Казақстан, Қостанай қаласы



жүктеу 79.17 Kb.
Дата08.07.2016
өлшемі79.17 Kb.
А. Байтұрсынов атындағы

Қостанай мемлекеттік университетінің

оқытушысы Алимова Д.Ж.,

4кура студенті Сагандыкова Д.К

Казақстан, Қостанай қаласы




ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІ

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру мен басқару, дамыту мəселелерi Қазақстан Республикасы экономикалық саясатының негiзгi мiндеттерi болып саналады. Соңғы жылдары қабылданған бағдарламалар, тың тұжырымдар мен заңдық-құқықтық актiлер – мiне, осының айғағы. Осы жағдайда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды (ЕҚТА) табиғатты қорғау, сақтау саласының басым бөлiгi ретiнде қарастырып, оны тұтастай дамыту мiндетiн орындау тек табиғат қорғау мамандарының ғана емес, қоғамда өмiр сүретiн əрбiр адамның мiндетi əрi мемлекеттiң əлеуметтiк -экологиялық - экономикалық болашағын айқындайтын негiзгi, нақты факторларының бiрi.

Адамзаттың кездестіретін проблемаларының ішінде ең бастысы, бұл- адамның өзінің өмір сүруі тәуелді болатын биологиялық түрлілікті сақтау. Дегенмен, биота барлық стрестік факторлерге төзімсіз, әсересе антропогендік факторлерге. Сондықтан да сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, ерекше экологиялық, ғылыми және реакциондық маңызы бар бірегей эталонды учаскелерді, табиғи, тарихи–мәдениет кешендер мен нысандарды сақтаудың ең тиімді шаралары -ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды жасау болып табылады.Қазақстандағы ЕҚТА ауданы елдің барлық ауданының (қорықтар, ұлттық парктер және басқа қорғалатын аумақтар түрлері) 8,2% құрайды, ал әлемдік танылған стандарт бойынша 10-12% кем емес.

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында Қазақстан 2030 жылға дейін ауасы таза және суы мөлдір, таза және жасыл желекті елге айналуға тиіс екенін айтылады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жүйесін құру осы мақсаттарға қол жеткізу құралдарының бірі болып табылады.

Қазақстан Республикаының «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар дегеніміз, бұл мемлекет арқылы қорғалатын, қамтамасыз етілетін, табиғи аумақтарды қалпына келтіретін жер, су, орман обьектілерінің жиынтығын айтуға болады делінген.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бұл өзінің құрамына әр түрлі өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, табиғи байлықтарын, орман, су, өзен көлдерді жинақтайтын экологияның үлкен бір обьектісі. Ал осы құрамдағы табиғи байлықтар және ормандар мен қорықтар арқылы жеке тұлғалар, азаматтар, мемлекет, әкімшілік аумақтық бөліністер өздерінің материалдық болсын, рухани болсын қажеттіліктерін қанағаттандырады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құқықтық реттелуінде проблемалар бар.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамында көптеген обьектілер болғандықтан, осы обьектілердің жағдайына байланысты олардың құқықтық реттелуі, экологиялық хал-ахуалы жайлы проблемалар болатындығы анық. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қаржыландырылуы жағынан проблемасын бірінші тоқталуға болады.

Ерекше қорғалатын аймақтарға қатысты дұрыс мәдени көзқарасының қалыптасуы. Өйткені, азаматтар қорықтарда, ұлттық парктерде демалған кезде пайдаланған ортасын экологиялық тұрғыдан ластап, әртүрлі қоқыстарды тастап кетеді.

Ерекше қорғалатын аймақтардың дұрыс күзетілуі. Бұл тұрғыдан қарағанда Қазақстан басқа мемлекеттерге қарағанда артта келе жатыр десекте болады. Өйткені, біздің қорық күзетшілерінің пайдаланатын техникалары ескірген, көбінесе Кеңестік кезеңдегі техникаларды, автокөліктерді пайдалануда мемлекет тарапынан үлкен мөлшерде қаржы бөліну керек деп есестейміз. Және бұл күзетшілердің әлеуметтік жағдайы, яғни төленетін еңбекақысына байланысты. Қорық күзетшілеріне төленетін еңбнеақы 50-60 мың теңге мөлшерінде болады. Бұл бұндай жұмыс атқаратын қызметшілер үшін өе аз және де айлығы аз болған сайын олардың жұмысына деген ынтасы жауапкершілігі төмен бола береді деп есептейміз. Осы ерекше қорғалатын аймақтардың күзет мәселелеріне қатысты келесіні айта кету керек, маңызды мәселе - бұл осындай қызметке арнайы мамандар әзірлеу.

Бұндай қызметке біздің қоғамда қызығушылықтың аз екендігі рас, бұндай қызметке жастар мүлде қызықпайды десек те болады. Өйткені жаңа айтып кеткеніміздей бұндай қызметке тиісті мөлшерде жоғары жалақы төленбейді. Сонымен қоса, бұндай қызметке жастарды мамандарды тарту жұмыстары жүргізілмейді және тағы айтатын бір мәселе ерекше қорғалатын аймақтарды күзетуге байланысты болсын, басқа да эколог ғылыми мамандарды оқытып шығарудың арнайы оқу орындарында жағдайы жасалмаған.

Бұл мәселесі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігіне қатысты сілтеме жасап айтар едік. Сонымен қатар, ерекше қорғалатын аймақтарға қатысты шет мемлекеттердің тәжірибесімен тәжірибе алмасып, мамандарды сол жаққа білім алуға жіберу керек деп есептейміз. Сол арқылы біз мемлекетіміздің Ерекше қорғалатын аймақтарға қатысты қызметінің механизімін жоғары деңгеге көтеріп, сапалы қызмет қалыптастырар едік. Бұл тақырып бойынша өзекті мәселелер өте көп бұлардың бәрін айтып тауысу немесе шешу мүмкін емес. Бірақта біз сол мәселелерді ашып көрсетеміз деген пікірмен ғылыми жобамызды жалғастырамыз.



Жергілікті жерлерде экотуризмді дамыту, мысалы, Қызылорда облысы бойынша ерекше қорғалатын аумақтардың ішінде Барсакелмес қорығы бар. Бұл Барсакелмес қорығы мемлекет қарауында және флорасы мен фаунасын мемелекет қарауына алынған. Облыс аумағында Арал ауданында, Қамыстыбас темір жол станциясынан 2 км батысқа қарай орналасқан. Түсі көк жасыл, суы 6 метрге дейін мөлдір, көл суы түбіне дейін жылиды. Бұл флора мен фаунаға бай сирек кездесетiн суаттар. Көл жиегі табиғи жағажай, ірi – дәндi құмнан жасалған әдемі жағажай. Суы өте мөлдір, әрі жұмсақ, жылдың бес айында мамыр мен қыркүйек аралығы суға шомылып, ләззат алатын уақыт. Сирек кездесетін шипалы сапалармен ие. Көл Сырдарияның оң сағасын аса төбе аралығында ойыста жатыр, ол сырттай қарағанда науа тәріздес. Жағалауы 5 метр тереңдікке дейін тас, құмтас және құмайт, одан әрі тереңдеген сайын көл түбін тегіс сұр лай алып жатыр. Қамбаш көлі бірнеше іріктеуден кейін еліміздегі туризмді дамыту картасына енді. Қамыстыбас елді-мекеніндегі Қамбаш көлі бүгінде жұртшылықтың жиі келетін демалыс орнына айналды. Суы денсаулыққа пайдалы, дертке шипа. Мамандардың айтуынша, тері ауруларына ем. Алайда, көл жағасына келіп тынығушылардың тазалыққа мән бермеуі үлкен мәселеге айналды.

Ешбір кәсіпкер бұл жерде тазалық жөнінде жұмыс істеп келе жатқан жоқ. Осы күйінде тұрса, тез арада шешім қабылдамасақ, бес жылдан кейін ластану деңгейі  күшейіп кетеді. Мамандардың айтуынша, Қамбаш көлі  соңғы кезде лайланып барады. Бұған, әрине, демалушылардың көл жағалауын қоқысқа толтыруы да себеп болып отыр. Бұлай жалғаса берсе, туристік орталыққа айналдырамыз деген жерді экологиялық аймаққа ұшыратып алуымыз ғажап емес. Сондықтан бұл жерді мемлекет аса назарында ұстап белгілі қорғау және бақылау шараларын жүзеге асыру керек.

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы дұрыс және толық тамақтану және жеке гигиенаны сақтауды түсіндірумен қатар, үндеуде экологиялық тәрбие және оқыту атаулы бізді қоршаған орта, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы білімдерді насихат жүргізу, біздің осы табиғи байлықты қорғау міндеттілігін насихаттау жүргізудің маңызы зор деп ойлаймын. Сонымен бірге, жағдайға қарай ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін кеңейту қорықтық режимдегі аумақтар санын көбейту, соңғы айтылғанға жету үшін заказдық және реттелетін шаруашылық режимнің тікелей қорық режиміне өзгерту қажет. Осы жағдайда табиғатты және оның ерекше құнды объектілерін сақтап қалу үміті көбірек болады.



Сонымен табиғатты қорғау, санитарлық эпидемилогиялық, салықтық және кеден қызметтері, стандарттау және сертификаттау органдары, қадағалау жүргізетін инстанциялар қызмет өрісін заңды түрде қосымша реттеу, қоршаған ортаны қорғау саласында тығыз бірігіп жұмыс істеу арқылы сапасыз азық-түлік және өнеркәсіп өнімдерін импорттауды тоқтату, шығаруға мүмкін және зиянды, қауіпті және радиоактивті заттар мен қалдықтарды ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға көмуге жол бермеу. Сапасыз және зиянды өнімдерді кіргізе алатын болсақ, онда бұл салада қатаң бақылау және қадағалау белгілеуді талап етеді. Мұндай адамға қарсы әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік белгілеу.Осылар мен бірге өндіріс қалдықтарын және өзге де қалдықтарға байланысты бүгінгі күнде арнайы нормативтік актілер қабылдау ұсынылады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – қоршаған табиғи ортаны қорғауға байланысты мемлекет және жеке адамдар тарапынан арнайы бөлініп қорғауға алынған жер телімдері мен су айдындарының жеке бөлімдері. Қазіргі кезде дүние жүзінде Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың саны 13 мыңнан асты, бұл Жер бетінің 8,5 %-ына тең. Халықар. жіктеу бойынша Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар 10 топқа бөлінеді: 1. Қатаң түрде қорғалатын табиғи-ғыл. резерваттар; 2. Ұлттық саябақтар; 3. Табиғат ескерткіштері мен табиғаттың ерекше көрікті нысандары; 4. Табиғат қорғауға арналған резерваттар; 5. Қорғалатын ландшафтылар; 6. Табиғат ресурстарын сақтауға арналған резерваттар; 7. Антропол. резерваттар (адамның іс-әрекеттерімен жасалған нысандарды қорғау); 8. Жергілікті жердің өзіне тән табиғаты қорғалатын және түрлі мақсатта пайдаланатын аумақтар; 9. Биосфералық резерваттар; 10. Бүкіләлемдік маңызы бар тарихи және табиғи орындар.Қазақстан Республикасы 2006 ж. 7 шілдесінде қабылданған «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 4-тарауының 4-бабында респ. маңызы бар Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы түрлері: мемлекеттік табиғи қорықтар; мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар; мемл. табиғи резерваттар; мемлекеттік зоология саябақтар; мемлекеттік ботаникалық саябақтар; мемлекеттік дендрол. саябақтар; мемлекеттік табиғат ескерткіштері; мемлекеттік табиғи қорықшалар; мемлекеттік қорықтық аймақтар. Қазақстан бойынша Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға: 10 мемлекеттік қорықтар, 10 мемлекеттік ұлттық саябақтар; 3 табиғи резерваттар; 49 табиғи қорықшалар, 127 геологиялық табиғи-қорықтық қор, 5 қорықтық аймақ, 6 ботаникалық және 3 зоологиялық бақтар, 26 мемлекеттік табиғат ескерткіштері, 2 ірі резерват (Семей, Ертіс орманы) бар. Бұлардың жалпы аумағы 2 млн. га-дан астам. Бұл көрсеткіш республиканың жалпы жер аум-ның 8%-ына тең. Халықар. стандарт бойынша әрбір мемлекеттің жалпы жер аумағының 10 – 12%-ы Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға бөлінуі тиіс. Мыс., мұндай көрсеткіш Германияда 31,5%, АҚШ-та 15,8%, Жапонияда 14%, т.б. 2008 ж. Дүниежүзілік мұралар комитетінің 32-сессиясының шешімімен ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік табиғи мұралар тізіміне, Орт. Азия мен Қазақстан бойынша алғаш рет Қорғалжын қорығы мен Наурызым қорығы енгізілді.


2012-2013 жылдары 490 000 га жерге созылатын «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерват құрылысы жоспарлануда. Орталық Қазақстанда орналасатын аталмыш резерват үш кластерден тұрады -  Сарыкопа көлдер жүйесі (қазіргі уақытты қаумал мәртебесіне ие), Тосынқұм және Ұлы-Жыланшық. Бұл аймақтар бірігіп үлкен ерекше қорғалатын табиғи аумақты құрайтын болады.

«Алтын дала» резератын құру 2008 жылы жоспарланған болатын, бірақ жериеленушілермен бірқатар мәселелер туған соң бұл жұмыс біршама уақытқа тоқтатылған. Бүгінгі таңда ҚБСА қажетті құжаттарды - жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді дайындапболды.


Резерват Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында орналасқан. Бүгінгі таңда резервать ауданы 764 мың га жерге тең. Алдағы уақытты резерват ауданын тағыда 400 мың га жерге ұлғайту жоспарланған. Нәтижесінде оның ауданы 1,15 млн. га болады. Осы аумақ үшін де ҚБСА жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді дайындаған. Барлық негіздемелер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі  Орман және аңшылық шаруашылығыжәне Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мемлекеттік экспертиза тексеруіннен өтті.  

Жоғарыда аталған резерваттар «Алтын дала» табиғатты қорғау бастамасының жобалық территориясына енеді.  Бұл территорияда ҚБСА өзінің серіктестерімен жыл сайын авиаесеп, киік телеметриясын және басқа да жануарларды зерттеу мақсатында экспедициялар өткізеді.


Зерттеулер нәтижесінде алынған мағлұматтарға сүйене отырып, «Алтын дала» резеватын құру және Ырғыз-Торғай резерватын кеңейту туралы шешім қабылданған.


 Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1997 жылғы 10 қазанындағы «Қазақстан-2030: барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына Жолдауы.



2. Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі №175-ІІІ «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңы (2014.29.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен).
: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> А. Б. Салқынбай ҚазҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Алматы, Қазақстан Сәкен өлеңіндегі сырбаз
publications -> Қазақ тіліндегі «АҚ», «Қара» СӨздеріне байланысты мақал-мәтелдер құрбанов А. Г., Қайырбекова Ұ. Ж., Үкібасова Ғ. А
publications -> Коммуникативтік қажеттілік – тіл үйренудің басты факторы Т. Н. Ермекова, Ф.ғ. д., профессор
publications -> ӘӨЖ 811. 512. 122 Субстантивтену процесінің НӨлдік тұЛҒада келіп басыңҚы сыңарда жұмсалуы
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к
publications -> Шерлілер сөзін сағынған Шернияз ақын
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> О. Сүлейменов өткен ғасырдың 1960 жылдары Қазақстанның ақындық және жалпы мәдени өміріндегі феноменальді құбылыс. Өлеңдерін орыс тілінде жазған қазақ ақыны Одақ көлемінде тез арада танымалдылыққа қол жеткізді
publications -> Жамбыл жырларындағы батырлар бейнесі Айтбаева Айман Ералықызы ф.ғ. к., доцент Шыңғысханқызы Аружан к-13-1 оқу тобы студенті Қорқыт ата атындағы ҚМУ




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет