Жыл басы -наурыз! Мақсаты



жүктеу 42.48 Kb.
Дата06.07.2016
өлшемі42.48 Kb.
Жыл басы -Наурыз!

Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу; Имандылық,инабаттылық,

ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.

( Залда әсем әуен ойнап тұрады.)

Қымбатты ата-аналар,келе жатқан наурыз мерекелеріңіз құтты болсын! Жер әлемді жайнатып, әнші құстар сайрасын, наурыз тойы тойланып, Ұлыстың ұлы күнгі тойымыз құтты болсын! Ағымыз мол болсын!



Тәрбиеші:

Ұлыс күні кәрі – жас

Құшақтасып көріскен Жаңа ағатқан қозыдай Жамырасып өріскен Ұлыс күні қар еріп Сай салалар гүрілдеп Көк шөбі шығып желкілдеп Дүние біткен күлімдеп Ұлыс күні кәрі жас Құшақтасып көріскен «Бөбек» тобының кішкентай балаларын ортаға қол шапалақтап қарсы алайық.

-Ал халайық,тұрмайық,

Әндетейік жырлайық

Ортамызды ашайық

Ырыс тілеп бұл жылға Жырдан шашу шашайық!(Шашу шашылады)

d:\новая папка (3)\науыз2015\img-20150320-wa0035.jpg


Тәрбиеші: Шалқытып мерекеде ән саламыз

Өнерпаз өрендерге тамсаныңдар Арнаумен бастап тойдың басын Күміс көмей «Наурыз келді» әнін тамашалаңыздар.

Балалардың орындауында ән «Наурыз келді»

Тәрбиеші: Наурыз тойы-елдің тойы Көктем тойы-төлдің тойы,- дей отыра балалардың наурызға арналған тақпақтарын ұсынамыз.

Балалардың тақпақтары:

1.Күн мен түн теңеледі 2 Наурыз тойы салтанат

Жер шуаққа бөленеді. Оразали Наурыз тойы мархабат. Аружан

3. Наурыз келді алақай 4. Дастарханымыз дәніміз

Кел билейік балақай Ж.Ксения Жайдарымыз бәріміз. Артем

5.Қыдыр ата келсін

Жақсы тілек әкелсін. Диана



d:\новая папка (3)\науыз2015\img-20150320-wa0014.jpg

Тәрбиеші: Балалар бүгінгі біздің тойдың қадірлі қонағы Қыдыр атамызды ортаға шақырайық.

Қыдыр ата амандасады,құттықтайды.



Тәрбиеші: Наурыз тойы тамаша.

Наурыз тойы жаңаша.

Қыздарымыз тамаша

Тамсандырар биімен.-ортада қыздар биі «Қамажай»



Тәрбиеш: Ойын ойнап ән салмай

Өсер бала болама-дейді халық олай болса біз қазір «Соқыр теке» ойынын ойнаймыз.



«Соқыр теке»ойын

Тәрбиеші: Тұсау кесу рәсімін ажарлы да келбетті осы тойымызға келген Айгүл апайымыз көрсетеді. «Тұсау кесу рәсімі»

d:\новая папка (3)\науыз2015\img-20150319-wa0002.jpgd:\новая папка (3)\науыз2015\img-20150320-wa0041.jpgТәрбиеші: Сымбатты да өнерлі

Қайратты да жігерлі



«Бөбек» тобының ұлдары

«Көкпар» биін билейді.



Би «Көкпар»

d:\новая папка (3)\науыз2015\img-20150320-wa0040.jpg

Тәрбиеші:Наурыз тойында көптеген ұлттық ойындар ойналады.Соның ішіндегі тағы бір ойынымыз «Көкпар» ойынын ойнаймыз. Ойын «Көкпар»

d:\новая папка (3)\науыз2015\img-20150321-wa0010.jpg

«Балауса» балабақшасының түлегі Ұлатай Санжар кішкентай қарындасын құттықтап бәрімізге бір ән сыйламақшы.

Санжардың орындауында ән «Бала тілегі»



d:\новая папка (3)\науыз2015\img-20150320-wa0036.jpg

Тәрбиеші: Наурыз тойдың қонақтарын қарсы алайық.

Музыка әуенімен ортаға «Бай мен алдар көсе кіреді»

(қысқаша көрініс.)



d:\новая папка (3)\науыз2015\img-20150320-wa0022.jpgd:\новая папка (3)\науыз2015\img-20150320-wa0024.jpg

Тәрбиеші: Оу,балалар,балалар

Әсем әнге салайық

Наурыз тойын көңілді

Әрі қарай жалғастырайық,-олай болса біздің келесі айтатын әніміз «Дастархан әні.» d:\новая папка (3)\науыз2015\img-20150320-wa0011.jpg



Ойын «Теңге алу»

d:\новая папка (3)\науыз2015\img-20150320-wa0012.jpgd:\новая папка (3)\науыз2015\img-20150321-wa0006.jpg
Балалардың тақпақтары: Ерасыл Шаруаның кенелген

Мейрамы ежелден.



Аяна Бізде қарап тұрмайық Жасмин Наурыз тойы салтымыз

Тойға шашу шашайық. «Көгерсін» –деп халқымыз.



Ерлан Ұлыс оң болсын

Ақ мол болсын

Қайда барсаң жол болсын.

d:\новая папка (3)\науыз2015\img-20150320-wa0017.jpg

Тәрбиеші: Ал осы тойдың қадірлі қонағы болып отырған Қыдыр атамыздың батасын тыңдайық.

Бата тілек.

Азамат боп ержетіңдер,

Ақылды болып ержетіңдер

Азамат болыңдар көрікті,

Ғұмырың болсын берікті

Азамат болыңдар ардақты

Мінездерің болсын салмақты

Өнер болыңдар жан – жақты

Осы айтқанның бәрі қабыл болып

Алла берсін сендерге зор бақытты! Аумин.


d:\новая папка (3)\науыз2015\img-20150320-wa0005.jpg

Әсем ән ойналып тұрады. Көже тарату басталады.



d:\новая папка (3)\науыз2015\img-20150320-wa0003.jpgd:\новая папка (3)\науыз2015\img-20150320-wa0004.jpg

Тәрбиеші: Наурыз құтты болсын!

Дендеріміз сау, мықты болсын!

Наурыз тойы келе берсін!

Барлық халық бақытты болсын,

Көріскенші күн жарық болсын.-осымен «Бөбек» тобының наурыз мерекесіне деген ертеңгілігі аяқталды . Барлықтарыңызды дастархан басына шақырамыз.

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

«Балауса» балабақшасы


«Наурыз- жыл басы»

(атты ертеңгілік )

d:\новая папка (3)\науыз2015\img-20150320-wa0009.jpg

1 сәбилер «Бөбек» тобы



Өткізген: Жексенбаева Г.Қ

2015жыл




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет