Жалпы білім беретін Новобогат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі



жүктеу 200.14 Kb.
Дата19.06.2016
өлшемі200.14 Kb.

powerpluswatermarkobject12376283


Жалпы білім беретін Новобогат орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Тулеуова Бибигулдің шығармашылық есебі
Еліміздің қоғамдық — экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениетті, денсаулығы мықты, парасатты азамат тәрбиелеп шығару — мектептің, ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті. Жеке тұлғаны даярлау үшін әр оқушының қабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап, жол сілтеп, болашаққа жетелеу керек. Жеке адамды қалыптастыру үшін не керек? Ол үшін оқытудың мазмұнын жаңартатын жаңашыл, ізденімпаз, шығармашыл ұстаз керек. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арнаған Мемлекеттік бағдарламасында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басты қағидалары ретінде жеке адамның білімділігін ынталандыру және шығармашылық қабілетін дамыту мәселелері айқындалып, басымды міндеттер қатарына қойылған. Жеке тұлғалықтың мәні оның қажеттілігі мен қызығушылығын қанағаттандыруға, баланың өзіне тән тұлғалық сапалары, мұғалім мен оқушы арасындағы өзіндік қарым-қатынасты қалыптастыруды ұстаздық міндетім деп білемін.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні– оқушыға өмірге араласқанда оның қоғамдағы қызметіне көмегін тигізетін, күнделікті өмірінде қажетіне жарайтындай білім бере алатын аса білікті пәндердің бірі.Ғасырлар тоғысындағы қоғамдағы күрделі өзгерістер білім беру сапасына жаңа көзқарас,жаңа ағым,жаңа сапалық деңгейге көтеретін іс-әрекет әкелгені-заңды құбылыс.Осыған байланысты менің міндетім-мәдениетті түрде білімімен, іскерлігімен қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде мәртебесін көтеру, осы мақсатқа жететіндей тиімді жол арқылы жүзеге асыру.Қазіргі кезде мектеп оқушыларына терең де,тиянақты білім беруді заман талап етеді.Бұны іске асыру үшін оқу-тәрбие барысының ең басты маңызды мәселесі-сабақта жаңа бағытағы әдістерді пайдалану арқылы оқушыға қалай оқу керектігін үйрету.

Оқу нәтижесін арттыру үшін ең алдымен нені оқыту, қалай оқыту керек деген сұрақтар төңірегінде үнемі ізденісте жүремін. Өзімнің тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым — оқушыны субъект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Ең бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс- әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе әрекет ету. ХХІ ғасыр адамына қажетті дағдылар ретінде байланыстыра сөйлеудің заңдылықтарын оқушыға ереже түрінде емес, практикалық жолдармен үйретуде, грамматикалық анықтамаларды, тілдік нормаларды игертуде АКТ модулінің маңызы зор екендігін өз тәжірибеме сүйене отырып дәлелдеп келемін. Оқытудың инновациялық әдіс –тәсілдерінің сабақтың нәтижесіне, оқушының білім сапасына әсері молдығын өз тәжірибемде сынап көрген соңғы оқу жылдарындағы оқушыларымның пәндік білім көрсеткіштерінен көруге болады.

Қазақ тілі пәні бойынша өзім оқытатын сыныптардағы білім сапасы



Қазақ әдебиеті пәні бойынша өзім оқытатын сыныптардағы білім сапасы



Баланың өмірлік тәжірибесі қоршаған ортасына, жанұясына және мұғалімдеріне байланысты. Қабілеттер тек іс-әрекетте анықталады. Оқушыларға жеке пәннен білім беріп қана қою жеткіліксіз, оларды сабақ үстінде де, сыныптан тыс жұмыстарда да ғылымилыққа, өз беттерінше ізденуге, белгілі бір бағытқа, заман талабына сай бәсекелестікке қарсы тұра білуге баулу ды өзімнің маңызды міндетім деп ойлаймын.



Оқушыларға қазақ тілі мен әдебиетінен терең пәндік білім беруде олимпиадаға, пәндік сайыстарға дайындау мақсатында олимпиадалық топ жұмысын жүйелі жүргізіп отырамын. Әр сыныптың ынталы оқушыларынан тұратын топ мүшелері арнайы жоспар бойынша дайындалады. Онда қосымша теориялық материалды меңгерту, тәжірибелік дағдыларын шыңдау мақсатындағы жұмыстарды жүйелі ұйымдастырып отырамын. Нәтижесінде оқушыларым түрлі сайыстарда өз білімдерінің орнықтылығын дәлелдеп келеді.


2010 жыл

р/с

Оқушының тегі, аты

Сыны

бы

Білім сайысы

нәтиже

1.

Хамидоллин Абылай

9

Аудандық пәндік олимпиада

ІІ орын

2.

Қабдиева Нұргүл

11

Аудандық пәндік олимпиада

ІІІ орын


2011 жыл

1.


Хамидоллин Абылай


10


Аудандық пәндік олимпиада

І орын

2.

Хамидоллин Абылай

10

Аудандық ”Жарқын болашақ“ қазақ тілі олимпиадасы ”Жазушы лар номинациясы“


ІІ орын

2012 жыл

1.

Сүндетқалиева

Гүлайна

9-с

Аудандық пәндік олимпиада

ІІ орын

2.

Мұзафарова Айгерім

9-с

Аудандық ”Жарқын болашақ“ қазақ тілі олимпиадасы ”Жас ғалымдар“



ІІ орын

3.

Сүндетқалиева

Гүлайна




Жазушылар“ номинациясы



ІІІ орын


2013 жыл

1.

Мұзафарова Айгерім

9—с

Облыстық ”Жарқын болашақ“ қазақ тілі олимпиадасы ”Жас ғалымдар“ номинациясы



ІІІ орын

2.

Бақытова Айгерім

8-с

Аудандық пәндік олимпиада


І орын

3.

Жақсыбаева Айгерім

4-с

Аудандық оқушылардың ғылыми жобалар байқауы


ІІ орын

4.

Бақытова Айгерім

8-с

Аудандық ”Жарқын болашақ“ қазақ тілі олимпиадасы ”Жазушы лар“ номинациясы



ІІІ орын

Мұғалім ретіндегі ізгі мұратым - өз пәнімнен білім беріп қана қоймай, әр баланың «менін» ашу, сол «менді» шығармашылық тұлғаға жетелеу. Шығармашылық дегеніміздің өзі ізденімпаздықтан туады. Баланың өзіне деген сенімін туғызу, өзінен шығармашылық қасиет іздете білу, шығармашылыққа баулу, қалыптастыру процесі ұзақ та маңызды үдеріс. Кез-келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады.Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндет екені белгілі.Оқушылардың көркем шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында сабақтан тыс уақытта оларды түрлі оқулар мен сайыстарға дайындау жұмыстарым нәтижесіз емес.

2010 жыл

Р/с

Оқушының тегі, аты

Сы ны бы

Байқау, сайыс тақырыбы


Номинация

Орны


1.


Хамидоллин Абылай


9

Тіл- тәуелсіздік тірегі”

Аудандық жас ақындар мүшәйрасы

Бас жүлде


2.

Хамидоллин Абылай

9

Б .Момышұлы ның 100ж. Орай өткізілген ”Ерлігі елге мұра“

Республика

лық жыр мүшәйрасы


ІІ орын


2011 жыл


2011

Хамидоллин Абылай

10

Облыстық

ІХ Махамбет

оқулары




ІІІ орын


2011


Сүндетқалиева

Гүлайна


7


Аудандық ІХ Махамбет оқулары

Мен Өтеміс тің баласы Махамбет атты батыр мын“


ІІ орын


2011


Әбдірова Меллат

7

Аудандық V”Мақа таев“ оқулары






ІІ орын




Хамидоллин Абылай

10

Аудандық

ІХ Махамбет оқулары

Тартынбай сөйлер асылмын“



І орын

2011

Хамидоллин Абылай

10

Облыстық

ІХ Махамбет оқулары

Тартынбай сөйлер асылмын“



ІІІ орын


2012 жыл


2012

Сүндетқалиева

Гүлайна

8

Аудандық Х Махамбет оқулары

Ел құтқарар ер едім“

ІІ орын

2012

Әбдірова Меллат

8

Аудандық VІ ”Мақатаев“ оқулары






ІІІ орын

2012

Әбдірова Меллат

8

Аудандық Х Махамбет оқулары

Тартынбай сөйлер асылмын“


ІІІ орын


2013 жыл


2013

Сүндетқалиева

Гүлайна

9

Аудандық Х І Махамбет оқулары

Ел құтқарар ер едім“

І орын

2013

Әбдірова Меллат

9

Аудандық Х І Махамбет оқулары

Тартынбай сөйлер асылмын“


І орын

2013

Әбдірова Меллат

9

Аудандық VІ І ”Мақатаев“ оқулары






Бас жүлде

2014 жыл

1.

Мағазова Лаура

8-с

Аудандық ”Қазақстан - 2050“ шығармалар байқауы




ІІІ орын

Шәкірттерімнің бойындағы ақындық талабы мен дарынын ұштау мақсатында көп жылдардан бері ”Көңіл құсы“ үйірмесін қоғамдық негізде жүргізіп келемін. Үйірме мүшелерінің шығармашылық еңбектері баспасөз беттеріне жарияланып, жинақтарға енді.

р/с

Оқушының тегі, аты

Жарияланған басылым, жинақ

Жылы

1.

Хамидоллин Абылай

Таланттар тал бесігі“ Құрастырған А. Мұхамбетов,



2011 жыл

2.

Панабердиев

Амангелді

Таланттар тал бесігі“ Құрастырған А. Мұхамбетов



2011 жыл

3.

Хамидоллина Абылай

Ұша білген қанатқа дүние кең“ Жинақтаған Г.Р.Нұрмұханова.

Алматы. ”Арна LTD“ баспасы,


2012 ж

4.

Хамидоллин Абылай

Балалар шығармашылығы“ республикалық басылым

3 2012 ж.

Өзімнің педагогикалық біліктілігім мен кәсіби шеберлігімді түрлі деңгейдегі ғылыми- тәжірибелік, әдістемелік конференциялар мен семинарларға қатысу, жинақтар мен интернет басылымдарға мақалалар жариялау арқылы шыңдап отырамын.

р/с

Жылы

Тақырыбы

Басылым

1.

2010

Әдебиет. 5-с. Діни әңгімелер.

http://ustaz.kz/sait-bolimderi/file/1774-

2.

2010

Тәрбие шарасы. Ережені жаттаймыз,

Өмірлерді сақтаймыз!

http://ustaz.kz/sait-bolimderi/file/1391-

3.

2013

Ілгерілеу деңгейіндегі курс жігерлендіруде

/http://45minut.kz/?p=77966


4.

2013

ХХІ ғасырда нені оқыту керек?

http://45minut.kz/?p=77971


5.

2013

Мұғалімнің ақпараттық құзыр лылығы – білім сапасын артты рудағы маңызды фактор


Тілдерді оқытудағы функциональдық сауаттылық – педагог пен оқушының қызметінде нәтижеге жетудің негізі. Облыстық ғылыми – тәжірибелік конференция материалдары. Атырау қаласы.

6.

2013


E- learning инновациялық шараларды өткізуде электронды оқыту жүйесінің тиімділігі


Ғылыми нәтижеге бағытталған білім беру моделіне көшу жағ дайында педагог қызмет керлердің құзыреттілігін дамыту” тақырыбындағы аймақтық ғылыми - әдістемелік конференция материалдарының жинағы

7.

2013

Менің педагогикалық көзқарасым


Ұстаздық ұстаным: педагогикалық эсселер топтамасы-.

Құрастырған: ТәжіғалиеваА.С. Алматы, «Өлке» баспасы,

8.


2013


Сағыныш

(Нарынның наркескені Нұралы ақын туралы ойлар)


Ұстаздық ұстаным: педагогикалық эсселер топтамасы-.

Құрастырған: Тәжіғалиева А.С. Алматы, «Өлке» баспасы, 141- бет


2010 жылы тәжірибе алмасу, ақпараттық кеңістікті тиімді пайдалану мақсатында mail.ru-да құрған respect 1000 (1000 алғыс) атты қауымдастығым бар. Оған 70 тен астам аудан, облыс мұғалімдері мүше. 2012 жылы ашқан rahman12@ucoz.com жеке веб-сайтым бар. Сайтымда көшбасшылық қызметімді баяндайтын іс –шаралардың материалдарын, ресурстарды орналастырып отырамын. Әріптестеріммен оқыту мен оқу мәселелері бойынша тәжірибе алмасамын.

Өз білімімді үздіксіз жетілдіру, кәсіби өсу мақсатында төмендегідей білім жетілдіру курстарынан өттім:



р/с

Уақыты

Курс тақырыбы

Куәлік,серти фикат №

1.

2010 жыл

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту“

0382199

2

2011ж

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін нәтижеге бағыттай оқытудың әдістері мен тәсілдері“

6238.

3

2012ж.

Электрондық оқыту жүйесін ( e – Learning) енгізу жағдайында білім

білім контенттерін жасау технологиясы “

0390681

4

2013ж.


). Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы


0000292 Атырау ПШО

Өзімнің жеке ізденістерім мен тәжірибеде сынап көрген технологияларым мен ұтымды әдіс – тәсілдерімді ғылыми- тәжірибелік конференциялар мен семинарларда ортаға салып отырамын.

р/с

Мақаланың тақырыбы

Жинақ, басылым

Мерзімі


1.


Мұғалімнің ақпараттық құзырлылығы – білім сапасын арттырудағы маңызды фактор


Тілдерді оқытудағы функционалдық сауаттылық –педагог пен оқушының қызметінде нәтижеге жетудің негізі“ тақырыбындағы облыстық ғылыми- тәжірибелік конфе-ренция материалдары

2013 ж.


2.

E-Learning

Ғылыми нәтижеге бағытталған білім беру моделіне көшу жағдайында педагог қызметкерлердің құзыреттілігін дамыту“ тақырыбындағы аймақтық ғылыми - әдістемелік конференция материалдары


2013


3.

МЕНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСЫМ


Ұстаздық ұстаным: педагогикалық эсселер топтамасы-. Құрастырған: Тәжіғалиева А.С. Алматы, «Өлке» баспасы

2013


4.

САҒЫНЫШ

(Нарынның наркескені Нұралы ақын туралы ойлар)

Ұстаздық ұстаным: педагогикалық эсселер топтамасы-. Құрастырған: Тәжіғалиева А.С. Алматы, «Өлке» баспасы


2013

“Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр ұялата алады”,-деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, мұғалімнің кәсібилігі оның ізденісі, жан-жақтылығы құзіреттілігі арқылы айқындалады. Құзіреттіліктің мазмұны- жеке кәсіптілік, интегралдық сипаттама ретінде анықталады.

Жылы

Шара деңгейі

Байқау, сайыс тақырыбы

Нәтижесі

2010

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқыту сапа сын арттыру- облыстық семинар- кеңес

Ең үздік сабақ“

ІІІ орын

2011

Облыстық сайыс

Компьютер сыныбының ең үздік мұғалімі

ІІІ орын

2011

Аудандық бірлестіктер байқауы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігі жетекшілері байқауы

Бас жүлде.

2013

Аудандық пән мұғалім дерінің олимпиадасы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің аудандық олимпиадасы

Бас жүлде

2013

Облыстық олимпиада

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің олимпиадасы

І орын

2014

Қазақстандық интернет-олимпиадалары http://cdo.kz/

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің олимпиадасы


сертификат

Дүниенің тұтқасы, туған жердің түлетушісі — оның адамы, қоғамды ілгері бастыратын, тарих дөңгелегін айналдырушы, оның жасампаз, рухани дамуының тетігін ұстаушысы – ұстаз. Оның қоғамдағы орны мен жұртшылық алдындағы беделі де осы міндетіне лайықты болғаны жөн деп ойлайтын саналы азаматшасы ретінде білім беру саласындағы жағымды жаңалықтар мен қоғамдық өмірдегі ірілі –ұсақты оқиғаларға жергілікті баспасөз арқылы үн қосып отырамын.

р/с

Мақала тақырыбы

Басылым

Жарияланған уақыты


1.

Білім сапасы – әдістемелік қызмет көрсеткіші

Исатай аудандық ”Нарын таңы“ қоғамдық – саяси газеті


11. 9.04.

2013 жыл



2.

Ізденістер мен жетіс тіктер сараланды

Исатай аудандық ”Нарын таңы“ қоғамдық – саяси газеті

23(3612)

06.06.2013


3.

Ұлттың ұйытқысы - тіл

Исатай аудандық ”Нарын таңы“ қоғамдық – саяси газеті

3(3644) 23.01.2014

Халқымыздың ұлы перзенті, әлемге әйгілі ғалым, көрнекті ағартушы Шоқан Уәлиханов халық халық кемеліне келіп дамуы үшін екі-ақ нәрсе керек деп ерекшелеп көрсеткен: оның біріншісі — азаттық, екіншісі — білім. Бүгінгі күні осы қол жетпес байлықтың екеуі де біздің қолымызда бар. Бізден ендігі күтілетін нәтиже - сол құндылықтарды мәңгілік етуге білігі мен дағдысы жетерлік ұрпақ тәрбиелеу. Үкілі үміт, асыл арман біздің келешекке деген сенімімізді арттырып, болашаққа талпындырады. І деңгейлі мұғалім, оқыту мен оқу көшбасшысы ретіндегі жұмысымды мектептің ахуалын зерттеп, дамыту тақырыбын айқындап алдым. 2013 -2014 оқу жылында

” Диалогтік оқуды енгізу арқылы оқу мен оқыту сапасын арттыру “ тақырыбында МДЖ жасап, жұмысымды бастап жатырмын. Көшбасшылықта мен өз мектебімнің ерекшелігіне сай тәлімгерлік үдерісіне ерекше көңіл бөлудемін. Тәлім алушыларым ІІ санатты мұғалімдер Ш. Имашева мен Л. Жұмаева кембридждік оқыту технологиясы мен бағдарламаның идеясын жақсы меңгеріп келеді. Өз кезегінде олар да біліктіліктерін І санатқа көтеруге аттестаттаудан өтуде.

Мұғалім ретіндегі жас жеткіншектің жан-жақты дамуына, оның бойында жасырын жатқан шығармашылық қабілетті ашу және белсенді әрекетке жетелеу жолындағы жұмысыммен қоса, өз мектебімнің тиімді дамуына әсер ететін белсенді көшбасшылықты да абыроймен алып жүрсем деген ұстаныммен еңбек ете бермекпін.







©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет