Жангабулова анар асилхановна



жүктеу 43.53 Kb.
Дата26.06.2016
өлшемі43.53 Kb.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚБА институтының

«Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру»

кафедрасының аға оқытушысы

ЖАНГАБУЛОВА АНАР АСИЛХАНОВНА
ҮШТҰҒЫРЛЫ ТІЛ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДАҒЫ БАСЫМДЫҒЫ
«Ана тілің арың бұл, ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!»

Қадыр Мырзалиев
Бүгінгі таңда Тілдердің үштұғырлығы туралы идеяны Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев 2006 жылдың қазан айында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында ресми түрде мәлімдеп, бұл жауапты да маңызды мәселе мемлекетіміздің әлемдік қоғамдастыққа енуіндегі өмірлік қажеттіліктеріне негізделгенін атап көрсетті. Әлемдік дамыған мемлекеттердің тілдері ішінен ел мен халықтың коммуникациялық және интеграциялық қабілеттерін кеңейтетін тіл ретінде ағылшын тілі таңдалды. Президент Н.Ә. Назарбаев 2007 жылы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды ұсынды. «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» іске асырылуы үш кезеңге бөлінген болатын.

Бірінші кезең: 2011-2013 жыл Тілдерді дамыту мен қолданудың нормативтік-құқықтық және әдіснамалық негізін арттыруға арналған шаралар кешенін өткізу жоспарланған.

Екінші кезең: 2014-2016 жыл Мемлекеттік тілді оқыту мен қолдану технологиялары мен әдістерін енгізу практикалық шаралар кешенін жүзеге асыру және тілдердің көптүрлілігін сақтау жұмыстары көзделіп отыр

Үшінші кезең: 2017-2020 жыл Өзге тілдердің қолданысын сақтаумен қатар, қоғамдық өмірдің барлық салаларында мемлекеттік тілдің қажеттілік деңгейін, оның қолданылу сұранысының сапасы мен меңгерілуін жүйелі мониторинг арқылы нәтижесін шығару белгіленген. Осы бағдарламаны іске асыра отырып қазақ елін әлемдегі үш тілді қатар тұтынатын білімді де білікті ел ретінде танытуымыз қажет екенін және мемлекеттік тіл – қазақ тілі, ұлтаралық қарым-қатынас тілі – орыс тілі жаһандық экономикаға табысты кірігу тілі – ағылшын тілі бо¬луы тиіс екенін ерекше атап көрсеткен. Осы аталған үш тілді меңгеру – қазіргі заман талабы екені баршамызға мәлім.

Тіл – көп нәрсенің түйінін шешетін табылмас құрал. Қазақ халқы «жеті түрлі білім біл, жеті жұрттың тілін біл» деп үлкен философиялық ой түйіп, жастарға өшпейтіндей өнеге қалдырған.

Бүгінде жас ұрпақтарымыз үш тілде еркін сөйлеп, әр түрлі сайыстарды үш тілде өткізе алатын деңгейге жетуі.

Кез-келген қоғамда азаматтық пен ұлтжандылыққа тәрбиелеудің негізгі факторлары өз елінің тіліне деген құрмет болып табылады. Бала тілді неғұрлым ерте жастан үйренсе, соғұрлым ол оны жеңіл меңгереді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңартуға сәйкес мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзыреттіліктерін дамытуға және терең білім беруге, соның ішінде тілді үйрету мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылады.

Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты «Қатынас» білім беру саласында мектепке дейінгі ұйым педагогтарының алдына қойылған міндет - тілдің негізгі құндылықтарын меңгерген, ана тілінде және өзге тілде әлеуметтік-мәдени қарым-қатынасқа дайын, сөздік және сөздік емес құралдардың көмегімен қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға қабілетті көпмәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Сонымен, әр білім беретін, балаларды тәрбиелейтін мекеменің басты міндеті - Қазақстанның жаңа азаматын тәрбиелеу болуы тиіс. Сондықтан кішкентай жасынан балабақшаға келген күндерінен бастап балалардың шетел және басқа тілдерге қызығушылықтарын арттырып, үштілділік арқылы тәрбиелеу керек. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ағылшын тілі ересек топтарда және ортаңғы топтарда жүргізіледі. Балалар осы тіл үйрену оқу іс-әрекеттеріне қызығушылықпен қатысуы.


Сол жас ұрпақтың өз болмысын тануға ұмтылысына көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілегін, қабілеттерін дамыту болып отыр, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін рухани күш беру - бүгінгі педагогтардың басты мақсаты. Бұл мақсаттың орындалуы үшін оқыту мазмұнының жаңартылуы, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, ол тәсілдер әрбір баланың қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтын болып ұйымдастырылуы қажет.

Көптілділік заман талабына айналып отырған кезеңде ана тілімізді ардақтай отырып, өзге тілдерді білгеніміз әлемдік мәдениетке, өркениетке, білім кеңістігіне еркін кірігіп, болашақта алдыңғы қатардағы бәсекелестікке қабілетті дамыған 30 елдің қатарына енуімізге, жаһандану үрдісінде өмірдің барлық жағынан бәсекелестікке төтеп беруге мүмкіншілігіміздің артуы.

Қорыта айтқанда, күннен күнге қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанның көптілді, көпмәдениетті қоғамында, сонымен қатар, басқа елдің азаматтарымен тіл табысып, табысты қарым-қатынаста бола білген адамды толығымен қалыптасқан коммуникативті тұлға ретінде қарастыруға болады. Осыған орай білім беру жүйесіндегі педагогтарға қойылатын басты талаптардың бірі — өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез-келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін мәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, бәсекеге қабілетті маман тәрбиелеу. Көптілді мемлекеттер арасында әлеуметтік-мәдени қатынастар жасай алатын, түрлі елдердің мәдениеті, әдебиеті, тарихымен танысып, қажетін пайдалана отырып, өзінің елі мен мәдениетін басқаларға таныта алатын, санатты да саналы, көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру – өмір талабы.

Мемлекеттік тілді – дамытамыз.

Орыс тілін – қолдаймыз.

Ағылшын тілін – үйренеміз.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Н. Ә. Назарбаев, «Ел болашағы – жас ұрпақ», Егемен  Қазақстан  4. ІХ. 2007 ж.

  2. Қ.Р «Білім туралы» Заңы.

  3. Ахметжанова З.К. К вопросу о трехъязычии //Қазақ тілінің тарихы мен түркітану мәселелері//. А.: 2011ж - 296 с.

  4. Уәли Н. Қазақ тілі қандай тіл? //Тілтаным, 2004//. №3, 156-163 бб.

  5. Мектептегі шет тілі. Республикалық әдістемелік-педагогикалық журнал. №2(44), 2010ж.

  6. Хасенов Әмеди «Тіл білімінің теориялық және практикалық мәселелері» Алматы «Мектеп», 1985ж.

  7. Жинкин Н. И. «Коммуникативная система человека и развития речи в школе» М. 1969ж.

: materialy -> makala orleu
materialy -> Сабақтың тақырыбы: Анашым ән-жырым
materialy -> Сабақтың тақырыбы: Фонетикадан өткенді қайталау
materialy -> Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды зат есім
materialy -> Сабақтың тақырыбы Жүз жасаған бәйтерек Жалпы мақсаты
materialy -> Маликова Шолпан Саттарқызы Мағжан Жұмабаевтың
materialy -> Сабақтың тақырыбы : Қазақстанның XVIII ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. Сабақтың мақсаты
makala orleu -> ОҚыту мазмұнындағы бағыттар сазабаева Ардана Жақсымбетқызы «Өрлеу» баұО» АҚф оқО бойынша ПҚбаи
makala orleu -> Критериалды бағалау – сапалы оқу кепілі
makala orleu -> Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындауды сындарлы оқыту тұрғысынан қарастыру
makala orleu -> Әкімбаев Бақытжан Әбдіқадырұлы Игембаева Бибигул Сарсенбиевна білім беру ұйымдарында оқушылардың функционалдық шығармашылығын дамыту




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет