Жусупова Аида Сагатбековна №48 мектеп-лицейдің ағылшын тілі пәні мұғалімі Жылдық Есеп



жүктеу 84.74 Kb.
Дата01.07.2016
өлшемі84.74 Kb.
Жусупова Аида Сагатбековна

48 мектеп-лицейдің ағылшын тілі пәні мұғалімі


Жылдық Есеп

Мұғалімнің ойы

Тренердің ескертпелері

2011-2020жыл Білім беруді дамыту бағдарламасына сәйкес ағылшындықтардың ұйымдастыруымен үш айлық курс Қазақстан мұғалімдерінің білімдерін арттыруға, оқытуда өзгеріс енгізуге көп үлесін қосты. 2013-2014 оқу жылына мен 8 «ә» сыныбын зерттеуді бастадым. Өткен курс бойынша ұзақ мерзімді жоспар жасадым. Соған сәйкес мына 7 модульдерді қолдандым.

  1. Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер

  2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

  3. Оқыту үшін бағалау

  4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ)

  5. Талантты және дарынды балаларды оқыту

  6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу

  7. Оқытуды басқару және көшбасшылық

Бірінші сабағымда жаңа оқу жылында тағы да топ ережесін құрдық. Барлық топқа уақыт берілді, оны ортаға шығып әр топ өзіндікін қорғады, сұрақтар қойып, жауаптар алынды. Соңында жинакталып, ортақ бір ереже шығарылды:

  1. кешікпеу

  2. тәртіп

  3. сыйластық

  4. ауызбіршілік

  5. телефонды сөндіру

  6. эмоцияға берілмеу

  7. топ басшымен араласу

Ереже құрылғаннан кейін әр сабақта есте болды. Осы кезден бастап өз-өздерін оқушылар реттей алдық. Өз ойларын ашық айта алды, еркін ортаға шыға алды, сыни тұрғыдан ойлай алды, тиянақты сұрақтар қоя бастады.

Әрбір сабаққа барардың алдында қалай сабағымды қызықты, мағыналы өткізуге болады екен деп ойландым. Бірінші сабақтан бастап балалармен сабақта оқыған әдіс-тәсілдерді пайдалана бастадым. Сыныпта топқа бөлінген кездері оқушылар қайда барарын білмей жатты, өз достарымен отырғысы келіп жатты. Кейін топпен жұмыс істеген әрі оңай, әрі жеңіл екенін түсінді. Ағылшын тілі сабақ кестесі бойынша басталған күннен жүргізе бастадым.

Оқушылар топта жұмыс істеуді, бір-бірінің ойларын тыңдап, сыни тұрғыдан сұрақтар қоя алуға жақындады, ынтымақтастық атмосфера нығайды, бір-бірін бағалауға үйрене бастады. Диалог әдісінде оқушылар ойын толық айта алды, АКТ жақсы қолданылып, еркін жаңа технологиялармен жұмыс істей алды. Орташа оқитын оқушылардың да сабақта таланттары шыңдалды, бұрында мен байқамаған қасиеттерін байқадым. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артты. Ағылшын тілін деген қызығушылықтары көбейді.

Осы оқу оқытуда біраз өзгерістер енгізді, оқушыларға бағыт-бағдар берем, олар өздері зерттеп. Өз ойларын еркін айта алды. Мұғалім мен оқушылар арасында жақын қарым-қатынас орнатылды, еркіндік байқалды. Мектептегі тәжіребедегі сабақтарымда оқушының идеясы мен білім-біліктілігімді дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастырдым.

Мен оқып келген педагог ретінде мекемеге өзгерістер әкелдім. Бізде мектепте деңгейлік курстан өткен мұғалімдермен бірлескен қауымы бар. Біз ақылдасып бір-біріміздің сабақтарымызға кіріп, талқылап, жіберілген қателіктер болса келесі сабақта оларды болдырмауға тырысамыз. Мектепте «Деңгейлік апталық» болды. Сонда біз барлық мұғалімдермен өз тәжіребемізбен бөлісуге арнайы «Ашық есік» күнін өтткіздік. Мұғалімдер біздің сабақтарымыздың нәтижесін оқушылардың сабақта көрсеткен білімдері мен дағдыларынан көрді. Олардың рефлексияларынан оқығанда, талқылағандарынан көп нәрсені өз сабақтарында пайдаланатынын айтты. Сонымен қатар мектепте ай сайын тәрбие жөніндегі орынбасары Сырғагүл Сайлаубековнаның жанындағы сынып жетекшілер жиналысында деңгейліктен өткен мұғалімдер тәрбие сағаттарын осы 7 модульді қолдана отырып жасалған тәжіребелерін слаид және видео түрінде көрсетіп, өз тәжіребелерімен бөлісті. Осы жиналысты сынып жетекшілер қуаныш сезіммен келіп тыңдайды, өз сабақтарында қолданады.

Мектепте Директорлар конференция болған кезде де біздің деңгейлік қауымдастық тренингтер өткізіп, сауалнамалар алынды, ашық сабақтар өткізілді.

Сонымен қатар Lesson Study сабақтарын Иманбай Салтанат деген 3 деңгейден өткен ағылышын тілі пәні мұғалімімен өткізіп тұрдық. 3 деңгейден өткен мұғалімдер 3 түрлі деңгейдегі оқушыларды сырттарынан бақылап отырды. «Join the Smile Club» деген тақырыпта өткен болатынбыз, жоспарға екінші сабақта 1 сабақта кеткен қателіктерді жойдық.

Деңгейлік курсынан өткен мұғалімдер бір-біріміздің сабақтарымызға кірдік. Мысалы Куанышова Шолпан орыс тілі пәні мұғалімі 08.10.2013 4 «Б» сыныбы, тақырыбы: «Республика Казахстан – наша Родина». Мұғалім ашық және жабық түрінде сұрақтар қойды. Топпен жұмыс жасады. Оқушы мен мұғалім арасында және оқушы мен оқушы арасындағы диалог болды. Топтық презентация жасап оқушылар қорғады. Текстпен жұмыс жасады. Үйге эссе «Моя Родина» деген берді. Формативті бағалау болды. Рефлексия стикермен. Мына модульдің түрлерін қолданды:



  1. Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер

  2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

  3. Оқыту үшін бағалау

  4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ)

Ал ағылшын тілі пәні мұғалімі «Comparative and superlative» деген тақырыптағы 6 «а» сыныбының сабағына 17.04.2014 да қатыстым. Сергіту сәті ретінде өлең қимылдармен бастады. Сосын тоқа бөлінді. Жарыс түрінде отырды, көшбасшыны өздері тағайындап сол ұпайларын санап отырды. Грамматикалық тапсырмалар болды. Тақырыпты қайталау ретінде болды. Жаңа сөздер берілді.Сабақ өте қызықты өтті. Барлық жеті модульдерді қолданып үлгірді.

Оқыту-бұл жекелеген құбылыс немесе дағды емес екенін ұқтым, ол оқушылардың қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені. Жаңа формациядағы мұғалім ретінде мен осы кезден бастап оқушылардың оқу ептілігін әрі қарай дамытамын, оқыту ортасын құру арқылы оқушылар оқу үдерісіне белсенді қатысуына ықпал жасаймын.







48 мектеп-лицейдің ағылшын тілі пәні мұғалімі

Жусупова Аида Сагатбековна

Жоба

Тақырыбы: Оқу мен оқудағы жаңа тәсілдер: сыныптағы диалогтың маңызы

Мақсаты: Ағылшын тілі сабағында дилаг әдісі арқылы сөйлеуді дамыту

Міндеттері:

1. диалогтік сөйлеу және олардың формаларын қолдану арқылы оқу курсы бойынша оқушылардың білімдерін қалыптастыру.

2. оқушылардың топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, жүйелі сөйлеу білу, ситуациялық сұрақтарды қоя білу дағдыларын қалыптастыру

3. оқушылар топта жұмыс жасаған кезде бір-бірін сыйлауға, тыңдауға, жауапкершілікке

тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже: Оқушылар сұрақтар қояды, сол арқылы тақырыпты жақсы меңгереді, мұғаліммен ашық сөйлеседі

Жоспары: Барлық сабақтарда оқу мен оқудағы жаңа тәсілдер арқылы ағылшын тілі пәні бойынша жетістіктерге жету, ғылыми жаңалықтар ашу

Мұғалімнің ойы

Тренердің ескертпелері

Әлеуметтік–сындарлылық тұрғыдан оқытуды түсіну (Vygotsky,1987;Wood,1998) осы Бағдарламада айтылған «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілер» негізінде жатыр. Жету модульдердің барлығында қарастырылатын идеялар оқыту мен оқудың жаңа тәсілдері деп санауға болатынына қарамастан, біз жаңа әдістер ретінде «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйренуді» ғана қарастырамыз себебі олар әлеуметтік-сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты. Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзеді.

Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыруымен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. Зерттеулерде ересектермен интеррактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған. [1; 39]

Выготскийдің оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды.Оқушылардың диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқыту жеңіл болмақ.

Диалог барысында оқушылар (сонымен қатар олардың мұғалімдері де ) келісілген нәтижеге жету үшін күш жігерін жұмсайтын және Мерсер (2000) зерттеуіне әңгімелеу оқушылардың білім алуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің үш түрі бар. [2;39]



Әңгімелесу – оқытудың диалогтық әдісі, мұғалім оқушыларға мұқият ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың жаңа оқу материалын меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған материалдарды меңгергенін тексереді. Оқушыны жаңа білімді алуға белсене қатыстырып, оны білім алу әдістеріне, мұғалім қойған сұрақтарға өз бетімен жауап беруге үйретеді. Эвристикалық әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың білімі мен тәжірибесіне сүйеніп, олардың жаңа білімді түсінуін, қорытынды жасауын жеңілдетеді. Бірлескен іс-әрекет арқылы оқушылар өздері еңбектеніп, ойланып жаңа білім алады.
Білімді жинақтайтын, бекітетін әңгіме оқушылардан теориялық білімдерін, оны қолдану тәсілдерін жүйелеуге бағытталған. Әңгімелесу барысында мұғалім сұрақты бір оқушыға немесе барлық сынып оқушыларына қояды, олар өз пікірлерін айтып, сұрақтар қойып, мұғалім ұсынған тақырыпты талқылайды. Диалогтық оқытудың нәтижесі көп жағдайда сұрақтардың дұрыс қойылуына байланысты, оның артықшылықтары:
•    ес пен тілді дамытуы;
•    оқушылардың оқу-танымдық қызметін белсенді етуі;
•    жақсы диагностикалық құрал;
•    үлкен тәрбиелік күші бар;

Оқушының білім алуына қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын пайдалануға болады.

Осы жобам бойынша дилог арқылы оқушылардың ағылшын сабақта еркін сөйлеуге ынталандырамын. Мысалға мына сабақты алайық. «Қайда барамыз?» деген тақырыпта 8 «ә» сыныбына сабақ болды. Сергіту сәтінде, тақырыпты ашып ашу үшін, түрткі болу сұрақтары қойылған соң оқушылар өз еркімен алған қағаздарына сәйкес демалатын орындарын белгілеп, соған сәйкес топқа бөлінді. Топтың аттарына сәйкес демалыс орнын қызықты, әрі тартымды етіп жарнамалады. Осы кезде оқушылар өз ойын еркін айтты. Сосын «Болжау» кестесін толтыруға текстті бердім, олар оны оқып өз болжамдарын жазды. Бір-біріне сынақтан өткізу сұрақтарын қойды, талқылады. Келер шақты пайдалана отырып ойын ойнады. Тыңдаған диалогты үлгі ретінде қарап, өздері диалог құрды. Рөлге кіріп ойнады.

«Әйгілі зерттеушілер, жазушылар және саяхаттаушылар» атты сабақта сергіту сәтінен бастадым, тақырыпты ашып алу үшін оқушыларға сұрақтар қойылды. Оқушылар сұрақтарға еркін жауап берді.Топтың аттарына сәйкес демалыс орнын қызықты, әрі тартымды етіп жарнамалады сосын инсерт кестені толтырып, талқылады. «Егерде сен саяхатшы болсаң не істер едің» деген сұраққа жауап берді , сұраққа еркін өз жауаптарын әрқайсысы берді. Олар армандап қайда баратын қиялдап қағазға түсірді. Әрбір сабақтын соңында рефлексия жазылып, келесі сабақта талқыланып отырылды.

Сонымен қатар, диалогпен жұмыс істей отырып, жаңа тақырыпты өткен материалдармен тығыз байланыстыра отыру қажет. Егер тақырып отбасы болса, барлық тірек сөздер осы тақырып төңірегінде болу қажет. Диалогқа үйретуде студенттердің алдына қойылған міндеттер төмендегідей болу қажет.

- әңгімені толық тыңдап, сөйлесушімен арадағы әңгіме белсенді араласу, өз ойын, өз пікірін айту, басқалардың әңгімесін қолдай білу;

- жаттанды диалогты ғана емес, кез келген жағдайды әңгімеге араласа білу;

- өз елінің, өз отбасың туралы еркін сөйлесе алуға үйрету.

Диалог тек оқушы мен оқушы арасында ғана емес, мұғалім мен оқушы арасында да болады, мұғалім сұрақ қоя отырып, оқушыдан дұрыс жауап алады. Оқушыға «сенін айытқанын дұрыс емес» деуге болмайды. Оған мұғалім: «Мүмкін тағы ойланарсың, тағы да ізденіп көр» деп қолдау көрсетілсе студенттің өзіне деген және мұғалімге деген сенімділігі артады да, сабаққа деген қызығушылығы жоғарлап, ағылшын тілінде еркін сөйлейге үйренеді

Қорыта айтқанда, диалогтық сұхпаттасу мұғалімдермен оқушыларға білім алуға үлкен үлес қосатынын зерттеулер арқылы байқадым. Оқушылардың білетіндігін және білмейтіндігін анықтау үшін жақсы дамыған коммуникативті дағдылар және түсініктікпен қарау талап етіледі.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Mercer,N and Littleton, K..,(2007). Dialogue and the development of thinking. A sociocultural approach. [Диалог және ойлауды дамыту. Әлеуметтік мәдени тәсіл]. NY: Routledge.

2. Mercer,N.,(2000). Words and Minds: how we use language to think together. [Сөздер мен сана: бірлсіп ойлану үшін тілді қалай қолданамыз?]

3. http://www.kitaphana.kz/ru/downloads/referatu-na-kazakskom/236-pedagogika/3253-okity-adisi.html








: files -> sites -> 1383501615557969 -> files -> widgets -> Dengei-kurstar
sites -> 11 сынып (орыс тілді ) оқушыларының қазақ әдебиетінен жағы демалыста оқитын әдебиеттер тізімі
sites -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі
sites -> Қазақ әдебиет пәнінен оқитын 10сыныпқа арналған әдебиеттер тізімі Д. Бабатайұлы
sites -> ертегісі «Аяз би» ертегісі «Қерқұла атты Кендебай
sites -> Оқу пәнінің 6 сыныптағы базалық білім мазмұны Кіріспе(1сағат). 14. «Ежелгі адамдардың өмірі. Ертедегі терімшілер мен аңшылар»
widgets -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру. Сілтеме
Dengei-kurstar -> «Обоснование необходимости преобразования школьной практики»
widgets -> "Изменение глаголов пошедшего времени"




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет