Жоспар 3 I. Тарау Төменгі сынып оқушыларының жас ерекшеліктер



жүктеу 0.65 Mb.
бет1/5
Дата30.06.2016
өлшемі0.65 Mb.
  1   2   3   4   5


Жоспар


Жоспар 3

I.Тарау Төменгі сынып оқушыларының жас ерекшеліктері. 7

1.1 Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық – педагогикалық ерекшеліктері. 7



ІІ тарау Бастауыш мектеп оқушыларының геометриалық түсініктерін қалыптастыру жолдары. 29

2.2 Бастауыш мектеп оқушыларының геометриалық түсініктерін қалыптастыру. 43



Қортынды 55

Қортынды 58


І. Кіріспе

Диплом жұмысының көкейкестігі : Еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуын жақсарту қоғамдық өмірдің барлық саласында түбегейлі терең өзгерістер жасауды, ең алдымен, адам санасын шыңдауды, жаңаша ойлар қалыптастыруды, халқының өткен тарихи - мәдени мұраларын игере отырып шығармашылықпен еңбек етуді талап етеді.Қазақстанның ХХІ ғасырда өркениетті әлемнен орын алып, дамыған елдер деңгейіне жетуіне ықпал етер бірден-бір құдірет-білім және білімді ұрпақ. Білім беру жүйесінің барлық буындарына, соның ішінде білім мен тәлім – тәрбиенің негізі бастауыш мектепте қаланады.

Қазақстанның тәуелсіздік және егемендік алуына байланысты, өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселесін қоғам дамуына қазіргі кезеңнің талаптарынан туындап отырған міндет және мақсаттарға орай жан – жақты желілдіру қажет болып отыр.

Бастауыш мектепте оқылатын пәндерден жаңа мемлекеттік стандарт, бағдарламалар жасалып, соларға сәйкес төлтума оқу - әдістемелік жиынтықтар жазылады, демек, оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың жаңа жүйесі мектептердің тәжірибесіне енгізілуде, яғни педагогикалық ғылымның озық идеяларымен жиақталған құнды тәжірибелердің нәтижелері өзгерген және жаңа жағдайларда өзінің қолданысын табуда.

Осындай күрделі мәселенің дұрыс шешілуі ұстаздардың теориялық білімнің және кәсіби мамандығының деңгейіне тәуелді.Сондықтан, оқушыларының тек қана білім берумен шектеліп қалмай, қазіргі заман талабына сай тәлім – тәрбие беретін, яғни халқымыздың тарихы, мәдениеті, салт – санасы, әдеп – ғұрпы, педагогикасымен таныстырып, ой - өрісін, қабілетін жан – жақты дамытуға толық мүмкіндік туғызады.

Еліміз егеменді мемлекет болғалы бері барлық сапаларда өзгерістер жүргізіп жатыр. Мұндай өзгерістерден білім беру сапасын да тыс қалған жоқ. Қазіргі білім беру (сапасы) жүйесі әлемдік өркениеттің барлық талабына сай келетін парасатты білім мен біліктілігі жетілген мамандар дайындауды қажет етеді. Сондықтан да Қазақстан Риспубликасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің міндеті ұлыттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдай жасау екендігі айтылған.

Бұл саладағы еңбектер, әдебиеттерді талдау – осы бағыттағы зеріттеулерді әрмен қарай жан – жақты жалғастыру қажет екенін көрсетеді.

Бұл біздің зерітту жұмыстарымыздың көкейкестігін көрсетеді. Бастауыш сынып оқушыларына геометриялық фигураларды оқыту жұмысын дамыту мәселесі – біздің зеріттеу проблемамыз болып табылады.

Көрсетілген проблемамыздың көкейкестігі, соның жеткіліксіз зеріттелуі , ғылыми практикалық мәнділігі, диплом жұмысымыздың ұсынылып отырған тақырыбымызды талдап алуға негіз болады.



Зерттеу мақсаты – Бастауыш сынып оқушыларына геометриалық фигураларды оқытудың әдістемесі.

Зерттеу пәні – Бастауыш сынып оқушыларына геометриалық фигураларды оқыту.

Зерттеу міндеттері :

  • төменгі сынып оқушыларының психологиялық – педагогикалық ерекшеліктерін оқыту;

  • бастауыш мектеп оқушыларының геометриалық түсініктерін қалыптастырудың жолдарын жасау;

  • бастауыш мектеп математикасындағы геометриалық элементтерін түсіндіру;

  • бастауыш сынып оқушыларына геометриалық түсініктерін дамыту барысында тәрбиелік – эксприменттік жолмен түсіндіру, әдістемелік нұсқалар беру;

  • бастауыш сынып оқушыларына геометриалық фигураларды оқытуда дидактикалық мүмкіншіліктерін зерттеу;

Жетекші идея – оқу үрдісінде бастауыш сынып оқушыларына геометриалық фигураларды оқыту сапасын арттыру.

Зерттеудің әдіснамалық негізгі таным теориясы мен оның жетекші идеялары, жеке тұлға туралы теория мен оқушы іс - әрекетін ұйымдастырудың психологиялық – педагогикалық концепциясы және педагогика ғылымдарының негіздері құрайды.

Диплом жұмыстың құрлымы:

Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тарау мен қортындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Осы кезге дейінгі мектептегі геометрия пәнін оқыту – объективті шындықтың бейнесі ретіндегі қоршаған ортаны, яғни геометриялық фигураларды танып- білу функциясын атқарып келгені белгілі. Оқушыға осы нақты шындықты адекватты түрде қабылдаушы рөлі беріледі. Өз санасында қоршаған орта бейнесіне неғұрлым толық жанғыра алған оқушы соғұрлым жан- жақты мәләмет алған, білімді деп есептеледі Білімді адам – жан- жақты білімі бар адам деп саналады.

Сонғы кездегі орын алып отырғандай, білім парадигмасынан дамыту парадигмасына өту –оқушы өзінің белгілі пәнді оқып үйрену іс-әрекеттерінің субъектісі, ал білімнің ғылыми жүйесін игеру- оқушы тұрғысынан тұлғаға бағытталған оқытудың көптеген тұжырымдамалары, технологиялары негізінде пайда болып отыр.

Геометриялық білімнің жаңа мазмұны оқушы мүдделерінің, мүмкіндікткрінің және пәнді өз бетінше оқып үйрену қабілеттерінің, белсенділіктерініңір түрлі болуына байланысты әрбір оқушы белсенгділігінің дами отырып жоспарланған денгейге жету үшін қажетті жіне жеткілікті базистік ебдейліктер жыиынтығын қалыптастыру, яғни талдау, жіктеу, жүйелеу талабын қоятындығы түсінікті.

Біз бұл жұмыста геометрия мазмұнын – оқушының қалыптасып дамуын технологиялық құралдар арқылы басқару ерекшеліктеріне сай жүйелемекпіз. Жүйелеу негізінде оқушы тұлғасының қалыптасып дамуының негізі болып табылатын оқу іс- әрекеті ебдейлігінің атқаратын сипаттау, түсіндіру әне түрлендіру фунециялары алынады. Мұндағы сипаттау дегеніміз - вербальды сипаттаудың арнайы құралдарынү яғни атау сөздерді, терминдерді, таңбаларды, сөз тіркестерін пайдалану арқылы геометрия пәніндегі денелерді атау, сызу, арнаы таңбалармен белгілеу, ұғымдарға анықтама беру, олардың маңызды белгілерін көрсету.

Түсіндіру іс -әрекетіне геометрияда қарастырылатын және оқу іс- әрекеттері барысында игерілген мазмұн компоненттері арасындағы байланыстар мен қарастырылады, қасиеттерді анықтау, реттеу, топтастыру мен сұрыптау, осылайша ұғымның нақты эмпирикалық элементтер жиынындағы мәнән ашуға мүмкіндік беретін типтік есептерді шығару жатады. Ұғымды түсіндіре алу – онығ басқа ұғымдармен байланыс заңдылықтарын, мөлшерлік сипаттамаларды, яғни берілген ұғыммен байланысты шамаларды, шамалар арасындағы байланыстарды , формаларды, ұғымды іс – тәжірибеде пайдалану мысалдары мен принциптерін білу деген сөз.

Ебдейліктің түрлендірушілік функциясы – түрлі оқу ахуалдарды оқушы үшін субъективті жаңа нәтиже алу мақсатында ғылыми заңдылықтарды, нұсқаулар мен кескіндерді пайдалануды білдіреді. Түрлендіруші ебдейлік мазмұнын - өзнін бағдарлық негіздерін құрайтын заңдылықтардан, ұсыныс - нұсқаулардан басқа сұрақтардың жауаптарымен белгісіз объектілерді табуды, объекті түрін мақсатты түрлендіруді, іс тәжірибелік нәтижелер алуды талап ететін тапсырмалар құрайды. Ебдейлік функциялардың осылайша нақтылануы негізге ала отырып, ең алдымен « кеңістік дене», көпжақ терминдерінің « кеңістіктің шектелген бөлігі», « беті жазық көп бұрыштардан тұратын дене» ұғымдары беріледі. Бет – кеңістіктің бөлігін шектеуші шекара деп түсіндіріледі.





: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф-об-001/033 мазм ұ н ы кіріспе
2013 -> Диплом жұмысы тақырыбы: Бастауыш сынып қазақ тілі сабағында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі
2013 -> Бастауыш сыныпта сын есімді оқыту. Жұмыстың жалпы сипаты 1-3 І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім
2013 -> Диплом жұмысы тақырыбы: Бастауыш мектепте жазба жұмыстары арқылы сауаттылыққа үйрету Шымкент-2008 мазмұНЫ
2013 -> Тұңғыш Президентпен өткен бес жылым
2013 -> Кіріспе 4 І әдебиеттерге шолу
2013 -> Бірнеше ондаған жылдардан бері босқындар проблемасын қазіргі заманның маңызды проблемаларына жатқызады. Босқындардың жер ауыстыруының жағдайлары мен себептері әр түрлі
2013 -> 2-5 Тарау–I. 1921-1928 жылдардағы қазақ ауылындағы салық саясаты
2013 -> Жоспар: і-тарау. Ақпан төңкерісінен кейінгі Оңтүстік Қазақстанда демократиялық өзгерістер және қоғамдық-саяси ұйымдардың құрылуы


  1   2   3   4   5


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет