Жоспары: І. Ұйымдастыру /психожаттығу/ ІІ. Қатынасушы топтармен таныстыру. ІІІ. Конкурстық бағдарлама



жүктеу 88.6 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі88.6 Kb.
Тақырыбы: «Аулақ бол жаман әдеттен!»

Мақсаты: Балалардың ақыл-ой деңгейінің даму өрісін анықтау,сыпайы сөздерді орынды қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.Ұлттық адамгершілік, имнадылық рухында тәрбиелеу.

Көрнекілік: суреттер, слайдтар, өнегелі сөздер

Жоспары:

І. Ұйымдастыру /психожаттығу/

ІІ. Қатынасушы топтармен таныстыру.

ІІІ. Конкурстық бағдарлама

1.Өз тобын таныстыру

2.Ақыл-ой ізденісі

3.Жаман әдеттен аулақ болуға арналған тыйым сөздер сайысы

4. Музыкалық номер

ІV. Рефлексия

V.Қорыту

Барысы: І. Ұйымдастыру сәті.

-Қайырлы күн,қымбатты,балалар және қадірлі қонақтар! Сіздерді бүгінгі біздің «Аулақ бол,жаман әдеттен!» деп аталатын ойын бағдарламамызға қатынасуларыңызды қошеметпен қарсы аламыз.Бүгінгі біздің ойынымыздың ұраны: «Бір-бірімізге қуаныш сыйлайық»



Психожаттығу.

-Сабағымызды арықарай әдеппен амандасумен жалғастырайық.

Қонақ күту-салтымыз,

Оқып,біліп жатырмыз.

Келген қонақ сіздерге,

Сәлем бердік жалпымыз!



ІІ. –Ал, біздің ойынымызға кімдер қатынасады екен? Қалай ойлайсыңдар,балалар?

-Әрине, бұл-сіздер,балалар! Сонымен бірге бізбен келген қонақтарымыз да ойнайды. Міне ойыншылар орындарында. Ендеше ойынымызды бастайық. Алдымен екі топқа бөлінеміз. Ол үшін үстел үстінде жатқан гүлдердің өздеріңе ұнағандарын таңдап алып,сол гүл тұрған үстелді айнала отырыңдар. Жаңағы таңдап алған гүлдерді кеуделеріңе тағып алыңдар. Ол сендердің визиткаларың болады.

Қымбатты, көрермендер, кәнеки оң қолдарыңызды көтеріңіздер,енді сол қолдарыңызды. 3рет қолдарыңызды шапалақтаңыздар.

Тамаша! Көрермендер де ойынның басталуын асыға күтуде. Енді бәрі де әзір. Ал,біз,бастадық!



ІІІ. Конкурстық бағдарлама.

1-сайыс: Өз топтарын таныстыру.

-Әр топ өздерін таныстыру үшін өз топтарыңа ат ойлаңдар. Және өз топтарыңның белгісі болу керек. Міне,осыны көңілді етіп бізге көрсетіп бересіңдер.



«Жалғастыр» ойыны

-Ал,біздің көрермендер суретшілер рөліне еніңіздер. Сіздерге ортасында нүктесі бар бір ақ парақ қағаз беріледі. Әркім қандай да болмасын 1элемент салу керек. Соңында бір сурет шығуы тиіс. Оған өздеріңіз ат бересіздер және қорғап шығасыздар. Іске сәт!

Топтардың өздерін таныстыруы:

1-топ-«Гүлдер»

2-топ-«Көбелектер»

Көрермендердің өз суретін ұсынуы, қорғап түсіндірулері.



2-сайыс: Ақыл-ой ізденісі

-Біздің ойынымыз ары қарай жалғасын тапсын десек, бейне ойынды іске қосу үшін қажет «құпия сөзді» анықтауымыз керек. Компьютерде ол жоғалып кетіпті,ешкім есіне түсіре алмайды. Оның бір-ақ тәсілі бар. Сөздер жазылған тізімді алып,өзара салыстырып,қай сөз екі тізімде кездеседі,соны табу керек.

-Әр топтан бір баладан келіп, тізімдегі сөздерді оқып,қай сөз екенін табу,қай топ жылдам әрі тапқыр екен?

кітап бұлақ

өзен жұмбақ

бесік кітап



3-сайыс: «Аулақ бол,жаман әдеттен»-тыйым сөздер сайысы.

-Қазақ халқының бағзы заманнан бері балаларына жаман болады,пәле-жалаға ұшырайсың,құдайдың,әруақтардың киесі соғады –деп ырым етіп, тыйым салған қарекет қылықтар көп кездеседі. Ал кейбір тыйым сөздер әдептілік мінез-құлықты сіңіруге,тазалық сақтауға,қоршаған ортаны қорғауға арналған. М.Әлімбаевтың «Аулақ бол,жаман әдеттен!» деген өлеңінің мазмұнына жасалған слаид бойынша жаман әдеттерді атайық және оларды есте сақтайық.

Бабалардан қалған сөз,

Дей көрмеңдер «жалған сөз».

Баршаға бар пайдасы

Балалар құп алған сөз.



  1. Қаншама рет ескертті

Аю Қоянға:

–Бүйіріңді таянба!



  1. Балта ұқтырды Араға

-Сақта сөзімді есте.

Өсіп тұрған далада

Жалғыз ағашты кеспе!


  1. Қошқар айтты Қошақанға бүгін де

-Үйді айнала жүгірме!

4. Ұқтырды Ешкі Лаққа

-Жөн білмей лақпа

Таңдайыңды қақпа!



  1. Бұзауға Бұқа ұрысты

Ұрысқаны дұрыс-ты

-Иығыңдағы бас па,тас па,

Отты шашпа, күлді баспа!


  1. Бота көріп Бұзауқанды жайлауда

Шақырыпты бірге жүріп ойнауға

-Шөліркесең кел науаға жақында

Шелектегі суға аузыңды батырма!


  1. Арыстан айтты Аюға

Жадыңда сақта лайымда

-Әдеттен озбауды ойла

Қолыңды тбеңе қойма!

8. Жайылып жүрген жотада

Ескертті Бура Ботаға

-Үлгілі сөзді ұмытпа,

Түкіре көрме құдыққа!

9. Кейіді тентек Қонжыққа

Кірекей-қамқор, кәрі ана:

-Болса да мейлі бал жұққан

Пышақтың жүзін жалама!

10. Мысыққа Қанден жөн айтты

Жөн айтқанда дөп айтты

-Аузыңды ашып текке

Ақты жерге төкпе!

11. Ойнақтап жүрген өзекте

Бұрылып Қоян Көжекке

Арқадан қақты:

-Қой бала

Бөркіңді теуіп ойнама!

12. Күшікке Құмай кейіді:

Жетпей ме саған зейінің

Басқа зат бар ғой ойныңа

Белбеу салма мойныңа!

13. Пілге қарап сабырлы

Мүйізтұмсық жалынды:

-Таянбашы жағыңды.

14. Қалталы Қасқырға

Жөн айтты Тазтырна:

Дей берме «Білем» мен!

Отырма жүреңнен!

15. Ат тіл қатты өгізге:

-Мені «жатым» дегізбе

Үйге жиі кел де

Босағаны керме!

16. Жапалақ айтты ақылын

Қызғышқа келіп өтініп:

-Жайлап жүр,сөйле ақырын

Ысқырма үйде отырып!

17. Дәу Мегежін тоғайда

Түсіндірді Торайға:

-Есі жоққа ерме!

Езуіңді керме!

18. Ормандағы алаңда

Үйретті Ұлар Қабанға:

-Қанша етке тойсаң да

Нанды жерге баспа!

19. Нан ардақты адал ас

Кәрі-жас онан аттамас

Ақ дастархан үстінде

Қол жумай оны ұстамас!

20. Қарақұспен сөйлесіпті Қаршыға

Бұдан былай келісейік біз енде

-Майға пышақ шаншыма

Құшақтама тізеңді!

21. Көкбөрі Бөлтірікке алаңғасар

Мұңая қарады да,ойға кетті

-Байқамай аң да басар,адам басар

Пышақты шалқасынан қойма-депті.

22. Арыстан жаздың кешінде

Айтыпты Маймыл Мешінге:

-Дастарханға емін бе

Көп алдында керілме!

4-сайыс: Музыкалық номер

«Гүлдер» тобы 1.Ән: «Мектебім»

2.Ә.Дүйсенбиев «Не деу керек?»



«Көбелектер» тобы 1.Ән: «Бала тілегі»

2.М.Ерімбетов «Рахметін айтпады»



ІV. Рефлексия

-Біздің ойынымыз аяқталуға таяу қалды, ал мен балалар, бүгінгі ойыннан алған әсерлеріңді көңіл-күйлеріңді суреттеп берулеріңізді сұраймын.

-Ал топ мүшелері сурет салып жатқан уақытта көрермендер сіздер де өз көңіл-күйлеріңізді білдіріп алдарыңыздағы гүлдің ортасына егер жақсы әсер алсаңыз қызыл түспен, ұнамаса қара, ал ешқандай әсер алмасаңыз ақ күйінде қалдырыңыздар, орташа болса көкпен бояйсыздар.

-Топ басшыларын өздерінің жұмыстарын көрсетіп, баяндауға ортаға шақырамын. /топ жетекшілерінің түсіндірмесі/

-Қадірлі,көрермендер, сіздер өз ниеттеріңізді білдіріп қолдарыңыздағы гүлді тақтаға қадаңыздар.

V. Қорытынды.

-Мен,баршаларыңызды,осы ойынға белсене қатысқандарыңыз үшін алғысымды айта отырып Әкім Ысқақтың «Аманат» атты өлеңін оқып, ойынымызды қорытқым келеді



Аманат

Ізгілікті іздеші

Үміттерді үзбеші

Үлкендерді ардақтап

Құрметтеші, «сіз» деші

Жаман сөзге ермеші

Намысыңды бермеші

Ел сенімін ақташы

Абыройды сақташы

Ата-анаңды аяла

Жақсыларды саяла

Адалдықты сақтағын

Достарыңды сатпағын

Осы саған аманат

Жоламасын жаман ат

Мұндай тыйым сөздердің мән-мағынасы бүгін де ескірмеген,үлгі-өнеге боларлық халқымыздың асыл мұрасы .



Сабақтың тақырыбы: Сан есім

Сабақтың мақсаты: 1/ Сан есім туралы алған білімдерін арттырып кеңейту, сөйлем ішінен сан

есімді тауып дұрыс сұрақ қоя білуге дағдыландыру

2/ Шығармашылық ойлау қабілетін дамытып, сөздік қорларын,тілдерін

дамыту


3/ Білімді,ынталы болуға,ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Әдісі: СТО элементтері, ойын, сандар арқылы болжау

Көрнекілігі: ойын атрибуттары, кесте сызбалар, семантикалық карта

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық «Тілек шоғы» / партадағы көршілер бір-біріне тілек айтады/

Мұғалім: -Ал мен сендерге не тілейтінімді білгілерің келсе, мына өрнектерді шығарып беріңдер.

32-31=1/д/ 80-76=4/е/ 54-49=5/н/ 64-57=7/с/ 88-77=11/а/ 72-7=65/у/ 100-25=75/л/ 50+40=90/ы/ 84+13=97/қ/



1

4

5

7

11

65

75

90

97

д

е

н

с

а

у

л

ы

қ


ІІ. Қызығушылықты ояту

1.Осы сызбадағы сандарды қалай топтауға болады? «Т» кестесі бойынша топтау

1таңбалы 2таңбалы Жазбаша

4 11 төрт он бір

5 65 бес алпыс бес

7 75 жеті жетпіс бес

1 97 бір тоқсан жеті

Қорытынды ереже: Екі сөзден тұратын сан есім бөлек жазылады.

2.Сан есімді тірек сызба арқылы талдау:

Анықтамасы Заттың санын,ретін білдіретін сөздер

Сан есім

Сұрақтары Қанша? Неше? Нешінші? Нешеу?

Ойын: «Кім тапқыр?» /Сұрақтарға мысал келтіріп, зат есіммен байланыстырып жазу/

1-деңгей: неше? Бес кітап

2-деңгей: нешеу? Кітап-төртеу

3-деңгей: нешінші? Үшінші қатар



ІІІ. Дәптермен жұмыс. Күн ретін, көркем жазу: Мм Мм Мм Мысық

Оқулықпен жұмыс:

48-жаттығу. Сандарды әріппен таңбалау арқылы мәтінді көшіріп жазу. Мәтінге ат қою.

Сергіту сәті: Ән «Санамақ»

49-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып, сан есімдердің астын сызу. Сан есімнің қай түрі екенін ажырату.

Жаттығу бойынша тапсырма: есептік сан есімдерге жұрнақтардың тиістісін қосып айту,сөйлем құрау.

Алты мектеп -ыншы

Үш трамвай -інші

Екі қатар -ншы

Бес парта -нші

Мақал-мәтелдерді түсініп оқып, жатқа жазу. Сызықшаның қойылу себебін дәлелдеу.


  1. Ағайын-алтау, ана-біреу. 2. Қол-қысқа, ой-ұзын, арман-биік.

«Адасқан әріптер» ойыны: берілген сөздерді тиісті үйіне енгізу

1 2 3 4 5 6 7


-ау

-еу

ІV. Ой толғаныс

1.Семантикалық картамен жұмыс /сөз таптарының ережелері мен сұрақтарын қайталау/

Сөздер

Зат есім

Етістік

Сын есім

Сан есім

Жазды




+







Ақылды







+




Жеті










+

Алып келді




+







Екінші










+

Жасыл







+




Жұлдыз

+











2.Шығармашылық тапсырма «Сәйкесін тап»

екінші тоғызыншы

Мұғалім төрт сыныпқа кірді Сабақ жетеу басталады

бесеу сегізде



V.Бағалау

VІ. Үйге тапсырма беру
: 2014
2014 -> Бағдарламасы бойынша жүргізілген іс-тәжірибемнен
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Біздің жақта»
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Ынтымақтастық және топтық жұмысты ұйымдастыру Сабақтың мақсаты
2014 -> Сын есім туралы түсінік. ( 6 сынып ) Сабақтың мақсаты: білімділік
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Құлақтан кіріп, бойды алар»
2014 -> Мужикбаева Алтын Муратқызы Астана қаласы №40 орта мектеп
2014 -> Сабақ жоспарларының үлгілері (іс-тәжірибеден) Құрастырған: Қосаман Дархан Қосаманқызы
2014 -> Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу негізі
2014 -> Сабақтың тақырыбы
2014 -> Данная работа состоит из основных дат и краткого очерка о жизни и деятельности великого хана Абылая, использованы труды видных писателей и ученных




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет