ЖҰмыс бағдарламасы әдебиеттануға кіріспе пәнінен



жүктеу 342.39 Kb.
Дата06.07.2016
өлшемі342.39 Kb.
түріЖұмыс бағдарламасы
Жұмыс бағдарламасы ПМУ ҰС Н 7.18.2/07

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университеті

Журналистика кафедрасы




ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

                  1. Әдебиеттануға кіріспе пәнінен

5В050400 «Журналистика» мамандығының

студенттеріне арналған

Павлодар

Студенттерге арналған Нысан

пән бағдарламасы ПМУ ҰС Н 7.18.2/07




БЕКІТЕМІН

Оқу ісі жөніндегі проректоры

_________Н.Э.Пфейфер

«___»__________201 __ж.


Құрастырушы: ф.ғ.к., аға оқытушы Курманова З.К.

Журналистика кафедрасы


ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ


                  1. Әдебиеттануға кіріспе пәні

5В050400 «Журналистика» мамандықтары бойынша
«Әдебиеттануға кіріспе» арнайы курс бойынша

5В050400 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған

Жұмыс бағдарламасы типтік оқу жоспары бойынша жасалған және С.Торайғыров атындағы Ғылыми кеңес мәжілісінде бекітілді. «__»____________201__ж. №__ хаттама
«__» _________ 201__ж. кафедра мәжілінде ұсынылды, №__ хаттама
Кафедра меңгерушісі _____________________ Алдабергенов К.М.
Филология, журналистика және өнер факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде

құпталды


«__» __________ 201___ж. №__ хаттама.
ОӘК төрайымы ______________________ Ксембаева С.К.

КЕЛІСІЛГЕН

ГПФ деканы _______Ж.Т.Сарбалаев «__» ______ 201___ж.



ОӘБ МАҚҰЛДАНДЫ

ОӘБ басшысы__________________Жуманкулова Е .Н.

«__» _______201___ж.



Курс

1

Семестр

1

Дәріс

12

Тәжірибешілік сабақ




ОСӨЖ




СӨЖ




Бақылау түрі: емтихан

1-семестр



Пәннің оқу процесіндегі орны: «Әдебиет теориясы» пәні студенттерге көркем әдебиеттің сыры мен сипаты, өзіндік табиғатын, мәнін танытады. әдебиет теориясы саласындағы алғашқы ұғымдар студенттерге I-ші курста берілгені ескеріледі. Енді әрі сол ұғымдарды тереңдете, дамыта түсу мақсаты қойылады, әрі I-ші курста қарастырылмаған тың мағлұматтар беріледі. Бұл жолы студенттердің жалпы білімі, ой-өрісі өскен, жетілгені ескеріліп, әдебиет теориясына қатысты күрделі теориялық ой-пікірлер кең қамтылады.

Пәнді оқу міндеті: «Әдебиет теориясы» бұрын өтілетін «Әдебиеттануға кіріспе» пәнінде қысқашаа баяндалып кететін ұғымдар мен категорияларды эстетика қағидаларымен тамырлас алып, жан-жақты терең қамтуға тиіс. Әдебиет туралы теориялық ой-пікірлердің қалыптасу кезеңдерін қазіргі дәуірге дейінгі аралықта мейлінше толымды жүйелеп, саралау қажет. Дәрістерде әлемдік эстетика тұғырнамалары, әдеби тәжірибелер ұлттық әдебиеттану, көркемдік өнер мысалдарымен өзара ұштастырыла негізделмек.

Курстың құрылысы дәріс, тәжірибешілік сабақтардан тұрады.

Теориялық және тәжірибешілік мәселелерге қызығушылықтары пайда болған студенттер берілген пән бойынша реферат, курстық жұмыс, диплом жұмыстарын жазады.

Әдебиет теориясы курсын оқудың нәтижесінде студенттер мыналарды білу керек:

-әдебиет теориясы пәні нені қарастыратынын;

-әдеби ойдың даму тарихын;

-көркемдік таным мен ғылыми таным ерекшеліктерін;

-көркем әдебиеттің өзіндік ерекшелігін;

-көркем әдебиеттегі типтілік мәселесін;

-көркемдік әдіс, ағым, стиль, бағыт мәселелерін;

-әдебиет дамуының заңдылықтарын, көркемдік дәстүр мен жаңашылдық мәселесін;

-троп пен фигура түрлерін;

-мазмұн мен пішін,

–шығарманы тегіне, түріне қарай ажырату;

Курс бойынша игерген білімдерінің нәтижесінде студенттерде келесідей қабілеттер болуы керек:

- өлеңді құрылысына, көркемдігіне қарай талдай білу;

-көркем шығарманы тіліне қарай, сюжеті мен композициясына қарай талдай білу;

-образ түрлерін ажырату;

-шығарманың тегін, түрін ажырату;

-жазушы дүниетанымы мен шығармашылық еңбек үрдісін;

-қаламгердің өмір құбылыстарын бейнелеу принциптерін пайымдай білуі шарт.


Бағдарлама мазмұны


Модульдер саны


Тақырып аты

Сабақ түрі

Сабақтың мазмұны


Сағат саны

Модуль 1

1.

Кіріспе. Әдебиет теориясы ғылымы

Дәріс

Тәжірибешілік

ОСӨЖ

СӨЖ



Әдебиет теориясы ғылымы. Әдебиет теориясы–көркем әдебиеттің табиғаты, идеялық-эстетикалық мәні, даму заңдылығы туралы ғылым.

2

1

3



3


2

Көркем әдебиеттегі типтілік мәселесі

Дәріс

Тәжірибешілік

ОСӨЖ

СӨЖ



Жинақтау мен типтендіру. Типтендіру–өнердің ең маңызды категорияларының бірі. Өмірдегі және әдебиеттегі типтілік туралы. Типтілік формаларының әртүрлілігі. Көркем типтендірудегі фантазия рөлі. Типтік және көркемдік. Ұнамды, ұнамсыз бейне жасау мәселелері.

2

1

3



3




3

Көркем әдебиеттің қоғамдық мәні


Дәріс

Тәжірибешілік

ОСӨЖ

СӨЖ



Өнер, көзқарас, шындық, жазушы көзқарасы және оның творчествосы. “Әдебиет таптығы” теориясына сын. Әлеуметтік-эстетикалық мұра рөлі. Образ және сөз. Әдебиеттің эстетикалық мәні. Өнердегі шарттылық мәселелері.

2

1

3



3




4

Әдебиеттегі мазмұн, пішін бірлігі

Дәріс

Тәжірибешілік

ОСӨЖ

СӨЖ



Көркем шығармадағы мазмұн мен пішін бірлігі. Мазмұн, пішінге бөлудің шарттылығы. Мазмұнның шартты бөлік элементтері: тіл, композиция, жанр. Пішін ролі. Мазмұн берудегі жазушы шеберлігі мәселесі.

2

1

3



3




5

Тақырып және идея

Дәріс

Тәжірибешілік

ОСӨЖ

СӨЖ



Тақырып және оның мәні. Тақырып таңдау мәселесі. Прототип және жинақтау ролі. Тақырыпты игеру мәселелері. Шығарманы тақырыбына қарай жіктеу мәселелері. Тақырып және стиль. Идея. Биік дүниетаным ролі. Идея түрлері.

2

1

3



3

Модуль 2

6

Сюжет және композиция

Дәріс

Тәжірибешілік

ОСӨЖ

СӨЖ



Сюжет туралы пікірлер тарихы. Сюжет үшін характер мәні. Сюжет тартыс. Сюжет үшін оқиға ролі. Сюжеттің көркемдігі туралы. Сюжет және фабула. Сюжетке қатыссыз адамдар, оқиғалар мәселесі. Сюжеттің тарихилығы. Поэзиядағы сюжет орны.

Композиция туралы пікірлер тарихы. Композицияға анықтама. Композиция және сюжет байланысы. Сюжет элементтері. Характер ашуда композиция ролі. Мотивировка мәні. Баяндау мінездеу орны. Портрет, диалог, күйінші-сүйінші. Қосалқы деген эпизодтар мәні. Пейзаж.



2

1

3



3




7

Көркем шығарма тілі.

Дәріс

Тәжірибешілік

ОСӨЖ

СӨЖ



Көркем шығарма тілі. Көркем шығарма тіліне қойылар негізгі талаптар. Қазақ әдеби тілі туралы. Тіл байыту жолдары. Тілдің анықтау–ажарлау құралдары. Сөз орны мәселесі. Ана тілі мәні.

2

1

3



3




8

Өлең және оның құрылысы

Дәріс

Тәжірибешілік

ОСӨЖ

СӨЖ



Өлең туралы қазіргі ғылымның маңызды мәселелері. Поэзия мәні, ерекшелігі туралы пікірлер. Өлең құрылымы мәселелері. Силлабикалық өлең теориясы мәселелері. Лирикадағы әсемдік.

2

1

3



3




9

Әдебиет дамуының заңдылықтары

Дәріс

Тәжірибешілік

ОСӨЖ

СӨЖ



Әдебиет дамуының заңдылықтары. Әдеби-көркем дамудың негізгізаңдылықтары. Тарихи–әдеби процестің ұлттық ерекшелігі мәселесі. Әдеби процестің диалектикалық сипаты. Антикалық әдебиет мәні. Әдеби бағыттар күресі.

2

1

3



3




10

Эпос

Дәріс

Тәжірибешілік

ОСӨЖ

СӨЖ



Эпос сипаты, ерекшеліктері. Эпос түрлері. Әңгіме. Повесть. Роман. Басқа түрлері. Аралық жанрдың бір түрі – поэма. Баллада, мысал, сатира орны. Очерк мәні, ерекшелігі


2

1

3



3

Модуль 3

11

Лирика және драма

Дәріс

Тәжірибешілік

ОСӨЖ

СӨЖ



Лирика сипаты, ерекшеліктері, лирика түрлері. Лирика үшін композиция ролі. Лирика және тақырып. Лирикалық қаһарман мәселесі. Драма туралы ғалымдар пікірі. Драма сипаты, ерекшеліктері. Трагедия және оның мәні. Комедия және оның мәні. Сөз бен қимыл бірлігінің мәні

2

1

3



3




12

Стиль. Ағым.

Дәріс

Тәжірибешілік

ОСӨЖ

СӨЖ



Стиль туралы пікірлер тарихы. Стильге анықтама. Стиль мәні. Стильді анықтау мәселесі. Прозадағы стиль мәні, стильдік бірлік мәселелері. Ағым туралы жалпы түсінік. Стиль және ағым. Классификация және оның мәні, ерекшеліктері. Сентиментализм тууының тарихы. Натурализм және оның ерекшеліктері, зияны

2

1

3



3




13.

Көркемдік әдіс

Дәріс

Тәжірибешілік

ОСӨЖ

СӨЖ



Жазушының өзіндік ерекшеліктері. Суреткерге қойылар талаптар. Творчестволық дербестік және көзқарас. Творчестволық дербестіктің әдеби процестегі рөлі. Суреткерге қойылар басқа да талаптар.

2

1

3



3





14

Реализм. Романтизм.

Дәріс

Тәжірибешілік

ОСӨЖ

СӨЖ



Әдеби бағыт–әдеби процестің нақты формасы. Бағыттардың даму тарихына шолу жасау. Классицизм, сентиментализм, романтизм, сыншыл реализм. Әдебиет дамуының диалектикалық сипаты. Әдеби ағым–бағыттың бір түрі. Көркемдік әдістердің көп түрлілігі. Әдеби стиль.

2

1

3



3




15

«Социалистік реализм» теориясы және оған сын

Дәріс

Тәжірибешілік

ОСӨЖ

СӨЖ


«Социалистік реализм» анықтамасы. «Социалистік реализм» теориясы, тарихы. «Социалистік реализм» шындықты бояп көрсету құралы болғанын дәлелдеу

2

1

3



3


СӨЖ-дің тапсырмасы және олардың орындалу кестесі





Реті

СӨЖ-дің тақырыбы

СӨЖ-дің тапсырмасы

СӨЖ ұйымдастыру

формалары мен әдістері

Тапсыру мерзімі


1.

Әдебиет ғылымының міндеттері

1. Әдебиет тарихы ғылымының сипаты, өзгешеліктері 2. Әдебиет тарихы ғылымының зерттелуі. Қазіргі жай-күйі.

3. Әдебиет теориясының туу, қалыптасу, өрбу, кемелдену жолдары.

4.Өнердің әдебиеттен басқа түрлеріне шолу.

5. Әдебиет – сөз өнері. Ғылым мен әдебиет байланысы.


Конспект жұмыстарын тексеру


Сұрақтарға ауызша жауап алу

1-апта

2.

Көркем әдебиеттің өзіндік ерекшелігі.

Бейнелілік, шарттылық, ажарлау, баяндау, дәлелдеу мәні. Әдебиеттің эстетикалық мәні. Прототип және тип. Характерге қойылатын талаптар. Типтілік туралы пікірлер тарихы, типті образдың жасалу жолдары. Типті образдың белгілері. Типті образдың мәні, әсірелеу, оның орны, мәні.

Конспект жұмыстарын

тексеру. Сұрақ-жауап



2-апта

3.

Әдебиеттің таптығы теориясына, әдебиеттің партиялылығы теориясына сын.

1. Шындықтағы және өнердегі әсемдік. Олардың байланысы, бір-біріне ықпалы.

2. “Әдебиеттің халықтығы”, “Әдебиеттің партиялығы” теориясына сын.



Мысалдар теріп жазу, конспект жазу.

3-апта

4.

Көркем әдебиеттегі мазмұнның пішін тудырудағы рөлі.Мазмұн мен пішін бірлігі.

Мазмұнның шартты элементтері: тіл, композиция, жанр. Пішін рөлі, мазмұн берудегі жазушы шеберлігі мәселесі.

Конспект жұмыстарын тексеру.

Сұрақ-жауап.



4-апта

5.

Тақырып және оның мәні.

1. Тақырып таңдау мәселесі. Прототип және жинақтау ролі. Тақырыпты игеру мәселелері.

2. Шығарманы тақырыбына қарай жіктеу мәселелері.

3. Тақырып және стиль. Идея. Биік дүниетаным ролі. Идея түрлері


Конспект жұмыстарын тексеру.

Сұрақ-жауап.



5 –апта

6.

Сюжет туралы пікірлер тарихы. Сюжет үшін характер мәні. Сюжет үшін оқиға ролі

1. Сюжеттің көркемдігі туралы.

2. Сюжет және фабула. Сюжетке қатыссыз адамдар, оқиғалар мәселесі. Сюжеттің тарихилығы. 3. Поэзиядағы сюжет орны.

4. Композиция туралы пікірлер тарихы. Композицияға анықтама.

5. Композиция және сюжет байланысы. Сюжет элементтері.

6. Характер ашуда композиция ролі. Баяндау, мінездеу орны.


М.Жұмабаевтың “Жүсіпхан”, С.Торайғыровтың

“Кім жазықты” шығармасын

талдау


6 –апта

7.

Поэзия ерекшеліктері

1. Ырғақ және оның мәні.

2. Өлең жүйелері. Шумақ. Тармақ. Тармақ құрылысы.

3. Буын және оның түрлері.

4. Ұйқас және оның түрлері. Қорытынды



Конспект жұмыстарын тексеру

7 –апта

8

Әдебиет дамуының тарихи сипаты. Тарихи-әдеби процестің ұлттық ерекшеліктері.

1. Жанр туралы түсінік. Жанр туралы пікірлер тарихы. Э

2. эпос, лирика, драмаға бөлу мәселелері. Түр анықтау мәселесі.

3. Жанр түрлерінің өзара байланысы.

4. Жанр және тарихи жағдай. Жанр және автор



Конспект жұмыстарын тексеру.

Сұрақ-жауап.



8-апта

9

Эпос сипаты, ерекшеліктері.

1. Эпос түрлері. Әңгіме. Повесть. Роман. Басқа түрлері. 2. Аралық жанрдың бір түрі – поэма.

3. Баллада, мысал, сатира орны. Очерк мәні, ерекшелігі



Көркем әдебиеттен мысал.

Конспект жұмыстарын тексеру



9 –апта

10

Лирика сипаты, ерекшеліктері, лирика түрлері. Лирика үшін композиция ролі.

1. Лирика және тақырып. Лирикалық қаһарман мәселесі.

2. Драма туралы ғалымдар пікірі.

3. Драма сипаты, ерекшеліктері.

4. Трагедия және оның мәні. Комедия және оның мәні. Сөз бен қимыл бірлігінің мәні



Көркем әдебиеттен мысал.

Конспект жұмыстарын тексеру



10 апта

11

Стиль туралы пікірлер. Стильге анықтама. Стиль мәні.

1. Стильді анықтау мәселесі. Прозадағы стиль мәні, стильдік бірлік мәселелері.

2. Ағым туралы жалпы түсінік. Стиль және ағым.

3. Классификация және оның мәні, ерекшеліктері.

4. Сентиментализм тууының тарихы.

5. Натурализм және оның ерекшеліктері, зияны


Конспект жұмыстарын тексеру. Сұрақ-

жауап


11-апта

12

Көркемдік әдіс туралы пікірлер тарихы. Көркемдік әдіс және ағым

1. Шығыс ғалымдарының әдебиет теориясына қатысты еңбектері. Грек ойшылдары үлесі. Батыс Европа, орыс ғалымдары үлесі

Көркем әдебиеттен мысал теру

Конспект жұмыстарын тексеру



12-апта

13

Антикалық реализм. ХІХ ғасырдағы реализмнің дамуы. Сыншыл реализм

1. Антикалық әдебиет мәні. Әдеби бағыттар қарым-қатынасы, өзара ықпалы..

Конспект жұмыстарын тексеру.

Сұхбат

13-апта


14

«Социалистік реализм» анықтамасы.

1. «Социалистік реализм» теориясы, тарихы.

2. «Социалистік реализм» шындықты бояп көрсету құралы болғанын дәлелдеу



Конспект жұмыстарын тексеру.

Сұрақ-жауап



14-апта


ОСӨЖ және олардың орындалу мерзімі




Тақырып аталымы

ОСӨЖ сұрақтары

Бақылау

түрі

Тапсыру мерзімі

Балл




Модуль 1













1

Тектік бейнелер


1. Эпикалық бейне.

2. Лирикалық бейне.

3. Драмалық бейне.

4. Талдауға: С. Торайғыров “Шәкірт ойы”



сұрақ-жауап.

кіші топтар әдісі




1-апта

3

2

Романтикалық бейне


1. Романтикалық бейне туралы пікірлер.

2. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі романтикалық бейне.

3. Талдауға: Мағжан Жұмабаевтің “Қорқыт” дастанының алғашқы 16 жолы.


сұрақ-жауап

конспек-тілеу




2-апта

3

3

Реалистік бейне


1. Әдебиеттегі реалистік бейнеге берілген тұжырымдама мен кейінгі көзқарас.

2. Реалистік бейне және көркемдік шындық.

3. Талдауға: Абай “Болыс болдым, мінекей”


Конспек-тілеу.

әдеби талдау





3-апта

5

4

Әдебиет теориясы тарихы

1. Көне үнді, Грек әдеби үлгілері.

2. Орта ғасырлық әдеби үлгілері.

3. Ояну (ренессанс) дәуірі әдебиеті.

4. ХІХ ғасырдағы орыс ойшылдары еңбектері.

5. Талдауға: Абай ”Өлең сөздің патшасы сөз сарасы”


сұрақ-жауап

конспек-тілеу




4-апта

5

5

Көркем әдебиеттің бейнелілігі

1. Көркем әдебиеттің бейнелілігі.

2. Баяндау мен суреттеу, дәлелдеу айырмашылығы.

3. Әдебиеттегі деталь.

4. Талдауға: Абай “Жаз”



Кіші топтар әдісі.

Әдеби талдау





5-апта

3




Модуль 2













6

Жинақтау мен даралау


1.Әдебиеттегі жинақтау және даралау мәселесі.

2. Тип.


3. Образ жасау тәсілдері.

4. Талдауға: Абай “Сегіз аяқ”



сұрақ-жауап

конспек-тілеу



6-апта

3

7

Көркем шығарма

1. Көркем шығарманың тақырыбы.

2. Көркем шығармадағы тақырып пен идея бірлігі.

5. Талдауға: Мұхтар Әуезовтың “Абай жолы” роман-эпопеясы (сюжет, композиция)


Ғылыми пікірталас әдісі


7-апта

5

8

Мазмұн мен пішін


1. Әдеби шығарманың мазмұны

2. Пішін жөніндегі пікірлер. Мазмұнмен байланысы.

3. Мазмұн мен пішін бірлігі

конспек-тілеу, әдеби

талдау


8-апта

3

9

Тартыс – өмірдегі қайшылықтың әдебиеттегі көрінісі

1. Тартыс және оның тууы туралы ойлар.

2. Тартыссыздық мәселесі




сұрақ-жауап

конспек-тілеу




9-10-апта

3

10

Сюжеттің даму кезеңдері

1. Сюжеттік басталу. Экспозиция, түрлері.

2. Байланыс, шиеленіс, шарықтау шек, шешім



Конспек-тілеу,

Тест құрастыру








3




Модуль 3













11

Көркем бейне түрлері

1. Әдістік, тектік, тәсілдік бейне түрлері.

2. Кейіпкер.

3. Жағымды және жағымсыз бейне мәселелері.

4. Талдауға: Шәкәрім Құдайбердиевтің «Еңлік-Кебек» поэмасы



Ауызша жауап.

Жазбаша жұмыс




11-апта

3

12

Ажарлау және оның түрлері

1. Аллитерация мен ассонанс.

2. Теңеу және эпитет




сұрақ-жауап

тәжірибелік әдіс



12-13-апта

8

13

Құбылтудың түрлері

1. Метафора мен метонимия.

2. Кейіптеу, астарлау




сұрақ-жауап

тәжірибелік әдіс



14-апта

3

14

Құбылту түрлері

1. Ирония, гипербола.

2. Құбылтудың сирек кездесетін түрлері




тәжірибелік әдіс,

әдеби талдау



15-апта

3


Әдебиеттер

Негізгі:

  1. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. –Алматы: 1960.

  2. Қабдолов З. Әдебиет теориясының негіздері. – Алматы: Мектеп, 1970.

  3. Қабдолов З. Таңдамалы шығармалары. ІІ том, - Алматы: Жазушы, 1983.

  4. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. // Шығармалары. – Алматы: 1989.


Қосымша:

  1. Абылкасимов В.Ш. Жанр толгау в казахской устной поэзии. – Алматы: Наука, 1984.

  2. Ахметов З.А. Казахское стихосложение. – Алматы: Наука, 1964.

  3. Әбдірахманова Т. Қасым Аманжоловтың поэтикасы. – Алматы: Ғылым, 1976.

  4. Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы, 1989.

  5. Бердібаев Р. Қазақ эпосы. – Алматы: Ғылым, 1982.

  6. Қасқабасов С. Родники искусства. – Алматы: Өнер, 1986.

  7. Квятовский А. Поэтический словарь. –Москва.: Советская энциклопедия. 1966.

  8. Қазақ поэзиясындағы дәстүр ұласуы. – Алматы: Ғылым, 1981.

  9. Қаратаев М. Таңдамалы шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1974.

  10. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. – Алматы: Ғылым, 1984.

  11. Қирабаев С. Революция және әдебиет. – Алматы: Жазушы, 1977.

  12. Қоңыратбаев Ә. Шеберлік сырлары. – Алматы: 1979.

  13. Қоңыров Т. Қазақ теңеулері. – Алматы: Мектеп, 1978.

  14. Метафора в языке и тексте. – Москва: Наука, 1988.

  15. Мырзалиев Қ. Сөз сиқыры. – Алматы: Жазушы, 1982.

  16. На путях к романтизму. –Ленинград: Наука, 1964.

  17. Нарымбетов Ә. Қазақ совет поэмасы. – Алматы: Ғылым, 1977.

  18. Негимов С. Өлең өрімі. – Алматы: Ғылым, 1980.

  19. Негимов С. Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі. – Алматы: Ғылым, 1991.

  20. Нұрғалиев Р. Арқау. – Алматы: Жазушы, 1991.

  21. Нұржекеева Л. Метонимияның лингвистикалық табиғаты. – Алматы, 1992.

  22. Нұрмұқанов Х. Сөз және шеберлік. – Алматы: Ғылым, 1987.

  23. Петров С.М. Основные вопросы теории реализма. – Москва: Просвещение, 1954.

  24. Русский романтизм. –Ленинград: Наука, 1978.

  25. Сатпаева Ш.К. Казахская литература и восток. – Алматы: Наука, 1982.

  26. Серікқалиев. З. Ақ жол. – Алматы: Жазушы, 1990.

  27. Стиль сыры. – Алматы: Ғылым, 1974.

  28. Хасанов Б. Қазақ тілінде сөздердің метафоралы қолданылуы. – Алматы: Мектеп, 1966.

  29. Жүсіпов Қ.П. Стиль және бейнелілік. Павлодар: «ЭКО» баспасы. 1999ж.

  30. Нұрғали Р.Н. Драма өнері. Астана: Фолиант.

  31. Жолдасбеков М. Асыл арналар. – Алматы, 1986.

  32. Жұмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиеті тарихының мәселелері. – Алматы, 1973.

  33. Ахметов З.А. Өлең сөздің теориясы. – Алматы: Мектеп, 1973.

  34. Жанр сипаты. – Алматы: Ғылым, 1971.

БАҚЫЛАУДЫҢ ТҮРІ МЕН ФОРМАСЫ

Аталмыш курстың мынадай бақылау түрлері бар:


  1. дағдылы бақылау

  2. семестрлік бақылау

  3. қорытынды бақылау

Дағдылы бақылау әрбір модульдің шеңберінде іске асады және тәжірибешілік жұмыстарда ауызша жауапқа сұрақ, жаттығулар, басқа да орындалған тапсырмалар, реферат жұмыстары және оларды бес балдық жүйемен бағалау сияқты жұмыстарды қамтиды.


Семестрлік бақылау әрбір модульден кейін коллоквиум және СӨЖ-де орындалған тапсырмаларды тексеру түрінде жүргізіледі (төрт рет). Шетелдік бақылаудың нәтижелері кафедрада құпталған рейтингтік жүйенің балдарымен іске асады.
Қорытынды бақылау - емтихан – билет түрінде өткізіледі ( екі сұрақ пен тапсырма).

Әдебиеттануға кіріспе курсы бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар


МОДУЛЬ 1

Мақсат: Әдебиеттануға кіріспе қарастыратын мәселелермен, тарихымен таныстыру.

Міндеттер: Әдебиеттануға кіріспе қарастыратын мәселелер мен тарихын жан-жақты қарстыру

Студенттер білуге тиіс:.грек, шығыс, ояну дәуірі, орыс ойшылдары әдеби ойы дамуын, әдебиет даму заңдылығын, өзіндік ерекшеліктерін


Күні, сабақ номері және түрі, сағат саны

Модульдің негізгі тақырыптары

Оқу әрекетінің мазмұны және негізгі түрлері, тапсырмалар

Студенттердің өздік жұмыстары, үй тапсырмалары

Бақылау түрі

1

2

3

4

5

Тақырып № 1.

Тәжірибе 1 сағ.


Әдебиет теориясы ғылымы

Әдебиет теориясы ғылымы. Әдебиет теориясы–көркем әдебиеттің табиғаты, идеялық-эстетикалық мәні, даму заңдылығы туралы ғылым.

Жоспар бойынша семинарға дайындалу.

Сұрақтар


Тақырып №2.

Тәжірибе


1 сағ.

Көркем әдебиеттегі типтілік мәселесі

Жинақтау мен типтендіру. Типтендіру–өнердің ең маңызды категорияларының бірі. Өмірдегі және әдебиеттегі типтілік туралы. Типтілік формаларының әртүрлілігі. Көркем типтендірудегі фантазия рөлі. Үлкейту, әсірелеу мәні. Типтік және көркемдік. Ұнамды, ұнамсыз бейне жасау мәселелері.

Конспект

Жоспар бойынша семинарға дайындалу.



Ауызша жауаптарды бағалау


Тақырып №3.

Тәжірибе


1 сағ.

Көркем әдебиеттің қоғамдық мәні

Өнер, көзқарас, шындық, жазушы көзқарасы және оның творчествосы. “Әдебиет таптығы” теориясына сын. Әлеуметтік-эстетикалық мұра рөлі. Образ және сөз. Әдебиеттің эстетикалық мәні. Әдебиеттің басты предметі–адам. Өнердегі шарттылық мәселелері.

Жоспар бойынша семинарға дайындалу

Сұрақтар

Тақырып №4

Тәжірибе


1 сағ.

Көркем шығарманы мазмұн мен пішін бірлігінде қарастыру.

Көркем шығармадағы мазмұн мен пішін бірлігі. Мазмұн, пішінге бөлудің шарттылығы. Мазмұнның шартты бөлік элементтері: тіл, композиция, жанр. Пішін ролі. Мазмұн берудегі жазушы шеберлігі мәселесі.

Жоспар бойынша тәжірибешілікеке дайындалу

Студенттердің жауаптарын ауызша бағалау

Тақырып №5.

Тәжірибе


1 сағ.

Тақырып пен идея


Тақырып және оның мәні. Тақырып таңдау мәселесі. Прототип және жинақтау ролі. Тақырыпты игеру мәселелері. Шығарманы тақырыбына қарай жіктеу мәселелері. Тақырып және стиль. Идея. Биік дүниетаным ролі. Идея түрлері.

Жоспар бойынша тәжірибешілікеке дайындалу

Студенттердің жауаптарын ауызша бағалау

МОДУЛЬ 2


Мақсат: Көркемдік бағыт, ағым, әдіс, стиль, жазушының өзіндік ерекшеліктерін таныту.

Міндеттер: Көркемдік бағыттың, ағымның, әдістің, стильдің өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты айқындап түсіндіру

Студенттер білуге міндетті: Классицизм, сентиментализм, романтизм, сыншыл реализм. Көркемдік әдістердің түрлерін, суреткерге қойылар талаптарды, шығармашылық дербестік пен көзқарас, оның әдеби процестегі рөлі.


Күні, сабақ номері және түрі, сағат саны

Модульдің негізгі тақырыптары

Оқу-әрекетінің мазмұны мен негізгі түрлері, тапсырмалар

Студенттердің өздік жұмысы, үй жұмысы

Бақылау түрі

Тақырып №6.

Тәжірибе


Сюжет және композиция

Жоспар бойынша тәжірибешілікеке дайындалу

Студенттердің жауаптарын ауызша бағалау

Студенттердің жауаптарын ауызша бағалау

Тақырып №7.

Тәжірибе


Көркем шығарма тілі

Көркем шығарма тілі. Көркем шығарма тіліне қойылар негізгі талаптар. Қазақ әдеби тілі туралы. Тіл байыту жолдары. Тілдің анықтау–ажарлау құралдары. Сөз орны мәселесі. Ана тілі мәні.

Жоспар бойынша тәжірибешілікеке дайындалу

Студенттердің жауаптарын ауызша бағалау

Тақырып №8.

Тәжірибе 1 сағ.



Өлең және оның құрылысы

Өлең туралы қазіргі ғылымның маңызды мәселелері. Поэзия мәні, ерекшелігі туралы пікірлер. Өлең құрылымы мәселелері. Силлабикалық өлең теориясы мәселелері. Лирикадағы әсемдік.

Белгілі оқулықтардан конспект жазу, ауызша дайындалу

Студенттердің жауаптарын ауызша бағалау

Тақырып №9.

Тәжірибе 1 сағ.



Әдебиет дамуының заңдылықтары

Әдебиет дамуының заңдылықтары. Әдеби-көркем дамудың негізгізаңдылықтары. Тарихи–әдеби процестің ұлттық ерекшелігі мәселесі. Әдеби процестің диалектикалық сипаты. Антикалық әдебиет мәні. Әдеби бағыттар күресі.

Жоспар бойынша тәжірибешілікеке дайындалу

Студенттердің жауаптарын ауызша бағалау

Тақырып №10.

Тәжірибе 1 сағ.



Эпос

Эпос сипаты, ерекшеліктері. Эпос түрлері. Әңгіме. Повесть. Роман. Басқа түрлері. Аралық жанрдың бір түрі – поэма. Баллада, мысал, сатира орны. Очерк мәні, ерекшелігі


Жоспар бойынша тәжірибешілікеке дайындалу

Студенттердің жауаптарын ауызша бағалау

МОДУЛЬ 3


Мақсат: Көркемдік өлшемдері мен әдебиет дамуының заңдылықтарын таныту.

Міндеттер: Эстетикалық категориялардың түрлерін ажырату, өлең құрылымы туралы толық мәлімен беру, әдебиет дамуының заңдылықтарын, ұлттық ерекшелік мәселесін жан-жақты талдау.

Студенттер білуге тиіс: Әдебиет дамуының заңдылықтарын, әдеби процестің диалектикалық сипаты. Поэзия ерекшелігін, құрылысын, лирикадағы әсемдік, қазақ әдеби тілі туралы, тіл байыту жолдарын, ажарлау құралдарын, мазмұн мен пішінге бөлудің шарттылығын, жазушы шеберлігі мәселесін.

Күні, тақырып номері мен түрі, сағат саны

Модульдің негізгі тақырыптары

Оқу-әрекетінің мазмұны мен негізгі түрлері, тапсырмалар

Студенттердің өздік жұмысы, үй тапсырмасы

Бақылау түрі

Тақырып № 11.

Тәжірибе


1сағ.

Лирика және драма

Лирика сипаты, ерекшеліктері

Лирика түрлері.

Лирика және тақырып. Лирикалық қаһарман мәселесі.

Драма туралы ғалымдар пікірі. Драма сипаты, ерекшеліктері.

Трагедия және оның мәні. Комедия және оның мәні. Сөз бен қимыл бірлігінің мәні


Белгілі оқулықтардан конспект жазу, ауызша дайындалу

Студенттердің жауаптарын ауызша бағалау

Тақырып № 12.

Тәжірибе


1сағ.

Стиль. Ағым.

Стильге анықтама. Стиль мәні. Стильді анықтау мәселесі.

Прозадағы стиль мәні, стильдік бірлік мәселелері.

Ағым туралы жалпы түсінік. Стиль және ағым. Сентиментализм тууының тарихы. Натурализм және оның ерекшеліктері, зияны


Конспект,

жоспар бойынша сұрақтарға дайындалу.



Студенттердің жауаптарын ауызша бағалау

Тақырып № 13.

Тәжірибе


1сағ.

Көркемдік әдіс

Көркемділіктің өлшемдері. Шындық – әсемдік көзі.

Көркемдіктің өлшемдері: Эстетикалық категориялар: асқақтау (возвышенное), қайғы сарыны (трагическое), келекелеу (экономическое) және олардың көркемдік әдебиеттегі рөлі.

Шындықтағы әсемдік мәні. Өнердегі әсемдік.


Белгілі оқулықтардан конспект жазу, ауызша дайындалу

Студенттердің жауаптарын ауызша бағалау

Тақырып №14.

Тәжірибе


1 сағ

Реализм. Романтизм.

Әдеби бағыт–әдеби процестің нақты формасы. Бағыттардың даму тарихына шолу жасау. Классицизм, сентиментализм, романтизм, сыншыл реализм.

Әдебиет дамуының диалектикалық сипаты. Әдеби ағым–бағыттың бір түрі. Көркемдік әдістердің көп түрлілігі.



Конспект,

жоспар бойынша сұрақтарға дайындалу.



Конспект, Студенттердің жауаптарын ауызша тексеру

Тақырып №15

Тәжірибе 1 сағ.



«Социалистік реализм» теориясы және оған сын

«Социалистік реализм» анықтамасы. «Социалистік реализм» теориясы, тарихы.

«Социалистік реализм» шындықты бояп көрсету құралы болғанын дәлелдеу



жоспар бойынша сұрақтарға дайындалу

Студенттердің жауаптарын ауызша бағалау

«Әдебиеттануға кіріспе» пәні бойынша емтихан сауалдары




  1. Көркем өнердің бір саласы – көркем әдебиет. Суреткерге қойылатын талаптар.

  2. Көркем әдебиеттің қоғамдық мәні.

  3. Әдебиеттің таптығы теориясына сын.

  4. Сюжет (М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» дастаны бойынша).

  5. «Әдебиет теориясы» тарихы: Орта ғасырлық әдеби үлгілер.

  6. Әдеби ағым. Стиль және ағым.

  7. Эпос түрлері, очерк, мысал.

  8. Көркем әдебиеттегі деталь.

  9. Романтикалық, реалистік образ.

  10. Лирикадағы сюжет мәселесі.

  11. Көркем әдебиеттің түр тулғасы – адам.

  12. Көркем әдебиеттің бейнелілігі.

  13. «Әдебиет теориясы» тарихы: Ояну (ренессанс) дәуірі әдебиеті.

  14. Көркем әдебиеттегі мазмұн мен пішін.

  15. Көркем әдебиеттің бейнелілігі: баяндау мен суреттеу, дәлелдеу.

  16. Әдеби ағым.

  17. Эпос түрлері, әңгіме.

  18. Образ жасау тәсілдері.

  19. Лирикадағы идея.

  20. Эпос түрлері: повесть.

  21. Сюжет (С.Сейфуллин «Көкшетау» дастаны бойынша).

  22. Тип. Типтілік туралы пікірлер тарихы. Типті образ жасалу жолдары.

  23. Эпикалық, драмалық, лирикалық образдар.

  24. Тақырып және идея түрлері.

  25. Жинақтау мен даралау.

  26. Тілдің ажарлау құралдары: теңеу және оның түрлері.

  27. Көркемдік әдіс.

  28. Тілдің ажарлау құралдары: эпитет.

  29. Көркем әдебиет тілі мәселелері.

  30. Тіл байлығының қайнар көздері.

  31. Юморлық, сатиралық, фантастикалық образ.

  32. Өлең жүйелері.

  33. Әдеби тілдегі құбылту: метафора және оның түрлері.

  34. Прототип және тип. Типті образдың белгілері.

  35. Трагедиялық, қаһармандық тулға.

  36. Сюжет. Сюжет үшін характер мәні. Сюжет және тартыс. Сюжет үшін оқиға ролі.

  37. Композиция. Композиция және сюжет байланысы.

  38. Әдеби тілдегі құбылту: метонимия, синекдоха.

  39. Сюжеттің көркемдігі туралы. Сюжет және фабула. Поэзиядағы сюжет орны.

  40. Характер ашуда композиция ролі. Мотивировка мәні. Портрет, диалог. Пейзаж.

  41. Әдеби тілдегі құбылту: кейіптеу, психологиялық егіздеу.

  42. Әдеби тілдегі құбылту: символ.

  43. Әдеби тілдегі айшықтау түрлері.

  44. Поэзияның жалпы ерекшеліктері.

  45. Қазақ өлеңі ерекшеліктері, ондағы буын, бунақ ролі.

  46. Эпос түрлері, роман.

  47. Эпос және оның түрлері: миф, аңыз, ертегі, новелла.

  48. Стиль. Стиль туралы пікірлер тарихы, стиль мәні. Прозадағы стиль мәні.

  49. Ұйқас және оның түрлері.

  50. Жанр туралы түсінік.

  51. Романтизм, реализм айырмашылықтары. Романтизм ерекшеліктері.

  52. Прозадағы романтизм және лирикадағы ерекшеліктері.

  53. Ырғақ, оның мәні.

  54. Лирика сипаты, ерекшеліктері. Лирика түрлері. Лирика үшін композиция ролі.

  55. «Социалистік реализм» теориясы және оған сын.

  56. Эпос түрлері: поэма.

  57. Шумақ және оның түрлері

  58. Комедия және оның мәні.

  59. Ұйқас және оның түрлері.

  60. Көркем әдебиеті тіліндегі көріктеуіш сөздердің өзара байланыстылығы.

  61. Көркем шығарма тіліне қойылатын талаптар.

  62. Сюжет («Ер Төтік» бойынша)

  63. Реализм. Антикалық реализм. ХІХ ғасырдағы реализм дамуы, сыншыл реализм.

  64. Лирика және тақырып.

  65. Сюжет («Керқұла атты Кендебай», «Аяз би» бойынша).

  66. Әдеби ағым классификациясы, оның мәні, ерекшеліктері.

  67. Сюжет (М.Жұмабаевтың «Жүсіп хан» дастаны бойынша).

  68. Драма туралы ғалымдар пікірі. Драма сипаты, ерекшеліктері. Драма түрлері.

  69. Сюжет (С.Торайғыровтың «Кім жазықты» романы бойынша)

  70. Трагедия және оның мәні.

  71. Ұйқас және оның түрлері.

: arm -> upload -> umk
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы пму ұС 18. 2/10 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Жұмыс бағдарламасы 050502 «Саясаттану»
umk -> Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> ЖҰмыс бағдарламасы «Қазақстаның қазіргі заман тарихы»
umk -> Бағдарламасы титулдық пму ұс н 18. 3/30 парағы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет