Күні: 29. 01. 13 Сыныбы: 7 «а» Пәні: Әдебиет Тақырыбы: С. Мұқанов «Есіл бойында»



жүктеу 53.39 Kb.
Дата29.06.2016
өлшемі53.39 Kb.

Күні: 29.01.13

Сыныбы: 7 «а»

Пәні: Әдебиет

Тақырыбы: С.Мұқанов «Есіл бойында» ( «Өмір мектебі» романынан үзінді)

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Сәбит Мұқановтың шығармашылығы туралы жан-жақты білім беру, «Есіл бойында» әңгімесінің мазмұнынын меңгерту. Әңгімедегі Мырзатай бейнесін ашу, жазушы шығармашылығына баса назар аудару.

ә) дамытушылық: Оқушыларды өз бетінше іздену жұмысын жасауға, өз ойын еркін, толық жеткізе білуге жетелеу, ойлау қабілетін дамыту.

б) тәрбиелік: табиғатты аялай білуге шақыру, ынтымақ пен бірлікті бағалай білуге үйрету. Есіл бойының сұлу табиғаты, оны суреттеудегі жазушының шеберлігін таныту.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту

Көрнекілігі: С.Мұқановтың портреті

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

а) сәлемдесу

ә) түгендеу

б) оқушылардың назарын сабаққа аудару



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

- Тақырып дегеніміз не?

- М.Әуезовтың «Көксерек » әңгімесінің негізді идеясы қандай?

- «Көксерек» әңгімесінің тақырыбы мен жазушының ой түйіні туралы не айтасындар?



ІІІ. Жаңа сабақ.

Сәбит Мұқанұлы Мұқанов (1900-1973) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі.

Туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген жер.

Еңбектері: «Сұлушаш» дастаны, «Ботагөз» романы (1938), «Мөлдір махаббат» романы, «Майға сәлем» (1933), «Сөз Советтік армия» (1934) атты өлеңдері, «Ақ аю» поэмасы (1935).

Сәбит Мұқанұлының «Есіл бойында» әңгімесі «Өмір мектебі» романынан үзінді. С.Мұқанов 1928 жылдан бастап орыс жазушысы М.Горкийдің үлгісімен «Менің мектептерім» атты кітабын жазуға кіріседі. «Өмір мектебінің» бірінші кітабы 1941 жылы жарық көрді.1947 жылы Мәскеуде орыс тілінде шықты. 1955 жылы 1,2 томы басылып шыққан.

Есіл бойында

(«Өмір мектебі» романы)

Есіл!..

Шілденің шамырқанған сарша тамыз кезінде Есіл өлкесі адамның көзіне күндік жерден шалынады. Күн сәскеден жоғары көтеріле, сумаңдай аққан мөлдір толқынды сағым Есілдің алабына сыймай, қазанда қайнаған сүттей аппақ күміс көбігін кең кемерден көпіршіте төгеді. Төгілген сағымның толқыны тулап, шиыршықталып аспанға шапшиды. Шапшыған толқынды сағым сай-салаларды өрлеп, қанатын кең жазады. Сол кезде сағымға көзің түссе, Есілдің көктемгі асау тасқыны қайтадан көтеріліп, теңіздей топаны кең өлкесін бөлеуге бет алған екен деп ойлайсың...



  • С.Мұқановтың әңгімесі неге «Есіл бойында» деп аталған?

  • Жазушының айтайын деген негізгі ойы?

  • Әңгіменің кейіпкерлері кімдер?

Мырзатай бейнесін ашу.

Ақжарқын



Мырзатай

Ойнақы Ақ көңіл


Көпшіл Қарапайым




Жүсіпбек Аймаутов

«Әнші» әңгімесі



Сәбит Мұқанов

«Есіл бойында» әңгімесі


Салыстыру:

IV. Жаңа білімді бекіту.

Тест

1.Сәбит Мұқанов неше жасынан бастап өлең жазды?

а ) Он төрт ә)Он сегіз б)Он тоғыз

2. “Есіл бойында” әңгімесіндегі әнші жігіттің аты кім?

а ) Мұратбек ә)Мырзатай б)Бекберді

3. Сәбит Мұқановтың көлемді еңбегін белгіле.

а ) “Өмір мектебі” ә)“Көксерек” б)“Саятшы Ораз”

Тесттің дұрыс жауаптары:

І – a


ІІ – ә

ІІІ – a


V. Үйге тапсырма.

Ұлпанның «Есіл тасып барады» әнін жаттау, тақырыбын, идеясын анықтау.



VІ. Бағалау.

Мұғалімінің көмегімен оқушыларды үй тапсырмасын айтуы мен сабаққа қатысуы

бойынша бағалау.
Пән мұғалімі:

Әдіскер:


Баға:

Тест

1.Сәбит Мұқанов неше жасынан бастап өлең жазды?

а ) Он төрт ә)Он сегіз б)Он тоғыз

2. “Есіл бойында” әңгімесіндегі әнші жігіттің аты кім?

а ) Мұратбек ә)Мырзатай б)Бекберді

3. Сәбит Мұқановтың көлемді еңбегін белгіле.

а ) “Өмір мектебі” ә)“Көксерек” б)“Саятшы Ораз”
Тест

1.Сәбит Мұқанов неше жасынан бастап өлең жазды?

а ) Он төрт ә)Он сегіз б)Он тоғыз
2. “Есіл бойында” әңгімесіндегі әнші жігіттің аты кім?

а ) Мұратбек ә)Мырзатай б)Бекберді


3. Сәбит Мұқановтың көлемді еңбегін белгіле.

а ) “Өмір мектебі” ә)“Көксерек” б)“Саятшы Ораз”


Тест

1.Сәбит Мұқанов неше жасынан бастап өлең жазды?

а ) Он төрт ә)Он сегіз б)Он тоғыз
2. “Есіл бойында” әңгімесіндегі әнші жігіттің аты кім?

а ) Мұратбек ә)Мырзатай б)Бекберді


3. Сәбит Мұқановтың көлемді еңбегін белгіле.

а ) “Өмір мектебі” ә)“Көксерек” б)“Саятшы Ораз”


Тест

1.Сәбит Мұқанов неше жасынан бастап өлең жазды?

а ) Он төрт ә)Он сегіз б)Он тоғыз
2. “Есіл бойында” әңгімесіндегі әнші жігіттің аты кім?

а ) Мұратбек ә)Мырзатай б)Бекберді


3. Сәбит Мұқановтың көлемді еңбегін белгіле.

а ) “Өмір мектебі” ә)“Көксерек” б)“Саятшы Ораз”
: ld
ld -> Сабақ тақырыбы, мақсаты Сабақ үрдісінде қолданылатын модульдер, әдіс-тәсілдер Сабақтың нәтижесі
ld -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға қарсы мәндес сын есімдердің жасалу
ld -> Сын есімнің сөйлемдегі қызметі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Әбділда Тәжібаев.
ld -> Қазақ мемлекеттік қыздар
ld -> 1. Отбасын таныстыру. Қай істеде өнер қолдан өнерлі адам жеңер болған
ld -> Мұқағали Мақатаев поэзиясының көркемдік жүйесі Опечатка
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ана өмір гүлі




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет