Жанұзақова Нұрсулу Кенжебайқызы бастауыш сынып мұғалімі Зеренді ауданы Еленовка орта мектебі Тапқыр болсаң, талас жоқ



жүктеу 51.4 Kb.
Дата06.07.2016
өлшемі51.4 Kb.
Жанұзақова Нұрсулу Кенжебайқызы

бастауыш сынып мұғалімі
Зеренді ауданы Еленовка орта мектебі
Тапқыр болсаң, талас жоқ
Мақсаты:

Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру. Көрнекі іс-әрекеттік, сөздік - логикалық,ойлау әрекеттерін дамыту, ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастыру. Оқушыларды шапшаңдыққа, икемділікке, ұжыммен жұмыста ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, белсенділікке тәрбиелеу.

Түрі: интеллектуалды ойын

Әдісі: топтық, көрнекілік, сұрақ-жауап, сөздік

Ұйымдастыру кезеңі: Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі 3-сыныптар арасында өткелі отырған «Тапқыр болсаң, талас жоқ» атты сайыс сабаққа қош келдіңіздер.

Шын жүйріктер сыналады жарыста


Жарыстың ба орта жолда қалыспа
Бүгінгі жарыс бағалайды сіздерді
Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?- деп бүгінгі сайыс сабағымызды бастаймыз.

Сайыс сабаққа қатысушылар: 3 «А» сынып оқушылары

Ал енді сайыс сабағымыздың жоспарымен таныс болыңыздар:

1-айналым. «Білімді болсаң, байқап көр»


2-айналым. «Ойлы болсаң, ойлап көр»

3-айналым. «Жүйрік болсаң, озып көр»


4-айналым. «Тапқыр болсаң, тауып көр»
5-айналым. «Сөз ойла, тез ойла»

- Білім деген биік шың


Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер - деп білім сайыс сабағымыздың бірінші айналымна кезек береміз.

1-айналым. «Білімді болсаң, байқап көр» Әр топқа зымыран сұрақтар беріледі.

1 - топ

  1. «Өнер білім бар жұрттар» кімнің өлеңі? ( Ы.Алтынсарин)

  2. «Қырдан келген жас қазақ» мәтінінде кім туралы айтылған? (Ш.Уәлиханов)

  3. 8*7= 56 9*3=27

81:9= 9 7*5=35

Ұзындық өлшем бірлігі (мм,см,дм,м)



  1. Зат есім дегеніміз не?Мысал келтір

2 - топ

  1. «Адам болам десеңіз» кімнің өлеңі ? (А.Құнанбаев)

  2. «Дала жұлдызы» мәтінінде кім туралы айтылған? (Ы.Алтынсарин)

  3. 7*9 = 63 8*9=72

36:4= 9 42:7=6

Көпбұрыштың қабырғаларының қосындысы(периметр)



  1. Етістіктің сұрақтары қандай? Ата

1-топ

1. Біздің облысымыз қалай аталады? (Ақмола)

2. Кесінді ұзын ба,түзу ұзын ба? (Түзу)

3. 6*8=48 8*5=40

24:6= 4 6*9=54

Ең үлкен екі таңбалы сан.(99)

4. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді?


  1. - топ

  1. Қандай батырларды білесің?

(Қобыланды, Ер Тарғын, Алпамыс)

  1. Қазақтың үш биін ата (Әйтеке, Қазбек, Төле)

  2. 6*3=18 3*7=21

30:5=6 18:9=2

Белгісіз санды әріппен белгілейтін теңдік(теңдеу)



  1. Қаратпа сөз дегеніміз не?

2-айналым. «Ойлы болсаң, ойлап көр» Мақалды жалғастыру керек, әр топқа мақал-мәтелдер беріледі.

Жақсы байқап сөйлер,...... жаман шайқап сөйлер.


Астың дәмін тұз келтірер,........... Ауылдың сәнін қыз келтірер.
Бөтен жердің гүлінен............... Туған жердің тікені артық.

  1. Тіл тас жарады,.......... тас жармаса бас жарады.

  2. Тауды, тасты жел бұзар,..... адамзатты сөз бұзар.

  3. Аққуды атпа,...... досыңды сатпа!




  1. Білімдіге дүние жарық............. Білімсіздің күні кәріп.

  2. Жеті жұрттың тілін біл,............ Жеті түрлі білім біл.

  3. Еңбек етсең ерінбей, ............ Тояды қарның тіленбей




  1. Мектеп - кеме, ............. Білім теңіз.

  2. Әке көрген оқ жонар, ......... Ана көрген тон пішер

  3. Білекті бірді жығар, ...........Білімді мыңды жығар

1. Оқусыз білім жоқ, ......... Білімсіз күнің жоқ.

2. Қына – тасқа бітеді, ....... Білім – жасқа бітеді.

3. Досы көпті жау алмайды, ........ Ақылы көпті дау алмайды.

1. Судың да ...... сұрауы бар

2. Кісі елінде сұлтан болғанша, .. Өз еліңде ұлтан бол 3. Оқу инемен ...... құдық қазғандай

Білім, ой мен арымыз,


Рухани нәріміз.
Сайыскерлер сіздерге
Қол соғайық бәріміз,- деп сайысқа қатысушыларды қолпаштап отырайық..

Сергіту сәті



3-айналым. «Жүйрік болсаң, озып көр» - шебер қолдар сайысы. Әр топтың оқушыларының қолдары байланған. Бірінің оң қолына қайшы, екіншісінің сол қолына бетіне өрнек түсірілген қағаз берілген. Осы қағаздан өрнекті әдемілеп қиып шығу керек. Басқа қолдарыңымен көмек бермейсіңдер..

Әдемі әуен қойылады.



4-айналым. «Тапқыр болсаң, тауып көр». Әр топ мына жердегі әріптердің біреуін таңдап алу қажет. (Әріптер таңдап алынады). Айналымның шарты –берілген сұраққа таңдап алған әріптен басталатын сөздермен ғана жауап беру керек. Ол нақты және тапқырлықпен берілген жауап болу керек. Мысалы: М – әрпін таңдатып, бір мұғалімге ойнату арқылы түсіндіру. (Әріптер Б,С,А,Е,Т,Ж)

Мұғалімдерге:

  1. Пырылдап ұйықтайтын не?

  2. Қиындықты қалай жеңесіз?

  3. Ұстаз кім?

  4. Тіл не үшін керек?

  5. Сіз кімсіз?

  6. Ананың көңілі балада, баланың көңілі .....

  7. Ұялғанда не істейсіз?

Оқушыларға:

  1. Суды немен ішесің?

  2. Сенің досың кім?

  3. Бүгін сенде неше сабақ?

  4. Қандай тағамды ұнатасың?

  5. Қай көшеде тұрасың?

  6. Жасың нешеде?

  7. Қай ертегіні ұнатасың?
    5-айналым. «Сөз ойла, тез ойла».

Сөзжасам бұл әркімге ой салады,
Сөз тізбегін құрамын деп толғанады.
Сөзден - сөз шығаруға жетік болсаң,
Сөзжасам кезегі енді басталады.–деп ойынның соңғы айналымына да келіп жеттік. Осы айналымның басты шарты: барлық топқа екі сөз беріледі. 3 минуттың ішінде берілген сөзден бірнеше сөз құрап жазу керек. Балапан , Жауқазын деген сөз беріледі.

Біреу озса сайыста,біреу артта қалады. 


Ренжімей тарасса, озбағандар жарады. 
Жарыс заңы ежелден- жеңімпазды анықтау, 
Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау-деп ойынымыздың соңғы бөлімін аяқтайық.

Ән: Отан 3- сынып

Көрермендер арасында ойын: Ойды сергітуге арналған жаттығулар



Бұл қандай зат?

  1. Қара, төртбұрышты, сөйлейді, көрсетеді

  2. Ақ, төртбұрышты, іші суық

  3. Бәрін көреді, өзін көрмейді

  4. «Алтын балық» ертегісін кім жазды?

  5. Үлкейген сайын жеңіл болатын не?

  6. Тормен су әкелуге бола ма?

Жаңылтпаш айтып әр топты жаңылдыру.



  1. Он қап он қапты қақ,

Он қапты қақ та, қатта

  1. Аралдар бар,

Аралдарда жабайы маралдар бар

Араларында жаралы маралдар бар



Қорытынды:Екі топтың басшысы өз тобындағы балаларды бағалау

- Шәкірттерім менің! Алдағы уақытта да ерінбей, жалықпай оқуды оқып, ойымызға тоқып жүрелік. Білімді болыңыздар! Осыменен сайыс сабақ аяқталды.
: images -> Razrabotkaurokov
Razrabotkaurokov -> Ныганова Айгуль Еламановна Степногорск қаласы №5 С. Сейфуллин атындағы мектеп – лицейінің биология пәні мұғалімі
Razrabotkaurokov -> Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем туралы өткен материалды қайталау Сабақтың мақсаты
Razrabotkaurokov -> Мухтар Ауэзов
Razrabotkaurokov -> Сабақ Тақырыбы: «Гг дыбысы мен әрпі»
Razrabotkaurokov -> Боранбаева Анар Ташеновна Көкшетау қаласы №7 «Айша» бала бақшасының тәрбиешісі КӨктемгі ормандағы туған күн тобы
Razrabotkaurokov -> Сабақтың тақырыбы: Пысықтау
Razrabotkaurokov -> Сабақтың мақсаты: Білімділік
Razrabotkaurokov -> Сабақтың тақырыбы: Аңдар, балықтар, құстар. Қайталау.
Razrabotkaurokov -> Сабақтың атауы Хайуанаттар дүниесі Мақсаты Күтілетін нәтиже




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет