Калиева эльмира жилкамановна



жүктеу 289.23 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі289.23 Kb.
түріДиссертация


ӘОЖ 37.012:004

Қолжазба құқығында

КАЛИЕВА ЭЛЬМИРА ЖИЛКАМАНОВНА


Білім беру сайттарын пайдалану арқылы «Ақпараттық-қатынастық технологиялар негіздері» пәнін оқыту әдістемесі

6M011100 – Информатика мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

Рефераты

Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының кандидаты,

аға оқытушы Н.Ж.Ибрагимова

Қызылорда, 2012 ж.

Дессертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Информатика және ИОӘ» кафедрасында орындалды.

Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының кандидаты,

аға оқытушы Н.Ж.Ибрагимова

Ресми оппонент: педагогика ғылымдарының кандидаты,

аға оқытушы А.Б.Ибашова

Қорғау өткізіледі:

Диссертация 20______жылы «______»_______________сағат_________ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде қорғалады (120014, Қызылорда қаласы, Ы.Жахаев көшесі, 6 оқу ғимараты, Физика-математика факультеті, №211ауд.)

Диссертация Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.


Диссертациялық кеңестің хатшысы

Информатика магистрі Өтетілеу А
Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі уақытта Қазақстанда ақпараттық қоғамның интенсивті дамуы жүруде. Мұндай қоғамның социалды сұранысы – ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалана алатын және де ақпараттың ағымына бейімделе алатын озық ойлы жеке тұлға қалыптастыру.

Біртұтас ақпараттық танымдық кеңістікте (БАТК) білім беру жүйесіндегі негізгі мақсатты былай ашып қарастыруымызға болады – білім беру жүйесінің әртүрлі облыстарында АКТ негізінде өзіндік ортақ мақсатқа жұмылдыру арқылы тұлғаның мәдени және кәсіби ойлау жүйесін дамыту.

Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни, компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр.

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни, оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады.

Білім беруді ақпараттандырудың негізгі бағыттары былайша анықталады:


  • ақпараттық-білім беру ортасын оның қызмет ету технологиясын қамтамасыз ететін жұмыстардың жиыны ретінде қарастырылатын оқу мекемесі деңгейінде құру;

  • оқыту үрдісін, ғылыми зерттеулерді және ұйымдасқан басқаруларды қамтамасыз ететін білім берудегі ақпараттық технологияларды жүйелі біріктіру;

  • біртұтас білім беру ақпараттық кеңістігін құру.

Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру еніп, көкейтесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім.

Оқыту үдерісін және жоғары оқу орнын басқаруда ақпараттық технологиялардың алатын орны ерекше. Білім беру процесіне ақпараттық-қатынастық технологияларды енгізу және тәжірибені талдау электрондық оқулық басылымдар мен Интернет-ресурстарды тек толтырып қана қоймай, пән мұғалімдеріне сабақтарда жұмысты ұйымдастыру формалары мен әдістеріне рұқсат ететін ерекше ортада оқытудың жүзеге асатынын көрсетеді.

Білім саясатының өзекті мәселелері – кәсіптік даярлаудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың формалары мен әдістерінің түрлерін өзгерту, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның ролін арттыру және қазіргі заман техникасы мен технологиясын жоғары деңгейде қолдана білу.

Ақпараттық-қатынастық технологияны пайдаланудың жағдайында студенттердің білімдерін жетілдірудің мүмкіндігі кең, соның бірі электрондық оқулықтарды, сайттарды қолдану болып табылады.

Оқу процесінде білім беру сайттарын пайдалану студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Оқу орнының Интернет желісіндегі сайты – салыстырмалы түрде педагогикалық негіздерін дайындауды керек ететін жаңа білімдік құрал.

Білім беру сайттарын жасау ақпараттың логикалық реттелуіне ықпалын тигізеді. Г.К.Нұрғалиева, Б.Б.Баймұханов, Ж.А.Қараев, А.А.Жолдасбеков, Б.К.Момынбаев (жаңа ақпараттық технологиялар); Д.М.Жүсібалиева (жаңа технологияның негізінде қашықтан оқыту формасы); М.В.Булгаков, Е.Г.Гридина, А.Д.Иванников, В.П.Кулагин, С.Л.Лобачев, В.И.Солдаткин, А.Н.Тихонов, Т.С. Яшина, Е.В.Бугровская еңбектерінде білім беру сайттарын жобалаудың ғылыми-әдістемелік негіздері қарастырылған. Бірақ, бұл еңбектерде сайтта ақпараттық–білім беру ресурстары мен сервистерін пайдаланудың әдістемесі толығымен ашылмаған.

Білім беру сайттарын жасаудың негізгі мақсаты - бірыңғай білім беру ақпараттық кеңістігінде білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру мен жүзеге асыру болып табылады. Бұл жүйені жасау барысында білім беру сапасын арттыруға көптеген мүмкіндіктер туады.

Алайда, осы бағытты жүзеге асыру барысында мынадай қарама-қайшылықтар туындауда: БАТК құру қажеттілігі мен оны пайдаланушылардың (оқушылар, мұғалімдер) дайындық деңгейінің төмендігі; ақпараттық-қатынастық технологияны қолдану барысында күтілетін оқыту тиімділігі мен оларды оқу үдерісінде қолданудың дидактикалық принциптерінің жоқтығы мен әдістемелік ерекшеліктерінің ғылыми негізделмеуі.

Осы анықталған қарама–қайшылықтарды шешуді, ақпараттық–қатынастық технологияларды қолданудың әдістемелік ерекшеліктерін зерттеуді қамтамасыз ететін болашақ информатика мұғалімдеріне оқылатын «Ақпараттық–қатынастық технологиялар негіздері» пәнін білім беру сайттарын пайдалану арқылы оқытудың педагогикалық жүйесін құрып, оны негіздеу және экспериментті түрде тексеру - біздің зерттеуіміздің проблемасы болып табылады.

Бұл мәселені отандық психологиялық және педагогикалық зерттеулерде жеткіліксіз түрде қарастырылуы, оның көкейтестілігі мен маңыздылығы менің диссертациялық жұмыс тақырыбын «Білім беру сайттарын пайдалану арқылы «Ақпараттық-қатынастық технологиялар негіздері» пәнін оқыту әдістемесі» деп таңдауға негіз болды.

Зерттеу нысаны. ЖОО-да «Ақпараттық–қатынастық технологиялар негіздері» пәнін оқыту үдерісі.

Зерттеу пәні. Ақпараттық-қатынастық технологиялар пәнін білім беру сайттарын пайдалану арқылы оқыту үдерісі.

Диссертациялық зерттеудің мақсаты. Білім беру сайттарын оқыту үдерісінде пайдаланудың психолого-педагогикалық аспектілері мен дидактикалық принциптерін айқындау негізінде ЖОО-да «Ақпараттық–қатынастық технологиялар негіздері» пәнін оқытудың әдістемелік ерекшеліктерін анықтау және эксперимент барысында тексеру.

Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер білім беру сайттарын пайдалану арқылы «Ақпараттық-қатынастық технологиялар негіздері» пәнін оқыту негізделсе және оның әдістемесі даярланса, онда студенттердің пәнді жетік меңгеру үдерісінің тиімділігі және пәнді оқытудың сапасы, олардың оқуға деген қызығушылығы мен белсенділігі арта түседі.

Зерттеу мақсаты, нысаны және ғылыми болжамы келесі міндеттерді анықтады:



  • Бірыңғай ақпараттық білім беру кеңістігінде білім беру сайттарын пайдаланудың психологиялық-педагогикалық аспектілерін анықтау;

  • Білім беру сайттарын қолданудың дидактикалық принциптерін анықтау негізінде ол технологияны оқытуда қолдану тиімділігін арттыру жолдары мен ерекшеліктерін айқындау;

  • «Ақпараттық-қатынастық технологиялар негіздері» пәнін оқытуда білім беру сайттарын пайдаланудың анықталған ерекшеліктері негізінде оны тиімді қолданудың әдістемесін жасау және оны сынақтан өткізу.

Зерттеудің жетекші идеясы. Білім беруді ақпараттандыруды жүзеге асыру, алдымен, ақпараттық-қатынастық технологияны білім беру мекемелерінде қолданатын мұғалімдердің кәсіби дайындығына байланысты. ЖОО жүйесінде «Ақпараттық-қатынастық технологиялар негіздері» пәнін оқытуда білім беру сайттарын пайдалану оқытудың тиімділігін арттырып, сапалы мамандар даярлауға жағдай жасайды.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздерін білім беру жүйесінің философиялық, психологиялық-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік негіздері, жеке тұлғаның қалыптасуының жалпы философиялық ұстанымдары, біртұтастық туралы диалектикалық теориясы, қазіргі білім беру проблемалары, педагогика, психология мен жеке тұлғаны дамыту саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері құрайды.

Диссертациялық зерттеудің теориялық, әдістемелік және ғылыми тәжірибе қағидаларын жасауда ЖОО білім беру үдерісін зерттеудегі жүйелілік, тұлғалық және іс-әрекет тұрғысынан қараудың жалпы ғылыми ұстанымдары, іс-әрекеттің философиялық, психологиялық, педагогикалық теориясы; проблемалық оқытудың психологиялық-педагогикалық және әдістемелік негіздері туралы теориялары мен идеялары қолданылды.



Зерттеу көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардың, педагогтардың, психологтардың және т.б. ғалымдардың еңбектері; ҚР үкіметінің ресми материалдары; Білім және ғылым министрлігінің ЖОО білім беру мәселелеріне қатысты көрсеткіш (норматив) құжаттары мен оқу-әдістемелік кешендері (стандарттар, типтік оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары және т.б.); Қазақстан Республикасы міндетті білім беру бағдарламалары; Білім беру саласын ақпараттандыру тұжырымдамасы мен бағдарламасы; педагогтардың ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибелері; ақпараттық-компьютерлік технологиялар саласындағы ғылыми еңбектері.

Зерттеу әдістері: зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда теориялық (модельдеу, аналитикалық-синтетикалық, салыстырмалы, индуктивті-дедуктивті талдау), эмпирикалық (сұрау, бақылау, педагогикалық эксперимент, педагогикалық озық іс-тәжірибелер); әлеуметтану (сауалнама); білім беру жүйесі пайым нысаны (субъектілерінің) тәжірибесін талдау, салыстыру, зерделеу, жинақтау, тәжірибелік-әдістемелік жұмыстарды жүргізу әдістері қолданылды.

Зерттеу кезеңдері: зерттеу жұмысы үш кезеңге сәйкес жүргізілді, олар: айқындау, іздену, оқыту кезеңдері.

І кезең. Айқындау эксперименті (2010-2011 жж).

Айқындау экспериментінде келесі зерттеу әдістері қолданылды: психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді, сонымен бірге «Білім берудегі АКТ» пәні бойынша оқулықтар мен оқу құралдарын, пәннің оқу бағдарламасы, информатикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау; студенттерге және оқытушыларға сауалнама жүргізу; сараптамалық бақылау жұмыстарын жүргізу арқылы студенттердің веб-сайттарды қолдану дайындық деңгейін тексеру; педагогикалық іс-тәжірибені жинақтау және зерттеу; зерттеу нәтижелерін теориялық талдап қорыту.

Айқындау экспериментін жүргізу мақсаты:


  1. «Білім берудегі АКТ» курсын оқыту барысында жаңа әдістемелік тәсілдерді пайдалану қажеттігін негіздеу;

  2. Студенттердің білімінің төменгі деңгейінің себептерін талдау;

  3. Веб-сайттарды пайдалану арқылы «Білім берудегі АКТ» курсын оқыту процесінің жетілдіру мүмкіндіктерін іздеу.

ІІ кезең. Іздену эксперименті (2011-2012жж.).

Эксперименттің екінші кезеңіне жоғарыда аталған факультеттің 3 курс Инф-09-1у тобының студенттері қатысты.

Эксперимент жүргізу мақсаты: жасалған веб-сайттың сапасын тексеру, студенттер арасында «Оқытудағы ақпараттық–іздеу жүйелері» тақырыбын оқыту мысалында жасалған веб-сайттың дидактикалық мүмкіндігін пайдалану әдісін анықтау және жұмысын өңдеу.

ІІІ кезең. Бақылау экспериментін қоса алғандағы оқыту эксперименті 2010-2012жж.

Зерттеу әдістері: «Оқытудағы ақпараттық – іздеу және ақпараттық – анықтамалық жүйелер» тақырыбы бойынша студенттердің білімін тексеру және сабақ жүргізу, зерттеу нәтижелерінің дұрыстығын статистикалық бағалау.

Экспериментті топта оқыту веб-сайттарды пайдаланып жүргізілді. Бақылау тобында оқыту дәстүрлі лекциялық сабақ түрінде жүргізілді. Педагогикалық эксперимент нәтижелері қорытындыланды, мәліметтер есеп-қисаптық өңдеуден өткізіліп, әдістемелік ұсыныстар берілді. Пайдаланылған әдебиеттер бір жүйеге келтірілді. Диссертациялық жұмыс талап бойынша дайындалды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

- «Бірыңғай ақпараттық білім беру кеңістігі», «Білім беру сайты» ұғымдары ғылыми тұрғыдан негізделді;

- Білім беруде қолданылатын сайттарды пайдаланудың психологиялық - педагогикалық аспектілері, оқытуда алатын орны мен рөлі анықталды;

- «Ақпараттық-қатынастық технологиялар негіздері» пәнін оқыту сайты жасалып, оны білім беруде қолдану әдістемесі жасалды.



Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы. Зерттеу жұмысының нәтижелері жоғары оқу орындарында оқу үдерісінде білім беру сайттарын пайдаланудың келесі бағыттарын айқындаудан тұрады: телеқатынастық құралдарды қолдануға негізделген біртұтас ақпараттық білім беру кеңістігін құру және дамыту; пән бойынша білім базасын жасау; білім беру сайтының моделін жүзеге асыруды ұйымдастыру принциптерін айқындау. Бұлар - білім беруді ақпараттандырудың теориясы мен әдістемесіне қосылған үлес болып табылады.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

  • «Ақпараттық-қатынастық технологиялар негіздері» пәні бойынша білім беру ресурстары жасалды;

  • Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған «Ақпараттық- қатынастық технологиялар» пәні бойынша білім беру сайты жасалып, оны оқытуда қолдану әдістемесі жасалды.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

  • Біртұтас ақпараттық білім беру кеңістігінде білім беру сайттарын пайдаланудың психологиялық-педагогикалық аспектілері;

  • Білім беру сайттарын жасау және оны қолданудың дидактикалық принциптері;

  • «Ақпараттық-қатынастық технологиялар негіздері» пәнін оқытуда білім беру сайттарын қолдану әдістемесі.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі алғашқы әдіснамалық және теориялық көзқарастармен; практикалық жұмыс мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестілігімен; зерттеу проблемасын зерделеуде зерттеу міндеттеріне әдістер кешенін пайдаланумен; зерттеу мәліметтерінің дәлелділігімен; тәжірибелі-әдістемелік жұмыстарының жоспарлы кезеңділігімен; ұсынылған әдістеменің тиімділігімен; бастапқы және соңғы көрсеткіштердің нәтижелерін қорытындылаумен; олардың тиімділігін тәжірибе-әдістемелік жұмыстар арқылы тексеруімен дәлелденеді.

Зерттеу базасы. Ғылыми-тәжірибелік жұмысы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің физика-математика факультетінде (6 оқу ғимараты) жүргізілді.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және енгізу. Зерттеудің негізгі қағидалары мен нәтижелері ғылыми баяндама түрінде «Қазақстан қоғамының даму тенденциялары: әлеуметтік саяси инновациялық аспектілері» атты Республикалық ғылыми – тәжірибелік конференциясында (Қызылорда, 2011), «Білім және ғылымның инновациялық дамуы: бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудың проблемалары мен болашағы» атты алықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында( Қызылорда, 2011), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне 75 жылдығына арналған Республикалық ғылыми-практикалық конференциясында(Қызылорда, 2012) баяндалып, талқыланды.

Зерттеудің нәтижелері «Информатика және ИОӘ» кафедрасының ғылыми-әдістемелік кешенінің мәжілісінде талқыланып, физика-математика факультетінің оқу үдерісінде студенттерге, зертханалық және өзіндік жұмыс сабақтарын жүргізу барысында іске асырылды.



Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

Кіріспе бөлімінде зерттеу жұмысына жалпылай сипаттама беріледі, тақырыптың көкейкестілігі дәлелденіп, зерттеудің басты мақсаты мен міндеттері, зерттеудің әдіснамалық негізі анықталды; оның ғылыми болжамы мен жаңалығы, теориялық және тәжірибелік мәнділігі ғылыми тұрғыда негізделеді; қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар, нәтижелердің дәлдігі мен негізділігі ашып көрсетіледі.

Оқытуда білім беру сайттарын пайдаланудың теориялық негіздері” атты бірінші бөлімде «білім беру сайты» ұғымына анықтама беріліп, оларға қойылатын талаптар, біртұтас ақпараттық білім беру кеңістігінің даму тенденциялары мен факторлары, БАББК-де білім беру веб сайттарын пайдаланудың психо-педагогикалық проблемалары қарастырылды.



«Білім беру сайттарын пайдалану арқылы ақпараттық-қатынастық технологиялар негіздері пәнін оқыту әдістемесі» атты екінші бөлімде білім беру сайттарын оқыту процесінде қолданудың қазіргі жағдайы зерделеніп, білім беру сайтының моделін жүзеге асыруды ұйымдастыру принциптері анықталып, «Ақпараттық - қатынастық технологиялар негіздері» пәнін оқытуда білім беру сайттарын пайдалану әдістемесі ұсынылған.

Қорытындыда зерттеудің негізгі нәтижелері талданып тұжырымдалады және оларды пайдалануға байланысты ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі, проблеманың болашақта зерттелетін бағыттары көрсетіледі.

Пайдаланылған әдебиет тізімінде зерттеу барысында пайдаланылған философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік және арнаулы әдебиеттер тізімі берілген.

Қосымшаларда зерттеу нәтижесінде жасалған білім беру сайтының тегтері мен сайт беттері берілген.
Негізгі бөлім

Білім беретін сайттарды қолдану Қазақстанның жаңашыл білім жүйесіне айтарлықтай әсерін тигізеді. Білім беретін сайттар білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар үшін тиімді құрал болса, әсіресе біртұтас ақпараттық-танымдық кеңістікте (БАТК) олардың рөлі арта түседі.

Біртұтас ақпараттың білім беру кеңістігің (БАББК) пайда болуы – ақпараттық мәдениетті, ақпаратты жіберу мен өңдеуде АКТ-ны қолдана білуде, себебі АКТ кез келген қызмет құрылымын өзгертіп қана қоймай, жаңа ынтымақтасқан қызмет түрлерінің туындауына алып келеді.

Шындығында, осы уақытқа дейінгі педагогикалық жүйе құрылымдарында білім беру құралдары сан мәрте түрленді. «Оқыту құралдары» түсінігінен дәстүрлі білім беру моделі педагогикалық іс-тәжірибе негізінде ақпараттық білім беру ортасына, одан білім беру кеңістігіне, соңынан келе- ақпараттық коммуникациялық технологиялардың даму процесіне негізделген біртұтас ақпараттық білім беру кеңістігіне ауысу жүрді.

Біртұтас ақпараттың білім беру кеңістігіне өтудің себептері мен қажеттілігі:


  1. Білім беру процесінде АКТ-ның кең қолданылуы;

  2. Компьютер негізінде білім беру қажеттілігінің туындауы;

  3. Қажетті білім беретін ақпаратты тез әрі сапалы ұсыну;

  4. Білім алушылар арасында өзара қарым-қатынастың тез орындалуын қамтамасыз ету.

Біртұтас ақпараттық білім беру кеңістігі аудандарда, облыстарда, қалаларда БАББК-ң интеграциялдануы негізінде құрылады. В.П.Кулагин БАББК–гі білім беру оқу орындарының интеграциялдануының бағытын былайша бөліп қарастырады: компьютерлік техникамен қамтамасыз ету, Интернет желісіне қосылу, білім беретін ақпараттарды құру мен оларды спутниктік каналдар арқылы жіберу мен өңдеу, оқу процесіне ақпараттық технологияларды енгізу, ғылыми-білім беру қызметінде қашықтықтан есептеуіш ресурстарды алуда жоғарғы өнімді каналдарды пайдаланумен білім беру кеңістігін ақпараттық толығуы (білім беру контенттерін құру).

«Білім беру веб-сайты» ұғымы өзіне «білім» және «веб-сайт» деген екі терминді қамтиды.

Білім беру сайтына мынадай анықтама беруімізге болады: «Білім беру Веб сайты(ББВС) қайталама үлгімен жасалынған Web беттердің қолжетімділігі, қоғам, мемлекет, тұлға қызығушылығын қанағаттандыратын ортақ мақсаттағы оқыту мен тәрбиелеу процесін қамтамасыз ететін, сондай-ақ белгілі бір мазмұнға біріктірілген, білім алушылардың аттестациялауға немесе білім деңгейлеріне қол жеткізу мүмкіндігімен қатар жүретін, ортақ біртұтас серверде топтастырылуын айтамыз».

Қазіргі таңда Қазақстанда ақпараттық қоғамның интенсивті дамуы жүруде. Мұндай қоғамның әлеуметтік сұранысы–ақпараттық-коммуникациялық технологияларды(АКТ) пайдалана алатын және де ақпараттың ағымына бейімделе алатын озық ойлы және тұлға қалыптастыру болып табылады.

Сайттар классификациясын қарастырайық. Олардың топталуы:

А) Сервис қолжетімділігіне байланысты:

- Ашық–барлық сервистер барлық қолданушылар мен сайтқа енушілер үшін қолжетімді.

- Жартылай ашық – ену үшін алдымен тіркелу қажетті(әдетте ақысыз).

-Жабық–ұйымдардың(корпоративті сайттар) қызметтік және жеке тұлғалардың толықтай жабық сайттары. Мұндай сайттар санаулы қолданушыларға ғана арналған. Жаңа қолданушылар үшін инвайттар (шақырулар) арқылы ғана жүргізіледі.

Б) Физикалық орналасуына байланысты:

- Интернет желісінде жалпыға қолжетімді сайттар;

- Интернет портал – көп компонентті дамытылған құрылым (портал), жекелеген ұйымдардың жетілдірілген функцияларынан құралған сайттар.

Ақпараттық ресурстар:

- Тематикалық сайт – қандай да бір тақырып бойынша шағын тематикалық спецификациялық ақпаратты ұсынатын сайт.

- Тематикалық портал – анықталған тематика бойынша ақпаратты ұсынатын өте үлкен веб-ресурс.

Порталдар тематикалық сайттарға өте ұқсас, сондай-ақ құрамында қолданушылармен іс-әрекет жүргізетін қосымша құралдары бар және портал аясында ғана (форумдар, чаттар) қарым-қатынас жасай алады.

«Сайт» және «портал» ұғымдарын синонимдік мағынада жиі естуге болады, алайда ол екеуінің мағынасы да атқарар қызметі де екі түрлі. Сайт та, портал да бір ғана доменмен біріктірілген Интернеттегі беттердің жиынтығын ұсынады. Портал-сайттың бір түрі. Қарапайым сайт түрлерінен порталдың басты ерекшелігі-оның функционалдығында. Портал құрамына жаңалықтар, блогтар, таныстырулар мен магазин және галереялар бір мезетте ене алады. Құрамында ондаған және одан да көп сервистерден құралған сайтты портал деп атауға болады. Нағыз портал деп танылған Yahoo.com порталының өзі 99% сайт болып саналады.

Білім беретін веб-сайттың сапасын бағалауда оның негізгі сипаттамаларын жан-жақты қарастыра отырып бағалау қажет. ББВС-ң сапасын негізгі төрт сипаты: мазмұны, көркемделуі(дизайны), техникалық құрылуы және пайдаланушылығы бойынша анықтауға болады.

ББВС-ң мазмұны – веб сайт түрінде бейнеленген және сәйкестендірілген негізгі элементтері (мәтіндік және графикалық) ортақ топтастырылған білім беретін ақпарат болып табылады.

ББВС-ң дизайны(көркемделуі) – белгілі нәтижеге жету мақсатында графикалық компьютерді таңдау және ұйымдастыру.

ББВС-н техникалық тұрғыдан құрылуы – білім беретін ақпаратты қолданушыға қолжетімді етудегі бағдарламалық өнімдер мен техникалық құралдар жиынтығы. Технологияларды интегралдаумен сәйкес компоненттерді таңдау.

ББВС-н пайдаланушылығы – ББВС-н жасаушылар мен қолданушылар жайында ақпарат беретін сипаттамалар.

Сайтты құру мен дамытудағы негізгі мақсат – білім беру процесі субъектілерінің іс-әрекетін ақпараттық-әдістемелік қолдау.

Білім беру сайты оқытушыларды және әр түрлі санаттағы білім алушыларды ақпараттық-әдістемелік материалдармен жасақтау, білімдік мекемелердегі инновациялық жұмыс істеу тәжірибелерін кіріктіру міндетін орындайтын жүйе болып саналады.

Т.С.Старова мен А.В.Могилевтің классификациясы негізінде білім беру сайтын, аралас типтегі сайттарға жатқызамыз, өйткені бұл сайт оқу орнының сайты болып табылады, бір мезгілде оның құрылымына университет студенттерін күндізгі және қашықтан оқытуға арналған желілік курстар қамтылған.

БАТК білім жүйесіндегі проблемалар анализі ақпараттық қоғамдағы білім беру жүйесінде анықталатын тәсілдер, технологиялар, құрылымдар және де БАТК-ның басқа да аспектілері мен жаңа құрылымға енгізу мен орын ауыстыруды, жаңартуды қарастырады. АКТ құрамына білім беретін веб-сайттар енеді. ББВС-қа арнайы тексеру ұйымдастырмайынша, оның пайдаланушыға педагогикалық, психологиялық қатысын зерттемейінше ол веб-сайт алдына қойған мәселені нақты шеше алады деп есептей алмаймыз.

Білім беру сайттарының Қазақстан білім беру жүйесінің мәдениетіне тигізетін әсерін түсіну үшін Қазақстандағы біртұтас ақпараттық-танымдық кеңістіктегі(БАТК) білім беру сайттарының орны мен рөлін қарастыру керек. Ол төменде схемалық түрде бейнеленген (1- сурет).

1 сурет - Білім беру сайттарының рөлі


БАТК-гі білім беру жүйесіндегі негізгі мақсатты былай ашып қарастыруымызға болады – білім беру жүйесінің әртүрлі облыстарында АКТ негізінде өзіндік ортақ мақсатқа жұмылдыру арқылы тұлғаның мәдени және кәсіби ойлау жүйесін дамыту. Адам қаншалықты қоғам сұранысын қанағаттандырса, соншалықты БАТК дамуы жүргізіледі.

Ақпараттандыру жағдайында студенттер меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. ЖОО-ң білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелілігі бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді. Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады:

- Оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды іске асырудың жүйелі ғылыми-әдістемелік жолын анықтау;

- Студенттердің тәжірибелік іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемесін жасау;

- Оқытушылардың ақпараттық технологияларды меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктерін жетілдіру;

- Студенттерді білім, білік, дағдыны меңгеру үшін ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету;

- ЖОО-ң материалдық-техникалық базасын нығайту.

Білім беретін сайттарды дайындау мен жұмыс істеу шарттарының жүйесі:

- Аймақтың ғылыми-білімдік бірлескен желісінің бар болуы;

- Білім беретін сайтты дайындау мен жұмыс істеуінің материалдық-техникалық жасақтамасының бар болуы (сайттың ақпараты мен бағдарламалық кешенін орналастыру үшін меншікті сервер, мамандар үшін жұмыс орындары, Интернет желісіндегі домендік атау мен адрес); сайттың іс-әрекетіне қатысуға өз тілегін білдірген ұйымдарға сайтта орналасу үшін ақпараттық материалдар беру;

- Сайттың айдары мен ақпараттық-әдістемелік материалдарын дайындау мен жаңарту үшін білім беретін мекемелердің педагог кадрлары мен мамандарының шығармашылық әлуетін белсенді пайдалану;

- Сайттың бағдарламалық жасақтамасын дайындау мен қолдау үшін, сайттың барлық айдарын ақпараттық толтыру мен жаңартуды дайындау мен үздіксіз басқару үшін мамандар тобының бар болуы;

- Қала мен облыстың білім беретін мекемелері сайттарының жұмыс істеуі мен өзара байланыстары ұстанымдарының негізінде білімдік қоғамдастықтың аймақтық сайтының дайындалынған архитектурасы мен бағдарламалық жасақтамасының бар болуы;

- Аймақтық сайттарда өз іс-әрекеттері туралы ақпаратты үздіксіз жаңартудағы барлық мүдделі білім беретін мекемелердің қатысуы.

- Пайдаланушылардың әр түрлі санаттары үшін ақпараттық ресурстарға еркін қатынас құрудың бар болуы.

Ғылыми әдебиет көздерін талдау негізінде білім сайтын жасау кезінде білім сайтының құрылымына қойылатын келесі талаптарды анықтадық:

1) Сайттың құрылымы түсінікті, логикалық, пайдаланушыларға ыңғайлы болуы тиіс.

2) Сайттың құрылымы:

- ақпараттық;

- коммуникациялық;

- персоналдық;

- навигациялық;

- статистикалық;

- лингвистикалық сервистерді қамтуы тиіс.

3) Сайт құрылымының сипаттамасы:

- білім сайтының құрылымдық моделін;

- сайт құрылымының мәтіндік сипаттамасы;

- сайт картасын қамтуы тиіс.

Білім беру сайттарын функционалдық элементтерінің міндеттеріне қарай техникалық тапсырмаларды ескере отырып былайша жасалады:

- Ақпараттық сервистер. Оларға жоғары оқу орындарының визиткасы, бөлімшелер, профессор-оқытушылар құрамы, ресми құжаттар, талапкерлерге арналған ақпарат, ғылыми қызмет, кітапхана, білім ресурстары, қашықтан оқыту туралы ақпарат, халықаралық қызмет, жаңалық лентасы және хабарламалар, пайдалы сілтемелер, жарияланымдар, т.б. (мұражай, мәдениет үйі, спорт, шығармашылық, ауа-райы);

- Коммуникативтік сервистер – форум, чат, дербес беттер, сауалнамалар, қонақ кітабы;

- Персоналдандыру сервистері - пайдаланушыны тіркеу, web беттердің редакторы, ақпаратты авторлық редакциялау мүмкіндігі;

- Навигациялық сервистер – іздеу жүйесі, сайт картасы;

- Статистикалық сервистер – сайттың әр түрлі бөлімдеріне статистиканың шығу құралдары;

- Лингвистикалық сервистер – ағылшын, немісше сайт нұсқасы.

Желілік курстың мазмұны төмендегі негізгі принциптер бойынша дайындалуы тиіс:

Ғылымдылық принципі: білім сайтын жасауға қойылатын негізгі психологиялық-педагогикалық талаптардың бірі, ол оқу материалдары мазмұнының спецификациясын есепке алумен түсіндіріледі. Мазмұны ғылыми білімнің қазіргі жағдайын нақты көрсетуі тиіс. Ғылымдылық принципі виртуалдық модельдердің табиғи прототиптерге сәйкестігінің сақталуын талап етеді.

Көрнекілік принципі- мазмұнын көрнекі көрсету үшін білім сайтында мультимедиа құралдарының мүмкіндіктерін барынша көп пайдалану.

Дидактикалық мақсаттылық принципі -ақпаратты ұсыну формасы, оқу материалының мазмұны және компьютерді пайдалана отырып оны зерттеудің дидактикалық міндеттері мен тәсілдерінің арасында сәйкестік болу керек.

Желілік курстың әрбір жекелеген модулі аяқталған, бірегей болуы тиіс. Ұғымдар жүйесін тарау ішіндегі жекелеген бөліктерге бөлуге болмайды, ол оқушылардың білімді меңгерудегі жүйесіздігіне, оқу материалын меңгеруде логиканың болмауына, күрделі ұғымдардың дамуының тұтастығының бұзылуына әкеп соқтыруы мүмкін.

Білімді біріктіру және саралау принципі, ғылыми жаратылыстың мазмұнының жалпы ғылыми ұғымдар жүйесі мен басқа курстардың мазмұны мен байланысын қарастырады. Желілік курс мазмұны пәнаралық байланыстың орнығуын қарастыруы тиіс.

Дәлелділік принципі қызығушылықты арттыруға ықпал ететін әр түрлі инновациялық ресурстарды, оқылатын пән және таңдалған мамандыққа мотивті арттыруды қарастырады. Кәсіби бағыттылық принципі бітіртетін кафедраның маманды арнайы, жалпы кәсіби және ақпараттық даярлау бойынша желілік курстың стратегиясын жасауды қарастырады.

Ақпаратты ұсынудың интерактивтік принципі ғылыми жаратылыс пәндерін оқытуда, әсіресе, ақпаратты визуалды ұсыну және интерактивтік жоғары деңгейіне тән процестер, құбылыстар мен заңдылықтарды компьютерлік моделдеудің маңызы зор.

Мультимедиалық принципін іске асырудың маңызы зор, өйткені оқушылардың шаршауын азайтуға (іс-әрекетті бір анализатордан ақпаратты екіншісіне ауыстыру арқылы), оқушыға мәтіннен бір мезгіл демалта отырып, оның көру қабілетіне де оң әсер етуге мүмкіндік береді.

Виртуалдандыру принципі табиғи ортада оқушылардың қатысу эффектісін мультимедиа құралдарын пайдалану кезінде жүзеге асыруды қарастырады.

И.Б.Горбунованың келтірген мәліметтері бойынша, бұл принципті сақтай отырып, оқушылар табиғатты виртуалды жасаудан зерттеушілік, практикалық, оқу-танымдық, интеллектуалдық дағдыларды меңгереді, ол ақыл-ой қызметінің тәсілдерін меңгерудің тиімділіін арттырады.

Оқу үрдісінде компьютер оқып-үйрену нысаны ретінде, сонымен бірге оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен оқытудың мазмұнын меңгеруді диагностикалау құралы ретінде әрекет етеді. Мұның өзі ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді:

- Бірінші бағыт тұрғысынан алып қарасақ, ақпараттық технологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды;

- Екінші бағыт тұрғысында ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.

Сондықтан білім беруді жаңа сатыға көтеру үшін тек білім мазмұны мен оқыту әдістерін ғана емес, ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану арқылы оқытуды ұйымдастыру формаларын да жетілдіру керек. Мұның өзі мынадай оқу-тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі:

- Оқу үрдісін дербестендіру;

- Нақты әрекетке негізделген кері байланысты қамтамасыз етеді. Мәселен, компьютер арқылы әрбір студент өзінің білімін бақылауға, тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады;

- Материалды меңгеру жылдамдығын арттыруға болады;

“Ақпараттық-қатынастық технологиялар негіздері“ пәні Қорқыт Ата

атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің физика-математика

факультетінің 3 курс студенттеріне оқытатын элективті пән болып табылады

Кесте 1 - Оқу жоспарынан көшiрме



Курс

Семестр

Кредит

саны


Лекциялық сабақ

ОСӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау түрі

3

5


2

30

30

15

75

емтихан

Мақсаты: студенттерді ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласында қалыптастырылған базалық мағлұматтарды және икемділіктерді өзінің кәсіптік қызыметінде пайдалануға дайындау.

“Ақпараттық-қатынастық технологиялар негіздері” пәнін білім беру сайттарын пайдаланып оқыту жүйесінде 050111(5В011100) “Информатика” мамандығының 3 курс студенттеріне арналған сайт жасап, ол аталған пәнді оқыту кезінде қолданылды(2-сурет).

Эксперимент жұмысы үш кезеңге сәйкес жүргізілді, олар: айқындау, іздену, оқыту кезеңдері.



2 сурет - «Ақпараттық-қатынастық технологиялар негіздері» пәнін оқытуға арналған веб-сайттың негізгі беті
Берілген тест тапсырмаларының қорытындысын талдау былайша жүргізілді:

Тест тапсырмаларын орындау барысында студенттердің жіберген қателері сапалық-сандық әдісімен салыстырылады. Қателер 4 топ бойынша жүйеленеді:

- ықлассыздықтан; өтілген тақырыптарды меңгеруден; өтілген тақырыптар сұрақтарын меңгеруден; берілген сұрақтарды меңгеруден.
Қорытынды

“Ақпараттық-қатынастық технологиялар негіздері” пәнін білім беру сайттарын пайдаланып оқыту әдістемесін зерттеу барысында жинақталған теориялық қағидалар және тәжірибелік-эксперимент жұмысында қол жеткен нәтижелер төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік берді:



  1. Зерттеу тақырыбына байланысты отандық және шетелдік ғылыми әдебиеттерге жасалған талдаулар арқылы зерттеу мәселелеріне байланысты шетелдік және отандық ғылыми әдебиеттерді талдау арқылы «Білім беру Веб сайты» ұғымы анықталды.

  2. Біртұтас ақпараттық білім беру кеңістігінде білім беру сайттарын пайдаланудың психологиялық-педагогикалық аспектілері зерттелді.

  3. Білім беру сайттарын жасау және оны қолданудың дидактикалық принциптері айқындалды;

  4. «Ақпараттық-қатынастық технологиялар негіздері» пәні бойынша білім қоры мен білім беру сайты жасалды және қолдану әдістемесі сынақтан өткізілді.

  5. Жүргізілген педагогикалық эксперимент ұсынылған болжамның дұрыстығын дәлелдеп, құрылған әдістеменің студенттердің пәнді оқуға деген қызығушылығы мен белсенділігі, оқытудың сапасы арта түсетінін көрсетті.

Білім беру сайттарын пайдалану арқылы ақпараттық қатынастық технологиялар негіздері пәнін оқыту, негізінен, көптеген әдістемелік, ұйымдастырушылық, ақпараттық және технологиялық мәселелерді шешуге ықпалын тигізеді. Қорыта келе, білім беру сайттарын пайдалану арқылы ақпараттық қатынастық технологиялар негіздері пәнін оқыту рөлі білім саласы үшін өте жоғары, себебі бұл жүйе арқылы білім алушыларымыз ғылыми және шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, өздерінің білімдерін шындауға зор мүмкіндік алады.

Диссертация мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды:

1. Білім беретін сайттардың Қазақстан білім беру жүйесі мен мәдениетіне тигізетін әсері// «Қазақстан қоғамының даму тенденциялары: әлеуметтік саяси инновациялық аспектілері» атты республикалық ғылыми – тәжірибелік конференция материалдары. -Қызылорда, 2011ж. 317-321б. (бірлестікте: Н.Ж.Ибрагимова)

2. Ақпараттық порталдың сайттан айырмашылығы (ерекшеліктері мен артықшылықтары) // «Қазақстан қоғамының даму тенденциялары: әлеуметтік саяси инновациялық аспектілері» атты республикалық ғылыми – тәжірибелік конференция материалдары, -Қызылорда, 2011ж. 380-385 б. (бірлестікте: Н.Ж.Ибрагимова)

3. Біртұтас ақпараттық-танымдық кеңістіктегі білім беру сайттарының рөлі// Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Білім және ғылымның инновациялық дамуы: бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудың проблемалары мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. -Қызылорда, 2011ж (бірлестікте: Н.Ж.Ибрагимова) (баспада)

4. Aқпараттық технология көздері - маман даярлаудың кепілі // Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне 75 жыл, Қызылорда, 2012 ж (бірлестікте: Ақзуллақызы Л., Сұлтанова Т.) (баспада).

РЕЗЮМЕ
КАЛИЕВА ЭЛЬМИРА ЖИЛКАМАНОВНА
Методика обучения дисциплины «Основы информационно-коммуникационных технологии» с использованием образовательных сайтов
Актуальность исследования. Основная цель составления образовательных сайтов – организация и реализация образовательных программ в информационном пространстве. Во время составления данной системы возникают большие возможности для повышения качества образования.

Тем не менее, во время реализации данного направления возникли противоречия: необходимость составления единого информационного познавательного пространства и низкий уровень подготовки пользователей (учеников, учителей); отсутствие ожидаемого удобного обучения и дидактических принципов в образовании в процессе применения информационных технологий и научного обоснования методических особенностей.

Проблема нашего исследования обусловлена решением установленных противоречий, исследование методических особенностей применения информационно-коммуникационных технологий, составление, обоснование и проверка методики применения образовательных сайтов при обучении дисциплины «Основы информационно-коммуникационных технологии» будущимх учителей информатики.

Основанием выбора темы моей диссертации «Основы информационно-коммуникационных технологии» было недостаточное рассмотрение данной проблемы в отечественных исследованиях, её значимость и актуальность.



Цель исследования состоит в разработке методики применения сетевого курса, входящего в структуру образовательного сайта, на примере дисциплины «Основы информационно-коммуникационных технологии».

Объектом исследования является процесс обучения дисциплины «Основы информационно-коммуникационных технологии» в вузе.

Предмет исследования: организация обучения информационно-коммуникационных технологиям с применение образовательных сайтов.

Задачи исследования:

  • Выявление психолого-педагогических аспектов при применении образовательных сайтов в едином информационном образовательном пространстве;

  • Отобрать принципы организации учебного процесса с применением образовательных сайтов при обучении студентов дисциплины «Основы информационно-коммуникационных технологии»;

  • На основе выделенных требовании построить образовательный сайт по дисциплине «Основы информационно-коммуникационных технологии» и проверить эффективность элементов разработанной методики обучения студентов.

Методы и методологические основы исследования. Применялись теоретические, методические и научные методы исследования, системность образовательного исследования, преобладающие научные позиции, философская, психологическая, педагогическая теория, идеи и теории методических основ и проблемного психолого-педагогического обучения.

Научная новизна и теоретическая значимость исследования:

  • Основаны понятия «Единое информационное образовательное пространство», «Образовательный сайт»;

  • Выявлены психолого-педагогические аспекты применения образовательных сайтов, их место и роль в обучении;

  • Разработана структурная модель образовательного сайта по дисциплине «Основы информационно-коммуникационных технологии» и методики обучения;

Положения, выносимые на защиту:

  • Психолого-педагогические аспекты применения образовательных сайтов в едином информационным образовательном пространстве;

  • Выделены дидактические принципы разработки образовательных сайтов;

  • Предложена методика применения образовательного сайта по дисциплине «Основы информационно-коммуникационных технологии».

Структура диссертации определяется логикой исследования. Диссертационная работа состоит из введения, двух, заключения, списка использованной литературы и приложения.

RESUME

KALIEVA ELMIRA ZHILKAMANOVNA



Methods of teaching the discipline «Bases of information and communication technologies » using educational sites
The actuality of the research. Methods of teaching process introduction of information and communication technology and experience discussing electronic textbook publication and online resources not only to fill it , but for teachers of their lessons to unite forms and methods to allow special among for specify of teaching .

The main objective of making educational websites is an indivisible education in information space will be united by the programs education and is realization. Making of this system provides multiple possibilities for increasing the quality education.

But this is the direction in motion executions are perceived such that oppositions: necessity of creation of single informative cognitive space and the low level of consumers (pupils, teachers); information and communication technologies using waiting for the effectiveness of the training in reading and applying them in the didactic principles of availability and methodical features scientific and not justified.

Besides, decided of these oppositions, using information and communication technology methods of especially explores the ensures for future computer science teachers and teaching subject «Bases of information and communication technologies» using educational sites with pedagogical system of teaching will be create then bases it and checking such kind of experiment was our problems of research.

This is a problem of national psychological and pedagogical research considered insufficient as its main problem was the choice of the basis and theme of my dissertation work. Theme of my dissertation work is «Bases of information and communication technologies» using educational sites».

Aims of research: educational websites teaching process of using psychological - pedagogical aspects and didactical principals definition of basis HE «Bases of information and communication technology» studying the subject definite especially methods and during checking the experiment.

Object research is HE «Bases of information and communication technologies» studying process the subject.

The subject of research information and communication technologies using educational sites of studying process.

Research of task:

- An indivisible education in information space of using educational sites for definite psychological - pedagogical aspects;

- Using educational sites didactical principals determined of basis it studying technology using effective ways to increase with determined especially;

- Bases of information and communication technologies using of educational sites provided especially basis it using with effective way of making method and to test it.



Methods and methodological foundation research.

Dissertation research theoretical methodical and scientific experiment principles making HE teaching process research systematic, personality looking approach acts for general scientific principles, act of philosophy psychological, pedagogical theory;

Problem of teaching psychological – pedagogical and about methodical basis used for theories and ideas.

Scientific novelty and theoretical importance of research:

- “An indivisible education in information space”, “Educational sites” concepts based by scientific.

- Using educational sites for definite psychological - pedagogical aspects, of teaching determined take a place and role;

- of information and communication technologies” made the educational site at the subject and it used for teaching methods.



Provisions for the taking away protection:

  • An indivisible education in information space for using educational sites psychological - pedagogical aspects;

  • using educational sites and didactical principals of using it

  • “Bases of information and communication technologies” subject teaching methods of using educational sites.

Structure of Dissertation: determined logician research. Dissertation work consist from introduction of two , the conclusion list of used literature and suggestions



: Docs
Docs -> Сабақтың тақырыбы Көсемшенің жасалуы мен түрлері Мақсаты Көсемшенің жұрнақтарын білу
Docs -> Филология факультеті 5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже
Docs -> СӘрсенбай гүлнар сәрсенбайқызы болашақ МҰҒалімдердің бойында ұлттық сананы қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Docs -> Сабақтың тақырыбы Мазмұны Сағат саны 1 Сабатың бастапқы кесіндісі
Docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
Docs -> Омаров Дәулет Кәрібайұлы Қызылорда облысындағы білім беру және халық ағарту мекемелерінің қызметі
Docs -> Кенжалиева багила онгарбековна қазақстандағы кеңестік ұжымдастыру зардаптары және оны оқыту әдістемесі
Docs -> Сабақтың тақырыбы Мазмұны Сағат саны 1 2 3 4
Docs -> Сарузенова Айгерім Әбдіқадырқызы Нарық жағдайында этностық құндылықтар арқылы студенттерді отбасылық өмірге психологиялық дайындау




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет