Жыл басы Наурыз Мақсаты



жүктеу 49.15 Kb.
Дата05.07.2016
өлшемі49.15 Kb.
Жыл басы - Наурыз

Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Мазмұны: Бүкіл тіршілік аталуының түрленіп, жаңаруы паш етіледі. Мейрамның ең қадірлі дәмдері мен қасиетті сөздері кеңінен насихатталады.

1 жүргізуші: Құрметті ата-аналар,ұстаздар,оқушылар.Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.Ұлыс оң болсын,ақ мол болсын.Төрімізге келіп жеткен,наурыз тойы құтты болсын!Балалар жаңа жылды әр халық,әр уақытта өзінің салт-дәстүріне байланысты қарсы алады екен.Біз қазақ халқы наурыз айының 22 күні қарсы алады екенбіз.Бұл күні күн мен түн теңеліп,даланы Қызыр баба аралайды деген сөз бар. Қадірлі жиналған қауім, ата – бабадан жеткен халқымыздың тамаша жоралғылары мен дәстүрлеріне құлақ салалық, зердемізге түйіп, келер ұрпаққа мұра етіп қалдыра алсақ, қандай ғанебет болар еді.

2 жүргізуші:
Жаңа жылды, Наурыздың 22 – сін халық Ұлыстың Ұлы күні деп ұлағаттаған. Ұлыс күні қазақ үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Бұл күнгі болған әрбір өзгеріске үлкен мән берген, қар немесе жаңбыр жауса, « нұр жауды», « туар жыл нұрлы болады», « Наурыздың ақша қарындай» деп әсем теңеулер айтып, « ағынан жарыла қуанса, мал төлдесе бір тал көк шөп артық шығады» - деп ырымдаған, нәресте дүниеге келсе, ұлағаттап есімін ерекше қойған.
Сания:

Наурыз тойы салтымыз,

Аман болсын халқымыз.

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын.

Толғанай:

Көктем келді алақай,

Тұрма қарап балақай.

Наурыз тойын тойлайық,

Қане достар тұрмайық.

Ертуған:

Наурыз тойы әдемі,

Әжем еске түсірді.

Біздерге арнап әдейі,

Наурыз көже пысырды.

Нұртілек:

Күн мен түн теңеледі,

Жер шуаққа кенеледі.

Қуанышта ел енді,

Наурыз келді, жүр енді.

Арыстанбек:

Жарқыра ,жайна наурызым,

Қабағы жаудың түйілсін.

Береке байлық дәм тұзым,

Халқыма мәңгі бұйырсын.

Алина:

Келіңдер наурыз тойға бәрің бүгін,

Аямас өнерпаздар ән мен жырын.

Тойлайық халық тойы наурызды,

Шуағын жерге төккен бақыт күнін.

Абылай:

Тыныш болсын даламыз

Батыр болсын баламыз

Уайым-қайғы жоқ болсын

Ақ дегенің көп болсын.

Ерасыл : Бата беріп атамыз, 
Бата беріп апамыз, 
Тәтті болып жасалған, 
Наурыз дәмін татамыз. 

Әсемай:

Қыс өтіп,қар кетіп,

Шырайлы жаз жетіп.

Шаруаның кенелген,

Мейрамы ежелден,

Құтты болсын-наурыз.



1 жүргізуші:
Ұлыстың Ұлы күні « көлденеңнен шөпке жан бітіп» қырда саршұнақ інінен қылт етіп, бір көрініп, қайтадан ініне кіріп кетіп, жер беті әбден жылығанда шығады дейді. Бұл сөзде дала мен табиғат арасындағы көзге көріне бермейтін терең мәнді тағылымды үйлесімділік жатыр.
2 жүргізуші: Наурыз мерекесін тойлау дәстүрлі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс – салтында баяғы замандардан бері орын алған деседі.

Ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстыру 


Қазақ халқы қонақ күтуді де, қонақ болып қыдыруды да қызық көрген. Сондықтан қазақ халқының тойлары да көп болған. Соның біреуі бесікке салу. Бесікке салу тойына жиналғандар өлең айтып, әзіл –қалжын, ұлттық ойындарын ойнап көңіл көтерген. Бесікке салу тойларын ырымын көрсетіп, түсіндіріп беретін Шолпан апайымызға сөз береміз. 
Бала он екі ай шамасында қаз тұрып, бір-екі аттап үстел жағалап жүреді. Осы кезде балаға арналған қазақ халқында «Тұсау кесер» тойы өткізіледі. Сөз Әсел апайымызға беріледі. 

Ұлттық ойын «Арқан тартыс» 

Наурыз мейрамында халық қуанып ұлттық ойын түрлерін ойнап көңіл көтерген. Сонын ішінде «Көкпар», «Қыз қуу», арқан тарту т.б ойындар. (интерактивті тақтамен жұмыс) 
- Ал, балалар, ендеше «арқан тартыс» ойынын ойнап, күшімізді сынап көрелік! Екі командаға бөлініп арқанды тартасыңдар.Кімнің командасы осы арқанды бірінші болып өзіне қарай тартады, сол команда жеңімпаз болып есептеледі. 1,2,3! Бастаймыз! (балалар арқан тартысады) 

Қазақ халқында батаның түрлері көп. Соның бірі осы Наурыз бата. Мұнда Наурыз көжеге шақырылғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші, жас талапкерлерге т. б ақсақал аталар, ақ жаулықты аналар, ел ағалары бата береді. Жастар бұл күні үлкендерден бата алуға тырысады. Көпшілікке үлкеніміз ақ батасын берсін.


Тағы да баршаңызды наурыз - ұлыстың ұлы күні мерекесімен құттықтаймыз. Барлықтарыңызға бақыт тілейміз. Қызыр Ата келе жатыр дейді.
«Қызыр Ата» келеді бата береді.

1 жүргізуші:
Кезекті биші қыздарымызға берелік Би «Қазақ биі».

2 жүргізуші:
Ұлыс оң болсын!
Ақпан кетті араз боп Наурызбенен.
Наурыз жүр жоғалған бағын іздей,
Көктем жетті көрісіп жанын іздей

1 жүргізуші:
Жұмбақ 
- Ал енді балалар! Жұмбақтардың шешуін табыңдар: 
Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды, 
Қонақтарды көңілдене сыйлайды. 
(дастархан) 
Бұл не? Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл дастархан. Ал дастарханға қандай қазақтың ұлттық тағамдары қойылады? 
Қазақтың ұлттық тағамдары, 
Жасымнан жақын маған бәрі. 
Теңермес ем оларға мен, 
Ешбір асты ғаламдағы. 
- Дастархан басында адамдар қалай отырады, асқа қатысты тыйымдармен ырымдарымен бізді Жазира апайымыз таныстырып өтеді. 

Ән « Қазақтың дастарханы» орындайтын Асемай,Сания, Алина.



2 жүргізуші:.

Бүгін ұлыстың ұлы күні. Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы. Наурыз салтанаты. Алдымен «Наурыз» деген сөздің өзіне тоқталатын болсақ, бұл көне парсы сөзі. Қазақшаға аударсақ, алғашқы буыны нау-жаңа, рыз-күн деген ұғымды білдіреді. Сонда жаңа күн деген сөз шығады екен. Наурыз – жаңа күн, яғни жаңа жылдың алғашқы күні – жыл басы. Халқымыздың салтында Наурыз тойының сәні –аңыз әңгімелер мен ертегі кейіпкерлері, Қожанасыр мен Алдар көсені шақырайық


Келесі кезекте көрініс «Қожанасыр мен Алдар көсе» орындайтын Тоқтар Абылай мен Мұхтарұлы Арыстанбек

1 жүргізуші:

Би «Қара жорға» қабыл алыңыздар!




2 жүргізуші:.

Осымен, құрметті қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған тәрбие сағатымыз аяқталды. Назарларыңызға көп рахмет! Сау болыныздар!
: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Педагогика 1-вариант Педагогика ғылымының зерттеу объектісі
2016 -> Ертеңгілік «Алтынсың ғой анашым» Тәрбиеші: Шуканаева Р. С. Бадамша ауылы 2013ж 8 Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік
2016 -> Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Ақтай-сай ауылы Самал Жумина Орынбасарқызы
2016 -> Решение на прошедшей неделе было принято Советом Ассоциации
2016 -> Төмендегі мәтінді қазақ тіліне аударыңыз
2016 -> «Педагогика тарихы» пәнінен дәрістер тезисі №1 Дәріс тақырыбы: Педагогика тарихы пәні мен міндеттері. 2 сағат Дәріс тақырыбының мақсаты
2016 -> "Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі" Сайыс тақырыбы: “1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліске 100 жыл”
2016 -> Қазақстан республикасының отбасы-неке қатынастарын реттеу заңЫ




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет