ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Коммуникативтік дағдылар»



жүктеу 1.81 Mb.
бет1/12
Дата07.07.2016
өлшемі1.81 Mb.
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ
ФАРМАЦИЯ ІСІН БАСҚАРУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ КАФЕДРАСЫ

«Бекітемін»

Оку-әдістемелік және тәрбие

жұмыстарының проректоры

___________ Анартаева М.У.

«___» _______ 20__ ж

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Пән: «Коммуникативтік дағдылар»
Пән коды: KN 2218
Мамандык: 051103 «Фармация»
Оқу сағатының көлемі: 1 кредит 45 сағат
Курс: 2
Семестр: 4

Шымкент – 2008

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
ФАРМАЦИЯ ІСІН БАСҚАРУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ КАФЕДРАСЫ

«Бекітемін»

Оку-әдістемелік және тәрбие

жұмыстарының проректоры

___________ Анартаева М.У.

«___» _______ 20__ ж

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Пән: «Коммуникативтік дағдылар»
Пән коды: KN 2218
Мамандык: 051103 «Фармация»
Оқу сағатының көлемі: 1 кредит 45 сағат
Курс: 2
Семестр: 4

Шымкент – 2009
Жұмыс бағдарламасы 2009ж. Мамыр №______ хаттамаға сәйкес бекітілген типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды.
Жұмыс бағдарламасы кафедра мәжілісінде талқыланды.

Хаттама №___ «____»__________ 2009ж.

Каф.меңг.фарм.ғ.д.,проф Арыстанов Ж.М.
Жұмыс бағдарлама жүйелік әдістемелік комиссия мәжілісінде қаралды.

Хаттама № ______ «____» _________ 2009 ж.

Төраға Шертаева К.Д.
Жұмыс бағдарлама ОҚММА-ның әдістемелік мәжілісінде бекітілді.

Хаттама № ______ «____» _________ 2009 ж.

Төраға ___________

2. Бағдарлама

2.1. Кіріспе

Коммуникативтік дағдылар дипломға дейінгі және дипломнан кейінгі медициналық білім алу мен үздіксіз кәсіби дамудың ажыратылмас бөлігі ретінде қарастырылып, дәрігерлер мен фармацевтердің әріптестерімен, медициналық және фармацевтикалық қызметті тұтынушылармен ақпараттар алмасуда, шешімдер кқабылдауда аралық қатынастарды қалыптастырып дамытуда үлкен рөл атқарады.

«Коммуникативтік тағылымдар» пәнінің типтік оқу бағдарламасы фармацевтердің дәріханалық ұйымдар қызметін тұтынушылармен, әріптестерімен және тұтынушылар жанұясы мүшелерімен қатынастарының тиімділігін арттырудың негізгі принциптерін үйреніп, меңгеруге бағытталған. Фармацевтердің тұтынушылармен тиімді қатынасы, олардың саулықтарының жақсаруына және дәрігерлермен белгіленген емнің дұрыс жүруін түсінулерін қамтамасыз етеді.

Фармацевтерге коммуникативтік компетенттілік әріптестерімен ақпарат алмасу, қатынастарды жақсарту және денсаулық сақтау саласы мамандарымен бірлесе отырып медициналық және фармацевтикалық көмектің тиімділігін арттыруды қамтамасыз етеді.

Коммуникативтік компетенттілік қатынастарды жақсартудағы меңгерілген тағылымдарды дамытуды және болашақ кәсіптік іс-әрекеттерде одан әрі шыңдауды талап етеді.

Коммуникативтік тағылымдар пәнін оқыту объектілеріне фармацевтердің кәсіби іс-әрекеттерінде фармацевтикалық қызметті тұтынушылармен тиімді қарым-қатынастарды қамтамасыз етуге бағытталып қолданылатын қатынастың түрлері жатады.


2.2. Пәннің мақсаты: Фармацевт мамандарға фармацевтикалық қызметті тұтынушылармен, олардың туыстарымен және әріптестерімен тиімді қарым-қатынастар жасауға қажетті тағылымдарды қалыптастыру және дамыту.
2.3. Міндеттері:

  1. студенттерге коммуникативтік тағылым, коммуникативтік процесс және фармацевтердің коммуникативтік компетенттілігі туралы түсініктер беру;

  2. болашақ фармацевт маманы үшін фармацевтикалық қызметті тұтынушылармен, олардың туыстарымен және әріптестерімен келісімді және тиімді қарым-қатынаста болудың маңыздылығын түсінуді қалыптастыру;

  3. фармацевтің тұлғалылығына қойылатын психологиялық талаптарды қалыптастыруға үйрету;

  4. фармацевтің фармацевтикалық қызметті тұтынушылармен тиімді қатынас жасауды қиындататын кедергілерді анықтауға және оларды шеше білуге үйрету;

  5. фармацевтикалық қызметті тұтынушылардың психологиялық түрлерін анықтауға және фармацевт пен тұтынушылар арасында өзара қарым-қатынастылықты тиімді түрде жүргізу әдістерін қолдана білуге үйрету.


2.4. Оқытудың соңғы нәтижесі:

Студент білуі керек:

  1. Коммуникация және коммуникативтік процесс туралы түсініктерді;

  2. «Фармацевті және тұтынушы» қатынастарының ерекшеліктерін;

  3. Фармацевті мен фармацевтикалық қызметті тұтынушы құкықтарын;

  4. Фармацевтикалық қызметті тұтынушының психологиясын және оның психикасының ерекшеліктерін;

  5. Фармацевтің фармацевтикалық қызметті тұтынушының жеке тұлғалық сапалықтарына байланысты қатынасын қалыптастыруын.

Студент істей білуі керек:

  1. фармацевтикалық қызметті тұтынушылармен тиімді қатынас жасау принциптерін қолдануды;

  2. фармацевтикалық қызметті тұтынушылардың проблемаларын анықтауды;

  3. фармацевтикалық қызметті тұтынушыларды ұқыпты тыңдап, олардың сұрақтарына түсінікті жауап беруді;

  4. фармацевтикалық қызметті тұтынушылармен қарым-қатынас жасауда вербальды және вербалды емес әдістерді қолдануды;

  5. фармацевтикалық қызметті тұтынушылармен сөйлесуде ашық және жабық түрдегі сұрақтарды пайдалануды;

  6. фармацевтикалық қызметті, тұтынушыларды ақпараттандыруды дұрыс және түсінікті түрде жүргізуді;

  7. медициналық сұқбаттасудың жеке жүргізілу принциптерін сақтауды;

  8. фармацевтің кәсіби қызметінде қатынас жасау тағылымдарын үздіксіз жақсартудың маңыздылығын түсінуді.

Студент меңгеруі керек тағылымдар:

  1. фармацевт пен фармацевтикалық қызметті тұтынушылар араларындағы қарым-қатынастарды тиімді жүргізе білу;

  2. коммуникативтік компетенттілікті үздіксіз жақсарту.


2.5. Реквизитке дейінгі: құқық негіздері, психология негіздері, философия.

2.6. Реквизиттен кейінгі: фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру негіздері, фармацияның басқарылуы мен экономикасы менеджмент және маркетинг негіздерімен.
2.7. Сабақтың тақырыптық жоспары:

2.7.1. Дәрістердің




Тақырыптары

Ұзақтығы

Өткізу түрі

1

Фармацевт маманның коммуникативтік компетенттілігін қалыптастыру

1

Тақырыптық дәріс, презентация

2

Кәсіби адаптация, кәсіби имеджі және коммуникативтік толеранттілік

1

Тақырыптық дәріс, презентация

3

Созылмалы шаршаудың синдромы. Келіспеушіліктің туындау факторлары, оларды шешу тәсілдері.

1

Тақырыптық дәріс, презентация

4

Фармацевт пен фармацевтикалық қызметті тұтынушының арасындағы өзара қатынастарды, олардың жеке қасиеттеріне байланысты жүргізу

1

Тақырыптық дәріс, презентация

5

Фармацевт маманның қоғамдағы рөлі және жауапкершілігі

1

Тақырыптық дәріс, презентация

Барлығы:

5





Тәжірибелік сабақтар:




Тақырыптары

Ұзақтығы

Өткізу түрі

1

Коммуникация, коммуникативтік процесс туралы түсініктер. Коммуникативтік компетенттілік туралы түсінік. Коммуникативтік процеске қатысушылардың рөлі.

1

Семинар

2

«Фармацевт және фармацевтикалық қызметті тұтынушы» қатынастарының ерекшеліктері. Фармацевтің және фармацевтикалық қызметті тұтынушының құқықтары. Коммуникативтік процестің тиімділігіне әсер ететін факторлар.

1

Презентация

3

Фармацевтикалық қызметті тұтынушылармен, олардың туыстарымен тиімді қатынас жасаудың жалпы принциптері

1

Презентация

4-5

Фармацевтердің әріптестерімен, дәрігерлермен және басқа да медициналық мамандармен тиімді қатынас жасауларының жалпы принциптері. Команда құрамында жұмыс жасау

2

Семинар
Презентация

6-7-8

Фармацевтің фармацевтикалық қызметті тұтынушыға, оның жеке қасиеттеріне, жасына және ауру түріне байланысты қатынасын қалыптастыруы

3

Семинар
Презентация

9

«Фармацевттің кәсіби білімі мен біліктілігі. Ашық және жабық түрде сұрақтарды қоя білу»

1


Семинар


10

Фармацевтің тұлғалылығы. Фармацевтің тұлғалылығына қойылатын психологиялык талаптар

1

Глоссарий

Барлығы:

10





Оқытушының жетекшілігімен студенттің өз бетінше атқаратын жұмысының




Тақырыптары

Ұзақтығы

Өткізу түрі

1

«Фармацевт-дәрігер-ауру» өзара қарым-қатынасы

1

Реферат

2

Аурудың емделуге ынталылығын жоғарлатудағы фармацевтің рөлі мен жауапкершілігі

2

Презентация

3

Коммуникативтік компетенттілік фармацевтикалық қызметкерлердің басты компетенттілігі ретінде

2

Реферат

4

Фармацевтің лидерлік қасиеттері және олардың кәсіби іс-әрекеттеріндегі маңызы

2

Реферат

5

Аралық бақылау-1

1

Тестілеу коллоквиум

6

Әріптестермен тұлғааралық қатынастар жасау ерекшеліктері

1

Презентация

7

Фармацевтикалық қызметті тұтынушыларды ақпараттандыру ерекшеліктері

2

Реферат

8

Фармацевтикалық қызметкерлерді мотивациялау

1

Реферат

9

Келіспеушіліктердің туындау факторлары және оларды шешу тәсілдері. Дәріханалық ұйымдардағы конфликтология.

2

Презентация

10

Аралық бақылау-2

1

Тестілеу коллоквиум

Барлығы:

15





Студенттің өз бетінше атқаратын жұмыс тапсырмасының




Тақырыптары

Ұзақтығы

Өткізу түрі

Тапсыру мерзімдері

1

Қатынастың кәсіби мәдениеті. Фармацевт дәрігер мен фармацевтикалық қызметті тұтынушы арасын жалғаушы звено ретінде.

2

Реферат

2-апта

2

Дәріханалық ұйымға келушілерді, олардың емделу тиімділігін жоғарлату үшін ақпараттандыру әдістері

2

Презентация

3-апта

3

Фармацевттердің іскерлік қасиеттерін қалыптастыру ерекшеліктері

2

Реферат

4-апта

4

Фармацевтердің әріптестер командасында жұмыс істеуі

2

Реферат

5-апта

5

Фармацевтикалык кәсіпкерлік этикасы

2

Презентация

6-апта

6

Фармацевтикалық жарнама этикасы. Дәрі-дәрмектерге жарнама жасау ерекшеліктері.

2

Глоссарий

7-апта

8

Фармацевтикалық қызмет менеджменті

1

Реферат

8-апта

Барлығы:

15









2.8. Сабақ беру және оқыту әдістері:

  1. Дәрістер: Тақырыптық презентациялар.

  2. Тәжірибелік сабақтар: ауызша сұрау (семинар), фармацевті мен фармацевтикалық қызметті тұтынушы арасындағы түрлі коммуникациялық сұқбаттасуларды талқылау, талдау және бағалау үшін, оларды видеожазылымдарға жазып, кейін тыңдау, рөлдік ойындар, моделденетін кеңес берулер, студенттердің фармацевті, фармацевтикалық қызметті тұтынушы ретінде бір-бірімен коммуникативтік қатынастар жасауды, олардың оқытушының қатысуымен талқыланып талдануы, студенттермен кері байланыста болу, пікірталастар жүргізу, кіші топтарда жұмыс істеу, кіші топтарды презентациялау, тестілік тапсырмаларды шешу.

  3. Басқа пәндермен интеграцияланған бағытталған – проблемалы оқыту.

  4. Студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы: оқу және қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу; Электрондык мәліметтер базасын оқу, тестілік тапсырмаларды өзбеттерінше шешу, рефераттар дайындау, студенттердің жеке өздерінің сұқбаттасуларын видеожазылымдарға жазуы немесе фармацевті мен фармацевтикалық қызметті, тұтынушының видео-аудио жазылымдарға жазу арқылы құрастырылған коммуникациялық материалдарды студенттік топта талқылау, өзбеттерінше бағалау жүргізу; студенттер өтілген сабақтардың тақырыптары бойынша меңгерген коммуникативтік тағылымдарын көрсетіп күнделік жүргізеді; рөлдік ойындардың сценариясын жазады; студенттер өзбеттерінше оқитын сабақтардың тақырыптары бойынша оқытушылардың кеңесін тыңдайды.


2.9. Білімдерін бағалау белгілері және ережелері:

Ағымдық бақылау: Тестілік тапсырмаларды шешу, коллоквиум.

Аралық бақылау: тестілік тапсырмаларды шешу және бағалау парағы немесе ӘКТЕ арқылы оқытушының тікелей бақылауымен студенттердің коммуникативтік тағылымдарын бағалау.

Қорытынды бақылау: студенттердің білімдерін бағалау парағы немесе ӘКТЕ арқылы оқытушының тікелей бақылауы мен студенттердің коммуникативтік тағылымдарын бағалауды және тестілік тапсырмаларды шешуді біріктіре жүргізілетін емтихан.


Әріптік жүйедегі бағалау

Бағалаудың сандық эквиваленті

Пайыздық көрсеткіш

Бағалаудың дәстүрлі жүйесі

А

4,0

95-100

Өте жақсы

5


А -

3,67

90-94

В +

3,33

85-89

Жақсы

4


В

3,0

80-84

В -

2,67

75-75

С +

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

3


С

2,0

65-69

С -

1,67

60-64

Д +

1,33

55-59

Д

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлық емес

2



2.10. Ұсынылған әдебиет:

Орыс тіліндегі:

Негізгі:

  1. Куницына В.Н., Казаринова Н.В., Погольша В.М. Межличностное общение. Учебник для вузов. СПб. Питер, 2001 г.

  2. Карвасарский Б.Д. Клиническая психология. Национальная медицинская библиотека. Питер, 2004.

Қосымша:

    1. Соложенкин В.В. Психологические аспекты врачебной деятельности. М., 1997.

    2. Рогов Е.И. Психология общения. Гуманитарный издательский центр «Владос», М., 2004.

Ағылшын тіліндегі:

Негізгі:

1. Kurtz, Silverman, Teaching and Learning Communication skills in Medicine. – 2-nd Edition, 2004



Қосымша:

1. Lloyd and Bor. Communication skills for medicine. – Edinburgh London N –Y Oxford, 2004.



Қазақ тіліндегі:

    1. Арыстанов Ж.М. Фармацияның ұйымдастырылуы. – Шымкент. – 2003. – 126 б.

    2. Арыстанов Ж.М. Фармация саласындағы менеджмент негіздері. – Шымкент, 1999. – 179 б.


2.11. Қосымшалар:

051103 – «Фармация» мамандығы бойынша басқа оқу пәндермен «Коммуникативтік дағдылар» пәні жұмыс бағдарламасының

КЕЛІСІМ ХАТТАМАСЫ



Келісім пәндері

Материалдың салыстырмалы өзгерісі туралы ұсыным, өзгерту тәртібі және т.б

Келісім беруші кафедралар мәжілісінің нөмірі мен күні

Құқық және психология негіздері

Құқық негіздері. Психология негіздері.

Тұлға ретінде қалыптасудың құқықтық негіздері.

Сөйлесіп араласудың психологиялық ерекшеліктері.





Философия

Философия дәрежелері




Фармацевтикалық қызметті ұйымдастырудың негіздері

Фармацевтикалық этика және деонтолгия



Қоғамдық пәндер

кафедрасының

меңгерушісі, доцент О.А.Төребаев

Фармация ісін ұйымдастыру

және басқару кафедрасының

меңгерушісі, фарм.ғ.д., профессор Арыстанов Ж.М.

2009-2010 оқу жылына «Коммуникативтік дағдылар» пәні бойынша жұмыс бағдарламадағы толықтырулар мен өзгертулер
1. ҚР үкіметінің 08.07.2009ж №1037 қаулысына сәйкес Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясы (ОҚММА) Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медициналық академисы (ОҚМФА) болып өзгертілді.

2. №3 22.02.2008ж. типтік оқу бағдарламасына сәйкес «Коммуникативтік дағдылар» пәні бойынша жұмыс бағдарламасына толықтырулар мен өзгертулер: жоқ


Жұмыстық бағдарламасына кафедраның мәжісінде қайта қаралынған және мақұлданған «28» тамыз 2009ж. №1 хаттамасы
: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Данная работа состоит из основных дат и краткого очерка о жизни и деятельности великого хана Абылая, использованы труды видных писателей и ученных
2014 -> РҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2014 -> Словообразование (VI класс)
2014 -> Контрольная работа по литературе за 2-е полугодие
2014 -> Склонение количественных числительных склонение числительных пять, шесть, семь, восемь, девять
2014 -> Сабақ Сабақтың тақырыбы: 0-ден 10-ға дейінгі сандар. Толық ондықтар (салыстыру, сандарды қосу және азайту). 10 көлеміндегі сандардың құрамы


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет