Жоспар: і-тарау. Ақпан төңкерісінен кейінгі Оңтүстік Қазақстанда демократиялық өзгерістер және қоғамдық-саяси ұйымдардың құрылуы



жүктеу 0.49 Mb.
бет2/3
Дата21.06.2016
өлшемі0.49 Mb.
1   2   3
ІІ-тарау (1)

Түркістан өлкесінің мұсылмандар кеңесі
Ресейдегі 1917 жылғы Ақпан революциясы тудырған жаңа тарихи нақтылы жағдайлар империяның отарлық аймақтарындағы ұлттық қозғалыстарға күшті қосымша серпін бере отырып, аса зор ықпал етті. 1917 жылы наурыздың бас кезінде патшаның тақтан түсірілгені туралы хабар Оңтүстік Қазақстан қалаларына телеграф арқылы тез тарала бастады – «алғашқы жеделхаттар тартыспен алынды»14. Бұл оқиға қоғамдық белсенділіктің қуатты толқынын тудырды, барлық болып жатқан оқиғалар түркістандықтардың тіпті аса бейқам бөліктерінің қызығушылығын оятты. Көптеген жерлерде сан мыңдаған адамдар жиналған митингтер және шерулер өтті.

Ақпан революциясын тек орыс либералдары ғана емес, және жергілікті халықтың алдыңғы қатарлы бөлігі қолдады, олардың көкейтесті мәселелерді жедел және нақты шешуге үміті пайда болды. Олардың бастамасымен барлық жерлерде халыққа ескі тәртіпті жеңудің маңызын түсіндіруді өздерінің міндеті етіп қойған, арнайы комитеттер құрыла бастады.

Орыс бақылаушылары, бұл фактіні көрсете отырып, сол күндері жазды: «...орысша сауатсыз түземдік тап өздерінің прогресшілдер партиясының жастарынан көмек сұрады. Жастар орын алған оқиғалардың барысын түсіндірді және олардың сөздерін жүздеген адамдар ескі қалаға және оның шегінен алыс жерлерге таратты... Уақытша үкімет қазірден бастап бүкіл азат Ресейдің сол ұлы құқықтарды алғанын жариялаған кезде біздің түземдіктер бұл жөнінде толық хабардар болоды»15.

Бірақ өлкеде әлі де патша өкіметінің барлық аппараты сақталынды және кәнігі монархист генерал-губернатор Куропаткин мемлекет өміріндегі барлық өзгерістерге қарамастан, өлкені басқаруды жалғастырды. Революциядан кейінгі алғашқы күндері Куропаткин бәрінен бұрын орыс халқын «түземдіктердің» тарапынан көтеріліс болуы мүмкін деп қорқыта отырып, оларды «жұбатуға» және «сауықтыруға» әрекет жасады.

Өлкедегі орыс халқына қарулануды және бронепоездар құруды ұсынған үгітшілер пайда болды.

Сонымен бірге жергілікті халықтың арасында революциялық көзқарастардың одан әрі өсуінен қауіптеніп, Куропаткин облыс губернаторларына нұсқаулық хатында 1916 жылғы көтеріліске қатысушыларды сотқа тарту бойынша жаңа істерді бастамауды, ал басталған әкімшілік шараларды қысқартуды және көтеріліске қатысқаны үшін сотталғандардың жазасын жеңілдету туралы іс қозғауды міндеттеді16.

4 наурызда Уақытша үкімет Ресей халықтарының барлығына «азаматтық теңдік беру» туралы жарлық шығарды. Бірақ, Куропаткин әскери міндеткерлікті өтемейтін мұсылмандарға қатысты «теңдік принциптерін толық қолданбау қажет деп есептеді, дауыстың көпшілігі түземдіктерде болады және олар бәрін өз қолдарына тартып алады, ал ол қолдар сенімсіз ғой»17.

Бірақ, бәрі-бір өмір өзінің түзетулерін енгізді. Өлкеде көпшілікті құрайтын мұсылмандар өздерінің көпшілігін пайдаланып, орыс халқынан құқықтарын кемітпейтіндігіне түркістандық жұртшылықты сендіруге әрекеттенді, ол «тарихи тағылымдармен дәлелденеді және олардың тарапынан қысымшылықтан күдіктенудің қажеті жоқ, ал тек өзара әділетті болуы тиіс»18.

Ақпан оқиғаларынан кейін бүкіл өлкеде бойынша біртіндеп, әрбір қалада, уезде, болыстықта, қыстақта және поселкеде, Уақытша үкімет қысқартқан патша әкімшілігінің орнына қоғамдық ұйымдардың атқарушы комитеттері және аталмыш қоғамдық қауіпсіздік комитеттері құрылды.

Өлкенің жергілікті халқының арасында; соңғы оқиғалардан туындаған іс жүзіндегі нақтылы саяси шындықтарды ұғынудың белсенді процесі тоқталмады. Түркістандықтар жаңа саяси контекстің қалыптасуының куәгері болды: өздерінің мүдделері туралы мүмкіндігінше тезірек мәлімдеуге талпынған көптеген партиялар, топтар және қозғалыстар пайда болды.

Бұл процестің ерекшелігі сол, жаңа жалпыресейлік партиялармен (олардың мүшелері көршілігінде өлкенің европалық халықтарының өкілдері болды) қатар жергілікті халықтың қалың бұқарасының тарапынан тілектестік және қолдау тапқан, жаңартылған бағдарламаларымен өте айқын стратегиялы және тактикалы жас ұлттық ұйымдар да пайда болды.

Осы уақытта «Тұран» ұйымының іс-әрекетінің белсенділігі артты, оның жұмысына көрнекті түркістандық және кавказдық прогресшілдер белсене араласты: олар Абдулла Әріпжанов, Абдулла Ауланий, Убайдулла Тұрсынқожаұлы, Әбілқасым Әминзада, Мұсахан Мырзаханов және басқалар19.

Бірақ, әйтсе-дағы сол күндері әрекет етуші ұлттық ұйымдардың ішінде аса маңыздысы «Шура-и-ислам» болды (1917 жылы наурыздың басында негізі қаланған «Исламдық Кеңес» немесе «Ислам кеңесі»). Атап өту ләзім, аталған ұйымның пайда болуы, сөзсіз өлкенің мұсылман халықтарының мүдделерін шынайы және әсері қорғай алатын, күшті және тиімді ұйымдастырушылық құрылымды құру мақсатымен, бытыраңқы қоғамдар және одақтарды біріктіру және топтастырудағы саяси күштердің толымды әрекеттерінің алғашқыларының бірі болды.

Жаңа ұлттық ұйымның қалыптаса бастауы кездейсоқ құбылыс емес, ол өлке халықтарының саяси ой-қиялдарының даму барысының жиынтығының заңдылықты салдары болды. Оның бастауларында прогресшіл-жәдидшілдерден діни дәстүршілдерге дейінгі әр түрлі дүниетанымдық бағыттағы адамдар тұрды.

Дегенмен, оларды біріктірген әлдебір ортақ нәрсе болды: бұл ортақ нәрсе, қазіргіге қанағаттанбаушылық және өзгерістерді аңсау сезімі болды. Жаңа ұйымның әлеуметтік негізі әртүрлі дәрежелі, мұнда дін иелері, ұлттық интеллигенция, атқамінерлер, саудагерлер және кәсіпкерлер өкілдері болды. «Шура-и-исламның» бағдарламалық ережелеріне және жәй адамдар: дихандар, қол өнершілер, қызметшілер әр тілектестікпен қарады. Ұйымның белсенділері жергілікті халықтың арасында көпшілікке тарату жұмысын тындырымдылықпен және сәтті жүргізді. «Ұлы Түркістан» газетінің мәліметтеріне қарағанда, Ташкентте алғашқы күндері-ақ «Шура-и-исламға» 100-ден астам адам мүше болса, олардың арасында әртүрлі ұлттардың адамдары болды20. «Шура-и-исламның» ережелерінде өлкенің барлық тұрғылықты жерлерінде жаңа ұйымның жалпы жиынын сайлау қажеттігі туралы айтылды. Ташкенттік «Шура-и-ислам» – ұйымның Орталық Комитеті болып жарияланды.

Сөзсіз, өзінің идеологиялық бағдары және тұрпаты бойынша ұлт-азаттық ұйым бола отырып, «Шура-и-ислам» өзінің іс-әрекетінің басында Отан үшін күрделі және тынышсыз уақытта, негізінен ұлттық өзін-өзі анықтау идеясы тұрған әрекеттік бағдарламасын айқын анықтайды.

«Шура-и-ислам» ұйымының таяудағы мақсаттары және міндеттері толықтай жеті пунктке жинақталды:


  1. Түркістан мұсылмандары арасында қазіргі заманғы озық қоғамдық-саяси және ғылыми көзқарастарды насихаттау;

  2. Мұсылмандарды ортақ мақсаттар үшін біріктіру;

  3. ...Құрылтай жиналысына дайындық;

  4. Өлкенің барлық қалаларында, қыстақтарында және ауылдарында митингтер, жиналыстар ұйымдастыру, ғылыми-көпшілік лекциялар және саяси ақпараттар оқу;

  5. Биліктің ескі өкілдерін жаңалармен алмастыруда халыққа көмек көрсету;

  6. Арандатушылықпен күрес және ұлтаралық қақтығыстарды болдырмау;

  7. Өлкедегі барлық ұлттармен және олардың ұйымдарымен байланыс орнату, сонымен бірге оларға (өз өкілдері арқылы) мұсылмандардың негізгі мақсаттары туралы ақпарлар жеткізу21.

Осындай тарихи сәтте барлық мұсылмандарды (ұлтына және саяси келіспеушіліктерге қарамастан) біріктіру және күш-жігерді бірлестіру қажеттігіне көңіл аударылды, онсыз болып өткен революция берген сол еркіндіктерді тиімді түрде жүзеге асыру мүмкін емес22. Бұл міндетті шешуге және де шыға бастаған ондаған газет-журналдар шығарылды. Өлкелік «Шура-и-исламның» төрағасы болып Мұстафа Шоқай тағайындалды.

Өлкелік «Шура-и-исламның» алдында, кейінірек М.Шоқай еске алғандай, «таңдарарлықтай күрделі міндеттер тұрды. Облыстық филиалдардың ұйымдастырушылық жұмыстарын жөнге келтіру қажет болды: Уақытша үкіметтің Түркістандық комитетімен және жұмысшы және солдат депутаттарының Өлкелік Кеңесімен қатынас орнату; болашақ Құрылтай жиналысына сайлауға дайындық жүргізу және т.б.»23.

Өлкелік «Шура-и-ислам» және басқа жергілікті ұйымдардың басшыларының іс-әрекеті мұсылман халқының көптеген жіктерін саяси өмірге итермеледі. Сонымен, сәуір айының орта шенінде Түркістанның мұсылман әйелдерінің жағдайы туралы мәселелер талқыланды. Мұсылман әйелдерге олар үшін мектептер және әртүрлі курстар ашу жолымен білім алуына жәрдем беру мақсатын алға қойған, «Оқу-ағарту баспасы» қоғамын құру шешілді. Съезд мұсылман әйелдерді міндетті оқыту жөніндегі ережені бекітті. Қазан қаласында алдағы болатын мұсылман әйелдердің бүкілресейлік съезіне екі делегат әйел сайланды24.

Ақпаннан кейін ұлттық қозғалыстың белсенділері Ресейдің өзге мұсылмандық аймақтарының туыстас ұйымдарымен және олардың жер-жерлердегі делегаттарымен өте тығыз қатынаста болуды қолдауды тоқтатпады.

Ресейдің мұсылман халықтарының арасында интеграциялық процестердің күшеюі олардың өмірлік мүдделерін қорғауды негізгі мақсаты ретінде көретін арнайы орган құру қажеттігін тудырды.

1917 жылы наурызда IV Мемлекеттік Думаның мұсылмандық ұйымының бастамасы арқылы мұндай орган құрылды. «Ресейлік мұсылмандардың Уақытша орталық бюросы» атауын алған бұл органға бірінші бүкілресейлік мұсылмандар съезін дайындау және шақыру міндеті жүктелді25.

Бірінші бүкілресейлік мұсылмандар съезі 1917 жылы 1-11 мамыр аралығында Мәскеуде жұмыс істеді. Бұл форумға әр түрлі мұсылмандық аймақтардан 900-ге жуық делегат келді, соның ішінде Түркістаннан Убайдулла Хожаев болды. Және онда оңшыл консерваторлардан солшыл радикалдық-социалистерге дейінгі барлық дерлік саяси ағымдар танылды.

Бірақ едәуір қарама-қарсы саяси талаптарына және бағыттарына қарамастан, таяудағы оқиғалар тудырған бәріне ортақ рух өрлеуі және ынталылық делегаттарға қаралған мәселелердің көпшілігі бойынша, әйтсе-де келісімге дем берді. Алғашқыларының бірі болып жүріп жатқан соғыс туралы мәселе қойылды. Қабылданған шешімде көрсетілді: «Бүкілресейлік мұсылмандар съезі, Европалық билеуші таптарының империалистік ұмтылысы әлемдік қанды қырғынның көзі болып табылады деп есептей отырып, қайда болса және неде болса да ол көрініс тапса, онда бүкіл әлем мұсылмандары европалық империализмнің құрбаны болған империалистік саясатқа қарсы наразылық білдірді...».

Күн тәртібі бойынша келесі әйелдер мәселесі тұрды. Қазан қаласында өткен мұсылман әйелдері съезі атынан, Бүкілресейлік мұсылмандар съезінің талқылауына қойылған бірнеше ұсыныстар көпшілік дауыспен қабылданды. Бұл шешімдердің мәні мынаған жинақталады, мұсылман әйелдер тіпті барлық сайлау органдарына сайлау және сайлану құқығын алуға дейін саяси құқықтарда ерлермен теңестірілді. Көпнекелілікке, ерте күйеуге шығуға, қалың малға тыйым салу туралы ұсыныстар да мақұлданды. Мұсылман әйелдер отбасылық болымсыздық жағдайда күйеуімен ажырасу құқығына қол жеткізді, оны іске асырған уақытта неке тіркеу кітабына енгізілуі тиіс болды.

Әрине, мазмұндалған ережелерге жер-жерлердегі реакция бір мәндес болмады, бірақ, күмәнсіз, мұсылман әйелдерінің теңдік алуын жеделдетуге септігін тигізген осындай беделді форумда мұсылман-әйелдердің санғасырлық үміт-арманының жаратымды шешілуінің өзі төтенше маңызы болды.



Съезде жұмыс мәселесі, аграрлық, мәдени-ағартушылық істері және т.б. бойынша тұтас шешімдер жиынтығы қабылданды. Бұл шешімдерде қорытылған кейбір талаптардың қысқаша мазмұны мынадай жинақталды: 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу; жұмысшы мұсылмандық секцияларды құру; жергілікті халықты жер аударуды және далалық облыстарда және Түркістанда олардың жерін тартып алуды тоқтату; ана тілінде оқитын ұлттық мектептер аясын кеңейту; әйелдер мен ерлер үшін мұғалімдер семинарларын және курстарын ашу; сонымен бірге орта кәсіптік мектептер; земскілік қалалық мектептерді басқару үшін уақытша (Құрылтай жиналысын шақырғанға дейін) ұлттық мекемелер құру; мұсылман халқының діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін уақытша діни басқарма құру; әртүрлі аймақтық саяси ұйымдардың іс-әрекетін үйлестіру үшін орталық ұлттық Кеңес құру, оған Құрылтай жиналысына дейін мұсылмандарға басшылық жасау жүктелді; ұлттық Кеңес (оның құрамына Исламды мойындайтын Ресейдің барлық халықтарының өкілдерін қосу қаралды) қаулылары барлық жергілікті ұйымдар үшін міндетті болып табылады. Арнаулы шешімде Уақытша үкіметке талап-тілектің жұмыс пакеті мазмұндалды; онда көрсетілді:

  1. «Мұсылман халықтары тұратын өңірлерде Уақытша үкіметтің комиссарлары және тіпті барлық атқамінерлер жергілікті мұсылман ұйымдарымен, жергілікті мұсылман халқы сенім білдіретін адамдардан тағайындалуы тиіс.

  2. Жергілікті мұсылман халқының басқа халықтың мүддесіне нұқсан келтірмейтін барлық талап-тілектері кідіріссіз өміршең болуы тиіс.

  3. Жергілікті мұсылман емес халықтың талап-тілектерінен тек сол, жергілікті мұсылмандардың мүддесіне қарсы келмейтіндері өткізілуі тиіс.

  4. Мұсылмандық шеткері аймақтар үшін жергілікті өзін-өзі басқару туралы уақытша ереже жергілікті халық өкілдерінің қатысуымен жасалуы тиіс.

  5. Жер мәселелерін шешу Құрылтай жиналысына дейін кейінге қалдырылуы тиіс, ал сол уақытқа дейін жарым-жартылай болса да жер мәселесін кез-келген біржақты шешуге жол берілмейді»26.

Съезде сонымен бірге әскери секцияның атынан полковник Әлиев ұсынған әскери мәселелер блогі бойынша шешім қабылданды. Шешімде айтылды:

  1. «Әскери міндеткерлік мүлдем жойылуы тиіс болды. Егер қандай да болмасын милитаризммен күрес мақсатында, сол кезде тұрақты әскер ұстау талап етілсе, онда әскер ұлттық болуы тиіс.

  2. Егер соғыс аяқталғаннан кейін де тұрақты әскер ұстау қажеттілігі мақұлданса, онда жеке мұсылмандық әскери бөлімдер құрылуы тиіс.

  3. Бұл әскери бөлімдердің коменданттары және офицерлері мұсылмандардан болуы тиіс.

  4. Бұл әскерлер өзінің шақырылған жерінде қызмет етуі тиіс.

  5. Қазірден бастап майданда жүрген жауынгер-мұсылмандар дивизиялар бойынша жеке полктер құруы тиіс.

  6. Осындай жолмен құрылған барлық мұсылмандық полктерде, полктік священниктер құқығындай, сайланып қойылған полктік молдалар болуы тиіс.

  7. Жауынгер-мұсылмандарға көмек көрсету үшін мұсылмандық санотрядтар құрылуы қажет»27.

Айрықша бөліп көрсететін, Ресейдің ұлттық-мемлекеттік тұрпаты туралы мәселе бойынша съезде өткір айтыс-тартыстар қыза түсіп, форумның екі үлкен топқа бөлінуіне әкелді: олардың бірі централизм принциптерін ұстанып, демократиялық Ресей Республикасының құрамындағы мұсылмандардың экстерриториялық мәдени автономиясы үшін, ал кейінгісі Ресей федерациясының құрамындағы мұсылман халықтарының өлкелік автономиясы үшін сөз тартысты.

Алғашқыларының ұстанымы Ахмет Цаликовтың қарары жобасында, ал екіншісі – М.А. Расул-заденің қарары жобасында мазмұндалды.

Қарқынды және ұзақ таластан кейін көпшілік дауыспен (446- мақұлдады, 271 қарсы) Расул-заде ұсынған шешім қабылданды. Міне, сол шешімнен үзінді: «а) ...Мұсылман халықтарының мүдделерін көбінше қамтамасыз ететін, Ресейдің мемлекеттік құрылымының түрі ұлттық-территориялық-федеративтік бастаулардағы демократиялық республика болып табылады; еске сала кететін, белгілі территориясы жоқ ұлттар, ұлттық-мәдени автономияны пайдаланады; б) Ресейдегі мұсылман халықтарының ортақ рухани-мәдени талап-талғамдарын реттеу үшін осы салада бүкіл Ресей үшін заң шығарушылық қызметімен орталық жалпымұсылмандық орган құрылды. Бұл органның түрі, құрамы және қызметі барлық автономиялық бірліктердің өкілдерінің бірінші құрылтайшы съезінде белгіленді»28.

Әлбетте, жергілікті халықтың саяси және ұлттық өзіндік сана-сезімінің дамуы, өлкелік қоғамдық-саяси ұйымдардың ұстанымының қалыптаса бастауы, біртіндеп нығаюы, Уақытша үкіметтің Түркістандық комитетінің мүшелеріне ерекше қуаныш келтірмеді. Олардың Түркістанды шикізат көзі және орыс отары ретінде қабылдауы тоқтамады.

«Ұлттық езгінің ескі тұрпайы түрі, жұмсартылған жаңасымен алмастырылды, бірақ есесіне езгінің аса қауіпті түрі болды»29.

Уақытша үкіметтің 1917 жылы наурызда алғашқы декреттерінің бірінде «...барлық белгіленген әрекеттегі заң күшіне келтірілген, қандай бір дінтұтынуға, дін ілімінің немесе ұлттың құрамында болумен шартталған ресейлік азаматтардың құқықтарындағы шектеулер алынып тасталады»30 деп мәлімделді, бұған қарамастан, нақтылы өмірде іс декларациядан әрі жүрмеді.

Орыс ұлтының, орыс тілінің және православиелік шіркеудің үстемдік етуші дәрежесі сақтала берді. Жергілікті халыққа деген сенімсіздікке, кертартпа күштерге және әскери күшке арқа сүйеуге негізделген Түркістанды басқару әдістері осылайша, мәні бойынша өзгермеді.

Сәуірдің соңында Уақытша үкіметтің Түркістандық комитеті жанында Түркістанға автономия беру туралы мәселе бойынша кеңес өтті. Кеңес Түркістанда толық саяси автономия енгізу мүмкін емес деп таныды.

Бұл көзқарасты А.Ф. Керенский де қолдады. 1917 жылы 29 сәуірде Куропаткин өзінің күнделігіне жазды: «Керенский менің пікіріммен келісті, орыс халқымен борыштық теңсіздікте, түземдіктерге толық құқық берілуі тиіс емес».

1917 жылы сәуірдің 9-16 аралығында Ташкентте өткен Түркістан өлкенің атқарушы комитеттерінің съезінде бұл мәселеге баса назар аударылды, оған Түркістанда әрекет етуші қоғамдық-саяси ұйымдардың және қозғалыстардың көпшілігінен делегаттар шақырылды (форумға жергілікті прогресшілдерден қатысушылар: Махмудхожа Бехбуди, Убайдулла Хожаев, Шаахметов, Серікбай Акаев, Мұстафа Шоқай және басқалар).

Съезд өлкелік қоғамдарының атынан келген көпшілік делегаттар Түркістанға автономия құқығын беруге, ол үшін
ІІ-тарау (2)

«Шура-и-ислам» және «Шуро-и-Улема» ұйымдарының құрылуы мен қызметі
Ақпан оқиғалары түркістандық қоғамды тез саясаттандырып, ұлттық өзіндік сананың және ұлттық бірігудің өсуіне жәрдем берді.

Бірақ, әрине, бұл толық бірігуді білдірмеді және бәрінде де баламалардың жоқ болуынан еді. Көрсете кету ләзім, жас ұлттық ұйымдардың өкілдері өздерінің іс-әрекеттерінің бас кезінде ұлттық қозғалыстың өзінде де және одан сыртқары түрлі ағымдардың қарама-қарсы мүдделерімен қақтығысады.

Анық бола бастағанындай, өлкенің жағдайында жергілікті прогресшілдердің бағдарламалық ережелерін іс жүзінде іске асыруы орыс ұлыдержавашылдарының тарапынан ғана емес, және де жергілікті халықтың бірқатар консервативтік, дәстүршіл топтарының қарсылығына ұшырады. Әйтсе де, 1917 жылдың жазында өлкеде саяси күштердің орналасуы тым күрделі жағдайда көрсетілді. Ұлттық қозғалыста діни реформалардың тым күрделі жағдайда көрсетілді. Ұлттық қозғалыста діни реформалардың қарқынына, дәрежесіне және сипатына қатысты; әйелдердің эмансипациясы; соғысқа қатысты; Ресейдің және Түркістанның болашақ мемлекеттік-саяси құрылымына; Уақытша үкіметке және оның жүргізіп жатқан ұлттық саясатына және тағы басқа көптеген мәселелер бойынша ой-пікірлердің түйіспеуінен туындаған табиғи алшақтау процесі тоқталмады31.

Жаңа ұйымның бағдарламалық ережелерінің негізгі авторларының бірі ташкенттік «Шуро-и-Улеманың» басшысы Серәлі Лапин болды.

Мұстафа Шоқай атап көрсеткендей, Серәлі Лапиннің «Шура-и-ислам» өкілдерімен арада айтарлықтай идеялық келіспеушілік болды32. Дегенмен, ол сөзсіз, Түркістандағы ірі саяси тұлға және ұлттық қозғалыстың белсенді қатысушысы болып табылады.

Көбінесе оның күш-жігерінің арқасында «Шура-и-ислам» ұйымының іс-әрекетінің өрісі Түркістанның басқа да аймақтарына тарады, онда оның бөлімшелері құрылды.

Көрсете кету ләзім, «Шуро-и-Улема» ұйымының идеялық нұсқаулары, сол «Шура-и-ислам» сияқты Түркістан халықтарының саяси өзін-өзі анықтауы қажеттігін мойындауға негізделді. Сонымен қатар, исламдық принциптерге және құндылықтарға ерекше, артықшылықты мән берді.

«Шуро-и-Улема» өкілдерінің пікірінше, түркістандық қоғамды алдағы қайта ұйымдастыру тек Шариғат заңдары бойынша қатаң орындалуы тиіс болды.

Мәселен, Серәлі Лапиннің жетекшілігімен жазылған «Шуро-и-Улеманың» бағдарламалық құжаттарының бірінде айтылды, Түркістанда «ішкі басқарманың барлық салалары бойынша жергілікті заң шығарушылық құқығымен таза мұсылмандық автономия орнату қажет... өлкеде жер пайдалану туралы мәселе Шариғат бойынша жері аз мұсылмандарға мемлекеттік және қоғамдық жерлерді пайдалануға көлемді мүмкіншілік берілуі, бірақ, жеке меншікке қол сұғылмаушылық құқығын сақтау отырып, реттелуі тиіс болды. Түркістан автономиялық федерациясының әлеуметтік-экономикалық құрылымы жөніндегі көрсетілген ережелер бойынша жұмыс еңбегін мөлшерлейтін және жұмысшылардың тұрмысын жақсартуға бағытталған арнайы заң ережесі Шариғат нұсқаулары бойынша шығарылуы тиіс болды...»33.

Ақпаннан кейін Түркістанның саяси өмірі, мәлім болғандай, ұлттық қозғалыста екі ағымның күресімен шектелмеді.

Өлкенің орыс қоғамының саясаттандырылған жіктері, әлбетте, болып жатқан оқиғалардан шеткері қала алмады.

Олар социалист-революционерлердің, конституциялық демократтардың, радикал демократтардың, социалист-демократтардың және басқа бірқатар жалпыресейлік партиялардың бөлімшелерінің айналасына біртіндеп шоғырланды.

Әлбетте, барлық бұл ұйымдар халықтың қалың бұқарасы тарапынан қолдау және тілектестікке кепілденуге үміттенді және әлеуметтік қорған табу үшін айтарлықтай күш салды.

Ұлттық қозғалыстың басшылары: Убайдулла Хожаев, Нәзір Төреқұлов, Мұхамеджан Тынышпаев және басқалар бірінші өлкелік съездің және бірінші Бүкілресейлік мұсылмандар съезінің шешімдеріне сәйкес халық арасында үгіт-насихат жұмысын жүргізуге кірісті. Оның барысында көпшілік лекциялар пайдаланылды, жиналыстар және митингтер ұйымдастырылып, «Ұлы Түркістан», «Шура-и-ислам» және басқа газеттерде прокламациялар, мақалалар жарияланды. Сонымен бірге, алдағы сайлаудың техникасын және де ұлттық-саяси ұйымдардың бағдарламалық ережелерін түсінікті тілмен халыққа таныстыру мақсат етіп қойылды. Халық мүдделерін қорғауға жарарлық қабілетті адамдардың қалалық думаларға ұсынылуы, жергілікті халықтың тағдыры үшін маңыздылығына назар аударылды. Мұның бәрі жергілікті халықтардың саяси және ұлттық өзіндік санасының дамуына ықпал етті және революциядан кейінгі күрделі жағдайда оларға белгілі дәрежеде бағдар алуға көмектесті.

Прогресшілдер, дәстүршілдердің қарсылығына қарамастан, мұсылман әйелдерінің сайлауға қатысуын қолдады, сонымен бірге Думаны (орыс қауымдарының өкілдері ұсынған) мұсылмандық және орыс бөлімдеріне бөлуге қарсы болды. Өлкенің орыс тілді газеттері осы көкейтесті тақырыпқа арналған аналитикалық шолулар және мағлұматтарға толы болды; онда авторлар оқырмандарға бұл күрестің бұлай бітуі себебін түсіндіруге, көптеген жалпыресейлік партиялардың жеңілісінің европалық халықтар тағдыры үшін салдарын білуге әрекеттенеді.

Мұсылман халқы сайлау учаскелеріне, күткендегідей едәуір көп келді. Дума құрамы көпшілігінде мұсылмандық болады... Осы себепті тоғышарлар түрлі пікірлер айтуда, еске сала кететіні, олардың бәрі бір ғана мәселеге жинақталады. Қаланың орыстық бөлігіне және де жалпы орыс мәдениетіне залал тигізілмес пе екен?

Мұндай күдіктенуді, әлбетте, әлі ертерек деп есептеу керек, өйткені аса мәдениетті азшылық, төмен мәдениетті көпшілікке жетекшілік етуі мүмкін, ал бұл бірлескен еңбек оңды нәтижелер бере алады, бірақ әйтсе-дағы, «Улема» ұйымынан 64 мұсылман өкілінің өтуі – жайсыз факт...»34.

Сайлау кезіндегі жалпыресейлік ұйымдарға кез болған сәтсіздіктер, аймақтағы әртүрлі қоғамдық-саяси күштердің арасында елеулі айтыс-тартыстың болғандығын, жергілікті халық өкілдерінің көпшілігінің аталған партиялардың бағдарламалық ережелеріне сенімсіздігін көрсетті.

Мұндай жағдай бәрінен бұрын Ұлы державалық рухпен суарылған бұл ережелерден Ресейдің және өлкенің болашақ ұлттық мемлекеттік құрылымы айқын көрінбеуінен туындады. Нақ осы мәселе өзгерістерге талпынған жергілікті халықтық назарын аударды.

Әйтсе де, ұлттық ұйымдардың айқын басымдылықпен жеңуіне қарамастан, «түземдік» те және орыс баспасөзінде де жаңа қалалық Думаның қабілетсіздігі туралы күдігі көбіне расталды.

Думаның әрбір отырысында дерлік «Шуро-и-Улема» тобы және «Шура-и-ислам» өкілдері жиі қолдау көрсеткен жалпыресейлік демократиялық ұйымдардың өкілдері арасында қызу айтыс-тартыс болды.

Өлкедегі өте ауыр әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайға қарамастан, әрбір мәселені шешуге мейлі азық-түлік, дәрігерлік-санитарлық, тұрғынжай немесе ұйымдастырушылық болсын, қыруар қымбат уақыт пайдасыз босқа кетті. Тіпті күтпеген жерден 6 тамызда жаңа Думаның бірінші жедел шақырылған отырысы өтті. Думаның асығыс шақырылуына ташкенттік Думадан екі өкілді москвалық мемлекеттік кеңеске жіберу ұсынысымен, қарсаңында алынған жеделхат себеп болды. Социалист-революционерлер фракциясы атынан М.Сосновский екі өкілдің біреуін – орыс қаласынан, біреуін – «түземдіктен» сайлауды ұсынды.

Ұзаққа созылған жарыссөзден кейін, социалист-революционерлерден Я.Миллер, «Улемадан» молда С.Мухиддинов, біріккен мұсылман ұйымдарынан Т.Нарботабеков және радикал-демократиялық партиясынан И.Иванов (кейін өз кандидатурасын алды) кандидат ретінде қойылды.

Олар прогресшілдерді өмірлік тәжірибесі аз, европалық мәдениетке батыстық құндылықтарға тым еліктегіш, өзінің түбірінен қол үзген адамдар, сондықтан да мұсылмандық ортада ықпалы мен беделін пайдалана алмайды деп есептеді.

Белгілі өлшемде бұл ескертпелердің, сірә, негізі де болды, өйткені шынында «Шура-и-ислам» өзінің қатарына көбіне Түркістанның жергілікті халқының элиталық бөлігін біріктірді. Алайда, жоғарыда көрсетілгендей, 1917 жылғы ақпаннан кейінгі оқиғалардан туындаған қарқынды процестер ұлттық ұйымдардың, соның ішінде «Шура-и-исламның» да саяси бағдарына және бағдарламалық ережелеріне қызығушылығын арттыра отырып, халықтың саясаттануына себепші болмай қоймады. Түркістандық ұлттық ұйымдарға, сол бірінші Бүкілресейлік мұсылмандар съезінде сайланған Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі көмек көрсетуін тоқтатпады. Кеңеске Ресейдің мұсылмандық аймақтарынан 30 өкіл кірді, олар өз кезегінде өзінің құрамынан 12 адамдық Атқару комитетін (Петроградта тұратын) сайлады. Оның мүшелері танымал қоғамдық-саяси қайраткерлер болды: А.Цаликов, Д.Мухамедов, Ш.Мухамедьяров, И.Лемаков, З.Шамиль, А.З.Уәлиди, У.Хожаев, В.Танашев, К.Тоғысов және басқалар35.

Жер-жерлерде әртүрлі мұсылмандық баспаханалар құру үшін де едәуір күш жұмсалды. Ол үшін түріктік, мысырлық, қазандық әріптер жаздырып алынды; қаржы жинау науқаны жүргізілді; дәріптеушілік іс-әрекеттері жүргізілді және т.б. Бұл жұмыс өз жемісін берді. Мысалы, Ташкентте «Ұлы Түркістан» газетіне қызмет көрсету талап етілген мұсылмандық баспахана алу қоғамының алғашқы акционерлері (М.Яушев, М.Тюменов) пайда болды36.

Сол күндері Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесінің Атқарушы комитетінің атынан Ресейдің барлық мұсылмандарына үнделген, ондаған прокламациялар мен ұрандар басылып шықты. Олардың негізгі мақсаты халықтардан ұлттық өзін-өзі анықтау және тәуелсіздік идеясының аясында біріктіру болды. Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесінің атқарушы комитеті, саяси шындықты зерделей отырып, жұмысшы солдат және шаруа депутаттарының кеңесімен жүйелі диалог және байланыс орнатуға әрекеттенді. Ол үшін жұмысшы және солдат депутаттары кеңесінің Бүкілресейлік съезінің Төралқасына олардың орталық және аймақтық органдарына оның өкілдерін қабылдау туралы өтініш білдірді37. Бірақ, бұл үндеулер, шамасы, күштердің теңдігі мұсылмандардың пайдасына өзгеруінен қауіптену салдарынан көбінесе назардан тыс қалып отырды.

1917 жылы 21-31 маусымда Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесінің шешімімен Қазанда (мұсылман дін басыларының (улема) және мұсылман әскерлерінің съездерімен қатарлас) ІІ Бүкілресейлік мұсылмандар съезі өтті.

Форумға барлық мұсылман халықтарынан 260-тан аса делегаттар қатысты. Түркістаннан түркістандық әскери ұйымның38 (1917 жылы сәуірде құрылған) өкілі Сабыржан Юсупов және Убайдулла Хожаев қатысты, ол съезд Төралқасына сайланды және Түркістандағы саяси-экономикалық ахуалды талдауға арналған баяндама жасады. Онда Убайдулла Хожаев мынадай көкейтесті мәселелерге жете тоқталды: мақта мәселесі, Жетісу оқиғалары, ақпан революциясы және Түркістан, жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестері, өлкенің мұсылман халықтары және т.б.39

Өзінің тұжырымдарында баяндамашы Ақпан революциясынан кейін де табиғи байлықтарды тонаушылықтың тоқтамағандығын, ал Уақытша үкімет өкілдерінің және жаңадан пайда болған жұмысшы және солдат депутаттары Кеңестерінің жергілікті түркістандықтарға қарым-қатынасының татымды өзгермегендігін көрсетті.

Ашық, әсерлі және нақты дәлелдерге негізделген У.Хожаевтың сөзі жанды жеріне тиді, оның үстіне айтылғанның көбі съезге келген делегаттардың көпшілігіне жақын және түсінікті болды.

Қаралған мәселелердің көпшілігі бойынша делегаттар съезд шешімдерімен келісті, алайда, атап өтілгендей, олардың басым бөлігі іске асырылмады.

Үлкен үміт артылған Құрылтай жиналысына сайлау мерзімі жақындауына байланысты, сайлауалды науқаны кезеңі тактикасын әзірлеу ерекше маңызды көрінді.

Осыған байланысты белгіленді:



  1. Мұсылмандар, Құрылтай жиналысына сайлауға бір тізім құрады;

  2. басқа социалистік партиялармен блок құруға (қажетті жағдайда) мүмкіндік беріледі;

  3. кандидаттардың тізімін құру губерниялық ұлттық Кеңестерге немесе оларды алмастыратын басқа ұлттық ұйымдарға беріледі;

  4. кандидаттардың тізімдердегі реті дауыс беру жолымен анықталады40.

Әйелдер фракциясының ұсынысы бойынша, бұл ережелерге толықтырулар қабылданды, онда айтылды, «Құрылтай жиналысына сайлауға әйелдер еркектермен бірлесіп әрекет етуі тиіс, сондықтан да барлық сайлау алдындағы ұйымдарда әйелдер үшін орын берілуі тиіс»41.

Көкейтесті мәселелердің бірі, әскери-ұйымдастырушылық мәселелерге қатысты болды. Делегаттар бірауыздан дерлік Бүкілресейлік орталық мұсылмандық әскери кеңес (Харби Шуро) құру идеясын қолдады және мұсылмандардың әскери съезі даярлаған (1917 жылы 17-24 шілдеде Қазанда өткен) ұсыныстардың тұтас пакетін бекітті42.

Бүкілресейлік мұсылмандық Әскери Кеңес жеке мұсылмандық әскери бөлімдерді ұйымдастыру істерінде Ресейдің барлық халықтарының орталық ұйымдарымен қарым-қатынас жасауға және, егер керек етсе, олармен блок құруға құқығы бар деп көрсетілді.

Жеке Мұсылмандық әскери бөлімдерді ұйымдастыру жөніндегі мәселені талдай отырып, делегаттар егер тұрақты әскер сақталған жағдайда және халық милициясымен алмастырылмаса, онда ұлттық ерекшеліктеріне сай құрылуы тиіс деген тұжырымға келді. Еске сала кететіні, осы мәселені шешу үшін Петроградқа жедел делегация жіберуге, егер жөнсіз жауап берілсе, шақыру тәртібімен мұсылмандық бөлімдерді құруға кірісу ұсынылды43.

Құрылтай жиналысына мұсылман-әскерлердің сайлау алдындағы тактикасы туралы арнайы шешім қабылданды. Онда айтылды, «Құрылтай жиналысына сайлауға мұсылман-әскерлер сөзсіз аса ширақ қатысуы тиіс»44.

Бұл үшін «майдандар жеке сайлау округтерін құруға алдын-ала барлық шараларды қабылдау...» қажет деп танылды45.

Сонымен бірге, әскери ұйымдастырушылық мәселелерді талдау көрсетілді, «аз ғана топтармен түрлі гарнизондарға таралған мұсылман-әскерлері мұсылман халқы тұратын қалаларға жиналуы тиіс. Мұсылман әскерлері бар гарнизондарда, мұсылмандық әскери гарнизондық комитеттер, ал әскери округтерде – округтік комитеттер құрылуы тиіс»46.

Маңызды ұйымдастырушылық мәселелері бойынша жарыссөздер «Харби Шуро» мүшелерін сайлаумен аяқталды. Сайланғандар: прапорщик И.Алкин (төраға), прапорщик У.Тукумбетов (төраға орынбасары), корнет Асадуллаев (төраға орынбасары), А.Манасыпов, подполковник Кугушев, С.Мамлеев, А.Тагиров, Губайдуллин, Д.Алкин, подпоручик Әбдірахман, поручик Әбілханов және Альмяшев.

Армиядан «Харби Шуроға» 13 өкіл сайланды, округтерден – 9, казак бөлімдерінен – 1 және Балтық флотынан – 1. Барлығы «Харби Шуроға» 36 адам кірді47.

Осы күндері аймақта өткен барлық саяси іс-шараларда «федералистердің» идеологтары өз жақтастарының назарын «федерация және автономия туралы тек айғайлау керек емес, бұл мақсатқа қол жеткізу үшін, күресу және өздерінің бар күш-жігерін жұмсау қажеттігіне...» аударды48.

Тамызда Түркістанда жергілікті және жалпыаймақтық маңызы болған тағы екі мұсылмандар съезі өтті.

Сонымен, Ташкентте Мұхамеджан Тынышпаевтың төрағалық етуімен қазақтардың өлкелік съезі өтті. Көрсете кету ләзім, осы съезд түркістандық қазақтар және қырғыздар жиналған бірінші форум болған жоқ. 1917 жылы 17 маусымда Әндіжанда осындай кездесу өтті, онда «Илятия» («Көшпенді») қоғамын құру шешілді, оның басшылығына кіргендер: Қоңырқожа Қожықов, Кенже Әли Достов, Сүлеймен Келгенбаев, Батырхан Мейірбеков және басқалар49. Сонда қоғам өзінің алдына келесі міндеттерді қойды:



  1. көшпенділерді Ресейдегі жаңа мемлекеттік құрылыс идеяларымен таныстыру;

  2. құрылтай жиналысына дайындық;

  3. жаңа қоғамдық және сая құрылысқа тірек болу үшін қоғамдық күштерді ұйымдастыру;

  4. қазақтардың арасында құқықтық тәртіп орнату;

  5. қырғыз, қыпшақ және қазақтардың өздерінің ұлттық және саяси-экономикалық мүдделерін бірлесіп сақтау үшін бір ортақ одаққа бірігу идеяларын насихаттау;

  6. меншікті газеттер шығару және т.б.50

Ташкенттік форумға Сырдария, Ферғана, Жетісу және Самарқанд облысындағы қазақ халқының өкілдері қатысты. Күн тәртібінде жалпымемлекеттік және тұрмыстық сипаттағы 18 мәселе белгіленді. Аса маңыздыларының бірі Ресейдегі басқару түрі және Түркістанның болашақ құрылымы туралы мәселе болды. Ол бойынша съезд, «федеративтік-демократиялық парламенттік республика басқарудың тиімді түрі болып табылады, ал қазақ облыстары территориялық-ұлттық облыстық федерация алуы тиіс»51 деп таныды.

Жер және келімсектер мәселелері бойынша көрсетілді, «қазақтардың өздері тыңғылықты орналасқанға дейін қазақ жерлерін алып қою дереу тоқтатылуы тиіс... егіндерінің жалған шығыны үшін әділетсіз ақы төлететін, келімсектердің зорлығына шек қойылуы тиіс...»52. Одан басқа бірқатар қаулылар қабылданды: өмір сүріп отырған қазақтың халық сотын тарату жөнінде; ана тілінде білім алу және бүкілхалықтық қазақтың «Бірлік туы» газетін шығару туралы53.

Өлкенің қоғамдық-саяси ұйымдары жалпыресейлік партиялардың өлкелік бөлімдерімен және орыс қауымдарының өкілдерімен жүйелі диалог жүргізуге әрекеттенді. Бұл мақсаттар үшін екі жақ тіпті бірлескен жиындар және съездер өткізді, дегенмен мұндай әрекеттер әрдайым өзінің нәтижесін бере бермеді.

Ташкенттік солдат және жұмысшы депутаттары Кеңесінің 30 тамызда өткен жиынында сөзге шыққан Уақытша үкіметтің өкілі Шендриков мынаны айтты: «Орыс мемлекеттілігі қанмен қызарған. Сіздер бұл мемлекеттіліктен биік көтеріліп және маған Ресей өткен күндердегідей, қуатты және күшті болады деп айтуларыңды қалар едім... Енді бұл мемлекеттіліктің биік көтеріліп және маған Ресей өткен күндердегідей қуатты және күшті болады деп айтуларыңды қалар едім... Енді бұл мемлекеттіліктің кепілін мен солдат және жұмысшы депутаттары Кеңесінде көремін...»54. Ресей тоғышары соңғы оқиғалардан және тұтас алғанда елдегі қоғамдық-саяси ахуалдан шошынған еді.

Жекеленген халықтардың «сепаратизмінен» қауіптену және «бөлінбейтін» ұлыорыстық ұлттың ұлыдержавалық мәні туралы даурықпа сөздер жиі-жиі айтыла бастады.

Осылайша, Ақпан революциясы әртүрлі қоғамдық-саяси күштердің бөліну процесін жеделдетті және Ресейге (сонымен қатар Түркістанда) көппартиялық жүйенің жұмыс жүргізуі үшін жағдай жасады.

Ұлттық саяси ой-қиялдардың және азаттық күресінің дамуы барысында жаңа жас ұлттық-саяси ұйымдардың пайда болуы өлкенің мұсылман халқының өзіндік санасы және қоғамдық-саяси белсенділігі дамуының жарқын белгісі болды. Сонымен қатар, ақпаннан кейінгі оқиғалар ұлттық қозғалыстың ішінде айтарлықтай идеялық келіспеушіліктердің болғандығын көрсетті, олардан арылу жалпыұлттық аса маңызды аспектісінің бірі – жалпыресейлік партиялардың филиалдарының ұлттық қозғалысқа және ұлттық мәселеге қатынасы.

Өлкенің жалпыресейлік партияларының негізгі бағдарламалық ережелерін талдау ұлттық мәселені демократиялық шешу жолын ұстанатындығына үнемі сендіруіне қарамастан, олардың анық, негізделген, көлемді және шынайы ұлттық бағдарламасының болмағандығын көрсетті.

Өлкелік кадеттердің, эсерлердің, радикал-демократтардың және басқаларының империялық нұсқауларға негізделген ұлттық бағдарламасы, әлбетте, өлкенің мұсылман халқына түсінікті бола алмады және де қабыл алынбады.

Қалай болғанда да, өлкенің болашағы және оның мемлекеттік құрылысы туралы мәселеде қарама-қайшылықтар қаншалықты терең болғанымен, екі жақтан да демократтар, әйтсе-де, диалогқа жол салуға әрекеттенді.

Бірақ Түркістанда кейінгі драмалық оқиғаларда өзінің басты рөлін ойнау жазылған большевиктер тұрпатындағы жаңа күш біртіндеп жетіле бастады.

Қорытынды




: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф-об-001/033 мазм ұ н ы кіріспе
2013 -> Диплом жұмысы тақырыбы: Бастауыш сынып қазақ тілі сабағында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі
2013 -> Бастауыш сыныпта сын есімді оқыту. Жұмыстың жалпы сипаты 1-3 І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім
2013 -> Диплом жұмысы тақырыбы: Бастауыш мектепте жазба жұмыстары арқылы сауаттылыққа үйрету Шымкент-2008 мазмұНЫ
2013 -> Тұңғыш Президентпен өткен бес жылым
2013 -> Кіріспе 4 І әдебиеттерге шолу
2013 -> Бірнеше ондаған жылдардан бері босқындар проблемасын қазіргі заманның маңызды проблемаларына жатқызады. Босқындардың жер ауыстыруының жағдайлары мен себептері әр түрлі
2013 -> 2-5 Тарау–I. 1921-1928 жылдардағы қазақ ауылындағы салық саясаты
2013 -> Кіріспе Зерттеу өзектілігі


1   2   3


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет