Қызылтаң орта мектебі Бастауыш сынып апталығының ашылу салтанаты Жауапты: Негметжанова Р. К



жүктеу 36.77 Kb.
Дата08.07.2016
өлшемі36.77 Kb.
Қызылтаң орта мектебі

Бастауыш сынып апталығының ашылу салтанаты

Жауапты: Негметжанова Р.К.

2015-2016 оқу жылы

Апталықтың ашылу салтанаты

Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларын жиынға шақыру арқылы апталықтың күн тәртібімен таныстыра отырып, апталыққа деген қызығушылықтарын оятып, жауапкершілікпен қарауға, қатысуға баулу.

Көрнекілігі: шарлар, қабырға газеттері, ленталар, аппаратура

Өткізілу барысы: Тыныштық сәтін ұйымдастыру.

Балаларға жаңалық ретінде, балаларды тәртіпке шақыру мақсатында тыныштық сәтін өткіземін.

«Нұрға бөлену» әуені ойналып, оқушылар қиялға шомып, тыныштыққа кенеледі.

Мұғалім сөзі: -Балалар, бүгін қандай күн? (о.п)

-Дұрыс айтасыңдар, біз бүгінгі күні бастауыш сыныптардың апталығының ашылу салтанатын батамақшымыз. Ендеше оқушылар оны қалай түсінетіндерін байқап көрейікші.

Жанель:


Айналады күн жүйесін мектеп атты ғаламшар, Ғаламшарда қызықты өтер дәйім сабақтар. Бастауышта білім алып оқимыз біз балалар, Келді міне апталық та көп қызықпен қуантар.

Жұлдыз:


Бастауыштың апталығы қуантады жыл сайын, Әр шараға дайындықпен қатысамыз күн сайын.

Ильяс:


Мұғалім қолдан жетектеп, Үйретер ғылым қыр-сырын. Бойдағы жақсы қасиет, Алынар білім қорынан.

Нұржан:


Большая программа у нас предстоит Мы будем писать, читать, развиваться, трудиться, Считать, состязаться, конечно, учиться, И это действительно снами случится.

Мұғалім: Айтуға мен міндеттімін, жинап алып баршаны. Что очень қатты қуаныштымын, таныстыруға қонақты- демекші біздің апталығымызға келген қонақтармен таныстыруға рұқсат етіңіздер.



  • Бұл- Математика- бар ғылымның патшасы: (Айдана Бабаева)

  • Ал бұл- Дүниетану ханшасы, құрлық пен судың патшасы - Қызыл кітап қонақта... (Сауле Абаевна)

  • Әрі Ұлы, әрі мықты Қазақ тілі мемлекетінен келген мына ханшайым есімі - Граматика. (Гүлнар Байкеновна)

Ал енді әр кейіпкерге сөз берейік:

Қазақ тілі: Балалар, тілді меңгеру қиын жұмыс. Бірақ мен сендердің оны оқып үйрену кезінде еш қиындықтан қорықпайтындарыңа қатты сенемін. Ендеше бүгінгі күн Қазақ тілі сөзінің артында не жасырынып тұрғанын анықтап, Қазақ тілі бай әрі ерекше тіл екеніне апталық барыснда көз жеткіземіз. Ол үшін біз ортаға Мектепалы даярлық сынып оқушыларын бала тілі бал екенін дәлелдеуге шақырайық. (0-сынып мақал-мәтел айтады)

Келесі сөз кезегі бар ғылымның патшасы Математикаға беріледі.



Математика:

Мені танымау мүмкін бе? Қажеттімін әр жерде, Суретте де қажетпін, Еңбекте де қажетпін. Тіпті барсаң дүкенге, Санау үшін ақшаны, Ол жерде де қажетпін. Сөйтіп ашам апталық күнін екінші - демекші ашылу салтанатына әкелген сыйлығым 3-сынып оқушыларының биі



Мұғалім:

Жер бетінде үлкен үй бар Көк аспан оның шатыры Тұрады бұл үйде құстар, гүлдер, Көңілді бұлақ сылдыры, Тек сонда орман шулар, Аңдар ақырып, арқар тулар. Ғаламда жоқ бұндай ғаламшар, Қорға, бақыла оны, балалар. - демекші ортаға Қызыл кітап ханшаны шақырайық.



Қызыл кітап: Балалар, мені танып тұрған шығарсыңдар, қазіргі кездегі табиғаттың жағдайы мәз емес. Аңшылар аңдарды аулап құртуда. Оардың саны азайып құруға жақын. Соған байланысты мемлекет басшылары табиғатты қорғауға алып, азайып кеткен жануарларды мына маған жазып қояды. Келешекте табиғатты қорғауға ат салысасыңдар ма? (о.п) - Өте жақсы балалар, мен сендердің көңіл толтырар жауап беретіндеріңе күманым болмаған. Сондықтан мен сендерге қызықты жұмбақтар жасырғым келеді.

Жұмбақтар:

  1. Жазу жазып жалықпаған, жаза-жаза арықтаған (БОР)

  2. Ай далада ақ отау, аузы- мұрны жоқ отау (ЖҰМЫРТҚА)

  3. Секең-секең секірген, ой мен қырды өрлеген (ЕШКІ)

  4. Кезекті ол жануар , арқасында екі тауы бар (ТҮЙЕ)

  5. Жыл-жылт етеді, жылғадан өтеді. (СУ)

  6. Бірде ақ көресін жамылса, Бірде қара көрпе жамылған (ҚЫС пен ЖАЗ)

  7. Қысы жазы жасыл түсті (ШЫРША)

  8. Аяғы жоқ, қолы жоқ, әйнекке өрнек салады. (АЯЗ)

  9. Қорбаң-қорбаң етеді, құлпынайын тереді (АЮ)

  10. Аспанда ақ жаулықты әже отыр, ақ ұнын елеп отыр (ҚЫС)

7-сынып оқушысы Серәлі Ноянның орындауында «Туған жер» әнін тамашалайық.

Жүргізуші мұғалім апталықтың басталуына рұқсат сұрап, құттықтау сөзін мектеп дирекорына ұсынады. Апталық жоспарымен таныстырады.



Ал қанекей жас достар, Қиын болат талаптар, Көңілдендік біраздан Мұқият бол тараптан Жаңалықтан хабардар, Мереке енді басталар, Болып қалдық қонақтан. Бәрі күліп шаттанар.- деп 2-4 сынып оқушыларының орындауында «Балдәурен» әні.

Осымен біздің ашылу салтантымыз аяқталды . Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет.




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет