Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің техналогиялық картасы. «Шұғыла» шағын орталығы Білім беру саласы



жүктеу 84.89 Kb.
Дата01.07.2016
өлшемі84.89 Kb.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің техналогиялық картасы.

«Шұғыла» шағын орталығы
Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімдері: Сауат ашу

Тақырыбы: Ё ё дыбыс мен әрпі.

Мақсаты: Ё дыбысы мен әрпін таныстыру. Ё дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасау. Балаларға Ё дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудара отырып сөздік қорларын байыту. Балаларды таза, ұқыпты жүруге тәрбиелеу.

Билингвальды компонент: Есік-дверь, елка-шырша, ерін-губы


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

Шаттық шеңбер:

Амансын ба алтын күн!

Амансын ба көк аспан!

Амансын ба достарым,

Сендерді көрсем қуанам!


Күлкіменен көңілімізді ашамыз.



Ұйымдастыру –іздестіру.

Әңгімелесу:

Сурет бойынша жұмыс:

-Ет, кет, шие, сөздеріңде қай дыбыс көп айтылады?

-Ё дыбыстары дауысты дыбыс. Қызыл текшемен белгілейміз

-Ё дыбысы сөздің басында, ортасында, соныңда кездеседі. Ал Ё дыбысы сөздің басында кездеседі.

Ойын; «Кім зейінді?»

Тәрбиеші өлеңді оқып шығады. Балалар зейін қойып тыңдап отырады. Өлең аяқталған соң И дыбысы кездескен сөзді балалар кезекпен айтады.

Ұшып кетті инелік

Біздең қорқып иненіп,

Тікұшаққа ұқсайтын

Инелікке тимелік,

Мен көп оқып үйренем

Біліп сырын игерем

Бейне құдық қазғандай

Болса да білім инемен.

-Инелік, именіп, тимелік,игерем, именем.

Сергіту сәті.

Мен шиемін,шиемін

Күннің көзің сүйемін

Суреттер арқылы сөйлемдер құрату.



Ойын арқылы балалардың бір-біріне деген достығын білдіреміз

Сөйлемдер құрастыру.


Рефлексивті-түзетушілік

«Ё» дыбысының айырмашылығын айтып түсіндіреді.

Балаларға көп шапалақтау арқылы дыбыстату. Буынға бөлінбейтін «Ё» дыбысы бар сөзде; Ет,бер.



Ойын: «Сөзді есіңе сақта»

Шарты: Өтілген жаңа дыбысқа байланысты сөздерді сол ретте қайталап айтып шығулары керек.



.

Балалар ойынды ойнайды.




Күтілетін нәтеже: Ё дыбыстары туралы түсінік беру.

Білу: Қандай сөзде кездесетіні туралы айту.

Игеру: Дауысты дыбыстар созылып, кедергісіз айтылады.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің техналогиялық картасы.

«Шұғыла» шағын орталығы
Білім беру саласы: Шығармшылық

Бөлімі: Сурет

Тақырыбы: Раушангүл. Сирень гүлінің бұтақтары.

Сабақтың мақсаты: Қылқаламды тік бағытта қолдану арқылы сурет салу техникасымен таныстыру. Бозқараған гүлінің ерекшелігін сала білуге баулу. Ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру

Қажетті құралдар: Ақ қағаз, қылқалам, су, бояулар.

Билингвальды компонент: Раушангүл-роза, гүл-цветок.


Іс – әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мативациялық қозғаушы


Шаттық шеңбер

Біз ерекше баламыз

Айтқан тілді аламыз

Достарымды көргенде

Қуана қарсы аламын


Балалар назарын аударады.

Өткен сабақтағы бояулар жайлы еске түсіреді.



Ұйымдастыру

шылық- іздену

шілік

Сабақтың барысы: Тәрбиеші бөлмеге ыдысқа салынған бозқараған гүлін әкеліп, оны қарап, иіскеп көруіне ұсыныс жасайды, оның, иісі хош иісті барлық бөлмеге жайылып тұр.

- Балалар, кәне ойланып көріңдерші, осы бозқараған гүлін көргенде қандай сөздер айтуға болады? (нәзік, хош иісті, көгілдір түсті т.б).

- Міне, дұрыс айттыңдар біздің салатын гүліміз де дәл өздерің айтқанға сәйкес болады. Суретті салғанда оның хош иісі сезіліп тұратындай болсын. Ол үшін біз бозқарағанның гүлінің түсіне сәйкес бояу түстерін таңдап аламыз.

Күлгін (сиреновый) немесе көгілдір түстер таңдалады. Гүл шоғына қарасаңдар күлгін түстін бірнеше реңктері: қою көк, көгілдір, ашық көк, көкшіл т.б. Енді, палитраны алып күлгін тусті бояуды сумен араластырамыз, оның түсі өзгереді.

Содан кейін тәрбиеші негізгі гүлдін бұтағын қалай салу керектігін көрсетеді. Бұтақтарды салып болған қысқа бұтақтардың қасына қылқаламды күлгін түсті бояуға батырып алып, оны тік бағытта қатты баспай, тез-тез бірнеше рет бірінің жанына бірін тигізеді, сонда бозқараған гүлі әдемі, ерекшелігі нақты көрінетін болады. Тәрбиеші балалар жұмысқа кіріскенде қылқаламды қағаз бетіне тік бағыттай отырып ете қатты баспай кезек-кезек дұрыс қимыл қозғалыспен қайталауды қадағалайды.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.




Балалар таңдана,қызығушы- лықпен қарайды.

Тақтада ілінген суретті сипаттап айтып береді.

Балалар мұқият тыңдайды.


Рефлекстік -

үйлесімділік

Балалар жұмыстарын талдау


Балалар қылқаламмен қағаз бетін сулайды.


Білу керек: Бояу түстері

Түсінігі: Негізгі түстерді араластыру арқылы қосымша түстерді алу

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Қылқаламмен қағаз бетінде жұмыс жасау

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің техналогиялық картасы.

«Шұғыла» шағын орталығы
Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Математика

Тақырыбы: Уақыт

Мақсаты: Балаларды ұзақтық (уақыт) терминімен таныстыру;уақытты сипаттайтын сөздерді (кеше,бүгін, ертең,бүрсігіні, таңертең,күндіз,кеш,түн)қайталау;апта күндері туралы түсініктерін нақтылау;4- саны көлемінде санау қабілетін ұштау,1,2,3,4 заттың жиынтығын анықтау және оларды цифрмен өрнектеу;уақытты үнемдеуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Уақыт,кеше,бүгін т.б

Көрнекілік: Суреттер,сағат т.б

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру,сұрақ-жауап,көрнекілік.

Билингвальды компонент:


Әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс -әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Ұйымдастырушы-оятушылық кезеңі



Балаларға жұмбақ жасырады.

-Балалар,жұмбақты шешіңдер:

Түнде де,күндіз де,

Тынымсыз соғады.

Бұл не екен балалар,

Жауабын кім табады?

Ұзын-қысқа қос тіл,

Оны екі цифрмен дос бұл.

-Сағат адамдарға нені білуге көмектеседі?

-Бүгін ұзақтығы:қайсысының бұрын,қайсысының кейін пайда болғанын табамыз.



Балалар жұмбақтың шешуін табады.

-Сағат


-сағаттың тілі

-уақыт


Сабақтың тақырыбын анықтауға атсалысады.

Өздерінің жұмбақтарын айтады.



Ұйымдастырушы ізденушілік кезеңі


Суреттерді қарап шығыңдар.Бірінші суретте ненің суреті бейнеленген?

Екінші ,үшінші, төртінші суретте ненің суретін көріп тұрсыңдар?

Әр картинаның астында оқиғалардың ретіне сәйкес келетін сандарды қойып шығыңдар.

Бұл оқиғалардың уақытын білдіретін сөздерді (таңертең,күндіз,кеш,түн)тауып,оларды ретімен орналастыруды ұсынады.

Дәптерді ашып,таңертең,күнд-із,кеш,түн деген сөздерді бекітуге арналған.

1-тапсырманы орындауда тапсы-рады.Адамдардың таңертең,күн-діз,кешке,түнде не істейтіні ту-ралы шағын әңгіме-дүкен құрады.

Ата-аналар балаларын балабақшаға қай кезде әкеліп тастайды және қай кезде алып кетеді?Балалар қай кезде ұйық-тайды,қай кезде тамақ ішеді?Тамақ ішілетін уақыттарды қайталаған пайдалы:таңғы ас-таңертең, түскі ас-күндіз,кешкі ас-кешке ішіледі.Ал түнде ешкім тамақ жемейді,түнде адамдар ұйықтайды.

Сергіту сәті «Күн мен түн»ойы-ны.


Кестедегі суреттерді қарап шығады.

Ретке келтіреді.
Тәулік мезгілдерінің атауын атап көрсетеді;таңертең,күндіз,кеш,түн.

1-тапсырманы ауызша орындайды.

Төмендегі рет-ретімен бір-біріне қосады.

Кеше дегеніміз өтіп кеткен күн.

Бүгін -қазіргі уақыт.

Ертең-ертең болады.

«Кеше,бүгін,ертең»деген сөздерді 2-тапсырмадағы суреттерге сай іріктеп қолданады.

(бірінші,яғни кеше түйнек пайда болды,содан соң,бүгін гүл ашылды,ал ертең ол солып қалады деген сияқты пікірлер айтып үйретуге болады)



Рефлекстік түзету кезеңі
Қорытындылау


Содан соң №2 тапсырманы орындауға кіріседі.

-Суретті қарап шығыңдар.Ненің суретін көріп тұрсыңдар?

Балалардан кеше не болғанын еске түсірулерін,бүгін не істейтіндерін,ал ертең немен айналасқысы келетіндерін сұрайды.

Балалардың арасында апта күндерін білетіндері бол-са,педагог оларды мақтайды. Және өзге балаларға үйретуін сұрайды.

Сабаққа қатысқаны үшін балаларға алғыс білдіреді.


Балалар суреттерді қарап шығады,жұлдыздарды бояйды.

Сабақты қорытады,берілген сұрақтарға дауап береді.





Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Оқиғаны уақытына қарай ретімен сипаттауға көмектесетін сөздерді(кеше,бүгін,ертең,таңертең,кеш,түн);

Түсінігі: Оқиғаның ұзақтығы,тәулік мезгілдері туралы түсінік;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Кеше,бүгін деген сөздерді болған оқиғаларға,болып жатқан немесе болатын оқиғаларға қатысты пайдалана білу.

«Шұғыла» шағын орталығының



тәрбиешісі:Танкишева А.Н.


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет