Жасыл экономикаға



жүктеу 0.59 Mb.
бет1/4
Дата29.06.2016
өлшемі0.59 Mb.
  1   2   3   4
Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуi жөнiндегi тұжырымдаманы iске асыру жөнiндегi 2013 - 2020 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 31 шiлдедегi № 750 қаулысы



      «Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуi жөнiндегi тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуi жөнiндегi тұжырымдаманы iске асыру жөнiндегi 2013 – 2020 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары (бұдан әрi – жоспар) бекiтiлсiн.
      2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, сондай-ақ жоспардың орындалуына жауапты мүдделi ұйымдар:
      1) жоспарды iске асыру жөнiндегi шараларды қабылдасын;
      2) жылдың қорытындысы бойынша 1 ақпаннан кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiне жоспардың iске асырылу барысы туралы ақпарат берсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi жылдың қорытындысы бойынша 20 ақпаннан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкiметiне жоспардың iске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi жылдың қорытындысы бойынша 20 наурыздан кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсiн.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне жүктелсiн.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң      
2013 жылғы 31 шiлдедегi
№ 750 қаулысымен   
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуi жөнiндегiтұжырымдаманы iске асыру жөнiндегi 2013 – 2020 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары



Р/с


Iс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзiмi

Қажеттi қаржыландыру көлемi
(млн. теңге)*

1

2

3

4

5

6



1. Нормативтiк-құқықтық, институционалдық және кадрлық қамтамасыз ету

«Жасыл экономиканың» нормативтiк-құқықтық базасы (оның iшiнде, мемлекеттiк және салалық бағдарламалар)

1

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлеу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне

ЭБЖМ (жинақтау), Қоршағанортаминi, ИЖТМ, АШМ, Қаржыминi, Әдiлетминi

2014 жылғы наурыз

талап етiлмейдi

2

Мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуi жөнiндегi тұжырымдама ережелерiне сәйкес келтiру

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

ЭБЖМ (жинақтау), Қоршағанортаминi, ӨДМ, МГМ, ИЖТМ, АШМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

2014 жылғы сәуiр

талап етiлмейдi

3

Салалық бағдарламаларды Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуi жөнiндегi тұжырымдама ережелерiне сәйкес келтiру

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

ЭБЖМ (жинақтау), МГМ, ИЖТМ, АШМ, Қоршағанортаминi

2014 жылғы сәуiр

талап етiлмейдi

4

Аумақтарды дамытудың өңiрлiк бағдарламаларына Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуi жөнiндегi тұжырымдама ережелерiне сәйкес «жасыл экономикаға» көшу жөнiндегi iс-шараларды енгiзу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

Қоршағанортаминi (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

2013 жылғы желтоқсан

талап етiлмейдi



Институционалдық қамтамасыз ету

5

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанынан «Жасыл экономикаға» көшу жөнiндегi кеңестi құру бойынша ұсыныстар енгiзу

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ұсыныстар

Қоршағанортаминi (жинақтау), ЭБЖМ

2013 жылғы тамыз

талап етiлмейдi

6

Энергия аудиттерi нәтижелерiн, iрi кәсiпорындар шығарындыларының деңгейi мен құрамын, су ресурстары жай-күйiнiң көрсеткiштерiн, ауыл шаруашылығының өнiмдiлiгiн, ҚТҚ және өнеркәсiп қалдықтары қоқыстарының жай-күйiн және басқаларын қоса алғанда, «Жасыл экономиканың» барлық индикаторлары бойынша жалпымемлекеттiк және ведомстволық статистикалық ақпаратты, сондай-ақ әкiмшiлiк деректердi жедел жинауды және оның ашықтығын жетiлдiру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлеу

СА бұйрығы

СА (жинақтау), Қоршағанортаминi

2014 жылғы 3-тоқсан

талап етiлмейдi

7

Статистикалық жұмыстар жоспары шеңберiнде Қазақстан Республикасының «Жасыл экономикаға» көшуi жөнiндегi тұжырымдаманы iске асыруды бағалау және бақылау үшiн қажеттi статистикалық деректердi жинауды тұрақты негiзде қамтамасыз ету

Қоршағанортаминiне ақпарат

СА

үнемi

талап етiлмейдi

8

Экономикалық даму деңгейiн, экологиялық жағдайды, халықтың денсаулығын, таза сумен қамтамасыз етудi және басқаларын қамтитын өңiрлер үшiн халықтың өмiр сүру деңгейiнiң кешендi «жасыл» көрсеткiшiн құру бойынша ұсыныстар енгiзу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар

Қоршағанортаминi (жинақтау), ЭБЖМ, ДСМ, ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

2014 жылғы 1-тоқсан

талап етiлмейдi

9

Экологиялық қолайлылық дәрежесi бойынша өңiрлердi жiктеудiң (әртараптандырудың) жаңа жүйесiн әзiрлеу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

Қоршағанортаминi (жинақтау), ӨДМ

2013 жылғы желтоқсан

талап етiлмейдi



«Жасыл экономикаға» көшудi кадрлық қамтамасыз ету

10

«Жасыл экономика» үшiн кадрларды дайындау бойынша мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын бөлу

БҒМ бұйрығы

БҒМ

жыл сайын маусым

020 «Жоғары бiлiмдi мамандарды дайындау және бiлiм алушыларға әлеуметтiк көмек көрсету» бағдарламасы бойынша мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде

11

2020 жылға дейiн өңiрлер мен мамандықтар бөлiнiсiнде өнеркәсiптiк кластерлерде еңбек ресурстарына қажеттiлiктi бес өндiрiстiк кластерде айқындау

Еңбекминiне ақпарат

Қоршағанортаминi (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

2013 - 2020 жылдар

талап етiлмейдi

12

«Электр энергетикасы», «Жылу энергетикасы», «Ауыл шаруашылығын электрмен қамтамасыз ету» мамандықтарының бiлiм беру бағдарламаларына қоршаған ортаны қорғау және ресурстардың өнiмдiлiгi мәселелерi бойынша элективтi курстарды қосу мәселесiн пысықтау

Қоршағанортаминiне ұсыныстар

БҒМ

2014 жылғы желтоқсан

талап етiлмейдi

13

«Жасыл экономикаға» көшу шеңберiнде ЖОО-ларда «Экология және орнықты даму» пәнiнiң мазмұнын жетiлдiру мәселесiн пысықтау

Қоршағанортаминiне ақпарат

БҒМ

2013 жылғы қазан

талап етiлмейдi

14

Жергiлiктi атқарушы органдардың мамандары үшiн «жасыл экономика» бойынша оқыту семинарларын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгiзу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар

БҒМ

2013 жылғы желтоқсан

талап етiлмейдi

15

Шетелдiк мамандарды шақыра отырып, «жасыл экономика» мәселелерi бойынша ғылыми конференциялар мен семинарлар, «дөңгелек үстелдер» ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгiзу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар

БҒМ (жинақтау), Қоршағанортаминi, МҚIА (келiсiм бойынша)

2013 жылғы желтоқсан

талап етiлмейдi

16

«Жасыл экономика» мәселелерi бойынша мемлекеттiк қызметшiлер үшiн бiлiктiлiктi арттыру курстарын ұйымдастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар

Қоршағанортаминi (жинақтау), МҚIА (келiсiм бойынша)

2013 жылғы желтоқсан

талап етiлмейдi

17

«Жасыл экономика» салалары бойынша ғылыми жобаларға мониторинг жүргiзу және одан әрi коммерцияландыру үшiн неғұрлым тиiмдi жобаларды айқындау

Қоршағанортаминiне ақпарат

БҒМ

2013 жылғы желтоқсан

талап етiлмейдi

18

«Жұмыспен қамту 2020» Жол картасы бағдарламасы бойынша жұмыс берушiлердiң қажеттiлiгi шеңберiнде «жасыл экономика» мамандарын даярлауды, қайта даярлауды және бiлiктiлiгiн арттыруды қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгiзу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар

Еңбекминi (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

2014 жылғы желтоқсан

талап етiлмейдi



Ақпараттық қолдау

19

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуi жөнiндегi тұжырымдаманы iске асыруды бағалау және бақылау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуi жөнiндегi тұжырымдаманы iске асыру жөнiндегi 2013 - 2020 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын iске асыруға байланысты экономикадағы өзгерiстердi болжау үшiн экономикалық модельдi әзiрлеу бойынша ұсыныстар енгiзу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар

ЭБЖМ (жинақтау), Қоршағанортаминi

2013 жылғы желтоқсан

талап етiлмейдi

20

«Жасыл экономикаға» көшудi үйлестiру жөнiндегi бағдарламалық-аппараттық талдамалық кешендi құру және оны сүйемелдеудi қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгiзу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар

Қоршағанортаминi (жинақтау), ККМ, ЭБЖМ, МГМ, ИЖТМ, ӨДМ, АШМ

2013 жылғы желтоқсан

талап етiлмейдi

21

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуi жөнiндегi тұжырымдаманы iске асыру барысын ақпараттық жариялау жөнiндегi медиа-жоспарды әзiрлеу және бекiту бойынша ұсыныстар енгiзу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар

Қоршағанортаминi (жинақтау), МАМ, мүдделi мемлекеттiк органдар

2013 жылғы желтоқсан

талап етiлмейдi



2. Су ресурстарын орнықты пайдалану шаралары

Суды пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi iс-шаралар

22

Мыналарды:
- пайдаланылатын ауыл шаруашылығы дақылдарын суғару тиiмдiлiгiн арттыруға, су сыйымдылығын төмендетуге, суару арналарындағы ысырапты азайтуға бағытталған шараларды;
- өнеркәсiпте суды пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру бойынша шараларды;
- сумен жабдықтау және суды бұрудың муниципалды кәсiпорындарының суды пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру бойынша шараларды;
- 2015, 2020, 2025 жылдарға және қорытынды 2040 жылға белгiленген аралық мақсаттармен салыстыру арқылы көрсетiлген секторларда суды пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру бойынша шараларды iске асыру тиiмдiлiгiн үнемi қадағалау тетiгiн;
- сутехникалық құрылыстарды салу мен жаңғыртуға арналған операциялық шығындарды және күрделi шығыстарды толық өтеуге, сондай-ақ суды пайдалану тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған ынталандыру шаралары бойынша ұсыныстар әзiрлеудi;
- сумен жабдықтауды жақсартуға (мысалы, дамбалар салу, оның iшiнде мемлекеттiк – жеке меншiк әрiптестiк негiзiнде) бағытталған неғұрлым қолайлы инфрақұрылымдық жобаларды инвестициялық бағалауды, басымдық берудi және олардың қысқа тiзiмiн құруды қамтитын суды пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған 2014 - 2040 жылдарға арналған Су ресурстарын басқарудың мемлекеттiк бағдарламасын әзiрлеу

Қазақстан Республикасының Президентiнiң Жарлығының жобасы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне

Қоршағанортаминi (жинақтау), ӨДМ, АШМ, ТМРА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

2013 жылғы қазан

талап етiлмейдi

23

Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тұтынушыларға жеке және жалпыүйлiк су тұтынуды есептеу аспаптарын орнатуды қамтамасыз ету жөнiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шаралар қабылдау

Қоршағанортаминiне ақпарат

ӨДМ (жинақтау), ТМРА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

2013 жылғы желтоқсан

талап етiлмейдi



Су ресурстарын басқаруды оңтайландыру және су құнын қайта қарау жөнiндегi iс-шаралар

24

Қолданыстағы барлық субсидияларға талдау жасау және
- суды пайдаланушылардың су үнемдеу технологияларына жылдам көшуiн ынталандыру мақсатында субсидияларды қайта қарауға;
- су үнемдеу технологияларына көшудi ескере отырып, суды тұтынуға лимиттердi белгiлеу бойынша есептеулер мен тетiктердiң негiздiлiгi мен ашықтығын қамтамасыз етуге;
- коммуналдық кәсiпорындарға және өзге де пайдаланушы ұйымдарға су инфрақұрылымын салуға және жаңғыртуға арналған шығындарын өтеу бойынша мүмкiндiктер беруге;
- су пайдаланудың тиiмдi технологияларын, оның iшiнде суды реттеудi автоматтандыру, суды есептеудi ретке келтiру және гидромелиоративтiк жүйелердiң техникалық жай-күйiн жақсартуды мемлекеттiк қолдау түрлерiн кеңейтуге бағытталған субсидиялаудың жақсартылған моделi бойынша ұсыныстар әзiрлеу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар

Қоршағанортаминi (жинақтау), АШМ, ИЖТМ, ӨДМ

2014 жылғы маусым

талап етiлмейдi



Сумен жабдықтау саласындағы iс-шаралар

25

Қазақстанның жерасты суларының картасын жасау бойынша ұсыныстар енгiзу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар

ИЖТМ (жинақтау), Қоршағанортаминi

2013 жылғы желтоқсан

талап етiлмейдi

26

Трансшекаралық өзендер бойынша шектес елдермен арадағы Қазақстан Республикасының жұмыс iстейтiн бiрлескен комиссиялары мен жұмыс топтарын кадрлық және ұйымдық тұрғыдан нығайту және олардың қызметiн одан әрi жетiлдiру бойынша ұсыныстар енгiзу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар

Қоршағанортаминi (жинақтау), СIМ

2013 жылғы желтоқсан

талап етiлмейдi

Су ресурстары саласында қауiпсiздiктi арттыру жөнiндегi шаралар

27

Су объектiлерiне зиянды әсерлердiң шектi рұқсат етiлетiн нормативтерiн халықаралық нормаларға сәйкестендiру үшiн оларды қайта қарау және жаңартылған нормативтердiң сақталуын бақылауды күшейту бойынша ұсыныстар әзiрлеу

Қоршағанортаминiнiң бұйрығы

Қоршағанортаминi (жинақтау), ДСМ, ИЖТМ

2014 жылғы маусым

талап етiлмейдi



3. Орнықты және өнiмдiлiгi жоғары ауыл шаруашылығын дамыту жөнiндегi шаралар

Ауыл шаруашылығында су ресурстарын үнемдеу жөнiндегi шаралар

28

2013 - 2040 жылдарға арналған Су ресурстарын басқарудың мемлекеттiк бағдарламасында (қабылданған жағдайда) мына индикаторлар мен шараларды ескеру:
- ауыл шаруашылығындағы суды пайдалану мөлшерiн 8 млрд. м3 дейiн қысқарту және ауыл шаруашылығы өнiмiнiң су сыйымдылығын 300 м3 тоннасына дейiн төмендету бойынша 2030 жылға қарай түпкiлiктi мақсатқа қол жеткiзу үшiн 2015, 2020, 2025 жылдарға арналған аралық мақсаттарды алға қою;
- суару технологияларын жетiлдiру есебiнен су ресурстарын үнемдеу әлеуетiн бағалау, сондай-ақ неғұрлым жетiлдiрiлген технологияларға көшу әдiстерiн әзiрлеу (мысалы, су ағызып суарудан немесе жаңбырлатып суландырудан тамшылатып суаруға және т.б. көшу);
- ауыл шаруашылығы дақылдары мен суару технологияларын, сондай-ақ су тұтынудың нақты үлестi мөлшерiн көрсетiп, барлық қазiргi және жоспарланған суармалы жерлердiң картасын жасау;
- су ресурстарын үнемдеу әлеуетiн бағалау және күрiш пен мақтаны суды аздау тұтынатын дақылдарға ауыстыру орындылығын талдау, оның iшiнде баламалы ауыл шаруашылығы дақылдарын өндiруге көшу үшiн инфрақұрылымға қажет инвестицияларды бағалап, оларды өсiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу

Қазақстан Республикасы Президентi Жарлығының жобасы

Қоршағанортаминi (жинақтау), АШМ, тиiстi облыстардың әкiмдерi

2013 жылғы қазан

талап етiлмейдi
  1   2   3   4


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет