Кадырбаева Гулжахан Раиимовна «Бірлескен оқу» Бірлескен оқу



жүктеу 59.15 Kb.
Дата03.07.2016
өлшемі59.15 Kb.

Кадырбаева Гулжахан Раиимовна «Бірлескен оқу»


Бірлескен оқу
Балалар бір ғана пәннен емес, бірнеше академиялық пәндерлен олардан күткеннен жоғары деңгей көрсетуі мүмкін: мәселен әртістік, спорттық. Сонымен қатар олар бір салада дарынды болса, басқа салада қиындыққа тап болуы мүмкін.   Дарындылық пен қабілеттіліктерді мұғалімдер ата-аналар, топтың басқа мүшесі немесе балалардың өздері айқындай алады. Балалардың қабілеттерін көрсету үшін оларға жағдай туғызу қажет, ерте жастарында бұл оларға өте қиынға соғады делінген бағдарламада.

Дарынды балаларды оқытуда Выготскийдің еңбектерінен «олар құрдастарының тапсырмаларынан өзгеше тапсырмалардың болуын қажет етеді» деген пікірін тапсырмаларды жоспарлауда негізгі бағытым деп білдім. Бұл туралы Эйр тым күрделі жұмыс балаларға қиын орындалатын және олардың ынтасын жоятын жұмыс болып көрінетіндігін дәлелдеген (2001). «Өзгертілген оқу жоспары» әдістемесінің көмегімен сыныпта ерекше қасиеттерімен ерекшеленетін шағын топтарда орындалатын тапсырмалар дайындауға болады дейді (Нұсқаулық, 74-бет).

Мен тәжірибе кезеңінде сыныбымдағы дарынды балаларды анықтау үшін мектеп психологының көмегімен Савенков тестін орындатқыздым.

Тест тапсырмаларын құрастыруда Фриманның (1998) Британия география қауымдастығының бақылау парағынан мына өлшемдерді тиімді қолдануға болады деген пікіріне сүйендік:



  • Есте сақтауы және білімі;

  • Ойлау қабілетінің жылдамдығы;

  • Мәселені шешуі;

  • Икемділігі;

  • Күрделілікке деген сүйіспеншілігі;

Мектептегі тәжірибе кезінде дарынды және талантты оқушымен бірге әртүрлі деңгейдегі оқушыға арналған тапсырмасы бар жоспар дайындадым және сабақ өткіздім. Ол жоспарды құру үшін 3-апта 5-күндегі 1а, 1b және 2-ресурстарды пайдаланып, өз сабағыма салдым.

Мамандықтардың суреттерін санаттар бойынша сұрыптау Оқушыларға әртүрлі мамандықтар суретін беріп, оларды қалай топтастыруға болады, - деп сұрадым. Алижан ойланып қалды, Әли сұрақты түсінбеді, Ақерке шаштараз бен тігіншінің суретін алып осы екеуін қосамыз деді. Неге деп сұрғанда біреуі адамның шашын қияды, біреуі адамға киім тігеді деген жауабы оң бағаланды. Енді әрі қарай адамның немен жұмыс істеуіне байланысты әрекет етеміз деген соң, олар батыл қимылдап мамандықтарды былай сұрыптады:

«адам-адам» - дәрігер, официант, атушы, психолог, тренер, тергеуші.

«адам-табиғат» - ботаник, зоолог, мал дәрігері, омарташы, агроном, диқан.

«адам-техника» - токарь, тас қалаушы, жүргізуші, архитектор, инженер.

Көзбен көретін айғақтар бойынша сауалнама. Шағын топтағы қатысушылар бір сурет таңдайды. Әрбір сурет үлкен қағаз парағына орналастырылады. Сурет бойынша «миға шабуыл» әдісі арқылы ықтимал сұрақтар қойылып суреттің айналасына жазылады. Менің оқушыларымның сұрақтары мынадай болды:

Алижан: Адамдар неге үй салады?

Әли: Адам неге өзі үй салмайды?

Ақерке: Адам неге құрылыста кранды қолданады?

Көңіл күйге ортақтасу тапсырмасын сыни тұрғыдан үйретуге төселдіруге бағыттадым. Мамандықтың бір түрін алып ескі заманның адамдары қалай өмір сүргендерін елестетіп көріңіз (жүргізуші, дәрігер). Сіздің қазіргі өмір туралы біліміңіздің арқасында қандай өзгерістер болуы мүмкін? «бұрын», «қазір» сөздерін пайдаланыңыз. Біз дәрігер суретін таңдадық. Алижан: Бұрынғы кезде дәрігерде жедел жәрдем көлігі болмады. Әли: Олардың білімі аз болды, құралдары аз болды. Ақерке: Қолдарында ұстап жүретін жәшіктері болмады деп тұжырымдады.

Оқушылардың сауалнамасы: Мен оқушыларымның жас ерекшелігіне байланысты бір дәрігердің суретіне қарап сұрақ құрастыруларын сұрадым.


  • Дәрігер болуды неліктен таңдадыңыз?

  • Ауруларды толық емдей алдыңыз ба?

  • Адамды емдеуді қалай үйрендіңіз?

Осы сұрақтарға жауап алу арқылы сіз нені білгіңіз келді деп сұрағанда оқушылар ойланып қалды. Алижан кейбір аурулар қайтыс болады ғой, соларды неге емдемедіңіз деп сұрағым келген деді. Әли мамандықты неге таңдағанын білер едік деді. Ақерке адамдарды қайтіп емдейтінін білеміз деді.

Бұл тапсырмада оқушылар көп мәлімет алғысы келетінін айтты. Алижан: Өрмекші ұстап тұрған мамандық қалай аталады? Ақерке: косманавт неге айға ұшады? Әли: суретшілер қалай бояған? Бұл сұрақтарға жауап алу үшін кітап оқу керек, ата-анамыздан сұраймыз деді.

Қосымыша ақпаратты мамандықтарды зерттеу мәліметтерінен немесе сыныптастары арасында сауалнама жүргізу көмегімен алуға болады. Олар күнделікті көріп жүрген мамандық суреттерін көрсетті.

Осы оқушылардың әрқайсысы мен ұсынған тапсырманы орындау кезінде қалай әрекет еткендерін жазып алдым. Осы оқу жөнінде фотосуреттер, оқушы жұмыстарын, оқушылардың өзіндік бағалау материалдарын жинадым.

Бұл есепте жекеленген оқушылардың қажеттіліктері мен оқушылардың бірлескен топтық жұмысқа қарым-қатынасын анықтауды мақсат еттім. Бірлескен тапсырманы оқушылардың бір-бірінен үйренуіне жағдай туғызу үшін қолдандым. Бақыланатын үш оқушының жұмыс деңгейі әртүрлі. Алижан тереңірек ойлайды, бірақ баяу қимылдайды. Ақерке біреуді қайталағанды жақсы көреді. Әли ойын жеткізуге қиналады.

Ақерке бірлескен топтық жұмыс кезінде өзіндік пікір айтуды үйренді, Алижан жылдамырақ қимылдау қажеттігін түсінді. Әли пікір айту үшін ойын жинақтап, тұжырымдауды үйренді.

Әрбір оқушыны оқытуда топтық жұмыс бірлігіне, ынтамақтастығына сөйлеу тіліне, сыни ойлауына, зейін шоғырлануына ықпал етті.

Дарынды және талантты балаларға арналған тапсырмаларды жоспарлауда өз бақылауымды келесі тапсырмаларды жоспарлауда, жекеленген оқушылармен жұмыс жоспарлағанда, әріптестермен кеңескенде қолданамын.

Дәстүрлі сабақта дарынды балаларды ұжымнан бөліп, жеке тапсырмалар дайындайтынбыз, жаңа тәсілдер арқылы топтық әрекетке тартып, сыныптастарымен қарым-қатынасқа түсуге үйрету тиімділігі дәлелденді. Бірлескен жұмысты ұйымдастыру арқылы ондағы оқушылардың қарым-қатынастағы шиеленістікті жою, олардың арасында өзара серіктестік және түсіністік қарым-қатынасты орнату оқушылардың сенімсіздіктерін жойып, жалпы сыныптағы оқушылардың қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосты. ·          

Ақерке топтастарының тапсырмаларды дұрыс орындауын қадағалап, топтағы міндеттердің жүйелі бөлінуін қадағалап отырды. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып,  мұғалім нұсқауынан гөрі өз сыныптастарының нұсқауын алу тиімді болатынына көзім жетті.

Балалар топтары оқушыларға даму барысында біршама алда немесе артта қалған өз қатарластарымен өзара әрекетте болып, когнитивті және әлеуметтік қабілеттерінің дамуына септігін тигізетініне көзім жетті.

Күрделі тақырыптардың өзін оқушыларымның бұрыннан жинақтаған білімі мен тәжірибесімен байланыстыра отырып түсіндірудің жолдарын іздедім. Оқушыларымның сабақ барысындағы белсенділігін арттыруды көздедім. Оқушылардың оқуға деген көзқарасында өзгерістер байқалды: білім алу үдерісіне жауапкершілігі артты, берілген тапсырмаларды орындауға шығармашылықпен қарай білуі байқалды.  Олардың топ ішіндегі серіктестік қарым-қатынасы артып, бір шешімге келе білу, басқаның пікірін сыйлай білу, өз ойын ашық айта білуіне жол ашылды. «Топпен жұмыс ұнады ма? Неге?» деген сұраққа жұмыс тез орындалды, көңілді болды, тапсырмалар қызықты екен деп жауап берді. Ал «Топтағы жұмыста не ұнамады?» деген сұраққа сыныптастарының көп шулайтынын, кейбір балалармен ұрыс-керіс болатынын атады. Олардың қызығушылықтарын ояту мақсатында тапсырмаларды күрделендіріп отыруды қамтамасыз етіп отыруға тырыстым. Топтағы талқылауды ұйымдастыруда кедергілерді жою мақсатында ынтымақтастық атмосферасын құрудың қажеттігін, топтарды жүйелі бөлуді ескердім.

Тапсырманы орындау барысында үшінші апта, бесінші сабақтағы ресурсты пәнге кіріктіруде қиындықтар болады. Бірақ, адам тығырыққа тірелгенде тың ойлар шығады деген пікірге сүйенсек ол мұғалімнің де сыни ойлауына үлес қосады. Кедергіден «Визуалды айғақтар» ресурсын қолданып шықтым.

Болашақта мына мәселелерге көңіл бөлуім керек деп түйіндедім:


  • Сұрақтарды күрделендіру, ойлануға уақыт бөлудің қажеттілігін естен шығармау.

  • Көзбен көретін айғақтардың тиімділігін пайдалану.

  • Оқушылар пікірлерін тыңдау, тиісті қорытынды шығару.

  • Әріптестермен пікір алмасу кейбір шешімі қиындық тудыратын сұрақтарды жеңілдетеді.

  • Тапсырмаларды құрастыру барысында оқушылардың жас ерекшеліктерін міндетті түрде ескеру. 

  • Жаңа тақырыпты түсіндіруде оқушылардың бұрынғы біліміне сүйену және өмірден нақты мысалдар келтіру арқылы қызығушылығын тудыру.

Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

  2. Үлестірме материалдар «Көзге көрінетін айғақтар»,

 

 



 

 


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет