Кенжалиева багила онгарбековна қазақстандағы кеңестік ұжымдастыру зардаптары және оны оқыту әдістемесі



жүктеу 360.46 Kb.
Дата22.06.2016
өлшемі360.46 Kb.
ӘОЖ 631.115.6:349.422.23 Қолжазба құқығында

КЕНЖАЛИЕВА БАГИЛА ОНГАРБЕКОВНА

Қазақстандағы кеңестік ұжымдастыру зардаптары және оны оқыту әдістемесі

(Қызылорда облысы мұрағат материалдары бойынша)
6М011400 – Тарих мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының
РЕФЕРАТЫ

Қызылорда, 2012 ж


Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік

университетінің «Тарих және тарихты оқыту әдістемесі» кафедрасында

орындалған
Ғылыми жетекшісі: тарих ғылымдарының кандидаты

А.Т.Еспенбетова

Ресми оппоненті: тарих ғылымдарының кандидаты

А.Еңсепов

Қорғау « _______ » 2012 ж. сағ _____де Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінде болады.

Мекен - жайы: 120014. Қызылорда қ, №1 оқу ғимараты(120014, Желтоқсан көшесі 40), №_____дәрісхана


Магистрлік диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің ғылыми – техникалық кітапхасында танысуға болады.



Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Кеңес дәуірінде тарихи оқиғаларға, әділдік пен зорлыққа берілетін баға жалған мәліметтермен бұрмаланып, өңі айналдырылып берілгендігі бәрімізге аян. Шындықты бейнелейтін құжаттарға «құпия» және «аса құпия» деген белгілер басылып, құлыпқа салынды. «Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптасуының тұжырымдамасында» Қазақстан тарих ғылымы алдында тарихи ілім - білімнің үзіктілігі мен біржақтылығынан мүмкіндігінше арыла отырып, өткен тарихымыздың шынайы бейнесін жасау қажеттілігі айтылған болатын [1.25].

Тарихымыздың күрделі беттеріне тақырыпқа арқау болған 1920-30 жылдар жатады. 1920 жылдың аяғында төтенше астық жинау науқаны мен тәркiлеу ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың әкiмшiлiк - зорлықшылдық сипатындағы қасiреттi жылдарды тарих сахнасына алып келдi. Бұл үрдiстер тарихы XX ғасырдың 60 - жылдарына дейiн «отырықшылыққа көшу - өркениет жолы» ретiнде және байларды жою - көздеген мақсатқа жетудiң алғышарты ретiнде қарастырылды. Бұл тұжырымды басқаша түсiнетiндер «буржуазиялық ұлтшылдарға» жатқызылды. Қазақстандағы ұжымдастыру бүкіл елдегі науқанның құрамдас бөлігі бола тұрса да, одан әсіресе көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларының ауыр азап шеккенін, қазақ этносының аяусыз қырғынға ұшырағанын, сөйтіп, аса ауыр шығынды басынан кешкенін көрсетеді. Тарихи шындық осылай бола тұрса да «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деген тәрізді айыптаулардан аулақ болу үшін Қазақстан тарихшылары кезінде көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларының осы жылдардағы қасіретін арнайы зерттеуді қолға ала алмады. Қазақстанның тәуелсіздік алуы ғана бұл тақырыпты терең зерттеуге жол ашты [2.3,4]. Сонымен, тәуелсіз Қазақстанда қоғамымыздың демократиялануы тарихымыздың «ақтаңдақ» тұстарын ашуға, оны зерттеуге кең мүмкіндіктер берді. Қазіргі уақытта тарихшылар мұрағат қорындағы обьективті шындықты айқындайтын қазақ шаруаларын меншігінен айыру және күшпен ұжымдастыру процесінің тарихына қатысты деректерді ғылыми айналымға қосып, кеңестік кезеңде бір жақты қаралған тарихи құбылыстарды ой елегінен өткізіп, оларға обьективті тұрғыдан баға беруге талпыныс жасауда.

Кеңес қоғамындағы өзгерістер халықтың белгілі бір бөлігін құрбан ету арқылы іске асырылды. Бұл әсіресе, жер мәселесінде, ауыл шаруашылығын ұжымдық негізде күштеп қайта құру саясатында айқын көрінді. 1920-жылдардың екінші жартысынан бастап қоғамды әбден меңдеп алған аса қатал әкімшілдік - әміршілдік террор шаруаларды кооперация жолына түсіру идеясын бұзып қана қойған жоқ, сонымен бірге оның пайдалы жақтарын да жоққа шығарды. Сөйтіп, ауыл шаруашылығындағы экономикалық заңдылықтарға жатпайтын «Ұлы өзгеріс» шаруашылықтағы бұрыннан қалыптасқан жүйені аяусыз қиратып, қоғамды неше түрлі қиындықтарға ұрындырудың алғы шартын жасады.

Қазақ даласында жүргiзiлген жаппай ұжымдастыру, отырықшыландыру және кәмпеске науқанының салдары қазақ жерiне үлкен қоғамдық - экономикалық және әлеуметтiк өзгерiстер әкелгенi, тiптi асыра сiлтеушiлiк - 30-жылдар басындағы ашаршылық сияқты ауыр қасiретке ұрындырғаны тарихымыздан жақсы белгiлi. Бұл кезең халқымыздың тарихындағы ең ауыр трагедиялардың бiрi екендiгi туралы тек соңғы уақытта ғана ашық айтыла бастады. Өйткенi бұл ақтаңдақ кезең жарты ғасырдан астам уақыт бойы айтуға, жазуға, зерттеу нысаны болуға рұқсат етiлмеген тақырып ретiнде жабық болып келдi.

Күні бүгінге дейін ашаршылық геноциді тәуелсіз Қазақстан тарихында обьективті бағасын ала алмай келеді. Кеңестік ұжымдастыру зардаптарының бірі болған осы ашаршылық жылдары ел тарихының тұтас кезеңі ретінде арнайы зерттеуді және ашаршылық кезінде құрбан болғандардың жалпы саны әлі де болса терең зерттеп, анықтай түсуді қажет етеді. Қорыта айтқанда біздің тарихымызда қателіктер мен қиындықтар аз болған жоқ. ХХ ғасырдағы реформалар тарихы осыны дәлелдейді. Ауыл шаруашылығын кооперациялаудан бастау алған, қазіргі уақытта жартылай шешілген өзекті мәселелер жеткілікті. Олардың қатарына дәстүрлі шаруашылықтың күйреуі нәтижесінде қазақтар санының азаюы, қазақ даласында мыңдаған өзге ұлт қоныстанғаннан кейінгі этникалық дағдарыс, ұлттық тілдік ортаның бұзылуы сияқты мәселелер жатады. Тарихшы ғалым Қ.С.Алдажұманов «қазақ халқы өзінің ашаршылықта жоғалтқан санын тек 40 жылдан кейін ғана қалпына келтірді. Бұл орны толмас демографиялық күйзеліс әлі ұзақ жылдар бойы сезілетіні сөзсіз» деген еді [3.64]. Тарихи процестердің сабақтас екендігін ескере отырып, өткеннен сабақ алуымыз қажет. Оған дәлел соңғы кездегі ауыл шаруашылығын жекешелендіру тұсындағы орын алған өрескел қателіктер. Мұндайда ұжымдастыру тұсындағы машина -трактор стансаларын құру тәжірибесін ұмыттық, жүргізіліп жатқан жекешелендіру шарасының бір кездегі ұжымдастыруға кері шара екендігін, сондықтан да соңғысының тарихи сабақтарын ескеру қажеттігін естен шығардық. Сондықтан да 1920 - 30 жылдары орын алған қателіктерді зерттеп, одан қорытынды шығару, яғни қоғамдық - тәжірибелік мәні мен тарихи сабақтастығы және осы тақырыпты оқыту әдістемесі тақырыптың өзектілігін құрайды.

Диссертациялық жұмыстың зерттелу деңгейі. Қазақ шаруаларын меншігінен айыру және күштеп ұжымдастыру Қазақстан тарихында бұрыннан зерттеліп келе жатқан тақырып. Дегенмен, кеңестік заманда ұжымдастыру мәселесі, оның қазақ халқы үшін болған салдарлары мен нәтижелері туралы шынайы ғылыми тарихнама қалыптаспады.

Зерттеуші ғалым Т.Омарбеков 1920 жылдардың соңындағы және 1930 жылдардағы отандық шаруалар тарихының тарихнамасын төмендегідей басты-басты үш кезеңге бөліп көрсетеді [4.28]: алғашқы кезең 20 жылдардың орта шенінен басталып жаппай ұжымдастырудың және зорлап отырықшыландырудың басталуына дейін, яғни 1929 жылдың соңына дейін барады, екінші кезең 1930 жылдан 1985 жылдың басына дейін, үшінші кезең 1985 жылдың орта шенінен бүгінгі күнге дейін созылады. Алғашқы кезең күштеп ұжымдастыру және отырықшыландыру басталғанға дейін ауыл шаруашылығын қайта құрудың сталиндік көзқарасына балама теориялық ұсыныстардың болғанын, бұл бағыттың Қазақстанда қазақ шаруаларының тарихи дәстүрлі даму жолын қорғау түрінде көрініс бергенін дәлелдейтін теориялық және ғылыми еңбектерді қамтиды. Кеңестік Қазақстан шаруалары тарихнамасындағы екінші кезең 1930 жылдан бастау алады. Бұл уақыт жеке шаруалар қожалықтарының мүддесін қорғайтын, Қазақстан үшін дәстүрлі мал шаруашылығын дамытудың тиімділігін ғылыми тұрғыдан дәлелдейтін және көшпелілерді асықпай біртіндеп отырықшыландыруды жақтайтын, негізінен күштеп ұжымдастыруға және отырықшыландыруға дейінгі алғашқы кезде жарық көрген профессорлардың, ауыл шаруашылығы мамандарының еңбектерін «кондратьевшілдік», «рыбниковшілдік», «алашордашылдық», «сәдуақасовшылдық» немесе «зиянкестік» деп айыптайтын теориялық жұмыстардың жаппай жарық көруімен сипатталады.

Қазақстандағы тәркілеу және ұжымдастыру туралы тарихнамалық зерттеулер 1960 жылдардың соңынан бастап қана жазыла бастады. Бұл ізденістер мақалалар, баяндамалар, арнайы ізденістер ретінде жарық көрді. Оған Г.Ф.Дахшлейгер, С.Л.Ковальский, Ә.Б.Тұрсынбаев, С.Т.Тұрғанбаев, Н.А.Алимбаев, М.Х.Шаумян, А.П.Кучкин, Б.А.Төлепбаевтың зерттеулерін [5] атап айтуға болады. Бұлар шағын ғылыми мақалалар болғандықтан Қазақстандағы шаруалар қожалықтарын тәркілеу және ұжымдастыру мәселелеріне байланысты басты еңбектерге шолу жасаумен шектеледі. Сол кездегі еңбектердің басым көпшілігінде ұжымдастыру қозғалысының үрдістерін, қарама - қайшылықтарын ашудағы зерттеу тәсілдерінің бір - бірінен айырмасы жоққа тән.

Дегенмен кей авторлар шындықтың бетін ашуға аз да болса талпыныс жасаған. Мәселен, Ж.Жұмабеков зерттеу еңбегінде [6] ұжымдастыру, отырықшыландыру барысындағы қателіктер мен асыра сілтеулерді сынға алған. Алайда астық дайындау науқандарындағы зобалаңдар, дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуі, халық наразылықтарын күшпен басу сияқты партия саясатын әшкерелейтін өткір мәселелерге бара алмаған. Б.А.Төлепбаевтың 1971 жылы жарияланған «Торжество ленинских идеи социалистического преобразования сельского хозяйства в Средней Азии и Казахстане», 1984 жылы жарыққа шыққан «Социалистические аграрные преобразования в Средней Азии и Казахстане» атты еңбектері назар аудартады. Бұл еңбектер теориялық жағынан ескіргенімен, Қазақстан мен Орта Азияның өмірінде болған кеңес өкіметі жылдарындағы аграрлық өзгерістерді өзара салыстырып қарауға мүмкіндік береді. Мәселенің тарихнамасы Н.А.Әлімбаевтың 1984 жылы қорғалған «Историография опыта Коммунистической партии по осуществлению сплошной коллективизации сельского хозяйства Казахстана (конец 20-х-начало 80-х годов) атты кандидаттық диссертациясында арнайы қарастырылды. Бұл зерттеу туралы Т.Омарбеков: «Бірақ оларда жаппай ұжымдастыру жылдарындағы коммунистік партияның тәжірибесін дәріптеген әдебиеттерге тоталитарлық жүйенің үстемдігі жағдайында талдау жасалғандықтан сынау мүмкіндігі шектеліп, маркстік - лениндік методология шеңберінен аса алмады» деп көрсетеді [4.24-25].

1960 жылдар әдебиеттерінің қатарынан елеулі орын алатыны – екі бөлімнен тұратын құжаттар мен материалдар жинағы [7]. Бұл жинаққа дейін Қазақстанда ұжымдастыру тарихына байланысты құжаттар мұндай дәрежеде топтастырылмаған еді. 1926-1929 жылдардағы құжаттарды жинақтауда лениндік кооперация жоспарына сай республикамыздағы ұжымшар қозғалысына дайындық жұмыстарындағы коммунистік партияның басшылығына көп көңіл бөлінген. Алайда, көшпелі, жартылай көшпелі ауылдардағы аграрлық қайта құруларға қатысты әкімшілік, ұжымдастырудың жасанды жолдарына, ұжымшардың жоғарғы нысандарына бірден секіріс жасаудың кері нәтижелері туралы құжаттар жоқтың қасы. Екінші тарауда Қазақстандағы ұжымдастырудың ерекшеліктерін жою іс - шаралары жан -жақты ашылмаған.

Зерттеу тақырыбына байланысты кеңінен баяндау бағытындағы еңбектер қатарында Г.Ф.Дахшлейгер мен К.Нұрпейісовтың «История крестьянства Советского Казахстана» еңбегі [8] қомақты орын алады. Атаулы еңбек танымдық сипатымен маңызды болғанмен, кеңестік жүйе кезінде жарық көргендіктен, авторлар ұжымдастырудың тек жақсы жақтарына көп көңіл бөлген. В.Григорьев «20-30 жылдардағы Қазақстандағы тарихи процестердің сипаты мен формасы турасында» деген мақаласында:. «Өкінішке орай, республикадағы сондай-ақ одақтағы әдебиеттерде партия ұйымдарының ұжымдастыру, көшпелі ауылды отырықшыландыру жолына жеткілікті теориялық дайындықсыз, қажетті тұжырым тәжірибесіз кіріскені айтылмайды. Бәрі бірден, күштеумен істеліп, істің ойластырылған жоспарынсыз, отырықшыландырудың белгіленген цифрларынсыз, оларды «төбеден» алып белгілей салу арқылы істелгені айтылмайды» деп сынға алды. [9.218]. 80 жылдардың соңына қарай күштеп ұжымдастыру қасіретін әшкерелейтін алғашқы тарихи мақалалар жарық көре бастады [10]. Бұл орайда 1920-30 жылдардың күрделі тарихын, қарама - қайшылыққа толы қоғамның саяси - әлеуметтік өзгерістерін жаңа теориялық тұрғыдан бұрын жабық болып келген деректерді ғылыми айналымға қосып, жан - жақты зерттеулер жүргізген белгілі ғалымдар М.Қозыбаевтың, К.Нұрпейісовтың, Т.Омарбековтың, М.Қойгелдиевтің, Қ.Алдажұмановтың, Ж.Әбілхожиннің еңбектерін айрықша атауға болады.

М.Қозыбаевтың еңбектерінде Қазақстандағы ашаршылық ақиқаты, Ф.Голощекиннің осы жылдардағы қайғылы рөлі, күштеп ұжымдастыру барысындағы жүгенсіздіктер ашық айтылды [11]. М.Қозыбаевтың Қазақстан тарихындағы «ақтаңдақтарға» байланысты еңбектері және оның ұжымдастыру мен ХХ ғ. 30-жылдарындағы саяси қуғын - сүргін туралы зерттеулері бұл мәселені саралауға көп септігін тигізді. Оның 1990 ж Ж.Әбілхожин және М.Тәтімовпен бірігіп жазған «Казахстанская трагедия» атты мақаласы «Вопросы истории» журналы арқылы Москвада жарияланып, 30-жылдардағы алапат аштық пен босқындық зобалаңын әлемге алғаш рет жариялады [12.18].

Елiмiзде алғаш рет академик М.Қозыбаевтың бастамасымен «Қазақстанда және Орта Азия республикаларында ауыл шаруашылығын ұжымдастыру: тәжiрибе және проблемалар» тақырыбында Бүкiлодақтық ғылыми конференция ұйымдастырылды.

Конференцияда 20-30-жылдар қасiретiнiң себептерi мен салдары талқыланды. 1991 жылы 12 - қарашадағы ҚР Жоғарғы Кеңесi қаулысы негiзiнде құрылған, тәуелсiз елiмiздiң тарихында ерекше орын алатын ҚР Жоғарғы Кеңесiнiң арнаулы комиссиясы (жетекшiсi - академик М.Қозыбаев) құпия құжаттарды, БК(б)П ОК және Қазақстан К(б)П ОК-нiң «Ерекше папкаларда» сақталған материалдарын ашу мен оларды зерделеу жұмыстарын бiр мезгiлде жүргiзді. Ол 1992 жылғы қараша айына дейiн созылды және осы жылдың желтоқсан айында комиссия қорытындысы баспасөз беттерiнде жарияланды [13]. Саралау жұмысының нәтижесiнде 1993 жылы 14-сәуiрде Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын - сүргiн құрбандарын ақтау туралы» Заңы қабылданды. Әдiлдiктi толығымен қалпына келтiру мақсатында Елбасының 1997 жылды «Саяси қуғын - сүргiн құрбандарын еске алу жылы етiп жариялау туралы» Жарлығы нәтижесiнде де тоталитарлық тәртiптiң қылмыстары әшкерелендi.

Мәселенің демографиялық астарларын анықтауда белгілі демограф - ғалым М.Тәтімов үлкен еңбек сіңірді. Ол қайта демографиялық есептеулер жүргізіп, шындықты айқындауға белсенді ат салысты. Проблемадағы әлеуметтік-демографиялық процестерге байланысты қызықты сандық деректер М.Х.Асылбеков пен Ә.Б.Ғалиевтің еңбегінде де кездеседі [14].

Қазақтың дәстүрлі шаруашылығының қоғамдағы рөлін дұрыс анықтауға, сталиндік күштеп ұжымдастыруға балама көзқарастардың Қазақстанды зерттеген ғалымдар мен мамандар арасында орын алғанын теориялық жағынан байыпты дәлелдеген Ж.Әбілхожиннің монографиялық еңбегі де тарихымыздың осы кезеңге дейін белгісіз болып келген бір қырын ашты [15]. Бірақ бұл ғылыми еңбек негізінен қазақтардың дәстүрлі шаруашылығының ішкі әлеуметтік - экономикалық процестерін зерттеуді мақсат еткендіктен күштеп ұжымдастыру кезеңінің көптеген күрделі мәселелеріне тереңдеп бармаған. 1990 жылдың басында 1929 - 33 жылдардың аралығындағы қазақ даласында болған шаруалар наразылықтары туралы еңбектер де жарық көрді [16]. Мәселені тың мұрағаттар құжаттары негізінде жазылған еңбек жан - жақты толықтыра түсті [17]. Т.Қаратаевтың «Жүз жылдың ақ қарасы» атты оқу құралында ұжымдастыру жылдарындағы қайғы мен қасіретке толы тұтас бір кезеңдегі кеңес халқының өмірі, әсіресе қазақ топырағындағы «ақтаңдақтардың» ащы тұстары ашық әңгімеленеді [18].

Д.Қожамжарова 20-30 жылдардағы қазақ ауылының, тіпті бүкіл Қазақстанның дамуын екі кезеңге бөліп қарастыруды ұсынады. Оның біріншісі РК(б)П –ның Х сьезінен кейінгі азық - түлік саясатының іске асырылып жатқан тұсы. Бұл кезеңде жалпы Кеңес Одағында, Қазақстанда, қазақ ауылында көптеген игі өзгерістер болды. Екіншісі, шамамен 1929 жылдан басталатын әкімшіл - әміршіл басқару әдісінің орнығу кезеңі [19.40].

Қазақстанда осы зерттеуге алынып отырған тақырып жөнінде алғаш рет зерттеу жұмысын жүргізген тарихшы Т.Омарбеков деп айтуға болады. Автор 1994 жылы докторлық диссертациясында [2], 1997 жылы «20-30-шы жылдардағы Қазақстан қасіреті» атты монографиялық еңбегінде аталмыш тақырыпқа қалам тартты. Аталған монографиялық еңбегінде тоталитарлық режим кезіндегі Қазақстандағы байларды тәркілеу мен шаруаларды күштеп ұжымдастыру кезеңіне байланысты кең, мазмұнды тарихнамалық талдау жасайды. М.Қойгелдиев пен Т.Омарбековтың «Тарих тағылымы не дейді?» [20], Т.Омарбековтың «Зобалаң», «ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері» атты еңбектерінде [21] ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихының қайшылықты кезеңдеріне, кеңестік тоталитарлық жүйе жүргізген төтенше саяси - шаруашылықтық науқандарға мұрағат деректері мен құжаттары негізінде талдау жасалынған.

Тарихшылардың елiмiздiң ашаршылыққа ұшырауы, жұт жағдайы, олардың босқыншылыққа ұшырауы бойынша дереккөздерді iздестiруі нәтижесiнде «Қырдағы аштық» (1991), «Ашаршылық босқындары» (1996) жинақтары жарияланды. Ал 1998 жылы «1931-1933 жылдардағы Қазақстандағы күшпен ұжымдастыру мен ашаршылық» құжаттар мен материалдар жинағы жарыққа шықты [22]. Аталмыш тақырыпқа байланысты зерттеу жүргізген қазақстандық келесі тарихшы О.Х. Мұхатова. Тақырыпқа қатысты автордың «Қазақстандағы ХХ ғасырдың 20-90 жылдарындағы аграрлық өзгерістер тарихнамасы» атты еңбегі бар [23]. Ол аграрлық тарихнамаға шынайы талдау жасаса, Е.Қуандықов еңбегі ұжымдастыру кезіндегі солақай саясатты көрсетуге арналған [24]. Зерттеуші Ғ.Х.Халидуллиннің монографиялық еңбегінде [25] кеңес мемлекетінің аграрлық саясатына, оның ішінде қазақ шаруаларына тікелей қатысты оқиғалар тың деректер негізінде баяндалған. Автор негізгі назарды ұжымдастыру қарсаңындағы шаралар мен ұжымдастыру және оған шаруалардың қарсылық қозғалысына аударған.

Тақырыпқа қатысты Н.С.Байқадамовтың «Сырдария округіндегі күштеп ұжымдастыру және шаруалар көтерілісі» (1929-1933 ж.ж.), С.Қ.Махмұтовтың «Қазақ шаруаларын отырықшылыққа көшірудегі мемлекет саясаты (ХХ ғ. 20-30 ж.ж) тақырыбындағы кандидаттық диссертациясында тың деректер мен пайымдаулар жасалған. Сондай - ақ тақырыпты ашуға «Нәубет», «Қызылдар қырғыны» атты еңбектердің [26] септігі тиді.

Тақырыптың шетелдік тарихнамада зерттелуіне келетін болсақ, 1920-1930 жылдардағы ұжымдастыру мен ашаршылық туралы алғашқы еңбектер шетелдiк басылымдарда жарық көрген. Батыстық тарихнамада кеңестік ұжымдастыру мәселесіне ертерек қалам тартқан авторлар: 1934 жылы У.Х.Чамберлен, 1936 жылы Аманда Эвальд, 1964 жылы Далримпл Дана, 1968 жылы Роберт Конквест болды. Қазақстандағы ұжымдастыру мен ашар­шы­лық тарихына қатысты батыстық тарихна­малық зерттеулерге талдау жасаған Бүркіт Аяғанұлы мынадай қорытынды жасайды: 1. Қолданыстағы тарихнамалық зерттеулер негізінде алғашқы шетелдік іргелі зерттеулер 1980 жылдардың ортасында жарық көрген; 2. Шетелдік әдебиеттерде КСРО тарихы­ның өзекті мәселелері, атап айтқанда күштеп ұжым­дастыру кезіндегі (1928-1932 ж.ж.) ша­руа­­лар­дың жаппай қысымға ұшырауы, 1937-1938 жылдардағы «үлкен террор», Қазақстан мен Украинадағы ашаршылық тарихының нәтижелері объективті қарастырылған; 3. 1920-1930 ж.ж. ашаршылық нәубеті мен саяси қуғын - сүргінге Кеңестік биліктің қаты­на­сын кешенді талдау үшін шетелдік дерекнамалық - тарихнамалық зерттеулердің ауқымын кеңейту қажет [27.7]. Осы тақырыпты зерттей отырып, біз де осы пікірге қосыламыз.



Зерттеу жұмысының деректік негізі. Деректерге обьективті тұрғыдан қарауға үлкен мән берілді. Өйткені кеңестік кезең тұсында құжаттардың негізгі дені қандай ғана үрдісті болмасын жағымды қырынан әсірелей көрсетуге тырысқаны анық. Олардың кеңестік идеология әсеріне ұшырағандықтарынан аталмыш еңбектерді қарастыру барысында салыстырмалы талдау әдісін қолдану қажеттілігі туындады. Жұмыстың негізіне тарихи, статистикалық, мұрағат, баспасөз материалдары бойынша кешенді деректер алынды. Зерттеудің деректік негізінің бірін облыстық мемлекеттік мұрағаттың мұрағат құжаттары құрайды. Зерттеуде сонымен қатар тақырыпқа қатысты кезеңдегі заң жинақтары, Кеңес өкіметінің қаулы - қарарлары, ұжымдастыру науқаны туралы жарияланған құжаттық жинақтар мен материалдар да кеңінен пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Жұмыстың мақсаты 1920-1930 жылдардағы Қазақстандағы ұжымдастыру мен оның зардаптарын ашу болып табылады. Осы мақсаттан мынадай міндеттер туындайды:

-Кеңес қоғамындағы өзгерістердің халықтың бір бөлігін құрбан ету арқылы іске асқандығын, оның әсіресе ауыл шаруашылығын ұжымдық негізде күштеп қайта құру саясатында айқын көрінгендігін дәлелдеу;

-Ауыл шаруашылығындағы күштеу саясатын талдау;

-Ірі мал иелерін меншігінен айырудың тұрпайы және қатал механизмін әшкерелеу;

-Дәстүрлі мал шаруашылығының күйзеліске ұшырау себептерін ашу;

-Кеңес өкіметінің отырықшыландыру мәселесіндегі саясатын көрсету, жүргізілген шараларға баға беру;

-Қазақ халқын отырықшыландыруды жүзеге асырудағы әкімшіл - әміршіл жүйенің қыспағын ашып көрсету;

-Қазақ шаруаларының босқыншылыққа және аштыққа ұшырау себептерін және оның ауыр зардаптарын ашып көрсету;

-Қазақ шаруаларын меншігінен айырудың және ұжымдастырудың әлеуметтік - демографиялық салдарларын зерттеу;

-Тақырыпты оқыту әдістемесін жасау.



Зерттеу жұмысының методологиялық негізі мен әдістері. Зерттеу жұмысын талдауда соңғы жылдары Отандық тарих ғылымында болып жатқан жаңалықтар мен түбегейлі өзгерістер негізге алынды. Зерттеудің методологиялық және теориялық негізін диалектикалық тарихи даму заңдылықтары мен өркениеттілік, салыстырмалылық, талдау, жинақтау және қорыту, жүйелілік әдістері құрады. Зерттеу жұмысында ғылыми обьективтілік, тарихилық, әлеуметтік жүйелеу, талдау, логикалық принциптер мен әдістердің қолданылуы шынайы ақиқатқа жетудің басты шарттары ретінде еңбекте кеңінен қолданыс тапты. Сонымен қатар қазақ шаруаларына қатысты статистикалық деректер мен құжаттар салыстырмалы түрде сараланып, тақырыптың мазмұнын ашуда обьективтік принцип басшылыққа алынды.

Зерттеу пәні. Қазақстандағы кеңестік ұжымдастыру зардаптары және оны оқыту әдістемесі.

Зерттеу жұмысының нысаны. ХХ ғ. 20-30 ж.ж. ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру, шаруалар шаруашылығын жеке меншік құқығынан айыру, көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын жаппай отырықшыландыру, ашаршылық зардаптары және осы тақырыпты оқыту әдістемесі.

Зерттеу жұмысының жаңалығы. Жұмыста облыстық мемлекеттік мұрағат материалдары негізінде өңіріміздегі ұжымдастыру, шаруа қожалықтарын жеке меншігінен айыру, ашаршылық мәселелері кеңінен қарастырылды.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар.

-Жаппай күштеп ұжымдастыру қарсаңында қазақ шаруаларын отырықшыландыруға экономикалық негіздердің жетіспеуін көрсету;

-Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру науқанының жаппай отырықшылыққа өтумен қатар жүргізілуінің ауыр зардаптарын көрсету;

-Кеңес өкіметінің ұжымдастыру саясатының бір нысаны болған қазақ шаруашылығының жаппай отырықшылануы дәстүрлі шаруашылыққа соққы болғанын көрсету;

-Отырықшыландыру науқанына қатысты мемлекеттік және қоғамдық жәрдем деңгейінің төмен болуы, отырықшылыққа көшкен халықтың әлеуметтік мәселелерінің шешімін таппағандығы;

-Қазақ қоғамындағы бай мен кедей арасындағы таптық жіктелістің жоқтығын, бір - біріне етене жақындығы;

-Қазақ байларының малдарын тәркілеуден материалдық жағынан да, рухани жағынан да кедейлердің еш нәрсе ұтпағаны, бұл науқан қазақ даласындағы дәстүрлі мал шаруашылығын күйретуге әкелгені;

-Ұжымдастырудың босқыншылыққа, аштыққа әкеліп соқтырған зардаптарын көрсету.



Зерттеу жұмысының тәжірибелік маңызы. Зерттеу жұмысында пайдаланылған материалдар, облыстық мемлекеттік мұрағат құжаттарын талдап, оларды зерделеу нәтижесінде алынған тұжырымдарды, материалдарды Қазақстан тарихы, тарихи өлкетану сабақтарында пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысының сыннан өтуі мен жарық көруі. Диссертация тарих және тарихты оқыту әдістемесі кафедрасының мәжілісінде талқыланып, қорғауға ұсынылды. Диссертацияның негізгі тұжырымдары екі мақалада баяндалып, жарияланған.

  1. Кеңестік ұжымдастыру зардаптары. // Қазақ тарихы. 2011-№6-29-30 б.б

  2. Қаралы кезеңнің құпиясы қырық қатпарлы. // Ақиқат. 2012-№5.-69-72 б.б


ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
Кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі айқындалып, мақсаты мен міндеттері белгіленіп, теориялық және әдістемелік негізі, ғылыми жаңалығы, тәжірибелік маңызы, зерттеу пәні мен обьектісі анықталып, тақырыптың зерттелу деңгейі мен деректерге сипаттама жасалды.

«Қазақстандағы ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру мен қазақ шаруаларын отырықшыландыру» атты бірінші тарауда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастырудың саяси - идеологиялық алғы шарттары, шаруаларды отырықшыландыру және оның зардаптарына талдау жасалынған.

Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі даму жолымен келе жатқан қазақ ауылы, осы ауылдың тіршілік көзі болған мал шаруашылығын күйрету 1925 жылғы қыркүйек айында Қазақ өлкелік партия комитетіне Ф.И.Голощекиннің жауапты хатшы қызметіне келуімен тығыз байланысты.

Кеңес үкіметінің негізгі мақсаты жеке меншіктегі ұсақ шаруашылықтардың басын қосып, қоғамдасқан ортақ шаруашылық құру еді. Басқаша айтқанда, шаруаларды кооперациялау болып табылады. Осы кезге дейін партияның ХҮ сьезі (1927 жылдың желтоқсаны) ауыл шаруашылығын ұжымдастыру сьезі, деревняны ұжымдастыруға бағыт сілтеген сьезд аталып келді. Ал, шындығында сьезд тек ұжымдастыруға ғана емес, кооперацияның барлық түрлерін қапталдастыра дамыту керек деп нұсқаған. Кулакты тап ретінде жою мәселесінде де сьезд: бұл іс бірте-бірте жүргізіліп, онда да кулак шаруашылығы зорлықпен емес, керісінше, экономикалық әдістермен жойылатын болсын деген. Осының бәрін сьезд жалпы әлеуметтік - экономикалық өзгерістер шеңберінде тындырылатын көп міндеттің бірі ретінде атап көрсеткен. Бірақ сьезден кейін партия, үкімет басшылары ұжымдастыру мәселесін даралап алға шығара бергені шындық. Күштеп ұжымдастырудың нәтижесінде 1930 жылы Ресейдің қара топырақты аудандарында жеке шаруаны ұжымдастыру небары 10 пайыз төңірегінде болған да, Қазақстанда бұл көрсеткіш 64 пайыз болған.

Ұжымдастыру Қазақстанда өте тез қарқынмен жүргізілді. 1929 жылдың 1 қазанынан 1930 жылдың 1 қаңтары аралығында 100 мың кедей және орташалардың шаруашылықтары ұжымдастырылды [8.156]. Саяси және экономикалық сипаттағы ұжымдастыру науқанын тез арада жүргізу үшін шаруашылықтарды жаппай ірілендіру басталды. Кулактар мен байларды тап ретінде жерлерінен қуып, ұсақ шаруалар шаруашылықтарын бір-біріне қосып, ірілендіріп, ұжымдастырды және егіндік жерлердің мөлшерін кеңейтті.

Қол жеткен табыстарды асыра бағалай отырып, елдің басшылары 1929 жылдың аяғында жаппай ұжымдастыру саясатын жүргізуге кірісті. Шаруаларды ұжымшарға мүшелікке тартуда әртүрлі іс шаралар ұйымдастырылды. Мысал келтіретін болсақ, Қызылорда ауданында 1929 жылдың 10 қарашасында ауыл шаруашылығы артельдерінде 6 кино - кештер, әңгімелесулер мынадай тақырыптарда ұйымдастырылған: «Ұжымшар құрылысы», «Егін өнімділігін қалай көтеруге болады?», «Сүт шаруашылығы», «Мал шаруашылығы» т.б. Оған 1100 тыңдаушы қатысқан. Осы шаралардың өтуін қадағалау үшін Жер Басқармасы округінен уәкіл жіберіліп отырған [28.203]. Сондай - ақ ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бойынша кәсіподақтарға үйірмелер ұйымдастырылған. Үйірмелердің міндеті ауыл шаруашылығын социалистік құру жұмысында кәсіподақтарға ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек көрсету болды [29.26,29]. Сондай-ақ әңгіме, баяндама, кештердің тақырыптары бекітіліп берілді. «Ауыл шаруашылығы дамуының капиталистік және социалистік жолдары», «Ұжымшар құрылысы және оның болашағы» деген секілді тақырыптар қамтылды. Сондай-ақ оқуға да арнайы әдебиеттер ұсынылды. Тіпті бұл үйірменің бағдарламасының үлгісі де берілді.

Қазақстандағы жаппай ұжымдастырудың тез қарқынмен жүруі шаруалардың өз еркімен болмай, күштеу, зорлау, жазалау әдістері арқылы жүзеге асырылып отырды. Ауқаттының малын еріксіз ортаға алып, енді жекешенің күн көрісіне жарап отырған азын - аулақ малды да сыпыра бастады. Сол тұста «асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын», «Қайдан тапсаң одан тап - қаптың түбін мықтап қақ» деген ұрандар тарады. Зорлаумен ортаға түскен мал күтімсіздіктің салдарынан жаппай қырыла бастады. 1929 жылы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша 47 миллионға жуық мал болса, 1934 жылы 1 қаңтарда не бары 4,5 миллионы қалды [30.56].

Жаппай ұжымдастыру саясатын жүргізу Қазақстан шаруашылығы үшін орны толмас қайғылы оқиғаларға алып келді. Оның шаруашылығының қалыптасқан құрылысын бұзды, елдің әлеуметтік - демографиялық дамуына өзгерістер әкелді. Көшпелілердің рухани - мәдени дамуына бөгет жасады. Басшылық көбінесе әкімшілік әдістермен жүргізілді. Ұжымдастыру принципін өрескел бұзушылық жаппай сипат алды.

Отырықшыландыру науқаны жаппай ұжымдастыру науқанымен қатар жүргізілді. Отырықшыландыру барысында жеделдету мақсаты қойылып, қазақ ауылының ерекшеліктері ескерілмей, екі жолмен жүргізілді. Оның біреуі - жүздеген шаруашылықты бір жерге иіріп әкеліп, шоғырландыра орналастырып, малын өнім дайындау қорына өткізу. Екіншісі - әлгіндей көп халықтың киіз үйлерін қар үстіне көше секілдендіріп тігіп, поселкелер құру, бұлардан ұжымшар жасау. Осылайша Ресей секілді егіншілік өңірлердің ұжымдасу формасы малшы өңірге күштеп таңылды. Көшпелілер мен жартылай көшпелілерді отырықшылыққа сталиндік күштеп көшіру саясаты қазақ этносының тіршілік ету жүйесін мықтап бұзды.

Отырықшыландырудың алғашқы жылының қорытындылары бұл бағыттың қате екендігін көрсетіп берді. Бірде - бір бағдар бойынша міндеттер мен жоспарлар орындалмады. Салықтық қысымдар мен ет дайындау науқандарынан күйзелген қазаққа өз қаржысымен отырықшыландыру оларды босқынға ұшыратты.

«Қазақ шаруаларын жеке меншік қожалықтарынан айыру және оның барысы» атты тарауда шаруаларды жеке меншік қожалықтарынан айыру, ашаршылық және оның зардаптары баяндалады.

Ұжымдастырудың әкімшілік - зорлықшылдық сипаты кулактар мен байларды тап ретінде жою аясында белең алған сол бір қуғын - сүргін іс-шаралары арқылы орасан зор қасірет түрінде бой көрсетті. Талай жұттан аман қалған қазақ, большевиктер билікке келгеннен кейінгі жағдайда оған төтеп бере алмады. 1928-1932 ж.ж. бірінші бесжылдық тұсын­да қазақ байларын тәркілеу саясаты күшіне еніп, кеңестік билікке қарсы «әлеуметтiк қауiптi элементтердi» iздестiруге, оларды күш­теп жер аударуға ұласты. Әсіресе, қазақ байлары, қазіргі тілмен айтқанда қазақ меценаттары қудаланды.

Жалпы Қазақстан бойынша барлығы 144474 бас мал тәркіленсе [4.95], Қызылорда округі бойынша алдын-ала жасалған жоспар бойынша 27173 бас мал тәркіленуге тиіс еді. Іс жүзінде 54 байдан 56720 бас мал немесе ірі қараға шаққанда 18139 бас мал тәркіленген [31.7]. Оның 14228 -і бөліске түскен. 4055 -і ұжымшарларға, 10173-і жеке шаруашылықтарға таратылған [32.27]. Тәркіленген малдардың басым бөлігі – қой болды. Атап айтқанда, 43490 бас қой, 5989 бас жылқы, 4318 бас түйе. Тәркіленген малдар 2833 адамға бөлінген. Малдан басқа байлардан 29 киіз үй, 117 киіз, 10 мың бау шөп, 8 қыстау, 5 үй т.б. тәркіленіп, олар клубтарды, мектептерді жөндеу жұмыстарына, артелдерге жіберілді [33.7,9]. Тәркіленген 54 байдың барлығы ірі бай болмағанын мұрағат материалдары дәлелдейді.

Қазақ байларын тәркілеу Қазақстандағы күшпен ұжымдастыру саясатының беташары іспетті болды. Қазақ байларының малдарын тәркілеуден материалдық жағынан да, рухани жағынан да кедейлер еш нәрсе ұтпады. Бұл науқан қазақ даласындағы дәстүрлі мал шаруашылығын күйретуге әкелді. Дәстүрлі мал шаруашылығының табиғи ортаға бейімделген түрі - ірі байлар қожалықтарын күйрету - Қазақстандағы мал шаруашылығының даму қарқынының тежелуіне, тауарлылығының күрт төмендеуіне негіз жасады. 1932-33-ші жылдардағы, қазақ халқының айтарлықтай бөлігін жусатып кеткен ашаршылық – ел тарихындағы ең қасіретті оқиғалардың бірі болып саналады.

Қазақ даласындағы ашар­шы­­лық туралы көрнектi қазақ зиялылары Тұрар Рысқұлов, Смағұл Сәдуақасов, Нығмет Нұр­мақов, Ораз Исаев, Сұлтанбек Қожанов және т.б. Мәс­кеуге ресми хаттар дайындады. БК(б)П ОК-нiң Бас хатшысы И.В.Сталин мен Қазақ өлкелiк партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы Ф.И. Голо­ще­кинге жолданған Т.Рыс­құловтың «Сталинге хаттары», Ғ.Мүсiрепов, М.Ғатаулин, М.Дәулет­қалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Қуанышев жазған «Бе­сеу­дiң хаты» және т.б. хаттарда қазақтың «қара шыбындай» қырылуы мен үдере шетел асуының негізгі себеп­терiн, экономикалық және демогра­фия­лық шы­ғынды айғақтайтын нақты мәлiмет­тер берілдi. 1920 жылдың басындағы аштықтан халық ұйымдастырылған әртүрлі шаралардың арқасында әупірімдеп шықса, ал 30-жылдардағы аштық халықты күйзелтіп қана қоймай, күйретіп кетті.

Ашаршылыққа душар болғандарға көмек беру ол бастан дұрыс ұйымдастырылмады. Облыстық мұрағат қорындағы осы кезең барысына шолу жасасақ, 1932 жылы 28 ақпанда өткен Қызылорда аудандық атқару комитеті мәжілісінің күн тәртібінде көшіп - қоныстанушылар мен панасыз балаларды орналастыру мәселесі қаралып, панасыздықпен күрес бөлімінің жұмысы сынға алынған. Онда азық - түлікпен қамтамасыз етудің дұрыс жолға қойылмағандығы, есебі жүргізілмегендігі, желтоқсан айында берілетін азық - түлік қаңтар айының соңында үлестіріліп, талан - таражға түскендігі айтылып, кінәлілерді жауапқа тарту ұсынылған. Ақтөбе облысынан және Қарсақпай ауданынан келіп жатқан көшпенділер мен панасыз балалар саны күннен - күнге көбейген. Бұл көрсеткіш ақпан айында 835 болса, наурыз айының басында 928-ге жеткен. Осы айдың ортасында тағы да Қарсақпайдан - 630, Батпаққарадан - 510, Қостанайдан - 47, Торғайдан - 14, Ырғыздан - 2 адам, 1665 панасыз балалар келген. Олардың 1500-і балалар үйіне, 150- сәбилер үйіне орналастырылған, 10- оқуға, 5- кәсіпорындарға жұмысқа жіберілген, балалар үйіне және сәбилер үйіне жіберілгендер арасында 109 бала аштықтан өлген. Азық - түліктің жетіспеушілігіне байланысты үнемдеу мақсатында адам басына 1 айға 1 килодан дән бөлінген. Осыдан кейін жиналған панасыз балалар Қазалы, Қармақшы, Тереңөзек, Түркістан балалар үйіне жіберілген [34.23].

Өзге облыстардан көшіп - қоныстанушылар онсыз да қиын әлеуметтік-экономикалық жағдайды мұнан әрі төмендетті. Ақтөбе облысы мен Қарсақпай ауданы басшыларына осы аймақтардан келген халықты тұрақты мекен-жайларына қайтару үшін өз өкілдерін жіберу туралы ұсыныстар жауапсыз қалды. 1933 жылдың 1 қаңтары мен 20 ақпаны аралығында панасыз балалардың саны 1311 болса, оның 44- коопкомбинатқа жұмысқа жіберілген, 2- кәсіпорынға, 20 адам «овцевод» кеңшарына жіберілсе, 105 бала сәбилер үйіне орналастырылған. 315 бала қайтыс болған. Ескертпеде берілген мәліметте балалардың көпшілігінің өліміне аштық себеп болғандығы көрсетілген [35.2].

Қазақ АКСР Халық комиссарлар Кеңесі мен өлкелік комитетінің 1933 жылдың 3 қыркүйегіндегі «Панасыздарға қарсы күрес жағдайы туралы» қаулысында Алматы облысы Қаратал- Аягөз ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс, Қызылорда аудандарындағы орын алған кемшіліктер, атап айтқанда балалардың өліміне апарып соқтырған жағдайлар, медициналық көмектің берілмегендігі, балалар қорына бөлінген қаржының жымқырылуы т.б. жағдайлар қатты сынға алынды.

Қазақстандағы күшпен ұжымдастырудың және зорлап отырықшыландырудың алып келген ауыр зардаптарының бірі- демографиялық апат еді. Тарихи зерттеулерде Қазақстандағы 1931-33 жылдардағы ашаршылыққа байланысты әртүрлі пікірлер мен деректер айтылып жүр. Қазақстандық тарихшы демограф ғалымдар осы жылдардағы ашаршылық құрбандарын 1,5 миллионнан 3 миллионға дейін жеткізіп жүр.

Қасiрет құрбандарының саны туралы мәселе әзiрге ашық қалып отыр. Ашаршылық кезінде құрбан болғандардың жалпы саны әлі де болса терең зерттеп, анықтай түсуді талап етеді. Аштық жылдары ел тарихының тұтас кезеңі ретінде арнайы зерттеуді қажет етеді. Қайткен күнде де Қазақстан тарихында «1932 жыл» қара жазумен жазылатын дата. Бұл жыл – республика басына төтенше төнген нәубет, бұл жыл – халық тұрмысымен, психологиясымен санаспай басшылық етудiң, әкiмшiлiктегi волюнтаризмнiң аяғы немен тынарын мәңгi еске салып тұруға, мәңгi сақтандырып тұруға тиiс жыл. Бұл жыл – ешуақытта ұмытылуға тиiс емес, керiсiнше, келер ұрпаққа үлкен сабақ болуы тиiс. Бұл – орны толмас халықтық қасiрет.



«Қазақстандағы кеңестік ұжымдастыру зардаптары және оны оқыту әдістемесі» атты үшінші тарау әдістемеге арналған. Оқушының дүниетанымында шынайы да әділ тарихи сананың қалыптасуында тарих пәнінің орны зор. Осы орайда тақырыпқа арқау болған қазақ халқының басына төнген қайғы - қасірет, ашаршылық жайлы жастарға айта отырып, оларды елін - жерін сүюге тәрбиелеу, қасірет туралы шындықты ашып айтудан тайсалмаған республика қайраткерлерінің ерлігіне тоқтала отырып, патриотизмге тәрбиелеудің маңызы зор.

Республиканың ауыл шаруашылығын қайта құру негізінде 1929-1931 жылдардағы жүргізілген ұжымдастыру саясатының зардаптары мен нәтижелерін, күштеу саясатының қасіретін түсіндіре келіп, оқушылардың өз халқының тарихын терең меңгерулеріне жағдай қалыптастыру негізгі білімділік мақсат етіп қойылады. Сонымен бірге оқушылардың ойын дамыту мақсатында ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық шаруашылық дамуының кенеттен тоқтауы, оның үлкен дағдарысқа ұшырау себептерін айқындау мақсатында оқушы ойына қозғау салу, қосымша деректер көмегімен ой - өрістерін арттыруға жағдай жасау, қанқұйлы кезеңге өз беттерінше баға беруге дағдыландыру міндет етіп алынады.

Туған өлке тарихын танытуда мұрағат материалдарының маңызы зор. Өлкетану - отантанудың алғашқы қадамы. Біртұтас қазақ тарихын игеру ең алдымен туған өлкенің тарихын танудан басталады. Әрбір адам өзінің туып өскен жерін, оның тарихын жақсы білмесе өз өлкесіне деген сүйіспеншілігі дұрыс қалыптаспайтындығы ақиқат. Тақырыпқа қатысты облыстық мемлекеттік мұрағат материалдарын сабақта пайдаланудың маңызы зор. Сондықтан сабақ облыс тарихымен байланыстырылады.

Қорытынды
Қазақ даласында ғасырлар бойы қалыптасқан шаруашылықтың дәстүрлі мәдениетін күйреткен ХХ ғасырдың 20-30 жылдары - Қазақстан тарихының күрделі беттерінің бірі. . Осы «ақтаңдақ» беттердің ақиқатын ашуға Қазақстан Орталық Комитеті мен Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1928 жылғы 27-тамыздағы «Бай шаруашылықтарын тәркілеу туралы», 1928 жылғы 13-қыркүйектегі «Аса ірі және жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аударуға қарсы әрекет жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық туралы» және 1930 жылғы 19-ақпандағы «Жаппай ұжымдастыру аудандарында ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құруды нығайту жөніндегі және кулактар мен байларға қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы» қаулыларын зерттеу жөніндегі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы комиссиясының қорытындылары және «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын анықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жол ашып берді.

Өткен ғасырдың 80-жылдарының соңына дейін аталған кезеңнің тек күнгей жақтары зерттеліп, ұсынылып келді. Яғни, көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын зорлап отырықшылыққа көшіріп, күштеп ұжымдастырып босқыншылыққа ұшыратқан тоталитарлық режимге көлеңке түсірмейтін еңбектер ғана дүниеге келген. Қазақстандағы жаппай ұжымдастырудың тез қарқынмен жүруі шаруалардың өз еркімен болмай, күштеу, зорлау, жазалау әдістері арқылы жүзеге асырылғаны жасырылды.

Ұжымдастырудың әкімшілік-зорлықшылдық сипаты кулактар мен байларды тап ретінде жою аясында белең алған сол бір қуғын - сүргін іс-шаралары арқылы орасан зор қасірет түрінде бой көрсетті. Тәуелсіздік үшін күрестің бір кезеңі деп қарауға болатын ұжымдастыруға қарсы көтерілісшілердің тізімін әлі де болса, мұрағат қойнауларынан алынып, халыққа тапсырылмай келе жатқанын зерттеушілер айтып жүр. Кеңес кезінде «қашқын» деген атаққа ие болған, қазір Қытайда, Түркияда, Иранда, Ауғанстанда тағы басқа елдерде жүрген қандастарымыз аз емес. Солардың көпшілігі сонау сұрапыл 30-жылдарда кеңес зорлығына қарсы шығып, көтеріліске шыққандар. Қазақ даласында ұжымдастыруға наразылық ретінде баскөтерулер көп болды. Оларды егемендік алғаннан кейін Қазақстандық тарихнамада пайда болған зерттеулерден көре аламыз. Бұл көтерілістердің қазақтың жаңа және қазіргі заман тарихында алатын орны ерекше. Қазақ халқының шынайы тарихының қалыптасуына үлес қосары сөзсіз. Аталған мәселеге байланысты халықаралық деңгейде жұмыстар жүргізу қажеттілігі – уақыт талабы.

Қазақ халқы біз зерттеп отырған жылдары орасан зор адам шығынына ұшырады. Егер де мұншалықты адам шығыны болмаса, бүгінгі күні қазақ өз жерінде азшылық болмас еді. Оның үстіне қазіргі Қазақстанда туындап отырған кейбір әлеуметтік және демографиялық проблемалар да сол кезеңнің жылдар бойы жалғасып келе жатқан салдарлары. Қазақ халқының күштеп ұжымдастыру жылдарындағы рухани және материалдық шығындарын ешқандай «табыс» ақтай алмайды.

Осы жылдарда Қазақстанда жүзеге асырылған әлеуметтік-экономикалық процестер қазақ халқының дәстүрлі даму жолын талқандап қана қоймай, ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының халықтық салт - дәстүрлерін аяқ асты етті. Нәтижесінде адамзат өркениетінде өзіндік орны бар, бірегей қазақ ұлтының өзінің рухани тамырларынан қол үзу, өзінен үлкен ұлттың жетегінде кетіп, мәңгүрттену процесі белең алды.

Зерттеу соңында мынадай ұсыныстар айтқым келеді:

1.Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектеп және педагогикалық жоғарғы оқу орындарының оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруде ұлттық құндылықтарымызды зерттеу нысаны тұрғысында назар аударту өте орынды қажет болып табылады.

2. Болашақ ұрпақты өз халқының тарихы, мәдени, рухани асыл мұралары арқылы тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

3. Ұжымдастыруға қарсы көтерілістер, ашаршылық, босқындар деректері мектептердің мұражайларына қойылса, хрестоматия оқулықтарына енгізілсе;

4. Көтеріліс басшыларының есімін әр ауылдың көрікті көшелеріне берсе;

5.Ашаршылық тарихы тарихи тұрғыдан терең зерттеліп, жас ұрпақтың жадында мәңгі қалдыру шаралары ұйымдастырылса;

6. Ашаршылық кезінде құрбан болғандардың жалпы саны терең зерттеп, анықтай түсуді талап етеді;

7. Әр ауылдан, губерниядан қанша адам аштықтан өлгені зерттеліп, нақтылануы тиіс;

8.Ашаршылық тек саяси-экономикалық тұрғыдан ғана емес, адами психологиялық, талдау-сараптамалық, әлеуметтанушылық тұрғыдан да қарастырылуы қажет;

9.Ашаршылық құрбандарына Астананың көрікті көшелерінен еңселі ескерткіш қойылса;

10. 31 мамыр аза тұту күні болып белгіленсе, мешіттерде ашаршылық құрбандарына құран оқылса;

11. 31 мамырды «Ашаршылық және саяси қуғын - сүргiн құрбандарын еске алу жылы» деп атау.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптасуының тұжырымдамасы.-Алматы: Қазақстан, 1995-35 б.

2. Омарбеков Т. Қазақ шаруаларын жеке меншік қожалықтарынан айыру және ұжымдастыру: тарихы мен тағылымы».//Тарих ғыл. докторы. дисс. авторефераты.- Алматы, 1994 - 35 б.

3. Алдажұманов Қ.С. Қазақстандағы 1931-1933 жылдардағы ашаршылық тарихы мәселесіне. // «Дүниежүзі тарихы: зерттеу және оқыту мәселелері» атты «Нұрпейісов оқулары». Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдар жинағы. –Алматы: ҚазМемҚызПУ, 2010-446 б.

4. Омарбеков Т.20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті.-Алматы: Санат, 1997-320 б

5.Баишев С. Социально-экономическое преобразования в ауле и деревне Казахстана. – Алматы: Наука, 1965-132с; Дахшлейгер Г.Ф. Вопросы историографии опыта ленинского кооперативного плана в Казахстане (1917-1940 г.г.) - Проблемы аграрной политики советского общества: материалы научной конференции. - Москва, 1971-303 с; Ковальский С.Л. Из истории полемики конца 20-х-начала 30-х годов по поводу освоения земельных ресурсов Казахстана.- Вопросы истории. КазГУ.-Алма Ата, 1973. Вып, №5-80 с; Турсунбаев А.Б. Актуальные проблемы историографии партийного руководства социалистическими преобразованиями сельского хозяйства Казахстана. -Великий Октябрь –главное событие ХХ века.-Алма Ата: Наука, 1979-259 с, Шаумян М.Х. От кочевья к социализму. –Алматы: Наука, 1965-120 с; Кучкин А.П. Советизация Казахского аула. –Алматы: Наука, 1962-202с; Турганбаев С.Т. Алимбаев Н.А. К вопросу историографии коллективизации сельского хозяйства Казахстана конца 20-30-х годов.-Некоторые вопросы историографии Казахстана.-Караганда, 1980-256 с.

6. Жумабеков Ж. Ленинские идеи руководства массами в действии (об историческом опыте КПСС по реорганизации аульнодеревенской бедноты в Казахстане).-Алматы: Наука 1969-220 с.

7. История коллективизации сельского хозяйства СССР: Документы и материалы. (1926- июнь 1941 г.г.) // Гл ред: Данилов В.П. Зеленин. И.Е. Ивницкий Н.А. и др. /Под ред Турсунбаева А.Б.-Алма Ата: Гл арх. упр. при Совете Министров СССР, Институт марксизма-ленинизма при ЦК КПСС, Институты истории и экон. АН СССР, 1967-576 с.

8.Дахшлейгер Г.Ф. Нурпеисов К. История крестьянства Советского Казахстана.-Алма-Ата: Наука, 1985-222 с.

9. История Казахстана белые пятна. Сб статей. /Сост.Абылхожин Ж.Б. –Алма-Ата: Казахстан, 1991-348 с.

10. Омарбеков Т. Атабаев Қ. «Кооперативтендіру сабақтары.// Лениншіл жас, 1988-№31, 3-4 тамыз,; 13-14 желтоқсан, №76 ; Төлепбаев Б.А. Осипов В.П.. Асырмай да, жасырмай айтылар шындық.// Социалистік Қазақстан, 1989- №4, 14 қаңтар;

11. Қозыбаев М.К. История и современность.-Алматы:Казахстан,1991-305с, Ақтаңдақтар ақиқаты.- Алматы: Қазақ университеті, 1992-272 б.

12.Абылхожин Ж.Б. Козыбаев М.К. Татимов М.Б. Казахстанская трагедия.-Вопросы истории, 1989, №7

13. Қазақстан Орталық Атқару комитеті мен ҚАКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің 1928 жылғы 27 тамыздағы «Бай шаруашылықтарын тәркілеу туралы» 1928 жылғы 13 қыркүйектегі «Аса ірі және жартылай феодал байларды тәркілеу мен жер аударуға қарсы әрекет жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық туралы», 1930 жылғы ақпандағы «Жаппай ұжымдастыру аудандарында ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құруды нығайту жөніндегі және кулактар мен байларға қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы» қаулыларын зерттеу жөніндегі қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы комиссиясының қорытындысы. //Егемен Қазақстан, 1992-№.162, 22 желтоқсан

14. Тәтімов М.Б.. Социальная обусловленность демографических процессов. –Алма-Ата, Наука,1989-124 с; Мешін жылғы апат.//Жұлдыз, 1989-№12; Ауылдағы демографиялық ахуал.- Алматы: Қайнар, 1990-238 б; Халықнама. Сан мен сана. –Алматы: Сана, 1992-205 б: Асылбеков М.Х., Галиев А.Б.. Социально-демографические процессы в Казахстане. (1917-1980) -Алма-Ата: Ғылым, 1991-108 с.

15. Абылхожин Ж.Б. Традиционная структура Казахстана: социально-экономические аспекты функционирования и трансформации (1920-1930 г.г) -Алматы: Ғылым,1991-240 с.

16. Омарбеков Т. Халық қаһары //Жұлдыз, 1991-№9,10,12; 1992-№1; Қазақстандағы халық көтерілісі қалай жазаланды.// Ақиқат,1993- №4.

17. Козыбаев М.К. Абылхожин Ж.Б. Алдажуманов К.С.. Коллективизация в Казахстане трагедия крестьянства.- Алматы: Ғылым, 1992-420 с.

18. Қаратаев Т. Жүз жылдың ақ қарасы. –Алматы: Ғылым, 1993-246 б

19. Қожамжарова Д. 20-жылдардағы қазақ ауылының шындығы. //Қазақ тарихы. 1994-№5

20. Қойгелдиев М. Омарбеков Т. Тарих тағылымы не дейді?- Алматы: Санат, 1992-320 б

21. Омарбеков Т. Зобалаң.- Алматы: Санат, 1994-272 б ; ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері. –Алматы: ҚАЗақпарат, 2001-404 б

22. Насильственная коллективизация и голод в Казахстане 1931-1933 г.г.: Сб документов и материалов. /Алматы, 1998

23. Мұхатова О. Қазақстандағы аграрлық өзгерістер тарихнамасы.ХХ ғ 20-90 ж.ж.- Алматы: Ғылым, 1999-287 б.

24.Қуандықов Е. Сұрқия саясат. –Алматы: Санат, 2002-120 б

25. Халидуллин Ғ.Х. Политика советского государства в отношении казахских шаруа (1917-1940 г.г.-Алматы, Ғылым, 2001-213 с

26. Нәубет. /Құраст. Қыстаубаев З.-Алматы: Жалын, 1990-446, Қызылдар қырғыны. /Құраст. Қыстаубаев З. Хабдина Б.-Алматы: Өнер, 1993-254 б

27. Б.Аяған. Ашаршылық ақиқатына жаңа көзқарас. //Егемен Қазақстан, №41 10.04.2012

28. ҚОММ (Қызылорда облыстық мемлекеттік мұрағаты) Р-1, 1-т, 69- іс

29. ҚОММ Р-31, 1- т, 56- іс.

30. Махмұтов С. Қазақстан ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік саясат. (ХХ ғ 20-30 ж.ж.) //Қазақ тарихы, 2006 №3

31. ҚОММ Р-2. 2-тізбе.7-іс.62 п .

32. К.Сантаева.Тәркілеу науқанының мал шаруашылығына ықпалы.//Қазақ тарихы.2000 № 3

33. ҚОММ Р- 2, 1 тізбе.1-іс.

34. ҚОММ. Р-2, 2-тізбе.11-іс.

35. Ғасырлармен тілдескен мұрағат. –Астана, Елорда, 2009-136 б

РЕЗЮМЕ
КЕНЖАЛИЕВА БАГИЛА ОНГАРБЕКОВНА
Последствия советской коллективизации в Казахстане и методика его

обучения (по архивным материалам Кызылординской области)
Актуальность исследования. Всем известно, что в эпоху советской власти многие исторические события были лживо и неверно истолкованы, а сведения о них были сфальцифированы. Этим документам ставили гриф «секретно» и «очень секретно» и держали в замке. В понятии об укреплении исторического самосознания Республики Казахстан сказано, что в исторической науке Казахстана есть учение о необходимости создания правдивого изображения исторического прошлого нашей страны и постепенного избавления от однобокого представления о нём.

Также известно в истории страны о всеобщей коллективизации в казахской степи, раскулачивании и конфискации приведшие позднее к большим общественно-экономическим, социальным изменениям в жизни казахского народа, а также в 30-е годы к большой трагедии-голоду.

Об этом времени только сейчас говорят открыто, а до этого в течении 50 лет о «белых пятнах» в истории страны нельзя было говорить, писать, изучать.

По сегодняшнее время геноциду голода не дана объективная оценка истории независимого Казахстана. Последствия принудительной коллективизации, далее голод 1920-30-е годы, численность её жертв требуют необходимого глубокого исследования того времени. Итоги этих исследований составляют злободневную тематику и методику общественного опыта по преемственности.



Цель исследования. Открытие последствий коллективизации в 1920-30-е годы 20 века в Казахстане.

Задачи исследования:

- разбор насильственной политики в сельском хозяйстве;

- разоблачение механизма грубого и строгого взимания личного крупного

скота;


- открытие причин падёжа традиционного скотоводческого хозяйства;

- показать давление административно-приказной системы в оседлании

казахского народа;



- открыто показать причины голода и миграции;

- исследовать последствия конфискации личного имущества у казахских

крестьян и социально-демографические последствия коллективизации;



- создать методику тематического обучения;

Объект исследования. Методика обучения насильственной коллективизации крестьян в сельском хозяйстве и конфискация личного имущества, всеобщее или частичное оседлание кочевых казахов, последствия голода в Казахстане.

Методы исследования. В последнее время были взяты за основу новости и изменения в истории отечественной науки при разборе исследовательской работы. Теоретическую и методологическую основу исследования составили законы развития исторической диалектики и развитость, сопоставление, разбор, сбор, вывод, системность. Также нашли применение в исследовательской работе научный объективизм, социально-историческая системность, разбор, а также для достижения правды широко были использованы логические принципы и методы. Кроме того для раскрытия темы во главу был взят принцип объективности при сравнении статистических данных о казахских крестьянах.

Новизна исследовательской работы. Новизной исследовательской работы было рассмотрения архивных данных области о коллективизации, конфискации личного имущества крестьянских хозяйств нашего региона.

Значение исследовательской работы. Материалы, использованные в исследовательской работе, а также государственные архивные материалы в области можно использовать на уроках истории казахстана и краеведения.

Сведения о публикациях. Основное содержание магистрской работы было изложено и опубликовано в 2-х статьях:

1. «Кеңестік ұжымдастыру зардаптары» // Қазақ тарихы. 2011-№6-29-30 б



  1. «Қаралы кезеңнің құпиясы қырық қатпарлы» // Ақиқат. 2012-№5.-69-72 б


SUMMARY
KENZHALIEVA BAGILA ONGARBEKOVNA
The consequences of collectivization during the Soviet period in Kazakhstan

and its teaching method (on archives materials of Kyzylorda region)
The actuality of research work. In Soviet period the historical events, justice and violence and the evalution to its events is disorted with false informations. The truths of these informations are signed as «secret» and the «most secret» signs are locked. All these details and truth appearance of past history, purification the history from ragged and one-sided changes are examined in conception «The historical consciousness formation in Republic of Kazakhstan».

It is known the changes as general collectivization, settling way of their life and confiscation of Kazakh steppe and hunger at the beginning of thirtieth year, so it made a great social-economic changes and famine for Kazakh people. About this tragedy period was told as a truth in last times. Because about this stain in history not allowed to speak, to write and to research.

To our days the genocide of hunger is not take its objective evalution in the history of independent Kazakhstan. It is necessary to research the general number of hunger victims. So it is necessary to research the faults which had taken in 1920-30, conclude its social-practical meanings and historical intercommunication. The teaching of this is the actuality problems which touched in this work.

The aim of the research work. The collectivization in Kazakhstan in 1920-1930 years and disclosing its consequences.

The tasks of research work:

- to analyze the forced policy in agriculture;

- to expose the clumsy mechanism of deprivation cowherd;

- to disclose the reasons of cattle-breeding into decline;

- to disclose the force of rules on people in that time in Kazakhstan;

- to disclose the hard consequences of Kazakh peasants and their render into rout

and disaster;



  • to research the social demographic reasons of Kazakh peasants and their

collectivization;

- to make a teaching method of theme;

The object of research work. To teach the method of theme and the problems as forced collectivization of agriculture in year 20-30 of XX century, the deprivation of their properties, settled way of their life.

The method of research work. The work is touched the innovations and changes in native history science. The research work consists of: methodological, theoretical bases of historical development conformity, global problems, comparative analyzing, and conclusion methods of theme, also the statistic figures and documents are analyzed and used as object principle method.

The novelty of research work. The work examined the materials on the base of our region archives about collectivization, deprivation farm of their properties and the problems of hunger.

The practical meaning of research work. It is possible to use these materials the conceptions, archives documents in history and study of local lore lessons.

Information about this publication. The conseptions of this dissertation are reported and published in 2 articles:

1. «Кеңестік ұжымдастыру зардаптары» // Қазақ тарихы. 2011-№6-29-30 б



  1. «Қаралы кезеңнің құпиясы қырық қатпарлы» // Ақиқат. 2012-№5.-69-72 б






: Docs
Docs -> Сабақтың тақырыбы Көсемшенің жасалуы мен түрлері Мақсаты Көсемшенің жұрнақтарын білу
Docs -> Филология факультеті 5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже
Docs -> СӘрсенбай гүлнар сәрсенбайқызы болашақ МҰҒалімдердің бойында ұлттық сананы қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Docs -> Сабақтың тақырыбы Мазмұны Сағат саны 1 Сабатың бастапқы кесіндісі
Docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
Docs -> Омаров Дәулет Кәрібайұлы Қызылорда облысындағы білім беру және халық ағарту мекемелерінің қызметі
Docs -> Сабақтың тақырыбы Мазмұны Сағат саны 1 2 3 4
Docs -> Сарузенова Айгерім Әбдіқадырқызы Нарық жағдайында этностық құндылықтар арқылы студенттерді отбасылық өмірге психологиялық дайындау
Docs -> Құқық үстем етушi таптың еркiн бiлдiрушi, осы таптың өмiрiн материалдық жағдаймен анықтаушы




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет