Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар



жүктеу 109.62 Kb.
Дата29.06.2016
өлшемі109.62 Kb.
Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар

D-O-4 санаты үшін: жоғары білім.

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты




min

max

D-O-4


83 282

112 430

«Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» КММ, 050026, Алматы қаласы, Төле би к-сі, 155, анықтама үшін телефондар: 378-46-85,300-07-06, e-mail: uzoalmata@mail.ru. «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

  1. Әуезов және Бостандық аудандары бойынша өндірістік

бөлімінің бас маманы (D-О-4 санаты), 1 бірлік.

Негізгі функционалдық міндеттер: Жеке және заңды тұлғалардың Әуезов, Бостандық аудандары аумағында жер учаскелеріне, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44, 44-1 баптарында көзделген жағдайларды, сондай-ақ 48 бапқа сәйкес сауда-саттыққа (аукцион, конкурс) шығарылатын жерлерге құқық беруді қоспағанда мемлекеттік меншіктегі жерлерге құқық беру, сонымен қатар жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініштерін қарау. Өңделген материалдарды дайындау және Жер комиссиясының қарауына енгізу. Жер сауда-саттығын (конкурс, аукцион) өткізуді ұйымдастыру бойынша ұсыныс дайындау. Жер сауда-саттығы (конкурс, аукцион) нәтижесі бойынша сатып алу-сату шарттарын жасау. Жерге орналастыруды жүргізуді жүзеге асыру және жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту, жер-кадастрлық жоспарды бекіту, көзделген мемлкеттік қызметтерді көрсету және олардың көрсетілуін қадағалау. Жер учаскесіне өтеусіз және өтеулі уақытша жер пайдалану құқығын беру туралы шарттар жасау, шарт талаптарының орындалуын қадағалауды жүзеге асыру, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау бойынша уәкілетті органмен жер учаскелеріне жер пайдалану құқығын тоқтату бойынша өзара іс-қимыл жасау. Иесіз жер учаскелерін анықтау бойынша жұмыстарды іске асыру және оларды есепке алу жұмыстарын ұйымдастыру. Барлық түрдегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру үшін жерді резервте қалдыру, ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру, қауымдық сервитуттар белгілеу және жою туралы ұсыныстар дайындау. Жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Бөлімнің іс қағаздарын жүргізу.

Орындауға түскен азаматтардың өтініштерінің, шағымдарының, сондай-ақ қызметтік хат-хабардың дер кезінде өтуі мен орындалуын қадағалау. Басқарма басшысына тоқсан сайын орындалған жұмыстар туралы есеп беру.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Жоғары техникалық ғылымдар және технология немесе қызмет көрсету (жерге орналастыру немесе кадастр немесе бағалау) саласындағы немесе ауыл шаруашылық ғылымдары саласында. Осы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін білімдер. Келесі құзыреттердің болуы тиіс: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;



  1. Наурызбай ауданы бойынша өндірістік бөлімінің бас маманы

(D-О-4 санаты), 1 бірлік.

Негізгі функционалдық міндеттер: Жеке және заңды тұлғалардың Наурызбай ауданы аумағында жер учаскелеріне, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44, 44-1 баптарында көзделген жағдайларды, сондай-ақ 48 бапқа сәйкес сауда-саттыққа (аукцион, конкурс) шығарылатын жерлерге құқық беруді қоспағанда мемлекеттік меншіктегі жерлерге құқық беру, сонымен қатар жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініштерін қарау. Өңделген материалдарды дайындау және Жер комиссиясының қарауына енгізу. Жерге орналастыруды жүргізуді жүзеге асыру және жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту, жер-кадастрлық жоспарды бекіту, көзделген мемлкеттік қызметтерді көрсету және олардың көрсетілуін қадағалау. Жер учаскесіне өтеусіз және өтеулі уақытша жер пайдалану құқығын беру туралы шарттар жасау, шарт талаптарының орындалуын қадағалауды жүзеге асыру, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау бойынша уәкілетті органмен жер учаскелеріне жер пайдалану құқығын тоқтату бойынша өзара іс-қимыл жасау. Иесіз жер учаскелерін анықтау бойынша жұмыстарды іске асыру және оларды есепке алу жұмыстарын ұйымдастыру. Барлық түрдегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру үшін жерді резервте қалдыру, ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру, қауымдық сервитуттар белгілеу және жою туралы ұсыныстар дайындау. Барлық түрдегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру үшін жерді резервте қалдыру, ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру, қауымдық сервитуттар белгілеу және жою туралы ұсыныстар дайындау. Жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

Орындауға түскен азаматтардың өтініштерінің, шағымдарының, сондай-ақ қызметтік хат-хабардың дер кезінде өтуі мен орындалуын қадағалау. Басқарма басшысына тоқсан сайын орындалған жұмыстар туралы есеп беру. Бөлім қызметкерлерінің еңбек тәртібін сақтауын қадағалау.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Жоғары техникалық ғылымдар және технология немесе қызмет көрсету (жерге орналастыру немесе кадастр немесе бағалау) саласындағы немесе ауылшаруашылық ғылымдар саласында. Осы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін білімдер. Келесі құзыреттердің болуы тиіс: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;



  1. Қаржы жұмысы бөлімінің бас маманы D-О-4 санаты), 1 бірлік.

Негізгі функционалдық міндеттер: Бөлім басшысы болмаған уақытта оның міндеттерін атқару; Басқарманың есебіне түсткен ақша қаражатының түсіміне бақылау жасап есебін жүргізеді; міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес өтінімдерді уақтылы беруді және ақша қаражатын аударуды қамтамасыз етеді; ашық лимиттер мен олардың мақсатты пайдалануына сәйкес қаражатты тиімді жұмсауға бақылау жасайды; қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізуді жүзеге асырады, бухгалтерлік құжаттардың сақталуына жауапкершілікте болады; Басқарма қызметкерлерінің еңбек ақысы бойынша есеп жүргізеді; мемлекеттік және зейнетақы қорларына жарналарды есептеу және аудару; еңбек жалақысы және еңбегі бойынша есепті құрастыру және тиісті мемлекеттік органдарға уақтылы беруді қамтамасыз ету; бастапқы құжаттардың көрсеткіші негізінде қаржы және статистикалық есепті уақтылы құрастыруды және оны тиісті мемлекеттік органдарға беруді қамтамасыз етеді; Нормативтік және ақпараттық қамсыздандыру бөліміне Басқарма аппаратына тауар-материалдық құныдылықтар мен негізгі құралдарды алу үшін тиісті құжаттарды әзірлеу; ұйымдармен бюджеттік бағдарламалардың міндеттемелерін орындау жөнінде жұмысты жүргізу; бөлімнің жұмысына қатысты шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуына бақылауды жүзеге асырады; Басқарманың атынан әрекет ету, оны мемлекттік органдарда барлық билік сатыларында өкілдеу; бөлімнің құзыретіне қатысты мәселелерді әзірлеу; Алматы қаласы Қаржы басқармасына ай сайын еңбек ақыны төлеу туралы ақпаратты, сонымен қатар тоқсан сайын қаржыландыру (баланс) жоспарын орындау бойынша есепті, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, оның орындалуына қатаң бақылау жүргізу. Басқарманың материалдық-шаруашылық қызметі бойынша жұмыстарын жүргізу.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Жоғары экономика және бизнес саласында. Осы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін білімдер. Келесі құзыреттердің болуы тиіс: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) нысанға сәйкес өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен нысанға сәйкес толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариатты куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытыңдының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда 4) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді тестілеуден өткізу бағдарламары: B-5, C-4, C-5, С-О-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттары үшін:мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестер.
      Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (120 сұрақ) кем дегенде 72 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Екінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 100 минутті құрайды.

«Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеуден өткізу бағдарламалары:

екінші бағдарлама B-5, C-4, C-5, С-О-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, C-R-5, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-4, E-5, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-R-4, E-R-5, E-G-1, E-G-2, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды: бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестер;

Екінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды.

Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа шыдамау – 2 балл.

Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.


      Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Басқарма басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының uzoalmata@mail.ru, интернет-ресурсында және ғимаратында көпшілікке көрінетін жерлерде орналастырылады.

Конкурсты өткізу Ережесі мен құжаттар үлгісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген және арнайы kyzmet.gov.kz сайтында жарияланған.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Кандидаттармен әңгімелесу «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде өтеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Министрлігіне немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.



Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

Алматы қаласы, 02.03.2016 ж.
: sites -> default -> files -> pages
pages -> ЭҚабж мо 17. 2 версия) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп
pages -> Мероприятия по развитию спорта и физической культуры в Тюлькубасском районе
pages -> Бухгалтерский учет У052. 9(2К)243я7 Д70
pages -> Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі «Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты»
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында
pages -> 2015 жылдың тамыз айы бойынша Қазақстан Республикасы мойындаған авиациялық персоналды оқыту үшін шетелдік авиациялық оқыту орталықтарының тізімі
pages -> Сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы ашық келісім астана қ. 2016 жылғы «5» ақпан Бұдан әрі «Қол қоюшылар»




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет