Жылдарға арналған батыс қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы орал, 2015 мазмұНЫ



жүктеу 3.14 Mb.
бет1/20
Дата01.07.2016
өлшемі3.14 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Облыстық мәслихаттың

2015 жылғы 9 желтоқсандағы

№ 29-4 шешімімен бекітілген




2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ

АУМАҒЫН ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Орал, 2015

МАЗМҰНЫ

1.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ

3

2.

АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

8

3.

НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАР, ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ

89

4.

ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР

108




ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІ

111



1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ





Атауы

2016-2020 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы

Зерттеуге арналған негіздер


Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» 2010 жылғы 4 наурыздағы №931 Жарлығы, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары.

Аймақтың негізгі сипаттамасы


Батыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының батыс бөлігінде орналасқан. Облыс аумағы 151,3 мың шаршы шақырым немесе республика аумағының 5,6%-ын құрайды. Халқының саны 630,0 мың адамды немесе Қазақстан халқының 3,7%-ын құрайды. Облыс Ресейдің бес облысымен шекаралас жатыр: Астрахан, Волгоград және Саратов, Самара, Орынбор және Қазақстанның екі облысы: Ақтөбе және Атырау облыстары.

Облыс орталығы – Орал қаласы. Облыстың әкімшілік- аумақтық бөлімі екі қаланы (Орал қ., Ақсай қ.), 12 әкімшілік ауданды, 3 кентті, 443 ауылды құрайды. Өнеркәсіптің негізгі салаларына мұнай-газ, машина жасау және тамақ өнеркәсібі жатады.



Бағыттар


Экономика;

Әлеуметтік сала;

Қоғамдық қауіпсіздік және тәртіп сақтау;

Инфрақұрылым;

Экология және жер ресурстары;

Мемлекеттік қызметтер.



Мақсаттар


ЖАӨ-нің нақты жылдық өсуін қамтамасыз ету;

Өсу қарқынын әртараптандыру және өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;

Агроөнеркәсіп кешен субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасау;

Шағын және орта кәсіпкерліктің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру, кеңейту және нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау, ішкі сауданың тұрақты дамуы;

Республиканың өңірлерімен өзара тиімді өңіраралық ынтымақтастық қалыптастыру;

Тікелей инвестицияларды тарту және инновацияны дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

Білімнің сапасын және қолжетімділігін қамтамасыз ету, балалардың құқықтары және заңды мүдделерін қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру;

Халықтың денсаулығын жақсарту;

Халықтың жұмыспен қамтылу деңгейінің өсуі, арнайы әлеуметтік қызметтердің дамуы, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайын қамтамасыз ету;

Отандық мәдениет және өнердің насихаты;

Лингвистикалық капиталды сақтау;

Жаппай спортты дамыту үшін жағдай жасау;

Туризмнің тұрақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;

Азаматтардың өмірінің, денсаулығының, құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің әлеуметтік қабылдауға болатын деңгейін жасау және ұстау;

Аймақтағы қазіргі заманғы ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылымды қалыптастыру;

Қалың жұртшылықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету;

Көлік инфрақұрылымының жағдайын жақсарту;

Тұтынушыларды сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін жаңғырту және тиімділігін арттыру;

Қоршаған ортаның сапасын жақсарту және облыстың орманды өңірін молайту;

Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану;

Ауыл халқының өмір сүру жағдайларын жақсарту;

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсарту.



Нысаналы индикаторлар


Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі;

Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім;

Жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны;

Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексі;

Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі;

Өңірдің экспорт көлемінің шикізат емес туарлардың үлесі;

Өндірілген энергия қуатының өндірілген жаңғыртылатын энергия көздерінің үлесі;

Ішкі аймақтық өнімдегі энергия жұмсалу көрсеткіші;

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялардың нақты көлемінің индексі;

Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған нақты көлемінің индексі;

Ұйымдастырылған шаруашылықтардағы ірі қара мүйізді және ұсақ қара мүйізді мал басының үлесі;

Тұқымды өзгерістерге қатысатын ірі қара мүйізді және ұсақ қара мүйізді мал үлесі;

Мерзімі бұзылып берілген субсидиялар үлесінің төмендеуі;

Тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерліктің әрекеттегі субъектілерінің үлесі;

Бөлшек сауданың нақты көлем индексі;

"Бөлшек сауда" қызметі түрімен сауда алаңы 2000 шаршы метрден кем емес сауда объектілерінің санын ұлғайту;

Басқа өңірлерге жөнелтілген өндірілген өнім көлемі (жұмыскерлер саны 50 адамнан астам өнеркәсіптік кәсіпорындар бойынша);

Резидент емес және басқа облыстардың резиденттерінен сатып алынған тауарлардың жалпы көлеміне қатысты өңірлерде сатып алынған тауарлардың үлес салмағы (жұмыскерлер саны 50 адамнан астам кәсіпорындар бойынша);

Халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқыны;

Негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлеміндегі сыртқы инвестициялардың үлесі;

Шикізаттық емес секторының негізгі капиталына салынған инвестицияның 2015 жылғы өсуі (мемлекеттік бюджеттен инвестицияларды қоспағанда);

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың ішіндегі инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі;

Жалпы өңірлік өнімнің жалпы көлеміндегі инновациялық өнімнің үлесін ұлғайту;

Жұмыс істеп тұрған апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептер саны;

Жаратылыстану-математика пәндері бойынша мектеп бітірушілердің арасында білім беру бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) меңгерген оқушылардың үлесі;

Мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының ішінде балалардың инклюзивтік біліммен қамтылуы;

Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту;

15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі, % (NEET – ағыл. Not in Education, Employment or Training);

Мемлекеттік тапсырыс бойынша техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары түлектері мен оқуды аяқтағаннан кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналастырылғандарының үлесі;

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда 14-29 жастағы тұрғындардың қанағаттанушылық деңгейі;

Типтік жастағы (14-24 жас) жастардың техникалық және кәсіптік біліммен қамтылу үлесі;

Мемлекеттік желілер нормативіне сәйкес жалпы орта білім беру ұйымдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

100 мың тірі туылғанға ана өлімін төмендету;

1000 мың тірі туылғанға нәресте өлімін төмендету;

100 мың тұрғынға қатерлі ісік ауруларынан өлімді төмендету;

АИТВ инфекциясының таралуын 0,2-0,6 % шегінде ұстау (15-49 жас тобында);

Жұмыссыздық деңгейі;

Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша жүгінген адамдардың ішінен жұмысқа орналастырылғандардың үлесі;

Жүгінген нысаналы топтардың ішінен тұрақты жұмысқа орналасқандардың үлесі;

Жұмыспен қамтылуға жәрдемдесу үшін жүгінген еңбекке жарамды жастағы жұмысқа орналастырылған мүгедектердің саны;

Өндірістік жарақаттану деңгейі (1000 адамға шаққандағы жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті);

Жойылған еңбек заңнамаларын бұзушылықтарының үлес салмағы, анықталған бұзушылықтардың жалпы санына;

Жергілікті атқарушы органдарымен берілетін рұқсат бойынша заңды тұлғалар тартатын шетелдік жұмыс күшінің құрамындағы білікті мамандардың үлес салмағы (шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота бойынша);

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішіндегі еңбекке жарамды адамдардың үлесі;

Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетуде қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санының ішінде);

Жеке сектор субъектілері (оның ішінде, үкіметтік емес ұйымдар) ұсынатын арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтермен қамтылған адамдардың үлесі;

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі;

1000 адамға шаққанда мәдениет мекемелеріне келушілердің орташа саны;

Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі;

Ағылшын тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі;

Үш тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі (мемлекеттік, орыс және ағылшын);

Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту;

Балалар мен жасөспірімдердің жалпы санына қатысты
7 мен 18 жас аралығындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде және спорт клубында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдерді қамту;

Өткен жылмен салыстырғанда ішкі туризм бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санының өсуі (резиденттер);

Өткен жылмен салыстырғанда сырттан келу туризмі бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санының өсуі (резиденттер емес);

Өткен жылмен салыстырғанда ұсынылған төсек-тәулік санының өсуі;

Көшеде жасалған қылмыстардың үлес салмағы;

Жол-көлік оқиғасы салдарынан қайтыс болғандардың (100 адамға шаққанда) санының төмендеуі;

Кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған қылмыстардың үлес салмағы;

Бұрын қылмыс жасаған тұлғалар тарапынан жасалған қылмыстардың үлес салмағы;

Төтенше жағдайларға қарсы әрекет етуде инфрақұрылымдардың қамтамасыз етілу деңгейі;

100 тұрғынға телефон байланысының тіркелген желісінің тығыздығы;

Интернетті пайдаланушылардың үлесі;

Халықтың цифрлық сауаттылығының деңгейі;

Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі;

Пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттарының жалпы ауданы;

Әлеуметтік, көліктік инфрақұрылымның паспортталған объектілерінің жалпы санының ішіндегі мүгедектер үшін қолжетімділікпен қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің үлесі;

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі;

Жолаушылар автокөлігі қатынасымен қамтылмаған елді мекендер үлесі;

Күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесін азайту;

Қалаларда орталықтандырылған сумен қамту және су бұруға қол жеткізу;

Елді мекендерде орталықтандырылған сумен қамту және су бұруға қол жеткізу;

Жалпы ұзындығынан жаңғыртылған жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, электрмен қамту желілердің үлесі;

Су шаруашылығының (су шаруашылығының объектілері) және гидромелиоративті жүйелер мен жабдықтардың негізгі капиталына мемлекеттік емес инвестициялардың нақты көлемі индексі;

Орман шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялардың нақты көлемі индексі;

Ағаш егу шаруашылығы плантациясының негізгі капиталына мемлекеттік емес инвестициялардың нақты көлемі индексі;

Жануарлар дүниесін қайта өндірудің негізгі капиталына тартылған мемлекеттік емес инвестициялардың нақты көлемінің индексі;

Тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілуіне байланысты оларды  кәдеге жарату үлесі;

Облыстың, республикалық маңызы бар каланың, астананың халқын қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтермен қамту;

Экологиялық талаптар мен санитарлық қағидаларға сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі (оларды орналастыру орындарының жалпы санынан);

Ластаушы заттардың нормативті көлемі: атмосфераға шығарындылар; су объектілеріне төгінділер;

Жергілікті атқарушы органдардың қарамағында орналасқан мемлекеттік орман қоры аумағында орманмен жабылған алқап ауданы;

Жергілікті атқарушы органдардың қарамағында орналасқан мемлекеттік орман қоры ауданында бір орман өртінің орташа ауданы;

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің ауыл шаруашылығы айналымына тартылған үлесін ұлғайту;

Жыртылған жер құрамындағы ауыспалы егіс үлесі (ауыспалы егіс алқабы);

Табиғи жайылымдық жерлердің құрамындағы жайылымдық ауыспалы егістің үлесі (азықтық ауыспалы егіс);

Тірек АЕМ тұрғындар санының көбеюі;

Шекара маңында орналасқан тірек АЕМ халық санының көбеюі;

Жергілікті атқарушы органдармен халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасына қанағаттану деңгейін арттыру.


Қажетті ресурстар

Қаржыландыру көзі: республикалық және жергілікті бюджеттер, инвесторлардың өз қаражаттары, несиелік қаражаттар.

Қаржыландыру көлемі:

2016 жыл – 46548,2 млн. теңге;

2017 жыл – 31905,7 млн. теңге;

2018 жыл – 26123,0 млн. теңге;

2019 жыл – 24811,2 млн. теңге;

2020 жыл – 22548,3 млн. теңге.

Барлығы: 151936,4 млн. теңге.

Қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджетті бекіту және нақтылау кезінде анықталанатын болады.



2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

Экономика

Аймақтық макроэкономика

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының батыс бөлігінде орналасқан. Облыс аумағы 151,3 мың шаршы шақырым немесе республика аумағының 5,6%-ын құрайды. Халқының саны 630,0 мың адамды немесе Қазақстан халқының 3,7%-ын құрайды. Облыс Ресейдің бес облысымен шекаралас жатыр: Астрахан, Волгоград, Саратов, Самара, Орынбор және Қазақстанның екі облысы - Ақтөбе және Атырау облыстары.

Облыс орталығы – Орал қаласы. Облыстың әкімшілік-аумақтық бөлімі екі қаланы (Орал қ., Ақсай қ.), 12 әкімшілік ауданды, 3 кентті, 443 ауылды құрайды.

Батыс Қазақстан облысы батыс макро-аймаққа жатады, мұнай-газ өнеркәсібі, машина жасау, азық-түлік өнеркәсібі, құрылыс индустриясы, астық шаруашылығы мен мал шаруашылықтарына мамандандырылған.

Облыс аумағы газ және газ конденсатына, мұнайға, борат кендеріне, жанатын тақта тастарына, калий-магний тұздарына, әктас түрлеріне, цемент шикізатына, борға, керамзит сазына, құрылыс және аллювиалды құмға бай.

Ақсай қаласының маңында орналасқан Қарашығанақ кен орны - әлем бойынша құрлықтағы ең ірі мұнай-газ учаскелерінің бірі. Бұл кен орны 280 шаршы ш. ауданды алып жатыр. Кен орнының қоры 1,35 трлн. текше м. газды және мұнай мен газ конденсатының 1,2 млрд.тоннасын құрайды. Сұйық көмірсутек шикізатының алынатын қоры шамамен 320 млн.тонна және газ қоры 450 млрд. текше м. құрайды.

Облыстың Ақжайық ауданында «Сатимола» бор-калий тұздарының кен орны игерілуде, мамандардың болжамдары бойынша қор 150 жылға дейін жетеді.

Семиглавый Мар кен орнында бордың қоры - 22 мың. текше м, сазды балшық шикізаты – 21 мың.текше м. және опоктар – 6,1 мың.текше м. құрайды.

Ақсуат селосында қуаттылығы жылына 1300 мың тонна цемент зауытын салуға жеткілікті 1106,5 млн. текше метр цементті шикізат қоры барланған. Шипов кен орнынан барланған 21619 мың текше метр қоры бар кремнийлі сазды гидравликалық қоспа ретінде пайдалануға болады.

Облыста халықтың тығыздығы 1 шаршы шақырымға 4,1 адамнан келеді, бұл Ақтөбе (1 шаршы шақырымға 2,7 адам ) және Маңғыстау (1 шаршы шақырымға 3,6 адам) облыстарынан жоғары.

2012 жылы халықтың табиғи өсімі 1000 адамға шаққанда 10,56 адамнан 2014 жылы 11,94 адамға өсті. Бұл көрсеткіш басқа батыс өңірлерден (Ақтөбе – 17,26, Атырау – 22,43, Маңғыстау – 27,41) төмен.

Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында тұрғындардың аз көлемде көшіп-қонуы байқалады. Көші-қонның теріс сальдосы 2015 жылдың 1 қаңтарына облыста - 1299 адамды, Ақтөбе облысында 1653 адамды құрады.



Батыс макроөңір халықтың жоғары табысымен сипатталады. Басқа батыс аймақтармен салыстырғанда облыста жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табыс мөлшері республикалық деңгейден 3,9% жоғары, Ақтөбе облысынан 6%-ға жоғары.

Аймақ республика көлемінде елдің ЖІӨ-нің 5%-н, өнеркәсіптік өндірістің 10%-н қамтамасыз етеді. Облыстың жан басына шаққандағы ЖАӨ орташа республикалық деңгейден 1,4 есеге артық.

Облыстың өндірілген жалпы өңірлік өнімінің көлемі 2014 жылы 1911,9 млрд. теңгені, нақты көлем индексі – 105,3%-ды құрады. Республикадағы ЖІӨ облыстың үлесі 4,9%-ға тең (Қазақстан аймақтарының ішінде 9-орын).

Өңірдің ЖӨӨ құрылымында ең жоғары үлес салмағы өнеркәсіп саласына тиесілі (57,5%), көлік, байланыс және сауда секторларына тиісінше 5,2%, 0,6% және 7,0%-дан келеді. Облыстың ЖӨӨ құрылымындағы ауыл шаруашылық үлесі елеусіз және 2,8%-ды құрады.

1-кесте

ЖӨӨ құрылымы





2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

млрд. теңге

%

млрд. теңге

%

млрд. теңге

%

Барлығы

1711,4

100,0

1734,4

100,0

1911,9

100,0

Өнеркәсіп

1026,6

60,0

954,5

55,0

1098,6

57,5

Ауыл шарушалығы

48,0

2,8

51,3

3,0

53,7

2,8

Құрылыс

40,9

2,4

48,8

2,8

66,1

3,5

Көлік және қоймалау

124,7

7,3

150,2

8,7

100,0

5,2

Сауда

101,3

5,9

113,1

6,3

134,1

7,0

Басқа

369,9

21,6

416,5

24,2

459,4

24,0

Облыстың ЖӨӨ нақты өзгертулерінің индексі 2012 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 104,6%, 2013 жылы – 103,2%, 2014 жылы – 105,3% құрады.

Қазақстанның өнеркәсіп бойынша ЖІӨ құрылымының үлесіне Батыс Қазақстан облысының өнеркәсіп секторының 10,2% тиесілі (Қазақстан аймақтарының ішінде 4-орын).

2-кесте


Республиканың жалпы өңірлік өніміндегі

Батыс Қазақстан облысының үлесі

%





2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Барлығы

5,6

4,9

4,9

Өнеркәсіп

11,0

9,6

10,2

Ауыл шарушалығы

3,6

3,2

3,1

Құрылыс

2,1

2,3

2,8

Көлік

5,4

5,5

3,2

Сауда

2,2

2,1

2,1

Аймақтың ЖӨӨ нақты өзгеруіне әкелетін дамыған салаларға тау-кен және өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, көлік және қоймалау, сауда, ауыл шарушалығы жатады.

Халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнімі 2012 жылы облыс бойынша 2782,5 мың теңге, 2013 жылы – 2793,7 мың теңге, 2014 жылы – 3049,5 мың теңге құрады (орташа республикалық дәрежеге 135,0%-ды құрайды).

2012 жылы жергілікті бюджетке 44,2 млрд.теңге салықтық және салықтық емес түсімдер түсті, өткен жылмен салыстырғанда 15%-ға артық. Түсімдер өсімі (5,7 млрд. теңге), негізінен жеке табыс салығының - 10,4 %-ға (1,4 млрд. теңге) және әлеуметтік салықтың 17,9 %-ға (3,1 млрд. теңге) өсуі есебінен құралды.

2013 жылы жергілікті бюджетке 50,1 млрд. теңге салықтық және салықтық емес түсімдер түсті, өткен жылмен салыстырғанда 13,3 %-ға артық. Түсімдер өсімі (5,9 млрд. теңге), негізінен жеке табыс салығының - 8,9%-ға (1,3 млрд. теңге), әлеуметтік салықтың - 11,6%-ға (2,4 млрд. теңге) және қоршаған ортаға эмиссия төлемақысының 58,1%-ға (1,3 млрд. теңге) өсуі есебінен құралды.

2014 жылы жергілікті бюджетке 58,7 млрд. теңге салықтық және салықтық емес түсімдер түсті, өткен жылмен салыстырғанда 17,7%-ға артық. Түсімдер өсімі (8,7 млрд. теңге), негізінен жеке табыс салығының - 21,9%-ға (3,5 млрд. теңге), әлеуметтік салықтың - 9,6%-ға (2,2 млрд. теңге) және қоршаған ортаға эмиссия төлемақысының 54,5%-ға (2,0 млрд. теңге) өсуі есебінен құралды.



Жалпы үш жылда салықтық және салықтық емес түсімдер түсімінің жыл сайынғы өсу қарқыны 13,3% - бен 17,7 % аралығында болды. Түсімдердің өсуіне мұнай бағасының жоғары болуы, сонымен қатар жеке табыс салығының, қоршаған ортаға эмиссия төлемақысының бір жолғы сипаттағы түсімдерінің түсуі себеп болды, бұл өз кезегінде әлеуметтік салық түсіміне әсерін тигізді.



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет