Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы



жүктеу 1.38 Mb.
бет1/9
Дата08.07.2016
өлшемі1.38 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 300 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 шілдеде № 11785 болып тіркелді


"Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі 03.09.2015 ж.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабы 2) тармақшасының іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:


      1. Мына:
      1) «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
      2) «Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлін тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
      3) «Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
      4) «Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
      5) «Жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
      6) «Жылжымалы мүлiк кепiлінің тізілімінен үзінді беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;
      7) «Жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес;
      8) «Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес;
      9) «Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес;
      10) «Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортының телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес;
      11) «Жылжымайтын мүлік иесі (құқық иеленушісі) туралы мәліметті қамтитын техникалық паспортқа қосымшаны беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Мыналардың:
      1) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 34 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 9113 тіркелді, 2014 жылғы 7 наурыздағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
      2) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 34 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 213 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9576 тіркелді, 2014 жылғы 21 шілдедегі «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру депаратменті осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж. Әбдірайымға жүктелсін.
      5. Осы бұйрық оның бастапқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы


      Әділет министрінің
      міндет атқарушы                             З. Баймолдина

Қазақстан Республикасы 


Әділет министрінің м.а.
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 300 бұйрығына 1-қосымша
 

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11408 тіркелген) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.


      2. Көрсетілетін қызмет нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
      3. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесi:
      1) орталыққа жүгінген кезде жүргізілген жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу туралы белгісі бар құқық белгілеуші құжат, не тіркеуді тоқтата тұру немесе осы мемлекеттік қызмет көрсету стандарының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк (қағаз түрінде) беру болып табылады;
      порталға электрондық тіркеу үшін жүгінген кезде құқық белгілеуші құжатты және көрсетілетін қызметті берушінің (құқық иеленушінің) уәкілетті лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тіркеу туралы не тіркеуді тоқтата тұру немесе осы мемлекеттік қызмет көрсету стандарының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жазбаша хабарлама жолдау болып табылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап берген жағдайда, тіркеу үшін алымның төленгені туралы құжатты көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тіркеуге қайта берген кезде ұсына алады (стандарттың 6-тармағы).

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) әрекеттер тәртібінің сипаттамасы

      4. Жеке және заңды тұлғалар үшін жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу туралы өтініштер (бұдан әрі - өтініш) көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерін бастауы үшін негіз болып табылады:


      Көрсетілетін қызметті алушы Орталыққа жүгінген жағдайда:
      1) қағаз жеткізгіште - стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттар тізіміне сәйкес.
      5. Қызмет берушінің жұмыскері өзінің функционалдық міндеттеріне сәйкес құжаттарды есепке алу кітабы бойынша Орталықтан құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, әрі қарай жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар топтамасын қызмет берушінің жауапты орындаушысына мұрағатқа тапсырады, жауапты орындаушы 3 жұмыс күні ішінде тіркеу істерін іздестіруді және оларды жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөліміне тапсыруды жүзеге асырады, орындалған құжаттарды есепке алу кітабы бойынша Орталыққа тапсыруды жүзеге асырады; көрсетілетін қызметті берушінің жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің жұмыскері – өтінішті қарау және орындауын жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) әрекеттер тәртібінің сипаттамасы

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) тізімі:


      1) орталық инспекторы – құжаттарды қабылдау және беру;
      2) орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы – көрсетілетін қызметті берушіден құжаттарды алу және жолдау;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері – құжаттарды есепке алу кітабы бойынша Орталықтан құжаттарды қабылдау, тіркеу істерін іздестіру және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөліміне табыстау, орындалған құжаттарды есепке алу кітабы бойынша Орталыққа жіберу;
      4) көрсетілетін қызмет берушінің жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің жұмыскері – жеке және заңды тұлғалар үшін жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу туралы өтініштерді қарау және орындау.
      7. Құрылымдық бөлімшелердің (әрбір рәсімдердің (әрекеттердің) ұзақтығын көрсете отырып, қызметкерлердің) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) кезектілігінің сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын тараптардың іс-қимылдарының сипаттамасында және осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес, функционалдық өзара іс-қимылдар сызбанұсқасында көрсетілген.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара әрекеттесу тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      8. Орталықта құжаттарды қабылдау «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы операциялық залда жүзеге асырылады, онда орталық жұмыскерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және лауазымы көрсетіледі.


      Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды тапсыруы үшін күтуге рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан артық емес;
      Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуге рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан артық емес;
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      Орталықта құжаттарды қабылдау кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға стандарттың 10-тармағына сәйкес тиісті құжаттардың қабылданғандығы туралы қолхат беріледі.
      9. Орталықта көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беруді орталық жұмыскері «терезе» арқылы күн сайын мерзімі көрсетілген қолхат негізінде жүзеге асырады.
      Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды алу үшін күтудің рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан артық емес.
      Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан артық емес.
      10. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды БНАЖ арқылы тіркеу барысында көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі өтініш беру тәртібі мен рәсімдер (іс-қимылдар) кезектілігі тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 3-қосымшасына және 4-қосымшасына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бизнес-процестердің өзара іс-қимылдарының анықтамалығында көрсетілген:
      1) жылжымайтын мүлік келісімі мен аталған іс-қимылды БНАЖ-да тіркелгеніне нотариустың көзі жеткеннен кейін нотариус өтінімді электрондық тіркеуді рәсімдейді;
      2) нотариус құқықты тіркеуге өтінімді ашу үшін БНАЖ-да жылжымайтын мүлік объектісін табады және таңдайды;
      3) құқықты тіркеуге өтінімді толтыру барысында нотариус өтінімнің бірегей кодына назар аударады; көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН) және азаматтық жағдайын белгілейді; электрондық поштасы бар болған және хабарламаны пошта арқылы алуға қалауы болған жағдайда – көрсетілетін қызметті алушының электрондық поштасының мекенжайын, осы нотариустың БНАЖ тіркелімінде тіркелген жылжымайтын мүлік объектісінің мәмілесінің нөмірін, осы нотариустың БНАЖ тіркелімінде жылжымайтын мүлік объектісінің мәмілесін тіркеген күнін, құқық белгілеуші құжатты қоса тіркейді; көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік бажды төлеуден босатылған тұлғалар санатына жататын жағдайда – тұлғаның қандай жеңілдікті санатқа жататынын көрсетеді;
      4) нотариус толтырылған өтінімге ЭЦҚ қол қояды;
      5) нотариус құқықты (ауыртпалықты) тіркеуге өтінімді сәтті жолдағаны туралы хабарламаны басып шығарады және көрсетілетін қызметті алушыға табыстайды;
      6) көрсетілетін қызметті алушы электрондық үкімет порталында авторизацияланады және құқықты тіркеуге өтінімнің бірегей кодын енгізеді;
      7) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік баждың қажетті сомасын төлейді және қалыптасқан электрондық чекті алады;
      8) көрсетілетін қызметті алушы БНАЖ-дан құқықты тіркеуге өтінімді және мемлекеттік бажды төлеу туралы растауды алады және жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу туралы немесе тоқтата тұру не бас тарту себептерін көрсете отырып, жылжымайтын мүлік объектісіне құқықты тіркеуді жүргізуді тоқтата тұру немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды;
      9) құқықты сәтті тіркеу туралы хабарлама БНАЖ-ға және көрсетілетін қызметті алушының құқықты тіркеуге өтінімінде электрондық поштаның мекенжайы көрсетілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының жеке поштасына жолданады.

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды


(ауыртпалықтарды) мемлекеттік 
тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 1-қосымша 

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын тараптардың
іс-қимылдарының сипаттамасы

Негізгі процестің (жұмыстар ағынының, барысының) әрекеттері

1

Әрекет (жұмыстар барысының, ағынының) №

1

2

3

4

5

6

7

2

Қатысушы тараптың атауы

Орталық инспекторы

Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы

Әділет органының қызметкері (тіркеуші)

БНАЖ

ЖМТ МДҚ АЖ

ЭҮП және ЭҮПШ электрондық үкіметтің құраушылары

Орталықтың табыстау бөлімінің инспекторы

3

Әрекеттің (үдерістің, рәсімдеудің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды тексеру және қабылдау, құжаттарды есепке алу кітабына жазбаларды енгізу және алушыға қолхат табыстау.

Құжаттарды қабылдау және оларды тіркеушіге әділет органына жолдау; қызмет берушіден орындалған құжаттарды қабылдау.

Құжаттарды есепке алу кітабы бойынша қабылдау; құжаттарды ЖМТ МДҚ-нан тіркеуге қабылдау.

Мәмілені куәландыру; өтінімді толтыру және тіркеуге жолдау; ЖМТ МДҚ АЖ-не құқық белгілеуші құжаттың электрондық нұсқасын жолдау; қызмет көрсетудің нәтижесін алу

Тіркеуге түскен өтінімдер туралы орталықтан және БНАЖ-дан мәліметтерді алу; өтінім мәртебесінің өзгеруі туралы мәліметтерді жолдау

Өтінім берушінің жеке кабинетінде қызметті алғаны туралы деректі белгілеу; төлемді алу; қызметті алу туралы ақпаратты көрсету

Өтініш берушіге табыстау үшін орындалған құжаттарды қабылдау

4

Орындалудың нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-жарлық шешімі)

Орталықтың жинақтау бөліміне табыстау

Орындалған құжаттарды орталықтың табыстау бөлімінің инспекторына табыстау

Тіркеу істі іздестіру және орындау үшін табыстау; тіркеу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру; ЖМТ МДҚ АЖ-не тиісті өзгертулерді енгізу

Өтінімді сәтті жолдау туралы хабарлама

Тіркеу бойынша жұмыстарды аяқтау туралы хабарлама

Электрондық чек; өтініш берушінің жеке кабинетінде қызметтерді алу тарихындағы қызмет

Құжаттарды өтініш берушіге қолхат және құжаттарды есепке алу кітабы бойынша табыстау

5

Орындау мерзімдері

15 минут

Күніне 2 рет

Бір тіркеу істі іздестіру және табыстауға 30 минут; құжаттарды орындауға қабылдаудан кейін тіркеуге 1 тәулік

Өтінімді толытурға және жолдауға 30-40 минут

3 минут

3 минут

3 минут

6

Келесі әрекеттің нөмірі

2

3, 7

2, 5

6

3

5

-

7

Пайдалану нұсқасы

Негізгі үдеріс

Негізгі үдеріс

Негізгі үдеріс, баламалы үдеріс

Баламалы үдеріс

Негізгі үдеріс, баламалы үдеріс

Баламалы үдеріс

Негізгі үдеріс

Негізгі процес (жұмыс ағыны, барысы)

Орталық

Қызмет беруші

Қызмет беруші (мұрағат)

Қызмет беруші (тіркеу бөлімі)

1. Құжаттарды тексеру

4. Құжаттарды есепке алу кітабы бойынша құжаттарды қабылдау

5. Тіркеу істі орындау үшін іздестіру және табыстау

6. Өтінішті қарау және тіркеу

2. Құжаттарды есепке алу кітабына қабылдау туралы жазбаны енгізу

7. Құжаттарды есепке алу кітабы бойынша орындалған құжаттарды Орталыққа табыстау







3. Қолхат беру










8. Құжаттарды есепке алу кітабы және қолхат бойынша орындалған құжаттарды өтініш берушіге табыстау










      Пайдалану нұсқалары. Негізгі процесс

      Пайдалану нұсқалары. Баламалы процесс



Баламалы процес (жұмыс ағыны, барысы) немесе кеңейтулер

БНАЖ

ЭҮП және ЭҮПШ, ЫЖҚ, электрондық үкіметтің құраушылары

ЖМТ МДҚ АЖ

Әділет органының қызметкері (тіркеуші)

1) Нотариус жылжымайтын мүлікті меншіктен шығару туралы келісім-шартты куәландырады

3). Өтініш беруші ЭҮП-да тіркеу қызметін алуына өтінімді табады

5). Өтінім және мемлекеттік бажды төлеу қабылданады

6). Тіркеуші өтінімді тіркеуге қабылдайды және қажетті іс-шаралар іске асырылады

2) Нотариус өтініш берушінің келісімінен жылжымайтын мүлікке құқытарды тіркеуге өтінімді толтырады және ЖМТ МДҚ АЖ-не жолдайды

4). ЭҮПШ тіркеу үшін мемлекеттік бажды қабылдайды

8) БНАЖ-ға мемлекеттік қызметтің нәтижесі туралы ақпарат жолданады

7) тіркеуші тиісті мәліметтерді ЖМТ МДҚ АЖ-не енгізеді

9). Қызметті көрсету нәтижесі нотариустың жеке кабинетінде БНАЖ-да көрсетіледі










«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды
(ауыртпалықтарды) мемлекеттік 
тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 2-қосымша 

Орталық

Көрсетілетін қызмет беруші

Көрсетілетін қызмет беруші (мұрағат)

Көрсетілетін қызмет беруші (тіркеу бөлімі)

О-1. Құжаттарды тексеру

Құжаттардың толық пакеті

О-2. Құжаттарды есепке алу кітабына жазба енгізу, қабылдау

О-8. Қолхат бойынша орындалған құжаттарды табыстау

О-3.Қолхат беру

А-8. Бас тарту себептерін көрсетуі мен хабарламаны табыстау



О-4. Есепке алу кітабы бойынша құжаттарды қабылдау

О-7. Есепке алу кітабы бойынша құжаттарды күніне 2 рет табыстау

А-7. Бас тарту себептерін көрсетуі мен Орталыққа хабарламаны табыстау


О-5. Тіркеу істі іздестіру және орындаушыға табыстау

О-6. Өтінішті қарау және тіркеу

А-6. Өтінішті қарау және бас тарту себептерін көрсетуі мен хабарламаны дайындау



«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды
(ауыртпалықтарды) мемлекеттік 
тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 3-қосымша 

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде бизнес-процестердің
іс-қимылының көрнекті диаграммалары

      Қызмет көрсету орталықтарымен құжаттарды қабылдау және жолдау арқылы мемлекеттік қызметті көрсету:



c:\zan6\tmp\11785_.jpg

      БНАЖ арқылы құжаттарды қабылдау және табыстау арқылы мемлекеттік қызметті көрсету:



c:\zan6\tmp\11785_2.jpg

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды


(ауыртпалықтарды) мемлекеттік 
тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 4-қосымша 

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемелекеттік
тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процессінің
: doc
doc -> Сабақтың тақырыбы Көсемшенің жасалуы мен түрлері Мақсаты Көсемшенің жұрнақтарын білу
doc -> Филология факультеті 5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже
doc -> Контактные данные пунктов регистрации для желающих пройти бесплатно обучение компьютерной грамотности в рамках Программы снижения информационного неравенства
doc -> СӘрсенбай гүлнар сәрсенбайқызы болашақ МҰҒалімдердің бойында ұлттық сананы қалыптастырудың педагогикалық негіздері
doc -> Сабақтың тақырыбы Мазмұны Сағат саны 1 Сабатың бастапқы кесіндісі
doc -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
doc -> Батыс қазақстан облысы бөрлі ауданының білім беру бөлімінің 2013 жылға арналған жұмыс
doc -> Омаров Дәулет Кәрібайұлы Қызылорда облысындағы білім беру және халық ағарту мекемелерінің қызметі


  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет