Жыраулар өмірі мен шығармашылығы бойынша тест. І нұсқа. «Еділ бол да, Жайық бол, ешкімменен ұрыспа»



жүктеу 60.99 Kb.
Дата01.07.2016
өлшемі60.99 Kb.
2-қосымша

Жыраулар өмірі мен шығармашылығы бойынша тест.

І нұсқа.

  1. «Еділ бол да, Жайық бол, ешкімменен ұрыспа» деп толғаған жырау.

А) Шалкиіз В)Қазтуған С)Асан қайғы Д)Доспанбет Е)Үмбетей

  1. «Мынау жалған дүние кімдерден кейін қалмаған» деп, дүниенің бірқалыпты тұрмайтынын пайымдаған:

А)Шалкиіз В)Асан С)Үмбетей Д)Қазтуған Е)Доспанбет

  1. Есім ханның тұсында өмір сүрген жырау:

А) Қазтуған В)Жиембет С)Үмбетей Д)Асан Е)Ақтамберді

  1. «Күмбір-күмбір кісінетіп» толғауында сұрай арнауды ұтымды пайдаланған және «К» дыбысын қайталай қолдану нәтижесінде өлеңінің саздылығын үдеткен жырау:

А)Ақтамберді В)Асан С)Үмбетей Д)Қазтуған Е)Доспанбет

  1. «Жабағылы жас тайлақ,

Жардай атан болған жер» деп, «Ж» дыбысын тамаша сөйлете білген:

А)Шалкиіз В)Асан С)Үмбетей Д)Қазтуған Е)Доспанбет



  1. «Дулығамның төбесі туған айдай болмаса, батыршылық сүрмен-ді» деп, батырлықты жоғары бағалаған жырау:

А) Қазтуған В)Жиембет С)Үмбетей Д)Асан Е)Шалкиіз

  1. Есім ханның қылығын ашу үшін «Е» дыбысынан өрнек жасап сөйлете білген жырау: А)Шал ақын В)Жиембет С)Үмбетей Д)Қазтуған Е)Бұқар

  2. Доспамбет жырау өмір сүрген кезең: А)ХVғ В) ХVІғ С) ХVІІғ Д) ХVІІІғ Е)ХІХғ

  3. Азаулыда туып, Астрахань түбінде дүние салған ақын:

А)Доспамбет В)Шалкиіз С)Қазтуған Д)Асан Е)Үмбетей

  1. Асан қайғы қай толғауында ер жігіттің өз халқымен, өз жерімен бірлікте болуына тілек қосады?

А) «Көлде жүрген қоңыр қаз» В) «Қырында киік жайылған» С) «Бұл заманда не ғаріп?»

Д) «Еділ бол да, Жайық бол» Е) «Таза мінсіз асыл сөз»



  1. Қазтуған жырау «Ботташығы бұзаудай, Боз сазаны тоқтыдай, Балығы тайдай тулаған» деген жолдарды қай өзенге арнаған?

А) Жайық В)Іле С)Еділ Д)Сыр Е)Ертіс

  1. «Қоғалы көлдер, қом сулар, Қоныстар қонған өкінбес» деген жолдар кімдікі?

А)Шалкиіз В)Доспамбет С)Бұқар Д)Үмбетей Е)Қазтуған

  1. Өз толғауларында ерлік пен батырлықты жырлаған, Бөгенбай батырға да жыр арнаған: А) Ақтамберді В)Бұқар С)Шалкиіз Д)Доспамбет Е)Қазтуған

  2. ХVІІ ғ кіші жүзде ел басқарушы би әрі әскербасы болған жырау:

А) Шалкиіз В)Доспамбет С)Жиембет Д)Үмбетей Е)Қазтуған

15. «Ата-ананың қадірін Балалы болғанда білерсің, Ағайынның қадірін Жалалы болғанда білерсің» деп толғаған:

А) Қазтуған В)Шал ақын С)Жиембет Д)Асан Е)Ақтамберді

16. Шалкиіз жырау қай ғасырда өмір сүрген? А)ХV-ХVІ ғ В) ХVІғ С) ХVІІ- ХVІІІғ Д) ХVІІІғ Е)ХІХғ

17. Ойраттармен арадағы соғыста өзінің асқан ерлігімен көзге түскен, өзін «...Қарағайға қарсы біткен бұтақпын, Балталаса да айрылман,» деп сипаттайтын жырау.

А)Доспамбет В)Ақтамберді С)Жиембет Д)Үмбетей Е)Бұқар

18. «Әй, хан, мен айтпасам білмейсің» деп толғаған: А)Жиембет В)Асан қайғы С)Ақтамберді Д)Үмбетей Е)Қазтуған

19. Өзін «айдаса қойдың көсемі, сөйлесе қызыл тілдің шешені» деп таныстыратын: А)Қазтуған В)Ақтамберді С)Жиембет Д)Асан Е)Доспамбет

20. «ауылдан топыр үзілмей, ошақтың оты өшпесе, май жемесе қонағым...он кісіге жараса, бір кісіге асқан тамағым» деп еліне молшылық тілеп толғаған: А)Ақтамберді В)Үмбетей С)Қазтуған Д)Асан Е)Доспамбет

21. Ш.Уәлиханов «Көшпенділер философы» деп атаған жырау:

А)Доспамбет В)Шалкиіз С)Қазтуған Д)Асан Е)Үмбетей

22. Бұқар жырау өлеңдерін жинастырып, қағаз бетіне түсірген кім?

А)Жүсіп Көпейұлы В)Зейнолла Қабдолов С)Ш.Уәлиханов Д)Қ.Жұмалиев Е)Шәкәрім

23. «Бөгенбай өліміне» толғауының авторы: А)Үмбетей В)Шалкиіз С)Ақтамберді Д)Қазтуған Е)Асан

24. Шал ақынның шын есімі: А)Құлеке В)Тілеуке С)Тілеке Д)Мұрат Е)Тілек

25. «Еділдің бойын ел жайлап, шалғынына бие біз байлап» деп армандаған жырау:

А)Жиембет В)Доспамбет С)Шалкиіз Д)Қазтуған Е)Асан қайғы

ІІ нұсқа.


  1. Жылқы малының қасиет-қадірін ерекше жырлаған:

А) Қазтуған В)Ақтамберді С)Үмбетей Д)Шалкиіз Е)Шал ақын

  1. Үмбетей жыраудың алғашқы ұстазы кім?

А)анасы В)әкесі С)атасы Д)ауыл молдасы Е)нағашысы

  1. «Керей, қайда барасың?» толғауының авторы кім?

А)Доспамбет В)Ақтамберді С)Жиембет Д)Үмбетей Е)Бұқар

  1. «Биенің сүті сары бал, Қымыздан асқан ас бар ма» деп толғаған жырау:

А)Қазтуған В)Ақтамберді С)Жиембет Д)Асан Е)Доспамбет

  1. «Азаулының Ыстамбулдан несі кем?!» деп жырлайтын:

А)Жиембет В)Доспамбет С)Шалкиіз Д)Қазтуған Е)Асан қайғы

  1. Бізге жеткен мұрасы тақырыптық жағынан дін, этика, адамгершілік мәселелері, байлық пен кедейлік, о дүние мен бұ дүние жайы, тұрмысқа қатысты өлеңдерді қамтитын жырау:

А) Қазтуған В)Ақтамберді С)Үмбетей Д)Шалкиіз Е)Шал ақын

  1. Төмендегі жолдардың авторы кім? «Қоғалы көлдер, құм сулар, Кімдерге қоныс болмаған?»

А)Доспамбет В)Шалкиіз С)Қазтуған Д)Асан Е)Үмбетей

  1. Тайпалар көсемі, отты биі, әскербасы, орақ тілді шешені болған жырау:

А)Қазтуған В)Ақтамберді С)Жиембет Д)Асан Е)Доспамбет

  1. «Айналайын, Ақ Жайық, Ат салмай өтер күн қайда?!» деп жырлаған:

А)Доспамбет В)Ақтамберді С)Жиембет Д)Үмбетей Е)Бұқар

  1. «Әмірің қатты, Есім хан, Бүлік салып бұйырдың, Хан ие, ісің жол емес,» -деп ханға өктем үн қатқан жырау:

А)Қазтуған В)Ақтамберді С)Жиембет Д)Асан Е)Доспамбет

  1. «Күлдір-күлдір кісінетіп, Күреңді мінер ме екеміз» деген әйгілі жолдардың авторы:

А)Доспамбет В)Ақтамберді С)Жиембет Д)Үмбетей Е)Бұқар

  1. «Қайрылып қадам басарға, Күн болар ма екен мен сорға?!» деп елінен айдалған батыр жырау:

А)Қазтуған В)Ақтамберді С)Жиембет Д)Асан Е)Доспамбет

  1. «Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді» деп толғаған кім?

А)Доспамбет В)Ақтамберді С)Жиембет Д)Үмбетей Е)Бұқар

  1. «Би Темірге бірінші толғаудың» авторы:

А)Доспамбет В)Шалкиіз С)Қазтуған Д)Асан Е)Үмбетей

  1. Бұқар жырауға жыр арнаған жырау:

А)Доспамбет В)Ақтамберді С)Жиембет Д)Үмбетей Е)Шал

16. Үмбетейдің «Бәкеге», «Жауқашарға» өлеңдері не туралы?

А)Ел билеушілерінің үстемдігі В)жаман қылықтан сақтандыру

С)замана шындығы Д)ауыр тұрмыс Е)қоштасу

17. Қыздар туралы толғаған:

А) Қазтуған В)Ақтамберді С)Үмбетей Д)Шалкиіз Е)Шал ақын

18. 1675-1768ж өмір сүрген ақын:

А)Доспамбет В)Ақтамберді С)Жиембет Д)Үмбетей Е)Шал

19. «Төреңіз тақтан таймасқа» Бұқардың нешінші тілегі?

А)бірінші В)төртінші С)тоғызыншы Д)бесінші Е)алтыншы

20. 1748 жылы Көкшетау өңірінде дүниеге келген ақын.

А)Шал ақын В)Жиембет С)Үмбетей Д)Қазтуған Е)Бұқар

21. «Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту» толғауының авторы:

А)Доспамбет В)Ақтамберді С)Жиембет Д)Үмбетей Е)Бұқар

22. Тілеуке Құлекеұлының ақын ретінде таныла бастаған уақыты:

А) он жастан В)он бір жастан С)он екі Д)он бес Е)он алты

23. Бұқар жырау өмір сүрген кезең:

А)ХV-XVI ғ В) ХVІ-XVIІ ғ С) ХVІІ-XVIІІ ғ Д) ХVғ Е) XVI ғ

24. «ауылдан топыр үзілмей, ошақтың оты өшпесе, май жемесе қонағым...он кісіге жараса, бір кісіге асқан тамағым» деп еліне молшылық тілеп толғаған: А)Ақтамберді В)Үмбетей С)Қазтуған Д)Асан Е)Доспамбет

25. «Арқаға қарай көшермін, алашыма ұран десермін, ат құйрығын кесермін» деп қай жырау кімге айтқан?



А)Асан қайғы Жәнібек ханға В)Жиембет жырау Есім ханға С)Бұқар жырау Абылай ханға Д)Шалкиіз жырау би Темірге Е)Бұқар жырау Тәуекел ханға


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет