Күні: 17. 11. 2015 Сыныбы: мдт "Ә" Білім саласы



жүктеу 35.79 Kb.
Дата06.07.2016
өлшемі35.79 Kb.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Күні: 17.11.2015

Сыныбы: МДТ "Ә"

Білім саласы: «Қатынас»

Кіші сала: Сауат ашу

Тақырыбы: Д дыбысы мен әріпі.

Мақсаты: Д дыбысы мен әріпін таныстыру, сөзге дыбыстық талдау жасату, сөзді буынға бөлгізу, өтілген дыбыстарды қайталау. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды бір- бірінен ажыратып, таныстырылған дауысты дыбысты қызыл текшелермен белгілеуді үйрету. Буын, сөз,сөйлем

туралы түсінігін кеңейту. Қол жаттықтыру, дәптеріне Д әріпінің баспа түрін жазуды үйрету.



Сөздік жұмыс:Дарқан,даналық,домбыра.

Іс - әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Дыбыссыз қайық желкен,

Тартады мені өзіне,

Қызық қой бәрі өйткені,

Д елестейді көзіне.



Дыбыссыз қайық желкен,

Тартады мені өзіне,

Қызық қой бәрі өйткені,

Д елестейді көзіне.




Ұйымдастыру

шылық ізденушілік

Сурет бойынша әңгіме.Балалар суретте не көріп тұрсыңдар?

Екі балаға д әрпінен басталатын ат қой?

Досан мен Дәурен не істеп жатырОл қай әріптен басталып тұр?

Сөздің басында қандай дыбыс естіледі?

Досан сөзіне дыбыстық талдау жаса?

Д дыбысы дауысты ма,дауыссыз ба?

Қандай түсті текшемен белгілейміз?

Дәурен сөзіне дыбыстық талдау жаса?

Осы сөзді буынға бөл?

Бүгін біз сабақта Д әрпімен танысамыз.

Дауысты, дауыссыз дыбыстардың айырмашылығын түсіндіру.

Дыбыстың және әріптің айырмашылығын түсіндіру.

Д дыбысы бар қандай сөздерді білесіңдер?

Д дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?

Д дыбысы қалай естіледі?

Д дыбысын қалай айтамыз?

Дыбысты қалай ажыратамыз?

Сиқырлы суреттер.

Әңгіме құрастыруға арналған жаттығулар.

Дельфин,доп,диван,тасбақа.

Әліппе дәптермен жұмыс:

Дала екінші есімі,

Дарқан қазақ елінің,

Даналықтың белгісі,

Дамыған кең мейірім,

Домбыра деген ғажапта,

Даңқта шер мен азапта,

Домбыраны шерте алмау,

Достым ау ұят қазаққа.

Өлең не туралы? Дидактикалық ойын:

«Жасырынған әріпті тап».

Артикуляциялық жаттығу: Д дыбысын айтқанда аузымыз қандай болып тұрғанын көрсету.

Дәптермен жұмыс: Д әріпінің баспа түрін жазу.

Сергіту сәті:


Добым,добым,домалақ,

Тоқтамайсың домалап,

Үстел үстін бүлдірдің,

Тәрелкені сындырдың,

Тентек болып кетті деп,

Тұрмын сені тепкім кеп.

Дидактикалық ойын:

«Буынға буын қос»

ДО

ДО

ДО



ДО

ДО

ДО



Жаңылтпаштар жаттау.

Далада Дана да доп ойнап жүр

Далада Сана да доп ойнап жүр.



Суретте балалардың суретін көріп тұрмыз.

Досан мен Дәурен.


Д әріпінен.

Д дыбысы.

Досан бес әріп бес дыбыс

екі дауысты үш дауыссыз дыбыс бар.

Д дыбысы дауыссыз дыбыс. Көк түспен бояймыз.

Дәурен алты әріп,алты дыбыс екі дауысты,төрт дауыссыз дыбыс бар.Дәурен сөзінде екі буын бар.

Д дыбысы бар сөздер йод,жейде,дала,домбыра,диқан.

Д дыбысы сөздің басында,ортасында,соңында кездеседі.

Д дыбысы созылмайды.

Д дыбысын айтқанда созылмайды кедергіге

ұшырайды.

Дыбысты дауысты,

дауыссыз деп ажыратамыз.

Мен диван сатып алдым.

Біздің топта тасбақа бар.

Домбыра туралы.

Д әрпінің баспа түрін жазды.

Добым,добым,домалақ,

Тоқтамайсың домалап,

Үстел үстін бүлдірдің,

Тәрелкені сындырдың,

Тентек болып кетті деп,

Тұрмын сені тепкім кеп.

П

С



ЙБЫ

МБЫРА


ЛАНА

ҢЫЗ


.

Рефлексивті

коррекциялау

Сабақ соңында балалар «д» дыбысына сөз ойлап, «д» дыбысы сөздің басында,ортасында,соңында кездесетінін айтып, дыбыстардан сөз құралатынын сөздерден сөйлем құрайтынымызды буынға бөлетінімізді айтып алған білімдерін тиянақтау.

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтап,қатыспағандарды ынталандыру.




Сабақ соңында балалар «д» дыбысына сөз ойлап алған білімдерін тиянақтады.



Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: Дыбыстарды түсініп,ұғынады.

Түсінеді: Дыбыстардың дауысты,дауыссыз болатынын түсінеді.

Қолданады: Дыбыстық талдау жасайды.
: uploaded files
uploaded files -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа дайындау Үй жұмысын тексеру
uploaded files -> Сабақтың типі: Білім дағдысын қалыптастыру Сабақтың түрі: теориялық-тәжірибешілік
uploaded files -> Тақырыбы: «Өлең сөздің зергері-Қадыр ақын» Мақсаты
uploaded files -> Сабақтың М. Жұмабаев «Түркістан» өлеңі 8 «А»сынып Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі. Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысқа 100 жыл Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Тема. Развитие культуры, торговли и религии на трассах Великого Шелкового пути. Тип урока
uploaded files -> Религия и власть в социально-философской мысли ислама




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет