«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру»



жүктеу 247.82 Kb.
Дата06.07.2016
өлшемі247.82 Kb.
«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер

      1. «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызметі).


      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру кезінде - Министрліктің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті мен оның аумақтық инспекциялары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші);
      балық ресурстары мен басқа да су жануарлары бөлігінде жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру кезінде (заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су объектілерінде мекендейтін балық ресурстары мен су жануарларын қоспағанда) - Министрліктің Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі - көрсетілетін қызмет беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) www.e.gov.kz, «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:


      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
      әуесқойлық (спорттық) балық аулауға рұқсат беру - 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - қағаз жеткізгіштегі не көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен куәландырылады.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар) ақылы/тегін негізде көрсетіледі.
      Жануарлар дүниесін пайдалану үшін төлемақы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін төлемақы екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алу үшін электрондық сұрау салу берілген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырыла алады.
      Төлемақы мынадай кезде алынбайды:
      1) жануарларды кейіннен табиғи ортаға шығара отырып, оларды таңбалау, сақиналау, қоныс аударту, жерсіндіру, ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарда жасанды өсімін молайту және будандастыру үшін табиғи ортадан алған;
      2) жеке және заңды тұлғалардың меншігі болып табылатын, жасанды жолмен өсірілген және еріксіздікте және (немесе) жартылай еркін жағдайларда ұсталатын жануарлар дүниесінің объектілерін пайдаланған;
      3) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган балық ресурстарын және басқа да су жануарларының түрлерін пайдалану үшін биологиялық негіздеу мақсатында балықтарды және басқа да су жануарларын бақылау үшін аулауды жүзеге асырған;
      4) саны халық денсаулығын қорғау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарлары ауруларының алдын алу, қоршаған ортаға зиянның алдын алу, ауыл шаруашылығы қызметке маңызды залал келтіру қаупінің алдын алу мақсатында реттеуге жататын жануарлар түрлерін алған кезде алынбайды.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
      мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
      2) портал - тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) мынадай:
      жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру кезінде (кәсіпшілік балық аулауға, бақылау үшін аулауға, ғылыми-зерттеулік аулауға, эксперименталдық аулауға, мелиоративтік аулауға, әуесқойлық (спорттық) балық аулауға) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес;
      жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру кезінде (өсімін молайту мақсатында аулауға, жануарларды ғылыми мақсаттарда пайдалануға, жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес;
      жануарлар дүниесін пайдалануға (аң аулауға) рұқсаттар беру кезінде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес өтініш;
      2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 499-бабында көзделген жағдайларда жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы туралы төлем құжаты;
      3) жануарлар дүниесі объектілерін алуға қатысатын адамдардың тізімі.
      Қосымша пайдалану түріне байланысты (мелиоративтік аулаудан басқа) тізбеге мыналар қоса беріледі:
      аң аулауға (алғашқы рет жүгінген кезде):
      1) аңшылық шаруашылығын жүргізу шартының көшірмесі;
      жануарлар дүниесінің объектілерін алу шетелдіктердің қатысуымен жүргізілген жағдайда - аңшылық шаруашылығы субъектісінің аң аулауды ұйымдастыруға шетелдіктермен жасаған шарттың және олардың тұратын елінде берілген аң аулау құқығын куәландыратын құжаттың, сондай-ақ аңшылық атыс қаруы мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге ішкі істер органдары рұқсатының көшірмелері;
      кәсіпшілік балық аулауға (алғашқы рет жүгінген кезде):
      1) балық шаруашылығын жүргізу шартының көшірмесі (жағалау маңында балық аулауды жүзеге асыру үшін);
      2) балық аулау шартының көшірмесі;
      ғылыми-зерттеулік аулауға:
      1) бейінді ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми-тақырыптық жоспардың үзінді көшірмесінің және салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларымен ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының көшірмелері не салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, осы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
      2) жануарлар дүниесінің объектілерін алып қоюдың көзделіп отырған көлемін негіздейтін материалдар;
      3) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға мемлекеттік тапсырысты іске асыру кезінде - уәкілетті органмен және (немесе) оның ведомстволарымен жасалған шарттың көшірмесі;
      бақылау үшін аулауға:
      1) ведомствоның аумақтық бөлімшесі бекіткен ихтиологиялық жұмыстар жоспарының көшірмесі, бақылау үшін аулауды жүргізуге шығу кестесі;
      өсімін молайту мақсатында аулауға:
      1) балық ресурстарының өсімін молайтуға мемлекеттік тапсырысты орындау мақсаттары үшін аулау жағдайларын қоспағанда, биологиялық негіздеме;
      2) балық ресурстарының өсімін молайтуға мемлекеттік тапсырысты іске асыру кезінде - уәкілетті органмен және (немесе) оның ведомствосымен жасалған шарттың көшірмесі;
      эксперименталдық аулауға;
      1) биологиялық негіздеме мен ғылыми ұйымдардың ұсынымдары;
      жануарларды ғылыми мақсатта пайдалануға:
      1) бейінді ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми-тақырыптық жоспардың және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының үзінді көшірмелері;
      2) жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюды негіздейтін материалдар (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысымен биологиялық негіздеменің көшірмелері);
      3) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға мемлекеттік тапсырысты іске асыру кезінде - уәкілетті органмен және (немесе) оның ведомстволарымен жасалған шарттың көшірмесі;
      жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға:
      1) жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюды негіздейтін материалдар (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысымен биологиялық негіздеменің көшірмелері);
      әуесқойлық (спорттық) балық аулауға:
      1) жеке куәлік.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Порталға:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған мынадай:
      жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру кезінде (кәсіпшілік балық аулауға, ғылыми-зерттеулік аулауға, эксперименталдық аулауға, мелиоративтік аулауға, әуесқойлық (спорттық) балық аулауға) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес;
      жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру кезінде (өсімін молайту мақсатында аулауға, жануарларды ғылыми мақсаттарда пайдалануға, жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес;
      2) электрондық үкіметтің төлем шлюзі (ЭҮТШ) арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 499-бабында көзделген жағдайларда, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы туралы төлем құжаты электрондық көшірмесі түрінде;
      жануарлар дүниесін пайдалануға (аң аулауға) рұқсаттар беру кезінде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
      3) электрондық үкіметтің төлем шлюзі (ЭҮТШ) арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 499-бабында көзделген жағдайларда, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы туралы төлем құжаты электрондық көшірмесі түрінде;
      4) мәліметтер нысаны түрінде жануарлар дүниесі объектілерін алуға қатысатын адамдардың тізімі.
      Қосымша пайдалану түріне байланысты (мелиоративтік аулаудан және әуесқойлық (спорттық) балық аулаудан басқа) тізбеге электрондық түрде не мәліметтер нысаны түрінде мыналар қоса беріледі:
      аң аулауға (алғашқы рет жүгінген кезде):
      1) мәліметтер нысаны түрінде аңшылық шаруашылығын жүргізу шарты;
      кәсіпшілік балық аулауға (алғашқы рет жүгінген кезде):
      1) мәліметтер нысаны түрінде балық шаруашылығын жүргізу шарты (жағалау маңында балық аулауды жүзеге асыру үшін);
      2) мәліметтер нысаны түрінде балық аулау шарты;
      ғылыми-зерттеулік аулауға:
      1) бейінді ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми-тақырыптық жоспардың және салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларымен ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының үзінді көшірмелері не салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, осы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері электрондық құжат түрінде (бірінші және соңғы парағы);
      2) электрондық құжат түрінде жануарлар дүниесінің объектілерін алып қоюдың көзделіп отырған көлемін негіздейтін материалдар;
      3) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға мемлекеттік тапсырысты іске асыру кезінде - мәліметтер нысаны түрінде уәкілетті органмен және (немесе) оның ведомстволарымен жасалған шарттың көшірмесі;
      өсімін молайту мақсатында аулауға:
      1) балық ресурстарының өсімін молайтуға мемлекеттік тапсырысты орындау мақсаттары үшін аулау жағдайларын қоспағанда, электрондық құжат түріндегі биологиялық негіздеме;
      2) балық ресурстарының өсімін молайтуға мемлекеттік тапсырысты іске асыру кезінде - мәліметтер нысаны түрінде уәкілетті органмен және (немесе) оның ведомствосымен жасалған шарт;
      эксперименталдық аулауға:
      1) электрондық құжат түрінде биологиялық негіздеме мен ғылыми ұйымдардың ұсынымдары;
      жануарларды ғылыми мақсаттарда пайдалануға:
      1) бейінді ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми-тақырыптық жоспардан және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының электрондық құжат, құжаттың электрондық көшірмелері түріндегі үзінді көшірмелері (бірінші және соңғы парағы);
      2) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға мемлекеттік тапсырысты іске асыру кезінде - уәкілетті органмен және (немесе) оның ведомствосымен жасалған шарттың құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі сканерленген көшірмесі;
      жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға:
      1) электрондық құжат түріндегі жануарлар дүниесінің объектілерін алып қоюды негіздейтін материалдар (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысымен биологиялық негіздеме).
      Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлға ретінде тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, төлемақы (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      көрсетілетін қызметті берушіге - көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, оның көшірмесіндегі тіркелуі туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
      портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
      10. Мыналар мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздемесі болып табылады:
      1) өтінімде көрсетілген мәліметтердің толық көлемінде ұсынылмауы;
      2) өтінімде көрсетілген мәліметтердің дұрыс болмауы;
      3) мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы не оның болмауы.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті
берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің не мына мекенжай бойынша: 010000, Aстана қаласы, Министрліктер үйі (сол жағалау), Орынбор көшесі № 8, № 14 кіреберіс, телефон 8 (7172) 74 08 09 Министрлік басшысының атына беріледі.


      Шағымдар жазбаша түрде почта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің не Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушы өтініш туралы ақпаратты «жеке кабинетінен» көре алады, ол өтініштерді көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі барысында жаңартылып тұрады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Шағымда:
      1) жеке тұлға - оның тегі, аты, қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлға - оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қол қоюға тиіс.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін
қызметтердің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де
талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жерлердің мекенжайлары:


      1) Министрліктің: www.eco.gov.kz;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің: www.fhc.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі интернет-ресурстарында орналастырылған.
      14. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58 және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).

«Жануарлар дүниесін пайдалануға


рұқсат беру» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет    
стандартына        
1-қосымша         
____________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)
____________________________
(өтініш берушінің толық атауы)
Мекенжайы ____________________________
(индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі,
үйдің №, телефоны)
Өтініш берушінің деректемелері________________
(БСН, ЖСН)

      Өтініш нөмірі:



Өтініш

      «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат» беруді сұраймын.


      Пайдалану түрі: _______________________________________________
      Су айдынының атауы_____________________________________________
      Aлып қою мақсаты: _____________________________________________
      Aлып қою тәсілдері: ___________________________________________
      Рұқсатты пайдалануға жауапты адамдар:__________________________
      Мекендеу ортасынан алып қою үшін жоспарланатын объектілердің
тізбесі мен саны:

Балықтар мен басқа да жануарларының түрлері

Саны







      Жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда):
____________________________________________________________________
      Aлып қою мерзімі: ____________бастап, ________________ дейін.
      Болжамды алып қою учаскесінің ауданы (аумағы) және шекарасы _______
      Нақты орналасқан жері ________________________________________
      Жүзу құралдары:

Кеме түрі

Саны







      Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою құралдары:

Құралдың атауы

Саны







      Өтініштің мәліметтер нысандарына енгізілген деректердің
дұрыстығын растаймын.
      ____________________________________ Берілген күні ________ ж.
      (өкілдің Т.A.Ә., өтініш берушінің
            лауазымы/Т.A.Ә.)

«Жануарлар дүниесін пайдалануға


рұқсат беру» мемлекеттік  
көрсетілетін қызмет    
стандартына         
2-қосымша          

__________________________________________


(мемлекеттік органның толық атауы)
__________________________________________
(өтініш берушінің толық атауы)
Мекенжайы ______________________________________
(индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі,
үйдің №, телефоны)
Өтініш берушінің деректемелері_________________
       (БСН, ЖСН)

      Өтініштің нөмірі:



Өтініш

      «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат» беруді сұраймын.


      Жануарларды пайдалану мақсаты: ________________________________
      Aлып қою тәсілдері: ___________________________________________
      Рұқсатты пайдалануға жауапты адамдар:
_____________________________________________________________________
       Мекендеу ортасынан алып қою жоспарланатын объектілердің
тізбесі мен саны:

Жануарлардың түрлері

Саны (дарақтар)

Учаскенің ауданы (аумағы) және шекарасы



















      Жалпы құны (теңге) ___________________________________________
      Жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда): _________________
      Aлып қою мерзімі: __________ бастап, __________________ дейін.
      Жүгінген күні______________________________
      Өтініштің мәліметтер нысандарына енгізілген деректердің
дұрыстығын растаймын.
      ____________________________________ Берілген күні___________ж.
      (өкілдің Т.A.Ә., өтініш берушінің
            лауазымы/Т.A.Ә.)

«Жануарлар дүниесін пайдалануға


рұқсат беру» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет     
стандартына          
3-қосымша           

__________________________________________


       (мемлекеттік органның толық атауы)
__________________________________________
(өтініш берушінің толық атауы)
Мекенжайы ______________________________________
(индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі,
үйдің №, телефоны)
Өтініш берушінің деректемелері_________________
(БСН, ЖСН)
Өтініштің нөмірі:

Өтініш

      «Жануарлар дүниесін пайдалануға: аң аулауға рұқсат» беруді сұраймын.


      Aлып қою мақсаты: _____________________________________________
      Aлып қою тәсілдері: ___________________________________________
      Рұқсатты пайдалануға жауапты адамдар: ____________________________________________________________________
      Мекендеу ортасынан алып қою жоспарланатын объектілердің тізбесі
мен саны:

Жануарлардың түрлері

Саны (дарақтар)

Учаскенің ауданы (аумағы) және шекарасы



















      Жалпы құны (теңге) ____________________________________________
      Жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда): __________________
      Aлып қою мерзімі: ____________ бастап, _________________ дейін.
      Өтініштің мәліметтер нысандарына енгізілген деректердің
дұрыстығын растаймын.
      ____________________________________ Берілген күні___________ж.
      (өкілдің Т.A.Ә., өтініш берушінің
           лауазымы/Т.A.Ә.)

«Жануарлар дүниесін пайдалануға


рұқсат беру» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет     
стандартына         
4-қосымша          

Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерлемелері

      Қазақстан Республикасында кәсіпшілік, әуесқойлық және спорттық


аң аулау кезінде төлемақы мөлшерлемелері мынаны құрайды:

Р/с


Жабайы жануарлардың түрлері

Төлемақы мөлшерлемесі, бір дарақ үшін (AЕК)

кәсіпшілік аң аулау

әуесқойлық және спорттық аң аулау

1

2

3

4

1.

Сүтқоректілер







1.1.

бұлан (еркегі)

-

16

1.2.

бұлан (ұрғашысы)

-

11

1.3.

бұлан (бір жасар төлі)

-

6

1.4.

марал (еркегі)

-

13

1.5.

марал (ұрғашысы)

-

7

1.6.

марал (бір жасар төлі)

-

4

1.7.

аскания бұғысы (еркегі)

-

9

1.8.

аскания бұғысы (ұрғашысы)

-

5

1.9.

аскания бұғысы (бір жасар төлі)

-

3,5

1.10.

елiк (таралу аймағының солтүстiк бөлiгi, еркегі)

-

4

1.11.

елiк (таралу аймағының солтүстiк бөлiгi, ұрғашысы, бір жасар лағы)

-

3

1.12.

елiк (таралу аймағының оңтүстiк бөлiгi, еркегі)

-

3

1.13.

елiк (таралу аймағының оңтүстiк бөлiгi, ұрғашысы, бір жасар лағы)

-

2

1.14.

сiбiр тау ешкiсi (еркегі)

-

4

1.15.

сiбiр тау ешкiсi (ұрғашысы, бір жасар лағы)

-

3,5

1.16.

құдыр

-

2

1.17.

қабан (еркегі)

-

4

1.18.

қабан (ұрғашысы, бір жасар торайы)

-

3

1.19.

киiк (еркегі)

4

5

1.20.

киiк (ұрғашысы, бір жасар лағы)

3

4

1.21.

қоңыр аю (тяньшань аюынан басқасы)

-

14

1.22.

өзен құндызы, кәмшат (орта азиялықтан басқасы)

1

2

1.23.

бұлғын

2

4

1.24.

суырлар (Мензбир суырынан басқасы)

0,060

0,12

1.25.

ондатр

0,045

0,9

1.26.

борсық, түлкi

0,10

0,20

1.27.

қарсақ

0,045

0,10

1.28.

америка қаракүзенi

0,12

0,25

1.29.

сiлеусiн (түркiстандықтан басқасы)

-

0,45

1.30.

қояндар (құм қоян, ор қоян, ақ қоян)

0,010

0,045

1.31.

жанат тектес ит, жанат, құну, сарғыш күзен, ақ қалақ, ақкiс, сары күзен, сасық күзен, кәдімгі тиiн

0,020

0,35

1.32.

саршұнақ (құм саршұнағы)

0,015

0,025

1.33.

қасқыр

0

0

1.34.

шиебөрі

0

0

2.

Құстар







2.1.

маймақ қаз (қызыл жемсаулы, қара жемсаулы)

0,015

0,030

2.2.

саңырау құр

-

0,15

2.3.

құр

-

0,055

2.4.

гималай ұлары

-

0,20

2.5.

қырғауыл

0,020

0,060

2.6.

қаздар* (сұр қаз, ақмаңдайлы қаз, қырманқаз), қарашақаз

0,020

0,045

2.7.

үйректер* (отүйрек, сарыалақаз, барылдауық, ысылдақ шүрегей, қырылдақ шүрегей, боз үйрек, сары айдар үйрек, қылқұйрық, даурықпа шүрегей, жалпақ тұмсық, қызылтұмсық сүңгуiр, қызылбас сүңгуiр, айдарлы сүңгуiр, айдарсыз теңіз сүңгуiрі, ұшқыр үйрек, сусылдақ, айдарлы үйрек, қара тұрпан, кiшi бейнарық, секпiлтөс бейнарық, үлкен бейнарық)

0,010

0,020

2.8.

қасқалдақ, қызғыш, шiлдер (аққұр, тундра шілі, дала шілі, сұр шiл, сақалды шіл), кекiлiк, сұр құр, кептерлер (дыркептер, түзкептер, көк кептер, құз кептер), түркептер (кәдiмгi түркептер, үлкен түркептер), шалшықшылар (күжiркей, шаушалшық, тауқұдiрет, орман маңқысы, азия тауқұдiретi, тау маңқысы, маңқы, жылқышы, үлкен шалшықшы, орташа шалшықшы, үлкен шырғалақ, кiшi шырғалақ)

0,005

0,010

2.9.

бөдене

0,005

0,010

      Балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың түрлерін
пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мынаны құрайды:

Р/с


Су жануарларының түрлері

Төлемақы мөлшерлемелері (AЕК)

бір дарағы үшін

бір килограмы үшін

1

2

3

4

1.

Кәсіпшілік және ғылыми мақсаттарда:







1.1.

бекiре балықтары (қортпа, бекіре, шоқыр, сүйрік, тілмай)




0,064

1.2.

майшабақтар (қарынсау, бражник шабағы, қаражон), тікендi балық, түйетабан, шабақ




0

1.3.

албырт балықтар (құбылмалы бақтақ, майқан, хариус)




0,017

1.4.

ақсақа балықтар (көкшұбар, көк-шарбы, пайда, шыр, мұқсын), ұзын саусақты шаян




0,012

1.5.

қаракөз




0,004

1.6.

итбалық

1,93




1.7.

ірi балықтар:







1.7.1.

ақ амур, сазан, тұқы, ақмарқа, берiш, жайын, нәлiм, дөңмаңдай, шортан, жыланбас балық, көксерке




0,013

1.8.

ұсақ балықтар:







1.8.1.

табан, торта, тұрпа балық, майбалық, қызылкөз, көкбас, аққайран, мөңке, алабұға, оңғақ, кәдiмгi және талас тарақ балығы, қызылқанат, балпан балық, бiлеу балық, айнакөз, көктұран, қылыш балық, буффало, шармай




0,004

2.

Спорттық-әуесқойлық (рекреациялық) балық аулауды жүргiзу кезiнде:







2.1.

алып қоя отырып:







2.1.1.

ірі балықтар




0,017

2.1.2.

қортпа




6,5

2.1.3.

бекіре балықтары




5,5

2.1.4.

ақсақа, албырт балықтар




0,042

2.1.5.

ұсақ балықтар




0,008

2.1.6.

шаян

0,008




2.2.

«ұстап алу-қоя беру» қағидаты негізiнде:







2.2.1.

ірі балықтар




0,1

2.2.2.

бекiре балықтары (қортпа, бекіре, шоқыр, сүйрік, тілмай)

4,97




2.2.3.

ақсақа, албырт балықтар




0,27

2.2.4.

ұсақ балықтар




0,068

      Өзге шаруашылық мақсаттарда (аңшылық пен балық аулаудан басқа)
пайдаланылатын жануарлардың түрлерін пайдаланғаны үшін төлемақы
мөлшерлемелері мынаны құрайды:

Р/с


Жануарлардың түрлері

Төлемақы мөлшерлемелері (AЕК)

бір дарағы
үшін

бір килограмы үшін

1

2

3

4

1.

Сүтқоректілер:







1.1.

шұбар мысық немесе дала мысығы

0,030

-

1.2.

қарақас

0,015

-

2.

Құстар:







2.1.

кiшкене, қара мойын, қызыл мойын, сұржақ, үлкен сұқсыр, үлкен суқұзғын, үлкен көлбұқа, бақылдақ құтан, көкқұтан және сары құтан

0,010

-

2.2.

үлкен аққұтан

0,015

-

2.3.

маусымқұс, қошқылқанат және алтынжон татрең, шүрілдек, шаушүрiлдек, моңғол шүрiлдегi, сарысағақ шүрiлдек, шығыс шүрiлдегi, теңiз шүрілдегi, алқалы татрең, тасшырған, сутартар, тартар, кiшкене тартар, титтей тартар, қызылқасқа сутартар, дала қарақасы, қарала балшықшы, бұлыңғыр, фифи, үлкен балшықшы, шөпiлдек, тәкiлдек балшықшы, бұлақшы, мамырқұс, қайқытұмсық балшықшы, ақжал қалтқы, ақтамақ қалтқы, құмғақша, қызылмойын құмдауық, ұзынсаусақ құмдауық, аққұйрық құмдауық, қызылбауыр құмдауық, қаратөс құмдауық, сүйiрқұйрық құмдауық, құмқұс, тұнбашы, шалғын және дала қарақасы, сақиналы түркептер, сарыжағал қараторғай, сарытұмсық шауқарға, қараторғай, пайыз торғай, қызылтелпектi құнақ, көкқарға, бозторғайлар (айдарлы, теңбiлтөс, ұзынтұмсық, сұр, сор, дала бозторғайы, қараалқалы, аққанат, қара, құлақты, орман бозторғайы, егіс бозторғайы, шауторғай), қызылтұмсық шауқарға, алабажақ сайрауық

0,005




2.4.

қаршыға

0,010




2.5.

қырғи, маубас жапалақ, байғыз, жүнбалақ байғыз, құлақты жапалақ, саз жапалағы, жамансары

0,045




3.

Бауырымен жорғалаушылар:







3.1.

орта Aзия тасбақасы, саз тасбақасы

0,020

-

3.2.

ешкіемер, бат-бат кесiртке, жұмырбас құм кесiртке, сығыркөз

0,010

-

3.3.

бозша жылан

0,045

-

3.4.

өрнектi қарашұбар жылан, шығыс және құм жыланы

0,035

-

3.5.

көлбақа

0,005

-

4.

Омыртқасыз су жануарлары:







4.1.

артемия (цисталары)

-

0,045

4.2.

гаммарус, шашақ мұрт шаяндар

-

0,010

4.3.

сүлiктер

-

0,030

4.4.

басқа да су омыртқасыздары мен цисталары

-

0,005

: sites -> default -> files -> users -> kanat-korda -> proety gos uslug
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Шерлілер сөзін сағынған Шернияз ақын
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
proety gos uslug -> Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және
kanat-korda -> Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы
proety gos uslug -> «Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнгендер санатына жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
kanat-korda -> Жоба «Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет