Күні Коучинг №1 Тақырыбы



жүктеу 37.92 Kb.
Дата03.07.2016
өлшемі37.92 Kb.
Коучинг  сессия өткізу жоспары

Күні

Коучинг № 1



Тақырыбы:


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Жалпы мақсат:

Мұғалімдерге оқу үшін бағалау және оқуды бағалау туралы түсінік беру. Қалыптастырушы және жиынтық бағалау,өзара және өзін-өзі бағалау,табыс критерийлерімен таныстыру.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 

Оқу нәтижесі:

Мұалімдер критериалды бағалаудың тиімді  әдіс–тәсілдерін меңгереді,оларды сабақ барысында тиімді пайдаланады.

Түйінді идеялар:

Мұғалімдерді табысты жұмыс істеуге дайындайды; Мұғалімдердің нәтижелі іс-әрекеттері негізінде оқушыны емес, оқушының жұмысын бағалау, жұмыс жоспарын құрған кезде кері байланыстың тиімділігін ескере отырып,  оқу сапасын  арттыру. Оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру және алған білімдерін болашақта қолдана алуына бағыттай алады.

Сабақта қолданылатын материалдар:

флипчарт, маркер, түрлі-түсті стикерлер, суреттер, бояу құралдары.

Пайдаланған әдіс тәсілдер:

1.Тренинг                   2. Топтық жұмыс

3. Жеке жұмыс          4. Кері байланыс



Коучинг  сессия өткізу кезеңі

Коучинг  сессия өткізу кезеңі

уақыты

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Психологиялық ахуал

Тренинг




3мин

Мұғалімдермен амандасу.

«Сандықтағы сыйлық» сандықшадан сыйлық ретінде тәттілер таратылып, шашу шашылады.



Мұғалім қасындағы әріптесіне тәтті ұсынып, жылы тілегін білдіреді.

Топқа бөлу


3мин

Пәндер арқылы топқа бөлемін: жаратылыстану, гуманитарлық, бастауыш сынып пәндері, «ББҮ» таратамын.

Мұғалімдер өз бірлестіктері бойынша бөлінеді.

Теориялық кезең

10мин

Бүгінгі сабақтың мақсаты мен нәтижесін таныстырамын. Интертақта арқылы қосымша мәлімет көрсетемін. «ОүБ және ОБ» модулін бейнежазба арқылы таныстыру Бағалау  туралы презентация көрсетемін. Слайд түрінде

Білім сапасын көтерудің  бір үлкен көрсеткіші – бағалау. Бағалау-одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.

Критериалды бағалаудың  екі түрі бар - жиынтық және қалыптастырушы.


Тыңдайды, өздеріне керекті мәліметтерді түртіп алып отырады.

Топпен жұмыс, Жұппен жұмыс

Үш топқа бірдей мәтін беріледі, бірақ тапсырма әртүрлі болады.



10мин

«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» бойынша мәтін таратамын. Топпен ортаға салып, бір топ мүшесі келесі топқа түсіндіреді.

Әр топқа жеке тапсырма беріледі:

1-ші «Мұғалім -тәлімгер ретінде»

2-ші «Мұғалім- жетекші ретінде»

3-ші «Мұғалім- есепке алу маманы ретінде»

4-ші «Мұғалім- баяндамашы ретінде»




Мәтінді топ болып талдайды, түсіндіреді.

Мұғалімдердің іс-әрекетті дұрыс бағалау үшін жіті қадағалап үйренуіне жол ашу және формативті бағалау

10мин

«Галерея» әдісі.

Мұғалімдерге жылқының,түйенің суретін салуды ұсыну.


Салып болған соң, жұптасып бағалайды. Баға қойғанда пікір-таластың маңызын білу.

Мұғалімдер жылқының , түйенің суретін салып, критерий бойынша өз – өздерін бағалайды.

Формативті бағалауды үйрету арқылы оқуға ынтасын арттыру, нәтижеге жетуіне мүмкіншілік жасау, жауапкершілікті сезіндіру.


15мин

Әр пәннен тапсырма дайындайды басқа топқа, берілген тапсырмаларға критерий құрып, бағалау парағын дайындайды

1 топ Абайдың «Қыс» өлеңі

2 топ Тарих пәнінен «Аңырақай» шайқасын сипаттау

3 топ Математика бақылау жұмысы (Осы жерде бейнеролик көрсетемін)



Әр топ бір-біріне берілген тапсырманы орындайды

Қорытындылау

5мин

Топтық тапсырма «Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау» деген не? Сұрағы арқылы түсініктерін флипчартқа жазуды тапсыру

Ашық сұрақ қоямын:- Сіз сабаққа қалай қолданар едіңіз?



Топта бірлесе отырып, «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» тақырыбы бойынша түсінгендерін флипчартқа жазады және қорғайды.

Рефлексия

3мин

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

Әр топ мүшесі коучинг барысын бағалайды.

: 20C42891A77E10BB
20C42891A77E10BB -> Уроков в 7 классе учителя Ментаевой Ж. И. №
20C42891A77E10BB -> Сабақта қолдануға болатын жаңа стратегиялармен таныстыру; Бағалау түрлерімен танысу
20C42891A77E10BB -> Семинарда «Бастауыш сынып сабақтарында сындарлы оқытудың сыни тұрғыдан ойлау модулін қолдану»
20C42891A77E10BB -> Коучинг сессияның тақырыбы: «Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың сөйлеу мәдениетін арттыру» Коучинг мақсаты
20C42891A77E10BB -> Оқу жылы бойынша Тасты-Талды орта мектебінде дарынды(қаблетті) оқушышылармен жүргізілген жұмыстарға сараптама




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет