Ж. Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебі Тақырыбы: «Еңбек пен өнер егіз»



жүктеу 71.95 Kb.
Дата29.06.2016
өлшемі71.95 Kb.
түріСабақ
Ж. Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебі

Тақырыбы:

«Еңбек пен өнер егіз»

(сыныптан тыс шара)

Пәні: музыка, бейнелеу өнері, еңбекке баулу

Сынып: 6 а,б

Мұғалімі: Сатыбалдина С.

Иманова Ж.

Таңатарова А.

Базаров Е.



2015-2016 оқу жылы

Тақырыбы: «Еңбек пен өнер егіз»

Мақсаты: Оқушының жан-жақты дамуына, музыка, бейнелеу өнері,еңбекке баулу сабақтары арқылы, ұлттық сана –сезімін, салт –дәстүр,

қолөнер, бейнелеу саз негізінде санасына сіңіру, білімдерін тереңдету,

ойлауға ептілікке, іскерлікке баулу.

Сабақ түрі: дәстүрлі емес сабақ

Сабақтың әдісі: жарыс-сайыс, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, ноталармен жұмыс, құрастыру, көрініс т.б.

Көрнекілігі: АҚТ-қолдану, слайд, үнтаспа, құрастырма және ою үлгілері т.б.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, геометрия, музыка, бейнелеу, технология

Құрал-жабдықтар:плакат, түрлі түсті қағаздар, бейнелеу құралдары, қайшы, желім және қылқалам т.б.

Сабақ барысы:


  1. Ұйымдастыру

  2. Топқа бөліну

  3. Көрініс көрсету

  4. Әділ-қазылар алқасымен таныстыру

  5. Оқушыларға сабақтын тақырыбын, міндеттерін түсіндіру.

Сабақ жоспары:

1.Кіріспе. Көрініс

1-тур. Таныстыру

2-тур. «Кім шапшаң» (сұрақ-жауап)

3-тур. «Кім тапқыр»

4-тур. «Өнер сайысы»

5-тур. Үй тапсырмасы. (ұлттық тағам)

Қортынды.



Жүргізуші:

- Достым, Астана,алматыдағыдай зәулім ғимаратты біздің, Ойылдан көрдім

- Пах, шіркін...

- Көктемнің бір шырайлы күні еді...

- Тамаша!

- Иығыма зәулім ғимараттың әдемі бейнесін аппақ қағазға түсіретін керекті құралдарымды арқалап, әуен ырғағында, туған жердің таза ауасымен дем алып саяхатқа шыққан екенмін.

- Содан ?

- Тоқтаған жерім Ойыл өзенінің бойында орналасқан әсем, зәулім ғимарат мектеп көрінеді.Айналасында шулаған балалардың дауысы естіледі.

- Қандай әдемі мектеп десеңізші? Ішінен әдемі әуен естіледі, ұлттық киімде оқушылар жүр екен. Жүгіре басып мектеп есігін аша бергенімде...

- Не болды?

- Таң атқан екен. Анамның «қане, тұра ғой» деген нәзік дауысынан оянған екенмін.

- Ту-у-у-у, ұйықтай бергеніңде ғой, әрі қарай не болғанын білер едік.

- Алаңдама, сол көрген түсімді іске асымақшымын бүгін

- Қалайша?

- Солайша.

- Түсінбедім.Сонда сен суретші, әнші және технолог ретінде сол түсіңді іске асырып, өз өнеріңді көрсетпекшісің бе?Сенің қолыңнан, бойыңнан мұндай өнер келетінін білмеппін?

- Бүгін, тап қазір біздің мектебімізде, мультимедиа кабинетінде эстетика апталығына ұйымдастырылған «Еңбек пен өнер егіз» атты сыныптан тыс шара яғни, жарыс-сайыс өткелі отыр.

- Содан?


- Егер, сайыскерлеріміз берілген тапсырмалардан мүдірмей өтіп,суретін, жапсырмасын сөзбен емес, қолдың көмегімен, естігенін жеткізе білсе, онда олар өз мектебінің өнерлі оқушысы болар еді.

- А-а-а, сонда бүгінгі сайысымыз эстетика бірлескен пәндерге байланысты өрбімек қой?

- Тс-с-с. Әзір айтпай тұра тұр.Естіп қояды.

- Онда сайыскерлерімізбен, келген қонақтармен амандасып алайық. Сайысымызды бастайық. Сонан соң көре жатармыз.

- Ендеше онда, алдымен сен баста

- Сен бастасаңшы

- Келген қонақтар күтіп қалды ғой, жарайды мен бастасам, бастайын.

- Армысыздар ұстаздар!

Сайысымызға қатысар

Армысыңдар жас өркен!

-Бүгінгі музыка, бейнелеу өнері және технология пәндерінің бірлесуімен құрылған 6а және б сыныбы оқушыларымен өтетін «Еңбек пен өнер егіз» атты жарыс-сайыс сабағына қош келдіңіздер!

- Бүгінгі сайыстың өту барысымен таныстырып, сайыс ережелеріне нұсқау көрсететін сіздер тәрізді өнерлі болуды армандайтын ...

- Және де өнер десе ішкен асын жерге қоятын инабатты ...

- Ендеше бүгінгі сайыс сабағының мақсаты:

Оқушының жан-жақты дамуына, музыка, бейнелеу өнері,еңбекке баулу сабақтары арқылы, ұлттық сана –сезімін, салт –дәстүр,

қолөнер, бейнелеу саз негізінде санасына сіңіру, білімдерін тереңдету,

ойлауға ептілікке, іскерлікке баулу.
-Жарыс-сайыс сабағының турларымен таныстырып таныстырып өтейік.

Сабақ жоспары:

1-тур. Таныстыру

2-тур. «Кім шапшаң» (сұрақ-жауап)

3-тур. «Кім тапқыр»

4-тур. «Өнер сайысы»

5-тур. Үй тапсырмасы. (ұлттық тағам)

Қортынды.Әділ-қазылар бағалауы және марапаттау.

-Жүзден жүйрікті мыңнан тұлпарды анықтайтын әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар! ...

- Қанекей, танысалық,

Өзім деп ән салып

Көрсетші өнеріңді,

Халқыңа жар салып,- дей келе, 1- турды таныстырып өтейін. Әрбір топ өздерін таныстырады.

-Ия, біреуі әнші болса, біреуі шешен, біреуі суретші.Мектебіміздің өнерлі ұрпақ тәрбиелеп жатқаны қандай керемет!

- Оқушылардың сыртқы тұлғасына қарап ақ түсінуге болады.

- Бірақ, оларға жоғары баға беруге әлі ерте, себебі алдарында әлі талай сын күтіп тұр.Сайыскерлерімізге сәттілік тілей отырып, келесі турды таныстырайық.2 тур. «Кім шапшаң» (сұрақ-жауап) сайысы.Әр топқа үш пәннен сұрақтар қойылады. Шапшаң тез жауап беруіміз қажет.Интерактивті тақтаға назар аударайық.

Жүргізуші: Сұрақтар – жауаптар. 1-топ. Музыка

1.Қазақ киностудиясы кімнің есімімен аталады? (Ш.Айманов)

2.Күй атасы кім? (Құрманғазы)

3.Оркестр жетекшісін кім деп атайды? (дирежёр)

4. Балбырауын кімнің күйі? (Құрманғазы)

Жүргізуші: 2-топ.

1.Әнұранның әнін жазған кім? (Ш.Қалдаяқов)

2. Өз жанынан өлең шығаратын өнер иесі.(ақын)

3. Екі әншінің қосылып орындауын қалай атайды? (дуэт)

4. Тез арада өз жанынан өлең мен күй шығаратын адам.(суырыпсалма)

Жүргізуші: 1-топ. Бейнелеу өнері

1.Суға тез езілетін қою бояу.(гуашь)

2.Бейнелеу өнерінің неше түрі бар.(5)

3.Қастеевтің есімі кім.( Әбілхан)

4.Аппликация қандай өнер?(жапсыру, құрастыру)

Жүргізуші: 2-топ.

1.Жансыз заттарды бейнелейтін жанр.(натюрморт)

2. Түстер нешеге бөлінеді және қандай?(2-ге, жылы және суық)

3.Өз бейнесін (портретін) бейнелейтін суретті қандай жанрға жатады?(автопортрет)

4. Сырты ағаштан, өзегі графиттен жасалған сызу , жазу құралы.(жай қарындаш)

Жүргізуші:_Технология_1-топ'>Жүргізуші: Технология 1-топ


  1. Технология сөзі қай тілден алынған? (грек)

  2. Ою-өрнек нешеге бөлінеді және қандай?(4-ке ғарыштық,жануар тектес,геометриялық және өсімдіктектес)

  3. Көз қорқақ...(қол батыр)

  4. 6.1755 ж Карл Вайзенталь қандай машина ойлап тапты?( қол машина)

Жүргізуші: 2-топ

1.Ұлттық бас киімдерді ата.(тақия, сәукеле т.б.)

2. Уақытша тігіс түрі.(көктеу)

3. Қазақтың ұлттық нақышы.(ою-өрнек)

4. Сумоншақты(бисер) ең көп шығаратын ел.(Жапония)

Жүргізуші: 3 турға да келіп жеттік. «Кім тапқыр» деп аталады.

Музыка бойынша тапсырма.

«Әуенді тап» әр топқа үш әуеннен ойнатылады соны тез арада табу.



Жүргізуші: Бейнелеу өнерінен тапсырма.

Айтылған жұмбақты шешіп, тез арада суретін сызып көрсету.

1-топ. Қабат-қабат қаттама

Ақылың болса аттама. (кітап)



2-топ. Ойыңды жазасың,

Аласың мазасын

Беттері біткен соң,

Бастайсың тазасын. (дәптер)



Жүргізуші: Технология пәні бойынша тапсырма.

«Ою ойғанның ойы ұшқыр» деп аталады.

1-топ. Жануарларға байланысты ою жасау.

2-топ. Құстарға байланысты ою жасау.

Жүргізуші: 4-турға келіп жеттік. Бұл «Өнер сайысы».

Әуен ойнатылады яғни, әуен қандай болса, соған елестете аппликация орындау.(музыка үш рет қайталана орындалады аяқталғанша жасап болу)



Жүргізуші:

Әр баланың қиялынан туған әсем мекені, мектебі болады.Өзің оқығың келетін ғимаратыңды сипаттап берші?



Жүргізуші:

  • Менің балалығымның ордасы еңсесі биік, білімді, тәрбиелі және өнерлі ордада.Нағыз қызықтың барлығы сонда ғой, шіркін.Қиялымның туған еңселі, биік, ақ ордам, ьілім алған кітаптарым, отырған партам,білім берген ұстазым мен үшін ең қызықты кезеңдер.

Жүргізуші:

  • Мүмкін мені де қосарсың?

Жүргізуші:

  • Әрине

Жүргізуші:

Ендеше келесі турға келсек, үй тапсырмасын қорғауға кезек берейік.



5-тур. Үй тапсырмасы. (ұлттық тағам әр топ өздері дайындап келген тағамдарын қорғау)

Жүргізуші:

Байқау қортындысын жарияламас бұрын кезекті әсем әуенге беремін.



Сабақтың қортындысы: Сабақ соңында әділқазыларға сөз беріледі.Жеңімпаз топ аталып марапатталады.

Жүргізуші:

Әділқазылар ұстаздарға, қатысушы өнерлі оқушыларға үлкен алғысымызды білдіре отырып, шығармашылық көгінде самғай берсін деп тілейміз.



Жүргізуші:

-Келгендеріңізге көп- көп рахмет.
: uploads
uploads -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
uploads -> Н. Д. ОҢдасынов ? Арабша-қазақша түсіндірме сөздік
uploads -> Тесты по казахской литературе для подготовки к ент 2013
uploads -> Ф-об-001/033 мазм ұ н ы кіріспе
uploads -> Диплом жұмысы тақырыбы: Бастауыш сынып қазақ тілі сабағында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі
uploads -> Педагогика 1-вариант Педагогика ғылымының зерттеу объектісі
uploads -> Бастауыш сыныпта сын есімді оқыту. Жұмыстың жалпы сипаты 1-3 І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім
uploads -> Сабақтың мақсаты : Білімділігі: Сөз таптары туралы білімдерін еске түсіру, қайталау, бір жүйеге келтіру
uploads -> Науаи мемлекеттік педагогика институты




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет