіне бару алдындағы ұйымдастырылған семинар



ЖОСПАРЫ



«Ветеринария пәндері» пәндік әдістемелік комиссиясының отырысында қаралып, мақұлданды

Хаттама №___ «___» ____________2019 ж.

ПӘК төрайымы: Жанжігіт Н.Н.

Қызылорда, 2019 жыл

Мақсаты: студенттерге өндірістік технологиялық тәжірибенің міндеттерін, өту мерзімдерін , тәжірибені өту барысында студенттердің негізгі құқықтары мен міндеттерін, өндірістік тәжірибенің мазмұнын түсіндіру , есеп беруді қорғау мен тәжірибе бойынша қорытындысын шығаруды үйрету.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, қауіпсізді техникасы журналы, презентация, әдістемелік нұсқаулық, бланк, АКТ-лер.



Семинарға қатысушылар:

  1. Директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары

М.М . Айтенова

  1. Кәсіптік тәжірибе және оқу-әдістемелік бірлестік әдіскері

А.А. Нурпейсова

  1. «Агроөнеркәсіптік мамандықтар» бөлімшесінің меңгерушісі Д.Есахаева

  2. «Ветеринария пәндері» пәндік әдістемелік комиссиясының оқытушылары

  3. В -16о және В – 26о оқу тобы

Семинар барысы:

  1. Алғы сөз директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Айтенова М.М беріледі.

  2. Студенттерге құжаттар толтыру ережесімен таныстыру.

Тәжірибе жетекшілерінің Биманова Ж., Караманова Л. Сөзі.

  1. Қорытынды сөз кәсіптік тәжірибе және оқу- әдістемелік бірлестік әдіскері А.Нурпейсоваға беріледі.


Өндірістік тәжірибенің міндеттері:

Тәжірибесімен қарастырған барлық тапсырмаларды толық орындау;

Кәсіпорындарды , мекемелердегі, ұйымдарды ішкі тәртіп ережелеріне бағыну;

Студенттің өндірістік тәжірибесін өтетін кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымын зерделеу және талдауы;

Атқарылатын жұмыс пен оның нәтижеріне жауапты болу;

Өндірістік тәжірибе бойынша материалды жинау және талдау.

Өндірістік тәжірибе бойынша материалды жинау және талдау.

Күндізгі бөлімнің студенттері өндірістік тәжірибені оқу жұмысының жоспарына сәйкес теориялық материалды толық меңгергеннен кейін шығарушы курста өтеді. Тәжірибенің ұзақтығы -14 апта.



Оқу орны тарапынан тәжірибе жетекшісінің міндеттері:

Тәжірибенің өтуін тәжірибе бағдарламасына сәйкес ұйымдастыру;

Студенттерді оқу бағдарламасына сәйкес тәжірибеден өту орындарымен

қамтамасыз ету;

Студенттерді қажетті құжаттар, әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету;

Тәжірибе барысында оның өту сапасын, жұмыс күні кестесі мен тәртібін сақтауын, құжаттамаларды толтыру дұрыстығын бақылау;

Тәжірибенің өту туралы студенттердің есебін тексеру;

Студенттің тәжірибені өту жөніндегі есебінің қорғауын өткізу.



Мекеме тарапынан тәжірибе жетекшілерінің міндеттері:

Тәжірибе бағдарламасы мен ережелеріне сәйкес тәжірибені ұйымдастыру;

Оқу бағдарламасына сәйкес студенттерге тәжірибе орындарын белгілеп беру;

Студентті қажет құжаттамаларымен және ведомстволық нормативтік актілермен,нұсқамалық материалдармен қамтамасыз ету;

Студенттке мекеменің ішкі еңбек тәртіп ережелерін (соның ішінде жұмыстың бастауымен аяқталуы) сақтауын бақылау;

Күнделіктердің толтыруын және тәжірибені өту жөнінде есептерін тексеру;

Студентке мінездеме жазып, оларды мекеме бастығына бекітуге беру,тәжірибе бойынша есептерді тексеріп, оларға қол қою.
Тәжірибені өту барысында студенттің негізгі құқықтары мен міндеттері:
Студенттің құқығы бар:

Қажет ақпаратты алу үшін өндірістегі тәжірибе жетекшісінен тікелей көмек сұрауға; тәжірибе бойынша барлық керекті кеңестерді алуға;

И.Әбдікәрімов атындағы ҚАТЖ колледжінде теориялық кеңестерді алуға.

Студенттің міндеттері:

Тәжірибе бағдарламасымен қарастырылған тапсырмаларды толық орындауға;

Тәжірибе орнына дер кезінде келуге;

Мекемедегі ішкі тәртіп ережелеріне бағынуға;

Өз мамандығы бойынша көбірек тәжірибелік дағдыларға ие болу үшін бағдарламамен қарастырылған барлық тапсырмаларды орындауға;

Мекеме жұмысына қатысты арнайы нұсқамалық материалдарды, өкімдерді, нұсқауларды зерделеуге;

Атқарылатын жұмысқа және оның нәтижелері үшін жауапты болуға;

Белгіленген тәртіпке сәйкес күнделік-есепті жүргізіп, тәжірибенің нәтижелері бойынша оқу орнына есеп беруге;

Есеп беруде пайдалану үшін материалдарды жинауға.

Есеп беруді қорғау мен тәжірибе бойынша қорытынды шығару:

Тәжірибе аяқталғаннан кейін жетекшілер тәжірибе бойынша есеп берулерді қорғауды ұйымдастырады;

Тәжірибе аяқталғаннан кейін студент тәжірибе жетекшісіне есеп беруді тапсыруға және қорғауға міндетті;

Есеп берудің мазмұны мен рәсімделуі талаптарға сай екендігін колледж бойынша тәжірибе жетекшісі тексереді.



Тәжірибе бойынша есеп беруді қорғау жүргізілгенде тәжірибе жетекшілері мынаған көңіл аударуы қажет:
Жиналған материалдардың тәжірибе бағдарламасында көрсетілген талаптарға сәйкестігін;

Студент күнделіктеріндегі мөрлер мен жетекшілердің қолдарының қойылғандығына;

Күнделікті атқарған жұмыстары бойынша жазуларындағы қолдардың қойылғандығына;

Есеп берудегі көрсетілген атқарылған жұмыстарының толықтығына;

Тәжірибеге байланысты студент көз-қарастары мен ұсыныстарының дұрыс құрастырылуына.

Есеп беру материалдарына негізделе отырып қорытынды баға шығарылады. Ол баға теориялық білім бағаларына теңестіріледі және студенттің жалпы білімін бағалағанда ескеріледі.



Тәжірибе жетекшісі студенттердің жеке папкада рәсімделген есептеріне сараптама жазады.Толық тексерілгеннен кейін күнделіктері тіркелген есептеріне акт жасалып, колледж мұрағатына өткізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:


©tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет