Климыт пен табиғаттың ластануына адамзат кінәлі



жүктеу 34.58 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі34.58 Kb.
Климыт пен табиғаттың ластануына адамзат кінәлі.
Адам – табиғи тірі ағзалардың бірі. Адам еңбегінің пайда болуы және дамуы оны қоршаған табиғи ортасымен тығыз байланысты, одан бөліп қарауға болмайды. Адам эволюциясы үнемі табиғатты өзгертетін климаттың катаклизмдер және басқа құбылыстардың әсері арқылы жүзеге асады. Бірақ адам жай ғана табиғи тірі ағза емес, тіршілік күштерін, әр түрлі қабілеттіліктер мен іскерліктерді меңгерген тірі ағза. Ол өзін болмысы мен игерген білім жүйесін тәжірибесінде көрсетеді. Қазіргі уақытта әрбір адам экологиялық тұрғыда жаңаша ойлай алатын, саналы және мәдениетті болуға, айналадағы табиғи ортамен қарым-қатынасты мінез құлық нормалары мен ережелерін білуге және оны сақтауға міндетті. Басқаша айтсақ, бүгінгі қоғам әрбір азаматтан экологиялық сауаттылықты талап етеді.

Қазіргі кездерде өндіргіш күштердің тез қарқынмен жетілуі, ауыл шаруашылығының дамуы және халық санасының арта түсуі табиғатты сақтаумен, оның байлығын тиімді пайдаланумен тығыз байланысты. Елімізде соңғы жылдары табиғатты қорғау жұмыстарына және көпшілікке экологиялық білім мен тәрбие беруге айрықша көңіл бөліне бастады.

Ғылыми техникалық прогресс өндіргіш күштерді дамытады адамның тұрмыс жағдайын жақсартады, Сонымен бірге адам қызметінің артуы, табиғатқа араласуы кей уақытта қоршаған ортады экологиялық және биологиялық тұрғыдан қайта қалпына келтіре алмайтындай етіп өзгертеді. Қоршаған ортаның ластануы, бүлінуі, ресурстардың сарқылып табиғи тепе-теңдіктің бұлылуы – адамның тікелей іс-әрекетінің нәтижесі.

Табиғат байлықтарын қорғау және оны тиімді пайдалану жөнінде алға қойылған маңызды міндеттердің бірі ғылыми тұрғыда негізделген ұсыныстарды жасау және ол үшін экологиялық жүйені қосымша түрде зерттеп білу болып табылады. ХХ ғасырдың 40 жылдарында академик В.И.Вернадский адамның шаруашылық қызметі жаратылыстың күнделікті тіршілігіне табиғаттың өз ішінде болып жатқан биологиялық дүмпуден кем соғып тұрған жоқ деп жазған. Ғасырдың екінші жартысында қоғам мен табиғаттың «зат алмасуы» бұрынғыдан да бетер кең құлаш жайды.

Ауа да, су да мол мөлшерде ластануда. Ал олар осы дәрежеде ластана беретін болса, болашақ ұрпақтың өмір сүру ортасында зор нұсқан келтіретіні сөзсіз. Сондықтан да адамзат қоғамның өмір сүруіне қалыпты жағдай туғызу үшін, қазіргі және болашақ ұрпақтың материялдық, мәдени қажеттігін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаны ластанудан қорғауға бағытталған мемлекеттік, халықаралық, қоғамдық шаралар жүйесі жоспарлы түрде жүзеге асырылуы тиіс.

Адамның, қоғамның табиғат заңдылығымен санаспауы, табиғи тепе-теңдіктің бұзылуы салдарынан экологиялық қайшылықтардың кең өріс алғаны соншалық, қазіргі кезде экологиялық проблемасы бар тек тәуелсіз Қазақстанда ғана емес, дүниежүзілік, әлемдік дәрежедегі ең өзекті мәселелердің біріне айналды. Адам ақыл-ойының нәтижесі алып ракеталар, атом станциялар, зауыттар мен фабрикалар, небір ғажайып көлік түрлері, т.б. ғылыми прогресс жетістік түрлері өмірімізді байптауы, жеңілдете түсумен қатар қауіп қатер туғызады. Бір ғана мысал: бүкіл дүние жүзі ғалымдарын толғандырып отырған климаттың өзгеруі, озон қабаты жұқаруының өзі-ақ жер бетіндегі тіршілік атаулы үшін зауал болмақ.

Қазіргі қоғамдағы келелі де күрделі мәселелердің бірі – «адам табиғат» қарым қатынасы. Адамзаттың бірлескен іс-әрекеті мен ынтымақтастығы нәтижесінде ғана адам, қоғам және табиғаттың өзара байланысы халық мүддесіне лайықты қызмет ете алады. Қоғам алдында тұрған мақсат – адамдар табиғат заңдылығын ескермей, оның байлықтарын ретсіз пайдалану, экологиялық тепе-теңдікті бұзу, т.б. туралы кереғар ұғым – түсәніктерін өзгерту. Ол үшін алдымен халықтың жаппай экологиялық білім деңгейін жоғарылату қажет, яғни әрбір адам экологиялық ғылымының негіздерін оқып үйрену тиіс.

Экологиялық білім мен тәрбие мәселелері жалпы білім берудің құрамдас бөлігі ретінде оқушылардың айналадағы орта мен табиғатқа жауапкершілік қарым қатынасын қалыптастырумен және табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланысты ғылыми негізде меңгерумен сабақтас.

Халқымыздың табиғатқа деген қайрымдылық, қамқорлық сезімі, аялы алақаны, көздің қарашығындай қорғай білуі аты аңызға айналған Асан Қайғы, күй атасы Қорқыттың өсиетке толы сөздерінен де елеулі орын алған. Қорқыт бабамыздың: «қара орманың шайқалмасын, мәуелі ағашың құламасын» деген сөзі көп нәрсені аңғартады /92, 11 б/.

Әрбір халықтың туған жерін, оның табиғатын сүйе білу – адамгершіліктің парызы.

Жүсіпбек Аймауытовтың «Қартқожа» романындағы кейпкер сөзімен айтсаң, «Ыстық қой шіркін, туған жер! Туған жерге жеткенше, қайтып дәртің шыдайды, Кім сүймейді өз жерін? Сүймесе, сүймес зердесіз, шерсіз жүрек, тілеуі бөлек жетесіз.......» /92, 102 б/.

Табиғат сұлулығынан, әдемілігінен, әсемдігінен бойына қуат, жүрегіне шуақ сыйып, аса зор іңкәрлік сезімге бөленген, халқымыздың мақтанышы болған Мағжан Жұмабаев «Табиғат адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббатын мейірі мен шұғылалы шуағын жүрегімізге ұялатқын Ана» - дейді /94, 387 б/.



Ата бабалардың даналық сөзіне қанып өскен урпақпыз Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев еңбектерінде табиғатқа көз қарастарының ғылыми әрі тәрбиелік мәні мол.

Климыттың ауытқуына біз яғни адамдар кінәліміз, зиянды заттардың барлығын өзіміз қолдан ауаны, табиғатты барынша ластап жатырмыз. Бұл біздің келешегіміздің айнасы. Сол себепті, табиғатты аялау, қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау, санасы бар әрбір қазақ баласының парызы деп білемін.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> А. Б. Салқынбай ҚазҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Алматы, Қазақстан Сәкен өлеңіндегі сырбаз
publications -> Қазақ тіліндегі «АҚ», «Қара» СӨздеріне байланысты мақал-мәтелдер құрбанов А. Г., Қайырбекова Ұ. Ж., Үкібасова Ғ. А
publications -> Коммуникативтік қажеттілік – тіл үйренудің басты факторы Т. Н. Ермекова, Ф.ғ. д., профессор
publications -> ӘӨЖ 811. 512. 122 Субстантивтену процесінің НӨлдік тұЛҒада келіп басыңҚы сыңарда жұмсалуы
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к
publications -> Шерлілер сөзін сағынған Шернияз ақын
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> О. Сүлейменов өткен ғасырдың 1960 жылдары Қазақстанның ақындық және жалпы мәдени өміріндегі феноменальді құбылыс. Өлеңдерін орыс тілінде жазған қазақ ақыны Одақ көлемінде тез арада танымалдылыққа қол жеткізді
publications -> Жамбыл жырларындағы батырлар бейнесі Айтбаева Айман Ералықызы ф.ғ. к., доцент Шыңғысханқызы Аружан к-13-1 оқу тобы студенті Қорқыт ата атындағы ҚМУ




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет